Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы туралы

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2013 в 09:53, реферат

Описание работы

Экономиканы әртараптандыру және жаңғырту негiзiнде елдiң тұрақты дамуын қамтамасыз ету, өнiмнiң бәсекелiк түрлерiн шығару мен экспортты ұлғайту үшiн жағдайлар жасау мақсатында қаулы етемін:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы (бұдан әрi-Стратегия)бекiтiлсiн.
2.Қазақстан Республикасының Үкіметі екі ай мерзiмде Стратегияны iске асыру жөнiндегi 2003-2005 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын әзiрлеп, бекiтсiн (Ікезең); жылына екi рет, 1 ақпанға және 1 тамызға дейiн жарты жылдық қорытындылары бойынша Мемлекет басшысына Стратегияның орындалу барысы туралы ақпарат беретiн болсын.

Работа содержит 1 файл

2003-2015 жжж.docx

— 150.18 Кб (Скачать)

7.3.3. Стандарттау  және сертификаттау саласындағы  саясат 
      Стратегияны iске асыру стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы бiрыңғай талаптарды белгiлейтiн халықаралық сауда жүйесiне Қазақстанның кiрiгуi арқылы жүзеге асырылады. 
      Стандарттау мен сертификаттаудың мемлекеттiк жүйелерiн жетiлдiру әрi оларды еуропалық және басқа да халықаралық талаптарға сәйкес 2010 жылға қарай сәйкес келтiру: 
      техникалық реттеудiң, техникалық регламенттеудiң жүйелерiн құру мен қалыптастыру және мiндеттi стандарттаудан ерiктi түрiне өту; 
      жаңа техникалық комитеттердi, оның iшiнде кәсiпорындар салаларында халықаралық деңгейде стандарттау және метрология қызметiн құру, стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша уәкiлеттi органның құрылымын нығайту мен жетiлдiру; 
      стандарттау, метрология және сертификаттау мәселелерi бойынша ДСҰ-мен өзара iс-қимыл жөнiндегi ақпараттық орталықты дамыту; 
      ИСО халықаралық стандарттарының сериялары 9000 және 14000 талаптарына сәйкес келетiн сапа және экологиялық менеджментi жүйелерiн әзiрлеу мен республика кәсiпорындарында енгiзу; 
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Сапа саласындағы жетiстiктерi үшiн" және "Қазақстанның үздiк тауарлары" сыйлығына конкурстар өткiзу арқылы отандық кәсiпорындарды ынталандыру жөнiнде мемлекеттiк саясатты жүргiзу; 
      аккредиттеу жөнiндегi органның Қазақстанды халықаралық деңгейде тану жөніндегі жұмыс жүргiзу; 
      халықаралық тәжiрибенi ескере отырып, өнiм сапасына мемлекеттiк қадағалау жүргiзудi жетiлдiру көзделедi. 
      2007 жылға дейiнгi кезеңде қаржы жүйесi саласында халықаралық стандарттарға өту жүзеге асырылуы қажет, бiлiм беру, әлеуметтiк сала, денсаулық сақтау, туризм сияқты және басқа да салаларда - олардың даму бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады. 
      Стандарттау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту: 
      халықаралық, өңірлік және ұлттық ұйымдармен ынтымақтастықты жандандыруды; 
      2010 жылға дейiн Метрика конвенциясына, Халықаралық электротехникалық комиссияға (XЭK), Сынақ зертханаларын аккредиттеу жөнiндегi халықаралық қауымдастыққа (ILAC), аккредиттеу жөнiндегi халықаралық форумға (ІAF) кiрудi; 
      Халықаралық ұйымдардың техникалық комитеттерiнiң, бiрiншi кезекте ИСО, ХЭК жұмысына; стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi халықаралық ұйымдардың басшы органдарында, соның iшiнде ИСО хатшылығында Қазақстан өкiлдерiнiң қатысуын қамтамасыз етудi көздейдi. 
      Аталған iс-шараларды iске асыру қазақстандық өнiмдердiң iшкi және сыртқы рыноктарда сапасы мен бәсекеге қабiлетiн арттыруға, республиканың экономикалық әлеуетiн көтеруге ықпал етедi.      

