Лекция по "Криминологии"

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 16:38, лекция

Описание работы

Работа содержит лекцию по дисциплине "Криминология"

Работа содержит 1 файл

құқық қорғау органдары заңы.docx

— 94.41 Кб (Скачать)

8. Тікелей  басшы қызметкерді оған берілген  қызметтік мінездемемен аттестаттау  комиссиясының отырысына дейін  екі апта мерзімнен кешіктірмей  қол қойғыза отырып,  таныстыруға міндетті.

9. Қызметкер  өзіне берілген қызметтік мінездемемен  келіспейтіні туралы мәлімдеуге  және кадр бөлімшесіне өзін  сипаттайтын қосымша ақпаратты  беруге құқылы.

10. Кадр  бөлімшесі жиналған аттестаттау  материалдарын аттестаттау комиссиясына  оның отырысына дейін бір апта  мерзімнен кешіктірмей жібереді.

49-бап. Аттестаттау комиссиясы 

1. Басшы  аттестаттау комиссиясының құрамын  және оның жұмыс кестесін кадр  бөлімшесінің ұсынымымен бекітеді.

2. Аттестаттау  комиссиясының құрамына кемінде  бес мүше кіруге тиіс.

Аттестаттау комиссиясының қатыспаған мүшелерін  алмастыруға жол берілмейді.

3. Кадр  бөлімшесінің өкілі аттестаттау  комиссиясының хатшысы болады, оны  комиссия басшысы айқындайды.

Аттестаттау комиссиясының хатшысы оның жұмысын  ұйымдастырушылық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асырады  және оның дауыс беруге қатысуға құқығы жоқ.

4. Құқық  қорғау органының, құқық қорғау  органы білім беру ұйымының  немесе құқық қорғау органы  мемлекеттік мекемесінің жұмыс  бағыттарына қарай бірнеше аттестаттау  комиссиясы құрылуы мүмкін.

5. Аттестаттау  комиссиясының басшысы мен оның  мүшелері аттестатталуға жатқызылған  қызметкерлермен бірдей немесе  неғұрлым жоғары лауазымда болуға  тиіс.

6. Аттестаттау  комиссиясының құрамына құрылымдық  бөлімшелердің басшылары, кадр  бөлімшелерінің өкілдері (не осы  бөлімшелер есеп беретін адамдар), сондай-ақ аттестаттаудан өтетін  қызметкерлерді қоспағанда, құқық  қорғау органының, құқық қорғау  органы білім беру ұйымының  немесе құқық қорғау органы  мемлекеттік мекемесінің өзге  де қызметкерлері енгізіледі.

7. Аттестаттау  комиссиясы отырысының, егер оған  құрамының кемінде үштен екісі  қатысса, заңдық күші бар деп  есептеледі.

8. Аттестаттау  комиссиясының шешімі ашық дауыс  беру арқылы қабылданады және  егер ол үшін отырысқа қатысқан  аттестаттау комиссиясы мүшелері  санының көпшілігі дауыс берсе,  қабылданды деп есептеледі. Дауыстар  тең болған жағдайда аттестаттау  комиссиясының төрағасы жақтап  дауыс берген шешім қабылданды  деп есептеледі.

50-бап. Аттестаттауды өткізу 

1. Прокуратура  органдарының тесттен өткен кезде  шекті мәннен жоғары баға алған  қызметкерлерін қоспағанда, алғашқы  аттестаттауда немесе қайта аттестаттауда  кәсіптік жарамдылығын анықтау  бойынша белгіленген нормативтерді  тапсырған қызметкерлер әңгімелесуге  жіберіледі.

2. Кәсіптік  жарамдылығын анықтау бойынша  белгіленген нормативтерді тапсырмаған  не тесттен өту кезінде шекті  мәннен төмен баға алған қызметкерлер  әңгімелесуге жіберілмейді және  аттестаттау комиссиясының шешімімен  осы Заңда айқындалған тәртіппен  қайта аттестатталуға тиіс.

3. Аттестаттау  комиссиясының отырысында аттестатталушы  қызметкермен әңгімелесу жүргізіледі.

4. Аттестаттау комиссиясының отырысында дәлелді себептермен болмаған қызметкерлер қызметке шыққаннан кейін әңгімелесуден өтеді.

5. Аттестаттау  комиссиясының отырысына қызметкер  дәлелсіз себептермен келмеген  жағдайда, аттестаттау комиссиясы  осы Заңда айқындалған тәртіппен  қызметкерді қайта аттестаттау  туралы шешім қабылдайды.

6. Аттестаттау  комиссиясы әңгімелесудің қорытындысы  бойынша мынадай:

1) атқаратын  лауазымына сәйкес және кадр  резервіне қоюға немесе жоғары  тұрған лауазымға ұсынылады;

2) атқаратын  лауазымына сәйкес;

3) қайта  аттестатталуға тиіс;

4) атқаратын  лауазымына сәйкес емес және  лауазымын төмендетуге ұсынылады  деген шешімдердің бірін қабылдайды.

7. Аттестаттау  комиссиясының шешімі үш жұмыс  күні ішінде оның отырысына  қатысқан аттестаттау комиссиясының  мүшелері мен хатшысы қол қойған  хаттамамен ресімделеді.

