Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы туралы

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2013 в 09:53, реферат

Описание работы

Экономиканы әртараптандыру және жаңғырту негiзiнде елдiң тұрақты дамуын қамтамасыз ету, өнiмнiң бәсекелiк түрлерiн шығару мен экспортты ұлғайту үшiн жағдайлар жасау мақсатында қаулы етемін:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы (бұдан әрi-Стратегия)бекiтiлсiн.
2.Қазақстан Республикасының Үкіметі екі ай мерзiмде Стратегияны iске асыру жөнiндегi 2003-2005 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын әзiрлеп, бекiтсiн (Ікезең); жылына екi рет, 1 ақпанға және 1 тамызға дейiн жарты жылдық қорытындылары бойынша Мемлекет басшысына Стратегияның орындалу барысы туралы ақпарат беретiн болсын.

Работа содержит 1 файл

2003-2015 жжж.docx

— 150.18 Кб (Скачать)

7.5.2. Экологиялық  саясат 
      Мемлекеттiң экологиялық саясаты өндiрiстi экологияландыруға бағытталған. 
      Қоршаған ортаны қорғау шешiлу нәтижесi экономиканың барлық салаларына, сондай-ақ мемлекеттiң саяси және әлеуметтiк жағдайына ықпал ететiн, стратегиялық мiндет болып табылады. Әлеуметтiк-экономикалық қайта өзгерістердiң күллi жетiстiгi қоршаған ортаны қорғау және табиғатты орынды пайдалану саласындағы мемлекеттiк саясатқа тiкелей байланысты. 
      Республикада қоршаған ортаның жағдайы қанағаттанғысыз болып отыр әрi ауаның, топырақтың және судың ластануы халық денсаулығына керi әсер тигiзуде. Бұл факторларды өнеркәсiптiк және тұрмыстық қалдықтардың және ластанған ағын сулардың шоғырлана жиналуы едәуiр күшейте түсуде. 
      Елде ескiрген технологиялардың болуы ластайтын заттарды қоршаған ортаға тастаудың жақын арада азаймайтынын болжауға негiз болады. 
      Экономика салаларын қалпына келтiру мен дамыту ластанған заттарды қоршаған ортаға шығару мен тастау көлемiн бiр деңгейде ұстап тұрған кезде жүзеге асырылуы тиiс. Сондықтан өнеркәсiптi дамыту, қала құрылысы және басқа да ауқымды кез келген салалық бағдарламаны әзiрлеу кезiнде, оның қоршаған ортаға әсерiн бағалау мәселелерi қаралуы тиiс. Осылайша, қоршаған ортаны басқару жүйесiн жетiлдiретiн экономиканы экологияландыру жүзеге асырылуы тиiс. 
      Қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру, қоғамның барабар қажетiне орай, табиғатты пайдалану процесiн реттеу үшiн, өндiрiстiң өсуi кезiнде қалдықтарды шығару, тастау және жиналу деңгейiн тұрақтандыру қажет әрi қарай осы шарттарды сақтай отырып, қоршаған орта объектiлерiн қалпына келтiру жөнiндегi нақты шараларды дәйектi түрде жүзеге асыру қажет. Бұл қолданыстағы табиғатты қорғау заңнамасын халықаралық талаптарға сәйкес келтiрудi сөзсiз талап етедi. 
      Экономика мен экологияның ортақ мүдделерiн барынша жақындата түсу үшiн экспорттық саясатты өзгерту, жоғарғы технологиялық өндiрiстердi дамыту, табиғи ресурстарды мейлiнше аз пайдаланатын, қоршаған ортаға мейлiнше аз залал келтiретiн өндiрiстердi құру қажет. 
