Ақша және ақша жүйесінің теоретикалық негіздері
Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Декабря 2011 в 07:40, дипломная работа
Описание работы
Ақша дегеніміз - тауардың жалпы эквивалентінің тиянақталған түрі, қүнның эквиваленттік формасы мен түтыну қүны біте қайнасқан ерекше тауар. Яғни ақша - тауар өндіру мен оны айырбастау үрдісінде басқа тауарлардан бөлініп шыққан ерекше тауар, оның айрықша қызметі - барлық тауарларға ортақ балама (эквивалент) рөлін атқару. Осыдан келіп ақшаның жаппай күші болады. Ақшаның қогамдагы мәнін К. Маркс "жеке адам өзінің қогамдық билігін де, қоғаммен байланысын да өзінің қалтасына салып жүреді" деген афоризммен сипаттады.
Содержание
Кіріспе
1 Тарау. Ақша және ақша жүйесінің теоретикалық негіздері
1.1. Ақшаның мәні, анықтамасы, пайда болуы
1.2. Ақша түрлері
1.3. Ақша жүйесі, ақша массасы
2 Тарау. Ақша нарығы. Ақшаға ұсыныс пен сұраныс
2.1. Ақшаға сұраныс
2.2. Ақша ұсынысы
3 Тарау. ҚР –ның ақша жүйесі
3.1. Қазақстандағы ақша реформалары
3.2. ҚР ақша жиыны және ақша қаржы жаналығы.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиет тізімі
Работа содержит 1 файл
Ақша және ақша жүйесінің теоретикалық негіздері 31 стр.doc
— 214.50 Кб (Скачать)Ақша тек айналыс құралы қызметін аткарып қана коймайды, сонымен қатар ол төлем кұралы қызметін де атқарады, сондықтан несие катынастарының дамуына байланысты ақша айналысы заңының формуласы
М= ТБ-Кр+Т-От
АС
Айналыста болатын ақша мөлшері мынаған тең болады: сатылуға тиісті тауарлар бағасынын сомасына (ТБ), несиеге сатылган тауарлар бағасының сомасы (Кр), төлеу мерзімі жеткен төлемдер (Т), өзара өтелетін толемдер сомасы (ӨТ), ал осының бәрі белгілі бір ақша өлшемінін айналым санына бөлінеді (АС).
Ақша дегеніміз - тауардың жалпы эквивалентінің тиянақталған түрі, қүнның эквиваленттік формасы мен түтыну қүны біте қайнасқан ерекше тауар. Яғни ақша - тауар өндіру мен оны айырбастау үрдісінде басқа тауарлардан бөлініп шыққан ерекше тауар, оның айрықша қызметі - барлық тауарларға ортақ балама (эквивалент) рөлін атқару. Осыдан келіп ақшаның жаппай күші болады. Ақшаның қогамдагы мәнін К. Маркс "жеке адам өзінің қогамдық билігін де, қоғаммен байланысын да өзінің қалтасына салып жүреді" деген афоризммен сипаттады. Ол мынадан айқын көрінеді:
Біріншіден, тек ақшаға айырбастау арқылы ғана тауарлар қогамдық еңбектің нәтижесі екенін анықтауға болады. Мысалы, ақшаның тауар айырбасында делдал-дық етуі арқылы қогамдық еңбектің сапалық деңгейі айқыңдалып, сандық есебі жүргізіледі.
Екіншіден, әр адамның еңбектегі, ягни қоғамдық өндірістегі үлесін де ақша арқылы анықтауға болады. Себебі адам қоғамдық еңбектегі үлесін жалақы ретінде алғанда, ақша төлем қүралы қызметін атқарғаны.
Үшіншіден,
айырбас үрдісінде ақшаның
Тауарлар
дүниесінің тауар және ақша болып
екіге бөлінуі оның түтыну қүны мен
қүнының, яғни тауардың ішкі қарама-қарсы
жақтарының қайшылығын шешуге жол салады.
Өйткені, егерде тауар сатылса, болғандыгы.
Бүл бір жағынан, ал екінші жағынан оның
қүнының бар екендігі дәлелденгені. Сатылған
қүн енді ақша түрінде тауар өндірушінің
қолына түседі. Сөйтіп, тауар өндірушіге
түскен ақшаның мөлшеріне қарай өз өндірісіне
басқа кез келген қажетті түтыну қүнын
алуға мүмкіндік туады.
Ақша
айналысы заңы
Ақша айналысы заңы - қүн заңының айналыс аясындагы көрінісі. Ол тауар - ақша қатынастары болатын барлық қоғамдық формацияларға тән. Айналыстағы ақшаның саны К. Маркс ашқан ақша айналысы заңымен реттеледі. Тауар айналысына қызмет ету үшін қажетті ақша мөлшері екі факторға: біріншіден, бір кезенде, айталық бір жылда сатылуга тиіс тауарлар бағасының қосындысына, екіншіден ақша айналысының жылцамдығына байланысты өзгереді. Ақша айналысы заңы мына формуламен өрнектеледі:
M=P*Y/V
Ақша айналысы заңының мәні - ақшаның айналыс қүралы қызметін орындауы үшін қажетті ақша мөлшері сатылуға тиіс тауарлар бағасының көбейтіндісін бір аттас ақша өлшемінің айналым санына (айналым жылдамдығы) бөлгенге теңесуі керек.
