Ақша және ақша жүйесінің теоретикалық негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Декабря 2011 в 07:40, дипломная работа

Описание работы


Ақша дегеніміз - тауардың жалпы эквивалентінің тиянақталған түрі, қүнның эквиваленттік формасы мен түтыну қүны біте қайнасқан ерекше тауар. Яғни ақша - тауар өндіру мен оны айырбастау үрдісінде басқа тауарлардан бөлініп шыққан ерекше тауар, оның айрықша қызметі - барлық тауарларға ортақ балама (эквивалент) рөлін атқару. Осыдан келіп ақшаның жаппай күші болады. Ақшаның қогамдагы мәнін К. Маркс "жеке адам өзінің қогамдық билігін де, қоғаммен байланысын да өзінің қалтасына салып жүреді" деген афоризммен сипаттады.

Содержание


Кіріспе
1 Тарау. Ақша және ақша жүйесінің теоретикалық негіздері
1.1. Ақшаның мәні, анықтамасы, пайда болуы
1.2. Ақша түрлері
1.3. Ақша жүйесі, ақша массасы
2 Тарау. Ақша нарығы. Ақшаға ұсыныс пен сұраныс
2.1. Ақшаға сұраныс
2.2. Ақша ұсынысы
3 Тарау. ҚР –ның ақша жүйесі
3.1. Қазақстандағы ақша реформалары
3.2. ҚР ақша жиыны және ақша қаржы жаналығы.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиет тізімі

Работа содержит 1 файл

Ақша және ақша жүйесінің теоретикалық негіздері 31 стр.doc

— 214.50 Кб (Скачать)

      Мазмұны 
 

Кіріспе 6 бет
1 Тарау.  Ақша және ақша жүйесінің теоретикалық негіздері 7 бет
1.1. Ақшаның  мәні, анықтамасы, пайда болуы 7 бет
1.2. Ақша  түрлері 12 бет
1.3. Ақша  жүйесі, ақша массасы 13 бет
2 Тарау.  Ақша нарығы. Ақшаға ұсыныс пен  сұраныс 17 бет
2.1. Ақшаға  сұраныс 17 бет
2.2. Ақша  ұсынысы 20 бет
3 Тарау.  ҚР –ның ақша жүйесі 24 бет
3.1. Қазақстандағы  ақша реформалары 24 бет
3.2. ҚР  ақша жиыны және ақша қаржы  жаналығы. 27 бет
Қорытынды 31 бет
Пайдаланған әдебиет тізімі 33 бет
 
 
 
 
 
 
 

 

       КІРІСПЕ 

      Ақша  дегеніміз - тауардың жалпы эквивалентінің тиянақталған түрі, қүнның эквиваленттік  формасы мен түтыну қүны біте қайнасқан  ерекше тауар. Яғни ақша - тауар өндіру мен оны айырбастау үрдісінде  басқа тауарлардан бөлініп шыққан ерекше тауар, оның айрықша қызметі - барлық тауарларға ортақ балама (эквивалент) рөлін атқару. Осыдан келіп ақшаның жаппай күші болады. Ақшаның қогамдагы мәнін К. Маркс "жеке адам өзінің қогамдық билігін де, қоғаммен байланысын да өзінің қалтасына салып жүреді" деген афоризммен сипаттады. Ол мынадан айқын көрінеді:

      Біріншіден, тек ақшаға айырбастау арқылы ғана тауарлар қогамдық еңбектің нәтижесі екенін анықтауға болады. Мысалы, ақшаның  тауар айырбасында делдал-дық  етуі арқылы қогамдық еңбектің сапалық  деңгейі айқыңдалып, сандық есебі жүргізіледі.

      Екіншіден, әр адамның еңбектегі, ягни қоғамдық өндірістегі үлесін де ақша арқылы анықтауға болады. Себебі адам қоғамдық еңбектегі үлесін жалақы ретінде  алғанда, ақша төлем қүралы қызметін атқарғаны.

