Қазақстан Республикасындағы нотариат

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Октября 2011 в 13:56, реферат

Описание работы

Қазақстан Республикасындағы нотариат - құқықтар мен фактілерді куәландыруға, сондай-ақ заңда көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған нотариаттық іс-әрекеттерді жасау арқылы жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың заң жүзінде бекітілген жүйесі.

Работа содержит 1 файл

Практикум по составлениягражданс прав документов.docx

— 81.83 Кб (Скачать)

    Әрбір сот шешімі Қазақстан Республикасының  атынан шығарылады. Сот шешімі мынандай 4 бөліктерден тұрады:

    1. Кіріспе бөлігі;                                                            

    2. Сипаттау бөлігі;

    3. Дәделдеу бөлігі;

    4. Қарар бөлігі.

    Кіріспе бөлігінде шешім шығарылатын уақыт пен орын, шешім шығарған соттың атауы, соттың құрамы, сот отырысының хатшысы, сот приставы, тараптар, іске қатысушы басқа адамдар және өкілдер, даудың нысанасы немесе мәлімделген талап көрсетіледі.

    Сипаттау  бөлігі талап қоюшының талаптарын, жауапкердің қарсылығын және іске қатысушы басқа адамдардың түсініктемелерін қамтуға тиіс.

    Дәлелдеу  бөлігінде істің сот анықтаған мән-жайлары, құқықтар мен міндеттер туралы соттың қорытындылары негізделген дәлелдемелері, сот қабылдамай тастаған белгілі бір дәлелдемедердің негіздері және сот басшылыққа алған заңдар көрсетіледі. Жауапкер талап қоюды мойындаған жағдайда дәлелдеу бөлігінде тадап қоюдың танылғаны және оны соттың қабылдағаны ғана көрсетілуі мүмкін.

    Қарар бөлігі талап қоюды қанағаттандыру туралы немесе талап қоюдан толық немесе оның бір бөлігінен бас тарту туралы сот қорытындысын, сот шығындарының бөлінуін, шешімге шағым беру мерзімдері мен тәртібін көрсетуді, сондай-ақ өзге де қорытындыларды қамтуға тиіс. Сот шешімінің қарар бөлігінде сот шешімді орындаудың белгілі бір тәртібі мен мерзімін белгілеген немесе шешімді дереу орындауға жіберген немесе оның орындалуын қамтамасыз етуге шаралар қолданғаны туралы көрсетіледі.

    Судья заң талаптарын сақтай отырып шешімді  жазбаша түрде толтырады. Одан кейін  сот шешімді жариялайды. Жарияланған  шешімге судья қол қойып, ол іске қоса тіркелуге тиіс. Іс жөнінде  шешім жарияланғаннан кейін шешім  шығарған соттың оны жоюға немесе өзгертуге құқығы жоқ. Шешімге түзету судьяның қол қоюының алдында  айтылуға тиіс.

    Сот істі мәні бойынша шешкен кезде:

    • қысқаша (қысқартылған) шешім;

    • дәлелді шешім шығарады.

    Олардың бір-бірінен айырмашылығы:

    - қысқаша (қысқартылған) шешімнің  сипаттама бөлігі жоқ (ҚР АІЖК 220-6.1-6.);

    - айрықша күрделі істер бойынша  дәлелді шешім жасау 5 (бес)  күннен аспайтын мерзімге дейін  қалдырылуы мүмкін, ал қысқаша  (қысқартылған) шешімді сот істі  қарау аяқталған отырыстың өзінде  жариялауға тиіс (ҚР АІЖК 229-6.).

    Сот өз бастамашылығымен немесе іске қатысушы адамдардың өтініші (арызы) бойынша:

    ● шешімде жіберілген қате жазулар  мен айқын арифметикалық қателерді  түзете алады. Түзетулер енгізу туралы мәселе сот отырысында шешіледі. Ол жөнінде іске қатысушы адамдарға  сот отырысының уақыты мен орны туралы хабарланады, алайда олардың келмеуі  түзетулер енгізу туралы мәселені қарауға  кедергі болмайды. Сот шешіміне түзетулер  енгізу туралы сот ұйғарым шығарады (ҚР АІЖК 230-6.).