Ақша тек айналыс қүралы ғана емес, сонымен бірге төлем қүралы қызметін де атқаратындықтан айналысқа қажетті ақша мөлшері де несиеге сатқан тауарлар сомасына байланысты азаяды. Қарыз міндеттемелерінің бірсыпырасы қолма-қол ақшасыз жолымен де неғұрлым көп бөлігі несиеге сатылса, айналысқа согүрлым аз ақша мөлшері қажет. Одан басқа, айналыстан шығарылған әлдеқандай ақша мөлшері шаруашылық-тың және халықтың тұрақты ақша қорын қүрайды.
Экономикада сатылған тауарлар бағасынан айналыста әлдеқайда кем ақша жиыны жүруінің себебі төлемеушілік проблемасының болуынан. Ол кезде Ү мөлшері теріс сан болады. Бірақ бұл Қазақстанда және басқа да директивалы экономика үлгісінен нарықтық үлгіге өтуші мемлекеттерде кездесіп отырған кәсіпорындар арасындағы төлемеушілік проблемасы жай ақша жиынын үлгайтумен шешідді дегенді көрсетпейді. Өйткені төлемеушіліктің көптеген себептері бар: төлем тәртібінің босандығы, төлемеушіліктің тізбегінде әлуетті күйреушілердің болуы, күйреушіліктің тиімді төжірибесінің болмауы, жеке меншіктендіру үрдісінің аяқталмауы, төлем құраддарының дамымауы және т.б.
Сөйтіп, айналысқа қажетті ақша мөлшері өндірістің даму жағдайларына әсер ететін көптеген факторларға: айналыстағы тауар мөлшеріне, тауарлар мен қызмет бағасының деңгейіне және т.б. байланысты өзгереді. Айналысқа қажетті ақша мөлшері ақша айналысының жылдамдығына кері пропорционалды өзгереді. Ал ақша айналысына әсер ететін жағдайлар мыналар:
- несиенің даму деңгейі, егер тауардың көп бөлігі несиеге сатылса, айналысқа сонша мөлшерде кем ақша қажет;
- қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың дамуы;
- ақша айналысы санының өсуі.
Айналысқа ақша екі түрде шыгарылады, эмиссияланады: қолма-қол ақша, яғни айналымдағы банкноттар және үсақ тиындар; банктік айналымдағы ақша түрі, яғни банктегі шоттарға жазылған сома. Екі деңгейлі банк жүйесінде ақшаның бірінші түрін, ягни қолма-қол ақшаны монополиялы қүқықпен орталық банк эмиссиялайды да, қолма-қол емес ақша белгілерін коммерциялық банктер жүйесі шығарады. Ақшаның екі түрі бірімен - бірі тығыз байланыста жүреді. Егер банк клиенті - шоттағы ақшаның иесі өз қаражатын қолма-қол ақша түрінде алса, онда банктік айналымдағы ақша белгілері нақты қолма-қол банкнотқа айналады. Керісінше, клиенттің шотқа жазу арқылы банкке ақша сомасын салуы қолма-қол ақшаның банктік айналымдағы ақша түріне айналуын көрсетеді.
Ақша
айналымының екі жағының
- Ақша түрлері
Ақшаның төлем құралы қызметін атқару барысында. оның жаңа түрлі несиелік ақшалар пайда болды. Оған жататындар – вексельдер, банкноттар, чектер.
Вексель
деп борышқордың ақша сомасының
мөлшері мен оны кайтару
Банкноттар деп банктін векселін айтады. Банкноттардың қағаз ақшалардан айырмашылыктары:
а) банкноттың екі тармағы болады — несиелік (коммерциялык вексель) және металдык (банктің алтын кора);
э) кағаз ақшаларды мемлекет жасап шығарады, ат банкноттарды орталық эмиссиялық банктер шығарады;
б) қағаз
ақшалар айналыс кызметін атқарады, ал
баикноттар - төлем
құралы қызметін аткарады.
Чек дербес тұлғаның агымдағы есеп-шотынан банктің белгілі акша сомасын төлеуі немесе оны басқа есеп-шотка аударуы жөніндегі жазбаша үкімін айтады.
Чектің уш турі бар:
- еншілік (басқаға беруге жатпайтын);
- ордерлік (индоссамент бойынша басқа адамга беруге болатын);
- сенімділік (индосаментті талап етпей берілетін).
1.3.Ақша
жүйесі, ақша массасы
Ақша жүйесі – бұл тарихи түрде қалыитасқан және ұлттық заңдылықтармен бекітілген ақша айналысы ұйымдастыру формасы.
