Химиядан өзінді жұмыстарды ұйымдастыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 09:38, дипломная работа

Описание работы

Еліміздің білім беру жүйесіндегі білім мазмұнын жаңғырту үрдісі оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруға түбірлі өзгерістер әкелуде. Солардың ішінде оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастыруға жағдай жасау мектептің негізгі міндеттерінің бірі.
Жалпы оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастыру мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Дегенмен, оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастыруға үйрету тәсілдері бүгінгі күнге дейін өзектілігімен ерекшеленеді.

Содержание

1. Кіріспе...............................................................................................................
2. Әдебиеттік шолу.............................................................................................
2. 1 Өзіндік жұмыс түрлері, олардың рөлі.......................................................
2. 2 Өзіндік жұмысты ұйымдастыру ерекшеліктері........................................
2. 3 Өзіндік жұмысты ұйымдастырудың алғы шарттары...............................
3. Экперименттік бөлім.......................................................................................
3. 1 Өзіндік жұмыстарға арналған тапсырмалар.............................................
3. 2 «Алғашқы химиялық ұғымдар» тақырыбы бойынша тапсырма............
3. 3 «Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары жайлы мәліметті қорытындылау» тақырыбына арналған тапсырмалар.........................................
3.4 «Қышқыл, негіз, тұздардың диссоциациясы» тақырыбы бойынша тапсырмалар.............................................................................................................
3. 5 «Оттегі. Оксидтер. Жану» тақырыбы бойынша тапсырмалар.....................
3. 6 «Электролиттік диссоциация теориясы» бойынша тапсырмалар.................
3. 7 «Оттекті органикалық заттар: спирттер, көпатомды спирттер, фенолдар, альдегидтер, карбон қышқылдары» тақырыбы бойынша тапсырмалар.............
3. 8 Тест түріндегі тапсырмалар жүйесін пайдалану
5. Қорытынды..........................................................................................................
6. Пайдаланылған әдебиеттер............................................................................

Работа содержит 1 файл

өзіндік жұмыс-химия.doc

— 653.00 Кб (Скачать)

Сол сияқты жаңа сабақ  түсіндіргенде де оқулықты пайдаланып, өздік жұмыс істеткен тиімді. 10-сыныпта  «Альдегидтерді» өткенде оқушыларға тақырыпты айтпай-ақ жаңа тақырып  пен өткен тақырыпты былай байланыстыру қажет.

Оқушылар мынадай зертханалық  тәжірибе жасайды.

Этил спиртіне қыздырылған мыс сымды батырады. Осылай бірнеше рет қайталайды. Оқушыларға тәжірибе барысында сезілген иіске назар аудару ескертіледі. Сонда мыс сымды спиртшамына қыздырғанда сыртын қара қоңыр түсті мыс (II) оксиді қаптайды, ал спиртке батырғанда қайта жалтырайды және бірнеше қайталанғаннан кейін, спирттін иісі жойылып, мүлде басқа иісті зат түзіледі. Яғни химиялық реакция жүргенін көреді. Осы кезде оқушыларға сұрақтар қоямын.

1. Heгe спиртшамына қыздырғанда мыс сымының түсі өзгереді?

2. Бір атомды спирттің  жалпы формуласы қандай? (Тақтаға  бір оқушы жазды.)

3. Heгe мыс сым спиртке  батырғанда жалтырап шығады?

Ары қарай мұғалім реакция теңдеуін жазады.

 

 

 

  1. 2Сu + О2 = 2СuО

 

               H                                         O

               ׀            //

  1. R- C – O – H + СuО →R – C  + H2O + Сu

           ׀      \

          H                                      H

Спиртті алкоголь дейді, яғни мына теңдеуде «алкоголь» дегидрленеді. «Алкоголь дегидрленеді» сөзінің бастапқы буындарынан «Альдегид» сөзі шығады, яғни бүгінгі өтетін тақырыбымыз - «Альдегидтер және олардың қасиеттері» деп тақырып жазғызады. Содан кейін 1-оқушыға - қаныққан көмірсутектерінің гомологтарының формуласын, 2-оқушыға - қаныққан көмірсутектердің бос радикалдарының формуласын, 3-оқушыға - бір атомды қаныққан спирттердің формуласын,

                                O

                              //

4- оқушыға  R – C 

                        \

                            H       деген жалпы формулаға сүйеніп және гомологтарда – СН2 тобы бойынша айырманың болатынын ескеріп, альдегидтердің формуласын жазу тапсырылады.