      Экологиялық қауiпсiздiк проблемаларын кешендi түрде шешу үшiн қоршаған ортаны нормадан артық, ластайтын кәсiпорындар үшiн міндетті экологиялық аудиттi енгiзе отырып халықаралық стандарттардың ИСО сериясы 14000 және ИСО сериясы 9000 "Сапа менеджментiнiң жүйесiн" практикаға енгiзу қажет. 
      Қоршаған ортаны басқару жүйесi ИСО сериясы 14000 пайдалану табиғатты қорғау заңнамасын жақсартуға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануды ынталандыруға, өнеркәсiп кәсiпорындарының экологиялық мiндеттемелерiн орындауға, нәтижесiнде импорт пен экспорт өнiмдерi бойынша көптеген проблемаларды шешуге байланысты ДСҰ-ға кiруге ықпал етедi. 
      Жоғары технологиялы өнiмдерге, тауарларға, қызмет көрсетулерге бағытталған экономикалық даму қоршаған ортаға салмақтың аз түсуiн қамтамасыз етедi. 
      Барлық экономикалық iс-әрекетте табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану принципi болуы тиiс. Қалдықсыз технологияларды мемлекет марапаттауы тиiс. 
      Әуе бассейнi. Республика қалалары әуе бассейнiнiң тым ластануы - ластаушылардың металлургия, мұнай өңдеу және химия өнеркәсiбi кәсiпорындарының, автомобиль және темiр жол көлiгiнiң зиянды заттарды шығаруынан, сондай-ақ қоспаларды сейiлтетiн қолайсыз климаттық жағдайлардан туындап отыр. 
      Республика қалалары әуе бассейнiнiң ластануына автомобиль көлiктерiн пайдаланудың да үлесi аз емес. 
      Қоршаған табиғи ортаға керi антропогендiк әсердi болдырмау әрi оның күшiн жою, адамның қалыпты өміp cүpуi ортасын жасау үшiн бiрiншi кезекте, елдегi экологиялық жағдайды шынайы, нақты және уақтылы бағалау қажет. Осындай жағдайда ғана табиғи орта сапасын реттеу жөнiнде негiзделген шешiмдердi қабылдау мүмкiн болады. 
      Ғаламдық әлеуметтiк сипаттағы қауiпсiздiк проблемалары мұнай өңдеу салаларында барынша айқын көрiндi. Адамзат баласы 1999 жылдың басында 90 млрд. тоннаға дейiн мұнай жақты. Бұл ретте мұнай өңдеу өнеркәсiбi өндiрiсте жаңартылмайтын шикiзат көздерiн пайдаланатынын, ол Жердiң биосферасын қосымша күн сәулесiнен қорғаушы озон қабатының ыдырауына, булану әсерiнiң күшеюiне, Жердiң атмосфера қабатын қосымша қыздыруға әкеп соғатынын атап өту керек. 
      Мұндай проблемаларды шешу бiрiншi кезекте шикiзатты үнемдi пайдалануға әкелетiн барынша қайта өңдеудi талап етедi. Қазақстан Республикасы Киото Хаттамасын бекiткен жағдайда, бу газдарының шығарындысына белгiленген квоталарды сату мүмкiндiгiне елге жол ашу бүгiнгi күнi нақты шындық деуге болады. 
      Су ресурстары. Республикадағы барлық су объектiлерiнiң сапалық жағдайы қанағаттанарлықсыз. Су объектiлерiне өндiрiстiң мұнай-химия, машина жасау салалары мен түстi металлургия кәсiпорындарынан шығарылған шайынды сулармен бiрге негiзгi ластанулар құйылады. 
