Лекция по "Криминологии"

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 16:38, лекция

Описание работы

Работа содержит лекцию по дисциплине "Криминология"

Работа содержит 1 файл

құқық қорғау органдары заңы.docx

— 94.41 Кб (Скачать)

1) кiшi  және орта басшы құрам атағындағы  қызметкерлерге – құқық қорғау  органының уәкiлеттi басшысы;

2) аға  басшы құрам атағындағы қызметкерлерге  – құқық қорғау органының басшысы  қолданады.

2. Арнаулы  атақтағы немесе сыныптық шендегі еңбек сiңiру мерзiмi арнаулы атақты немесе сыныптық шенді бiр сатыға төмендету түрінде тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап үзіледі және арнаулы атақты немесе сыныптық шенді қалпына келтіру туралы бұйрық шығарылған күннен бастап қалпына келтіріледі.

Арнаулы атақтары немесе сыныптық шендері атқаратын  штаттық лауазымына қарамастан төмендетілген  қызметкерлердің бұрынғы арнаулы  атағы немесе сыныптық шені атқаратын  лауазымына қарамастан құқық қорғау органы басшысының немесе уәкілетті  басшысының бұйрықтарымен, бірақ арнаулы  атағы немесе сыныптық шені төмендетілген күннен бастап кемінде алты ай өткеннен кейін ғана  қалпына келтіріледі.

3. Қызметкерге  бұрынғы арнаулы атағы немесе  сыныптық шені қайта қалпына  келтiрілгенге және оған кезектi арнаулы атақ немесе сыныптық  шен берiлгенге дейiн арнаулы  атақтан немесе сыныптық шеннен  қайта төмендетілмейді.

28-бап. Арнаулы  атақтардан немесе сыныптық шендерден айыру 

1. Қызметкерлерге  қатысты арнаулы  атақтардан немесе сыныптық шендерден айыру туралы соттың заңды күшiне енген айыптау үкiмiн орындауды:

1) капитанға  дейін, 1-сыныпты заңгерді қоса  алғанда – құқық қорғау органының  уәкілетті басшысы жүзеге асырады;

2) полковникке  дейін, аға кеңесшіні қоса алғанда  – құқық қорғау органының басшысы  жүзеге асырады;

3) жоғары  басшы құрамы бойынша  Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

2. Арнаулы  атақтан немесе сыныптық шеннен  заңсыз айырған жағдайларда, соттың  шешіміне сәйкес бұрынғы атағын  қалпына келтiру туралы бұйрықты  құқық қорғау органының басшысы  немесе уәкілетті басшысы шығарады.

3. Арнаулы  атақтан немесе сыныптық шеннен  заңсыз айырылған кезең қалпына  келтiрiлген арнаулы атақта немесе  сыныптық шенде еңбек сiңiру  мерзiмiне кiредi. Арнаулы атағынан  немесе сыныптық шенінен заңсыз  айырылған адамдарға материалдық  залал толық көлемде өтеледi.

5-тарау. Құқық қорғау  органдарында лауазымға тағайындау, қызмет бабында; ауыстыру

29-бап. Құқық қорғау органдарының қатардағы   және  басшы  құрамдағы  лауазымдарына орналасудың жалпы  қағидалары

1. Қатардағы,  кiшi, орта, аға және жоғары басшы  құрамдағы адамдар орналасатын  лауазымдар және осы лауазымдарға  сәйкес келетiн арнаулы атақтарды  немесе  сыныптық шендерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқық қорғау органының басшысы айқындайды.

2. Орта, аға және жоғары басшы құрамдағы  лауазымдарға тағайындалатын адамдар,  оларға арнаулы атақ немесе  сыныптық шен берілгенге немесе  құқық қорғау органдарының кадрына қабылданғанға дейін атқаратын лауазымдары бойынша қызметтік міндеттерін атқарады.

