Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы туралы

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2013 в 09:53, реферат

Описание работы

Экономиканы әртараптандыру және жаңғырту негiзiнде елдiң тұрақты дамуын қамтамасыз ету, өнiмнiң бәсекелiк түрлерiн шығару мен экспортты ұлғайту үшiн жағдайлар жасау мақсатында қаулы етемін:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы (бұдан әрi-Стратегия)бекiтiлсiн.
2.Қазақстан Республикасының Үкіметі екі ай мерзiмде Стратегияны iске асыру жөнiндегi 2003-2005 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын әзiрлеп, бекiтсiн (Ікезең); жылына екi рет, 1 ақпанға және 1 тамызға дейiн жарты жылдық қорытындылары бойынша Мемлекет басшысына Стратегияның орындалу барысы туралы ақпарат беретiн болсын.

Работа содержит 1 файл

2003-2015 жжж.docx

— 150.18 Кб (Скачать)

7.1.2. Бiлiм берудi  дамыту және кадрлар даярлау 
      Сапалы адам капиталының болуы индустриялық-инновациялық стратегияны ойдағыдай iске асырудың ажырамас шарты болып табылады. 
      Бiлiм беру секторы барлық елдер экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ететiн басты "отты нүктелердiң" бiрi болып отыр. 
      Ғаламдану жағдайында экономикасы дамыған елдер неғұрлым перспективалы ғалымдар мен жоғарғы бiлiктi мамандарды шоғырландыруды өзiнiң басты басым саясаты етiп алды. 
      "Ақыл-ойдың сыртқа кетуi" бұрынғы коммунистiк елдердiң экономикасын дамытуды баяулататын басты фактордың бiрi болды. Бұл ахуалды тұрақтандырмай әрi елдегi бiлiм берудiң жалпы деңгейiн көтермей, Қазақстан әлемде лайықты орын ала алмайды. 
      Қазiргi жағдайда экономикалық өсу ғылыми-техникалық прогреспен, бiрiншi кезекте, еңбек ресурстарының кәсiби сапасымен теңестiрiледi. 
      Қазақстандағы бiлiм беру жүйесi ырғақты дамитын ғаламдану мен ақпараттанудың қарқынды әлемдiк процестерiне барабар әрекет етуге қабiлеттi болуы тиiс. Бiлiм берудi реформалау және еңбек ресурстарын дайындау саласындағы нақты мемлекеттiк саясат кәсiптiк техникалық бiлiм беру және инновациялық менеджмент бөлiгiнде де қажет. 
      Осы саладағы жұмысты жүйелеу дамыған елдердiң тәжiрибесiн жұмыс берушiлермен тығыз қарым-қатынас негiзiнде жүзеге асырылатын болады. Кейбiр елдерде, мысалы Германияда бизнестiң барлық субъектiлерi жұмыс күшiне сұранысқа сәйкес жұмысшы кадрларды даярлауды және қайта даярлауды қамтамасыз ететiн ұйымдардың мүшелерi болуға мiндеттi. Мұндай ұйымдардың әр мүшесi өзiнiң жарнасын төлеуi тиiс әрi өзiне қажет жұмысшы кадрлардың кәсiптерiне өтiнiм бере алады. 
      Шетелдiк тәжiрибе көрсеткендей, инновациялық қызмет аспирантура мен докторантурада толықтырылған барабар жоғары бiлiмдi талап етедi. 
      Бiлiм беру процесiн реформалау өтпелi және кәсiптiк кадрларды даярлаудың барлық деңгейi мен бағытын қамтуы тиiс. 
      Бiлiм беру мен кәсiби мамандарды даярлау саласындағы мемлекеттiк саясат мына мiндеттердi шешуi тиiс: 
      бiлiм берудi дамыту басымдықтарының бiрi ретiнде инновациялық қызмет үшiн кадрлар даярлауды айқындау; 
      мемлекеттiң және жеке сектордың қатысуымен жұмысшы және техникалық мамандықтардың мамандарын кәсiптiк даярлау, аттестаттау және қайта даярлау мәселелерiмен айналысатын институттарды құру; 
      бiлiм берудiң барлық түрлерiнiң материалдық-техникалық және әдiстемелiк базасын ұлғайту; 
      халықаралық стандарттарға сай келетiн бiлiм беру стандарттарын әзiрлеу мен енгiзу; 
      құрылатын жаңа өндiрiстер мен басқалары үшiн жоғарғы бiлiктi мамандарды Қазақстанда құрылатын жаңа өндiрiстерiндегi жұмыс үшiн даярлау және тарту саласындағы халықаралық ынтымақтастық; 
      жоғары технологиялы өндiрiстер саласында кадрларды даярлау үшiн жаңа жоғары оқу орындарын (халықаралық тәжiрибе негiзiнде) құру немесе жұмыс iстеп тұрған жоғары оқу орындарын мамандандырылған институттарға (университеттерге) қайта бейiмдеу; 
      республикада инновациялық қызметтi дамыту үшiн: инновациялық жобалардың менеджерлерi мен сарапшылары; халықаралық маркетинг пен патент құқығы, инновациялық жобалардың ықтимал тәуекелiн бағалау және оны азайту тәсiлдерi бойынша, венчурлiк қаржыландыруды ұйымдастыру және басқалары бойынша мамандарды қажеттi мамандықтар бойынша даярлау.      

