Еңбек саласындағы конституциялық құқықтар мен қағидаларды сот арқылы қорғаудың ерекшеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Марта 2013 в 20:22, курсовая работа

Описание работы

Еңбек құқықтық қатынасы теңдік пен билік-бағыныстылық қатынастарының синтезінен тұрады, ал оның құрамында мүліктік те, сонымен бірге мүліктік емес те ұйымдық және іс жүргізушілік қатынастар болады. Құқықтың біте қайнасқан салалары болғандықтан еңбек құқығы мен азаматтық құқық біріне-бірі ұдайы ықпал етіп отырады. Айталық, еңбек заңнамасы азаматтық заңнаманың бірталай әдіс-амалдарын, реттеуіш тетіктерін пайдаланады; олар, мәселен, құқықтар мен міндеттерді айқындаудың баламалы сипаты, құқық қатынастары субъектілерінің еңбек шарты мен келісімін жасау кезіндегі тең жағдайы тағысын тағылар.

Содержание

Кіріспе……………………………………………………………………...
6

1 Еңбек саласындағы конституциялық қағидалар мен құқықтар: жалпы сипаттамасы мен құқық реттелуі.......

9
1.1 Еңбек ету бостандығы адамға және азаматқа тән құқықтардың бірі ретінде................................................................................................................

9
1.2 Еңбек саласындағы конституциялық қағидалар мен құқықтар: түсінігі, түрлері мен жіктелуі..........................................................................

18
1.3 Еңбек саласындағы конституциялық қағидалар: мазмұны, құқықтық реттелуі, оның халықаралық нормалар және қағидалармен арақатынасы.......................................................................................................


24
1.4 Қазақстан Республикасы мен шет елдердің еңбек саласындағы конституциялық құқықтар…………………………………………………...

34

2 Еңбек саласындағы конституциялық құқықтар мен қағидаларды сот арқылы қорғаудың ерекшеліктері……

40
2.1 Еңбек саласындағы конституциялық құқықтар мен қағидаларды сот арқылы қорғау механизмі…………………………………………………….

40
2.2 Еңбек дауларын қарау кезіндегі тараптардың іс жүргізу құқығының ерекшеліктері………………………………………………………………….

54

Қорытынды………………………………………………………………..
64

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ………………………

Работа содержит 1 файл

еңбек ету бостандығы.doc

— 435.50 Кб (Скачать)

Адамның туабітті құқықтарының бірі және бірегейі - өмір сүру құқығы болса, дүниені дұрыс сілкіндіріп келген Кеңес өкіметі өзінің алғашқы жылдарынан-ақ соны аяққа басып келгенін, шынында, осы бір фактіден-ақ көруге болады. Бірақ бұл біреу ғана болса ғой! В.И.Ленин сол 1923 жылғы 19 наурызда (әлгіден бір ай өтпей жатып) Саяси бюроға мынадай хат жолдапты: "Әсіресе ең бай деген мінажатханалардан, әдірияттар мен шіркеулерден бағалы заттарды тартып алу аяусыз, әрі ештеңеге қарайламайтын, сөзге келмес батылдықпен және де қысқа мерзімнің ішінде жүргізілуге тиіс. Реакцияшыл діндарлар өкілдерін неғұрлым көбірек атсақ, солғұрлым жақсы болмақ".

Жалпы құқық салаларының, соның ішінде еңбек құқығының негізгі қағидалары басшы идеялар, негізгі ережелер ретінде ең әуелі елдің Ата заңынан бастау алады. Мәселен, біздің жағдайымызда бұл идеялар Қазақстан Республикасы Конституциясының «Адам және азаматы» атты 2 бөлімінде азаматтардың құқықтары түрінде көрінеді [3]. Қазақстан Республикасының Конституциясы тәуелсіз егемен мемлекеттің конституциялық дамуының жаңа кезеңіне жол ашқан акт болып табылады. Конституцияның қабылдануы конституциялық құрылыстың құқықтық негізін қалады, мемлекеттік тетік, сондай-ақ қоғамдық, саяси институттар ретінде қызметтің негіз боларлық принциптерін орнықтырды, адам мен азаматтың конституциялық мәртебесін белгіледі, экономикалық құрылыстың негіздерін айқындады [6, 29б.].