      Қазақстанда бар ресурстарға және елдiң транзиттiк әлеуетiне көршi елдердiң өткiр мұқтажын ескере отырып, трансшекаралық суларды пайдалану проблемаларының кешендi ымыралы шешiмiн iздестiру қажет. 
      Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан аумағынан құйылатын өзен сулары бiздiң елдiң аумағына ластанып келедi. Осы елдердiң бiрде-бiрi Су ресурстарының трансшекаралық ластануы жөнiндегi конвенцияға қосылмаған. Осы елдермен екi жақты шарттарда бұл мәселелер жеткiлiксiз көрсетiлген, оған бiрлескен мониторинг және трансшекаралық су ресурстарының ластануын болдырмау жөнiндегi ереженi қосу қажет. 
      Қайтарылатын сулар табиғи сулар мен қоршаған ортаны ластаудың көзi болып табылады, оларды кәдеге жарату мен тазарту шешiмiн тапқан жоқ. Қайтарылатын сулардың көлемi - 4,0 шаршы км-дi құрайды, су қоймаларына қайтарылатыны - 2,0 шаршы км-ден аспайды, қалған ағындар тарала ағады немесе жоғалады. 
      Су ресурстарын қорғау және тиiмдi пайдалану үшiн: 
      шетелдiк және отандық озық технологияларды, пайдалану ластанған суларды тазарту, сулардың тартылуын, қоқыстануы мен ластануын болдырмау жөнiндегi тәжiрибенi пайдалану; 
      қолдағы шаруашылық күшiн, кадрларды, жобалау және ғылыми әзiрлемелердi пайдалану; 
      суға аса мұқтаж өңiрлерде суды қажетсiнетiн өндiрiстердi дамыту қарқыны мен көлемiн шектеу; 
      суды сақтау технологиясын, суды пайдаланудың айналымды және тұйық жүйесiн жаппай енгiзу; 
      өнеркәсiптегi өнiм бiрлiгiне келетiн үлестiк су тұтынуды азайту шараларын жүзеге асыру; 
      суды пайдалану аясында суды пайдаланудың шығынын азайту; су шаруашылығы жүйесiн суды өлшеу және суды реттеудiң қазiргi құралдарымен жабдықтау; 
      сулар мен сарқындыларды қатаң нормалау және кейiннен сарқындыларды нормалаудан жоюға көшетiн оларды пайдалану көрсеткiштерiн әзiрлеу қажет. Жаңа кәсiпорындарды салуды су объектiлерiне ластайтын заттар шығарындысын мүлдем болдырмау арқылы жүзеге асыруы тиiс. 
      Қалдықтарды игеру. Ел өңiрлерiндегi табиғи ресурстар аса тиiмсiз пайдаланылуда. 
      Өндiрiстiң және тұтынудың қалдықтары, оның iшiнде қауiптi және радиоактивтi қалдықтарды игерудiң жүйесi жасалмаған, тұрмыстағы қалдықтарды жинау, сақтау, кәдеге жарату мен қайта өңдеу жүйесiнiң жетiлмеуi табиғи ортаның ластануына әкеледi. 
      Осыған байланысты қалдықтар өндiрiсi мен оларды пайдалану мониторингiн жүзеге асыру, қоршаған ортаға зиянды қалдықтарды көмудiң әсерiн бағалау қажет. 
      Ресурс-энергия сақтау технологиясын белсендi түрде енгiзу, қалдықтарды қайта өңдеу және пайдалану жөнiндегi қызметтi ынталандыру қажет. 
      Өнiмдi пайдалану кезеңiн экологиялық сертификаттау және төлемдердi жетiлдiру бағдарламаларын түзу мен iске асыру қажет. 
      Шикiзат пен қалдықтарды кешендi пайдаланудың тұйық технологиялық циклін жасауда бәсекеге қабiлеттi өнiмдi өндiруге, бағалы компоненттердi кәдеге жаратуға әрi онымен бiр мезгiлде қоршаған ортаға түсетiн салмақты азайтуға мүмкiндiк бередi.

