Лекция по "Криминологии"

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 16:38, лекция

Описание работы

Работа содержит лекцию по дисциплине "Криминология"

Работа содержит 1 файл

құқық қорғау органдары заңы.docx

— 94.41 Кб (Скачать)

2. Адам  өліміне немесе өзге де ауыр  зардаптарға әкеп соққан атыс  қаруы, арнаулы құралдар және  дене күші қолданылған әрбір  оқиға туралы прокурор дереу  хабардар етіледі.

9-тарау. Әлеуметтік  қорғау

63-бап. Қызметкерлерді әлеуметтік қорғау 

Қызметкерлер, олардың отбасы мүшелері мен мүлкі  Қазақстан Республикасының заңнамасына  сәйкес мемлекет қорғауында болады.  

64-бап. Қызметкерлерге еңбекақы төлеу, оларды зейнетақымен және өзгедей қамсыздандыру 

1. Қызметкерлерге  ақшалай үлес Қазақстан Республикасының  Президентi бекiтетiн мемлекеттiк  бюджет есебiнен ұсталатын  Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi негiзiнде белгiленедi және ол ақшалай қаражат пен қызметтi өткерудiң ерекше жағдайлары үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленетін үстемеақыларды қамтиды.

2. Қызметкерлердiң  ақшалай қаражаты лауазымдық  айлықақыдан және арнаулы атағы немесе сыныптық шені үшiн берілетін қосымша ақыдан тұрады.

Лауазымдық  айлықақыны және сауықтыруға берілетін  жәрдемақыларды есептеу үшін жұмыс  өтілі Қазақстан Республикасының  заңнамасында айқындалады.

3. Қызметкерлерді  зейнетақымен қамсыздандыру, мүгедектiгi  бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк  жәрдемақылар төлеу Қазақстан  Республикасының заңнамасына сәйкес  жүзеге асырылады.

4. Қызметкерлердiң  iссапар куәлiгiн көрсету арқылы  көлiктің барлық түрiнде жол  жүру құжаттарын және мейманханаларда  тұру үшiн орынды бiрiншi кезекте  алуға құқығы бар.

65-бап.  Еңбекке уақытша жарамсыздығы кезеңінде қызметті өткеру  ерекшеліктері  

1. Еңбекке  уақытша жарамсыздығы, қызметкердің  емделуде үздiксiз болу кезеңі, Қазақстан Республикасының заңнамасында  көзделген жекелеген аурулар  бойынша емделудiң бұдан да  ұзақ мерзiмi көзделген жағдайларды  қоспағанда, төрт айдан аспауға  тиiс.  Қызметкер емделуде үздiксiз болуының белгiленген мерзiмi өткен соң, өзiнiң одан әрi қызмет атқаруға жарамдылығы туралы мәселенi шешу үшiн әскери-дәрiгерлiк комиссияның медициналық куәландырудан өтуге тиiс.

2. Қызметтік  мiндеттерiн және қызметтiк борышын  орындау кезiнде жарақаттануына, контузия алуына немесе мертiгуiне  байланысты қызметкерлердің емделу  уақытына шек қойылмайды. Аталған  адамдар медициналық куәландыруға  емделiп болған соң немесе ауруының  нәтижесi анықталған жағдайда  жiберiледi.

3. Жиi және ұзақ ауыратын қызметкерлердің,  егер еңбекке жарамсыз болған  күндерiнiң саны он екі айда  сол бiр ауру бойынша үзiлiссiз  төрт айға дейiнгі немесе жыл  iшiнде әртүрлi аурулар бойынша  бес айға дейiнгi уақытты құрайтын  болса, қызметтi одан әрi өткеруге  жарамдылығын анықтау үшiн құқық  қорғау органының кадр бөлімшелері  емдеу-профилактика мекемелерінiң  ұсыныстары бойынша әскери-дәрiгерлiк  комиссияға медициналық куәландыруға  жiбередi.

4. Қызметкерлерге  олардың еңбекке уақытша жарамсыздығы  кезеңінде ақшалай үлес толық  көлемінде төленеді.

