ҚР еңбек кодексі

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Октября 2013 в 07:54, реферат

Описание работы

Осы Кодексте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) азаматтық қызмет - азаматтық қызметшілердің қазыналық кәсіпорындардың, мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын іске асыруға, мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыруға және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған лауазымдық өкілеттіктерді орындау жөніндегі кәсіптік қызметі;

Содержание

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы N 251 Кодексі
Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., N 9, 65-құжат; "Егемен Қазақстан"

Работа содержит 1 файл

Енбек кодекс Microsoft Office Word.docx

— 232.30 Кб (Скачать)

20) еңбек қауіпсіздігі  және еңбекті қорғау жөніндегі  талаптарға сәйкес келмеуі себепті  ұйымның жұмысы тоқтатыла тұрған  уақытта орташа жалақысының сақталуына;      

21) еңбек жөніндегі уәкілетті  органға немесе оның аумақтық  бөлімшелеріне өзінің жұмыс орнындағы  еңбек қауіпсіздігі және еңбекті  қорғау жағдайларын тексеру туралы  өтініш жасауға, сондай-ақ еңбек  жағдайларын, қауіпсіздігін және  еңбекті қорғауды жақсартуға  байланысты мәселелерді тексеру  мен қарауға өкілдікпен қатысуға;      

22) жұмыс берушінің еңбек  қауіпсіздігі және еңбекті қорғау  саласындағы іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне)  шағым жасауға;     

23) біліктілігіне, еңбектің  күрделілігіне, орындалған жұмыстың  саны мен сапасына, сондай-ақ еңбек  жағдайларына сәйкес еңбегіне  ақы төленуіне;     

24) осы Кодексте, Қазақстан  Республикасының өзге де заңдарында  және ұжымдық шартта көзделген  нысандарда ұйымды басқаруға  қатысуға;     

25) осы Кодексте, Қазақстан  Республикасының өзге де заңдарында  белгіленген тәртіппен, ереуілге  құқықты қоса алғанда, жеке  және ұжымдық еңбек дауларын  шешуге құқығы бар.     

2. Қызметкер:     

1) еңбек міндеттерін еңбек  шартына, ұжымдық шартқа, жұмыс  берушінің актілеріне сәйкес  орындауға;     

2) еңбек тәртібін сақтауға;      

3) жұмыс орнында еңбек  қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі мен өндірістік  санитария жөніндегі талаптарды  сақтауға;     

4) жұмыс берушінің және  қызметкерлердің мүлкіне ұқыпты  қарауға;     

5) адамдардың өмірі мен  денсаулығына, жұмыс беруші мен  қызметкерлер мүлкінің сақталуына  қауіп төндіретін ахуал туындағаны, сондай-ақ бос тұрып қалу туындағаны  туралы жұмыс берушіге хабарлауға;      

6) еңбек міндеттерін орындауға  байланысты өзіне мәлім болған  мемлекеттік құпияны, қызметтік,  коммерциялық және заңмен қорғалатын  өзге де құпияларды құрайтын  мәліметтерді жария етпеуге;     

7) жұмыс берушіге келтірілген  зиянды осы Кодексте белгіленген  шектерде өтеуге міндетті.     

3. Қызметкердің осы Кодексте  көзделген өзге де құқықтары  болады және ол өзге де міндеттерді  атқарады.    

