«Шарын шатқалы» бойынша туристік-экскурсиялық маршрутты өңдеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2013 в 16:41, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың өзектілігі: туризм - бұл қазіргі адамдардың экскурсиялық-белсенді демалыстарының кең тараған түрлерінің бірі болып табылады. Әрбір жыл сайын миллиондаған туристер туған елдерінде саяхаттай отырып, оның табиғат байлықтарымен, архитектуралық, тарихи және мәдени ескерткіштерімен, ғимараттармен танысады.

Содержание

Кіріспе 3
Экскурсиятанудың негізгі теориялық аспектілері
Экскурсия қызметінің тарихи 5
Экскурсия және оның мәні мен мазмұны 6
Қазақстан Республикасындағы экскурсия қызметі 11
«Шарын шатқалы» бойынша экскурсияның технологиялық құжаттары
«Шарын шатқалы» бойынша экскурсияның кіріспесі 12
«Шарын шатқалы» бойынша экскурсия маршрутының технологиялық картасы мен схемасы 14
«Шарын шатқалы» бойынша экскурсияның қорытындысы 17
«Шарын шатқалы» бойынша экскурсияның бақылау мәтіні 18
Қорытынды 28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 30

Работа содержит 1 файл

Шарын шатқалы.doc

— 3.72 Мб (Скачать)

Қытайдың Батыс  бөлегіндегі бау-бақшалы қала –  Құлжа 2005 жылы «Қытайдағы үздік саяхат қаласы» болып бағаланған. Қаланың  солтүстігінде Тянь-Шань тауының  ақбас шыңдары бой көтеріп, оңтүстігінде жылып аққан Іле дариясы жатыр. Маңайы шексіз кеткен жасыл манат жайлау, сырға тұнған ну орман. Қалада даңғыл жолдар мен осызаман сәулетшілік үлгілері де, тар көшелердегі бұлақ бойында жасыл ағаш бүркеніп тұрған аз санды ұлт отбасыларының шағын аулалары да бар. Біршама аты шыққан әсем көріністі өңірлерден Азия дәстүріндегі Алматы бауы, Қала теңіз көріністері  бауы, Хан әулеті ханшасының ескерткіш сарайы, ұлт қаһарманы Лин Зышүйдың ескерткіш сарайы, Іле көпірі, сондай-ақ қала маңын қоршаған қарлы шың, мұзарттар, асқар тау, айдын көл, орман бауы, жайлаудағы киіз үйлер бар. Бұлардың бәрі де сейіл құрып тынығып қайтуға таптырмайтын тамаша жерлер санатында.

Құлжа қаласы көп  ұлт қоныстанған жер. Ұзақ уақыт  бойы бірге жасау барысында, әр ұлт  халқының мәдениеті өзара ықпал  етіп, бір-біріне сіңген. Дей тұрғанмен, өздерінің де толыққанды ұлттық ерекшелігін сақтаған. Ұйғырлардың Іле сәнәмі, мәшірәбі, сібелердің балұн биі, орыстардың чечетка биі, Қазақтардың ат бәйгесі, көкпары, қызқуары, сондай-ақ ақындар айтысы сияқты аз санды ұлттардың дәстүрлі көңіл ашу түрлері Қытайдың терістік-батысындағы осы қалаға шексіз сырлы тартымдық бағыштаған.

Құлжа қаласы - Батыс пен Шығысты тұтастыратын құрылық жолындағы ұрымтал жер, өңірлік басымдығы көрнекті, ашылу шарт-жағдайы тамаша, Шинжяң мен Қытайдың Батысқа қарай ашылған  маңызды сауда кенті. Сонау Хан династиясы заманында-ақ, онда  ежелгі Жібек жолының өткелі қалыптасып, Орта Азия аймағы мен Батыс Азияны тұтастырып қана қоймай, көптеген қосалқы желілері Оңтүстік Азия және Еуропа жеріне дейін жалғасқан. Тарихта Құлжа Қытайдың Батыс бөлегіндегі гүлденген сауда кенті болған. 1989 жылы қаңтар айында, Қытай Мемлекеттік кеңесі Құлжа қаласын ашық қала етіп белгіледі. 1992 жылы шекара бойындағы онан ары ашылатын қала деп белгіледі. Сонымен қатар, қала аумағында мемлекет дәрежелі шекаралық экономикалық селбестік аймағы құрылып, осы ежелгі Жібек жолы сауда кенті тың өміршеңдік күшке ие болды. Бүгінде, Құлжа қаласы Іле аңғарындағы тауар айналымының орталығы және тауар жиналып-жөнелтілетін жер. Қорғас шекара өткелімен, Дулаты шекара өткелімен, Мұзарт шекара өткелімен тұтасатын өзекті қала, Қытайдың Батыс бөлегіндегі шекара бойындағы ең үлкен ашық рабатқа айналып отыр.

