Контрольная работа по "Статистике"

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2013 в 09:04, контрольная работа

Описание работы

Статистика - бұл сандық көрсеткіштердің жиынтығы. Ол уақыт өткен сайын өзара байланыста арқашан дамып, жетіліп, толығып отырады. Олай болса, оқыған, білімді адамдар сол көрсетілген сандық көрсеткіштерді оқи және түсіне білулері керек. Себебі, ондағы қөрсетілген сандық көрсеткіштер арқылы мемлекетіміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық даму немесе кему процестерін толығымен көруге болады. Сонымен бірге статистикалық сандық көрсеткіштерді колданьп, оған талдау жасау арқылы болашаққа, яғни белгілі бір кезеңге болжам жасауға. толық мүмкіндік туады. Демек, статистикада жай әншейін берілген құрғақ сандық көрсеткіштер емес, онда тек қана айқын, дәлелді, нақты сандық мәліметтер көрсетіледі.

Содержание

Кіріспе
1. Негізгі бөлім
1.1. Статистикалық мәліметтерді топтаудың маңызы мен мақсаты
1.2. Статистикалық мәліметтерді топтаудың түрлері
1.3. Топтау белгілері және топқа бөлу принциптері (негіздері)
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Реф.каз-Статистикалық мәліметтер101.doc

— 65.50 Кб (Скачать)

Мазмұны

 

Кіріспе

1. Негізгі бөлім

1.1. Статистикалық мәліметтерді топтаудың маңызы мен мақсаты

1.2. Статистикалық мәліметтерді топтаудың түрлері

1.3. Топтау белгілері және топқа бөлу принциптері (негіздері)

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Статистика - бұл сандық көрсеткіштердің жиынтығы. Ол уақыт өткен сайын өзара байланыста арқашан дамып, жетіліп, толығып отырады. Олай болса, оқыған, білімді адамдар сол көрсетілген сандық көрсеткіштерді оқи және түсіне білулері керек. Себебі, ондағы қөрсетілген сандық көрсеткіштер арқылы мемлекетіміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық даму немесе кему процестерін толығымен көруге болады. Сонымен бірге статистикалық сандық көрсеткіштерді колданьп, оған талдау жасау арқылы болашаққа, яғни белгілі бір кезеңге болжам жасауға. толық мүмкіндік туады. Демек, статистикада жай әншейін берілген құрғақ сандық көрсеткіштер емес, онда тек қана айқын, дәлелді, нақты сандық мәліметтер көрсетіледі. Мысалы, республикамызда қанша халықтың тұратьндығы; оның ішінде еңбекке жарамдылары; дүниеге қанша сәби келіп, қанша адамньң қайтыс болғаны; өнеркәсіп орындарының өндірген өнімдері, олардың түрлері; халықтың күнделікті керекті тұтыну заттарымен қамтамасыз ету; азық-түлік мөлшерінің қанша және қандай жағдайда екендігі; олардың облыстар, аудаңдарға қалай бөлінетінің біз әрдайьм біліп отырғымыз келеді. Ендеше, ондай сұрақтарға толық жауапты тек статистика арқылы ғана алуға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Негізгі бөлім:

1.1 Статистикалық мәліметтерді топтаудың маңызы мен мақсаты

Статистикалық бақылаудың нәтижесінде жиналған бастапқы мәліметтерді қорытьндылаудьң негізгі тәсілі топтау әдісі больп табылады.

Статистикалық топтау әдісі  деп, қоғамдық құбылыстар мен процестерді  өздеріне тәң белгілеріне, өзара ұқсастығына немесе аса маңызды өзгешеліктеріне, түрлеріне, үлгілеріне (типтеріне) сәйкес бір-бірінен ажыратуға болатын топтар мен , ішкі топтарға бөлуді айтады. Мұнда зерттеліп отырған қоғамдық құбылыстар мен процестер жиынтығы жекелеген белгілері бойынша біртекті топтарға бөлінеді. Олардың әрқайсысы статистикалық сандық көрсеткіштермен сипатталады. Сондықтан, топтау әдісі статистикалық зерттеудің аса маңызды кезеңі болып саналады және ол сатылы жүргізіледі.