8. Мемлекет пен  жеке сектордың өзара қатынастарының 
тетiктерi      

Ілгерiде атап өткендей, Стратегияны iске асыру кезiнде әлемдiк тәжiрибеге сүйене отырып, инвестицияларды үйлестiру жөнiндегi бастамаларды жүзеге асыруға және iскерлiк ынтымақтастықты дамытуға баса назар аударылатын болады. Даму институттары арқылы үлестiк (бақыланбайтын) қатысу қағидаттары арқылы ғана қаржылық қолдау көрсетiлетiн болады. Бұл жағдайда жеке сектор екiншi деңгейдегi банктердi қоса алғанда негiзгi тәуекелдердi өз мойнына алуы тиiс. 
      Мемлекеттiң жеке секторымен өзара қатынасы серiктестiк, мемлекеттiк қолдау мен ашықтыққа тең қол жеткiзу қағидатына негiзделетiн болады. Стратегияны iске асыру барысын талқылау және оны жетiлдiру үшiн ұсыныстар әзiрлеуге қатысты мемлекет пен жеке сектор арасындағы тұрақты диалог орнату және қолдау үшiн жүйелi негiзде семинарлар, форумдар және конференциялар өткiзiлетiн болады. Даму институты бұл iс-шаралардың бiрiншi кезектегi ұйымдастырушысы болады. 
      Мемлекет пен кәсiпкерлер арасын жалғастырушы болып табылатын қоғамдық кәсiпкерлер бiрлестiгiнiң жұмыс iстеуiне мемлекет жәрдемдесетiн болады. 
      Мемлекеттiк органдар мен даму институттарының жұмыс iстеуi Стратегияны iске асыру және олардың құзыретi шегiнде сапалы қызметтер көрсету ұсынуға толығымен бағытталатын болады.

9. Cтратегияны iске асырудың кезеңдерi және тетiгi      

9.1. Іске асыру  кезеңдерi 
      Тұтас алғанда Стратегияны iске асыру үш кезеңде: бiрiншi - 2003-2005 жж., екiншi - 2006-2010 жж., үшiншi - 2011-2015 жж. жүзеге асырылады. 
      Бiрiншi кезең (2003-2005 жж.) басты түрде дайындық сипатындағы iс-шараларды жүзеге асыруға байланысты болады. Стратегияны табысты түрде iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу, жаңа заңдар әзiрлеу, инвестициялық және инновациялық жобаларға мемлекеттiң қатысуын қамтамасыз ететiн мемлекеттiк институттар құру, ҚҚT талдау жүргiзу жөнiнде мамандарды даярлау, мемлекеттiң қатысуымен iске асырылатын тиiмдi жобаларды айқындау көзделедi. 
      Бұл кезеңде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына салық ауыртпалығын айтарлықтай төмендетуге қатысты өзгерiстер енгiзу, Қазақстанның Метрикалық конвенцияға қосылуы, Халықаралық электротехникалық комиссиясына, т.б. кiруi жоспарланады. 
      Осы кезеңде қорларды құруға көзделген капиталды түзу, Даму Банкiнiң жарғылық капиталын ұлғайту, жобаларды инвестициялаудың мемлекеттiк жүйесiн айтарлықтай жетiлдiру қажет. 
      Ғылымды, бiлiмдi дамыту және оны индустриялық-инновациялық дамытуға бағыттай отырып, кәсiби кадрларды даярлау саласындағы реформаны бастау, стандарттау мен сертификаттауды жетiлдiру, Қазақстанның ДСҰ-ға кiру процесiн аяқтау көзделiп отыр. 
      Осы кезеңдегi экономиканың дамуы индикативтi жоспардың болжамына сәйкес жүргiзiлетiн болады. 
      2003-2005 жылдар аралығы болжам бойынша өткен жылдардағы ЖIӨ-нiң нақты қарқынын ескере отырып, ЖIӨ-нiң екi еселенуiмен байланысты стратегиялық мақсатқа жету қамтамасыз етiледi.

2000 ж. салыстырғанда  2010 жылы ЖIӨ екi еселенуі бойынша 
кестенің болжамды орындалуы, (%)      

(Кестені қағаз мәтіннен қараңыз)      

Стратегиялық жоспар бойынша  ЖIӨ болжам бойынша нақты ЖІӨ      

Дерек көзi: Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi, Қазақстан Республикасының Статистика жөнiндегi агенттiгi      

Жоспарлы кезеңде экспорт  пен iшкi тұтынудың дәстүрлi тауарлары және қызметтерi өндiрiсiнiң бiр мезгiлде сан жағынан өсуiмен қатар өнеркәсiп пен аграрлық секторды қайта жаңғырту, жұмыстың инвестициялық-құрылыс күллi кезеңiн түбегейлi өзгерiсi есебiнен экономиканың тұрлаулы дамуын қамтамасыз ету үшiн негiз салыну қажет. 
      Орта мерзiм iшiнде ғылыми, ғылыми-техникалық қызметтiң, бiлiм және денсаулық сақтау жүйелерiн, құрылымдық-институционалдық дамыту және мемлекеттiк қызметшiлер мен бюджеттiк ұйымдар қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесiн, бюджетаралық қатынастарды жетiлдiру, қаржы секторын дамыту және ырықтандыруды жалғастыру қажет. Тиiмдi инновациялық инфрақұрылымның негiзi қалануға тиiс. 
      Соңғы жылдардағыдай тауарлар мен қызметтер өндiрiсiнiң өсуi тау-кен өнеркәсiбiн дамытудың қарқын алу есебiнен, ең алдымен мұнай мен газ өндiрудi ұлғайту есебiнен қамтамасыз етiлетiн болады. Бұл кезде макроэкономикалық саясат төмен инфляцияны қамтамасыз етуге, Қазақстан экономикасына тiкелей инвестициялардың келуiне және экспортты ұлғайтуға ынталандыратын жағдай жасауға бағытталуы тиiс. 
      Осыған сәйкес монетарлық саясат 5,5 және 4 % арасындағы инфляцияның орташа жылдық өсiмiн қамтамасыз етуi тиiс. Мұнай бағасының конъюнктурасы Қазақстан үшiн қолайлы кезде теңгенiң құнсыздануы АҚШ долларына қатысты жылына тиiсiнше 4,5 және 3 % арасында ауытқуы тиiс. 
      Екiншi кезең (2006-2010 жылдар) Стратегия iс-шараларын экономиканың барлық салаларында белсендi iске асыру кезеңi болады. Бұл халықаралық стандарттар бойынша ғылым мен техниканың жетiстiктер негiзiнде қуаттарды құру, сондай-ақ қажеттi мамандарды даярлау жөніндегі мәселелерiн кешендi шешуге мүмкiндiк бередi. 
      Ғылыми-инновациялық инфрақұрылым негiзiнен қалыптасатын болады. 
      Жеке сектордың, шетел инвесторларының, мемлекеттiк бюджет пен мемлекеттiк қаржы институттарының қаржы ресурстары бiрыңғай бағытта жұмыс iстеп, инфрақұрылымды дамыту, қайта жаңғырту, жұмыс iстейтiн кәсiпорындарды кеңейту және жаңа өндiрiстер құру проблемаларын кешендi түрде шешедi. Бұл ретте iрi, орта және шағын кәсiпорындарды үйлесiмдi дамыту қамтамасыз етiледi. 
      Кейбiр кәсiпорындар құру нормаларын ескере отырып, индустриялық-инновациялық даму стратегиясын iске асырудың алғашқы нәтижелерiн көредi. 
      Өнеркәсiптi жаңғыртуға және экономика құрылымын әртараптандыруға бағытталған көптеген жобаларды iске асыру басталады. 
      Экономиканы әртараптандыру саласындағы бiрқатар iлгерiлеуге қарамастан экономиканы дамыту негiзiнен мұнай мен газды өндiру және экспорттаудың өсiмi есебiнен қамтамасыз етiледi. 
      Болжам бойынша 2010 жылы 2000 жылмен салыстырғанда ЖIӨ екi еселенуi саласындағы стратегиялық мақсат мұнай мен газды өндiрудi дамыту қарқынының өсуi есебiнен iске асады. 
      Yшiншi кезең (2011-2015 жылдар) Стратегияны iске асыру бөлiгiнде аса өнiмдi болады. Осы кезеңде iске қосылған қуаттарды және жаңа салалар мен рыноктардағы ҚҚТ дамыту жүзеге асатын болады. Тауарлар мен қызметтер өндiрiсiнiң және экспорттаудың өсу қарқыны мұнай мен газ өндiрудiң өсiмiнен асып түседi. Экономика салалары мен экспорт құрылымын әртараптандыру жүредi.      