66-бап. Қызметкерлер қаза тапқан (қайтыс болған) немесе  мертiккен жағдайда берiлетiн кепiлдiктер 

1. Қызметкерлер  қызметтiк мiндеттерiн атқарып  жүрген кезеңiнде мертiккен жағдайда  оған бiржолғы өтемақы төленедi, ал қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда ол оны алуға құқығы  бар адамдарға беріледі.

2. Біржолғы  өтемақыны төлеу тәртiбiн Қазақстан  Республикасының Үкiметi белгілейді.

3. Қызметкер  қызметтiк міндеттерін атқару  кезiнде не орындалуы міндетті  қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде  алған жарақат салдарынан қызметтен  босатылғаннан кейiнгi бiр жыл  бойы ішінде қаза тапқан (қайтыс  болған) жағдайда, асырауындағы адамдар  мен мұрагерлерiне оның соңғы  атқарған лауазымы бойынша алпыс  айлық ақшалай қаражаты мөлшерiнде  бiржолғы өтемақы төленедi.

4. Қызметкерге  қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде  алған жарақаты, жаралануы (контузия  алуы), мертігуі, науқастануы салдарынан  болған мүгедектiк белгiленгенде, оған:

1) I топтағы  мүгедекке – отыз айлық ақшалай  қаражат;

2) II топтағы  мүгедекке – он сегiз айлық  ақшалай қаражат;

3) III топтағы  мүгедекке – алты айлық ақшалай  қаражат мөлшерiнде бiржолғы өтемақы  төленедi.

5. Қызметкерлер  қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде  мүгедектiкке соқтырмайтын ауыр  мертіккен (жарақат алған, жараланған, контузия алған) жағдайда, оларға  бiр жарым айлық ақшалай қаражаты  мөлшерiнде, жеңiл зақым алған  жағдайда жарты айлық ақшалай  қаражаты мөлшерiнде бiржолғы  өтемақы төленедi.

6. Егер  қызметкердiң қазасы (қайтыс болуы), жарақаты, жаралануы (мертiгуi), науқастануы  қызметтiк мiндеттерiн атқаруға  қатысы жоқ мән-жайларға байланысты  болғаны белгiленген тәртiппен  дәлелденсе, біржолғы өтемақы төленбейдi.

7. Қызметтiк  мiндеттерiн атқару кезiнде қаза  тапқан қызметкердiң балаларына, олар кәмелеттiк жасқа толғанға  дейiн Қазақстан Республикасының  Үкіметі белгілеген тәртіппен  медициналық және санаториялық-курорттық  қызмет көрсету құқығы сақталады.

8. Қызметтік  міндеттерін орындау кезінде  қаза тапқан немесе мүгедектік  алған қызметкерлердің балалары  әскери мектеп-интернаттарға және  кадет корпустарына конкурстан  тыс қабылдану құқығын пайдаланады,  сондай-ақ оқуға түсушілер үшін  белгіленген талаптар бойынша  баллдың шекті деңгейін жинаса, құқық қорғау органының білім  беру ұйымдарына конкурстан тыс  қабылданады.

67-бап. Жерлеу шығындарын өтеу 

Қайтыс  болған немесе қаза тапқан қызметкерлерді жерлеу үшiн олардың үш айлық ақшалай  қаражаты мөлшерiнде, ал зейнеткерлерге үш айлық зейнетақы төлемі мөлшерінде бiржолғы ақшалай өтемақы төленедi.

68-бап. Құқық қорғау органдарының қызметкерлерi мен  зейнеткерлерiнiң тұрғын үйге құқықтары 

1. Қызметкерлер  мемлекеттік тұрғын үй қорынан  бiрiншi кезекте тұрғын үймен қамтамасыз  етiлу құқығын пайдаланады.

2. Күнтiзбелiк  он жылдан астам уақыт қызмет  атқарған қызметкерлер тұрақты  тұрып жатқан, қызметтiк тұрғын  үйге теңестірілген тұрғын үйлерін,  аталған қызметкерлердің қалауына қарай,  Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және шарттарда қалдық құны бойынша меншiгiне сатып ала алады.