7.1.3. Денсаулық  сақтауды дамыту 
      Халықтың денсаулық жағдайы кез келген елдiң әлеуметтiк-экономикалық, мәдени және индустриялық даму деңгейiн айқындайды. 
      Денсаулық сақтау саласы халықтың әл-ауқатының тұрлаулы да тұрақты өсу тұрғысынан елдегi негiзгi және басым сала болып табылады. 
      Стратегия аясында денсаулық сақтау саласының негiзгi мiндетi өзiндiк ғылыми және инновациялық әлеуеттi құру және дамыту болып айқындалады. 
      Осыған орай деңгейлерге жету жаңа және қол жеткен деңгейлердi бекемдеу үшiн отандық және әлемдiк тәжiрибенi ескере отырып, денсаулық сақтау жүйесiн серпiндi дамыту үшiн жағдай жасау қажет. 
      Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттiк саясат оның мемлекеттiк медициналық-әлеуметтiк және құқықтық қолдау кешендi шараларын әзiрлеу мен жүзеге асыру денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту сияқты дәстүрлi бағыттармен қатар, денсаулық сақтау халықтың медициналық көмекке қол жеткiзуiн арттыра түсетiн, ресурстарды сақтайтын, экономикалық тиiмдi әдiстерге баса назар аудара отырып, диагностика мен емдеудiң клиникалық хаттамасын қолдануды қоса алғанда, қазiргi заманғы медициналық технологияны енгiзуге бағдарланатын болады. 
      Денсаулық сақтау саласын дамытудың басқа бағыттары мыналар: 
      денсаулық сақтаудың қызметтерiнiң бәсекеге қабiлетiн арттыру, отандық ғалымдардың ғылыми зерттеулерiнiң негiзiнде дәрi-дәрмектер өндiрiсi дамуының басымдығын қамтамасыз ету; 
      жаңа дәрi-дәрмектер, оның iшiнде әлеуметтiк маңызы бар аурулардың алдын алу мен емдеудiң отандық әзiрлемелерiне қолдау көрсету; 
      денсаулық сақтауда қазiргi заманғы ақпараттық және инновациялық технологияларды дамыту; 
      денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту.      