Ақша жүйесінің өзіне тән типтері және элементтері болады. Ақша жүйесінің типі бұл ақшаның қандай формада болуын сипаттайды. Осыған байланысты ақша жүйесінің мынадай типтерін бөліп қарайды:
- металл ақша айналысы, яғни мұндай ақша тауары тікелей айналысты бола отырып, ақшаның барлық қызметтерін атқарады, ал несиелік ақшалар металға ауыстырылады
- несиелік және қағаз ақшалар жүйесі, яғни алтын айналыстан алынып тасталып, оның орнына несиелік және қағаз ақшалар айналысқа түседі.
Металл ақша айналысы екіге бөлінеді:
- Биметаллизм – жалпыға балама рөлі екі бағалы металға (алтын мен күміске) негізделген ақша жүйесі.
Биметаллизмнің үш түрі болған:
- қос валюталы жүйе, яғни мұнда алтын мен күмістең арасындағы шекті қатынас, металдардың нарықтық құндарына байланысты белгіленген
- қатар жүретін валюталар жүйесі, яғни мұнда бұл қатынас мемлекет тарапынан белгіленген
- ақсақ валюта жүйесі, яғни мұнда алтын және күміс монеталары заңды төлем құралы қызметін атқарады, бірақ бірдей негізде емес, себебі күміс монеталарды жасау жабық түрде жүзеге асырылып, алтын монеталарды жасауға ерік берілді.
- Монометаллизм
– бұл барлығына бірдей балама және ақша
айналысының негізі ретінде бір ғана металл
(алтын немесе күміс) қызмет ететін ақша
жүйесі.
Алтынға ауыстырылатын құн белгілерінің сипатына байланысты алтын монета стандарты, алтын құйма стандарты және алтын девиздік стандарты.
Алтын монета стандарты – бұл еркін тұсындағы капитализмнің талаптарына біршама сәйкес келе отырып, өндірістің, несие жүйесінің, дүнеижүзілік сауда мен капиталды сыртқы шығарудың дамуын қолдады. Бұл стандарт мынадай өзіне тән негізі белгілерімен сипаталады:
- алтын елдің ішкі ақша айналысында болып, ақшаның барлық қызметтерін бірдей атқарады
- алтын монеталарды құюға рұқсат етілді
- толық құнды емес ақшалар айналыста жүре отырып, еркін және шектеусіз мөлшерде алтын монетаға ауыстырылды
- алтынды және шетел валюталарын еркін түрде сыртқы шығаруға және ішке алып келуге болатын болды.
Алтын құйма стандартының алтын монетадан айырмашылығы, мұнда айналыста алтын монета болмайды және алтын монетаны еркін түрде жасауға тыйым салынады. Мұнда банкноталар, басқа толық бағалы емес ақшалар сияқты алтын құймасына тек олардың сомалары көрсетілген жағдайлар да ғана айырбасталды.
Австрия,
Германия, Дания, Норвегия және басқа
да елдерде алтын девиз стандарты
бекітіліп, мұнда да айналыста алтын
моента және алтын монетаны еркін
түрде жасауға болмайды. Мұнда
банкноталарды алтынға
Қазіргі ақша жүйесі мынадай элементтерден тұрады: ақша өлшемі, баға масштабы, ақша түрлері және эмиссиялық жүйе.
Ақша өлшемі – ол барлық тауарлардың бағасын көрсету үшін қолданылатын заңмен бекітілген ақша белгісі. Қазақстан Республикасының 1993 жылдың 15 қарашасынан ақша өлшемі – теңге және тиын. Ақша өлшемі, міндетті түрде, еселі ұсақ бөліктерге бөлінеді. Көптеген мемлекеттерде бөлудің ондық жүйесі бекітілген: 1:10:100.
Баға масштабы - ол тауарлар бағасын белгілеу үшін қолданылатын заңмен бекітілген техникалық құрал. Несие ақшалары алтынға айырбасталмайтындықтан ресми баға масштабы өз экономикалық мәнін жойды. Сондықтан ішкі тауар айналымында әр мемлекеттің өзінің баға масштабы қолданылыды
Ақша түрлері - ол осы мемлекетте заң жүзінде қолданылатын төлем құралдары – несие ақшасы және қағаз ақшалары, сонымен бірге ұсақ монеталар.
Эмиссиялау жүйесі – ол заңмен бекітілген ақша белгілерін айналысқа түсіру тәртібі. Экономикасы дамыған мемлекеттерде қолма-қол ақша айналысының негізін құрайтын банктік билеттерді шығаруға орталық банктің монополды құқығы бар.
Қазақстан
Республикасында қолма-қол ақша
шығарумен, оны айналысқа түсірумен
және айналыстан кері шығарумен тек Ұлттық
банк шұғылданады. Ұлттық банк басқа банкттерге
банкнота және тиындарды қолма-қол ақшасыз
есептеу арқылы олардың эквивалентін
алумен сатады.
Ақша
агрегаттары
Өнеркәсібі өркендеген мемлекеттерде ақша жиыны қүрамын анықтау үшін негізгі ақша агрегаттарының төмендегі жиынтыгын пайдаланады: