Қазіргі кездегі бухгалтерлік есепті және аудитті ұйымдастыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2012 в 17:08, дипломная работа

Описание работы

Қазақстанның халықаралық стандарттарға бағдарлануы оң әлемдік тәжірибені зерттеуге және оны пайдалануға мәжбүрлейді. Континенттер мен елдердің географиялық жақындығы, тығыз экономикалық байланыстар, шетел компанияларының Қазақстанның инвестициялық қызметіне белсенді қатысуы есепке алу жүйесіне, тұтастай алғанда, жаңадан қарауға мәжбүрлейді. Есепке алу тәжірибесі түрлі елдерде әр алуан, бірақ оның бастауы мен философиясы ортақ және бұл Қазақстанның есепке алу практикасына оң тәжірибе енгізу мақсатында бухгалтерлік есепке алудың және аудиттің маңызды ерекшеліктері мен жаңа бағыттарын зерттеу қажеттілігін растайды. Халықаралық зерттеу көзқарасы жағынан ҚЕҰС және АХС қолданудың әлемдік тәжірибесі бухгалтерлерге, аудиторларға және қызметкерлердің басқа санаттарына қазіргі заман бизнесінің осы немесе өзге операциясын дұрыс бағалауға және тиісінше оң және тиімді шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

Содержание

Кіріспе 3
Бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың қазіргі кездегі жағдайы және кәсіпорынның шаруашылық қызметінің тиімділігін талдау 6
Бәсекеге қабілеттілік жағдайында өндірісті ұйымдастыру және оның келешектегі даму жолдары 6
Кәсіпорын ресурстарының интенсивті және тиімді пайдалануын талдау және оларды бағалау 10
Есеп және аудиттің халықаралық стандарттарын енгізу жағдайында бухгалтерлік есеп пен аудитті ұйымдастырудың теориялық және методологиялық аспектілері 16
Қазіргі кездегі бухгалтерлік есепті дамыту 22
ҚЕ2ҰС бойынша қысқа мерзімді активтерді трансформациялау 22
ҚЕ2ҰС бойынша ұзақ мерзімді активтерді трансформациялау 30
ҚЕ2ҰС бойынша міндеттемелер мен капиталды трансформациялау 36
Бухгалтерлік есепті инновациялық технология жағдайында ұйымдастыру 43
Аудитті халықаралық стандарттарға көшіруді ұйымдастыру негіздері 47
Аудит түрлері және олардың аудит объектісімен байланысы 47
Аудиттің халықаралық стандарттарына көшірудегі аудитті ұйымдастырудың заманауи мәселелері 50
Ұлттық есеп жүйесінде бухгалтерлік есеп берудің және аудиттің халықаралық стандарттарын қолдану мәселелері 54
Қорытынды 61
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 64
Қосымша

Работа содержит 1 файл

диплом.doc

— 887.00 Кб (Скачать)

 

3.15 кестеде көріп отырғандай, ««Технические Масла - Қазақстан» Сауда үйі» ЖШС 2009 жылғы көрсеткіштерді 2008 жылғымен салыстырғанда сату көлемінің табыстылығы 3,2%-ға (9,2-12,4) төмендеген. Оның төмендеуіне жалпы табыстың 58 223,7 мың теңгеге (167 312,8-225 536,5) төмендеуі әсер етті.

Нарықтық жағдайдағы маңызды көрсеткiш - қызметтен алынатын табыс, ол (2) формула бойынша анықталады:

D=                                                                              (2)

мұнда, D - негiзгi қызметтен алынатын табыс;

S - өткiзiлген өнiмнiң өндiрiстiк өзiндiк құны;

Р - кезең шығындары.

««Технические Масла - Қазақстан» Сауда үйі» ЖШС филиалындағы негiзгi қызметтен алынатын табысты 2006 және 2007 жылғы мәлiметтердi қолдана отырып 3.16 кестеде талдап көрсетелiк.

Кесте 3.16

2008-2009жж. ««Технические Масла - Қазақстан» Сауда үйі» ЖШС

негiзгi қызметтiң табыстылығын талдау

 

Р/с

Көрсеткiштер

Өлшем бiрлiгi

Iс жүзiнде

Ауытқу (+;-)

2008ж.

2009ж.

1.