9.2. Iске асыру тетiгi 
      Стратегияны орындау Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын ескере отырып, оның iске асырылуы жөнiнде iс-шаралар жоспарлары арқылы жүзеге асырылады және Қазақстан Республикасының Үкiметi үш жылдық кезеңге әзiрлеп, бекiтедi. 
      Iс-шаралар жоспарында елдiң индустриялық-инновациялық дамуының әрбiр кезеңiнiң сапалық ерекшелiктерi көрсетiлiп, Стратегия қағидаттарын iске асыру жөнiндегi нақты шаралар көзделедi. Индустриялық дамудың басым бағыттары бойынша бөлек салалық (секторалдық) бағдарламалар әзiрленедi. Онда нақты атқарушылар мен iске асырудың мерзiмдерi, сондай-ақ қаржыландырудың жылдар бойынша болжанатын көлемi мен көздерi көрсетiледi. 
      Бағдарламаларды әзiрлеу ғылыми-зерттеу және басқа да ұйымдардың меншiк нысанына және ведомствоға жататынына қарамастан қатысуымен жүзеге асырылатын болады. 
      Кешендi түрде жоспарланатын iс-шаралар орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың елдiң индустриялық-инновациялық дамуының барлық бағыттары бойынша мақсатты және келiсiлген iс-қимылын қамтамасыз ету жөнiндегi қызметiн барынша үйлестiруге мүмкiндiк бередi. 
      Қазақстан Республикасының Үкiметi Стратегияның iс-шаралар жоспарын орындау және жоспарланатын көрсеткiштер (индикаторлар) жетiстiгiнiң барысын бақылау жасау арқылы Мемлекеттiк стратегияны iске асырудың тұрақты мониторингi мен тиiмдiлiгiн бағалауды жүзеге асырады.

10. Қажеттi ресурстар және оларды қаржыландыру көздерi      

Стратегияны iске асыруға  арналған инвестициялық сипаттағы  тiкелей шығындардың болжанатын көлемi жылына 1,2 млрд. АҚШ долл. құрайды. Бұл ретте Стратегияны icкe асырудың мемлекеттiк шығындарының құны 2002 жылдың бағасы бойынша жылына 260 млрд. AҚШ долл. құрайды. Стратегияны iске асыру шеңберiнде жеке секторды қаржыландыру үшiн даму институттарына бұл қаражаттарды жыл сайын бөлу жоспарланады. Республикалық және жергiлiктi бюджеттен ғылымды, бiлiмдi, кәсiби мамандарды даярлауды қаржыландырудың көлемi тиiстi жылға арналған бюджеттi қалыптастыру кезiнде айқындалатын болады. Стратегияның iс-шараларын қаржыландыру үшiн Даму Банкiнiң, Инвестициялық қордың, Инновациялық қордың қаржылары iске қосылады. Бұл орайда инвестициялық және инновациялық жаңа институттар құруда iрi қаржы ресурстарын iздестiрудi қажет етедi. 
      Сонымен қатар, жаңа технологиялық және ғылымды қажетсiнетiн өндiрiстi дамыту мен құруға, инфрақұрылымды дамытуға бағытталған неғұрлым басым да тиiмдi жобаларды iске асыру үшiн халықаралық ұйымдар мен донор-елдердi тарту көзделедi. 
      Негiзгi қаржы жүгi жеке секторға түсуi тиiс. Алдын ала бағалау бойынша мемлекеттiк және жеке капиталдың қатысуының ара қатынасы бестiң бiрге қатынасын құрауы тиіс.