Осындай жұмыс істеу арқылы оқушылар өткен тақырыптар бойынша білімін  бекітеді, жаңа тақырыппен тікелей байланысты екеніне көздері жетеді. Бұлай өтілген сабақ оқушылардың ойында жақсы сақталады.

Сол сияқты кез келген практикалық  сабақ өткенде оқушы оқулықпен  өздік жұмыс істейді. Практикапық  сабаққа сағат бөлінеді. Тәжірибе практикалық сабақта жүргізілсе, нәтиже басқаша болады, өйткені оқушы бұл тәжірибеге алдыңғы сабақтардан алған білімдерімен толық әзірленіп келеді. Оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстары дегеніміз арнайы берілген уақытта мұғалімнің тапсыруымен, бірақ оның тікелей көмегінсіз, өз күштерімен қойылған міндетті орындап, өздері нәтиже, қорытынды шығаратын жұмыстар. Сөйтіп практикалық сабақтардың білімді нақтылау, пысықтау құралы ретіндегі маңызы зор. Өтілетін практикалық сабақ оқушыларға үй тапсырмасы ретінде беріледі. Оқушылар оқулық бойыншаорындалатын тәжірибелердің сипатымен танысады.Оқулықтың осы тәжірибеге қатысы бар жерлерін қосымша оқиды. Тәжірибедегі барлық реакция теңдеуін алдын ала үйде жазады. Егер тәжірибе күрделі болса, онда оны орындау жоспарын үйде жасайды. Практикалық сабақта оқушылар жеке, ұжыммен және топпен жұмыс істейді.

Кей тақырыптар бойынша  бір ай бұрын да оқушыларға өз бетімен  жұмыс беріледі (жалпы сыныпқа  не жеке оқушыларға, не белгілі топтарға). Бұндай тапсырмаларды семинар, конференция  өткізгенде не жеке элементтерді, заттарды өткенде тапсырған тиімді. Мысалы, 8-сыныпта «Су - еріткіш» тақырыбын өткенде биология, герграфия пәнінің мұғалімдерімен бірге кіріккен (интегралды) сабақ өткізген. Сабаққа алдын ала оқушылар баяндама жазды. Оқушылардың баяндамаларының тақырыбы мынадай: «Өсімдік - азық көзі, дәрі-дәрмек қоймасы, адамға көрік беретін киім», «Су - өсімдік нәрі, тіршіліктің тірегі».

Осы кіріктірілген сабақта  үйге тапсырма ретінде оқушыларды топтарға бөліп, мынадай өздік зерттеу  жұмыстары берілді.

I топ. Бір күнде бір отбасы мүшелері қанша көлем су пайдаланатынын бақылау.

II топ. Бір аптада бір отбасы мүшелері қанша көлем су пайдаланатынын бақылау.

III топ.  Самаурынның шүмегінен I минөтте қанша су таматынын; егер су құбырының түтігінен су тамшыласа, онда айына қанша су рәсуа болатынын есептеу.

IV топ.  Құдық, суы мен қар суының қайсысы жұмсақ екенін зерттеу.  Осы тапсырмалардың нәтижесі бойынша егер отбасында 5-6 кісі болса, аптасына 1200-1800 литр яғни, әр кісі 200-300 литр су жұмсайтыны; самаурыннан минөтіне 50 тамшы су тамшылайтынын, онда айына су құбырынан 400 литрге дейін су рәсуа болатыны анықталды. Ал құдық суынан қар суы жұмсақ екені дәлелденді.