Негiзгi қызметтен түскен табыс

мың тг

-25145,7

-85274,6

+60128,9

2.

Өткiзiлген өнiмнiң өзiндiк құны

мың тг

1588265,7

1657216,4

+68950,7

3.

Мерзімдік шығындар

мың тг

250681,7

252587,4

+1905,7

3.

Негiзгi қызметтiң табыстылығы

%

-1,4

-4,5

+3,1

 

3.16 кестеде көріп отырғандай, ««Технические Масла - Қазақстан» Сауда үйі» ЖШС негізгі қызметтің табыстылығы 2008 ж. -1,4%, 2009 ж. -4,5%. 2009 жылғы көрсеткішті 2008 жылғымен салыстырғанда 3,1%-ға төмендеген. Себебі негізгі қызметтен түскен табыс 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда 60 128,9 мың теңгеге төмендеген.

Қазiргi кезде активтердiң тиiмдiлiк деңгейi, кәсiпорындарда инвестициялық шешiмдер қабылдауда, қаржылық жоспарлауда, үйлестуруде, сондай-ақ шаруашылық қызметi мен оның нәтижесiн бақылау мен бағалауда маңызды роль атқарады. ««Технические Масла - Қазақстан» Сауда үйі» ЖШС үлгiлi кәсiпорындардың бiрi болып табылады. Ол табыстың қалыптасуын, оның әрбiр орталықтары бойынша қатаң түрде бақылап отырады және сәйкесiнше осы нәтижелер негiзiнде бөлiмше басшыларына сыйақылар берiледi.

Активтерге немесе жобаларға жаңа қаржы салымдарын салу қажеттiлiгiн бағалаған кезде, олардан алынатын табыс есептеледi және бұл есептер, шешiмдер қабылдау негiз болып табылады. Барлық активтердiң авансталған жиынтық капиталы (3) формула бойынша есептеледi:

 

Таза табыс / Барлық активтер                                      (3)

 

Талданып отырған ««Технические Масла - Қазақстан» Сауда үйі» ЖШС мәлiметтерi бойынша қоғамның барлық капиталының табыстылық коэффициентi, 3.17 кестеде берiлген мәлiметтермен сипатталады.

 

Кесте 3.17

2008-2009жж. ««Технические Масла - Қазақстан» Сауда үйі» ЖШС активтердің табыстылық деңгейi

 

Р/с

Көрсеткiштер

Өлшем бiрлiгi

Іс жүзінде

Ауытқу (+;-)

2008 ж.

2009ж.

1.

Таза табыс

мың тг

-14405,4

-78064,6

+63659,2

2.

Жалпы активтер

мың тг

3134739,7

857427,2

-2277312,5

3.

Жалпы активтердiң табыстылық деңгейi

%

-0,46

-9,1

+8,64

 

««Технические Масла - Қазақстан» Сауда үйі» ЖШС 2009 жылғы көрсеткіштерді 2008 жылғымен салыстырғанда жалпы активтердің табыстылық деңгейі 8,64%-ға (-9,1-(-0,46))төмендеген. Себебі, есепті жылы таза табыс та         (-63 659,2) жалпы активтер де (-2 277 312,5) төмендеген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Елбасы «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы» атты өз жолдауында атап өткендей, Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында, өркенді де өршіл дамып келе жатқан қоғамның іргетасы тек қана осы заманғы бәсекеге қабілетті және ашық нарық экономикасы бола алады. Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кірудің бірінші басымдығы әлемдік экономикаға ойдағыдай кірігу болып табылады. Осыған байланысты мемлекетті дамыту процесінде бухгалтерлік есеп және аудиттің ұлттық стандарттарын қолдану арқылы бухгалтерлік есеп және аудит дамыту мәселесі ерекше өзектілікке айналды, өйткені бухгалтерлік есепке алудың үшін және аудиторлық тексерулер жоғары дәрежеде жүргізілу үшін пайдаланушыларды экономикалық ақпаратпен қамтамасыз ету керек. Сол ақпаратты ұлттық стандарттың талаптарына сай тағайындап ұсыну болашақта экономикамыздың бұдан да қарқынмен жоғарғы деңгейге көтерілуіне кепілдік беретіні сөзсіз. Қазақстандағы бухгалтерлік есеп пен аудит жүйесін дамыту өсіп және серпінді дамып келе жатқан мемлекетке нық аяғына тұру үшін маңызды жағдай болып табылады.

