Қазіргі кездегі бухгалтерлік есепті және аудитті ұйымдастыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2012 в 17:08, дипломная работа

Описание работы

Қазақстанның халықаралық стандарттарға бағдарлануы оң әлемдік тәжірибені зерттеуге және оны пайдалануға мәжбүрлейді. Континенттер мен елдердің географиялық жақындығы, тығыз экономикалық байланыстар, шетел компанияларының Қазақстанның инвестициялық қызметіне белсенді қатысуы есепке алу жүйесіне, тұтастай алғанда, жаңадан қарауға мәжбүрлейді. Есепке алу тәжірибесі түрлі елдерде әр алуан, бірақ оның бастауы мен философиясы ортақ және бұл Қазақстанның есепке алу практикасына оң тәжірибе енгізу мақсатында бухгалтерлік есепке алудың және аудиттің маңызды ерекшеліктері мен жаңа бағыттарын зерттеу қажеттілігін растайды. Халықаралық зерттеу көзқарасы жағынан ҚЕҰС және АХС қолданудың әлемдік тәжірибесі бухгалтерлерге, аудиторларға және қызметкерлердің басқа санаттарына қазіргі заман бизнесінің осы немесе өзге операциясын дұрыс бағалауға және тиісінше оң және тиімді шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

Содержание

Кіріспе 3
Бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың қазіргі кездегі жағдайы және кәсіпорынның шаруашылық қызметінің тиімділігін талдау 6
Бәсекеге қабілеттілік жағдайында өндірісті ұйымдастыру және оның келешектегі даму жолдары 6
Кәсіпорын ресурстарының интенсивті және тиімді пайдалануын талдау және оларды бағалау 10
Есеп және аудиттің халықаралық стандарттарын енгізу жағдайында бухгалтерлік есеп пен аудитті ұйымдастырудың теориялық және методологиялық аспектілері 16
Қазіргі кездегі бухгалтерлік есепті дамыту 22
ҚЕ2ҰС бойынша қысқа мерзімді активтерді трансформациялау 22
ҚЕ2ҰС бойынша ұзақ мерзімді активтерді трансформациялау 30
ҚЕ2ҰС бойынша міндеттемелер мен капиталды трансформациялау 36
Бухгалтерлік есепті инновациялық технология жағдайында ұйымдастыру 43
Аудитті халықаралық стандарттарға көшіруді ұйымдастыру негіздері 47
Аудит түрлері және олардың аудит объектісімен байланысы 47
Аудиттің халықаралық стандарттарына көшірудегі аудитті ұйымдастырудың заманауи мәселелері 50
Ұлттық есеп жүйесінде бухгалтерлік есеп берудің және аудиттің халықаралық стандарттарын қолдану мәселелері 54
Қорытынды 61
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 64
Қосымша

Работа содержит 1 файл

диплом.doc

— 887.00 Кб (Скачать)

Қазіргі уақытта аудиттің халықаралық практикасында аудиттің мынадай түрлері қолданылады: қаржылық есеп беру аудиті (немесе қаржы аудиті); операциялық аудит; сәйкестік аудит.

Қаржылық есеп беру аудиті - қаржылық ақпараттың дұрыстығын бағалау, есеп пен есеп беруде тіркелінген ақпараттың бухгалтерлік есептің жалпы қабылданған принциптер мен ережелерге сәйкес келетіндігін анықтау үшін жүргізіледі.

Операциялық (басқару) аудит - бұл кәсіпорынның жұмыс істеуін, оның өнімділігі мен тиімділігін бағалау мақсатында тексеру.

Сәйкестік (салық) аудит - бұл ұйымда нақты ережелердің, нормативтік актілердің, зандардың, инструкциялардың, келісім - шарттардың баптарының сақталуын тексеру. Сонымен қатар, сәйкестік аудит ұйымның жеке меншік иелері мен акционерлерінің тапсырмасы бойынша белгіленген басқару процедураларының жетекшілікпен сақталуын тексеру мақсатында жүргізілуі мүмкін. Сәйкестікке тексеру барысында кәсіпорынның қызметінің, оның жарғысына және т.б. сәйкестігі бекітіледі [8].

Сәйкестікке тексеру қаржылық есеп беруді бағалау үшін тиісті белгілерді бекітуді талап етеді.

Жүргізу мезгіліне қарай аудиторлық тексеру бастапқы және келісілген (оқтын - оқтын) аудит болып бөлінеді.

Бастапқы аудит аудитормен немесе аудиторлық ұйыммен бұл ұйымда тексеруді алғашқы рет жүргізуді білдіреді.

Келісілген аудит бұл ұйымда бір аудиторлық ұйыммен (аудитормен) аудит қайта немесе жүйелі түрде жүргізіледі, яғни келісім - шартты қайта жасағанда орындалады.

Даму тұрғысынан аудит үш түрге бөлінеді:

1.            Дәлелдейтін аудит бухгалтерлік құжаттар мен есеп берудің дұрыстығын тексеру және дәлелдеу;

2.            Жүйелі - бағытталған аудит ішкі бақылау жүйесін талдау арқылы аудиторлық сараптау;

3.            Тәуекелге негізделген аудит аудиторлық тексерудің өте жоғары мүмкін тәуекелде аудиторлық жұмысты шоғырландыру.

Аудит объектілеріне байланысты жалпы аудит (кәсіпорындар мен олардың бірлестіктерінің аудиті):

             банктік аудит;

             сақгандыру аудиті;

             биржалар, бюджеттен тыс қорлар аудиті және инвестициялық институттардың аудиті болып бөлінеді.

Қазақстан Республикасының аудиторлық әрекет заңдарына сәикес аудит  міндетті және ерікті болуы мүмкін. Ерікті аудит ұйымының шешімінің негізінде жүргізіледі. Сонымен қатар ерікті аудиттің мақсаттары әртүрлі болады. Соның кейбірін тізіп өтейік:

1.            Ұйымның бухгалтерлік есебін толық немесе оның жеке бөлімдерін талдау және бақылау.

2.            Қаржылық есеп беру жағдаиын анықтау.

3.            Бухгалтерлік есеп берудегі іс жүргізуді ұйымдастыру.

4.            Есептің автоматтандырудағы пайдаланатын әдістер мен құралдарды бағалау.

5.            Салық салу шоттарындағы жағдаиды анықтау.

Ерікті аудит тематикалық болуы мүмкін, яғни, бақылау мен талдау жеке бөлімдер мен есептің бөлімшелерінде жүргізіледі. Міндетті аудит Қазақстан Республикасы. заңдары  бекіткен жағдайда жүзеге асырылды. Өнеркәсіп қаржы-шаруашылық әрекетін тексерту үшін аудиторларды шақыруға міндетті. Сонымен қатар аудиттің келесі түрлерін атап өтуге болады; сыртқы, ішкі, басшылар әрекетіне оперативті аудит, экологиялық аудит.

Сыртқы немесе ішкі жүргізілетін  аудит қаржылық есеп беруді, процедуралар мен нормаларды сақтауды, әрекеттің сипатын бағалауды тексеруді қамту мүмкін.

Ішкі аудит-өнеркәсіптің әрекетінің тиімділігін анықтау және тексеруге қажет  ішкі тәуелсіз бағалай ішкі аудит басқару бақылаудың бөлінбес бөлшегі болып табылады. Соңғы уақытта көптеген ұжымдарда ішкі аудиттің маңызы шешім қабылдаудың негізін құраитын және басқару ақпаратын жүйесін беретін ақпарат сапасын  бағалау, сонымен қатар  пайдаланушы ақпараты талдау әдісінің пайдалылығын бағалауға енгізу арқылы кеңеитілді.