Құлжа қаласы - ІҚАО-ның орталығы, ежелден Іле аңғарындағы маңызды қатынас торабы және елді мекен. Қала аумағының жер ауданы 37 шш, қалада 300 мыңдай халық жасайды. Қаланың төркіні - Чиң династиясы заманында салынған Ниңюан қаласы. Қала көшелері сәуле радиациясы тектес шашырау үлгісімен орналасқан. Қаланың үлкенді-кішілі көшелерінің бойы қаз-қатар өскен ақ теректер, сылдырап аққан бұлақтар. Қала маңындағы тұрғындар ауласына еккен жеміс ағаштары тоғайланып кеткен. Бүкіл қала бойынша 10 мың му шамасында жеміс бауы бар. Гүл ашылған және жеміс-жидек піскен кезде, барлық жерден хош иіс аңқып тұрады. Сол үшін де адамдар оны «гүлді қала», «теректі қала» деп атайды. Ақ терек, алма ағаштары - Құлжаның нышандық ағашы саналады, ал қала гүлі - раушангүл. Құлжа қаласы алмасымен ел іші-сыртына әйгілі. Алма бақшасын аралау, жаңа піскен алмандан дәм тату - Ілеге саяхаттаудың маңызды мазмұндарының бірі. Қаланың батыс жағындағы Ханбиң ауылының алма бауында Ұйғыр үлгісіндегі қонақ күтетін самалдық салынған. Бұл жерде әр алуан салт-дәстүр  мәдениет шаралары өткізіледі. Сол үшін Құлжа қаласының «Тұсел бауы» деп аталған.

Құлжа қаласында саяхаттық көрініс нүктелері мол: қаланың батысында 18 гектар келетін халық бауы бар. Баудың іші сыңсыған орман, әртүрлі гүлдер, сондай-ақ балалар бақшасы, хайуанаттар бақшасы, мұражай, т.б. Халық бауының солтүстік қанатындағы бақша көшесі батыс айланба жолға тұтасады. Батыс айланба жолдың батысы - жаңадан ашылған Құлжа қалалық экономикалық селбестік аймағы. Лин Зышұйдың ескерткіш сарайы дәл осы экономикалық селбестік аймағында.

Құлжа қаласының  шығысында ХVІІІ-ғасырдың басында  салынған Алтын төбелі храмның көне жұрты бар. Бұл храм әу баста әйгілі лама храмы болып, ерекше гүлденген кезінде онда 6000-нан астам лама болған. Храмның төбесі алтынмен әшекейленіп, жарқырап тұрғандықтан, Алтын төбелі храм деп аталған. Храм 1775 жылы соғыста күйреген. Храмның қазіргі орынында сарғыш жабынқыш сынықтары және бұрхан қалдықтары әлі де табылады. Қытайдың Хыбей өлкесіндегі Чыңды қаласының сыртындағы сегіз храмның біреуі «Анюан храмы», осы Алтын төбелі храмға ұқсатылып салынған, сол үшін де «Іле храмы» депте аталған. Алтын төбелі храмның көне жұртының батыс жағындағы шығыс Шинхуа көшесінде Қытайдың классикалық үлгісіндегі қарапайым да салтанатты ислам сәулетшілігі - Іле дүңген мешіті бар.

Құлжа қаласынан  солтүстік-батысқа 19 ш келетін жерде  Баяндай ауылының Течаңгоу батыс тауы деген жер бар, осы таудың Холұңдұң («От айдаһары үңгірі» деген мағынада - ред.) үңгірінде, тау астындағы көмір алабы табиғи жанып жататындықтан, құрамында адам денесіне пайдалы күкірт, ашудас сияқтылар бар бу жыл бойы жер бетіне атылып шығып жатады. Бұл әртүрлі созылмалы науқастарға шипа. Адамдар бу бүркіп жатқан жерге қақталып науқастарын емдейді. Осы жерде 1972 жылы Баяндай Холұңдұң шипаханасы құрылды. Шипалық рөлі көрнекті болғандықтан, онда ауруға ем іздеушілердің аяғы үзілмейді.