««Технические Масла - Қазақстан» Сауда үйі» ЖШС негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының қалаларында дистребьютерлік сауда жүйесін дамыту. Компаниның өткізетін негізгі өнімдері:

             моторлы және трансмиссионды майлар;

             гидравликалы, индустриальды және энергетикалық майлар;

             пластикалық жаққыштар мен техникалық сұйықтықтар;

             мұнайхимия және жаққыш-салқындатқыш сұйықтықтар.

Кәіпорында өндіріс процесстерінің жетілдірілуі арқасында шығарылған өнімнің көлемі ұлғайғанымен, есептік кезеңге қаржылық нәтижесі зиянмен аяқталды.

Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелеріне талдау жүргізу барысында өткізілген өнімнен (қызметтен, жұмыстан) түскен табыс 10 727,0 мың теңгеге (18 24 529,2 – 1 813 802,2) артқан. Бұдан, өткізілген өнімнің өзіндік құны 68 950,7 мың теңгеге (1 657 216,4 – 1 588 265,7) артты. Бұған қарамастан, жалпы пайда 58 223,7 мың теңгеге (167 312,8 – 225 536,5) төмендеді. Оған себеп болған, мерзімдік шығындардың 1 905,7 мың теңгеге (252 587,4-250 681,7) артуы, әсіресе оның ішінде жалпы және әкімшілік шығындардың 18214,3 мың теңгеге (190 525,7-172 311,4) артуы өз әсерін тигізді. Өзге кірістер осы жылы өткен жылмен салыстырғанда 4 560,5 мың теңгеге төмендеген. Салық салынғанға дейінгі пайда зиян көрді – 85 274,6 мың теңге.

Еңбек ақы қоры 40,4 мың теңгеге (6 439,8 – 6 399,4) өскен. Себебі, бұл көрсеткіш біріншіден, тікелей өткізген өнім көлеміне байланысты, ал екіншіден 2009 жылы орташа тізімдік саны 2 адамға азайған. Бұл көрсеткіш сонымен қатар, орташа жылдық жалақының 1,9 мың теңгеге көбеюіне өз әсерін тигізді.

Негізгі құралдардың орташа жылдық құны 2009 жылды 2008 жылмен салыстырғанда 14 355 мың теңгеге (31 342,2-45 698,0) төмендеген, бұл негізгі құралдардың тозуымен байланысты.

Қор қайтарымы, қор сиымдылығы және қормен қарулану – бұл негізгі құралдардың тиімді пайдалануын көрсететін басты көрсеткіштер. Қор қайтарымы 2008 жылы 39,7 теңге (1 813 801,2:45 698,0), ал 2009 жылы          58,2 теңге (1 824 529,2:331 342,2), яғни 18,5 теңгеге артты. Қор сиымдылығы өткен жылмен салыстырғанда 0,008 теңгеге төмендеген, осыған байланысты қормен қарулану да 144 теңгеге төмендеген.

««Технические Масла - Қазақстан» Сауда үйі» ЖШС ағымдағы активтерінің коэффициенттерін есептеу барысында ағымдағы активтердің деңгейлеріндегі ауытқуларды және оларға әр түрлі факторлардың әсер ету көлемін анықтадық. Анықтау нәтижесінде де екі жылдада теріс көрсеткіштер анықталған. Өткен жылмен салыстырғанда нәтиже 2012135,5 мың теңгеге кеміген. Оған әсер еткен қорлар, ақша қаражаттары және қысқа мерзімді қаржылық салымдар мен қысқа мерзімді дебиторлық қарыздар және басқа да қысқа мерзімді активтердің көрсеткіштері. Ал қысқа мерзімді міндеттемелерді талдайтын болсақ өткен жылмен салыстырғанда ол да 2199249,3мың теңгеге кеміген. Міндеттемелердің кемуі кәсіпорынға тиімді.

Өтімділік көрсеткіші негізінен үш коэффициенттік қызмет атқарады, яғни абсолюттік өтімділік коэффициенті, аралық өтімділік коэффициенті және жалпы өтімділік коэффициенті деп жоғарыда айтып өттік және оларды есептедік. Есептеу нәтижесі бойынша: абсолюттік өтімділік коэффициенті 2008 жылы 0,03 мың теңгені құраса, 2009 жылы 0,07 мың теңгені құрап отыр. Сонда 2008 жылға қарағанда 2009 жылы 0,04 мың теңгеге өсіп отыр.