      Үшіншіден, айырбас үрдісінде ақшаның делдалдық етуімен тауардың іішсі қайшылықтары да шешіледі. Тек ақшаның пайда болуына байланысты бүкіл тауарлар түтыну қүны түрінде айырбас қатынасының бір жағын-да түрады да, ал екінші жағында бүкіл тауарларга қарама-қарсы ақша түрады.

      Тауарлар  дүниесінің тауар және ақша болып екіге бөлінуі оның түтыну қүны мен қүнының, яғни тауардың ішкі қарама-қарсы жақтарының қайшылығын шешуге жол салады. Өйткені, егерде тауар сатылса, болғандыгы. Бүл бір жағынан, ал екінші жағынан оның қүнының бар екендігі дәлелденгені. Сатылған қүн енді ақша түрінде тауар өндірушінің қолына түседі. Сөйтіп, тауар өндірушіге түскен ақшаның мөлшеріне қарай өз өндірісіне басқа кез келген қажетті түтыну қүнын алуға мүмкіндік туады.

 

1 Тарау. Ақша және  ақша жүйесінің  теорияның негіздері 

    1. Ақшаның мәні, анықтамасы, пайда  болуы
 

      Қүн түрлерінің даму заңдылыктарын тексеру, ақшаның шыгуы тауар айырбасынын  дамуыман туған тарихи процесс деген  қорытынды жасауға мұмкіндік  береді. Ақшаның шығу себебі тауар  ендірісі кайшылыктарының етек жайып, тереңдеуінде. Ақша - жоғарыда айтылғандай, жалпылама эквиваленттің ерекше қызметін атқаратын тауар. Ақша да, тауар да когамдық еңбектін өнімдері. Бірақ өндіріс кұрал-жабдықтарына жеке меншік жағдайында барлық тауарлар нарыкта тікелей жеке еңбектің өнімдері ретінде саналады, ал акша - тікелей коғамдык еңбектің (жалпылама эквивалент бейнесі ретінде болады. Тек акшага айырбастау аркылы ғана тауардың  шын мәніиде когамдық еңбектің өнімі екендігін аныктауға мұмкіндік туады. Баскаша айтқанда, нарыкта қоғамдық еңбекке сан және сапа жағын есеп жүргізіледі, ал ақша онын құралы болып табылады.

      Сырттай бір-біріне тэуелсіз тауар өндірушілер  арасындағы қатынастар айырбас процесінде жүзеге асады. Ақша тікелей тауар  айырбастаудың қайшылыктарын шеше отырып, сонымен қатар, тауар шаруашылығы кай шылыктарының онан әрі тереңдеуіне жағдай жасайды.

      Тауар мен акша арасында үнемі болып  тұратын үндестік пен қайшылық бар. Ол тұтыну құны арқылы көрініс табады.

      Акша - зат та емес, байлық та емес, өндірістік катынас. Бұның мазмұны меп мәнін  акшаның атқаратын кызметтерінен, яғни коғамдық міндеттерінен анык байқауға болады.

      Акша  бес түрлі қызмет атқарады. Олар: құн өлшемі, айналыс құралы, төлем  құралы, қазына жинау, дүниежүзілік ақшалар.

      Акшаның құн мөлшері қызметі деп онын өзінен басқа тауарлардың құнын анықтау қабілетін айтады. Қазіргі кезде ақшаның бұл қызметін адамдардың ойлау кабілеттерінің нәтижелерінен қалыптаскан акшалар атқаруда. Бастапқы кезде акшаның бқл қызметін өзінің қүны болатын заттар ғана, ягни алтын атқарды. Алтынның қүнымен бейнеленген тауарлардың құны, оның бағасы деп аталады. Тауардың құны жогары болса, онда ол алтынның коп мөлшеріне теңестірілгсн болды. Демек, тауардын бағасы тауардың қүнына тәуелді. Бірак та тауардың бағасы тек қана тауардың құнына  емес, ол алтынның кұнына да тікелей байланысты болады: егер де алтынның бағасы кымбаттаса, онда тауардың багасы арзандайды; егер де алтыннын багасы арзандаса, онда тауардын бағасы қымбаттайды. Жоғарыда  аталған категория жөнінде құнның еңбек теориясынын басты ерекшеліктері осындай.