8. Кадр  бөлімшесі аттестаттау комиссиясының  шешімін қызметкердің аттестаттау  парағына енгізеді, қызметкер шешіммен  ол қабылданған күннен бастап  үш жұмыс күні ішінде қолын  қоя отырып, танысады.

9. Аттестаттаудан  өткен қызметкердің аттестаттау  парағы және оның қызметтік  мінездемесі жеке ісінде сақталады.  

51-бап. Қайта аттестаттау 

1. Қайта  аттестаттау алғашқы аттестаттау  өткен күннен бастап, үш айлық  мерзімде және алты айдан кешіктірілмей  өткізіледі.

2. Қайта  аттестаттау кезінде кәсіптік  жарамдылығын анықтау бойынша  белгіленген нормативтерді тапсырмаған  не тестілеуден өту кезінде  шекті мәннен төмен баға алған  қызметкерлер, сондай-ақ аттестаттау  комиссиясының отырысына дәлелсіз  себептермен келмеген жағдайда, аттестаттау комиссиясының шешімі бойынша осы Заңда айқындалған тәртіппен лауазымынан төмендетілуге немесе  жұмыстан шығарылуға ұсынылады.

3. Аттестаттау  комиссиясы қайта аттестаттау  өткізіп, мынадай:

1) атқаратын  лауазымына сәйкес;

2) атқаратын  лауазымына сәйкес емес және  лауазымын төмендетуге ұсынылады;

3) атқаратын  лауазымына сәйкес емес және  жұмыстан шығарылуға ұсынылады  деген шешімдердің бірін қабылдайды.

4. Аттестаттау  комиссиясының жұмыстан шығару  туралы ұсыныс жасай отырып, қызметкердің  атқаратын лауазымына сәйкес  еместігі туралы қабылдаған шешімі  аттестаттаудың теріс нәтижесі  болып табылады.

52-бап. Аттестаттау комиссиясының шешімі 

Аттестаттау комиссиясының шешімі қызметкерді  кадр резервіне қою, қызметкерді  жоғары тұрған лауазымға ұсыну, қызметкерді  лауазымынан төмендету немесе оны  жұмыстан шығару негіздерінің бірі бола алады.

53-бап. Аттестаттау комиссиясының шешіміне шағымдану 

Қызметкер аттестаттау комиссиясының шешіміне бір айлық мерзімде құқық қорғау органының басшысына немесе  уәкілетті басшысына  және (немесе) сот тәртібімен шағымдана алады.

7-тарау.Құқық қорғау  органдарындағы қызметтік тәртіп

54-бап. Құқық қорғау органдарындағы қызметтік тәртіп 

1. Қызметкердiң  Қазақстан Республикасының заңнамасында, құқық қорғау органдары басшыларының  және уәкілетті басшыларының  актілерінде белгіленген нормалар  мен қағидаларды міндетті түрде  сақтауы құқық қорғау қызметіндегі  қызметтік тәртiп болып табылады.

2. Құқық  қорғау органының басшысы және  уәкілетті басшысы өзінің бағыныстылары  арасындағы қызметтiк тәртiптiң  жай-күйiне жауап бередi. 

3. Қызметтік  тәртіпті қамтамасыз ету және  нығайту мақсатында құқық қорғау  органының басшысы немесе уәкілетті  басшысы қызметкерлерге және  құқық қорғау органдарының білім  беру ұйымдары курсанттарына  (тыңдаушыларына) осы Заңмен көзделген көтермелеу шараларын қолдана алады және оларға тәртіптік жазалар қолданылуы мүмкін.

55-бап.Қызметкерлерге  қолданылатын көтермелеулер 

1. Мiндеттерiн  үлгiлi атқарғаны және қызметінде  жоғары нәтижелерге қол жеткізгені  үшін қызметкерлерге және құқық  қорғау органдары білім беру  ұйымдарының курсанттарына (тыңдаушыларына) мынадай:

1) алғыс  жариялау;

2) біржолғы  ақшалай сыйақы беру;

3) бағалы  сыйлықпен марапаттау;

4) грамотамен  марапаттау;

5) Құрмет  грамотасымен марапаттау;

6)  ведомстволық наградамен және құқық қорғау органының үздігі төсбелгісімен марапаттау;

7) кезекті  арнаулы атақты немесе сыныптық  шенді мерзімінен бұрын беру;

8) Құрмет  кітабына немесе Құрмет тақтасына  енгізу;

9) құрметті  атақ беру;

10) құқық  қорғау органдарының нормативтік  құқықтық актілерімен көзделген  өзге де көтермелеу түрлері  көзделген.

Қызметкерге  осы баппен көзделген көтермелеу түрлерін қолдану тәртібі  құқық қорғау органдарының нормативтік құқықтық актілерінде  белгіленеді.

2. Көтермелеу  ретінде құқық қорғау органы  қызметкеріне бұрын салынған  тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алу қолданылуы мүмкін.

3. Көтермелеулер  бұйрықтармен ресімделеді.