3. Құқық  қорғау органдарының қызметкерлері  мен зейнеткерлері басқа тұрғын  үй-жай берілмей қызметтiк тұрғын  үйден шығаруға жатқызылмайды.

4. Қызметкер  қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде  қаза тапқан жағдайда, ол қаза  тапқан күннен бастап бiр жылдан  кешiктiрілмей, қаза тапқан адамның  отбасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген шарттармен және тәртiппен мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға құқылы.

69-бап. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен зейнеткерлерін әлеуметтiк қорғаудың өзге де шаралары 

1. Қызметкерлер  Қазақстан Республикасының заңнамасына  сәйкес  міндетті  әлеуметтік сақтандыруға жатады.

2. Құқық  қорғау органдарының қызметкерлерi мен зейнеткерлеріне,  Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген шектерде, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілері мен зейнеткерлері үшін Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген жеңiлдiктер мен артықшылықтар қолданылады.

3. Туберкулезге  қарсы және басқа мамандандырылған  жұқпалы аурулар мекемелерiнде  қызмет атқарып жүрген қызметкерлер  Қазақстан Республикасының заңнамасында  аталған қызметкерлер үшін белгiленетiн  жеңiлдiктердi пайдаланады.

4. Қызметкерлерге  Қазақстан Республикасының Үкіметі  айқындайтын тізбе бойынша, тұрғын  үйдi күтіп-ұстау мен коммуналдық  қызмет ақыларын төлеу үшiн  республикалық бюджет туралы  заңда айқындалған мөлшерде ақшалай  өтемақы төленедi.

70-бап. Құқық қорғау органдарының қызметкерлерi мен  зейнеткерлерiне медициналық және санаториялық-  курорттық қызмет көрсету 

Қызметкерлер  және олармен бiрге тұратын отбасы мүшелерi, сондай-ақ құқық қорғау органдарының зейнеткерлерi Қазақстан Республикасының  Үкiметi белгiлеген тәртiппен тиiстi мемлекеттiк  денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық  және санаториялық-курорттық қызметтi пайдаланады.

Қызметтік міндеттерін атқару кезінде мертіккен (жараланған, жарақаттанған, контузия алған) қызметкерлер бюджет қаражаты есебінен санаториялық-курорттық емделуге жіберіледі.

10-тарау.Демалыстар

71-бап. Демалыс түрлері 

1. Қызметкерлер, құқық қорғау органдары білім  беру ұйымдарының курсанттары  (тыңдаушылары) үшiн демалыстардың  мынадай түрлері:

1)  ақылы жыл сайынғы еңбек демалысы;

2) қысқа  мерзімді демалыс;

3) оқу  демалысы (құқық қорғау органдары  білім беру ұйымдарының курсанттары  мен тыңдаушыларына, сырттай оқу  нысаны бойынша оқитын қызметкерлерге);

4) еңбек  сiңiрген жылдары және қызмет  өткерудің ерекше жағдайлары  үшін қосымша ақылы демалыс;

5) жүктілiгіне  және босануы бойынша демалыс,  жаңа туылған баланы (балаларды)  асырап алған қызметкерлерге  арналған демалыс, бала үш жасқа  толғанға дейін оны бағып-күтуге  арналған жалақысы сақталмайтын  демалыс белгіленеді.

2. Демалысты  беру, ұзарту не ауыстыру және  демалыстан кері шақырып алу  тиісінше бұйрықпен ресімделеді.

72-бап. Демалыстардың ұзақтығын есептеудің жалпы тәртібі

1. Демалыстардың  ұзақтығы күнтізбелік күндермен  есептеледi. Демалыстардың ұзақтығын  анықтау кезiнде Қазақстан Республикасының  заңнамасында жұмыс істемейтін  күндер болып белгiленген   мереке күндерi есепке алынбайды. Заңда белгіленген тәртіппен демалыс күндері жұмыс күндері деп жарияланған кезде, ол күндер ақылы жыл сайынғы еңбек  демалысына қосылады.

2. Демалыс  ұзақтығын анықтау кезiнде, қызметкерлердің  демалыс орнына баруы мен қайту  жолына кететiн уақыты есепке  алынбайды.

