Ақша және ақша жүйесінің теоретикалық негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Декабря 2011 в 07:40, дипломная работа

Описание работы


Ақша дегеніміз - тауардың жалпы эквивалентінің тиянақталған түрі, қүнның эквиваленттік формасы мен түтыну қүны біте қайнасқан ерекше тауар. Яғни ақша - тауар өндіру мен оны айырбастау үрдісінде басқа тауарлардан бөлініп шыққан ерекше тауар, оның айрықша қызметі - барлық тауарларға ортақ балама (эквивалент) рөлін атқару. Осыдан келіп ақшаның жаппай күші болады. Ақшаның қогамдагы мәнін К. Маркс "жеке адам өзінің қогамдық билігін де, қоғаммен байланысын да өзінің қалтасына салып жүреді" деген афоризммен сипаттады.

Содержание


Кіріспе
1 Тарау. Ақша және ақша жүйесінің теоретикалық негіздері
1.1. Ақшаның мәні, анықтамасы, пайда болуы
1.2. Ақша түрлері
1.3. Ақша жүйесі, ақша массасы
2 Тарау. Ақша нарығы. Ақшаға ұсыныс пен сұраныс
2.1. Ақшаға сұраныс
2.2. Ақша ұсынысы
3 Тарау. ҚР –ның ақша жүйесі
3.1. Қазақстандағы ақша реформалары
3.2. ҚР ақша жиыны және ақша қаржы жаналығы.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиет тізімі

Работа содержит 1 файл

Ақша және ақша жүйесінің теоретикалық негіздері 31 стр.doc

— 214.50 Кб (Скачать)
stify">      М1  - айналыстағы  қолма-қол  ақша  (банкноттар,тиындар, ал кейбір мемлекеттерде  қазыналық билеттер) және банктік  агымдагы шоттардағы қаражат (депозиттер) жатады;

      М2 - оған М1 агрегаты және мерзімді 4 жылға дейінгі    коммерциялық    банкгердегі    мерзімді леріндегі жинақ салымдары кіреді;

      М3 - оған М2 агрегаты және арнаулы несие  мекемелеріндегі жинақ салымдары  кіреді;

      L – М3 агрегаты жене ірі коммерциялық банктердің депозиттік сертификаттары қосылады.

      Қорыта  айтқанда, әрбір келесі ақша агрегаты өзінен алдыңғылардың барлық элементтерін өзіне біріктіріп үлкен ақша жиынын қүрайды. Бірақ оның алдыңғыға қарағанда  өтімділігі төмен. 

      Ақша  жиыны 

      Ақша  жиыны нақты әр мемлекеттің өзіне  төн ақша-несие жүйесімен анықталады. Мысалы, АҚШ-та ақша жиынын анықтау үшін - төрт, Швейцария мен Германиада - үш, Үлыбританияда - бес, Францияда - екі ақша агрегаты қолданылады.

      Қазақстан Республикасының ақша жиынының құрылымына төмендегі ақша агрегаттары кіреді:

      М1 -  айналыстағы қолма-қол ақша;

      М2 - қүрамына М1 агрегатын және шаруашылық субъектілерінің есепшотгары мен  басқа депозиттерінің, занды түлғалардың  күрделі қаржыландыру шотының үзақ мерзімді несиелеу және қаржыландыру қорлары шотының, чектік және аккредитивтік шотгардың, қоғамдық және басқа үкіметтік емес ұйымдар шотгарының қалдығын және халық пен заңды түлғалардың талап етіп алатын салымдарын біріктіреді.

      Ақша  агрегаттарының қүрылымы түрақты қалыпта  болмайды. Ол ақша нарығы қүралдарының дамуына байланысты өзгереді.

      Ақша  жиыны бірнеше жолмен өсуі мүмкін:

  • банкноттар мен тиындарды эмиссиялау есебінен;
  • Орталық банктен коммерциялық банктердің несие алуымен;
  • мемлекетгік   бюджеттің   кемшілігін   жабу   үшін Орталық банктің үкіметке несие беруімен;
  • Орталық банктің асыл металдарды, шетел валютасын және мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алуымен;
  • чек шығаруымен немесе коммерциялық банктердің салым тарту негізінде қарыз беруімен (депозиттер негізінде несие ақшаларын шығару).