      Акшаның айналыс құралы кызметі - тауар айырбасының формуласы Т-А-Т бойынша онын делдалдык рөлін аткаруына байланысты: тауар айырбасы екі актіден, яғни сатудан Т-А жэне сатып алудан А-Т құралады.

      Тауар иесі. тауар сатып, жана тауарды іле  сала сатып алмай акшаны өзінде қалдыруы мүмкін. Осы мезетте баска біреулер өз тауарларын сатып откізе алмауы мүмкін. Демек, ақшаның осы кызметін аткаруына байланысты артық өндіру дағдарыстары пайда болуы ықтимал.

      Ақша  озінің айналыс кұралы қызметін монеталар  мен кағаз ақшалар түрінде атқарады.

      Монета  деп өзіне тән формасы бар  және айрықша коспадан қүралатын  күйма металды айтады.

      Қағаз ақшалардың оз кұны болмайды, сол себепті  олар кұн өлшемі қызметін атқара алмайды, бірақ ол алтынның рәмізі іспетті  болады. Қағаз акшалар алғашкы рет Қытайда XII ғасырда жасалып шыгарылды, ал Ресейде 1769 жылы Екатерина ІІ кезінде жасалды.

      Айналыстағы кағаз акшалар мөлшері айналысқа  қажет алтын мөлшеріне сәйкес болуы тиіс. Егер де айналыстағы  кағаз ақшалардың мөлшері қажетті  алтын мөлшерінен көп болса, онда кағаз ақша құнсызданады, олардың төлемпаздык кабілеті төмендейді, ал тауарлар бағалары кымбаттайды.

      Тауар бағаларының қымбаттауына байлаиысты акшаның құнсыздану процесін инфляция деп атайды.

      Жалпы алғанда, айналысқа қажет акшаның  мөлшері тауарлар бағаларының жиынтығын ақша өлшемдерінін жылдамдығыпа бөлу арқылы аныкталады. Ақша дегеніміз құдіретті байлыктың бейнесі және өтімділігі жоғары, яғни оның тез сатып еткізуді жүзеге асыратын қабілеті бар.

      Егер  бір тауарды сатып өткізгеннен  кейін, басқатауар сатып алынбаса. онда алтын айналыс сферасына өз уакытында қайтып оралмайды және ол қазынаға (қорға) айналады. Алтынның қазынаны жинау қызметін алтын құймалары мен монеталары, алтын немесе күмістен жасалган әсемдік бұйымдар атқарады.

      Қазына (қор) жииау қызметі - ақша айырбасы өркендеген кезде қазына айнадыс құралына айналады, осылайша алғашқыда тауар - акша катынасы кездейсок реттеліп отырды.

      Қазіргі кезде алтынның - айналыстағы ақша массасын кездейсоқ реттейтін қызметі  тоқтатылды, яғни бұрынғыдай ақша рәміздерін алтынға еркін айырбастау жойылған. Бүгінгі таңда алтынның қазына болу қызметі, мемлекет пен жеке азаматтардын сақтандыру қоры ретінде шектеулі шеңберде сақталады.

      Жинақталған мемлекеттік және жеке меншіктегі алтын  қорлары жалпылама байлықты қүрайды. Қағаз ақшалар қазына бола алмайды, ойткені олардын өздерінің құндары болмайды, бірақ қор жинау кұралы кызметін атқарады.

      Тауар өндірісінің одан әрі дамуына  байланысты тауарларды несиеге сату қажеттігі пайда болады. Мұның  басты себебі тауарларды жасау мен оларды сатып өткізу мерзімдерінің әртүрлі болуында.

      Ақшаның төлем құралы қызметін атқару барысында. оның жаңа түрлі несиелік ақшалар пайда болды. Оған жататындар – вексельдер,  банкноттар, чектер.

      Вексель деп борышқордың ақша сомасының  мөлшері мен оны кайтару мерзімі жазбаша көрсетілген қарыз міңдеттемесін айтады.