7.4. Инфрақұрылым 
      Өнеркәсiп пен экономиканың басқа да салаларының бәсекеге қабiлеттi көп жағдайда өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылым жағдайына тәуелдi. 
      Ақпарат, телекоммуникация және көлiк инфрақұрылымының барабар сапасы болмайынша тиiмдi экономикалық даму мүмкiн емес. Инфрақұрылымның осы элементтерiнiң әлемдiк деңгейге сәйкестiгiнiң өзi-ақ қазiргi заманғы әлемдегi елдiң бәсекелестiк қабiлетiнiң маңызды факторы болып табылады. Ғаламданудың үдей түсуi мен ғаламдық бәсекелестiктiң күшейе түсуi жағдайында шаруашылық субъектiлердiң әлемдiк рыноктың тегеурiнiне дер кезiнде әрi пәрмендi жауап әрекетi қабiлетi iскерлiк табыстың негiзi болып табылады. 
      Елде дамыған ақпараттық-телекоммуникациялық инфрақұрылымның болуы ұлттық экономиканың өсуiнiң, қоғамның iскерлiк және зияткерлiк белсендiлiгiнiң артуының басты факторларының бiрi болып табылады, ол халықаралық қоғамдастықтағы елдiң беделiн айғақтайды. Бүгiнгi күнi бизнестiң бiрде-бiр түрi өздерiнiң құрылымдық бөлiмшелерi арасында да, сондай-ақ сыртқы әлеммен де байланыстың сапалы жүйесi болмайынша дами алмайды. 
      Көлiк-коммуникация кешенi салаларын дамыту оларды дамытудың бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылуы тиiс.      

7.4.1. Электр энергетикасы  саясаты 
      Электр энергетикасында өткiзiлген реформалардың нәтижесiнде тұтытынушылардың электр энергиясын жеткiзушiлердi еркiн таңдауы, субъектiлердiң электр желiлерiне еркiн және кем қойылмай қол жеткiзуiне негiзделген электр энергиясы мен қуаттың бәсекелес көтерме рыногы ойдағыдай жұмыс істеуде. 
      Электр энергетикасын одан әрi реформалау рыноктағы өзгерiстердi тереңдетуге, электр қуатының биржа саудасын жасау мен дамытуға, электр қуаты саласындағы қызмет көрсетулер арнасын кеңейтуге бағытталады. 
      Өткiзiлетiн реформаларды қолдау мен саланың одан әрi дамуы үшiн, қуатты өндiретiн және тасымалдайтын кәсiпорындардың құрал-жабдықтарын жаңарту үшiн инвестициялардың өсуiн қамтамасыз ету қажет. 
      Электр желiлерi компаниялары үшiн инвестицияларды тартуды ынталандыру мақсатында табиғи монополия субъектiлерiнiң орташа кезеңдегi мерзiмге қызмет көрсетулерiне, инвестициялардың қорғалуы мен нормативтерден тыс шығындарды қысқартуға олардың бағытталуын қамтамасыз ету үшiн жағдай жасауға мүмкiндiк беретiн жаңадан прогрессивтi тәсiлдерiн енгiзу қажет. Тарифтердi белгiлеудiң жаңа тәсiлдерiн iске асыру тарифтердiң өсуiне әкеледi, осыған байланысты, халықтың табысы аз бөлiгiн қолдау шараларын бiр мезгiлде қолдану қажет. 
      Бұдан өзге, электр қуатын тарату көлемiнiң өсуiнiң негiзгi өлшемiнiң бiрi болып табылатын электр энергиясын тарату жөнiндегi қызметтерiне белгiленген тарифтерге азайту коэффициенттерiн беру арқылы тарифтердi белгiлеудiң икемдi әдiстерiн енгiзу қажет. 
      Азайту коэффициенттерiн енгiзу отандық тауар өндiрушiлер мен республиканың экспортқа бағытталған кәсiпорындары өнiмiнiң бәсекеге қабiлетiн қолдауға мүмкiндiк бередi. 
      Электр және жылу энергиясына тарифтердi реттеу саясатын жүргiзу кезiнде мынадай факторлар ескерiлетiн болады: 
      электр энергиясының төмен тарифтерi экономиканың маңызды мiндеттерiнiң бiрi - дамыған елдерден 3-4 есе жоғары болып тұрған өнiмнiң энергияны қажетсiнуiн азайтуға ықпал етпейдi. Арзан ресурстарды ешкiм үнемдемейді; 
      бүгiн бюджет бiр жағынан төмен тарифтер есебiнен табиғи монополистердiң қызмет көрсетулерiне бюджеттiк ұйымдардың жұмсайтын шығыстарын арзандатудан пайда тауып отырғанын, сонымен қатар ол салықтарды толығымен алмайтынын талдау көрсетiп отыр. 
      Сол себептен, электр қуатына тарифтердi едәуiр көтеру қажет. Бұл қадам кәсiпорындарды өнiмгe энергияның жұмсалуын төмендету жолымен жүруге мәжбүрлейдi, оларды жаңартылуына қозғау болады. 
      Тарифтердiң өсуi бiрқатар тұтыну тауарларының бағаларын және тұрғын-үй коммуналдық қызмет көрсетулерге тарифтердiң өсуiне, халықтың соған орай шығыстарының өсуiне әкелетiнi сөзсiз. Сондықтан халықтың табысы төмен бөлiгiн қолдау шараларын бiр мезгiлде қолдану қажеттiлiгi туындайды. Мұны күнкөрiстiң төменгi деңгейiн, ең төменгi жалақы мен зейнетақыны көтеру арқылы немесе халықтың ең кедей бөлiгiне атаулы қаржылай көмек көрсету арқылы жасауға болады. 
      Сонымен, табиғи монополистердiң қызмет көрсетулерiне, атап айтқанда электр қуатына тарифтердiң өсуi табиғи монополистердiң ғана емес, бүкiл ұлттық экономика тұрғысынан алғанда болмай қоймайды әрi өзiн-өзi ақтайды. Осымен бiр мезгiлде бұл компаниялардың өндiрiс шығындарының құрамы мен көлемiнiң негiздiлiгiне де мониторинг қажет.      