  23-бап. Жұмыс берушінің негізгі құқықтары мен міндеттері     

1. Жұмыс берушінің: 
      1) жұмысқа қабылдау кезінде таңдау еркіндігіне; 
      2) қызметкерлермен еңбек шартын осы Кодексте көзделген тәртіппен және негіздер бойынша өзгертуге, толықтыруға және бұзуға; 
      3) өз өкілеттігі шегінде жұмыс берушінің актілерін шығаруға құқығы бар. 
      Еңбек жағдайларының өзгеруіне байланысты актілер шығару осы Кодекстің 48-бабына сәйкес жүзеге асырылады; 
      4) өз құқықтары мен мүдделеріне өкілдік ету және оларды қорғау мақсатында бірлестіктер құруға және оларға кіруге; 
      5) қызметкерлерден еңбек шарты, ұжымдық шарт талаптарының, еңбек тәртіптемесі ережелерінің және жұмыс берушінің басқа да актілерінің орындалуын талап етуге; 
      6) осы Кодексте көзделген жағдайларда және тәртіппен қызметкерлерді көтермелеуге, оларға тәртіптік жаза қолдануға, қызметкерлерді материалдық жауапкершілікке тартуға; 
      7) еңбек міндеттерін атқару кезінде қызметкердің келтірген зиянын өтетуге; 
      8) еңбек саласындағы өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында сотқа жүгінуге; 
      9) қызметкерге сынақ мерзімін белгілеуге; 
      10) егер жеке еңбек шартының талаптарында ескертілген болса, қызметкерді оқытуға байланысты өз шығындарын өтетуге құқығы бар. 
      2. Жұмыс беруші: 
      1) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, келісімдердің, ұжымдық шарттың, еңбек шартының, өздері шығарған актілердің талаптарын сақтауға; 
      2) жұмысқа қабылдаған кезде осы Кодексте белгіленген тәртіппен және жағдайларда қызметкерлермен еңбек шарттарын жасасуға; 
      3) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша ішкі  бақылауды жүзеге асыруға; 
      4) қызметкерге еңбек шартында келісілген жұмысты беруге; 
      5) қызметкерге Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде, еңбек шартында, ұжымдық шартта, жұмыс берушінің актілерінде көзделген жалақы мен өзге де төлемдерді уақтылы және толық мөлшерде төлеуге; 
      6) қызметкерді жұмыс берушінің актілерімен және ұжымдық шартпен таныстыруға; 
      7) қызметкерлердің өкілдеріне ұжымдық келіссөздер жүргізу, ұжымдық шарттар жасасу, сондай-ақ олардың орындалуын бақылау үшін қажетті толық және дәйекті ақпарат беруге; 
      8) қызметкерлер өкілдерінің ұсыныстарын қарауға, ұжымдық келіссөздер жүргізуге және осы Кодексте белгіленген тәртіппен ұжымдық шарт жасасуға; 
      9) қызметкерлерді Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына, еңбек шартына, ұжымдық шартқа сәйкес еңбек жағдайларымен қамтамасыз етуге; 
      10) қызметкерлерді жабдықпен, құралдармен, техникалық құжаттамамен және еңбек міндеттерін атқару үшін қажетті өзге де құралдармен өз қаражаты есебінен қамтамасыз етуге; 
      11) мемлекеттік еңбек инспекторларының нұсқамаларын орындауға; 
      12) егер жұмысты жалғастыру қызметкердің және өзге де адамдардың өміріне, денсаулығына қауіп төндіретін болса, жұмысты тоқтата тұруға; 
      13) қызметкерлерді міндетті әлеуметтік сақтандыруды жүзеге асыруға; 
      14) қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыруға; 
      15) қызметкерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын беруге; 
      16) қызметкерлердің еңбек қызметін растайтын құжаттардың және оларды зейнетақымен қамсыздандыруға арналған ақшаны ұстап қалу мен аудару туралы деректердің сақталуын және мемлекеттік мұрағатқа тапсырылуын қамтамасыз етуге; 
      17) қызметкерге зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыс жағдайлары мен кәсіптік аурудың болу мүмкіндігі туралы ескертуге; 
      18) жұмыс орындары мен технологиялық процестерде қауіп-қатерді болғызбау жөнінде шаралар қабылдауға, өндірістік және ғылыми-техникалық прогресті ескере отырып профилактикалық жұмыстар жүргізуге; 
      19) жұмыс уақытының, оның ішінде әрбір қызметкер орындайтын үстеме жұмыстардың, зиянды (ерекше зиянды), қауіпті еңбек жағдайларындағы жұмыстардың, ауыр жұмыстардың нақты есебін жүргізуге; 
      20) қызметкерлердің кәсіби даярлықтан, қайта даярлықтан өтуін және олардың біліктілігін арттыруды осы Кодекске сәйкес қамтамасыз етуге; 
      21) қызметкердің еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды осы Кодекске және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтеуге; 
      22) еңбек жөніндегі уәкілетті органның және еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарын, қызметкерлер өкілдерін, еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспекторларды ұйымдардағы еңбек қауіпсіздігінің, еңбек жағдайы және еңбекті қорғаудың жай-күйін және Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңнамасының сақталуын, сондай-ақ өндірістегі жазатайым оқиға мен кәсіптік ауруларды тексеру үшін кедергісіз жіберуге; 
      23) жұмысқа қабылдау кезінде осы Кодекстің 31-бабына сәйкес еңбек шартын жасасу үшін қажетті құжаттарды талап етуге міндетті. 
      3. Жұмыс берушінің осы Кодексте көзделген өзге де құқықтары болады және ол өзге де міндеттерді атқарады. 
      Ескерту. 23-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.12.30 № 234-IV(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