3. Демалыс  алуға құқығы бар қызметкерлер  оны бөлiп-бөлiп, алайда екі  бөліктен асырмай пайдалана алады.  Жол жүруге арналған уақыт  демалыстың бiр бөлігіне ғана  берiледi. 

4. Құқық  қорғау органдарынан шығарылатын  қызметкерлерге шығарылатын жылға  өздерiнiң қалауы бойынша олардың  сол жылғы нақты еңбек еткен уақыт мерзiмiне ақылы жыл сайынғы еңбек демалысы берiледi немесе шығарылатын жылы пайдаланбаған  ақылы жыл сайынғы еңбек демалысы үшiн сол жылы қызмет еткен уақытына тепе-тең, бiрақ күнтізбелік қырық  күннен аспайтын ақшалай өтемақы төленедi.

5. Құқық  қорғау органдары жүйесiнiң білім  беру ұйымдарына оқуға жiберiлетін  қызметкерлерге, ақылы жыл сайынғы  еңбек демалысы білім беру  ұйымдарына кеткенге дейiн берiледi.

6. Қызметкерлерге  демалыс өткiзу орнына бару  және қайту жолына берілген  уақытын қоса алғанда,  ақылы жыл сайынғы еңбек, қысқа мерзiмді, қосымша демалыстар кезiнде ақшалай үлес олардың атқарып жүрген лауазымы бойынша демалысқа шыққан күнi алатын мөлшерде төленедi.

73-бап. Ақылы жыл сайынғы еңбек демалысы

1. Ақылы  жыл сайынғы еңбек демалысы  қызметкерлерге сауықтыруға екі  лауазымдық айлықақы мөлшерінде  жәрдемақы төлене отырып, ұзақтығы  күнтізбелік отыз күнге берiледi.

2. Ақылы  жыл сайынғы еңбек демалысы  қызметкерге күнтiзбелiк жылдың iшiнде  демалыстар кестесiне сәйкес берiлуге  тиiс.

3. Ақылы  жыл сайынғы еңбек демалысы  кезiнде ауырып қалған қызметкердің  демалысы олардың емделуде болған  күннiң санына ұзартылады.

4. Қызметкерлердің  құқық қорғау органдарына қызметке  тұрған жылындағы ақылы жыл  сайынғы еңбек демалысының ұзақтығы, олардың қызметке кiрген күнiнен  бастап жылдың соңына дейiнгi қызмет  өткерген уақытына тепе-тең, қызмет  өткерген әрбiр толық айы демалысының  он екіден бір бөлiгi болып  есептеледi. Бұл ретте, ұзақтығы  күнтізбелік он күн және одан  көп демалыс алуға құқылы қызметкерлерге  жол жүруiне демалыстан тыс  уақыт берiледi. Ұзақтығы күнтізбелік  он күнге жетпейтiн ақылы жыл  сайынғы еңбек демалысы, аталған  адамдарға өздерiнiң қалауы бойынша  келесi жылы ақылы жыл сайынғы  еңбек демалысымен бiр мезгiлде  берiлуi мүмкiн.

74-бап. Қысқа мерзімді демалыс

1. Қызметкерлерге  қысқа мерзiмдi ақылы демалыс шұғыл  әлеуметтiк-тұрмыстық мәселелердi шешу  үшiн, сондай-ақ басқа да дәлелдi себептер бойынша, қызметкердiң  демалысты өткiзетiн жерге барып  қайтатын жолының уақыты есепке  алынбастан, күнтізбелік он күнге  дейiн берiледi.

2. Қысқа  мерзiмдi демалыс ақылы жыл сайынғы  еңбек демалысының   есебiне саналмайды.

75-бап. Оқу демалысы

1. Құқық  қорғау органдары ұйымдарының  күндізгі оқу нысаны бойынша  оқитын курсанттары мен тыңдаушыларына  мынадай демалыстар берiледi:

1) қысқы  каникулдық демалыс – ұзақтығы  күнтізбелік он төрт күн;

2) жазғы  каникулдық демалыс – ұзақтығы  күнтізбелік отыз күн;

Информация о работе Лекция по "Криминологии"