7.4.2. Ақпараттық  саясат 
      Ақпараттық технологиялар (AT) саласындағы негiзгi мiндет ашық жүйелердiң тұжырымдамасы негiзiнде әлемдiк қоғамдастық іске асыратын ғаламдық ақпараттық инфрақұрылымның бiр бөлiгi (Global Information Infrastructure - GІІ) ретiнде ҰАИ-ды (ұлттық ақпараттық инфрақұрылым) бiртiндеп дамыту, сондай-ақ бағдарламалық өнiмдердi және софт-технологияларды дамытуды ынталандыру болып табылады. 
      АТ-ны дамыту кезiнде компьютер жабдықтарына бағаның төмендетiлуiне орай негiзгi пайда компьютер жабдығының өндiрiсiнде емес, пайдаланушылар шығындарының тұрақты өсiмi болатын - бағдарламалық құралдар, қызметтер мен консультациялар секторында шоғырланатынын ескеру қажет. 
      АТ саласындағы қызметтерге ғаламдық сұраным болжаммен 1997 жылғы 327 млрд. AҚШ долларына қарағанда 2008 жылға қарай 1 трлн. АҚШ долларына жетедi. Қазақстанда қолдануға болатын АТ секторы экономиканың аса маңызды салаларында нығаюы тиiс. Бұлай болмаған жағдайда осы саланың өнiмi импорттың маңызды бөлiгi болып қала беруi мүмкiн. Бұдан басқа, тұтас алғанда ұлттық экономика салаларында сапалы өзгерiстердiң қозғаушысы бола отырып, АТ елдiң телекоммуникацияларын дамытуда айқындаушы рөл атқарады. 
      АТ саласындағы мемлекеттiк саясат: 
      ҰАИ-ды дамытуға ықпал ететiн ашық және тұрақты нормативтiк-құқықтық базалар мен стандарттарды жасауға; 
      халықтың, шаруашылық субъектiлерiнiң, қоғамдық ұйымдардың және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару органдарының, ҰАИ-ға жан-жақты қол жеткiзуiн қамтамасыз етуге; 
      мемлекеттiк органдар порталдарын жасауды, мемлекеттiк деректер базасы мен құжат айналымы рәсiмдерiн қоса алғанда, "электрондық үкiметтi" әзiрлеп, енгiзуге; 
      ақпараттандырудың мемлекеттiк құралдары мен жүйелерiн стандарттауға, сәйкестендiруге және сертификаттауға; 
      iшкi және сыртқы әлемдiк рыноктардың жаңа мүмкiндiктерiн барынша пайдалануға мүмкiндiк беретiн электрондық сауда-саттықты толық ауқымда енгiзуге жәрдемдесуге; 
      мемлекеттiк сатып алу саласында электрондық аукциондар мен тендерлер тетiгiн енгiзуге; 
      халықтың бiлiм деңгейiн электрондық оқу мекемелерi мен кiтапханаларды құруды қолдау есебiнен көтеруге; 
      бағдарламалық құралдар мен софт-технологиялардың ұлттық индустриясын дамытуды жан-жақты қолдауға бағытталуы тиiс.      