1993 жылғы Конституция шынайы еңбек бостандығына, яғни, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауға, еріксіз еңбекке тыйым сала отырып, екінші жағынан өз жұмыс күшіне өзі қожайын болуға құқықтық және экономикалық мүмкіндіктер мен жағдайдың алғы шарттарын туғызды деп тұжырымдаймыз. Бірақ 1993 жылғы Конституция "Республика азаматтарының еңбек ету құқығы" 1995 жылғы Конституцияда "әркімнің еңбек ету бостандығы" деп өзгертілді. Ендігі жерде бір сұрақ туындайды. Еңбек ету құқығы мен еңбек ету бостандығының ара қатынасы қандай? Осыған орай бұл түсініктердің мазмұнын, халықаралық құқыққа сәйкестігін анықтау керек.

С.А. Димитрованың көзқарасы бойынша еңбек ету құқығы еңбек ету бостандығының құрамдас бөлігі деген пікір айтады [7, 14б.] Кейбір әдебиеттерде еңбек ету бостандығы деп басталып, еңбек ету құқығымен аяқталады немесе керісінше еңбек ету құқығымен басталып еңбек ету бостандығымен аяқталады [8, 16-18б.].

Құқықтану саласында бостандық пен құқық термині адам құқығымен тығыз байланысты. Бұл екі терминнің байланысын ғалымдар «бостандық ол қағида мен теңдік нормасынсыз, қалпыға ортақ ережелерінсіз, яғни құқық және құқықтық формасынсыз мүмкін емес,-деп тұжырымдайды. Осы сұрақты зерттей келе келесідей қорытындыға келуге болады: бостандық құқық түсінігінен кеңірек. Құқық - адамның ерікті түрде таңдау бостандығын бекітетін жүріс-тұрыс ережелері. Бостандықтың заңды түрдегі шегі мен мүмкіндіктерін анықтайтын құрал бұл - құқық. Еңбек бостандығы құқықтық аспектіде, еңбекке байланысты қоғамдық қатынастардың бостандығы дәрежесін көрсететін құқықтық нысандар жиынтығы. Яғни, бостандық құқық нормаларында көрініс табады.

Қорыта айтқанда, бостандық пен құқық әлеуметтік-зкономикалық аспектіде тығыз байланысты. Құқықтық тұрғыда адамның еңбек бостандығын қамтамасыз етуге бағытталған ең негізгі шараларының бірі - ол субъектінің еңбек ету бостандығына немесе еңбек ету құқығын құқықтық актілерде бекітуі болып табылады. Адамдардың әлеуметтік экономикалық саладағы құқықтары мен бостандықтары арасында еңбек ету бостандығы немесе еңбек ету құқығы еңбек құқығының ең басты қағидалары деп танылады.

Адам құқығының жалпыға ортақ, абсолюттік сипатын мансұқтап, оған таптық тұрғыдан қараудың өкініші бітпес ащы сабақтары осындай. Сондықтан болашақта қоғамымыз қандай жолмен дамыса да, сол жолда қандай қиын-қыстауларға тап келсе де демократияны тұқыртып, адам құқықтарын шектеуге, азаматтардың ажырағысыз және бөлінгісіз құқықтарын, бостандықтары мен қадыр-қасиетін қамтамасыз етуден ауытқуға еш жол беруге болмайды. Зәрердей нәрседе адам құқығының басымдығынан ауытқу кең құлашты өрескелдіктерге, заңсыздықтың ең бір сорақы түрлеріне ұласуы кәдік. Адам құқығының сөзсіз, мызғымас түрдегі сақталуы иә бар,иә жоқ -мұның аралық сипаты, көлгірлік реңктері болуы мүмкін емес. Қазақстан Республикасының Ата заңы адамның және азаматтардың мынадай негізгі әлеуметтік -экономикалық құқықтарын бекітеді: әркімнің еңбек ету бостандығы, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауы; қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайы; еңбегі үшін нендей бір кемсітусіз сыйақы алу; жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғалу; ереуіл жасау құқығын қоса алғанда, заңмен белгіленген тәсілдерді қолдана отырып, жеке және ұжымдық еңбек дауларын шешу құқығы; демалу құқығы және т.б., құқықтар. Конституция құқық пен бостандықды қоғамдық өмірдің барлық саласында жан-жақты реттеудің негізі болып табылады [9, 168б.] Бірақ конституциялық құқық адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруға байланысты қатынастарды толық реттемейді, сондықтан олардың мазмұнын заңдардан, соның ішінде-еңбек заңдарынан іздестіру керек [10, 48б.].

