Лекция по "Криминологии"

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 16:38, лекция

Описание работы

Работа содержит лекцию по дисциплине "Криминология"

Работа содержит 1 файл

құқық қорғау органдары заңы.docx

— 94.41 Кб (Скачать)

2. Уәкілетті  басшыларды және олардың орынбасарларын  ротациялау құқық қорғау органы  басшысының немесе уәкілетті  басшысының шешімі бойынша, бірақ  кемінде үш жылда бір рет  жүзеге асырылады. Қабылданған  шешім бұйрықпен ресімделеді.  Уәкілетті басшыларды және олардың  орынбасарларын қызметке басқа  мекенге ротациялауға лауазымда  болу мерзіміне қарамастан қызмет  мүддесі үшін қызметкердің жазбаша  келісімімен және қызметкердің  келісімінсіз жол беріледі.

3.Мүгедек  балалары, оның ішінде асырап  алған балалары (қорғаншы болып  табылатындар)  немесе асырауында қарт ата-анасы бар лауазымды адамдар  ротациялауға жатпайды. Көрсетілген мән-жайлар құжат түрінде расталуға тиіс.

32-бап. Құқық қорғау қызметінің жоғары тұрған, тең дәрежелі немесе төмен тұрған лауазымдары 

1. Құқық  қорғау қызметінің лауазымы, егер  оған құқық қорғау қызметіндегі  бұрынғы лауазымының арнаулы  атағы немесе сыныптық шеніне  қарағанда неғұрлым жоғары шекті  арнаулы атақ немесе сыныптық шен көзделген болса, ал арнаулы атақтары немесе сыныптық шендері бірдей болғанда - құқық қорғау қызметінің лауазымы бойынша неғұрлым жоғары  айлықақы көзделген жағдайда, ол жоғары тұрған лауазым болып есептеледі.

2. Құқық  қорғау қызметінің лауазымы, егер  оған  арнаулы атағы немесе сыныптық шені және лауазымы бойынша айлықақы құқық қорғау қызметіндегі бұрынғы лауазымының арнаулы атағы мен сыныптық шеніне және айлықақысына тең көзделген болса, тең дәрежелі лауазым болып есептеледі.

3. Құқық  қорғау қызметінің лауазымы, егер  оған құқық қорғау қызметіндегі  бұрынғы лауазымының арнаулы  атағына немесе сыныптық шеніне  қарағанда неғұрлым төмен шекті  арнаулы атақ немесе сыныптық  шен көзделген болса, ал арнаулы  атақтары немесе сыныптық шені  бірдей болғанда, құқық қорғау  қызметінің лауазымы бойынша  неғұрлым төмен айлықақы көзделген  жағдайда, ол  төмен тұрған лауазым болып есептеледі.

33-бап.Қызмет бабында жоғарылату 

1. Қызметкерлерді  қызмет бабында жоғарылату, кадр  резервінде тұрған қызметкерлер  арасынан олардың кәсіптік,  iскерлiк және жеке қасиеттерi, денсаулық жағдайы ескерiле отырып жүргiзiледi.

2. Кадр  резервіне қойылған басшы құрамдағы  адамдардың кәсiби даярлығын жетiлдiру  жөнiндегi жұмыс құқық қорғау органының  басшысы айқындайтын тәртiппен  жүзеге асырылады.

34-бап. Кадр резерві 

1. Құқық  қорғау органының кадр құрамын  қалыптастыру, лауазымдардың жасақталуын  қамтамасыз ету мақсатында құқық  қорғау органында   кадр резерві  жасалады.

2. Құқық  қорғау органының кадр резерві  кейіннен жоғары тұрған бос  лауазымдарға орналастыру үшін  жасалады.

3. Кадр  резерві аттестаттау нәтижесі  бойынша басшы лауазымдарға немесе  ауқымды жұмыстарға жоғарылатуға  ұсынылған қызметкерлерден, сондай-ақ  қызметтік міндеттерін атқару  кезінде не арнайы тапсырмаларды  орындау кезінде ұйымдастырушылық  қабілетін танытқан адамдардан  қалыптастырылады.

