Лекция по "Криминологии"

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 16:38, лекция

Описание работы

Работа содержит лекцию по дисциплине "Криминология"

Работа содержит 1 файл

құқық қорғау органдары заңы.docx

— 94.41 Кб (Скачать)

7. Құқық  қорғау органдарының білім беру  ұйымдарының    магистратурасына және докторантурасына түсетiн қызметкерлерге қабылдау емтихандарына дайындалу және тапсыру үшiн ұзақтығы күнтізбелік отыз күнге дейін, ал жоғары білім беретін кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын өзге де білім беру ұйымдарына  түсетiн қызметкерлерге қабылдау емтихандарын тапсыру үшiн ұзақтығы күнтізбелік он бес күнге дейiн, ақшалай қаражаты сақталмайтын оқу демалысы берiледi.

8. Өзге  де білім беру ұйымдарында  сырттай (кешкі) оқу нысаны  бойынша оқитын қызметкерлерге  еңбекақы төлеу, оқу орнына  жол жүру, демалыс беру мәселелері  Қазақстан Республикасының еңбек  заңнамасымен реттеледі.

9. Мемлекеттік  қызметшілерді даярлау жөніндегі  мемлекеттік бағдарламалар аясында  білім беру ұйымдарына түскен  қызметкерлерге ақшалай үлесі  сақталмай, атқарып жүрген лауазымынан  босатыла және құқық қоғау  органдары кадрында қалдырыла  отырып, оқу демалысы беріледі.

Оқуы  аяқталған соң қызметкерге бұрын  атқарған лауазымынан төмен емес лауазым беріледі.

76-бап. Еңбек сіңірген жылдарына қарай және қызметті өткерудің  ерекше жағдайлары үшін қосымша ақылы  демалыс

1. Зейнетақыны  тағайындау кезінде есепке алынатын  еңбек сіңірген жылдарына қарай  қосымша ақылы демалыс (күнтiзбелiк  есеппен):

1) он  жылдан аса  еңбек сіңірген жылдары барларға – ұзақтығы күнтізбелік бес күнге;

2) он  бес жылдан аса еңбек сіңірген  жылдары барларға – ұзақтығы  күнтізбелік он күнге;

3) жиырма  жылдан аса еңбек сіңірген  жылдары барларға  ұзақтығы күнтізбелік он бес күнге берiледi.

2. Биiк  таулы жерлерде (биіктігі бір  мың бес жүз метр және одан  жоғары), тізбесін Қазақстан Республикасының  Үкіметі айқындайтын, климат жағдайы  ауыр және қолайсыз жерлерде  қызмет өткерiп жүрген қызметкерлерге, еңбек сіңірген жылдарына қарамастан, ұзақтығы күнтізбелік қырық бес  күн ақылы жыл сайынғы еңбек  демалысы берiледi.

3. Қазақстан  Республикасының заңнамасымен экологиялық  апат аймағы деп жарияланған  өңірлерде, туберкулезге қарсы  ұйымдарда және АИТВ/ЖИТС-тың  алдын алу саласындағы қызметті  жүзеге асыратын денсаулық сақтау  ұйымдарында қызмет өткеретін  қызметкерлер ұзақтығы мен беру  тәртiбi Қазақстан Республикасының  заңнамасына сәйкес айқындалатын  жыл сайынғы қосымша демалыс  алуға құқылы.

4. Қызметінің  ерекше жағдайлары үшін ұзақтығы  күнтізбелік он күнге дейін  қосымша ақылы демалыс беріледі, ол жыл сайынғы ақылы еңбек  демалысына қосылып есептеледі  және қызметкердің қалауы бойынша  онымен бір мезгілде немесе  бөлек берілуі мүмкін, бұл ретте  қосымша және кезекті демалыстардың  жалпы үзіліссіз ұзақтығы күнтізбелік  елу бес күннен аспауға тиіс.

5. Зиянды  жағдайларда міндеттерін атқарғаны  және қызметінің ерекше сипаты  үшін бір мезгілде қосымша  демалыс алуға құқылы қызметкерлерге  қосымша демалыс олардың таңдауы  бойынша тек бір негіз бойынша  беріледі.