Ал аралық өтімділік коэффициенті 2008 жылы 0,7 мың теңгені құраса, 2009 жылы 0,2 мың теңгені құрап отыр, яғни кәсіпорын 2008 жылға қарағанда 2009 жылы 0,5 мың теңгеге кем жұмыс істеген. Жалпы өтімділік коэффициенті 2008 жылы 0,9 мың теңгені құраса, 2009 жылы ол көрсеткіш өзгермеген.

ҚЕ2ҰС 2008 жылдың 1- ші қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді. Осыған байланысты ««Технические Масла - Қазақстан» Сауда үйі» ЖШС-нің 2008 жылғы 1 қаңтарға кіріс балансын құрастыру үшін. кәсіпорынның 2007 жылғы 31 желтоқсанға балансын трансформациялады. Бұл процес кәсіпорында қысқа мерзімді активтерді көшіруден басталған. Оның өзі бірнеше этаптан тұрған. Олар төмендегідей:

             ҚЕ2ҰС бойынша танудың айқындамалары мен өлшемдеріне сәйкестікті тексеру және қайта жіктеу қажеттілігі.

             ҚЕ2ҰС -на сәйкес бағалауды жүргізу.

             Қажет болған жағдайда трансформацияның жұмыс кестесін құру.

             Есеп саясатына өзгеріс енгізу.

             Жаңа шоттар жоспарына ақша қалдықтарын көшіру.

Қазіргі кезеңдегі бухгалтерлік тәжірибедегі маңызды жаңалық «1С: Бухгалтерия» бағдарламасын қолдану болып табылады. Ең алдымен, ол заңнаманың және де есеп нысандарының кез келген өзгерісіне бухгалтердің өзі баптай алатын эмбебап бухгалтерлік бағдарлама. Қазіргі кезде ол кішігірім және ірі кәсіпорындарда, акциөнерлік қоғамдарда, бюджеттік ұйымдарда және басқа да шаруашылық жүргізуші субъектілерде сәтті қолданылуда. Біздің республикамызбен қатар бағдарлама Ресейде, Украинада, Беларусьте, Балтық елдерінде және посткеңестік кеңістіктің басқа да елдерінде кең қолданысқа ие болды.

Елімізде аудиторлық қызметтің даму деңгейіне байланысты тексерілетін ұйымның қызметіне үлкен көңіл бөлінген, бұл аудиторлық тексеру сапасын және есеп берудің нақтылығы туралы қорытындыны жоғарлату мақсатымен анықталынады. Бұл үшін аудитордың қызметі туралы мәліметтері болуы керек, бұл бухгалтерлік қызметтің құзырына кіретін ақпараттарды зерттеу болып табылады.

Бірақ даму процесі тоқырау деңгейінен өтуде.

Біздің ойымызша, Қазақстан Республикасында аудиторлық қызметтің тоқырауы аудиторлық қызметті бір тектес реттеу және бақылау жүйесінің жоқтығымен, аудиторлар мен кеңес берушілердің кәсіби білім деңгейінің төмендігімен, көптеген аудиторлардың басқа коммерциялық және мемлекеттік құрылымдарға кетуімен, басқа мемлекеттерге көшіп кетуімен анықталынады.

Сонымен, қазақстандық ұйымдарда ҚЕХС бойынша есеп және есеп беруді құрастыру мәселелерін жүйелілік шешу бір жағынан, есеп және есеп беруді ұйымдастыру процесіне ұйымның басшылығымен құрастырылған саясатқа, екінші жағынан, қаржылық есеп берудің инфрақұрылымы және сапасын бақылаумен байланысты мәселелерге қатысты мамандандырылған мемлекеттік ұйымдар. Аудиторлық тексерудің соңғы этапы болып талдау табылады. Аудитор талдау жүргізу арқылы мәліметтеді қорытындылап, кәсіпорынның қаржылық нәтижесіне әсер ететін факторларды анықтай алады.

Информация о работе Қазіргі кездегі бухгалтерлік есепті және аудитті ұйымдастыру