4. Бос  басшы лауазымға құқық қорғау  органының кадр резервінде тұрған  адам басшының немесе уәкілетті  басшының шешімі бойынша орналастырылады.  Кадр резервінде тұрған қызметкерлер  ұсынылған лауазымнан бас тартқан  кезде, бос лауазымға аттестаттау  нәтижесі бойынша немесе кадрларды  іріктеу арқылы басқа қызметкер  орналастырылады.

5. Кадр  резервін қалыптастыру және онымен  жұмыс жүргізуді ұйымдастыру  жауапкершілігі құқық қорғау  органының басшысына немесе уәкілетті  басшысына және кадр бөлімшесіне  жүктеледі.Құқық қорғау органдарында  кадр резервін кадрлардың сапалық  құрамы және тиісті лауазымдарға  орналастыру қажеттігі ескеріле  отырып қалыптастырылады.

6. Кадр  резервіне қоюды құқық қорғау  органының басшысы немесе уәкілетті  басшысы жүзеге асырады.

7. Қызметкерге  сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық  үшін тәртіптік жазалау шарасы  қолданылған жағдайларда, ол кадр  резервінен шығарылады. Қызметкер  өзін кадр резервінен шығару  туралы шешіммен келіспеген жағдайда, ол бұл шешімге жоғары тұрған  лауазымды адамдарға және (немесе) сотқа шағымдануға құқылы.

8. Қызметкердің  кадр резервінде тұру мерзімі  үш жылдан аспауға тиіс. Кадр  резервіне қойылып, бірақ кадр  резервінде болған кезеңде олар  үшін жоспарланған лауазымға  тағайындалмаған адамдар, кадр  резервіне жалпы негіздерде жаңадан  қойылуы мүмкін.

9. Құқық  қорғау органының кадр бөлімшелері  кадр резервіне қойылған қызметкерлердің  тізімін жүргізеді.

10. Кадр  резервін қалыптастыру тәртібін  құқық қорғау органының басшысы  айқындайды.

35-бап. Кадр резервін қалыптастыру міндеттері 

Кадр  резервін қалыптастыру және онымен жұмыс  істеу міндеттері:

1) қызметкерлерді  қызмет бабында жоғарылатуды  жоспарлау тетігін реттеу;

2) басшы  кадрларды даярлаудың тиімділігін  арттыру;

3) басшы  құрам лауазымдарына неғұрлым  білікті қызметкерлерді орналастыру;

4) басшы  кадрларды нығайту және тұрақтандыру, олардың сабақтастығын қамтамасыз  ету;

5) құқық  қорғау органдарында кадр мәселелерін  шешуде демократиялық негіздерді  күшейту болып табылады.

36-бап. Құқық қорғау органдарының кадр құрамын  қалыптастырудың басым бағыттары 

1.Құқық  қорғау органында кадр құрамын  қалыптастыру: 

1)  қызметкерлердің кәсіптік білім-білігі мен дағдыларын жетілдіру;

2) құқық  қорғау қызметі лауазымына қызметкерлерді  олардың кәсіби даярлығының деңгейін, кәсіби қызметте сіңірген еңбегін  және іскерлік қасиеттерін ескере  отырып тағайындау;

3) құқық  қорғау қызметін өткерудің және  арнаулы атақтар немесе  сыныптық шендер берудің кезектілігі негізінде қамтамасыз етіледі.

2. Құқық  қорғау қызметінің кадр құрамын  қалыптастырудың басым бағыттары:

1) құқық  қорғау қызметі лауазымдарының  барлық санаттары үшін кадрларды  жоспарлы негізде даярлау, біліктілігін  арттыру және қайта даярлау;

2) қызметкерлердің  кәсіби және лауазымдық өсуі  үшін жағдайлар жасау;

3) аттестаттау  өткізу арқылы қызметкерлердің  кәсіби қызметінің нәтижелерін  бағалау болып табылады.