ЕРЕКШЕ БӨЛІМ

2-БӨЛІМ. ЕҢБЕК  ҚАТЫНАСТАРЫ

4-тарау. ЕҢБЕК  ШАРТЫ     

24-бап. Еңбек  шартының нысанасы     

 Еңбек шарты бойынша  қызметкер сыйақы үшін тиісті  біліктілігі бойынша жұмысты  (еңбек функциясын) атқарады және  еңбек тәртіптемесін сақтайды, ал  жұмыс беруші еңбек жағдайларын  қамтамасыз етеді, қызметкерге  Қазақстан Республикасының еңбек  заңнамасында, еңбек шартында, ұжымдық  шартта, тараптардың келісімінде  көзделген жалақыны уақтылы және  толық көлемінде төлейді және  өзге де төлемдерді жүзеге  асырады.     

25-бап. Еңбек  шартын жасасу кезіндегі құқықтар  мен  
              мүмкіндіктер теңдігінің кепілдіктері     

1. Еңбек шартын жасасу  кезінде құқықтар мен мүмкіндіктер  теңдігін бұзуға тыйым салынады. 
      2. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, жүктілік, үш жасқа дейінгі балаларының болуы, кәмелетке толмағандық, мүгедектік еңбек шартын жасасу құқығын шектей алмайды. 
      Осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген адамдар санатының талабы бойынша жұмыс беруші бас тарту себебін жазбаша нысанда хабарлауға міндетті. 
      3. Еңбек шартын жасасу кезінде құқықтар мен мүмкіндіктер теңдігінің бұзылу фактісі анықталған жағдайда, жұмыс беруші Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.     

26-бап. Еңбек  шартын жасасуға қойылатын шектеулер      

1. Еңбек шартын:     

1) медициналық қорытынды  негізінде адамның денсаулық  жағдайы бойынша қайшы келетін жұмысты орындауға;     

2) ауыр жұмыстарға, еңбек  жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстарға, сондай-ақ  жұмыс берушінің мүлкі мен  басқа да құндылықтарының сақталуын  қамтамасыз етпегені үшін қызметкердің  толық материалдық жауапкершілігі  көзделетін лауазымдар мен жұмыстарға, он сегіз жасқа толмаған азаматтармен;      

3) соттың заңды күшіне  енген үкіміне сәйкес белгілі  бір лауазымға тұру немесе  белгілі бір қызметпен шұғылдану  құқығынан айырылған азаматтармен;      

4) Қазақстан Республикасының  Үкіметі белгілеген тәртіппен  шетелдік жұмыс күшін тартуға  жергілікті атқарушы органның  рұқсатын алғанға дейін немесе  Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді немесе алып тастауларды сақтамай, Қазақстан Республикасы аумағында уақытша тұратын шетелдіктермен және азаматтығы жоқ адамдармен жасасуға жол берілмейді.    

  2. Адамға мемлекеттік қызметін тоқтатқаннан кейін бір жыл бойы коммерциялық ұйымға жұмысқа орналасуға, егер мемлекеттік функцияларды орындау кезеңінде аталған адам өзінің лауазымдық өкілеттіктеріне орай осы коммерциялық ұйымның қызметін тексеру нысанында бақылауды тікелей жүзеге асырған болса не осы коммерциялық ұйымның қызметі өзінің құзыретіне сәйкес аталған адаммен байланысты болса, жол берілмейді. 
      Ескерту. 26-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.12.29 N 371-IV(алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.     

27-бап. Еңбек  шартының шарттардың өзге түрлерінен  
             ерекшелігі     

 Еңбек шартында мына  талаптардың біреуінің болуы:     

1) қызметкердің жұмысты  (еңбек функциясын) белгілі бір  біліктілік, мамандық, кәсіп немесе  лауазым бойынша орындауы;     

2) міндеттемелердің еңбек  тәртіптемесіне бағына отырып  жеке орындалуы;     

3) қызметкердің еңбегі  үшін жалақы алуы еңбек шартының  шарттардың өзге түрлерінен ерекшелігі  болып табылады.     