Топтау әдісінің алдына қойған өз мақсаты мен мәні бар. Оның басты мақсаты - жиналған мәліметтерге талдау жасау үшін ретке келтіріп, ықшамдау, өзгермелі белгілеріне қарай іріктеу, жиынтық бірліктерін қанша топқа бөлу керек екендігін анықтау және көрсеткіштер жүйесін белгілеу. Топтау әдісі статистикалық талдаудың алғашқы сатысы ретінде зерттеу жұмысын әр түрлі бағытта жүргізуге көмектеседі. Осы әдіс арқылы мына мәселелер шешіледі:

1) жалпы жиынтықты біртектес сапалық бөліктерге, яғни әлеуметтік-экономикалық түрлеріне (типтеріне) қарай бөлу;

2) қоғамдық құбылыстар мен процестердің құрамын және оның ішкі құрамдас бөліктерінің өзгеруін зерттеу;

3) қоғамдық құбылыстар мен процестер арасындағы өзара байланыс пен қатынасты белгілеріне қарай анықтау.

 

1.2 Статистикалық мәліметтерді топтаудың түрлері

Осыған орай, статистикалық  топтау бір үлгідегі (типтік), құрылымдық және талдаулық болып үш түрге бөлінеді. Олардың әрқайсысының алдарына қойған жеке мақсаттары мен қолдану тәртіптері бар.

Бір үлгідегі (типтік) топтаудың мақсаты  біртектес топтарды, типтерді, сыныптарды әлеуметтік-экономикалық түрлеріне қарай саралау болып табылады. Бір үлгідегі топтау төмендегі тәртіп бойынша жүргізіледі:

1) алдын-ала, пайда болатын типтерді, сыныптарды өздеріне тәң сапалық белгілеріне қарай анықтап, белгілеп қою; 2) топтау белгілеріне сай топтарды анықтау; 3) жиналған сандық көрсеткіштерді белгіленген топтарға бөлу.

Бір үлгідегі топтау экономикалық, әлеуметтік, демографиялық зерттеу жұмыстарьнда жиі қолданылады. Мысалы, оған халық шаруашылығы салаларын материалдық және материалдық емес өріске, халықты білім дәрежесіне, ауыл шаруашылығын өндірістік бағытына қарай болу және тағы да басқа сапалық көрсеткіштер жатады. Сонымен бір үлгідегі типтік топтау дегеніміз статистикалық бақылау арқылы жиналған әр түрлі бағыттағы жиынтық көрсеткіштерді сапалық жағынан бір жуйеге келтіріп, тотпарға бөлуі және оның қорытынды көрсеткіштеріне талдау жасауды айтады.

Құрылымдық топтау. Статистикалық топтаудың екінші бір негізгі мақсаты - қоғамдық құбылыстардың ішкі құрамын анықтау. Атап айтқанда, біртектес жиынтықтың құрылымы мен оның құрамдас бөліктерін сипаттайтын көрсеткіштер туралы мәліметтер беру. Біртектес, біртипті жиьнтық бірліктерінің өзгерісін өздеріне тәң белгілеріне қарай бөлуді статистикалық құрылымдық топтау деп айтады. Бұл топтау әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестердің құрамьн зерттеу кезінде кеңінен қолданады. Мысалы, құрылымдық топтауды қолдана отырып, халықтың жас мөлшерін және жьныстық құрамын, білімін, ұлтын немесе жұмысшылардьң мамаңдық дәрежесін, жұмыс стажын және т.б. көрсеткіштерін анықтауға болады.

Көпшілік жағдайларда экономикалық және әкімшілік-аумақтық белгілеріне қарай топқа бөлу кездерінде құрылымдық топтау әдісі қолданылады. Мұндай топқа бөлінуді аумақтық-құрылымды топтау деп атайды.

Құрылымдық топтауды жүргізудің тәртібі төмендегідей: 1) топтаудың белгілерін анықтау; 2) топтау белгілеріне сай деңгей аралықтарын анықтау; 3) жиналған көрсеткіштерді топтарға және оның құрамдас бөліктеріне бөлу. Құрылъмдық статистикалық бақълау нәтижесінде жиналған біртектес жиынтық бірліктерін қорытындылаудың аса маңызды түрі болып саналады.

Талдаулық топтау. Әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестер әрқашанда бір-бірімен өзара байланысты және өзара тәуелді. Сондықтан жиынтық бірліктерінің өзара байланысын анықтау және олардың бір-біріне тигізетін әсерлерін, себептері мен нәтижелілігін зерттеу статистикалық көрсеткіштерді топтаудың осы түрінің негізгі мақсаты болып есептеледі.

Бір-біріне әсерін тигізетін талдаульқ топтаудың себептік белгілері қоғамдық құбылыстың өзгергендігін, ал нәтижелік белгілері сол себептердің тигізген әсерін көрсетеді. Мысалы, жұмысшылардың мамандық дәрежесін жоғарылату себептік белгіге жататьн болса, осының салдарынан еңбек өнімділігінің өсуі нәтижелік белгіге жатады.