3. Қызметкерлердің  кәсіптік білім-білігі мен дағдыларын  жетілдіру мақсатында қызметкерлердің  құқық қорғау органдарындағы  қызметін өткеру орны бойынша  кәсіби қызметтік және дене  шынықтыру дайындықтары ұйымдастырылады.  Кәсіби қызметтік және дене  шынықтыру дайындықтарын ұйымдастырудың  мазмұны мен тәртібі құқық  қорғау органдарының нормативтік  құқықтық актілерінде белгіленеді.

4. Кәсіптік  қайта даярлау, біліктілікті арттыру  қызметкерлердің қосымша кәсіптік  білімі болып табылады. Қосымша  кәсіптік білім алу қызметкерлердің  лауазымдық міндеттерін үзіліспен,  ішінара үзіліспен немесе үзіліссіз  атқару түрінде жүргізілуі мүмкін. Қызметкердің басқа тең жағдайларда қосымша кәсіптік білім алуы қызметкерді кадр резервіне қоюға немесе оның құқық қорғау қызметі лауазымын жалғастыруына басым негіз болып табылады.

5. Қызметкерлерді  кәсіптік қайта даярлау және  біліктілігін арттыру құқық қорғау  органдарының білім беру ұйымдары  мен ғылыми мекемелерінде,   құқық қорғау органының қызметкерлерді қайта даярлау және біліктіліктерін арттыру жөніндегі мамандандырылған мекемелерінде, сондай-ақ басқа да білім беру ұйымдары мен мекемелерінде жүзеге асырылады.

6. Қызметкер  Қазақстан Республикасы аумағынан  тыс жерлерде қосымша кәсіптік  білім ала алады.

37-бап. Кадр резервіне қою үшін үміткерлерді іріктеу 

1. Кадр  резервіне қою үшін үміткерлерді  іріктеу қызметкерлердің жеке  басының және іскерлік қасиеттерін,  олардың қызметінің нәтижелерін  зерделеу және бағалау, сондай-ақ  аттестаттау комиссиясының шешімі  негізінде жүргізіледі.

2. Кадр  резервіне қою үшін үміткерлерді  іріктеу кезінде: 

1) болжанған  лауазымға орналастыру көзделген  мамандықтар бойынша қызметкердің  білімінің сәйкестігі;

2) болжанған  қызмет түрі бойынша тиісті  кәсіптік даярлығының және жұмыс  тәжірибесінің болуы;

3) тиісті  басшылар санаттарының қызметін  регламенттейтін нормативтік құқықтық  актілерді білуі;

4) денсаулық  жағдайы;

5) кәсіптік  қайта даярлау мен біліктілігін  арттырудың қорытындысы ескеріледі.

3. Егер  ұсыну басқа мекенге қызмет  атқаруға ауыстыруды қарастырса, онда қызметкердің және оның  отбасы мүшелерінің ол жерде  денсаулық жағдайы бойынша тұра  алу мүмкіндігі ескеріледі.

4. Кадр  резервіне қоюға үміткерлерді  іріктеуді кадр бөлімшелері жүзеге  асырады және кадр резервіне  қойылғандардың тізімін құқық  қорғау органының басшысы немесе  уәкілетті басшысы бекітеді. Тиісті  лауазымға ұсыну үшін кадр  резервіне қойылған қызметкерлердің  саны екі адамнан кем болмауы  керек.

38-бап.Қызметкерді лауазымдық міндеттерін атқарудан уақытша шеттету 

1. Қызметкерді  лауазымдық міндеттерін атқарудан  мынадай  жағдайларда:

1) Қазақстан  Республикасының қылмыстық процессуалдық  заңнамасында белгiленген тәртiппен  – қылмыстық процесті жүргізуші  орган ақшалай қаражатты сақтамай, мұндай шараның қажеттігі болмағанға  дейін;

2) қызметтік  тергеу жүргізілген жағдайда  – құқық қорғау органының басшысы  немесе уәкілетті басшысы жауапкершілік  туралы мәселе шешілгенге дейін,  бірақ ақшалай қаражатты сақтай  отырып, бір айдан аспайтын мерзімге  уақытша шеттетуі мүмкін.