      Ақша  жиыны көлемінің өзгеруіне айналыстагы ақша жиынының өзгермелігімен қатар, оның айналым жылдамдыгы да өсер етеді. Ақшаның айналым жылдамдыгы жалпы экономикалық факторларға: экономиканың циклмен өркендеуіне, экономикалық дамудың қарқынына, бағаның өзгеруіне, сонымен бірге таза монетарлық факторларға, яғни төлем айналымының қүрылымына, несиелік операциялар мен өзара есеп айырысудың дамуына, ақша нарыгындағы Ақша жиыны айналымының баяулауы - үлтгық жиын-тық өнімді орналастыру коэффициентінің төмен екендігінің көрсеткіші. Егер ақша айналысының жылдамдығы артса, ол жоғары жағдаяттың (конъюнктура) барлыгы және ақша қаражатын жұмсаудың шапшаңдығын көрсетеді. Ақша айналысы жылдамдығы айналыстағы ақша санына кері пропорционадды өсер етеді, яғни ақша неғүрлым көп айналыс жасаса, согүрлым қосымша ақша эмиссиясының қажеттілігі азаяды.

      Сурет 1 – Орталық банктің ақшаға бақылау  жасауы

      

      

 

      Ақша  айналысының баяулауы шаруашылық субъектілерінің  ақша қорын жинауға үмтылысын  және ақша жиынының қүрылымыңца банктердегі  үзақ мерзімді салымдардың үлғаюын  көрсетеді.

      Айта  кететін жайт, "ақша айналысының  жылдамдығы" жэне "төлемдердің  жүру жылдамдығы" деген ұғымдардың бір-бірінен ерекшелігі бар. Соңғысы, сөзсіз, шапшаң болуы қажет. Оны шапшандататын  факторларға: өзара есеп айырысу  жүйесін дамыту, банк ісіне электронды есепгегіш техниканы жөне электронды ақша жүйесін енгізу жатады

. 
2 Тарау. Ақша нарығы. Ақшаға ұсыныс пен сұраныс
 

2.1. Ақшаға сұраныс 

      Ақша - төлем немесе халықаралық айырбас  қүралы.

      Ақша  сұранысын талқылаганда біз оны  нақты ба-ланстарға сұраныс түрғысынан қарастырамыз. Бүдан мынадай түжырымдар шығады: ақша сұранысы жеке адамдардың иемденетін ақшаларының сатып алу қабілетіне байланысты: 2. Атаулы ақша сұранысы баға деңгейімен бірдей артады. Онда жоғарыдағыдай өзгерістер болмайды.

      Өзгерістер  байқалмаған жағдайды төмендегіше айта-мыз. Егер баға деңгейіндегі өзгерістер жалпы басқа өзгерістерді түрақтандырса, жеке адам "ақша сұранысына" ие болмайды. Бүған керісінше, жеке адам баға деңгейінің өзгеруіне орай әрекет еткенімен, барлық нақты өзгерістер сол күйінде қалады да, ол бәрібір ақша салымынан зиян шегеді.

      Жинақталған тәжірибеге сүйене отырып, ақша сұранысының  нақты баланс сұранысымен бірдей екенін, ондағы өзгерістер баға деңгейіне  пропорционалды болатынын көреміз  Теориялық түрғьщан алғанда, ақша сұранысы қызметі өзекті мәселенің бірі болып келеді. Ол нақты табыс өскенде артуы тиіс, ал атаулы пайыз мөлшерлемесі өскенде ол қысқаруы тиіс.

      Ақша  сұранысын айқындайтын негізгі  үш себеп бар. Табыстағы өзгерістер мен пайыз молшерлемесіндегі  өзгерістердің ақша сұранысына эсерін көруге болады.

      Сөйтіп, төмеңцегі үш теория Кейнстің ақша үстаудағы үш теориясымен сабақтас келеді:

  • Келісімдер  мотиві,   мүнда  ақша  сұранысы  әрдайым төлем ретінде қолданылады;
  • Сақтық аргументі: ақша сұранысы күтпеген кездейсоқтыққа тап болады;
  • Жалдаптық дәлел: жеке адамдар қолындағы активтер мен ақша қүнына сенімсіздік білдіреді.