28-бап. Еңбек  шартының мазмұны     

1. Еңбек шартында:     

1) тараптардың деректемелері: 
      жұмыс беруші-жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), оның тұрақты тұратын мекен-жайы, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы, нөмірі, берілген күні, салық төлеушінің тіркеу нөмірі; 
      жұмыс беруші-заңды тұлғаның толық атауы мен орналасқан жері, жұмыс беруші-заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу нөмірі мен күні, салық төлеушінің тіркеу нөмірі; 
      қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), жеке басын куәландыратын құжаттың атауы, нөмірі, берілген күні, жеке сәйкестендіру нөмірі және салық төлеушінің тіркеу нөмірі, әлеуметтік жеке коды;     

2) белгілі бір мамандық, біліктілік немесе лауазым бойынша  жұмысы (еңбек функциясы);     

3) жұмыстың атқарылатын  орны;     

4) еңбек шартының мерзімі;      

5) жұмыстың басталу күні;      

6) жұмыс уақыты мен  тынығу уақытының режимі;     

7) еңбекке ақы төлеу  мөлшері мен өзге де шарттары;      

8) егер жұмыс ауыр жұмыстарға  жататын болса және (немесе) зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті  жағдайларда орындалатын болса,  еңбек жағдайларының сипаттамасы,  кепілдіктер мен жеңілдіктер;     

9) қызметкердің құқықтары  мен міндеттері;     

10) жұмыс берушінің құқықтары  мен міндеттері;     

11) еңбек шартын өзгерту  мен тоқтату тәртібі;     

12) кепілдіктер мен өтемақы  төлемдері, оларды төлеу тәртібі;      

13) сақтандыру жөніндегі  талаптар;     

14) тараптардың жауапкершілігі;      

15) жасалу күні мен реттік  нөмірі болуға тиіс.     

2. Тараптардың келісімі  бойынша еңбек шартына Қазақстан  Республикасының заңнамасына қайшы  келмейтін өзге де талаптар  енгізілуі мүмкін.     

3. Қазақстан Республикасының  еңбек заңнамасымен салыстырғанда  қызметкердің жағдайын нашарлататын  еңбек шартының ережелері жарамсыз  деп танылады.     

29-бап. Еңбек  шартының мерзімі     

1. Еңбек шарты:     

1) белгіленбеген мерзімге;      

2) осы баптың 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында белгіленген  жағдайларды қоспағанда, бір жылдан  кем емес белгілі бір мерзімге  жасалуы мүмкін. 
      Бұрын бір жылдан кем емес белгілі бір мерзімге шарт жасасқан қызметкермен жеке еңбек шарты қайтадан жасалған жағдайда, оның ішінде еңбек шартының мерзімі ұзартылған кезде, ол белгіленбеген мерзімге жасалған болып есептеледі. 
      Еңбек шарты белгіленбеген мерзімге жасалған қызметкерлер үшін көзделген кепілдіктер мен өтемақыларды беруден жалтару мақсатында еңбек шарттарын белгілі бір мерзімге жасауға тыйым салынады. 
      Егер еңбек шартының қолданылу мерзімі аяқталған кезде тараптардың бірде-бірі тәулік ішінде еңбек қатынастарын тоқтатуды талап етпеген болса, онда ол белгіленбеген мерзімге жасалған болып есептеледі;     

3) белгілі бір жұмыстың  орындалу уақытына;     

4) жұмыста уақытша болмаған  қызметкерді ауыстыру уақытына;     

5) маусымдық жұмысты орындау  уақытына жасалуы мүмкін.     

2. Жұмыс беруші-заңды тұлғаның  атқарушы органының басшысы лауазымындағы  жұмысқа еңбек шарты жұмыс  берушінің құрылтай құжаттарында  немесе тараптардың келісімінде  белгіленген мерзімге жасалады. Мұндай шартқа осы баптың 3-тармағында  белгіленген ережелер қолданылмайды.      

3. Егер еңбек шартында  оның қолданылу мерзімі айтылмаса,  онда шарт белгіленбеген мерзімге  жасалған деп есептеледі.     

30-бап. Еңбек  шартын жасасуға жол берілетін  жас мөлшері     

1. Он алты жасқа толған  азаматтармен еңбек шартын жасасуға  жол беріледі.     

Информация о работе ҚР еңбек кодексі