    ● қосымша шешім шығара алады:

    - егер іске қатысушы адамдар  дәлелдемелер ұсынған және түсініктемелер  берген қандай да бір талап  бойынша шешім шығарылмаса;

    - егер сот құқық туралы мәселені  шеше отырып, алып берілген соманың,  берілуге тиісті мүліктің мөлшерін  немесе жауапкер жасауға тиісті  әрекеттерді көрсетпесе;

    - егер сот шығындары туралы мәселені сот шешпесе;

    - егер сот шешімінің орындалуын қайта бұрып атқару туралы мәселені сот шешпесе.

    Қосымша шешім шығару туралы мәселе шешім  орындалатын (жалпы тәртіп бойынша  екі ай) мерзімнің шегінде қойылуы  мүмкін. Іске қатысушы адамдарға сот  отырысының уақыты және орны туралы хабарланады, алайда олардың келмеуі қосымша  шешім шығару туралы мәселені қарауға  кедергі болмайды. Қосымша шешімге  шағым жасалуы немесе наразылық келтірілуі мүмкін. Судъя қосымша шешім шығарудан бас тартқан жағдайда, ол туралы ұйғарым шығарады. Бұл соттың ұйғарымына жеке шағым берілуі немесе жеке наразылық келтірілуі мүмкін. Сот шешімі:

    • заңды болуға тиіс, яғни іс бойынша қолдануға жататын материалдық құқық нормаларына сәйкес және іс жүргізу құқығының нормаларын сақтай отырып шығарылуы қажет (ҚР АІЖК 6, 218-баптары);

    • негізді болуға тиіс, яғни сот отырысында жан-жақты және толык зерттелген дәлелдемелерге, істі мәні бойынша  шешу үшін барлық мән-жайларға негізделген  шешім.

    Сот шешімі күшіне енгенге дейін ешкім  де істі соттан сұрап ала алмайды. Шешім заңды күшіне енгеннен кейін  заңмен қарсылық білдіруге уәкілетті адам ғана қадағалау тәртібімен сұратып ала алады. Сот түпкілікті түрде шешім шығарған кезден бастап 15 (он бес) күн өткеннен кейін заңды күшіне енеді, егер оған апелляциялық тәртіпте шағым немесе наразылық берілмесе (ҚР АІЖК 235-6.1-6., 334-6. 3-6.).

    Апелляциялық  тәртіппен шағым немесе наразылық  берілген жағдайда, егер шешімніц күші жойылмаған болса, апелляциялық сатыдағы сот қаулы шығарған күні заңды күшіне енеді (ҚР АІЖК 235-6. З-б., 368-6.).

    Сот қабылдаған шешім тек мемлекеттік  өкімет органдары, лауазымды адамдар  мен азаматтар үшін ғана емес, соттың өзі үшін де міндетті түрде орындалуы  тиіс. Сот шешімінің тек оның тиісті сот сатыларында заңмен шектелген қатаң тәртіпте кайта карау тәртібімен күші жойылуы және езгертілуі мүмкін. Сот шешімін қасақана орындамағаны не оны орындауға кедергі келтіргені үшін қылмыстық жауаптылық көзделген.

    Сот шешімі заңды күшіне енген соң, оған белгілі қасиеттер тән болады:

    - ерекшелік, яғни сотқа қайта сол талап арызбен (арызбен) жүгіне алмауы;

    - міндеттілігі, яғни барлық мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, қоғамдық бірлестіктер, басқа да заңды тұлғалар, лауазымды адамдар мен азаматтар үшін бірдеп міндетті (ҚР АІЖК 21-6.);

    - преюдициалдық, яғни соттың азаматтық іс бойынша заңды күшіне енген шешімімен белгіленген мән-жайлар сот үшін міндетті және сол адамдар қатысатын басқа азаматтық істерді талқылау кезінде қайтадан дәлелденбейді (ҚР АІЖК 71-6. 2-6.);

    - атқарулық, яғни сот шешімі ҚР-ның бүкіл аумағында оны орындауға міндетті тұлға (борышкер) мүлтіксіз орындауға тиіс

    Заңды күшіне енбеген, Қазақстан Республикасының  Жоғарғы Сотының шешімдерінен басқа, бірінші сатыдағы сот шешімдеріне  апелляциялық тәртіппен шағым меы  наразылық жасалуы мүмкін.

