Қазіргі кездегі бухгалтерлік есепті және аудитті ұйымдастыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2012 в 17:08, дипломная работа

Описание работы

Қазақстанның халықаралық стандарттарға бағдарлануы оң әлемдік тәжірибені зерттеуге және оны пайдалануға мәжбүрлейді. Континенттер мен елдердің географиялық жақындығы, тығыз экономикалық байланыстар, шетел компанияларының Қазақстанның инвестициялық қызметіне белсенді қатысуы есепке алу жүйесіне, тұтастай алғанда, жаңадан қарауға мәжбүрлейді. Есепке алу тәжірибесі түрлі елдерде әр алуан, бірақ оның бастауы мен философиясы ортақ және бұл Қазақстанның есепке алу практикасына оң тәжірибе енгізу мақсатында бухгалтерлік есепке алудың және аудиттің маңызды ерекшеліктері мен жаңа бағыттарын зерттеу қажеттілігін растайды. Халықаралық зерттеу көзқарасы жағынан ҚЕҰС және АХС қолданудың әлемдік тәжірибесі бухгалтерлерге, аудиторларға және қызметкерлердің басқа санаттарына қазіргі заман бизнесінің осы немесе өзге операциясын дұрыс бағалауға және тиісінше оң және тиімді шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

Содержание

Кіріспе 3
Бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың қазіргі кездегі жағдайы және кәсіпорынның шаруашылық қызметінің тиімділігін талдау 6
Бәсекеге қабілеттілік жағдайында өндірісті ұйымдастыру және оның келешектегі даму жолдары 6
Кәсіпорын ресурстарының интенсивті және тиімді пайдалануын талдау және оларды бағалау 10
Есеп және аудиттің халықаралық стандарттарын енгізу жағдайында бухгалтерлік есеп пен аудитті ұйымдастырудың теориялық және методологиялық аспектілері 16
Қазіргі кездегі бухгалтерлік есепті дамыту 22
ҚЕ2ҰС бойынша қысқа мерзімді активтерді трансформациялау 22
ҚЕ2ҰС бойынша ұзақ мерзімді активтерді трансформациялау 30
ҚЕ2ҰС бойынша міндеттемелер мен капиталды трансформациялау 36
Бухгалтерлік есепті инновациялық технология жағдайында ұйымдастыру 43
Аудитті халықаралық стандарттарға көшіруді ұйымдастыру негіздері 47
Аудит түрлері және олардың аудит объектісімен байланысы 47
Аудиттің халықаралық стандарттарына көшірудегі аудитті ұйымдастырудың заманауи мәселелері 50
Ұлттық есеп жүйесінде бухгалтерлік есеп берудің және аудиттің халықаралық стандарттарын қолдану мәселелері 54
Қорытынды 61
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 64
Қосымша

Работа содержит 1 файл

диплом.doc

— 887.00 Кб (Скачать)

             кез келген бағдарлама Қазақстан Республикасының заңнамасына сай типтік конфигурациямен бірге жабдықталады, сондықтан да бухгалтер бірден жұмысқа кірісе алады;

             бұл жүйенің бағдарламалары визуалды жобалаудың жақсы дамыған құралдарынан тұрады, сондықтан ол типтік конфигурацияны нақты бір шаруашылық субъектісі қызметінің ерекшелігіне қарай бейімдеуге мүмкіндік береді.

             игеру жеңілдігі, жұмыс істеу қолайлығы, операцияны өткізу жылдамдығы және де сандық және көпвалюталық есеп жүргізу мүмкіндігі, сонымен бірге, толығымен бапталу мүмкіндігі, яғни, шоттар тізбегін, өткізбелер жүйесін, бастапқы құжат нысандарын, есептілік нысандарын және т.б. өзгертіп толықтыру мүмкіндігі;

             шығыс (бастапқы) құжаттарды автоматты түрде қағаз бетіне басып шығару мүмкіндігі.

Егер кәсіпорында операциялардың үлкен ауқымы жүргізілсе, онда бір компьютерге барлық бухгалтерлік жазбаларды (өткізбелерді) енгізу және нәтижелерді талдау мен есептілікті құру қиынға соғады, тіпті мүмкін емес деп те айтуға болады. «1С: Бухгалтерия» бағдарламасының көмегімен жұмысты әр түрлі компьютерлерде жұмыс істейтін бухгалтерлер арасында бөлуге болады. Оған қоса тасымалдау кұралдарының көмегімен барлық енгізілген жазбалардың қорытындыларын шығарып, есептілікті дайындап, компьютерде көшірмесін алуға болады.

Сонымен қатар, бұл бағдарлама арқылы бірнеше фирмалардың бухгалтерлік есебін бір компьютерде жүргізуге болады. Мұндағы есеп компьютердің каталогы (директориясы) арқылы жүргізіледі.

Бұл бағдарлама аналитикалық есепке арналған тауарлар, материалдар, ұйымдар, қызметкерлер, негізгі құралдар және т.б. бойынша аналитикалық есеп анықтамаларының шексіз мөлшерін жүргізуге мүмкіндік береді. «1С: Бухгалтерия» бағдарламасында аналитикалық есеп объектілері топтарын жалпылама атау үшін «субконто» термині колданылады. Субконто тізімі бас мәзірдің «Операциялар» бөлімінің «субконто түрлері» режимінде енгізіліп өзгертіледі. Оны бухгалтерлік есеп шоттарын қарағанда және операцияларды енгізгенде де өзгертуге болады.

1998 жылдан бері нарықта дискеталарда немесе компакт-дискілерде шығарылатын «1С: Бастапқы кұжаттар» бағдарламалық өнімінің электрондық нұсқасы пайда болды. Бұл бағдарлама пайдаланушыға бағытталған және құрамдас көмек жүйесін қамтиды. Бағдарлама бастапқы құжаттардың бірізді нысандарын қалыптастыруға, оларды толтыруға, компьютер жадында сақтауға, басып шығаруға, қажет болған жағдайда, қайтадан қолдануға мүмкіндік беретін анықтамалық ақпараттан тұрады.

Бұл саладағы ерекше жетістіктердің бірі - «1С» фирмасының «1С: Кәсіпорын» жүйесінің бағдарламалық өнімінінің жаңа версияларын енгізуі. Сонымен қатар, «1С: Бухгалтерия» бағдарламасын қолданатын пайдаланушылардың көптеген арыз-тілектерін ескере келе, бұл бағдарламада коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдарға арналған ағымдық заңнамаларға сәйкес бухгалтерлік есептің стандартты әдістемесі іске асырылған.

«1С»-тің жаңа версиялары туралы айта отырып, оған шот бойынша қалдықты есепке алмай, тек оның айналымын ғана талдауға арналған аналитикалық есеп бөліктерін кұру мүмкіндігі енгізілгендігін де ерекше атап өткен жөн. Ол түсім түрлері бойынша және шығыстар бағыты, пайда мен зиян түрлері, т.б. бойынша тәуелсіз аналитикалық есепті ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Аналитикалық есепті ұйымдастыру үшін оның кейбір бөліктері үшін сандық, валюталық және сомалық есептің жүргізілуін уақытша алып тастау мүмкіндігі маңызды болып табылады. Өз кезегінде, материалдар есебі үшін оларды сақтау орындары бойынша есепті тек табиғи өлшеммен жүргізіп қана қоймай, сонымен қатар, материалдар номенклатурасы бойынша табиғи өлшеммен де, құндық өлшеммен де жүргізуге болады. Аналитикалық есепті осылайша құру, бір жағынан, қоймалық есеп жүргізуге мүмкіндік берсе, екінші жағынан, материалдардың өзіндік құнын оларды қоймаларға бөлу есебінсіз дұрыс есептен шығаруды қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, жаңа бағдарламалық өнімдерде басқа шоттармен корреспонденцияланатын өткізбелерді кұруға қажетті мәліметтерді енгізуге мүмкіндік беретін эмбебап құжаттарды қалыптастыруға болады. Мұнда әрбір шоттың өзіне тән ерекше бапталуы мүмкін. Бағдарлама тандап алынған шотқа байланысты шоттың ерекше бапталуына сай келетін талдау мәндерін толтыруды ұсынады, ал егер корреспонденцияланатын шот бойынша есеп табиғи өлшеммен жүргізілсе, онда оның саны да сұралады. Енгізілген ақпарат негізінде бағдарлама автоматты түрде барлық корреспонденцияланатын шоттар бойынша өткізбелерді құрастырады. Мұндай құжат эмбебап болып табылады және де оның құрылымына еш өзгеріс енгізбей-ақ, сомасы сәйкес келетін барлық шоттарға қолданыла береді.

Сонымен қатар, жаңа версияларда кұжаттардың кестелік бөлігінде жолдардың ерікті түрде орнын ауыстыру және жолдарды әр түрлі бағандардың мазмұнына қарай сұрыптау мүмкіндігі де пайда болды, мысалы тауарлардың атауы немесе сомалар бойынша сұрыптауға болады.

Операцияларды қолмен немесе жартылай автоматты түрде енгізуге бағытталған бағдарлама құралдары да әрі қарай дамуда. Мысалы, егер дұрыс өткізбелердің толық тізімі әзірленген болса, онда операцияларды қолмен енгізген кезде өткізбенің корреспонденцияланатын шоты тек шоттар тізбегінен ғана таңдалмайды.

Жаңа кірсуші пайдаланушьшар бір типті операцияларды енгізуді автоматтандыру үшін «Типтік операциялар» режимін қолдана алады. Бұл мәліметтерді енгізуді жылдамдатудың ең қарапайым тәсілі. Жаңа версияда типтік операцияларды файлға кіргізу және файлдан шығару құралдары пайда болды. Ол құрылған типтік операцияларды бір ақпараттық базадан басқасына ауыстыруға мүмкіндік береді. Типтік операциялардың жекелеген өрістері үшін нақты мәлімет түрінде көмекші жазбаларды беріп қоюға болады.

Одан басқа, соңғы версияға аналитикалық есептің барлық немесе нақты бір обьектісі бойынша ғана емес, сонымен бірге тізім бойынша берілетін объектілердің кез келген жинағы бойынша да түрлі мәлімет беретін есеп берулерді кұру мүмкіндігі енгізілген.

Кез келген есеп беруді немесе құжаттың бастапқы нысанын «1С: Кәсіпорын» жүйесінің бағдарламалары қойылмаған компьютерлерде құжатты көруге болатындай және қосымша талдау жүргізе алатындай етіп М8 Ехсеl электронды кесте форматына жазып шығуға болады. Жүйенің құрамына іскерлік графикамен бірге есеп берулерді құру механизмі кірген. Типтік конфигурацияның жаңа редакциясында бухгалтерлік қорытынды мәліметтерін графикалық түрде әр түрлі бөліктерде ұсынуға мүмкіндік беретін «Диаграмма» стандартты есеп беруі пайда болды.

Бағдарламамен жұмысты неғұрлым қолайлы және көрнекті қылатындай жаңа мүмкіндіктерді де атап өткен жөн. Мысалы, журналдарда, құжаттар мен есептіліктерде теріс сомалар қызыл түспен көрсетіледі. Бағдарламаның басты терезесінің астыңғы бөлігінде терезелер панелі орналасқан. Оның көмегімен ашылған анықтама, журнал, құжаттарға, есеп беру барысында тез ауысып, кіріп отыруға болады.

Аса маңызды жаңалық ретінде бағдарламалау қабілеті жоқ пайдаланушының конфигурацияға өзгерісті өз бетімен енгізе алатындай конфигурациялау құралдарының дамуын атап өтуте болады. Осы мақсатта конфигурациялау режиміне конфигурацияларды визуалды түрде өзгертуге жарамды әр қилы құрастырмалар (конструкторлар) енгізілді. Осылайша, «Есеп беру конструкторы» аналитикалық шоттары, кезеңдер, валюта және т.б. бөліктер бойынша бухгалтерлік есеп мәліметтері негізінде күрделі есеп беруді құра алады. Конструктормен жұмыс істеу барысында пайдаланушының іс-әрекеті конструктор ұсынатын әр түрлі нұсқалардың ішінен таңдап алуға негізделеді. Бұл тек құжаттар мен есеп берулерді жеңіл құрастыру ғана емес, сонымен бірге «1С: Бухгалтерия» бағдарламасының баптау құралдарының мысалдары негізінде оларды игеру мүмкіндігін береді. Жалпы алғанда, соңғы версия және оның қасиеттері енгізілген алуан түрлі мүмкіндіктерден тұрады, оның ішінде: икемді аналитикалық есеп, құжаттардың операцияларды автоматты түрде қалыптастыруы, тоқсан сайын жаңартылатын реттелуші есеп берулер (бухгалтерлік, статистикалық, салықтық және басқалары) және т.б. кіреді.

Кәсіби дайындығы жоғары бухгалтер мамандарға сұраныстың өсуі қазіргі кезде олардың дайындығына басқаша қарауды талап етеді. Бухгалтерлік есеп, бүгінгі танда, көбінесе компьютерлік есеп екенін ескере отырып, қазіргі заман бухгалтеріне дербес компьютерді және оның бағдарламаларын игеру міндетті талап болып қойылады. Сондықтан, қазіргі жағдайда маманның компютермен жұмыс істеу мүмкіндігін шынайы бағалай алу үшін арнайы «1С: Кәсіби маман» бағдарламасы жасалып шығарылған. «1С: Бухгалтерия» пайдаланушысына бағдарламаның шегінде сертификаттық емтихан тапсыру мүмкіндігі беріледі және оны жақсы тапсырған жағдайда, маманда «1С: Бухгалтерия» бағдарламасын қолданатын компьютерлік есеп саласында жоғары деңгейлі білімі бар екенін дәлелдейтін бірыңғай үлгідегі сертификат беріледі. Емтихан компьютерде Авторизацияланған сертификациялау орталығында (АСО) тапсырылады. Емтихан тапсырушыларға бірыңғай талаптар қойылады.

 

 

3. Аудитті халықаралық стандарттарға көшіруді ұйымдастыру негіздері

3.1 Аудит түрлері және олардың аудит объектісімен байланысы

 

Аудит экономикалық ақпарат жүйесіне негізделген. Ол басқару шешіміне негіз болады. Ал ақпарат ағымын тиімді ұйымдастыру үшін белгілі принциптерді анықтау қажет. Оларға ақпараттың қажеттілігін анықтау, оны тиімді түрде қажетіне сай етіп дайындау; өндіріс барысын нақты және дұрыс көрсету; бөліну, тұтыну, сату процестерінің мәліметтерін анықтау; материалдық еңбек және қаржы ресурстарының есебі; құрылымдардың мәліметтерінің бірдей болуы; ЭЕМ арқылы жан-жақты талдау жасауға ыңғайланған оперативтік мәліметтер; мәліметтерді жоспарлау және басқару барысында қолдану принциптері жатады.

Қазіргі кезде экономикалық ақпарат мазмұны жағынан өте күрделі, құрамы жан-жақты. Сондықтан тиімді басқару шешімін қабылдау үшін оның ағымын жүйеге келтіру, ал керексіз мәліметтерге тежеу қажет.

Аудиттің ақпарат көздері : бухгалтерлік, аналитикалық және есептен тыс, мәліметтер. Аудиттің ең негізгі ақпарат көздері болып бухгалтерлік есеп және оның ақпараты саналады. Себебі, ол есеп құжаттары арқылы анықталған мәліметтер. Олар ұйымның бизнес –жоспарының орындалуының жүйелі түрде бақылау, талдау арқылы қорытындыланған нәтижесін көрсетеді.

¥йымның қаржылық есеп беруі бухгалтерлік баланста белгілі бір күнге активтер мен пассивтердің күй-жайын көрсетеді. Ал, кірістер мен шығындардың өзгерістерін қаржылық жыл бойында «Пайда мен зиян туралы есепте», қызметтің түрлері бойынша ақша қаражаттарының ағымы «Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепте» көрсетіледі. Сондықтан қаржылық есеп беру аудитінің объектісі болып қаржылық есеп берудің барлык элементтері: активтер, меншікті капитал, кірістер мен шығындар, міндеттемелер табылады. Бір сөзбен айтқанда, аудиттің объектісі - ұйымдардың қаржылық есеп беруі, яғни іс жүзіндегі зандылықтарға сәйкес құрылған ұйымдастыру - кұқықтық формасы мен меншігінің түрлеріне қарамастан барлық ұйымдар.

ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» Заңына сәйкес жыл сайын міндетті аудиторлық тексеруге мынадай ұйымдардың қаржылық есеп беруі жатады:

             банктер;

             несиелік серіктестіктер;

             банктік операциялардың кейбір түрлерін орындайтын және бағалы қағаздар нарығында қызмет атқаратын ұйымдар;

             сақтандыру ұйымдары, жинақтаушы зейнет ақы қорлары, зейнет ақы активтерін басқару бойынша компаниялар; инвестициялық қорлар;

             табиғи монополия субъектілері;

             шетелдік қатысушылары мен кәсіпорындар;

             ашық халықтық қоғамдар.

Аудит (кіммен жүргізілетін субъектілеріне байланысты) екі түрде жүзеге асырылады: ішкі және сыртқы.

Ішкі аудит - ұйымның штаттағы аудиторларымен немесе тікелей жетекшілікке бағынатын арнайы бөлімдерімен жүргізіледі. Ішкі аудит – бұл негізінен шаруашылық бақылау, бірақ мазмұны мен жүргізу әдістері бойынша көбінесе сыртқы аудитпен ұқсас.

Ішкі аудитті қолайлы ұйымдастыру кәсіпорынның кұрылымдық бөлімдерінің жетекшілері мен ұйымның материалды жауапты тұлғаларының өз міндеттерін орындау үшін жауапкершілігін арттыруға, мүлік пен міндеттемелердің қозғалысымен байланысты шаруашылық операцияларды жүзеге асыруда негативтік кұбылыстарды болдырмауға мүмкіндік туғызады.

Ішкі аудит - сыртқы аудиттің ақпараттық базасы.

Ішкі аудит үздіксіз жүргізіледі.

Сонымен бірге ішкі мен сыртқы аудиттің арасында тәуелсіздік денгейінде, мақсатында және тексеруді жүргізу бойынша маңызды айырмашылықтар бар. Ішкі аудиттің қажеттілігі субъектінің басқару әдістері мен оның серіктерімен (партнерларымен), мемлекет пен кәсіпкерлік экономикалық қатынастарын реттейтін заңдылықтардың күрделіленуімен байланысты. Сонымен қатар, ішкі аудит тиімсіз шығынды, материалдық және ақшалай ресурстардың қымқырулары мен жоғалтуларын болдырмау, дер кезінде ескертіп және қаржы қиыншылықтарынан шығу бойынша уақтылы кепілдемелер құрастыру үшін қажетті. Яғни, ішкі аудит -бұл ұйымның және оның құрылымдық бөлімдерінің қызметін тиімді басқаруын үздіксіз бақылау (бағалау).

Сыртқы аудит сыртқы, тәуелсіз аудиторлармен және аудиторлық ұйымдармен кәсіпорындардың тапсырмасы (келісім - шарт) арқылы жүзеге асырылады. Сыртқы аудиттің ерекшелігі тексеруді жүргізуші аудиторлардың аудит жүргізілетін субъектілерде құрылтайшылар, меншік иелері, акционерлер, жетекшілер және басқа да лауазымды тұлғалар емес, сонымен қатар ұйымның жетекшілігімен туысқандығы және олармен қызметтік қатынаста байланысы жоқ.

Сыртқы аудиторлық тексеру аудит жүргізілетін субъектілерде, олардың құрылтайшылары, еншілес, тәуелді ұйымдары, өкілеттері болып табылатын, оларға бухгалтерлік есепті қайта қалпына келтіру, жүргізу және қаржылық есеп беруді толтыру бойынша қызмет көрсеткен аудиторлық ұйымдармен жүргізілмейді.

Мұндай маңызды жағдайлар аудиторлық қызметті жүргізу лицензиясын жоюдың негізі болуы мүмкін.

Сыртқы аудит аудит жүргізілетін субъектінің қаржылық есеп беруінің дұрыстығын бағалау және әкімшілікке консалтингтік (ақыл - кеңес беру) қызмет көрсету мақсатында жүргізіледі.

Информация о работе Қазіргі кездегі бухгалтерлік есепті және аудитті ұйымдастыру