77-бап. Жүктілігі және босануы бойынша демалыс, жаңа туылған баланы (балаларды) асырап алған қызметкерлерге арналған демалыс, бала үш жасқа толғанға дейін бағып-күтуге арналған  жалақысы сақталмайтын демалыс

1. Жүктілігі  және босануы бойынша демалыс,  жаңа туылған баланы (балаларды)  асырап алған қызметкерлерге  арналған демалыс, бала үш жасқа  толғанға дейін бағып-күтуге арналған  жалақысы сақталмайтын демалыс  қызметкерлерге ақылы жыл сайынғы  еңбек демалысынан тыс берiледi. 

2. Жүктілігі  және босануы бойынша демалыс,  жаңа туылған баланы (балаларды)  асырап алған қызметкерлерге  арналған демалыс, бала үш жасқа  толғанға дейін бағып-күтуге арналған  жалақысы сақталмайтын демалыс  ұзақтығы, беру және ақы төлеу  шарттары Қазақстан Республикасының  заңнамасында айқындалатын тәртiппен  белгiленедi. 

3. Бала  үш жасқа толғанға дейін бағып-күтуге  арналған жалақысы сақталмайтын  демалыста болған кезеңінде қызметкер  тиісті органның немесе мекеменің  қарамағына есепке алынады. Үш  жасқа толғанға дейінгі бала  күтімі бойынша жалақысы сақталмай  берілетін демалыс уақытында  қызметкердің жұмыс орны (лауазымы) сақталады.

78-бап. Демалыстан кері шақырып алу 

1. Қызмет  бабында аса қажет болған жағдайда, құқық қорғау органы  басшысының немесе уәкілетті басшысының жазбаша бұйрығы негiзiнде және қызметкердің жазбаша келісімімен ғана ақылы жыл сайынғы еңбек демалысы үзілуі мүмкін. Бұл ретте демалыстың пайдаланылмаған бөлiгi ағымдағы жылы немесе келесi жылы берiледi.

2. Егер  демалыстың пайдаланылмаған бөлiгi  күнтізбелік он және одан көп  күнді құраса, қызметкерлерге жол  жүруге демалыстан тыс уақыт  берiледi.

3. Қызметкердің  қалауы бойынша демалыстың пайдаланылмаған  бөлiгi келесi жылғы ақылы жыл  сайынғы еңбек демалысына қосылуы  мүмкiн.

10-тарау.Демалыстар

71-бап. Демалыс түрлері 

1. Қызметкерлер, құқық қорғау органдары білім  беру ұйымдарының курсанттары  (тыңдаушылары) үшiн демалыстардың  мынадай түрлері:

1)  ақылы жыл сайынғы еңбек демалысы;

2) қысқа  мерзімді демалыс;

3) оқу  демалысы (құқық қорғау органдары  білім беру ұйымдарының курсанттары  мен тыңдаушыларына, сырттай оқу  нысаны бойынша оқитын қызметкерлерге);

4) еңбек  сiңiрген жылдары және қызмет  өткерудің ерекше жағдайлары  үшін қосымша ақылы демалыс;

5) жүктілiгіне  және босануы бойынша демалыс,  жаңа туылған баланы (балаларды)  асырап алған қызметкерлерге  арналған демалыс, бала үш жасқа  толғанға дейін оны бағып-күтуге  арналған жалақысы сақталмайтын  демалыс белгіленеді.

2. Демалысты  беру, ұзарту не ауыстыру және  демалыстан кері шақырып алу  тиісінше бұйрықпен ресімделеді.

72-бап. Демалыстардың ұзақтығын есептеудің жалпы тәртібі

1. Демалыстардың  ұзақтығы күнтізбелік күндермен  есептеледi. Демалыстардың ұзақтығын  анықтау кезiнде Қазақстан Республикасының  заңнамасында жұмыс істемейтін  күндер болып белгiленген   мереке күндерi есепке алынбайды. Заңда белгіленген тәртіппен демалыс күндері жұмыс күндері деп жарияланған кезде, ол күндер ақылы жыл сайынғы еңбек  демалысына қосылады.

2. Демалыс  ұзақтығын анықтау кезiнде, қызметкерлердің  демалыс орнына баруы мен қайту  жолына кететiн уақыты есепке  алынбайды.