Құлжа қаласының оңтүстік тұсынан Іле өзені өтеді. 1975 жылы Іле өзеніндегі көне өткелден айбатты Іле көпірі салынды. Көпір қала орталығынан 5 ш жерде. Көпірдің жалпы ұзындығы 300,8 м, кеңдігі 8,5 м, өзеннің көпір түскен бөлегі Іле өзенін тамашалауға арналған негізгі бөлек саналады. Кілкіп аққан өзеннің ортасында кішкене аралшалар бар, өзеннің екі жағасы ну орман, өзен бойында және Биңхы бауы, Саяхат кемежайы сияқты ойын, көңіл ашу құрылғылары бар. Бұл ел іші-сыртынан келетін саяхатшылардың ат басын бұрмай кетпейтін жері.

Құлжа қаласынан  терістік-шығысқа қарай 16 ш жерде  Құлжа ауданына қарасты Тұрпан-йүзі көне қаласы бар. Көне қаланың жұрты  екі бөлектен құралған: үлкен, кіші Жинчың (алтын қала) деп аталады. Айтуларға қарағанда, ол Таң династиясы дәуіріндегі Туғанай (Гұң-йө) қаласы немесе Таң династиясы дәуіріндегі Қосөзен (Шуаңхычың) қаласының жұрты көрінеді.

Құлжа ауданының  терістік-шығысындағы Мазар ауылында Шыңғысханның 11 ұрпағы - Сұлтан Уәйісханның мазары бар. Бұл Қытайдың классикалық үлгісінде салынған самалдық. Бүгінде жөндеуден өтіп, Іледегі тауап ететін қасиетті орындардың бірі болып отыр.

Құлжа қаласы шекара саудасындағы маңызды кент деген  атымен әйгілі. Саудасы дамыған, базары гүлденген. ТМД көшесі, Тәшләпкі өнеркәсіп  бұйымдары базары, Қытай базары сияқтылардың бәріне де ел іші-сыртынан келген саяхатшылар соқпай кетпейді.

Құлжа қаласы тау  етегіндегі жазықты негіз етеді. Жерінің терістігі биік, түстігі  аласа, өзендер мен өзеншелері көп. Бидай, күріш, жүгері, майлы дақылдар егіледі. Алтын, күміс, мыс, көмір, мұнай сияқты қазба байлықтар шығады. Құлжа қаласында тоқымашылық, энергетика, құрылыс материалдары, былғары, азық-түлік, арақ ашыту кәсіптерін негіз еткен өнеркәсіп жүйесі қалыптасқан (2 - Сурет), [12].

 

 

2 - Сурет - Құлджа трассасы

 

Көкпек. Бұрын Көкпекті өзенінің сол жақ жағалауында қалың терек және долана шағын орманы өскен. Осыдан барып көк терек мағынасын беретін Көктерек бекінісінің атауы туған.  Жылдар өтіп, бұл шағын орман тұрғындармен құрылыс материалдарына пайдаланылып, жойылды. Бекіністің орны қазіргі шығыс жақта орналасқан базар аумағы болып келетін. Ал, бекіністің айналасына ор жыртылған, оның орны бүгінгігі күнде де көрінеді (3 - Сурет).

 

3 - Сурет - Көкпекті

 

1997  жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Көкпекті және Самар аудандарының бірігуі болды. Аудан Көкпекті атауын алды орталығы Көкпекті ауылы болды.

Ауданның аумағы 14,6 мың шаршы метрге тең. Ауданның халқы 38,5 мың адамды құрайды.

Ауданда 18 селолық  округ бар, соның ішінде 66 ауыл. Ауданның этникалық құрамы келесідей : қазақтар - 74 %, орыстар - 20,7 %, басқа ұлттар 5,3 %. 