      Келісімдер  мен сақтық дәлел туралы сөз болғанда, біз негізінде М, жөнінде айтамыз, себебі М2 мен М3 жалдаптық дәлелге жатады.

      Ақша  сұранысын талқылағанда 2 түжырымға  сүйенеді:

  • монетарлық;
  • кейнстік. 
    Классиктер ақша сұранысын мына тендеу арқылы түсіндіреді:

      МV - РҮ

      М - айналымдағы ақша көлемі;

      V- ақша айналымының жылдамдығы;

      Р - баға деңгейі;

      Ү - өнім шығару көлемі.

      Сандық  теория түрғысынан ақшаға сұраныс екі  мотивке негізделеді. 1-мотив бойынша адамдар мен фирмалар ақшаны телем қүралы ретінде қажет етеді.

      Мәміле  жасау үшін керекті ақша көлемі:

  • тауар жиынының көлемі;
  • баға;
  • жиынтық табыс;
  • ақша айналымының жылдамдығына тәуелді болады.

     Бірақ басты фактор табыс болып саналады, сондықтан  

     Мtd = f (Y/+)

     Бұл жерде Мtd – ақшаға трансакциялық сұраныс

                        Y -  жиынтық табыс. 

     Дж. Кейнс ақша сақтаудағы үшінші мотивті - жалдаптық мотивті бөліп көрсетті. Бұл жағдайда ақша қо-рының дивиденд әкелмеген кезі қарастырылады.

      Классикалық және кейнстік тұжырым ақша сұранысында  келесі факторларды бөліп шығарады:

  • табыс көлемі Ү
  • пайыз мөлшерлемесі  і

Мtd = f (Y/+, і)

      Классикалық теория ақша сұранысын табыспен, ал кейнсгік керісінше пайыз мөлшерлемесімен  байланыстырады.

      Инфляция  факгорын жою үшін ақшаға нақты сүра-ныс көрсеткішін пайдаланады (М/Р)d, ал сұраныс функциясында атаулы пайыз мөлшерлемесі і пайдаланылады.

(М/Р)'1 =Ғ(Үі) 

      Мүқтаждықты қанағатгандыратын ақша басқаға  да пайдасын тигізеді. Адамдардың алыпсатарлық жасауы үшін бірқатар қаражаты болғанымен, олар кездейсоқ мүқтаждықтарға, яғни сақтауға жұмсалуы мүмкін. Жоғарыда айтылған үш дәлелдің әрқайсысы, егер басқа активтерге пайыз мөлшерлемесі артса, оңда ақша сұранысы төмендейді.

      Ақша  басқа активтерге қарағанда аз пайыз  түсіреді: доллар пайызының түсуі көп болған сайын жеке адам аз ақша үстайды. Ақшаның пайыз мөлшерлемесі артқан сайын ақша сұранысы да артады, ал балама активтерге пайыз жоғары болған кезде ол азаяды. Іс жүзінде біз ақша күнын ақшаға аламыз және де басқа активтерге, мысалы, сақтау мекемелеріндегі депозит немесе бірлестіктердің депозит куәлігі немесе коммерциялық іс қағаздарға төленген пайыз арқьшы да өлшеп аламыз. Ақшаның пайыз мөлшерлемесі -дербес пайыз мөлшер-лемесіне жатады.

      Бүл түстағы ақша құны басқа активтерден түскен табыс пен дербес пайыз мөлшерлемесі аралығындағы айырмашылыққа тең болады. 

 

       Ақша сұранысының  икемділігі

      Теңдеуде  табыстың өсуіне қарай ақша сұранысы пропорционалды артатыны көрсетілген. Басқаша айтқанда, табыстың ақшаға коэффициенті - ҮN/М табыс деңгейіне қарай артады. Табысы жоғары адам шамамен ақшаны аз мөлшерде үстайды. Бұл жерде кассаны басқаруда экономика деңгейі орын алады. Яғни ақша сұранысының икемділігі 1-ден аз.