3. Лауазымға  тағайындауды, қызмет бабында ауыстыруды, адамдар қойылған білiктiлiк талаптарына  сәйкес келген жағдайда, басшы  немесе уәкілетті басшы жүргiзедi.  Лауазымдар санаттарына қойылатын білiктiлiк талаптарын мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін лауазымдар санаттарына қойылатын үлгі біліктілік талаптары негізінде құқық қорғау органдарының басшылары бекітеді.

Бұл ретте  мынадай шарттар сақталады:

1) орта  және басшы құрамдағы адамдарды  лауазымға тағайындау және қызмет  бабында ауыстыру кезiнде оларды  негiзгi мамандығы бойынша не тәжiрибесiне  сәйкес пайдалану қамтамасыз  етiлуі мүмкін, ал оларды жаңа  мамандықтағы лауазымдарда пайдалану  қажет болған кезде, олар тиiстi курстарда (жиындарда) қайта даярлаудан  өтуге тиiс;

2) бос  лауазымның мiндетiн уақытша атқарудың  үздiксiз мерзiмi – екi айдан,  ал бос емес лауазым бойынша  төрт айдан аспауға тиiс;

3) қызметкерлер  атқаратын лауазымынан босатыла  және соңғы лауазымы бойынша  лауазымдық айлықақысы сақтала  отырып, күнтізбелік он бес күннен  аспайтын мерзімге құқық қорғау  органының қарамағына берілуі  мүмкін. 

Ерекше  мән-жайларда туындайтын айрықша жағдайларда  құқық қорғау органының басшысы  бұл мерзімді екi айға дейін ұзартуы  мүмкін. 

Қатардағы және басшы құрамдағы адамдардың осы Заңмен белгіленген демалыстарда болуы, денсаулық сақтау ұйымдарында  емделуi (әскери-дәрiгерлiк комиссияның  жолдамасы бойынша дәрiгерлiк  тексерілуі), бұрынғы қызмет атқарған жерiнен тиiстi  құқық қорғау органы тұрған жерге дейiн жол жүру   уақыты; білім беру ұйымдарының сырттай, кешкі оқыту бөлімдерінде оқу-емтихан сессияларында болу уақыты; қылмыстық iс ақтау негіздері бойынша қысқартылған немесе ақтау үкiмi шығарылған жағдайларда қамауға алынған күнiнен бастап және босатылған күнiн қоса алғанда, қылмыстық жауаптылыққа тартылуға байланысты қамауда болған уақыты құқық қорғау органының қарамағында болу мерзiмiне есептелмейдi.

Кезектi жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын  пайдаланбаған, атқаратын лауазымынан  босатылған және құқық қорғау органының  қарамағындағы қызметкерлерге,  оларды қызметте одан әрi пайдалану туралы мәселенi шешу кешiктiрілген жағдайларда, пайдаланылмаған еңбек демалысы беріледi. Оларға кезектi жыл сайынғы ақылы еңбек демалыс уақыты үшiн ақшалай үлес құқық қорғау органының қарамағында болу мерзiмiне қарамастан, оның қарамағына қабылданған күні негiзгi лауазымы бойынша алатын мөлшерде төленедi.

Құқық қорғау органының қарамағына қабылданған  қызметкерге осы Заңда көзделген  көтермелеу шаралары және тәртіптік  жазалау шаралары қолданылуы мүмкін.

Қызметкердің  құқық қорғау органының қарамағында  болу уақыты құқық қорғау қызметіндегі өтіліне, арнаулы атақты немесе сыныптық шенді беру үшін еңбек сіңірген жылдарына  есептеледі.

Құқық қорғау органының қарамағындағы  қызметкерге құқық қорғау органының  белгіленген күн тәртібі толық  көлемде қолданылады.

Құқық қорғау органының қарамағындағы  қызметкер ұсынылған лауазымға орналасудан жазбаша түрде бас тартқан  жағдайда, ол осы Заңға сәйкес жұмыстан шығарылуға жатады. 

Қатардағы және басшы құрамдағы адамдарды  қызмет бабымен ауыстыру оларды тиісті құқық қорғау органының қарамағына ауыстырмай жүзеге асырылады. Тиісті құқық  қорғау органының қарамағындағы  адамдарды лауазымға тағайындау мүмкіндігінше қысқа мерзімде, бірақ  лауазымнан босаған күннен кейін  екі айдан кешіктірілмей жүргізіледі. Құқық қорғау органының қарамағындағы  аталған қызметкерлердіқызметте пайдалану  тәртiбi құқық қорғау органдарының нормативтік  құқықтық актілерінде  айқындалады;

4) бос  лауазымға шұғыл орналастыру  қажет болған кезде уәкілетті  басшы қызметкерді  басшы құрам арасынан бiр айдан аспайтын мерзiмге уақытша тағайындауға құқылы;

5) орта, аға және жоғары басшы құрамдағы  адамдарды басқа лауазымдарға, сондай-ақ  басқа мекенге ауыстыру қажет  болған кезде, бұл туралы шешiмдi, осы адамдардың даярлығы мен  қызмет тәжiрибесi, сондай-ақ олардың  және олардың отбасы мүшелерiнің  денсаулық жағдайы бойынша қарсы  көрсеткiштердiң жоқтығы ескеріле  отырып, олардың келiсiмi бойынша  тиiстi уәкілетті басшылар қабылдайды;

6) денсаулық  жағдайы бойынша тұрғылықты жерiн  өзгертудi қажет ететiн басшы құрамдағы  адамдарды басқа мекенге қызмет  бабында ауыстыру әскери-дәрiгерлiк  комиссияның қорытындысының негiзiнде  тиiстi басшылардың рұқсатымен жүргiзiледi;

7) қатардағы  және басшы құрамдағы адамдарды  жедел қызмет атқармайтын лауазымнан  жедел атқарушы лауазымға ауыстыру  әскери-дәрiгерлiк сараптама нәтижелерi  ескерiле отырып жүргiзiледi.

30-бап. Қызмет бабында ауыстыру 

1. Қатардағы  және кiшi басшы құрамдағы адамдарды  қызмет бабында ауыстыру:

1) жоғары  тұрған лауазымдарға – қызмет  бабында жоғарылау тәртібімен;

2) тең  дәрежелi лауазымдарға – басқа  лауазымдарға орналастыру қажет  болған не оларды iскерлiк және  жеке қасиеттерiн ескере отырып, неғұрлым орынды пайдалану, жаңа  мамандыққа даярлау үшiн, сондай-ақ  отбасы жағдайына, денсаулық жағдайы  немесе жасына қарай осы адамдардың  келiсiмiмен;

3) құқық  қорғау органдарының білім беру  ұйымдарына оқуға түсуiне байланысты  – атқаратын штаттық лауазымынан  босатыла отырып, сондай-ақ білім  беру ұйымын бiтiргеннен кейін  лауазымға тағайындалған кезде;

4) төмен  тұрған лауазымдарға:

штаттар қысқарған кезде немесе құқық  қорғау органын қайта ұйымдастыру  кезiнде – осы адамдарды тең  дәрежелi лауазымдарға ауыстыру мүмкiн  болмаған жағдайда және олардың келiсiмiмен;

денсаулық жағдайы бойынша – әскери-дәрiгерлiк  комиссияның қорытындысы (қаулысы) негiзiнде және қызметкердің келісімімен;

аттестаттаудың  қорытындысы бойынша анықталғандай,  қызметiне сәйкес келмеген кезде;

тәртiптiк  жаза қолдану тәртібімен;

өз  қалауы бойынша жүргiзiледi.

2. Орта, аға және жоғары басшы құрамдағы  адамдарды қызмет бабында ауыстыру:

1) жоғары  тұрған лауазымдарға – қызмет  бабында жоғарылату тәртібімен;

2) тең  дәрежелi лауазымдарға – ұйымдық-штаттық  іс-шаралардың жүргiзiлуiне байланысты, жұмыс тәжiрибесiн ескере отырып, мамандығына қарай неғұрлым орынды  пайдалану үшiн, ротация тәртібімен, атқаратын лауазымының өкілеттіктері  мерзімінің аяқталуына байланысты, сондай-ақ олардың тiкелей және  уәкілетті басшыларының келiсiмiмен  өз қалауы бойынша;

3) құқық  қорғау органдарының білім беру  ұйымдарына оқуға түсуiне, мемлекеттік  қызметшілерді даярлаудың мемлекеттік  бағдарламасы аясында оқуына  байланысты – атқаратын штаттық  лауазымынан босатыла отырып, сондай-ақ  білім беру ұйымын бiтiргеннен  кейін лауазымға тағайындалған  кезде; 

4) төмен  тұрған лауазымдарға:

штатты  қысқарту немесе құқық қорғау органдарын қайта ұйымдастыру кезiнде –  осы адамдарды дәрежесi тең лауазымда  пайдалану мүмкiн болмаған жағдайда және олардың келiсiмiмен;

денсаулық жағдайы бойынша – әскери-дәрiгерлiк  комиссияның қорытындысы (қаулысы) негiзiнде;

өз  қалауы бойынша;

аттестаттаудың  қорытындысы бойынша анықталғандай, қызметiне сәйкес келмеген кезде;

тәртiптiк  жаза қолдану ретiнде;

5) мемлекеттік  органдарға және халықаралық  ұйымдарға іссапармен бару тәртібімен  жүргiзiледi.

3. Орта, аға және жоғары басшы құрамдағы  адамдар Қазақстан Республикасы  құқық қорғау органдарының білім  беру ұйымдарына басшылыққа және  арнаулы пәндер бойынша педагогтік  қызметке тағайындалған кезде,  олардың білім беру ұйымдарына  тағайындалғанға дейiнгi атқарған  негiзгi соңғы лауазымы бойынша  айлықақысы сақталады. Әрбiр нақты  жағдайда лауазымдық айлықақыны  сақтау туралы шешiмдi лауазымға  тағайындалғанға дейiн, білім  беру ұйымы басшылығының ұсынымы  және құқық қорғау органының  орталық аппаратының кадр бөлімшесінің  қорытындысы бойынша, құқық қорғау  органының басшысы қабылдайды.

Сақталған лауазымдық айлықақыны төлеу лауазымы төмендетiлген кезде тоқтатылады.

4. Төмен  тұрған лауазымдарға ауыстырылған  қатардағы және басшы құрамдағы  адамдар, осы Заңның талаптары  ескеріле отырып, кейiннен қызмет  бабында жоғарылай алады.

5. Қатардағы  және басшы құрамдағы адамдарды  қызмет бабында ауыстыру туралы  шешiм, ауыстыру негiздемесi көрсетiле  отырып, құқық қорғау органы басшысыныңнемесе  уәкілетті басшысының бұйрығымен ресiмделедi.

6. Қызмет  бабында ауыстырылған орта, аға  және жоғары басшы құрамдағы  адамдар, жыл сайынғы ақылы  еңбек демалысында немесе емделуде  жүрген жағдайларын қоспағанда, iстерді тапсырғаннан кейiн, бірақ  бұйрықты алған күннен бастап  бiр ай мерзiмнен кешiктiрiлмей  жаңа қызмет орнына iссапарға жiберiлуге тиiс.

7. Құқық  қорғау органының штаты қысқартылған  кезде қызметкер ұсынылған лауазымға  орналасудан бас тартқан жағдайда, ол осы Заңға сәйкес жұмыстан  шығарылуға тиіс.

31-бап. Ротация 

1.Құқық  қорғау органдарында қызмет өткеру  кезінде кәсіби әлеуетін неғұрлым  тиімді пайдалануды қамтамасыз  ету мақсатында құқық қорғау  органының аумақтық бөлімшелерінің, мекемелерінің басшылары мен олардың орынбасарларын ротациялау жүзеге асырылады.

Информация о работе Лекция по "Криминологии"