Лекция по "Криминологии"

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 16:38, лекция

Описание работы

Работа содержит лекцию по дисциплине "Криминология"

Работа содержит 1 файл

құқық қорғау органдары заңы.docx

— 94.41 Кб (Скачать)

1-тарау. Жалпы  ережелер

Құқық қорғау қызметі  туралы

Осы Заң Қазақстан Республикасының  құқық қорғау қызметіне тұруға, оны  өткеруге және тоқтатуға байланысты қоғамдық қатынастарды  реттейді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары қызметкерлерінің құқықтық жағдайын (мәртебесін), материалдық қамтамасыз етілуін және әлеуметтік қорғалуын айқындайды.

1-бап. Осы Заңда  пайдаланылатын негізгі ұғымдар 

Осы Заңда мынадай негізгі  ұғымдар пайдаланылады:

1) ауыстыру – құқық  қорғау органы жүйесінде лауазымдарға  орналасу;

2) ауысу – құқық қорғау  органдарындағы қызметті тоқтатпастан  құқық қорғау органында атқарып  жүрген қызметінен босата отырып, сол мезгілде басқа құқық қорғау  органындағы лауазымға тағайындау;

3) баянат – қызметкер  қызмет әрекеті процесінде тікелей  немесе уәкілетті басшыларға  өтініш жасаған кезде ерекше  нысандағы жазбаша баяндау;

4) біліктілік талаптары  – құқық қорғау органындағы  лауазымға орналасуға үміткер  азаматтарға олардың кәсіптік  даярлық деңгейін, құзыреттілігін  және нақты лауазымға сәйкестігін  айқындау мақсатында қойылатын  талаптар;

5) кадр резерві – кейіннен  оларды ұсыну үшін қалыптастырылған, деректері жүйеленген тізімге  енгізілген қызметкерлер;

6) құқық қорғау қызметі  – құқық қорғау органдары лауазымдарындағы  мемлекеттік қызметтің ерекше  түрі;

7)құқық қорғау органы  – адам мен азаматтың құқықтары  мен бостандықтарының, жеке және  заңды тұлғалардың, мемлекеттің  заңды мүдделерінің сақталуы мен қорғалуын қамтамасыз ететін, өз құзыретіне сәйкес қылмыстылыққа және өзге де  құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттің саясатын іске асыратын,  заңдылықты қамтамасыз ету мен қоғамдық тәртіпті қолдау, құқық бұзушылықтарды анықтау, алдын алу, жолын кесу, тергеу, қылмыстық істер бойынша сот шешімдерін атқару жөнінде арнаулы өкілеттіктер берілген мемлекеттік орган;

8) құқық қорғау органының  қарамағында болу – штаттық  лауазымға орналасумен байланысты  емес құқық қорғау қызметін  өткеру;

9) құқық қорғау органының  қызметкері (бұдан әрі – қызметкер)  – құқық қорғау органдары қызметкерлерінің  арасынан арнаулы атақ немесе  сыныптық шен берілген Қазақстан  Республикасының азаматы;

10) құқық қорғау органының  тәртіптік комиссиясы – тәртіптіктеріс  қылыққа қатысты фактілерді қызметтік  тергеу және зерттеу материалдарын  қарау үшін оның жасалуының  мән-жайын жан-жақты, толық және  объективті анықтау және тәртіптік  жауапкершілікке тартылатын қызметкерді  лауазымға тағайындау және лауазымнан  босату құқығы бар адамды тәртіптік  жазалау шарасы туралы ұсыным  шығару мақсатында құқық қорғау  органында құрылатын тұрақты  алқалы орган;

11) қызметтік тергеу –  қызметкердің тәртіптік теріс  қылықты жасау мән-жайын толық,  жан-жақты және объективті анықтау  мақсатында, ол туралы материалдар  мен мәліметтерді жинау және  тексеру жөніндегі қызмет;

12) ротация – құқық  қорғау органында уәкілетті басшыларды  және олардың орынбасарларын  тең лауазымдарға ауыстыру;

13) тәртіптік жаза –  қызметкерге қолданылатын тәртіптік  жауапкершілік шарасы;

14) тәртіптік жауапкершілік  – тәртіптік теріс қылықтар, сондай-ақ  әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны  үшін Қазақстан Республикасының  заңдарында көзделген жағдайларда,  қызметкерлер көтеретін заңдық  жауапкершілік түрі;

15) тәртіптік теріс қылық  – қызметкердің  өзіне жүктелген міндеттерді құқыққа қайшы,  кінәлі атқармау немесе тиісінше атқармауы, лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалануы, қызметтік және еңбек тәртібін бұзуы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызмет әдебі қағидаларын) не ар-намыс кодекстерін (құқық қорғау органдарындағы қолданыстағы қызмет әдебі қағидаларын) бұзуы, тәртіптік ретпен жазаланатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауы, сол сияқты осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген, құқық қорғау қызметінде болуға байланысты шектеулерді сақтамауы;

16) уәкілетті басшы –  құқық қорғау органының аумақтық  немесе оған теңестірілген мамандандырылған  бөлімшесінің басшысы, құқық қорғау  органы мекемесінің, ведомствосының  басшысы;