Ауданның табиғи-климаттық  жағдайы әртүрлі. Ауданның сотүстік және батыс жағын таулы және тау бөктері аймақтары, орталық бөлігін ұсақ шоқы массивтерінің аралығындағы тегіс алқаптары бар ұсақ шоқы аймағы алып жатыр. Ауданның оңтүстік-шығыс бөлігі Зайсан шұңқырына жанасады. Көкпекті ауданының климаты қатал континенттік, құрғақ тұрақсыз ылғалды температураның тәуліктік және жылдық үлкен теңселу шегімен.  

Аудандағы мықты  экономикалық шаруашылықтардың бірі болып  «Өрнек» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі саналады, басшысы Қойгелдин Ержан. Өз жұмысында ол мамандарға сенеді. Осы жылдары ол шаруашылықты үздіктердің қатарына шығарды, қайта өндіру желілерін дамытты.

Ауданда «Құсайынұлы» шаруашылығында фирмалық дүкендері  бар. Оның басшысы – Марат Кумаров  егіндер мен фермалардың өнімдері қоймаларда жатып қалмай, тұтынушылардың үстеліне тез түсуі үшін сауда қызметтерінің желісін кеңейтуге көп көңіл бөледі. Ол қайта өңдеу цехтарының желісін кеңейтті. Оның шаруашылығында диірмен, ауысымда 1200-1300 бөлке нан пісіретін өзінің наубайханасы бар.

Біздің мақтанышымыз деп - 2 балық зауытын айта аламыз - олар Нарожнев Александр Николаевич басқаратын «Рыбпром» ЖШС және Куат Хайруллаұлы Закарьянов басқаратын  «Рыбпродукт» ЖШС.  

Мұнда өнімнің 14 түрі игерілген, оның негізгі бөлігі экспортқа кетеді. «Рыбпром» ЖШС-де былтыр 550 тонна балық өңделді, май-ұн цехы іске қосылды. Осы екі кәсіпорын Самар ауылында тек қана 130 жұмыс орнын ашып қана қоймай, бүкіл аудан бойынша балық аулаушы жастар бригадасының дамуына жәрдемдесті.

Көкпекті жері өзінің таланттарымен, дарынды тұлғаларымен әйгілі. Жазушы Қалихан Алтынбаев, оның аты ауыз әдеби поэтикалық жанры айтыстың көптеген әуесқойларына танымал ат, ол бірнеше рет суырып салма ақындардың облыстық және республикалық сайысының қатысушысы және жеңімпазы болған. Туған жерінің тарихы туралы басылым шығарды [13].

Сөгет жазығы. Сөгет жазығы батыстан шығысқа қарай 50 км-ге мозылып жатыр. Батыста аңғар Бартоғай су қоймасынан басталады,бұл су қоймасына батыста Шелек және Іле Алатауының шығыс жақтарынан келетін су жиналады. Солтүстігінде аңғар Сюгаты тауларымен бітеді, ал оңтүстігінде Торы-Айғырмен, солтүстік-шығысында Үлкен - Боғаты тауларымен шектеледі, шығыста Шарын өзенімен бітеді. Аңғарға Көкпек шатқалы арқылы жетуге болады, бұл аңғардың бойымен Алматы-Нарынқол және Алматы-Жаркент жолдары өтеді (4 - Сурет). 

 

 

4 - Сурет - Сөгет жазығы

Аңғарда жаз  өте ыстық және кұрғақ, температура +40 оС асады. Ауа-райы негізінен жақсы, бірақ кейде қатты жаңбыр болады. Қыс кезінде, күндіз ауа-райы +25 оС болады, түнде суық болатын кездер де кездеседі . 

Бұл аймақта  сонымен қатар, жоғалып бара жатқан өсімдіктер түрлері бар: ферула илийская (Ferula iliensis), Сюгаты, Боғатыбаурайында, ферула сюгатинская (Ferula Sugatensis) - Іле Алатауның шығысындағы Сюгаты аңғарында өседі.

Сөгет жазығында сонымен қатар әр түрлі жәндіктер мекендейді (такырные круглоголовкалар, альферактар, әр түсті ящуркалар, удавчиктер, сусликтер) [14].