Ішкі аудиттің мақсаты-өнеркәсіп қызыметкерлеріне өз міндеттеріне тиімді орындауға көмектесу. Оларға ішкі аудит талдаудың мәліметтерін, бағалауды, кеңестердің және тексеруші объектілер туралы ақпараттар береді. Ішкі аудиттің тапсырмалары:

1.            Өнеркәсіп жұмысына ведмстілік қаржылық бақылау.

2.            Өндіріс жұмысының қызметін эканомикалық көрсеткіштер арқылы тексеру.

3.            Өндіру мен өткізуді басқару жүйесінің жұмысын талдау.

4.            Өнеркәсіптің іскерлік белсенділігінің, рентабельділігін бағалау.

5.            Өнеркәсіп немесе ұжымның жұмысын жақсарту туралы ұсыныстар енгі.

Ішкі аудит келесі түрлерде ұйымдастырылуы мүмкін:

             а) тұрақты қызмет етуші ревизиялық комиссия түрінде;

             б) арнайы ішкі бақылау-талдау бөлімі;

             в) ішкі аудит жүргізу үшін аудиторлық формамен келісім түрінде.

Сыртқы аудит арнайы аудиторлармен  немесе  аудиторлық фирмалармен жүзег асырылады. Аудиторлық ұйым аудитті жоспарлауды міндеттеме-хатты жазғанға және ұйыммен аудитті жүргізу туралы келісім-шарт жасағанға дейін бастау керек.

 

 

3.2 Аудиттің халықаралық стандарттарына көшірудегі аудитті ұйымдастырудың заманауи мәселелері

 

Аудитті халықаралық стандарттарына көшу қазіргі таңда Қазақстанның бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылу үшін басты мәліметтердің бірі болып табылады.

Қазақстанда аудиторлық қызмет нарығы дамуының басты тенденциясының бірі болып оның кеңес беру процесімен қатынасы табылады. Аудиторлар аудиторлық есеп беруге табылған қателер мен жетіспеушіліктерден басқа қолданыстағы есеп саясатының рационалдығы туралы бухгалтерлік есепті ұйымдастыруда қолданылатын әдістері, сонымен қатар оларды өзгерту және дамыту ұсыныстары қорытындыға енгізілген. Соған байланысты, аудиторлық есеп берудің аналитикалық бөлімінде кеңес берудің элементтері пайда болған.

Елімізде аудиторлық қызметтің даму деңгейіне байланысты тексерілетін ұйымның қызметіне үлкен көңіл бөлінген, бұл аудиторлық тексеру сапасын және есеп берудің нақтылығы туралы қорытындыны жоғарлату мақсатымен анықталынады. Бұл үшін аудитордың қызметі туралы мәліметтері болуы керек, бұл бухгалтерлік қызметтің құзырына кіретін ақпараттарды зерттеу болып табылады.

Бірақ даму процесі тоқырау деңгейінен өтуде.

Біздің ойымызша, Қазақстан Республикасында аудиторлық қызметтің тоқырауы аудиторлық қызметті бір тектес реттеу және бақылау жүйесінің жоқтығымен, аудиторлар мен кеңес берушілердің кәсіби білім деңгейінің төмендігімен, көптеген аудиторлардың басқа коммерциялық және мемлекеттік құрылымдарға кетуімен, басқа мемлекеттерге көшіп кетуімен анықталынады.

Өкінішке орай, саны жағынан да, сапасы жағынан да аудиторлық қоғамдардың толығуы байқалмауда. Тәжірибелі аудиторлардың ішінде көптеген мамандар өздерінің кәсіби біліктілігін басқа салаларға жұмсауда (әкімшілік жұмыстар, білім деңгейін жоғарлатудың тәжірибелік жүйесінің жоқтығы). Аудиторлық қоғамның ішкі мәселелері иннерциялық түрде беріледі және есеп және есеп беруді жоспарлау және жүргізумен байланысты мәселелерге көбейтіледі.