7.4.3. Телекоммуникацияларды  дамыту 
      Өскелең әрi перспективалы салалардың бiрi ретiнде телекоммуникациялар саласында индустриялық-инновациялық саясат отандық бизнес пен халықтың барынша қол жеткiзуiне және неғұрлым алдыңғы қатардағы байланыс құралдарының дамуына жәрдемдесуге бағытталуы тиiс. 
      Қазақстан әлемде болып жатқан телекоммуникациялар өзгерiстерiнен тыс қала алмайды. Қазiргi кезеңде әлемде жаңа телекоммуникациялық технологияларды: мобильдi телефондар үшiн жаңа, көп дүркiндi кеңейтiлген мүмкiндiктер беретiн кең диапазонды байланыстары сияқты, Интернет пен мәлiметтер беру, сондай-ақ мобильдi телефондардың үшiншi буын технологиясын жеделдете дамыту мен енгiзу жүрiп жатыр. 
      Қазiргi кезде қазақстандық телекоммуникациялық компаниялар шетелдiк және халықаралық спутник компанияларынан спутник ресурстарын жалға алуға мәжбүр. Сондықтан елдiң күллi аумағында теледидар хабарларын тapaтy үшiн жағдай жасауға, шалғай және аз қоныстанған аудандармен байланыс мүмкiндiгiн жасауға, байланыс арналарының қуаттылығын әртараптандыру мен кеңейтуге көмектесетiн ғарыштық байланыс әлеуетiн пайдалану қажет. 
      Сондай-ақ жер үстi телефон желiлерiн цифрлауды және жылдам дамытуды, талшықтық оптикалық байланыс желiсiнiң құрылысын жалғастыру қажет. Ұлттық телекоммуникациялық желiнiң тиiмдiлiгiн арттыру бәсекелестiктi ынталандыру мен сектордың нарықтық толығымен жағдайға өтуiне жәрдемдесетiн болады.      