11. Стратегияны  iске асырудан күтiлетiн нәтижелер      

Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын ойдағыдай iске асыру экономиканы әртараптандыру, жаңғырту негiзiнде елдiң экономикасының ұзақ мерзiмдi тұрақты өсуiне және өнiмнiң бәсекелес түрлерiн өндiру мен экспорттың өсiмiне жағдай жасау қамтамасыз етуге ықпал етуi тиiс. 
      Ел экономикасында жеке бастамалар басымдыққа ие болады. Барлық рынок субъектiлерi үшiн тең бәсекелес жағдай жасалады. 
      Экономиканың бәсекеге қабiлетiн арттыруда ғылым жетiстiгiн пайдалану жақсарады, менеджмент және маркетингтiк зерттеулер, өнiмдi стандарттау және сертификаттау және т.б. салаларда кейiндеп қалуды еңсеру шаралары қабылданады. 
      Инвестициялық және инновациялық жобаларды мемлекеттiң қаржы ресурстарының қатысуымен қаржыландыру үшiн таңдау бөлiгiнде iрiктеу рәсiмдерi өзiнiң мақсатқа сәйкестiгi мен ашықтығына ие болады. 
      Инвестициялық идеялар мен жобалардың келешегiн айқындау саласында қазiргi кездегi әдiстер қолданатын, жаңа қаржы институттары құрылады. 
      Салық және кеден заңнамалары бәсекелестiктi, қазақстан өнiмдерiнiң экспортын және елдiң экономикасына инвестициялардың келуiн ынталандыруға бағытталады. 
      Қазiргi заманғы және дамыған ғылыми-инновациялық және өндiрiстiк инфрақұрылымды құру, бiлiктiлiгi жоғары басқарушы, ғалым, инженер, техник кадрлар мен жұмысшы кадрларын даярлаудың тиiмдi жүйесiн құру есебiнен инвестициялар, технологиялар трансфертi, ғылыми жетiстiктермен алмасу үшiн Қазақстанның тартымдылық деңгейi жоғарылайды. 
      Маңызды құрылымдық өзгерiстер қосылған құны жоғары өнiмнiң жоғары технологиялық және ғылымды қажетсiнетiн өндiрiсiнiң пайдасына жүргiзiледi. 
      Экспорт елеулi түрде әртараптанады әрi Қазақстанның дайын өнiммен әлемдiк рынокқа шығуы кеңейе түседi, әлемдiк экономикаға Қазақстан экономикасының кiрiгуi шикiзат тауарлары ғана емес дайын бұйымдар және инновациялық қызметтер есебiнен тереңдей түседi. 
      Шағын және орта, әсiресе инновациялық бизнестi дамытуда шешушi бетбұрыс болады. Елде экономиканың нарықтық емес секторларының үлесi күрт қысқарады. Кәсiпорындардың қаржы-шаруашылық қызметiнiң ашықтығы қамтамасыз етiледi. 
      Тәуекелдердiң азаюы өнеркәсiптiң өңдеу секторында инвестициялардың келуіне қозғау салады, оны шетелдiк инвесторлар үшiн тартымды етедi, осы секторға қазiргi басқару әдiстерi мен өндiрiстiк технологиялардың тартылуын ықпал етедi. 
      Қор рыноктарының жұмысының түбегейлi жақсаруы зейнетақы, сақтандыру, инвестициялық қорлар қаражаты мен халықтың қаражатын экономиканың нақты секторының инвестициялық ресурстарына тарту күтiледi, шикiзат секторының кiрiстерiн өңдеушi сектор инвестициялары мен кiрiстерiне, салааралық капиталға қайта құйылуын өзгертуде айтарлықтай iлгерiлеу болады. 