Есеп жүйесін қайта қалыптастыру және АХС көшуді жылдамдату, сонымен қатар келесідей ұсыныстарды өткізуде тосқауылдарды жою үшін аталған жағдай қандай да бір шешімдер қабылдауы қажет:

             АХС тікелей қатысатын құжат ретінде танылуы, оларға нормативтік акті дәрежесін беру және қаржылық есеп беру аудит бойынша ҚР стандарттары ретінде қабылдау.

Халықаралық стандарттардың негізінде ұлттық стандарттар құрастырылады, құрастыру кезінде халықаралық стандарттар есепке алынады немесе құрастыру үшін база болып табылады. Көптеген мемлекеттерде өздігінше стандарттар құрастыруға болмайды және халықаралық стандарттарды ұлттық стандаттар негізінде қолдануға рұқсат берілмеген.

Қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына көшу аудиттің тиімділік деңгейін көтереді және аудиторлық стандарттардың талаптарына сәйкес жоғары кәсіби деңгейде аудиторларды дайындауды талап етеді.

Аудиторлық қызмет сыртқы және ішкі мәселелерден босатылмаған. Оның бірі – тәжірибеде аудиторлық стандарттардың ережелерін қолдануды білмеу.

Аудитор тәуекелділікпен қатар, заңдар мен басқа да актілерді ұстанбау қаржылық есеп беруге маңызды әсер етуі мүмін болатынын білуі қажет. Аудит барлық қателерді анықтай алмайды, ол ұйым басшысының әділдігін қарастыруды талап етеді. Аудиттің халықаралық стандарттарында «сәйкессіздік» деген ұғым бар. Аталған іс-әрекеттер клиентпен немесе басшымен орындалатын операциялар.

Қызметтердің заңдар немесе нормативтік актілермен сәйкессіздігі айыппұл, соттық процесстер т.б. қаржылық жағдайларға алып келуі мүмкін.

Қаржылық есеп берудің аудитін жүргізу кезінде қателерді қарастыру үшін аудиттің 240 «Алаяқтық және қателер» халықаралық стандарттары ұсынылған. Жетекшілік заңға сәйкес клиеттің қызметін қамтамасыз ету үшін жауапқа тартылады. Стандарт негізінде жетекшілікке сәйкессіздікті анықтау және оларды жою жауапкершілігі жүктелген. Келесі процедуралар мен саясат жетекшілікке сәйкессіздікті анықтау және оларды жою бойынша міндеттерін орындауда септігін тигізеді:

             Құқықтық талаптар мониторингі.

             Ішкі бақылау жүйесін құрастыру мен жүзегу асыру.

             Кәсіби мінез-құлық Кодексін сақтау, құрастыру.

             Кәсіби мінез-құлық Кодексін қызметкерлерге оқып-үйрету және түсіндіру.

             Кәсіби мінез-құлық Кодексін сақтау мониторингі және қызметкерлерге тәртіптік іс-шараларды қолдану.

             Құқықтық талаптар мониторингінде көмек көрсету үшін заңды кеңес берушілерді тарту.

             Заң регистрлерін жүргізу.

Әр елде аудиттің халықаралық стандарттары әр елде заңдар мен нормативтік актілердің әр түрлі екенін көрсетеді. Бірақ, АХС тек қаржылық есеп берудің аудитіне ғана қолайлы және басқа келісімдерге қолайсыз. Қазақстан Республикасының «Аудиторлық қызмет туралы» заңының 18 бабы «Аудиторлық есептің ҚР заңдылықтарына сәйкес емес жағдайда мұндай есеп соттың шешімі бойынша дұрыс емес деп танылады». Яғни, АХС ұйымның қаржылық есеп беруінің дұрыстығын растау мақсатындағы аудитті жүргізу тәртібін реттейтін ресми құжат ретінде емес тек кепілдік құжаттары түрінде пайдаланылады.

Демек, аудиторлық ұйымдармен барлық орындалған аудиторлық қорытындылар мен есептер АХС сәйкес рәсімделген, бірақ 1999 жылдан бастап заңдық күші жоқ және іздеу мерзімінің кезкелген сәтінде дұрыс емес деп танылуы мүмкін.

Осы тұрғыдан қарағанда, бүгінгі күнгі бухгалтерді кәсіби даярлау деңгейі бизнестің даму қархынына, ҚР заңдылығына және экономиканы дамытудың ұлттық ерекшеліктеріне жауап бермейде. Бухгалтерлер мен аудиторлардың біліктілігін жоғарлату мәселесін біздің көзқарасымыз бойынша аккредитациядан өткен кәсіби аудиторлық ұйымдар арқылы шешуге болады. Бухгалтерлер мен аудиторларды көбірек баулу үшін бірнеше аккредациядан өткен аудиторлық ұйымдарды құру қажет. Мұның өзі ҚР қаржы министрлігін дамыту реформасын жылдамдатуға оң әсерін тигізеді [9].

ҚР бухгалтерлік есептің реформасының концептуалды негізі біздің көқарасымыз бойынша ҚР қаржы министрлігі ұсыныстарының орындалуы келесі екі факторларға байланысты:

             ұйымның басшылары мен аудиторлар бухгалтерлік есептің маңыздылығын тек Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің мақсатты саясатының көмегімен анықтауға болады;

             қызмет барысында аудиторлар мен бухгалтерлер өзінің қажеттілігін қанағаттандыру үшін уақтылы сапалы ақпараттарды алуға мүмкіндіктері болуы және өзінің білім деңгейін үздіксіз жоғарлатуы тиіс.

Әр түрлі деңгейдегі аудиторлар мен бухгалтерлердің біліктілігін жорғарлату мәселесін шешу үшін біздің ойымызша, тек тәжірибелік консалтинг жүйесін ұйымдастыра алатын аккредитациядан өткен кәсібі аудиторлық ұйымдар арқылы ғана жүзеге асады. Кез-келген сатыда бухгалтерлер мен аудиторлардың білімін жоғарылату үшін аталған бағытта шын мәнінде сапалы қызметтерді көрсетумен айналысатын ұйымдардан өткен дұрыс.

Бухгалтерлер мен аудиторларды өз қызметтерінен айырмай оқып-үйрету үшін, жоғарыда көрсетілгендей аккредитациядан өткен аудиторлық ұйымдарды республика территориясында аймақтар бойынша ашу мемлекеттің басты мақсатына айналуы тиіс.

Бұл сұрақты нәтижелі шешу үшін баспасөз құралдары бухгалтерлер мен аудиторларды тәжірибелік маңыздылығы бар кәсіби бағытта дайындалған арнайы әдебиеттермен қамтамасыз етуге атсалысуы керек.

Егер бұл салада аккредитациядан өткен аудиторлық ұйым мен мамандандырылған бухгалтерлер ұйымы бірігіп жұмыс жасайтын болса, кез келген мәліметтің сапалылығына жауап береді.

Аудиторлардардың аккредитациядан өткен кәсіби ұйымдарының әдістемелік басқаруы бойынша, осындай құрылымда бухгалтерлердің кәсіби ұйымдары мен бухгалтерлерге сертификат беретін ұйымдар біріктірілсе, бұл аудиторлар, бухгалтерлер мен бақылаушы ұйымдар мамандарының бірлесіп қызмет атқаруына қажетті нақты жоғары деңгейде өңделген ақпарат көзі болып табылады.

Сапалы қызмет кәсіпқойлықпен, маманданған менеджменттен, жауапты аудитормен бухгалтермен тікелей байланысты, нарық қызметінде оның абыройы қалыптасады, олар өздері бұл организацияны лицензия пікірі арқылы жоққа шығарады немесе сапа денгейін және қызмет көрсету сервисін жоғарылатады.

Информация о работе Қазіргі кездегі бухгалтерлік есепті және аудитті ұйымдастыру