17) ұйымдастыру-штаттық іс-шаралар  – құқық қорғау органының құрылымдарын  қалыптастыру жөніндегі шаралар  кешені;

18) ұсыну – құқық қорғау  органы жүйесінде жоғары тұрған  лауазымдарға орналастыру;  

19) іссапарға жіберу –  қызмет мерзімін үзбестен, қызметкерді  Қазақстан Республикасының басқа  да құқық қорғау органдарында, Қазақстан Республикасының Қарулы  Күштерінде, Қазақстан Республикасының  басқа да әскерлері мен әскери  құралымдарында, сондай-ақ құқық  қорғау органы жүйесінде одан  әрі қызмет өткеру үшін ауыстыру;

20) іссапармен бару –  құқық қорғау органы кадрында  қала отырып, басқа мемлекеттік  органдардағы және халықаралық  ұйымдардағы лауазымдарға орналасу.

2-бап. Құқық  қорғау органдарындағы қызметтің  құқықтық негізі 

1. Құқық қорғау органдарындағы  қызметтің құқықтық негізін  Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы Заңмен көзделген ерекшеліктерімен қоса Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі,  Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары қызметін реттейтін заңдары және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері құрайды.

2. Егер Қазақстан Республикасы  ратификациялаған халықаралық шартта  осы Заңда көзделгеннен өзге  қағидалар көзделген болса, онда  халықаралық шарттың қағидалары  қолданылады. 

3-бап. Құқық  қорғау органдары 

Құқық қорғау органдарына  өз қызметін Қазақстан Республикасының  заңнамалық актілеріне сәйкес жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының  прокуратура, ішкі істер, қаржы полициясы  органдары, қылмыстық-атқару жүйесі, мемлекеттік  өртке қарсы қызмет, кеден органдары  жатады.

4-бап. Құқық  қорғау қызметінің принциптері  

1. Құқық қорғау органдарындағы  қызмет Қазақстан Республикасындағы  мемлекеттік қызметтің принциптеріне  және құқық қорғау қызметінің  арнаулы принциптерінесәйкес жүзеге  асырылады.

2. Құқық қорғау қызметінің  арнайы принциптері мыналар болып  табылады:

1) адамның және азаматтың  құқықтары мен бостандықтарын, қоғам  мен мемлекеттің мүдделерін қылмыстық  және өзге де құқыққа қарсы  қол сұғушылықтан қорғау міндеттілігі;

2) азаматтық қоғам институттарымен  ынтымақтастық;

3) құқық қорғау органдарында  құқық қорғау қызметін ұйымдастыруға  көзқарастың біртұтастығы;

4) дара басшылық пен  субординация (бағыныстылық);

5) саяси партиялардың  және өзге де қоғамдық бірлестіктердің  қызметінен тәуелсіз болу.

5-бап. Осы Заңның  қолданылу аясы 

Осы Заңның күші, Қазақстан  Республикасының әскери қызмет туралы заңнамасына сәйкес құқық қорғау органдарының әскери қызмет өткеретін  әскери қызметшілерін қоспағанда, барлық қызметкерлерге қолданылады.

Осы Заңның күші Қазақстан  Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына қайшы келмейтін  бөлігінде мемлекеттік саяси  қызметшілерге қолданылады.

2-тарау. Құқық қорғау  қызметіне тұру

6-бап. Құқық қорғау қызметіне тұру шарты

1. Құқық  қорғау органдарына қызметке  жасы он сегiзге толған, өзiнiң  жеке, моральдық, iскерлiк, кәсiби  қасиеттерi, денсаулығы мен дене  бiтiмiнің даму жағдайы, бiлiм  деңгейi жөнiнен өзiне жүктелген  лауазымдық мiндеттердi атқаруға  қабiлеттi Қазақстан Республикасының  азаматтары ерікті негізде қабылданады.

2. Құқық  қорғау қызметіне:

1) заңмен  белгіленген тәртіппен іс-әрекетке  қабілетсіз немесе іс-әрекетке  қабілеті шектеулі деп танылған;

2) әскери-дәрігерлік  комиссияның қорытындысына сәйкес  лауазымдық өкілеттіктерді орындауға  кедергі келтіретін сырқаты бар;

3) өзінің  мәртебесі мен соған негізделген  беделін жеке, топтық және өзге  де қызметтік емес мүдделерде  пайдалануға әкеп соғуы мүмкін  іс-әрекеттерді болғызбау мақсатында  заңда белгіленген шектеулерді  өзіне қабылдаудан бас тартқан;

4) құқық  қорғау қызметіне тұрар алдында  үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық  құқық бұзушылық жасағаны үшін  тәртіптік жауапкершілікке тартылған;

5) құқық  қорғау қызметіне тұрар алдында  бір жыл ішінде қасақана құқық  бұзушылығы үшін сот тәртібімен  әкімшілік жаза қолданылған;

6) құқық  қорғау қызметіне тұрғанға дейін  үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық  құқық бұзушылық жасағаны үшін  сот тәртібімен әкімшілік жаза  қолданылған;

7) сыбайлас  жемқорлық қылмыс жасаған;

8) сыбайлас  жемқорлық құқық бұзушылықтар  жасағаны үшін жұмыстан шығарылған;

9) бұрын  сотталған немесе қылмыстық жауаптылықтан  ақталмайтын негіздер бойынша  босатылған, сондай-ақ мемлекеттік  қызметтен, өзге де құқық қорғау  органдарынан, соттардан және әділет  органдарынан теріс себептермен  шығарылған адам қабылданбайды.