Талдаулық топтау әдісін жүргізудің өзіне тәң томендегідей белгілері бар:

1) себептік (факторлық) белгі бойынша топтар құрылады; 2) әрбір топтарды. сипаттайтьн себептік (факторлық) және нәтижелілік белгілердің орташа шамалары есептеледі; 3) себептік (факторлық) және нәтижелілік белгілердің арасындағы өзара байланысының ерекшеліктері анықталады. Егер жиынтық бірліктері бір ғана белгі бойынша топталған болса, жай топтау деп, ал екі немесе одан да көп белгілеріне қарай топталған, бөлінген болса онда оны курделі топтау деп атайды. Күрделі топтау кезінде зерттелетін жиынтық бірліктері бір ғана белгіге сай негізгі топқа бөлінеді. Содан соң әрбір топ басқа белгілері бойынша келесі шағын топтарға жіктеледі.

Жай топтаумен салыстырғанда  күрделі топтаудьң өзіне тәң талдау ерекшеліктері бар. Мұнда қоғамдык, құбылыстар мен процестер туралы көптеген мәліметтердің өзара байланыстылығы, құрылым жүйесі терең зерттеледі және күрделі қорытьнды жасауға көмектеседі. Сол себепті әлеуметтік-экономикалық құбылыстар көрсеткіштерін өңдеуде жай топтауға қарағанда күрделі топтау жиі қолданылады және статистикалық қорытьнды талдау жасауда шешуші рөл атқарады.

 

 

1.3 Топтау белгілері және топқа бөлу принциптері (негіздері)

Статистикалық топтау әдісі  қарастыратын күрделі де, негізгі мәселелердің бірі алдьн-ала жасалынған бағдарлама бойынша топтау белгілерін анықтау, яғни қанша топқа бөлу белу керек екендігін шешу және олардың көрсеткіштерін әрбір топ бойынша жеке қарастыру болып табылады. Сондықтан, топтау әдісін жүргізбес бұрын жалпы жиынтық бірліктерін сандық және сапалық белгілері бойынша ретке келтіріп, зерттелетін керсеткіштердің мәні мен мақсатына және оның негізіне басым көңіл белінуі қажет. Себебі, топтау бөліктері неғүрлым көп болатын болса, онда жиналған мәліметтер де (соғүрлым дұрыс бөлінеді. Бірақ, әрбір топтағы жиынтық көрсеткіштері ұсақталып кетеді де, оларды статистикалық кесте арқылы көрсету, талдау, қорытынды жасау кездерінде біршама қиыншылықтар кездесу мүмкін. Олай болса, топтау дәлділігіне аздап нұқсан келетініне қарамастан, кайткенде де үлкен топтар құруымызға тура келеді.

Статистикалық мәліметтерді топқа белу кезінде әрбір топ көптеген сандық бірліктердің енгізілуі керек. Және оның мағынасы анық көрсетілуі тиіс. Мұның барлығы топтау көрсеткіштерінің сандық және сапалық белгілеріне қатысты.

Егер топтау негізі сапалық белгілеріне қарай берілген болса, онда топтар саны сол белгілердің санына сәйкес келеді. Мысалы, халықтьң жыныстык, құрамы екі топқа - еркектер мен әйелдерге бөлінсе, ал ұлттық құрамы - сол жерде қанша ұлт тұратын болса, сонша топқа бөлінеді, т.сс. Кейбір жағдайларда сапалық белгілер өздерінің нышандары бойынша бір-бірінен әр түрлі айырмашылықтарына қарай ерекшелінетін болса, онда оларды типтеріне, түрлеріне немесе сыньптарына қарай топтық жіктерге болу арқылы жүргізіледі. Мысалы, халық шаруашылығы салаларының, материалдық өндіріс және материалдық өндіріс емес өріске (сфераға) бөлінуін алуға болады.Егер топтау негізінде сандық белгілер алынатын болса, онда топтар саны сол белгілердің мөлшеріне (көлеміне) және олардын, өзгермелілігіне байланысты болады. Сонымен, сипатталатын топтау өздерінің өзгермелі мәндеріне сәйкес бүтін және деңгей аралықты топтауға бөлінеді. Топтау кезінде топтық белгілері бүтін санмен берілетін болса, онда ол бүтін санды өзгермелі топтауға жатқызылады. Ал ондағы бөлініп альнған топтар саны сол берілген белгілердің мәніне сәйкес келеді. Мысалы, жұмысшылардың мамандық дәрежесі немесе отбасындағы баланың саны жене т.б. Мұндай топтауды жүргізу жеңіл болады және сандық көрсеткіштері анық көрсетіледі.