    Апеляциялық сатыдағы сот (ағыл. - court of appellate jurisdiction) - заңды күшіне енбеген, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының шешімдерінен басқа, бірінші сатыдағы сот шешімдеріне апелляциялық шағым мен наразылықты қарайтын екінші сатыдағы (жоғары тұрған) сот апелляциялық сатыдағы сотта істер бірінші сатыдағы сотта істер қарау ережесі бойынша АІЖК екешеліктерімен қаралады.

    Апелляция - бір қатар мемлекеттерде (қылмыстық және азаматтық істер бойынша) сот қаулысына шағымданудың бір нысаны, тараптардың шағьшдары бойьшша және шағымда көзделген талап шегінде істі мәні бойынша қарайтын екінші сатыдағы сот.

    Бұл ұғымның екі мағынасы бар: істі қараған  төменгі сот қаулысын қайта қарату мақсатында жоғары тұрған (апелляциялық) сотқа жүгіну; жоғары тұрған сотқа  шағым, онда қате немесе әділетсіз төменгі  тұрған сот қаулысын өзгерту немесе күшін жою туралы дәделді өтініш.

    Сот шешіміне жазбаша нысанда апелляциялың шағым мен наразылык берілуі  мүмкін. Сот шешіміне апелляциялық шағым жасау құқығы іске қатысушы тараптар мен басқа да тұғаларға  тиесілі. Сот тешіміне апелляциялык наразылық келтіру құқығы істі қарауға  қатысушы прокурорға тиесілі. Жалпы  ереже бойынша Қазақстан Респубдикасының  Бас Прокуроры мен оның орынбасарлары, облыс прокурорлары және оларға теңестірілген  прокурорлар мен олардың орынбасардары, аудандардын прокурорлары және оларға теңестірілген прокурордар меп  олардың орынбасарлары өздерінің  құзыреті шегінде істі қарауға қатысуына  қарамастан сот шешіміне наразылық  келтіруге құқылы.

    ҚР  АІЖК 332-бап 4-бөлігіне сәйкес іске қатысуға тартылмаған, бірақ сот құқықтары  мен міндеттері жөнінде шешім  қабылдаған тұлғалар да (мысалы, үшінші тұлғалар) апелляциялық шағым беруге құқыды.

    Апеляциялық шағымдар, наразылықтар шешім, қаулы  шығарған сот арқылы іске қатысушы тұлғалардың санына қарай көшірмелермен  қоса беріледі. Егер судья қажет  етсе апелляциялық шағымды немесе наразылықты  берген тұлғаны апелляциялық шағымға  немесе наразылыққа қоса тіркелген  жазбаша айғақтардың іске қатысушы тұдғалардың санына қарай көшірмелерін беруге міндеттей алады.

    ҚР  АІЖК 334-бап 3-бөлігіне сәйкес апелляциялық шағым немесе наразылық, Қазақстан  Республикасының Жоғарғы Сотының  шешімдерінен басқа, бірінші сатыдағы сот түпкілікті түрде шешім шығарғаннан  кейін 15 (он бес) күн ішінде берілуі мүмкін. Себебі осы мерзім өткеннен кейін бірінші сатыдағы сот шешімі заңды күшіне енеді. Ал ҚР-сы Жоғарғы Сотының істі бірінші сатыдағы сот ретінде қараған кезде шығарған қаулылары апелляциялық тәртіппен шағымдануға, наразыдық келтіруге жатпайды және олар жария етідген күнінен бастап күшіне енеді (ҚР АІЖК 344-6.1-6.).