3. Осы  баптың 2-тармағында көрсетілген  мәліметтерді ұсынбау немесе  бұрмалау құқық қорғау қызметіне  қабылдаудан бас тартуға негізболып  табылады.

4. Құқық  қорғау органдарына қызметке  тұру азаматтар мiндеттi арнайы  тексеруден өткен жағдайда жүзеге  асырылады.

5. Құқық  қорғау органдарына қызметке  қабылданатын азаматтар қызметке  жарамдылығын анықтау үшiн әскери-дәрiгерлiк  комиссияларда медициналық куәландырудан  міндетті түрде өтедi.

6. Азамат  және оның зайыбы (жұбайы) құқық  қорғау қызметіне тұрған кезде  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  күрес туралы» Қазақстан Республикасының  Заңына сәйкес тұрғылықты жері  бойынша салық органдарына табыстары  және мүлкі туралы декларацияны  табыс етуге мiндеттi.

7-бап. Құқық қорғау қызметіне үміткерлерді іріктеу 

1. Құқық  қорғау органдарына қызметке (оқуға)  қабылданатын үміткерлерді іріктеуді,  оларды алдын ала зерделеуді  құқық қорғау органдарының кадр  бөлімшелері жүзеге асырады.

2. Құқық  қорғау органдарына қызметке  тұру үміткерлерді міндетті түрде  тағылымдамадан өткізе отырып, конкурстық  негізде жүзеге асырылады.

Конкурстық  негізде орналасатын лауазымдар тізбесін, конкурсты және тағылымдаманы  өткізу шарттары мен тәртібін Қазақстан  Республикасының Үкіметі айқындайды.

Құқық қорғау органдарының орталық аппараттарында, ведомстволарында конкурс өткізу кезінде  Қазақстан Республикасының барлық аумағына таралатын мерзімді баспа  басылымдарында хабарландыру жарияланады. Аумақтық бөлімшелерде конкурс өткізу туралы хабарландыру тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында таралатын  мерзімді басылымдарда жарияланады.

Конкурстық  ірктеуден өтпеген азаматтарды  лауазымға қабылдаған лауазымды  адамдар Қазақстан Республикасының  заңында белгіленген тәртіппен  тәртіптік жауапкершілікке тартылады.

3. Құқық  қорғау органдарының білім беру  ұйымдарында оқуын аяқтаған адамдардың, теріс себептермен жұмыстан шығарылған  не өз өкілеттігін теріс себептермен  тоқтатқан адамдарды қоспағанда, өз өкілеттігін тоқтатқан және  қойылатын тиісті бiлiктiлiк талаптарына  сәйкес келетiн бұрын құқық  қорғау органдарының қызметкерлері  және әскери қызметшілер болған  адамдардың, Парламент депутаттарының, мемлекеттiк саяси қызметшiлердiң,  судьялардың құқық қорғау қызметіне  конкурстық iрiктеусiз тұруға құқығы  бар. Олардың лауазымдарға орналасу  тәртібі мен шарттары құқық  қорғау органдарының нормативтік  құқықтық актілерінде айқындалады.

4. Қызметкердің  құқық қорғау қызметін өткеру  кезеңінде бос лауазымға орналасуы,  ол тиісті бос лауазымға қойылатын  біліктілік талаптарына сәйкес  келген және келісімін берген  жағдайда, ауысу тәртібімен конкурстан  тыс негізде жүзеге асырылады.

8-бап. Құқық қорғау қызметіне қабылдау 

1. Құқық  қорғау органдарына қызметке  қабылдау лауазымға тағайындау  жолымен, оның iшiнде құқық қорғау  органдарының білім беру ұйымдарының  күндізгі оқу нысаны бойынша  оқуға түскен адамдармен келісімшарт  жасасу жолымен жүзеге асырылады.

2. Құқық  қорғау органдарына қызметке  қабылдау құқық қорғау органы  басшыларының немесе уәкілетті  басшыларының бұйрықтарымен ресiмделедi. Бұйрық қатардағы және басшы  құрамдағы адамдарға қол қойдырып  жарияланады.

3. Қатардағы  және басшы құрамдағы адамдар  өздерінің мәртебесi және соған  негiзделген беделi жеке, топтық  және өзге де қызметтiк емес  мүдделерде пайдалануға әкеп  соқтыруы мүмкін iс-әрекеттерді болғызбау   мақсатында өздерiне осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгiленген шектеулерді қабылдайды. Осы шектеу жазбаша нысанда ресімделедi. Шектеудi қабылдамау қызметке қабылдаудан бас тартуға, жұмыстан шығаруға әкеп соқтырады.

Информация о работе Лекция по "Криминологии"