3. Демалыс  алуға құқығы бар қызметкерлер  оны бөлiп-бөлiп, алайда екі  бөліктен асырмай пайдалана алады.  Жол жүруге арналған уақыт  демалыстың бiр бөлігіне ғана  берiледi. 

4. Құқық  қорғау органдарынан шығарылатын  қызметкерлерге шығарылатын жылға  өздерiнiң қалауы бойынша олардың  сол жылғы нақты еңбек еткен уақыт мерзiмiне ақылы жыл сайынғы еңбек демалысы берiледi немесе шығарылатын жылы пайдаланбаған  ақылы жыл сайынғы еңбек демалысы үшiн сол жылы қызмет еткен уақытына тепе-тең, бiрақ күнтізбелік қырық  күннен аспайтын ақшалай өтемақы төленедi.

5. Құқық  қорғау органдары жүйесiнiң білім  беру ұйымдарына оқуға жiберiлетін  қызметкерлерге, ақылы жыл сайынғы  еңбек демалысы білім беру  ұйымдарына кеткенге дейiн берiледi.

6. Қызметкерлерге  демалыс өткiзу орнына бару  және қайту жолына берілген  уақытын қоса алғанда,  ақылы жыл сайынғы еңбек, қысқа мерзiмді, қосымша демалыстар кезiнде ақшалай үлес олардың атқарып жүрген лауазымы бойынша демалысқа шыққан күнi алатын мөлшерде төленедi.

73-бап. Ақылы жыл сайынғы еңбек демалысы

1. Ақылы  жыл сайынғы еңбек демалысы  қызметкерлерге сауықтыруға екі  лауазымдық айлықақы мөлшерінде  жәрдемақы төлене отырып, ұзақтығы  күнтізбелік отыз күнге берiледi.

2. Ақылы  жыл сайынғы еңбек демалысы  қызметкерге күнтiзбелiк жылдың iшiнде  демалыстар кестесiне сәйкес берiлуге  тиiс.

3. Ақылы  жыл сайынғы еңбек демалысы  кезiнде ауырып қалған қызметкердің  демалысы олардың емделуде болған  күннiң санына ұзартылады.

4. Қызметкерлердің  құқық қорғау органдарына қызметке  тұрған жылындағы ақылы жыл  сайынғы еңбек демалысының ұзақтығы, олардың қызметке кiрген күнiнен  бастап жылдың соңына дейiнгi қызмет  өткерген уақытына тепе-тең, қызмет  өткерген әрбiр толық айы демалысының  он екіден бір бөлiгi болып  есептеледi. Бұл ретте, ұзақтығы  күнтізбелік он күн және одан  көп демалыс алуға құқылы қызметкерлерге  жол жүруiне демалыстан тыс  уақыт берiледi. Ұзақтығы күнтізбелік  он күнге жетпейтiн ақылы жыл  сайынғы еңбек демалысы, аталған  адамдарға өздерiнiң қалауы бойынша  келесi жылы ақылы жыл сайынғы  еңбек демалысымен бiр мезгiлде  берiлуi мүмкiн.

74-бап. Қысқа мерзімді демалыс

1. Қызметкерлерге  қысқа мерзiмдi ақылы демалыс шұғыл  әлеуметтiк-тұрмыстық мәселелердi шешу  үшiн, сондай-ақ басқа да дәлелдi себептер бойынша, қызметкердiң  демалысты өткiзетiн жерге барып  қайтатын жолының уақыты есепке  алынбастан, күнтізбелік он күнге  дейiн берiледi.

2. Қысқа  мерзiмдi демалыс ақылы жыл сайынғы  еңбек демалысының   есебiне саналмайды.

75-бап. Оқу демалысы

1. Құқық  қорғау органдары ұйымдарының  күндізгі оқу нысаны бойынша  оқитын курсанттары мен тыңдаушыларына  мынадай демалыстар берiледi:

1) қысқы  каникулдық демалыс – ұзақтығы  күнтізбелік он төрт күн;

2) жазғы  каникулдық демалыс – ұзақтығы  күнтізбелік отыз күн;

3) білім  беру ұйымын бiтiруiне байланысты  ұзақтығы күнтізбелік отыз күн.