    Бірінші сатыдағы соттың апелляциялық шағымды, наразылықты  алғаннан кейінгі  әрекеттері:

    - шағымның, наразылықтың және оған  қоса тіркелген жазбаша дәлелдемелердің  көшірмелерін келесі күннен кешіктірмей  іске қатысушы адамдарға жібереді;

    - шағымдануға, наразылық келтіруге  белгіленген 15 (он бес) күн мерзім  өткеннен кейін істі апелляциядық  сатыға жібереді;

    - іске қатысушы адамдарды істі  апелляциялық сатыда қараудың  орны мен уақыты туралы тиісінше  хабарлайды. Істің апелляциялық  сатыда қаралатын күні туралы  хабар іс апелляциялық сатыдағы сотта зерделенетіндей, ал іске қатысушы адамдар апелляциялық сатыдағы сот отырысына қатысу құқығын пайдаланудың нақты мүмкіндігіне ие болатындай есеппен берілуге тиіс.

    Апелляциялық  шағымдануға, наразылық келтіруге 15 күн мерзім өткенге дейін істі соттан ешкім талап ете алмайды. Іске қатысушы тұлғалар сотта іс материалдарымен, сондай-ақ келіп түскен шағымдармен  және оларға білдірілген қарсылықтармен танысуға құқылы.

    Осы апелляциялық шағымдар мен наразылықтарды қарайтын соттар:

    • аудандық және оларға теңестірілген  соттар шығарған шешімдерге облыстық және оған теңестірілген соттың азаматтық  істер женіндегі алқасы;

    • облыстық және оларға теңестірілген  бірінші сатыдағы соттар шығарған шешімдерге - Қазақстан Республикасы Жоғарғы  Сотының азаматтық істер жөніндегі  алқасы.

    Апелляциялық  шағымдар, наразылықтар бойынша апелляциялық сатыдағы сот:

    - істе бар және қосымша табыс  етілген материалдар бойынша  істің нақты мән-жайы анықталуының;

    - материалдык құқық нормаларының  қолданылуы мен түсіндірілуінің  дұрыстығын;

    - істі қарау мен шешу кезінде  азаматтық іс жүргізу заңы  нормаларының сақталуын тексереді.

    Апелляциялық  сатыдағы сот құрамы кем дегенде 3 (үш) судъядан тұрады, біреуі төрағалық  етуші болады.

    Апелляциядық  сатыдағы судья апелляциялық шағым  берген немесе наразылық келтірілген  тұлғаның өтініші бойынша бірінші  сатыда қабылданған, ҚР АІЖК 237-бабында  аталған істер бойынша шешімдерден  басқа, шешімніц орындалуын тоқтата  тұрады (ҚР АІЖК 343-бап).

    Істі  апелляциялық тәртіппен қарау кезінде  сот бірінші сатыдағы сот шешімінің  заңдылығы мен негізділігін толық  көлемінде тексереді (ҚР АІЖК 345-6.1-6.).

    Апелляциялық  сатыдағы сот мәлімделген талап  қою шегінде жаңа фактілерді анықтап, тараптың дәлелді себептер бойынша  бірінші сатыдағы сотқа беруге нақты  мүмкіндігі болмаған жаңа дәлелдемелерді зерттей алады (ҚР АІЖК 335-6.3-б. және 345-6. 2-6.). Апелляциялық сатыдағы сот шағымды  немесе наразылықты қозғалыссыз  қалдыруы (ҚР АІЖК 336-6.), қайтаруы (ҚР АІЖК 337-6.) мүмкін.

    Апелляциялық  шағым берген тұлға апелляциялық сатыдағы сот қаулы шығарғанға дейін  одан бас тартуға, ал наразылық келтірген  прокурор немесе жоғары тұрған прокурор наразылықты кері қайтарып алуға  құқылы. Одан кейін шешімге басқа  адамдар шағым жасамаса немесе жоғары тұрған прокурор наразылық келтірмесе, сот шағымнан бас тартуды және наразылықты қайтарып алуды қабылдау туралы апелляциялық іс жүргізуді қысқартатын  қаулы шығарады. Іс апелляциялық сатыда ол бірінші сатыдағы соттан келіп  түскен күннен бастап 1 (бір) айлық мерзімнен кешіктірілмей қаралуға тиіс (ҚР АІЖК 349-бап).

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы нотариат