7.4.4. Көлiктi дамыту 
      Көлiк саласындағы басты мiндет көлiк инфрақұрылымы дамыту факторын шектейтiн жағдайларды болдырмау мақсатында елдiң жедел экономикалық дамуына сәйкес жүктер мен жолаушылар ағынын кеңейту мен жетiлдiрудi қамтамасыз ету болып табылады. Елдiң көлiк әлеуетiн барынша дамыту басқа да маңызды мiндет болып табылады. 
      Қазақстанның аумағы арқылы транзиттiк тасымалдауларды дамытудың басты артықшылығы - бұл арақашықтықты айтарлықтай қысқарту. Тасымалдаудың ең жақсы жағдайларында теңiз жолымен жүктердi жеткiзу мерзiмi Берлиннен қытай порты Ляньюнгаға дейiн 20 күндi құрайды, ал темiр жол бұл уақытты 11 тәулiкке дейiн қысқартады, тасымалдау арақашықтығын екi eceгe азайтады. 
      Экономикалық процестердiң ғаламдануы барлық мемлекеттердiң, субъектiлердiң әлемдiк көлiк коммуникацияларына қол жеткiзуiн қамтамасыз ету, ел арасындағы өзара тиiмдi сауда үшiн халықаралық көлiк дәлiздерiн ұйымдастыру қажеттiгiн негiздейдi. Қазақстанның тасымалдың қалыптасқан әрi түзiлген жүйесiне өзiндiк орны бар буын ретiнде кiру айрықша маңызды. 
      Қазақстан арқылы өтетiн халықаралық көлiк дәлiздерi желiсiн дамытудың қазiргi тұжырымдамасы үш басым бағытқа негiзделедi: 
      Ресей, Еуропа және Балтық елдерi; 
      Қытай, Жапония және Оңтүстiк-Шығыс Азия елдерi; 
      Орта Азия және Кавказ, Иран және Түркия республикалары. 
      Әрбiр аталған бағыттың жер үстi және су магистралi кешенiн қамтитын қалыптасқан халықаралық көлiк дәлiздерi бар. Олар қазiргi заманғы техникамен жарақталған және халықаралық транзиттiк тасымалдаулардың шоғырлануына арналған. 
      Қазақстанның аумағы арқылы 6 темiр жол, 6 автомобиль және 72 әуе дәлiздерi өтедi. Елдi Тынық мұхит жағалауынан бастау алып, Еуропаның түкпiрiне кететiн Транс-Азия-Еуропалық талшықты-оптикалық желiлер байланысы кесiп өтедi. Оңтүстiктен солтүстiкке бағытталған цифрлық магистраль оны Транссiбiр оптикалық желiлерiне қосып отыр. 
      Елдiң көлiк-коммуникация жүйесiндегi ерекше орын алатын халықаралық көлiк дәлiздерiнде орналасқан екi торабы: елдiң шығысындағы - "Достық" темiр жол өткелi мен батысындағы - "Ақтау" теңiз сауда порты. 
      Көлiк кешенiн дамытудың мақсаты сыртқы рынокқа отандық экспорттық тауарларды тиiмдi жеткiзу мен оны пайдаланушыларға кең ауқымдағы көлiк қызметтерiн жиынтығын көрсету. 
      Саланы дамытудың басым бағыттары тиiмдi әрi технологиялық жаңартылған көлiк кешенiн құру, транзиттiк әлеуеттi iске асыру болып табылады. 
      2015 жылға дейiнгi кезеңде көлiк жүйесiн елдiң қажетiне сай келетiн жағдайға келтiру жөнiнде жұмыс жалғастырылуы тиiс. Ол өзiне: 
      жаңа темiр жол желiлерiнiң құрылысын қоса алғанда, темiр жол тораптарының конфигурациясын жетiлдiрудi, жылжымалы құрамның өндiрiсiне және жөндеуге арналған өнеркәсiп базасын дамытуды, темiр жол тарифтiк жүйесін жетілдіруді; 
      мұнай мен газды тасымалдайтын жаңа экспорттық құбыр жолдары жобаларымен жұмысты, жұмыс істеп тұрған құбыр жүйесiн кеңейтудi, пайдалануға беру 2010 жылдан кейiнгi кезеңге жоспарланған жаңа магистральдық экспорттық мұнай жолдарын тартуды; 
      автожолдар желiсiн салу, кеңейту және қайта жаңарту; 
      бәсекелес ортаны ынталандыруды қоса алғанда, авиациялық тасымалдауларды және шетелдiк инвестицияларды белсендi тартуды; шетелдiк мемлекеттермен көлiктiк ынтымақтастық туралы келiсiмдер жасасуды қоса алғанда, көлiктiк тасымалдауларды тарту және халықаралық көлiк дәлiздерiн; мультимодальды көлiк жүйелерiн; Каспий теңiзiндегi теңiз көлiгi мен өзен көлiгiн дамытуды қамтиды. 
      Темiр жол көлiгi 
      Темiр жолының ұлттық желiсi елдiң барлық аумағын дерлiк қамти отырып, дамыту мен оңтайландыруды қажет етедi. Сол себептен де елдiң солтүстiгi мен батысын жалғастыратын Алтынсарин-Хромтау тармағының құрылысы басталды. Қазақстандағы "Достық" станциясы, Қытайдағы "Алашанькоу" станциясы сияқты Трансазия және Еуроазия магистральдарының өзектi буыны болып табылады. Осыны ескере отырып, Қазақстан оны қайта жаңартуға және дамытуға үлкен мән берiп отыр. Таяудағы жылдары станциялардың қуатын ұлғайту жөнiндегi кешендi шаралар өткiзу жоспарланып отыр. 
      Республиканың автожол кешенi Қазақстанның өңiрлерi арасындағы, сондай-ақ мемлекетаралық қатынастардағы түрлi көлiк түрлерi мен тауар қозғалысы құралдары арасындағы байланыстырушы буын бола отырып, мемлекеттiң өмiр-тiршiлiгiнде маңызды рөл атқарады. 
      Қазақстан Республикасы үшiн жүктер мен жолаушылардың басым бөлiгiн тасымалдауда автомобиль жолдары үлкен маңызға ие. Сондықтан транзиттiк жүктерді тарту мақсатында халықаралық жүктерді және жолаушыларды тасымалдауды ұйымдастыруда жаңа технологияларды енгiзу, халықаралық автомобиль дәлiздерiнiң сервистiк инфрақұрылымын дамыту және жол қатынастары желiсiн жетiлдiру қажет. 
      Әуе көлiгi 
      Республиканың әуе кеңiстiгi арқылы бағыттардың трансазия жүйесi әуе трассаларының желiсi өтедi. Республика арқылы өтетiн транзиттiк ағындардың негiзгi бағыттары Еуропадан Оңтүстiк-Шығыс Азия елдерiне өтетiн ағын болып табылады. Қазақстанның әуе кеңiстiгiн пайдалануға деген сұраныс әуе қозғалысы басқарудың техникалық құралдарын, навигацияны және байланысты жетiлдiрудi қажет етедi. 
      Су көлiгiнде Ақтау порты маңызды құрылымдық элемент болып табылады. Ол қазiргi заманғы жаңартылған мынадай инфрақұрылымға ие: темiр жолдар, авто жолдар, жер асты коммуникациялары, айлақтық және мобильдiк крандар және басқалары. Басқа жобаларды iске асыру кешенiнде Ақтау портын дамыту, оның iшiнде арнайы экономикалық аймақ - Қазақстан арқылы өтетiн транзиттi дамытудың перспективалы бағыттарының бiрi. Жүк ағыны өсуiнiң арқасында портты табысты дамыту, инвестициялар тартуда ынталандыру қызметiн атқарады. Теңiзде тасымалдауды дамыту үшiн "Қазтеңiзтрансфлот" теңiз кеме жолы ұлттық компаниясы (ҰТЖК) құрылды, сол арқылы Қазақстанда өзiнiң теңiз сауда флотын құрудың негізі қаланады.       