      Ұсынған тәсiлдер мен шаралар банктер капиталдануының өсуiне және банктiң кредит тәуекелдерiн кемiтуге әкеледi. Бұл, өз кезегiнде инвестициялық ресурстарды өсуiне, кредит бойынша ставкаларды 3-4 %-ке дейiн төмендетуге, банктiң кредит ресурстарын шағын және орта бизнестiң қол жеткiзуiн ұлғайтуға қажеттi алғышарттар жасайды. Банк және басқа да қаржы институттарына деген сенiмдi нығайту салымдардың жалпы өңдеу секторындағы инвестицияға өзгеру проблемаларын шешедi. 
      Инвестициялық ахуалды жақсарту және экономиканы одан әрi ырықтандыру тұтастай алғанда шетел инвестицияларын тарту мен тауарларды экспорттаудың өсуіне ғана емес, отандық капиталды шетелге заңды түрде әкетуге және пайдалы орналастыруға әкеледi. 
      Экономиканың салық ауыртпалығын азайту және кәсiпкерлiк қызметтi қайта реттеу жөнiндегi шараларды iске асыру "ресми" және "көлеңке' экономиканың ара салмағын елеулi түрде өзгертедi. 
      Индустриялық-инновациялық саясатты белсендi жүргiзу экономиканың өсу қарқынын жылына кемiнде 8,8-9,2 % қамтамасыз етедi. Бұл 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы ЖIӨ көлемi шамамен 3,5-3,8 есе өседi. Сонымен қатар, өңдеу өнеркәсiбiнде орта жылдық өсу қарқыны 8-8,4 % дейiн, 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы жұмыс өнiмдiлiгiнiң өсiмi кемiнде 3 есе және ЖIӨ энергияны тұтынуы - 2 eceгe төмендейдi. 
      Стратегияны iске асыру нәтижесi 2015 жылы мұнай және газ кен орындарын қарқынды игеру кезiнде өнеркәсiп өндiрiсi мен экономика құрылымының түбегейлi өзгеруiне әкелмейдi. 
      Стратегияны iске асыру: 
      ЖIӨ құрылымындағы өнiмдердi шығарудың үлес салмағын 2015 жылы 46,5 %-тен 50-52 %-ке дейiн ұлғайту; 
      ЖIӨ құрылымындағы ғылыми және ғылыми-инновациялық қызметтiң үлес салмағының қызметiн 2000 жылы 0,9 %-тен 2015 жылы 1,5-1,7 %-ке дейiн көтеру; 
      ЖIӨ құрылымындағы өңдеу өнеркәсiбiнiң үлесiн 2000 жылы 13,3 %-тен 2015 жылы 12-12,6 %-ке төмендеуiнiң қарқынын баяулату (осы көрсеткiш салыстыру үшiн индустриялық саясатты жүргiзбесе 2015 жылы 10,9 %-тi құрайтын болады); 
      Стратегияны iске асырмаса, өнеркәсiп өндiрiсiндегi тау-кен салаларының қосылған құн үлесi 2015 жылы 55-56 %, оның ішiнде 2000 жылы 31,0 % және 25,6 % салыстырғанда мұнай өндiру - 50-51 % жетедi. Стратегияны iске асыруды ескере отырып, тау-кен өндiрiсi 45-47 % ғана құрайды. Бұл ретте ғылымды қажетсiнетiн және жоғары технологиялы өндiрiстiң үлесi 2000 жылы ЖIӨ 0,1 %-тен 2015 жылы 1-1,4 %-кe дейiн өседi. 
      Өңдеу өнеркәсiбiнiң қосылған құн құрылымында сапалы өзгерiстер болады. Металлургия және металдарды өңдеу үлесi өңдеу өнеркәсiбiнiң қосылған құнының жалпы көлемiнен 40,1 %-тен 27-28%-кe дейiн төмендейдi, ал ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң үлесi 38,1 %-тен 45-46 %-ке дейiн өседi. Бұл ретте ғылымды қажетсiнетiн және жоғары технологиялы өнiм 2000 жылғы 0,6 %-ке қарағанда 9-11 %-тi құрайды. 
      Бұл ретте күнкөрiстiң төменгi деңгейi, ең аз жалақы және зейнетақы өседi. Ел тұрғындарының нақты ақшалай табысы 2,1-2,4 есе ұлғаяды.

Информация о работе Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы туралы