2. Құқық  қорғау органдары білім беру  ұйымдарының оқуы бойынша берешегі  бар курсанттары мен тыңдаушыларына  каникулдық демалыс берешекті  өтегеннен кейін, оқу бағдарламаларында  белгіленген демалыс өткізу мерзімдерінің  шегінде беріледі.

3. Осы  Заңда көзделген қосымша демалыстар  тыңдаушылар мен курсанттарға  берілмейді.

4. Құқық  қорғау органдарының білім беру  ұйымдарына күндізгі және сырттай  оқу нысаны бойынша түсетін  қызметкерлерге ақшалай қаражаты  сақтала отырып, қабылдау емтихандарына  дайындалу және тапсыру үшін -ұзақтығы  күнтізбелік отыз күндік оқу  демалысы, ал басқа білім беру  ұйымдарына  түсетін қызметкерлерге ақшалай қаражаты сақталмай, қабылдау емтихандарын тапсыру үшін ұзақтығы күнтізбелік он бес күнге дейін оқу демалысы беріледі.

5. Құқық  қорғау органдарының білім беру  ұйымдарында сырттай оқу нысаны  бойынша оқитын қызметкерлерге  емтихан тапсыру кезеңіне ұзақтығы  емтихандық сессияның ұзақтығына  тең, бірақ бір жылдың ішінде  күнтізбелік қырық бес күннен  аспайтын оқу демалысы беріледі, Қазақстан Республикасы шегінде  оқу орнына теміржол көлігімен  баруға және қайтуға арналған  шығыстары өтеледі.

Шет елдердің құқық қорғау (полиция) органдарының білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын тыңдаушыларға (курсанттарға) каникулдық демалыс  кезінде оқу орнына баруға және қайтуға  арналған шығыстары өтеледі.

6. Қазақстан  Республикасының және шет елдердің  құқық қорғау органдарының білім  беру ұйымдарында, кадрлардың  бiлiктiлiгiн арттыру және оларды  қайта даярлау курстарында оқитын қызметкерлерге оқуда болған әр күнi үшiн тәулiктiк ақы төленедi және қызметтiк iссапарлар үшiн белгiленген тәртiппен және нормалар бойынша тұрғынжай жалдау жөнiндегi шығыстары өтеледi.

7. Құқық  қорғау органдарының білім беру  ұйымдарының    магистратурасына және докторантурасына түсетiн қызметкерлерге қабылдау емтихандарына дайындалу және тапсыру үшiн ұзақтығы күнтізбелік отыз күнге дейін, ал жоғары білім беретін кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын өзге де білім беру ұйымдарына  түсетiн қызметкерлерге қабылдау емтихандарын тапсыру үшiн ұзақтығы күнтізбелік он бес күнге дейiн, ақшалай қаражаты сақталмайтын оқу демалысы берiледi.

8. Өзге  де білім беру ұйымдарында  сырттай (кешкі) оқу нысаны  бойынша оқитын қызметкерлерге  еңбекақы төлеу, оқу орнына  жол жүру, демалыс беру мәселелері  Қазақстан Республикасының еңбек  заңнамасымен реттеледі.

9. Мемлекеттік  қызметшілерді даярлау жөніндегі  мемлекеттік бағдарламалар аясында  білім беру ұйымдарына түскен  қызметкерлерге ақшалай үлесі  сақталмай, атқарып жүрген лауазымынан  босатыла және құқық қоғау  органдары кадрында қалдырыла  отырып, оқу демалысы беріледі.

Оқуы  аяқталған соң қызметкерге бұрын  атқарған лауазымынан төмен емес лауазым беріледі.

76-бап. Еңбек сіңірген жылдарына қарай және қызметті өткерудің  ерекше жағдайлары үшін қосымша ақылы  демалыс

1. Зейнетақыны  тағайындау кезінде есепке алынатын  еңбек сіңірген жылдарына қарай  қосымша ақылы демалыс (күнтiзбелiк  есеппен):

1) он  жылдан аса  еңбек сіңірген жылдары барларға – ұзақтығы күнтізбелік бес күнге;

Информация о работе Лекция по "Криминологии"