7.5. Мемлекеттiк реттеу       

7.5.1. Тариф саясаты  және бәсекелестiктi қорғау      

7.5.1.1. Бәсекелестiктi қорғау 
      Бәсекелестiк - экономиканың тиiмдi дамуы мен жұмыс iстеуiнiң басты тетiгi. Тиiмдi бәсекелестiк үшiн жағдай жасау, адал бәсекелестiктi қолдау мен қорғау мемлекеттiң индустриялық және инновациялық саясатының негiзгi мiндетi - экономиканың әртараптануы мен өнеркәсiптi жаңғыртуды iске асыруға ықпал ету тиiс. 
      Байсалды инвестициялық саясат, сондай-ақ биржа саудасы тауар рыноктарында бәсекелестiк ортаны қалыптастырудың негiзi болып табылады. 
      Бәсекелестiк саласындағы мемлекеттiк саясат жосықсыз бәсекелестiкке жол бермеу, шектеу практикасының шектен тыс шоғырлануы мен өсуi проблемаларын шешуге бағытталған. 
      Бәсекелестiк саясатының негiзгi бағыттары: 
      монополиялық бағаларды белгiлеу, өндiрiстi негiзсiз қысқарту мен монополиялық тауарлар мен қызмет көрсетулердi жеткiзу, шарттарға кем қою талаптарын енгiзу, басқа кәсiпорындардың тауар және қаржы нарықтарына кiруiне кедергi жасау, рынок субъектiлерi және олардың бiрлестiктерiн құру, қайта ұйымдастыру, тарату, рынок субъектiлерiнiң жарғылық капиталындағы акцияларды (үлестердi, пайларды) сатып алу жөнiндегi монополистер әрекеттерiнiң жолын кесу арқылы басым жағдайға ие нарық субъектiлерiнiң асыра сiлтеуiне жол бермеу; 
      бiрыңғай бағалар мен тарифтердi белгiлеуге, рынокты аумақтық принципi бойынша бөлуге, ықтимал бәсекелестердiң рынокқа қол жеткiзуiн шектеуге немесе рыноктағы бәсекелестiк субъектiлер арасында сөз байласуға бағытталған, бәсекелестер арасындағы келiсiлген әрекеттердiң жолын кесу арқылы бәсекелестiктi жоюға немесе шектеуге бағытталған жосықсыз бәсекелестiк пен бәсекелестiкке қарсы келiсiмдерге тыйым салу; 
      мемлекеттiк органдардың кәсiпкерлiк қызметке негiзсiз араласуына жол бермеу. Мемлекеттiк органдардың жекеленген кәсiпорындарға жеңiлдiктер беруi, сатып алушылар мен тапсырыс берушiлердiң белгiлi бiр тобына тауарлар мен қызмет көрсетудiң бiрiншi кезектегi жеткiзiлiмi туралы шаруашылық субъектiлерiне нұсқау беруi арқылы бәсекелестiктi шектеуге бағытталған әрекетiнiң жолын кесу.      