Оқушылардың өздік жұмыстарын қорытындылау сабақтарында да білім  тексеру ретінде ұйымдастыруға  болады. Білім тексеруге қатысты сұрақтарды оқушылар өздері құрастырса, жауаптарын өздері бағаласа, оқушының өзіне деген сенімі артады.

Химиялық экспресс. «Химиялық алғашқы ұғымдар» тарауын қорытындылау сабағы ретінде өткіздім. Бұл сабаққа ерте даярланып, әр станцияның аты-жөні, станция кезекшілері белгіленеді. Станция кезекшілері жақсы үлгеретін оқушылардан қойылады. Осы оқушылар сұрақтар дайындайды. Сұрақтар емтихан билеттері тәрізді үлестірмелер түрінде дайындалады. Ал қалған оқушылар екіге бөлініп, поездың екі вагонына орналасады. Ойынға қатысушы оқушылардың қолдарында жолдама бар, әр станциядан өткен сайын жолдамаларына берген жауаптарына қарай ұпайлар қойылады. Ұпайды станция кезекшілері қояды. Станцияларда болған сұрақтар мынадай.

І. «Тәжірибе» станциясы.

1-үлестірме

     NaOH ерітіндісіне фенолфталейн ерітіндісін құйыңыз, оған тұз қышқылын қосыңыз, не бақыладыңыз?

       2-үлестірме

  Ізбес суына фенолфталейн  құйыңыз, оған көмірқышқыл газын жіберіңіз, не бақыладыңыз?

  II. «Білгірлер» станциясы.

1-үлестірме

Берілген формулалардан оксидтерді, негіздерді, тұздарды, қышқылдарды жеке-жеке бөліңіздер, аттарын жүйелік номенклатура бойынша атаңыздар: HNO3, NaNO3, NaOH, N2O5, Н3РО4, Р2О5, СО2, К3РО4, КОН.

2-үлестірме

Мына заттардың салыстырмалы молекулалық массаларын анықтаңыздар: NH4NO3, MgO, H2SO4, AI(OH)3.

III. «Жұмбақ» станциясы.

1-үлестірме

Ақ түйір айналады тыным таппай,

Жүргендей су бетінде  орын жоқтай, бұл не? (Na)

2-үлестірме

Сулы болса - көгерер,

Сусыз болса - ағарар.

Бұл қай тұз, балалар? (CuSO4)

IV. «Тарих» станциясы.

1-үлестірме

Оттегінің ашылу тарихын  айтыңыз.

2-үлестірме

Сутегінің ашылу тарихын  айтыңыз.

V. «Ой-өріс» станциясы.

 Мына элементтердің атын дұрыс орналастырсаңыз, ортадағы ерекше торкөздің ішінде «МЕНДЕЛЕЕВ» сөзі шығады: He, Ns, Co, Re, Fe, C, Mn, O, Eu.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ соңында жинаған ұпайлары бойынша баға қойылып, қорытынды  жасалынады.

Оқушылардың өздік жұмыстарын ұйымдастыру алған білімдерін тексеру, қорытындылау кездерінде өте тиімді. Көбіне оқушыларға органикалық, бейорганикалық, заттардың формулаларын құруға химиялық диктант жазғызу да тиімді. Мысалы, аттары аталған тұздардың формуласын құрастырыңыздар: 1. Магний хлориді. 2. Мырыш нитраты. 3. Темір сульфаты. 4. Алюминий фосфаты, т.б.

Сабақ - шығармашылық жұмыс, өйткені сабақты түрлендіру арқылы мұғалім оқушының өз бетімен жұмыс істеу дағдысын қалыптастырады. Өз бетімен іздендіріп, сол арқылы меңгерткен білім оқушы зердесінде ұзақ сақталады. Сабақты дұрыс ұйымдастыра білу мұғалімнің ізденімпаздығына байланысты [13].

Қазіргі сабақ оқушылардың өзіндік жұмыстарынсыз бола алмайды. Ол - оқушылардың алдына қойған мақсаттарын орындау қызметі. Өзіндік жұмыстарды орындау арқылы оқушылар көрсетілген бағдарламалық білімді, жаңа біліктер мен дағдыларды игереді, өзіндік шығармашылық қабілетін дамытады, ғылыми танымдық әдістерді меңгереді.

Химия сабағындағы оқушылардың  өзіндік жұмыстары сан алуан  сарамандық сабақтар, сарамандық тәжірибелерді  орындаулары, есептерді шешуі, формулалар бойынша реакциялардың теңдеуін құрастыру, жаттығуларды орындау, бақылау және тексеру жұмыстарын орындау, оқулықпен жұмыс, анықтамалар және әр түрлі қосымша әдебиетгермен жұмыс, сарамандық жұмыстардың есебін жазып орындау, танымжорық материалдарын өндеу, т.б.

Өзіндік жұмыстар оқытудың әр түрлі кезеңдерінде жүзеге асады, арнаулы сабақ түрінде де өтуі мүмкін. Оқушылардың әрбір дербес жұмыстарын өзіндік жұмыс-деп санауға болады. Мысалы, оқушы тәжірибе жасағанда басшы нұсқауларды басшылыққа алып, тәжірибенің орындалуы. Бұл жұмыстардың репродуктивті өзіндік сипаты бар. Жоғары деңгейдегі өзбетінше жұмыс істеу ізденушілік сипатга жүзеге асады. Оқушы тапсырманы алғаннан кейін, оқу мақсатын анықтап, ойланып, өзбетінше орындау жолдарын белгілейді, оны шешудің тиімді әдісін таңдап алады. Мүмкін бұл есепті шешудің жаңа жолын табуы, осындай өзіндік ізденістер шығармашылық шешуге әкеледі. Өзіндік киындықтарына, танымдық сипатына қарай оқушыларға берілетін тапсырмалар күшті оқушыларға, орташа және әлсіз оқушылар деп топтастырылады, оқушылардың өздері нұсқаларды таңдайды. Нұсқаның бірінші тобына шығармашылық шешімді қажет ететіндері алынады, ал екіншісі - болжаудың дұрыстығын тексеретін, ал үшіншілеріне - репродуктивті сипаттағы тапсырмалар беріледі.

Бағдарламалап оқыту - өзіндік  жұмыстардың ерекше түрі, ол - әрі  бақылаушы, әрі оқытушы жұмыстар. Оқыту бағдарламасын теориялық курстарға құрастыруға болады, мысалы, бейорганикалық қосылыстардың кластарына, электролиттік диссоциациялану теориясына, тотығу-тотықсыздану реакцияларына, органикалық қосылыстар арасындағы генетикалық байланыстарға, т.б. суреттеу мақсатындағы тақырыптарға да қолданылады. "Галогендер, оттек топшасы, көмірсутектердің табиғи көздері және оны өндеу, т.б. Бұл жерде оқу материалдары бөлшектерге бөлініп (өлшем, кадр) көп ақпарат беріледі. Әрбір бөлшектер сұрақтар, тапсырмаларға бөлінеді. Сұрақтардың жауабына төрелік және оқулық материалдарын жасайды. Мысалы "Күкірттің физикалық және химиялық қасиеттерін алайық.

1. S - атомы ковалентті  үйексіз молекула түзеді, байланысы  S8. Күкірттің кристалдық торы - молекулалық. Кристалды торына, типіне сәйкес заттың қасиеті анықталады. Осыған байланысты күкірттің физикалық қасиетін көрсетіңіз: а) қиын балқитын қатты зат; ә) қатты, оңай балқитын зат; б) қатты, металдық жылтыры бар.

2. Күкірт + 110°С балқиды,  одан әрі қыздырғанда қоңырланып, тұтқырланады. Тез салқындатқанда (суға құйғанда) созылғыш резеңке тәрізді массаға айналады. Ол - күкірттің тұрпаттастық түр өзгерісі - пластикалық күкірт.

Пластикалық күкірттің  молекуласы сызықтық сипатта болады. Төменде көрсетілген құрылыстық формуласының қайсысы соған сәйкес келеді:

       

a)              ә)

  б)


 

 

 

 

Оқыту бағдарламасын  құрастыруда мұғалім оқулық материалдарын  басшылыққа алады. Бағдарлама түсінікті, жатық тілмен жазылып, тиімді көлемде  алынады. Бағдарлама өз білімдерін бақылай алатындай болуы тиіс.

Бақылаушы бағдарлама оқушылардың  білімін тексеруде қолданылады, оңда сұрақтар мәтіні перфокарта формасында беріледі, мысалы, бақылаушы бағдарламадан  қаныққан және қанықпаған көмірсутектерін  баяндайтын үзінділерді алуға болады.

1. Қай көмірсутек түтінденіп жанатынын дәлелдеңдер?

а)  СН3 - СН - СН3

ә) СН2 = СН – СН2 - СН3

б)    СН2

СН2- СН - СН3

2. П байланысының сапалық реакциясын көрсетіңіз және оған тән реакция теңдеуін жазыңыз:

а)  бутен - 2 + НВr –

ә) бутен + Вr2 -

б)  бутен - 2 +О + Н2 О -

3.  sp3 гибридтенуге қандай валенттілік бұрыш сәйкес келеді?

а) 109,5°; ә) 180°; б) 120°; в) 108°.

4.    1 л этан толық жану  үшін қандай көлемдегі оттек  керек болады:

а) 7 л; ә) 6 л; б) 5 л; в) 3,5 л.

Бағдарламаланған оқу сабақтың белгілі бөлігінде өтілуі немесе бүкіл сабақты қамтуы да мүмкін. Оқушылар бағдарламаны қолдан жазылған түрде не машинкаға басылған мәтін түрінде алады (әр оқушыға өз алдына береді).

Бақылаушы бағдарлама (әр түрлі нұсқа түрінде беріледі). Оны сынып тақтасына жазып көрсетеді, кейде графопроектордың шынысына жазып береді. Бағдарламалап оқытудың тиімділігі жеке жұмыстан ұжымдық, формадағы жұмысқа қол жетеді. Бағдарламалап оқытуды былай жүзеге асыруға болады:

1. Сабаққа кіріспе  ретінде мақсат қоя білу. Нұсқау беру (ұжымдық жұмыс формасы).

2.  Оқушылардың бағдарламалап  жұмыс істеуі - сұраққа жауап қайтару және зертханалык тәжірибелерді орындау, бағдарлама жазбаша алгоритмдік әсер ету түрінде беріледі жауапты оқушылар дәптеріне жазады.

3. Бағдарламаны ерте меңгерген оқушы, қосымша тапсырма алады.

4.  Бағдарламаны меңгеру  нәтижесін тексеру бақылау тапсырмалары арқылы жүзеге асады.

5. Ұйымшылдықпен жұмысты аяқтау. Үйге тапсырма беру. Оқушылардың химиялық білімін белсендіру және танымдық қызметін дамытудың негізі - бағдарламалық оқыту. Екінші жолы - проблемалық оқу [15].

Педагогакалық ғылым  практикасында оқушылардың танымдық әрекетінің негізінен үш деңгейі және оған сәйкес өзіндік жұмыстардың: 1) репродуктивті; 2) жеке ізденіс (эвристикалық); 3) зерттеу сияқты үш типі белгілі.

Әрбір тақырыпты оқып зерттеудің алғашқы кезеңінде химияның негізгі ұғымдарын игеру үшін бәрінен бұрын репродуктивті сипаттағы тапсырмалар орындалады. Ондай тапсырмалар келесі жеке ізденіс, яғни эвристикалық сипатты тапсырмаларды орындауға негіз болады.

Информация о работе Химиядан өзінді жұмыстарды ұйымдастыру