7.2. Капитал      

7.2.1. Қаржы рыногын  дамыту      

Монетарлық саясат 
      Монетарлық саясаттың мақсаттары экономикалық өсудiң жоғары қарқынын сақтайтын инфляцияның төменгi деңгейiн қамтамасыз ету, отандық тауар өндiрушiлерге қолайлы бәсекелестiк жағдайды және елдiң төлем теңгерiмiнiң тұрақтылығын қамтамасыз ету, банктiк проценттiк ставкаларды төмендетуiн ынталандыру арқылы банктердiң экономиканың нақты секторына кредит беруiнiң одан әрi өсуi үшiн жағдай жасау болмақ. 
      Монетарлық саясаттың негiзгi мақсаты 2003-2004 жылдары орташа жылдық инфляцияны 4-6% шегiнде ұстап тұру және оны 2005 жылға қарай 3-5%-ке дейiн, ал одан кейiнгi жылдары 2-4%-ке дейiн азайту болады. 
      Монетарлық саясаттың негiзгi құралдары РЕПО операциялары сияқты ашық рынок операциялары, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi ноталарын шығару және вексельдермен қайта есептеме операциялары болады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банктi РЕПО ставкасы және вексельдер бойынша есептеу ставкасы сияқты өзiнiң ресми ставкаларының реттеушiлiк рөлiн күшейту шараларын қолдануды жалғастыра бередi әрi оларды нақты мәнiндегi әлсiз оң сипатын сақтайтын болады. Бұл ақша-кредит саясатын инфляция көрсеткiштерiн жоспарлауға көшуге дайындық үшiн база болып табылады. Инфляция көрсеткiштерiн жоспарлауға көшумен қатар жүргiзiлетiн ақша-кредит саясатына сенімді арттырып, алға қойылған мақсатқа қол жеткiзу жөнiндегi мiндеттемелердi қатаң сақтауды қамтамасыз ететiн тетiк жасалатын болады. 
      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi төлем жүйелерi саласында микропроцессорлық карточкалар негiзiнде төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесiн енгiзуге баса назар аударатын болады. 
      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi алдағы жылдары EуpAзЭҚ елдерiнiң орталық банктерiмен бiрлесiп ЕурАзЭҚ елдерiнiң ортақ төлем жүйесiн ұйымдастыру және қаржы рыноктары интеграциясының басқа бағыттары бойынша жұмысты жалғастыра бередi. 
      Монетарлық саясат қаржы рыногының тұрақтылығын сақтауға, сақтандыру рыногын, бағалы қағаздар рыногын одан әрi дамытуға және банк жүйесiн нығайтуға, банктердiң экономиканың нақты секторына кредит беруiнiң одан әрi өсуi үшiн жағдай жасауға, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы жүйесiн жетiлдiруге жәрдемдесетiн болады. 
      Валюта қатынастарын ырықтандыру 
      Қазақстан Республикасының қолданыстағы валюталық заңнамасымен белгiленген шектеулер мен кедергiлер нарықтық қатынастар дамып келе жатқан елдердiң көпшiлiгiне тән. 
      Мiндет валюталық операциялар жүргiзу, уақыттың және халықаралық практиканың талаптарына сәйкес валюталық операцияларды реттеудiң өзге әдiстерiн қолдану кезiнде жекелеген шектеулердi кезең-кезеңмен алып тастауға келiп саяды. 
      Бағамдық саясат өңдеушi өнеркәсiп пен экспортқа бағдарланған саланы қолдауға бағытталатын болады. 
      Валюта режимiн толық ырықтандыруға 2007 жылы қол жеткiзу көзделуде. Қазақстандық тауарлар мен қызмет көрсетудiң бәсекелестiгiн арттыру мақсатында АҚШ долларымен салыстырғанда теңгенiң айырбас бағамын реттеуде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi тарапынан валюталық реттеу деңгейi бiртiндеп төмендетiлетiн болады. Қазақстанның қаржы рыногында шетелдiк банктердiң қатысуын кеңейту көзделуде. 
      Қазақстан стратегиялық тұрғыдан алғанда тауарлар мен қызмет көрсетулер, капитал экспортына бағдар ұстанған шағын, ашық экономикалы ел ретiнде қалыптасуда. 
      Экономиканың ғаламдануы жағдайында дамыған iрi рыноктар тауарлар мен қызмет көрсетулерден гөрi, инвестиция iздестiруге неғұрлым баса назар аударады. Бұл олар үшiн ұзақ мерзiмдi кiрiстердiң жаңа көздерiн ашуға мүмкiндiк бередi. Егер қазақстандық қаржы ресурстары Қытай мен Ресей сияқты iрi рыноктардың дамуына қатысатын болса, онда бұл кәсiпкерлерге табыстардың тұрақты және сенiмдi көзiне ие болуға мүмкiндiк бередi. 
      Қаржы рыногының қатысушыларын институционалдық дамыту 
      2004 жылы қаржы рыногын қадағалау жөнiндегi дербес бiрыңғай реттеушi орган құру жоспарлануда, оның қызметi аясында барлық қаржы институттарына жедел бақылау жасау және инвесторлардың құқықтары мен мүдделерiн кешендi қорғау жүзеге асырылатын болады. 
      Банк секторын дамыту 
      Банк секторын дамытудың негiзгi бағыттарының бiрi банктерден, банк қызметiнiң жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардан және микрокредиттiк ұйымдардан тұратын кредиттеу жүйесiнiң үш деңгейiн құру болып табылады. 