Шарын шатқалы. Табиғат жақұтын көргенде көңіліңіз керемет бір сезімге бөленбей қоймайды. Әлемде АҚШ пен Қазақстан және Ресей аумағында ғана кездесетін мұндай әсем жерімен әр қазақ мақтануы керек. Жаз айларында аптаған ыстық жайлаған жер жәннаты қыста қар баспайтын аса ғажап күйге енеді.

Шарынның ең көркем жері негізгі жолдан он шақырым  жерде. Он шақырым жолдың көп жерде  кездеспейтін ойқыш-ұйқышы бар. Алғаш барғанымда білместіктен «газға» басып, көлігімнің «ходовкасын» (кешіріңіздер қазақшалай алмаймын) босатып алғам. Жақсысы «внедоржниктер» дұрыс. Егер тасбақа жүріске төзіміңіз таусылмайтын болса, онда мәселе жоқ. Жол тегіс.

Шарын шатқалы - ең ірі экзотикалық орындардың бірі. Ерекше шайылған формалар, желденген рельефтер Сізді ертегідегі құм тауларынан жасалған ескерткіштер әлеміне алып кетеді: «Қамалдар аңғары» , «Жалмауыз кемпір шатқалы» және т.б. құмды жардың биіктігі 150-300 метрге шейін жетеді. Шарын шатқалы Алматыдан шығысқа қарай 220 шақырым жерде, Райымбек ауданының аумағында орналасқан. Алатаудан бастау алатын Шарын өзенi Iлеге құяр жолында Жалаңаш үстiртiн кесiп өтедi. Шатқалдың тереңдiгi кей жерде 300 метрге дейiн жетедi. Шатқал арқылы ағысы қатты (секундына 10-12 км), суы мол, рафтинг спортына жарамды, арнасының кеңдiгi 35-40 метр болатын өзен ағып жатыр. Оған iрiлi-кiшiлi көптеген өзендер келiп құйылады. Саяхатшылар үшiн Шарын шатқалы, әсіресе, оның төменгi бөлiгi ғажайып сұлулығымен тартымды. Жергілікті халық бұл жерді «қорғанды қамалдар аңғары» деп атап кеткен. Аңғардың ұзындығы - 2 км, ені - 20-80 м. Шатқалды аралай жүріп, сіз осыдан 12 миллион жыл бұрынғы шөгiндi тау жыныстарынан пайда болған алуан түрлi таңғажайып көрiнiстердi көре аласыз. Миллиондаған жылдар бойы табиғаттың өзі осынау ұлы қорған қамалдары сияқты қайталанбас сәулет өнерiн дүниеге әкелген. Шарын шатқалы Қазақстан табиғатының інжу-маржаны болып есептеледі, оның құрамына өзi аттас өзенмен қоса шетендi тоғай кіреді. Шетен тоғайының негiзiн соғдиян шетенi (Fraxsinus potamophila) құрайды. Ол қазiргi өсiмдiктер дүниесiнiң iшiндегi ең көне түрi (динозаврлар дәуiрiнiң жұрнағы) және халықаралық кадастр бойынша жоғалып бара жатқан түрге жатады [15].   

Саяхатшылар үшiн  Шарын шатқалы, әсіресе, оның төменгi бөлiгi ғажайып сұлулығымен тартымды. Жергілікті халық бұл жерді «қорғанды қамалдар аңғары» деп атап кеткен. Аңғардың ұзындығы - 2 км, ені - 20-80 м.

Шатқалды аралай жүріп, сіз осыдан 12 миллион жыл  бұрынғы шөгiндi тау жыныстарынан пайда болған алуан түрлi таңғажайып көрiнiстердi көре аласыз.

Миллиондаған  жылдар бойы табиғаттың өзі осынау ұлы қорған қамалдары сияқты қайталанбас  сәулет өнерiн дүниеге әкелген. Шарын  шатқалы Қазақстан табиғатының  інжу-маржаны болып есептеледі, оның құрамына өзi аттас өзенмен қоса шетендi тоғай кіреді. Шетен тоғайының негiзiн соғдиян шетенi (Fraxsinus potamophila) құрайды. Ол қазiргi өсiмдiктер дүниесiнiң iшiндегi ең көне түрi (динозаврлар дәуiрiнiң жұрнағы) және халықаралық кадастр бойынша жоғалып бара жатқан түрге жатады.     

Информация о работе «Шарын шатқалы» бойынша туристік-экскурсиялық маршрутты өңдеу