Адамның негізгі бостандықтары, оларды мемлекеттің мойындау-мойындамауына қарамастан, қоғамдық дамудың нәтижесі ретінде, адамның әралуан материалдық және мәдени игіліктерге ие болуының әлеуметтік мүмкіндігі сипатында өмір сүреді. Адамның бостандығы дегеніміз оның қоғаммен қарым-қатынасының алуан айшығын бейнелейтін жалпыадамзаттық санат. "Адам бостандығы" санатының заңдық сипаты "адам-қоғам" байланысының "азамат-мемлекет" байланысына ұласуы түрінде көрінеді. Адам құқықтары тікелей әлеуметтік құбылыс ретінде көрінеді.оны шындықтың өзінен туатын нақты құқықтар немесе табиғи құқықтар десе де болады. Адамдар осы мағынада қабылдап, игерген тікелей әлеуметтік құқықтар әлеуметтік талап-тілектерден көрініс табады да құқықтық сана талаптары түрінде салт-дәстүр, ізгілік - имандылық нысанын киеді, заңдық құбылыс ретіндегі құқыктық әлеуметтік негізіне айналады. Адам бостандықтары құқықтық сана тетігі арқылы қоғамдық қатынастарды заңдық реттеуге, құқықтық шығармашылыққа және құқық қолданушылыққа тікелей ықпал етеді, сөйтіп, олардың табиғатына сай келетін қажетті идеологиялық нысанды талап ете отырып ,оны тек ізгілік-имандылық ,салт-дәстүр түрінде ғана емес, заңдық нормалар түрінде де, тиісті құқықтарды, бостандықтарды, міндеттерді заң жүзінде бекіту, оларды іске асыруды экономикалық кепілдіктермен тиянақтау түрінде де қамтамасыз етеді. Заңда, құқық нормаларында айтылған және бекітілген жеке адам құқықтары құқық теориясында субьективтік құқықтар деп аталады. Адам бостандықтары азаматтардың іс жүзіндегі құқықтары болуы үшін, яғни мемлекет ішіндегі құқықтық нақтылыққа айналуы үшін ол ішкі оң (позитивтік) құқықпен бекітілуі тиіс. Сондықтан мемлекеттік ішкі құқық тұрғысынан алғанда адам бостандықтары дегеніміз халықаралық құқықта заң нысанында бейнеленген және жекелеген мемлекеттердің мойындауына байланысты, енді басқа деңгейдегі құқыққа айналған қоғамдық талаптардың дәл өзі. Өмір сүру, еңбек ету, бостандыққа, меншікке ие болу сияқты қарапайым адам құқықтары мемлекеттің мойындауына және заң жүзінде бекітілуіне қарамастан өмір сүреді, бірақ мойындалмаған және кепілдендірілмеген күйінде олар жүзеге аспай, тек игі тілек, жақсы ниет болып қала береді.

Еліміздің егемендік алып, тәуелсіз даму жолына түсуіне байланысты бізде де еңбек ету бостандығына қол жетіп, оның дамуына қажетті әлеуметтік-экономикалық және құқықтық жағдайлар жасалды. Соның арқасында 1993 жылғы Конституцияның өзінде-ақ азаматтардың еңбек ету құқығы заңдастырылып, ол әрбір адамның дербес өндіруші ретінде немесе еңбек шарты бойынша өз қалауына, қабілетіне және арнайы даярлығына сәйкес еркін еңбек ету мүмкіндігі ретінде бекітілді. Осыған орай мемлекеттік меншік пен жеке меншік түрлеріне жол ашылды, олар заң мен сот алдында тең деп танылды.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясында бірталай еңбек құқықтары адам құқықтарының санатына жатқызылған. Әңгіме еңбек бостандығы және еңбекке мәжбүрлеуге тыйым салу, ешқандай кемсітусіз және ең төменгі мөлшерден кем болмайтындай етіп еңбекке ақы төлеу құқығы, еңбекті қорғау мен жұмыссыздықтан қорғау құқығы, жеке дара және ұжымдық еңбек дауларына деген құқық, соның ішінде ереуілге шығу құқығы, демалу құқығы, сондай-ақ жұмыскерлердің өз мүдделерін қорғау үшін кәсіптік одақтар құру құқығы туралы болып отыр.

Адамның негізгі құқықтары мен бостандықтары халықаралық және ұлттық құқық жүйелерінде, Адам және азамат құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясында, Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық шартта, Экономикалық және мәдени құқықтар туралы халықаралық шартта бекітілген.

Халықаралық актілердің тікелей күші олардың құқықтық табиғатына байланысты, өйткені оларда адамның тікелей табиғи құқықтары тоғысқан.