      Бiрiншi деңгей - банк секторын одан әрi дамыту, бұл орайда екiншi деңгейдегi банктерде корпорациялық басқару және тәуекелдердi басқару жүйесiн енгiзу, сондай-ақ ағымдағы қадағалау, оның iшiнде банк қадағалауы жөнiндегi Базель комитетiнiң Негiзгi қағидаттары мен стандарттарына сәйкес топтастырылған қадағалау әдiстерiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыру көзделедi. 
      Қаржылық жағынан тұрақты шетелдiк банктер үшiн банк секторының тартымдылығын арттыру жұмысы жалғастырылатын болады. 
      Бұған қоса қызметi банк қызметтерiнiң белгiлi тiзбесiн жүргiзудi көздейтiн мамандандырылған банктер құрылатын болады. Атап айтқанда, осындай банктер құрудың тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесi, мамандандырылған ипотекалық банктер шеңберiнде келешегi бар. 
      Екiншi деңгей - қаржы институттарының кредиттiк серiктестiктер сияқты түрлерi дамытылатын болады, бұл орайда олардың заемшылары клиентураның негiзгi бөлiгiн құрайтын шағын және орта заемшылар бола алады. 
      Үшiншi деңгей - микрокредит берумен ғана айналысатын ұйымдардың қызметiмен тiкелей байланысты кредит беру жүйелерi. Микрокредиттiк ұйымдар кредит берудi өз капиталы, гранттар және шағын кәсiпкерлерге арналған бағдарламаға қатысушылар жарналары есебiнен жүзеге асыратын болады. 
      Сақтандыру рыногы 
      Сақтандыру секторын дамыту саласында шаруашылық жүргiзушi субъектiлер мен халықтың мүдделерiн әртүрлi қатерлерден қорғаудың тиiмдi тетігi және ұзақ мерзiмдi түрде ішкі инвестициялардың көзi ретiнде сақтандыруды белсендi пайдаланатын қазiргi заманғы ұлттық сақтандыру индустриясы қалыптастырылатын болады. Сақтандыру жүйесiнiң әлеуетi республика экономикасын тұрлаулы түрде дамыту тетiктерiнiң бiрi ретiнде пайдаланылатын болады. 
      Сақтандырудың мiндеттi түрлерi, оның iшiнде мiндеттi әлеуметтiк және медициналық сақтандыру, экологиялық сақтандыру және басқа түрлерi енгiзiлiп, оларды тиiмдi қолдану қамтамасыз етiлетiн болады. 
      Сақтандыру рыногының инфрақұрылымын дамыту және оның кәсiби қатысушыларының (сақтандыру брокерлерiнiң, актуарийлер мен уәкiлеттi аудиторлардың) қызметiн жандандыру жөнiндегi жұмыс жалғастырылатын болады. Бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушыларының әртүрлi санаттарының қызметiндегi тәуекелдердi сақтандыру тиiстi дәрежеде дамиды. 
      Сақтандыру шарттары бойынша клиенттердiң мүдделерiн қорғау мақсатында сақтандырушыларға (сақтандырылғандарға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға кепiлдiк беретiн қор құрылды. Бiрiншi кезеңде мiндеттi сақтандырудың негiзгi түрлерi бойынша кепiлдiк берудi енгiзу, ерiктi сақтандыруды қоса алғандағы қалған барлық түрлерiне кепiлдiк берудi одан әрi кеңейту көзделуде. 
      Басымдықтардың бiрi қаржы және азаматтық нормаларға сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын тарату кезiнде олардың кредиторларының құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау болып қала бередi. 
      Бағалы қағаздар рыногы 
      Бағалы қағаздар рыногын дамытудың 2010 жылға дейiнгі кезеңге арналған негiзгi бағыттары мыналар болады: 
      iшкi институциональдық инвесторларды дамыту; 
      бағалы қағаздардың және олардың туындыларының сапасын жақсартуды ынталандыру және қаржы құралдарының жаңа түрлерiн енгiзу; 
      инвесторлардың құқықтарын қорғауды жетiлдiру және зейнетақы мен резервтiк активтердiң сақталуын қамтамасыз ету; 
      бағалы қағаздар рыногының техникалық инфрақұрылымын дамыту; 
      бағалы қағаздар рыногының екi деңгейлi жүйесiн одан әрi дамыту. 
      Іpi институционалдық инвесторлар ретiнде ресурстардың ең көп көлемiн жинақтаған банктер ретiнде екiншi деңгейдегi банктер, сондай-ақ сақтандыру рыногының даму дәрежесiне қарай сақтандыру ұйымдары дамытылатын болады. Сақтандыру ұйымдарын дамыту шеңберiнде олардың резервтiк активтерiн рыноктық бағалау зейнетақы активтерiн бағалаумен бiрыңғай стандартқа келтiрiледi. 
      Бағалы қағаздар портфелiн ұстап отырған брокерлiк және дилерлiк ұйымдарды және құнды қағаздар рыногының басқа да кәсiби қатысушыларын дамыту 2004 жылдан бастап олардың капиталдану деңгейiн жоғарылату арқылы жетiлдiрiлетiн болады. 
      Қазақстандық акциялар мен облигациялардың инвестициялық тартымдылығын арттыру маңызды мiндет болып табылады, мұның аясында корпорациялық басқару нормаларының сақталуына, ұсақ акционерлердiң құқығы мен мүдделерiн қорғаудың қағидаттарын, акционерлiк қоғамдардағы төлем тәртiбiн және акционерлiк қоғам қызметiнiң ашықтығын нығайтуға, салық заңнамасының бағалы қағаздар бойынша кiрiске салық салу бөлiгiнде жетiлдiруге назар аударылатын болады.      