Егер топтау белгілері бүтін санмен емес, деңгей аралықты санмен берілетін болса, онда деңгей аралықты топтау деп айтады. Деңгей аралықты топтауды жүргізбес бұрын, ең алдымен топтың саны мен деңгей аралығының шамасын анықтап алуымыз қажет. Мұны шешу алға қойылған топтаудъң мәні мен мақсатына, зерттеу зерзатының (объектісінің) көлеміне, сандық көрсеткіштердің мөлшеріне қарауымыз керек. Статистикалық топтау кезінде әрбір топтың деңгей аралығының шамасы тұрақты, бірдей немесе тұрақсыз әр түрлі өзгермелі сандармен берілуі мүмкін. Егер топтау белгісінің сандық шамасында онша көп ауытқу болмаса, онда тұрақты денгей аралықты топтау әдісін қолдануға болады. Тұрақсыз деңгей аралықты шама үдемелі немесе кему бағытында болуы мүмкін, ал тұрақты деңгей аралықты шамада, шектік сандық көрсеткіштер барлық топтар үшін бірдей болады. Деңгей аралығаньң тұрақты шамасын есептеу алдында оньң ең үлкен және ең кіші сандық мәнінің шамасын анықтап алу қажет. Онда оның тұрақты шамасы мына формула бойынша анықталады:

Мұндай - деңгей аралығыньң тұрақты шамасы, Хкөп және Хаз топтау белгісінің ең үлкен және ең кіші сандық мәндерінің шамасы. п - топтың саны.

 

Қорытынды

Статистикалық топтау бір  үлгідегі (типтік), құрылымдық және талдаулық болып үш түрге бөлінеді. Олардың әрқайсысының алдарына қойған жеке мақсаттары мен қолдану тәртіптері бар.

Бір үлгідегі (типтік) топтаудың мақсаты біртектес топтарды, типтерді, сыныптарды әлеуметтік-экономикалық түрлеріне қарай саралау болып табылады. Бір үлгідегі топтау төмендегі тәртіп бойынша жүргізіледі: 1) алдын-ала, пайда болатын типтерді, сыныптарды өздеріне тәң сапалық белгілеріне қарай анықтап, белгілеп қою; 2) топтау белгілеріне сай топтарды анықтау; 3) жиналған сандық көрсеткіштерді белгіленген топтарға бөлу.

Статистикалық топтау әдісі қарастыратын күрделі де, негізгі мәселелердің бірі алдьн-ала жасалынған бағдарлама бойынша топтау белгілерін анықтау, яғни қанша топқа болу белу керек екендігін шешу және олардың көрсеткіштерін әрбір топ бойынша жеке қарастыру болып табылады. Сондықтан, топтау әдісін жүргізбес бұрын жалпы жиынтық бірліктерін сандық және сапалық белгілері бойынша ретке келтіріп, зерттелетін керсеткіштердің мәні мен мақсатына және оның негізіне басым көңіл бөлінуі қажет. Себебі, топтау бөліктері неғүрлым көп болатын болса, онда жиналған мәліметтер де (соғүрлым дұрыс бөлінеді. Бірақ, әрбір топтағы жиынтық көрсеткіштері ұсақталып кетеді де, оларды статистикалық кесте арқылы көрсету, талдау, қорытынды жасау кездерінде біршама қиыншылықтар кездесу мүмкін. Олай болса, топтау дәлділігіне аздап нұқсан келетініне қарамастан, кайткенде де үлкен топтар құруымызға тура келеді.

 

Қолданылған әдебиеттер

1. Әміреұлы Ы. «Статистиканың жалпы теориясы» Алматы: Экономика 1998 жыл

2. Бендина Н.Б. «Общая теория статистики» Москва 2000 жыл

3. Ефимова М.Р. «Общая  теория статистики» Москва: ИНФРА-М  1998 жыл

4. Елисеева И.И. «Общая  теория статистики» Москва 2000 жыл

5. Харченко А.П. «Статистика» Новосибирск: НГАЭ и Москва: ИНФРА-М 2000 жыл

6. Мананов Б.Б., Молдақұлова  Ғ.М. М 19 Халық аралық экономикалық  статистика: Оқу құралы.-Алматы Экономика  баспасы, 2004 ж.

2



3

4



5

7

6

8



9


Информация о работе Контрольная работа по "Статистике"