7.5.1.2. Тариф саясаты 
      Стратегияны табысты іске асыру мақсатында қазiргi күнi қолданыстағы тарифтердi жасанды ұстап тұрудан бас тартып, табиғи монополиялар саласына барлық қатысушыларына - субъектiлердiң өздерi мен олардың қызмет көрсетуiн тұтынушылар мүдделерi теңдестiруге қол жеткiзуге бағытталған икемдi тарифтiк реттеу саясатына көшу қажет. 
      Бүгiнгi күнi экономиканы дамыту инфрақұрылымы болып табылатын табиғи монополия саласының қарқынды өсуiнсiз өнеркәсiп кешенiн дамыту мүмкiн емес. 
      Табиғи монополиялардың қазiргi жағдайы негiзгi құралдар мен жабдықтардың тозу деңгейiнiң жоғарылығымен сипатталады. 
      Ic жүзiнде оның барлық салалардағы моральдық, табиғи, тозу деңгейi сындарлы шекке жеттi. 
      Моральдық жағынан тозған жабдықты пайдалану ұсынылатын қызмет көрсетулер көлемiнiң азаюына, сапасының нашарлауына және апатты жағдайлардың туындауына әкеледi. 
      Бұдан өзге, жеке айналым қаражаттарының жеткiлiксiздiгi жабдықты ауыстыруға бағытталған капитал салымдарын (инвестицияларды) жүзеге асыруға мүмкiндiк бермейдi. Негiзгi қорларды жаңарту оларды пайдалану тиiмдiлiгiн, көрсетiлетiн қызметтердiң сапалық сипаттамаларын жақсартудың және түптеп келгенде, экономикалық өсiм мен ел индустриясын тұрақты дамытудың басты факторларының бiрi болып табылады. 
      Бүгiн тарифтiк реттеу әдiстерi табиғи монополия саласына инвестицияларды тартуға қолайлы жағдайлар жасауды және өндiрiстi жаңғыртуға негiзделген, аталған экономика секторының басып озатын қарқынына қол жеткiзудi қамтамасыз ету қажет. 
      Сондықтан, индустрияның тұрақты дамытуын қамтамасыз ету, олар көрсететiн қызметтер сапасын жақсарту, өзiндiк құнды төмендету мен қызмет көрсетулерге тариф деңгейлерiнiң тұрақтылығы үшiн тарифтiк саясатты: 
      инвестицияларды ынталандыратын және орта мерзiмдi кезеңде тарифтердiң тұрақтылығын қамтамасыз ететiн тарифтi қалыптастырудың жаңа әдiстерiн енгiзу; 
      есептеудiң халықаралық стандарттарын және тиiстi қызметтер көрсету түрлерi мен шығындар элементтерi бойынша шығындарды бөлек есептеу әдiстерiн енгiзу; 
      табиғи монополиялардың тұтынушыларға әсерiн талдау үшiн ақпараттық мәлiметтер базасын жасау арқылы одан әрi жетiлдiру қажет. 
      Аталған iс-шараларды кең ауқымда iске асыру және тарифтердi белгiлеудiң жаңа әдiстерiн енгiзу табиғи монополия саласында жұмыс iстейтiн кәсіпорындарды жаңғырту әрi ресурстарды сақтайтын және шығыны аз жаңа технологияларды енгiзу үшiн, олардың қайтарымдылығы мен 5 жылға дейiнгi перспективада тарифтердiң тұрақтылығын қамтамасыз етуi тиiс.      

Информация о работе Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы туралы