4. Құқық  қорғау органдарының білім беру  ұйымдарында білім беру ұйымдары  орналасқан жерден кезектен тыс  босату түріндегі де көтермелеу  қолданылады.

5. Қызметкерлер  ерекше сiңiрген еңбегi үшiн  Қазақстан Республикасының заңнамасына  сәйкес мемлекеттiк наградалармен  марапатталуға ұсынылуы мүмкін.

56-бап.Қызметкерлерге қолданылатын тәртiптiк жазалар 

1. Құқық  қорғау органдарындағы тәртіптік  жазалар тәртіптік жауапкершілік  шарасы болып табылады.

2. Қызметтік  міндеттерін орындамағаны немесе  тиісінше орындамағаны үшін қызметкерлерге:

1) ескерту;

2) сөгіс;

3) қатаң  сөгіс;

4) қызметке  толық сәйкес еместігi туралы  ескерту;

5) атқаратын  лауазымынан босату;

6) арнаулы  атағын немесе сыныптық шенін  бiр саты төмендету;

7) құқық  қорғау органдарынан шығару;

8) құқық  қорғау органының басшылары немесе  уәкілетті басшылары берген немесе  марапаттаған құрметті атақтарынан,  төсбелгілерінен  айыра отырып, құқық қорғау органынан шығару тәртіптік жаза түрлері қолданылуы мүмкін.

3. Құқық  қорғау органдарының білім беру  ұйымдарында курсанттарға (тыңдаушыларға)  осы бапта көзделген тәртіптік  жазаларға қоса, мынадай: 

1) нарядқа  кезектен тыс тағайындау (бөлімшенің  қорғалуын қамтамасыз ету жөніндегі  нарядқа тағайындаудан басқа);

2)  құқық қорғау органының білім беру ұйымы орналасқан жерден кезекті босатудан айыру; 

3) құқық  қорғау органының білім беру  ұйымынан шығару тәртіптік жазалары  қолданылуы мүмкін. 

57-бап.  Тәртіптік жаза қолданудың негіздері мен шарттары 

1. Қызметкердің  тәртіптік теріс қылық жасауы  тәртіптік жаза қолданудың негізі  болып табылады.

2. Тәртіптік  жаза қолдану және оның түрін  анықтау кезінде  қызметкердің кінәсінің болуы, жасалған тәртіптік теріс қылықтың ауырлығы және мән-жайы, қызметкердің жеке басы және оның қызметке қатысы, теріс салдарлардың болуы және құқық қорғау органының беделіне нұқсан келтіруі ескеріледі.

Тәртіптік жауапкершілікке тарту тәртібі  мен шарттары құқық қорғау органдарының нормативтік құқықтық актілерінде  айқындалады.

3. Қызметкер  тәртіптік теріс қылық жасаған  кезде  одан жазбаша түсініктеме талап етіледі. Егер жазбаша түсініктемесінде қызметкер өзінің тәртіптік теріс қылықты жасау фактісімен келіссе, онда құқық қорғау органының басшысы немесе уәкілетті басшысы қызметтік тергеу жүргізбей жаза қолдануға құқылы.

Егер  қызметкер өзінің жазбаша түсініктемесінде өзінің тәртіптік теріс қылық  жасау фактісімен келіспесе,  онда құқық қорғау органы басшысының немесе уәкілетті басшысының бұйрығымен  қызметтік тергеу жүргізілуге тиіс.

4. Қызметке  толық сәйкес еместігі туралы  ескерту, атқаратын лауазымынан  босату және атқаратын қызметінен  шығару түріндегі жаза жүргізілген  қызметтік тексеру нәтижесі және  тәртіптік комиссияның тиісті  ұсынымдары бойынша қолданылады.

Аттестаттау комиссиясын қалыптастыру және оның жұмыс тәртібін құқық қорғау органының  басшысы айқындайды.

5. Бірнеше  қызметкер бірлесіп тәртіптік  теріс қылық жасаған кезде  жаза әр кінәліге жеке-жеке  қолданылады.

6. Қызметтік  тәртiптiң бұзылуының әрбiр жағдайы  үшiн бір тәртіптік жаза ғана қолданылуы мүмкiн.

7.  Жаза қолдану тәртіптік теріс қылық жасаған қызметкерді атқармағаны немесе тиісінше атқармағаны үшін тәртіптік жаза қолданылған міндетті атқарудан босатпайды.

8. Тәртiптiк  жаза қолдану туралы бұйрық  ол шығарылған күннен бастап  үш жұмыс күні ішінде тәртіптік  жазаға тартылған қызметкерге  қолын қойдырып, жария етіледі.

9. Тәртiптiк  жаза қолдану туралы бұйрықпен  танысудан бас тарту құқық  қорғау органының кадр бөлiмшесi жасайтын актiде ресiмделедi және  арнайы журналда тiркеледi.

Қызметкерді тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрықпен  жеке таныстыруға мүмкіндік болмаған жағдайда, құқық қорғау органының  кадр бөлімшесі тәртіптік жаза қолдану  туралы бұйрықтың көшірмесін қызметкерге  хабарламалы хатпен жіберуге міндетті.

Информация о работе Лекция по "Криминологии"