Халықаралық құқықтық актілерде негізінен еңбек ету құқығы туралы сөз болады да еңбек ету бостандығы тікелей бекітілмейді. Дегенмен бұл актілердің негізгі мақсаты адамдардың еңбек ету бостандығына деген құқығын қамтамасыз етуден туындайды. Өйткені, еңбек ету бостандығы болмайынша, еңбек ету құқығы туралы сөз айтудың өзі мүмкін емес. Сондықтан да Қазақстан Республикасы Конституциясы 24 бабының 1-тармағында халықаралық актілер бойынша еңбек ету құқығының мазмұнына жатқызылатын құрам толығымен сақталған деп айтуға болады. Демек еңбек ету бостандығы өзінің қағидасы, мақсаты мен мазмұны бойынша халықаралық құқыққа қайшы емес, қайта содан туындайды.

"Осы Заң азаматтардың Қазақстан Республикасындағы еңбек бостандығына   Конституцияның   құқығын   іске   асыру   процесінде туындайтын еңбек қатынастарын реттейді" деп атап көрсетілген Қазақстан Республикасының "Еңбек туралы" Кодекснің кіріспе бөлімінде. Демек, Конституцияның 24 бабының 1-тармағында айтылатын әркімнің еңбек ету бостандығын жүзеге асыруды реттеу "Еңбек туралы" кодекске жүктеледі. Бұл Заң жеке тұлғаның конституциялық еңбек ету бостандығы құқығын жүзеге асырудың құқықтық тетігін бекітеді. Демек, адам құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруды құқықтық реттеу еңбек заңдарының міндеті болып табылады. Сондықтан адамдардың әлеуметтік-экономикалық саладағы құқықтары мен бостандықтарының құқықтық табиғатын еңбек құқығы саласынан іздеу керек. Оның мәнісі олардың құқықтық табиғатын анықтау арқылы адамдардың соны тиісті дәрежеде пайдалануын, сондай-ақ оны жүзеге асыру мен қорғауды қамтамасыз ету жүйесін, бұған қоса осы құқықтарды жүзеге асыруға байланысты туындайтын қатынастарды реттейтін еңбек заңдары мен оның нормаларын жетілдіру жолдарын іздестіру болып табылады.

Жалпы құқықтық мәртебенің құрамдас бөлігі болып табылатын әрі табиғи құқықтан туындайтын адамның еңбек мәртебесі халықаралық әмбебап актілерде бекітілген, еңбекпен реттеудің негізгі сипаттарымен белгіленген және ол еңбек жөніндегі арнаулы құқықтық актілерде неғұрлым егжей-тегжейлі баяндалған. Адамның халықаралық еңбек мәртебесі халықаралық кеңестерде және конференцияларда қабылданған құжаттарда ашып көрсетіледі.

Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар жөніндегі халықаралық шартта лайықты ақысы бар жұмыс түрін таңдау құқығы (6 бап), әркімнің әділетті және қолайлы еңбек жағдайларына деген құқығы (7 бап), өзінің экономикалық және әлеуметтік мүдделерін қорғау құқығы (8 бап) бекітілген және соған орай мемлекет өзіне белгілі бір міндеттемелер алады да толық жұмыстылық саясатын қамтамасыз етеді.Көп елдерде, соның ішінде біздің елімізде де, бұл проблема лайықты шешімін тапқан жоқ әрі, оның үстіне, азаматтардың әлеуметтік және еңбек құқықтарын халықаралық деңгейде жүзеге асырудың тетіктері жасалған жоқ.

Адам құқықтарының хартиясында: адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясының 7, 20, 21, 25, 26, 29 баптарында адамның еңбек құқықтары мен бостандықтары бекітілгеніне қарамастан бізде әлі күнге дейін адамның өз елінде мемлекеттік қызметке тепе-тең араласу, адамның өзінің және отбасы мүшелерінің лайықты өмір сүруін қамтамасыз ететіндей қанағатты ақы алу құқығы іске аспай келеді. Бұл жайлар Қазақстан Республикасындағы еңбек қызметінің негізгі қағидалары ретінде еңбек заңнамасында бекітілуі тиіс.

Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясында тұжырымдалған  міндеттерді  орындауға  барлық  халықтар     мен мемлекеттер ынталы болулары керек. Құқықтар мен бостандықтарды құрметтеуге ықпалдасу, оларды ұлттық және халықаралық прогресшіл шаралар арқылы қамтамасыз ету мемлекеттердің өз азаматтары алдындағы абзал міндеті ретінде аталады.

Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық шарттың 2-бабында мемлекеттің өз аумағы шегіндегі және өз үкіміндегі барлық адамдарды құрметтеу және олардың Шартта көзделген, соның ішінде 8, 21, 22, 25 баптарда айтылған әлеуметтік, еңбек құқықтарын қамтамасыз ету міндеті атап көрсетілген.

Халықаралық конференциялардың қорытынды құжаттарының көбінде өзге адамдардың құқықтары мен бостандықтарын лайықты түрде мойындау мен құрметтеуді қамтамасыз ету, демократиялық қоғамдағы моральдың, қоғамдық тәртіптің, жалпыға ортақ береке-бірліктің әділетті талаптарын қанағаттандыру мақсатымен адам құқығына қойылатын шектеулердің егжей-тегжейлі тізбесі келтіріледі. Бұл норманың маңыздылығы оның әрбір егемен мемлекетте конституциялық түрде бекітілуінен де көрінеді.

Әркімнің еңбек ету бостандығына құқығы Қазақстан Республикасы азаматтарымен қатар республика аумағында заңды келіп тұрып жатқан шетел азаматтары және азаматтығы жоқтардың да еңбек етуге құқығын білдіреді. Еңбек құқығында әркімнің еңбек ету бостандығына құқық еңбек құқығының конституциялық еңбек ету бостандығы қағидасы деп аталуы керек. Еңбек ету бостандығы қағидасы сақталуы мен жүзеге асырылуы Ата заңымыздың ережелерін басшылыққа ала отырып "Еңбек туралы" кодексімен ғана емес, еңбек ету бостандығын жүзеге асырудың түрлі нысанын реттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілермен оның мазмұны нақтыландырылып, кепілденіп, қамтамасыз етілуі тиіс.

Қоғамның әр мүшесінің конституциялық еңбек ету бостандығына құқығы-адамның әлеуметтік-экономикалық саладағы құқықтары мен бостандықтарының арасындағы ең бастысы, негізгісі. Демек, ол- еңбек құқығы мен еңбек заңдарының өзекті мұраты, басты ережесі. Осыдан келіп, еңбек ету бостандығы еңбекке байланысты қатынастарды құқықтық реттеуде басшылыққа алынатын негізгі қағида дейтін тұжырым туады.

Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) құқықтық актілері адамның халықаралық еңбек мәртебесінің негізін құрайды. Жүйелік тұрғыдан келгенде ХЕҰ Конвенциялары мен Кепілдемелерін құқықтық реттеудің мән-мағынасына қарай бөлуге болады.

ХЕҰ-ның еңбек қатынастарының өзін реттеуші Конвенциялары мен Кепілдемелері жалданып жұмыс істейтіндердің және өз бетімен еңбек ететіндердің әралуан құрамын қамтиды, халықтың әлеуметтік шетін топтарын қорғаудың нормаларын белгілейді. ХЕҰ-ның 1978 ж. еңбек мәселелерін реттеу туралы №150 Конвенциясы еңбек құқығының мән-мағынасын және еңбек қатынастарының субъективтік құрамын кеңейту қағидасын бекітіп берді. Конвенцияның 7 бабында заң бойынша жалданып жұмыс істеушілер санатына қосылмайтын адамдардың: жалданбай жұмыс істейтіндердің, тұрақты жұмыс күшін пайдаланбайтындардың, ресми емес секторда жұмыс істейтіндердің, тұрақты жұмыс күшін пайдаланбайтын арендаторлардың, үлескерлердің және сол санаттағы ауылшаруашылық жұмысшыларының, кооперативтер мен еңбекшілер басқаратын кәсіпорындар мүшелерінің, салт-дәстүрлер бойынша жұмыс істейтіндердің еңбек жағдайына және еңбек жолына қатысты мәселелерді заң тұрғысынан кезең-кезеңімен қамту туралы айтылады.

Жұмыстылықтың бір түрі ретіндегі кооперативтік еңбек мәнінде де ХЕҰ-ның бірсыпыра актілері қабылданған. Дамушы елдердің экономикалық және әлеуметтік өркендеуіндегі кооперативтердің рөлі туралы ХЕҰ-ның 1966 жылғы №127 кепілдемесінде кооперативтер құру экономикалық және мәдени дамудың, адамзат өркендеуінің аса маңызды жолы екендігі айтылады.

Информация о работе Еңбек саласындағы конституциялық құқықтар мен қағидаларды сот арқылы қорғаудың ерекшеліктері