2.  Қызметкерді қызметтік міндеттерін атқарудан уақытша шеттету туралы құқық қорғау органы басшысының немесе уәкілетті басшысының бұйрығы шығарылады.

3. Іс  ақталмайтын негіздер бойынша  қысқартылған немесе айыптау  үкімі заңды күшіне енген жағдайда  қызметкер осы Заңда белгіленген  тәртіппен жұмыстан шығарылады.

4. Қылмыстық  іс ақталатын негіздер бойынша  қысқартылған, ақтау үкімі заңды  күшіне енген жағдайда қызметкердің  лауазымы, арнаулы немесе әскери  атағы, сыныптық шені қалпына  келтіріледі.

Адамның қызметін (лауазымын және атағын) қалпына  келтіру, егер ол адам ақтау үкімі  күшіне енген не қылмыстық істі ақталатын  негіздер бойынша қысқарту туралы қаулы  шығарылған сәттен бастап үш ай iшiнде  өтiнiш жасаса, ол сол күннен бастап бiр ай мерзiмнен кешiктiрiлмей жүргізіледі.

5. Қылмыс  жасағаны үшiн сотталуына байланысты  құқық қорғау органдарынан шығарылған, ал кейiннен ақталған және тиiсiнше  лауазымы мен арнаулы атағы  немесе сыныптық шені қалпына  келтірілген қызметкерлерге қызметте  амалсыздан болмаған уақыты үшiн  Қазақстан Республикасының заңнамасында  белгіленген тәртiппен ақшалай  үлесі өтеледi.

39-бап.Құқық қорғау қызметінің лауазымы бойынша міндеттерді уақытша атқару

1. Қызметтік  қажеттілікке байланысты қызметкерге  атқаратын (негізгі) лауазымынан  босатпай, жоғары тұрған лауазымның  міндеттерін атқару уақытша жүктелуі  мүмкін.

2. Негізгі  мiндеттерiнен босатыла отырып, басқа  лауазымдар бойынша мiндеттердi уақытша  атқару белгіленген тәртiппен  жүктелген штаттық лауазымдағы  қызметкерлерге ақы төлеу мынадай  тәртiппен жүргізiледi:

1)  штаттағы орынбасарларға, өздерiнiң тiкелей басшысының бос емес лауазымы бойынша қызметтік мiндеттерiне қарамастан, ақшалай үлес төлеу олардың негізгi атқаратын лауазымы бойынша жүргізiледi;

2) басшының  бос лауазымы бойынша мiндеттерiн,  оның iшiнде оның орынбасарларының  да уақытша атқаруы кезiнде,  ақы өзге де төлемдер ескеріле  отырып, лауазымды уақытша атқаруға  көзделген айлықақысына қарап,  бiрақ екi айдан аспайтын уақытқа  төленедi. Көрсетілген мерзім ішінде  оларды осы лауазымға тағайындау немесе бос лауазым бойынша мiндеттердi орындаудан босату туралы шешiм қабылдануы тиіс.

Бос емес лауазым бойынша мiндеттердi уақытша  атқарудың үзіліссiз мерзiмi төрт айдан аспауы керек.

Лауазым бойынша мiндеттердi уақытша атқарудың  үзіліссiз мерзiмi лауазымды атқаруға кiрiскен күннен бастап, бiрақ бұйрықта көрсетілген күннен ерте емес, ал күнi көрсетiлмесе, бұйрыққа қол қойылған күннен ерте емес, мiндеттерiн атқарудан  босатылған күн қоса есептеледi.

Лауазым бойынша мiндеттi атқарушы етiп тағайындау қызметкерлердi лауазымдарға тағайындау және оларды ауыстыру құқығы берiлген лауазымды адамдардың бұйрығымен ресiмделедi.

Информация о работе Лекция по "Криминологии"