      Банкноттар  деп банктін векселін айтады. Банкноттардың  қағаз ақшалардан айырмашылыктары:

      а) банкноттың екі тармағы болады — несиелік (коммерциялык вексель) және металдык (банктің алтын кора);

      э) кағаз ақшаларды мемлекет жасап шығарады, ат банкноттарды орталық эмиссиялық банктер шығарады;

      б) қағаз ақшалар айналыс кызметін атқарады, ал баикноттар - төлем 
құралы қызметін аткарады.

      Чек дербес тұлғаның агымдағы есеп-шотынан  банктің белгілі акша сомасын төлеуі немесе оны басқа есеп-шотка аударуы жөніндегі жазбаша үкімін айтады.

      Чектің  уш турі бар:

  1. еншілік (басқаға беруге жатпайтын);
  2. ордерлік (индоссамент бойынша басқа адамга беруге болатын);
  3. сенімділік (индосаментті талап етпей берілетін).

      Бір елмен екінші ел арасындағы айналыстардагы акша - өзінін барлық кызметтерін атқаруы арқылы — дұниежүзілік ақшага айнапады. Дүниежүзілік акша: халықаралық төлем және сатып алу-сату, сондай-ак әр елдің байлығын бейнелейтін құрал қызметін атқарады.

      Қазір дұниежузілік акша ролін номиналдық алтын мазмұны бар қағаз. ақша аткарады. Олар металл ақшадай тозуды, салмагы кемуді, кұны азаюды білмейді.

      Ақша  және тауар мөлшері тепе-теңдікте болуы шарт. Егер біріншісінің шамасы көбейіп кетсе құнсызданады, инфляцияга кызмет етеді. Белгілі бір елдің айналыстағы кағаз акшасының шамадан тыс көбейіп кету салдарынан онын кұнсыздануын - инфляцня дейміз. Ол тауарлардың багасын шамадан тыс кетеріп жібереді.

      Осындай келеңсіз жағдайларды болдырмау  немесе дұрыс калыпқа  келтіру  шаралары бар. Олар: девальвация және ревальвация.

      Қағаз ақшанын ресми кұнын езінің тұракты  калпына келтіруді - девальвация  дейміз. Ашық және бүркемелі жолдары  бар. Девальвация шараларының негізгілері: үлттық ақшіа өлшемінің алтындық мазмұнын кеміту; шетел валюталары мен қатынас курсын төмендету; толық құнды несие билеттерін шығару, бағасы төмендегеп ақшаларды айналымнан алыптастау; айналымдағы қағаз ақшаны ресми төмендету мақсатымен ақша реформасын жүргізу.

      Ревальвация - ақшаның ресми құнын тұрақтандыру және баганың инфляция зардабынан өсуіне қарсы ықпал жасаудыи әдісі. Ақша курсын өсіру деген сөз.

      Айналыс құралы қызметін атқаратын ақша арқылы тауарлар бағасы жүзеге асатын болғандықтан, айналыска қажетті ақша мөлшері  ең алдымен тауар бағасының сомасына байланысты болады. Ақша неғұрлым шапшаң айналса, ол согұрлым айналысқа аз керек болады. Мұнан мынадай корытындыны жасауға болады: айналысқа қажетті ақша мөлшері тауар бағасы сомасынын белгілі ақша өлшемінің (баға. марка, доллар т.т.) айналым шапшандығына бөлінуіне тең болады. Сөйтіп. айналыска қажетті ақша мөлшері (М), үш факторға байланысты болады 1 ) тауар мөлшері (Т) 2) тауар бағасының дәрежесі (Б), 3) ақшаның айналыс шапшандығы (АШ). Бұл тәуелділікті мына төмендегі формула түрінде көрсетуге болады: 

      М= ТБ/АШ 

      Ақша  айналысының халі ақша айналысы сферасынан тыс жатқан жағдайларга байланысты және оған объективті түрде болатын біркатар факгорлардың әсерін көрсетеді. Тауарды сату-сатып алу процесі, онын шапшаңдығы, сондай-ақ ақша айналымының шапшандығы өндіріс жағдайына, транспорттың даму дәрежесіне, қала мен ауыл арасындағы экономикалық қарым-қатынастарға, несие жұйесінің жағдайына және т.с. байланысты болады.

Информация о работе Ақша және ақша жүйесінің теоретикалық негіздері