      Табыс икемділігі ақша сұранысының пайыздық өзгеруін өлшейді. Ондағы өзгеріс табыстағы бір пайыздық өзгерісте болуы тиіс. Сонымен, тендеу ақша аударымы-ның икемділігі делдалдыққа 1/2 екенін және пайыз мөл-шерлемісіне де 1/2 екенін көрсетеді.

      Табыс артқан кезде адам қолдағы бір  долларын жұмсаған тұста қандай жағдай туыңдайды? Табыс жоғарылағанда кассаны басқару нәтижелі болады. Өйткені келісімнің әрбір долларының құны жоғары келісімдерге қарағанда төмендеу. Табыстың сұранысқа икемділігі:

      Δ(М/Р) . ΔҮ    Бұдан пайыздық   Δ(М/Р) : Δі 
             М/Р             Ү                            икемділік:                  М/Р               і

      Бұл өз кезегінде келісімдердің төменгі  құны - дел-далдық келісімінің нәтижесі болып отыр. 10 долл. аударымның құны 10 млн. долл. аударыммен шамалас, яғни бұл  аударылған әр доллардың құны көп  мөлшердегі аударымдар кезінде төмен болады.

      "Делдалдық  кұны" (tс — кассадан алу құны) уақытқа байланысты. Табыс артқанда tс ҮN-мен бірге артады. Ол кезде табыстың өсуі ақша сұранысының артуын көрсетеді де, ол 1/2-ден көп болады. Өйткені tс Үм -пен қатар жүреді.

      Монетарлық жиынтық құрауыштары

      Төменде монетарлық жиынтық құрауыштары  қысқаша түрде берілген.

  1. Валюта ақшадан және айналымдағы банкноттардан тұрады.
  2. Сұраныстағы депозитгер - коммерциялық банкгердегі пайызсыз тексерілетін есептер, бірақ овда басқа банктердің, үкімет және шетел банктерінің депозиті болмайды.
  3. Саяхатшылардың чегі банкте емес, мекемеде шығарылады. Банктерде шығарылған саяхатшылардың чек қағазы қажетті депозитке жатады
  4. Басқа тексерілетін депозиттер - пайызды тексеретін есептер, оған АТЗ есептері жатады. АТ5 сақтық кассадағы есептен аударымды дағдылы түрде жүргізеді. Сақтық   кассасына   ақша   салушы   АТS-пен   бірге   өз 
    активтерін жинақтау есебіне салады, сонан кейін оны 
    банк төлемінен соң дағдылы түрде есепке аударады.

      М1 =  (1) + (2) + (3) + (4)

  1. Тез арадағы қайта сатып алуға келісімдер. Банк бұл түста клиенттен қарыз алады. Банк валютаны (немесе қазыналық вексельді) бірін клиентке сатады да, оны ертесіне қайтадан тұрақты бағаға алуға уәде береді.
  2. Жедел жұмсалатын еуродолларлар, пайыз төлейтін, келесі кұні дайын болатын депозиггер АҚШ банктерінің кариб фирмаларында сақталады.
  3. Ақша нарығындағы жалпы қор акциялары. Жалпы пайыздық  қор  депозиттері  қысқа  мерзімді  активтерді инвестициялайды. МММҒ акциялары кейбір мекемелерде бар, бұлардың қорында М3 бар да, М2 жоқ.
  4. Ақша нарығындағы депозит есептері МММҒ 25 банктері арқылы жүргізіледі. Мұның артықшылығы - олар 100000 долларды қамтамасыз етеді.
  5. Сақтық кассасындағы депозиттер. Банктегі және басқа да сақтау мекемелеріндегі депозиттер чек арқылы аударылмайды, мұнда сақтық кассасына ақша салушыда жеке банктік есеп айырысу кітапшасы болады.
  6. Аз мерзімді депозиттер. Пайыздық депозиттердің белгілі бір уақыты бар, ол соған дейін төленуі тиіс. Оны "аз" деп 100000 доллардан кем болғанда айтамыз.

Информация о работе Ақша және ақша жүйесінің теоретикалық негіздері