7.2.2. Фискалдық  саясат 
      Экономиканың жедел даму процесi кәсiпорындар мен ұйымдардың жұмыс iстеуi үшiн ынталандыру жағдайларын жасаумен ұштасады. Бұл белгiлi бiр деңгейде салық режимiнiң жетiлдiрiлуiмен байланысты. 
      Жандану саясатынан экономикалық дамудың тұрақты жоғарғы қарқыны стратегиясына көшу алынатын кiрiстi мемлекеттiң халықтың және кәсiпорындардың арасында қайта бөлу процесiн реттеу тетiктерiн жетiлдiрудi қажет етедi. Бұл проблеманы шешудiң өзектiлiгi экономикалық өсiмнiң негiзiн шикiзаттарды өндiру және бастапқы қайта өңдеумен айналысатын салалар құрайтынында болып отыр. Бұл салалардың өнiмдерi елдiң өнеркәсiп өндiрiсi мен экспорты көлемiнiң 70%-iнен астамын иеленедi. 
      Бұдан басқа, экономиканың басқа салаларының, тауарлар мен қызмет көрсетулерiнiң iшкi өндiрiсiнiң жартысынан астамы шикiзат секторы кәсiпорындарының тауарлар мен қызмет көрсетулерге деген қажеттiгiн қамтамасыз етедi. Бұл Қазақстан экономикасының тұрлаулы түрде дамуына керi әсерiн тигiзедi, өйткенi мұнайдың, металдар мен астықтың әлемдiк бағаларының күрт құлдырауы елдiң көптеген кәсiпорындарының жұмысының бұзылуына әсер етiп, мемлекеттiк бюджетке кiрiстердiң түсiмiн айтарлықтай қысқаруына ықпал етедi. 
      Республика экономикасының негiзгi экспорттық тұрғыдағы әлемдiк бағалар конъюнктурасына тәуелдiлiгiн азайту үшiн қосылған құнның үлесi жоғары өнiмдер өндiрiсiн дамытуды ынталандыратын жағдайлар жасау қажет. Бұл мақсатта орта мерзiмдi кезеңде қосылған құны жоғарғы меншiктi өндiрiс өнiмдерiн өткiзетiн кәсiпорындар үшiн корпоративтi табыс салығы мен қосылған құн салығы бойынша салық салудың жекеленген тәртiбiн енгiзу қажет. 
      Инновациялық белсендiлiктi дамыту және инновациялық түрдегi экономикаға өту республикадағы тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз етудiң тәсiлдерiнiң бiрi болып табылады. Алайда, практикада бұл мiндеттердi жүзеге асыру инновациялық инфрақұрылымның, инновациялық белсендiлiктi ынталандырудың iске қосылған тетiктерiнiң әлсiздiгiнен, инновациялық қызметтiң мамандандырылған субъектiлерiнiң мүлдем болмай отырғандығынан күрделене түceді. 
      Экономиканың шикiзаттық емес саласына инвестицияларды жеделдете тартуға ықпал ететiн ұйымдық нысандардың бiрi еркiн кеден аймағының айрықша режимi бар арнайы экономикалық аймақтарын (бұдан әрi - AЭA) құру болып табылады. 
      АЭА-ны дамыту үшiн түрлi жоғары технологиялық қызмет түрлерiн (ақпараттық технологиялар, биотехнологиялар, ядролық технологиялар, радиоэлектроника, байланыс және т.б.) ынталандыратын экономикалық қолайлы жағдай жасау қажет. АЭА-ның инновациялық әзiрлемелердi игеруi кезеңiнде олардың есептелген корпоративтi табыс салығын азайту, мүлiк салығын және жep салығын төлеуден босату заңнамамен айқындалады деп көзделуде. 
      Сонымен бiрге, айрықша режимнiң белгiлi бiр шектеулi аумақ шеңберiнде қолданылуы экономиканың барлық салалары мен өңiрлердi тең әрi тиiмдi дамыту мiндетiн толық көлемде iске асыруға мүмкiндiк бермейдi. 
      Бұл үшiн ғылыми және инновациялық қызметтi салықтық ынталандыру жөнiнде қосымша ұсыныстар қарастырылады. 
      Салық салудың жеңiлдiк режимiн енгiзумен қатар инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау ғылыми және инновациялық инфрақұрылымды құру және дамыту процестерiн қаржыландыру түрiнде жүзеге асырылуы тиiс. 
      Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының инвестицияларды мемлекеттiк қолдау жөнiндегi заңнамасында ескiрген тiркелген активтердi жаңартуды ынталандыру, ғылымды көп қажетсiнетiн және жоғары технологиялы жаңа өндiрiстерге инвестициялар тартудың негiзгi бағыттарының бiрi болып табылады. 
      Негiзгi қорларды жаңартуды ынталандыру салық төлеушiлердiң жиынтық жылдық табысынан қосымша шегерiмдерге, қайта енгiзiлген тiркелген активтер бойынша мүлiкке салық төлеуден және нақты инвестициялық немесе инновациялық жобаны iске асыру үшiн алынған және пайдаланылатын телiмдерге жер салығын төлеуден босату құқығы түрiнде инвестициялық салық преференцияларын беру арқылы жүргiзiледi. 
      Сонымен қатар өнiмдiлiктi төмендетуге, материалдық-энергия қажетiн жоғарылатуға және тиiсiнше отандық өнiмдердiң бәсекелестiк қабiлетiн төмендетуге алып келетiн негiзгi қорлардың моральдық және табиғи тозуы проблемасы сақталып қалып отыр. Қазiргi уақытта республикада негiзгi құралдардың тозу дәрежесi экономикалық қызмет салаларына байланысты 50-75 % құрайды. 
      Негiзгi қорлардың жай-күйiн жан-жақты тексеру негiзiнде оларды тозу нормаларын қайта байқау мүмкiндiгiн жаңартуды ынталандырудың бiрi ретiнде қарастыру қажет. 
      Аталған жеңiлдiктер экономиканың басым салаларындағы iскерлiк белсендiлiктi ынталандыруға, тiркелген активтердi жаңартуға бағытталған және салық салудың әдiл қағидатын бұзбайды.       

7.3. Технологиялар       

7.3.1. Ғылымды дамыту 
      Ғылыми әзiрлемелердiң қажет болмауы, соның салдарынан өнеркәсіптегi инновациялық белсендiлiктiң деңгейiнiң төмендiгi өндiрiс факторларының өнiмдiлiгiн жоғарылату, нақ ғылыми-техникалық және инновациялық прогресс есебiнен мүмкiн бола тұра, экономиканы реформалаудағы ғылым рөлiнiң жете бағаланбауынан туындап отыр. 
      Дамыған индустриялық елдермен салыстырғанда Қазақстандағы ғылымның дамуының қағидатты ерекшелiктерi бар. Дамыған елдерде iргелi және қолданбалы зерттеулердi қаржыландырудың жыл сайын ұлғаюы, ғылымның жеке сектормен ықпалдасуын ынталандыру есебiнен жаңа жетiстiктердi жеделдете игеру, ғылымның корпоративтi секторын құруға және дамытуға жан-жақты жәрдемдесу, маңызды экономикалық және әлеуметтiк мiндеттердi шешуге ғылыми-техникалық әлеуеттi бағдарлау байқалып отыр. Атап айтқанда, 2000 жылы ғылыми зерттеулер мен әзiрлемелерге арналған мемлекеттiң шығыстары: АҚШ-та 246,2 млрд. долларды (IЖӨ-нiң 2,9 %), Жапонияда 94,2 млрд. долларды (IЖӨ-нiң 3,0%), Германияда 45,8 млрд. долларды (IЖӨ-нiң 2,35%), Францияда 28,0 млрд. долларды (IЖӨ-нiң 2,25 %), Швецияда 7,6 млрд. долларды (IЖӨ-нiң 4,0 %) құраған. Еуроодақ өз мүшелерiне ғылымға арналған салымдар деңгейiнІЖӨ-нің 2,5 %-iне дейiн жеткiзудi ұсынып отырғанын атап өту керек. 
      Қазақстанда соңғы бес жылда ғылымды қаржыландыру көлемi IЖӨ-нiң 0,2 %-iн құрап отыр, бұл жеткiлiксiз болып табылады. Қазақстанның стратегиялық мүдделерiн көздей отырып, 2010 жылға ғылымды қаржыландыруды IЖӨ-нiң 2 % және 2015 жылы 2,5-3 % деңгейiне дейiн жеткiзуге кезең-кезеңмен өтудi жүзеге асыру қажет. 
      Бiрқатар ғылыми тақырыптарды қаржыландырудың жеткiлiксiз болуы мен тоқтатылуы жас ғылыми кадрлардың ғылым саласынан кетуiне, ғылымның материалдық-техникалық базасының моральдық және табиғи тозуына әкелдi. 
      Ғылымды реформалаудың мемлекеттiк саясатын басымдықпен жүргiзу қажет. 
      Ғылымды дамыту саласындағы мемлекеттiк саясаттың басты бағыттары: 
      әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі стратегиялық басымдықтарының бiрi ретiнде ғылымды айқындау; 
      жоғары технологиялар өнiмiнiң экспортына бағдарланған ғылымды көп қажетсiнетiн әрi ресурстарды үнемдейтiн және экологиялық таза өндiрiстi құруға бағытталған зерттеулердi дамыту; 
      ғылыми жетiстiктердi нақты iске асыруға ықпал ететiн тетiктер мен ынталандыру жүйесiн құру; 
      жаңа жетiстiктердi экономиканың қабылдауын жан-жақты ынталандыру (сұранысты ынталандыру) және оларды отандық ғылыми-техникалық әлеуеттiң пайдалануы үшiн жағдайлар жасау (ұсыныстарды ынталандыру); 
      ғылыми зерттеулер жүргiзу үшiн материалдық базаны нығайту; 
      кадр әлеуетiн сақтау мен дамыту, ғылыми-технологиялық дамудың басым бағыттары бойынша жоғары бiлiктi ғылыми кадрларды даярлау мен аттестаттау; 
      ғылыми зерттеулердiң тиiмдiлiгi мен сапасын жоғарылату үшiн ғылыми ұйымдарды аттестаттау және тiркеу жүйесiн дамыту; 
      ғылымның мемлекеттiк емес секторын қалыптастыру мен дамыту, оны қолдаудың мемлекеттiк тетiктерiн жасау; 
      талантты жас ғалымдарды қолдау; 
      мамандарды әлемнiң ең үздiк ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өткiзу; 
      грант негiзiнде ғылыми зерттеулердi қаржыландыру тетiктерiн жасау мен жетiлдiру; 
      қазақстандық ғылымның халықаралық ғылыми-технологиялық қауымдастыққа интеграциялануын қамтамасыз ету. 
      Ұсынылған шараларды iске асыру индустриялық-инновациялық саясатты барабар ғылыми қамтамасыз етудi жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi.      

7.3.2. Ғылыми-техникалық  және инновациялық саясат 
      Экономикалық қатынастардың жалпы жүйесiнде инновациялық қызметтiң түпкi нәтижелерi - өндiрiс тиiмдiлiгiн арттыру, еңбек өнiмдiлiгi мен капиталдың өсуi, жоғары технологиялы өнiм көлемi - елдiң экономикалық қуатын айқындайтын болғандықтан, оған басты рөл берiледi. 
      Дамыған индустриялы елдерде технологиялардан, құрал-жабдықтардан, кадрлар даярлаудан, өндiрiстердi ұйымдастырудан көрiнiс табатын жаңа iлiмдер үлесiне ІЖӨ өсiмiнiң 80-нен 95 %-iне дейiн келедi. Бұл елдерде жаңа технологияларды енгiзу нарықтық бәсекелестiктiң өзектi факторы, өндiрiс тиiмдiлiгiн арттырудың және тауарлар мен қызметтер сапасын жақсартудың негiзгi құралы болып отыр. 
      Қазiргi уақытта ғылымды көп қажетсiнетiн отандық өндiрiстi дамыту, бәсекеге қабiлеттi өнiмдердi алуға бағдарланған жаңа ақпараттық технологияларды әзiрлеу мен игеру және республиканың өнеркәсiп пен ғылыми-техникадағы әлеуетiн сақтау мен дамыту есебiнен ұлттық экономикалық қауiпсiздiк мүдделерiн қамтамасыз ету Қазақстан экономикасының өзектi стратегиялық мiндеттерi болып табылады. 
      Қазақстанның ғылыми-технологиялық саясаты инновациялық процестердi жандандыруға, жаңа технологиялық құрылымдарды енгiзуге, өңдеушi өнеркәсiптегi жаңа қайта бөлiстердi игеруге, ұлттық ғылыми-техникалық әлеуеттi жандандыруға, ғылым мен өндiрiс арасындағы алшақтықты еңсеруге, индустриялық қызметтi ынталандыруға, озық шетел технологиясының нақты трансфертi мен халықаралық стандарттарды енгiзудi қамтамасыз етуге бағытталуы керек. 
      Ғылыми техникалық салада кәсiпкерлiк секторды қалыптастырмай инновациялық қызметтi дамыту мүмкiн емес. Соңғы жылдар iшiнде өнеркәсiп өндiрiсi көлемiнде және жұмыспен қамтылу санында шағын бизнес секторының үлесi өзгерiссiз қалып отыр және тиiсiнше 2,8-3,2% және 12,4-14,0%-тi құрап отыр, бұл индустриясы дамыған елдердегiден бiрнеше есе аз. 
      Шағын инновациялық кәсiпкерлiктiң дамуы тежелуiнiң негiзгi себебi шағын кәсiпорындардың әдетте, iрi кәсiпорындармен салыстырғанда бәсекеге қабiлеттi өнiмдер шығара алмауында болып отыр. 
      Шағын кәсiпкерлiктi iрi кәсiпорындармен бiрiктiру (кооперациялау) мақсатында табиғи монополия субъектiлерiнiң негізгi қызметiне қатыссыз қызметтер көрсету жөнiндегi функцияларын шағын бизнес субъектiлерiнiң бәсекелестiк ортасына беру тетiгiн әзiрлеу қажет. Бұдан өзге, шағын бизнесте инновациялық және ғылымды көп қажетсiнетiн өндiрiстердi, оның iшiнде лизинг бойынша құрал-жабдықтар мен технологияларды сатып алу және шағын және iрi бизнестiң франчайзингтiк қатынастарының кең таралуы есебiнен дамыту үшiн жағдай жасау керек. 
      Қазақстандық өндiрушiлерге ғылыми әзiрлемелердi рыноктық тауар деңгейiне жеткiзу тәжiрибесi жетпейдi, менеджмент, маркетинг және талдау саласындағы жоғары бiлiктi мамандар жеткiлiксiз. Осыған байланысты қазақстандық мамандарды жетекшi шетелдiк ғылыми-зерттеу институттары мен компанияларына тағылымдамаға жiберу және отандық кадрлар даярлау үшiн республикаға жоғары бiлiктi шетел мамандарын тарту тәжiрибеге енгiзiлетiн болады. 
      Қазақстандағы ғылымның қазiргi таңдағы жағдайы аяқталған ғылыми әзiрлемелер мен қажетсiз өндiрiстер санының көптiгiмен сипатталады. Бұл айтарлықтай үлкен әлеует және оны пайдалану инновациялық қызметтi дамытудың негiзгi мiндеттерiнiң бiрi болуы тиiс. 
      Зияткерлiк меншiктi пайдалану мен құқықтарын қорғау инновациялық қызметтi дамытудың маңызды факторы болып табылады. Құқықтық қатынас субъектiлерiнiң құқықтары мен мүдделерiнiң теңдестiру есебiнен зияткерлiк меншiктiң тиiмдi шаруашылық айналымы зияткерлiк меншiк жемiсiне сұраныс пен ұсыныс бiрлiгiн, ғылыми-техникалық зерттеулердi дамытуды, оларды өнеркәсiпте iске асыруды, бәсекеге қабiлеттi жаңа тауарлар мен қызмет көрсету өндiрiсi мен тұтынуды қамтамасыз ете алады. 
      Инновациялық дамудың базалық моделi негiзiнде iшкi (өcipу) және сыртқы (трансферт) инновация көздерiнiң арасындағы қатынас жатыр. Инновацияларды өсiру стратегиясы iргелi және қолданбалы жеке зерттеулерге негiзделген өзiндiк технологияларын белсендi жетiлдiретiн алдыңғы қатардағы елдерге (АҚШ, ГФР, Англия, Жапония) тән. Технологиялардың трансфертi стратегиясы iргелi және қолданбалы жеке әзiрлемелерi жоқ және бұл мақсаттарға арналған ресурстары шектеулi елдерде де iске асырылады. 
      Сонымен, ғылыми-техникалық және инновациялық қызмет саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттары: 
      мемлекеттiң қатысуымен маманданған венчурлiк қорлар құру және венчурлiк капиталды ғылыми-техникалық және инновациялық салаға тарту; 
      инновациялық қызмет субъектiлерiн мемлекеттiк қолдау нысандары мен әдiстерiн әзiрлеу; 
      инновациялық қызметтiң мемлекеттiк, салааралық, салалық және өңiрлiк сипаттағы маманданған субъектiлерiн құру енетiн инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру; 
      инновациялық сала үшiн кадрлар даярлау және қайта даярлау; 
      өнеркәсiптiң базалық салаларында жаңа технологиялық құрылым қалыптacтыру; 
      технологиялардың өркениеттi рыногы үшiн жағдайлар жасау, яғни авторлық құқықты, патенттер мен сауда белгiлерiн қорғау саласындағы барлық халықаралық конвенцияларды тану арқылы шетел технологиясының трансфертiн ынталандыру; 
      отандық кәсiпорындардың үздiк әлемдiк тәжiрибеге сәйкес сапа стандарттарына өтуiн жандандыру; 
      халықаралық донор ұйымдардың, мүдделi қаржы-кредит және шаруашылық құрылымдарының гранттарын тарту болып табылу тиiс.      

Информация о работе Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы туралы