Еңбек саласындағы конституциялық құқықтар мен қағидаларды сот арқылы қорғаудың ерекшеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Марта 2013 в 20:22, курсовая работа

Описание работы

Еңбек құқықтық қатынасы теңдік пен билік-бағыныстылық қатынастарының синтезінен тұрады, ал оның құрамында мүліктік те, сонымен бірге мүліктік емес те ұйымдық және іс жүргізушілік қатынастар болады. Құқықтың біте қайнасқан салалары болғандықтан еңбек құқығы мен азаматтық құқық біріне-бірі ұдайы ықпал етіп отырады. Айталық, еңбек заңнамасы азаматтық заңнаманың бірталай әдіс-амалдарын, реттеуіш тетіктерін пайдаланады; олар, мәселен, құқықтар мен міндеттерді айқындаудың баламалы сипаты, құқық қатынастары субъектілерінің еңбек шарты мен келісімін жасау кезіндегі тең жағдайы тағысын тағылар.

Содержание

Кіріспе……………………………………………………………………...
6

1 Еңбек саласындағы конституциялық қағидалар мен құқықтар: жалпы сипаттамасы мен құқық реттелуі.......

9
1.1 Еңбек ету бостандығы адамға және азаматқа тән құқықтардың бірі ретінде................................................................................................................

9
1.2 Еңбек саласындағы конституциялық қағидалар мен құқықтар: түсінігі, түрлері мен жіктелуі..........................................................................

18
1.3 Еңбек саласындағы конституциялық қағидалар: мазмұны, құқықтық реттелуі, оның халықаралық нормалар және қағидалармен арақатынасы.......................................................................................................


24
1.4 Қазақстан Республикасы мен шет елдердің еңбек саласындағы конституциялық құқықтар…………………………………………………...

34

2 Еңбек саласындағы конституциялық құқықтар мен қағидаларды сот арқылы қорғаудың ерекшеліктері……

40
2.1 Еңбек саласындағы конституциялық құқықтар мен қағидаларды сот арқылы қорғау механизмі…………………………………………………….

40
2.2 Еңбек дауларын қарау кезіндегі тараптардың іс жүргізу құқығының ерекшеліктері………………………………………………………………….

54

Қорытынды………………………………………………………………..
64

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ………………………

Работа содержит 1 файл

еңбек ету бостандығы.doc

— 435.50 Кб (Скачать)

Екінші қолдануда еңбек қатынастарының құқығын өз таңдауымен, яғни шарттың  түзілген жерінің заңын қолданады.

Коллизиондық қағиданың қолдануы, яғни жұмыс орнының елінің заңын  қолдану халықаралық жеке құқықта  ең негізгі қағида болып табылады. Олар Австрия, Албания, Венгрия, Испания, Швейцарияда қолданылады.

Жұмыс орнының елі дегеніміз - жұмысшының жұмыс істейтін мекемесінің мекен-жайы, яғни мекеме қай елдікі, және орны қай жерде екендігінде.

Жұмыс күшінің миграциясы әлемдік  масштабта үнемі өсу сипатына ие. БҰҰ-ның бағалауы бойынша әлемдік  масштабта мигранттар саны жылына 125 миллионға жетеді екен, оның ішінде шетелдік элементтердің де бар екенің ескеру қажет. Миграция нәтежесінде өзінің халқын тұрақты жоғалтатын елдердің қатарына Қазақстанда кіреді. Бүгінгі күнде біздің мемлекетіміздің еншісіне жалпы халықаралық мигранттар саны 0,4 пайыздан келеді. Қазақстанның ішкі көш-қондық процессінің еншісіне 60 %, ал сыртқы көш-қон еншісіне шамамен 41 % тиесілі.

Жоғарыда көрсетілген Қазақстан  елінің көш-қон жағдайы және оның республикадағы әлеуметтік-экономикалық жағдайға әсері Үкіметті көш-қон  туралы Мемлекеттік бағдарлама жасауға итермеледі. Көш-қон тұралы Концепция ҚР-ң Министрлер  Кабинетінің 11 қантар 1995 жылғы № 11 Қаулысымен бектілді. Концепцияда қарастырылған  бағдарламасының  ішінде  көш-қон саласына қатысты мынаны бөліп қарауға болады: оралмандарды қабылдау және оларды орналастыру кезінде дұрыс жағдай жасауды. Соңғы тармағына байланысты Қазақстанның халықаралық міндеттемесін атауға болады.

Мысалы, Қазақстан Республикасы мен  Иран Мұсылман Республикасы арасындағы достастықты арықарай дамыту туралы меморандумның 13 бабында айтылған: "Иран жағы иран Республикасында тұрғылықты тұратын қазақ ұлтының азаматын ҚР тұрғылықты тұруға жіберуге жәрдем көрсету, рұқсат етуі,  сол сияқты Қазақстан Республикасы да  Қазақстанда тұратын Иран азаматына дәл сондай әрекеттер жасауына қолдау көрсетуге" тиісті делінген.

Қазақстан Республикасы мен Монғолия арасындағы азаматтардың ерікті түрде  көшуіне және азаматтығын реттейтін, Қазақстан Республикасына еңбек  шарты бойынша мәселелерді реттеу туралы 2 желтоқсан 1994 жылғы Келісімдерінде тек қана азаматтық мәселелерді ғана емес, еңбек қатынастарына байланысты сұрақтарды да реттейді, яғни Қазақстан жағы оралмандардың транспортқа кеткен шығындарын және әлеуметтік тұрмыстық жағдайын да шешу қажеттілігін, кәсібі мен мамандығы бойынша жұмысқа орналастыру, білім алуына, жаңа  мамандық таңдауға, білімін жоғарылатуына  жан-жақты көмек көрсетеді.

Көш-қон мәселесі тек қана  мемлекеттің ішкі мәселесі ғана емес, сонымен қатар басқа мемлекеттерге де ортақ мәселе, ол халықаралық келісімдерде жарқын көрініс тапқан. Мысалы Қазақстан республикасы мен Таджикистан Республикасының 13 қантар 1993 ж. келісімінде:"тараптар көш-қон процессінің  жалпы халық таныған нормалары мен келісіп шешуі маңызды" - делінген.

Халықтың көш-қон процессін реттейтін  негізгі мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Еңбек Министрлігі жанындағы халықтың көш-қон бойынша Департаменті. Ережесі ҚР-ның Министрлер Кабинетінің № 1055 15 желтоқсан 1992 жылғы және өзгертулермен 2 август 1994 ж. бекітілген. Бұл органның қызметіне кіреді: "Көш-қон" занының нормативтік құқықтық актілерін талқылау; шетелдік жұмыс күшінің  Қазақстан Республикасында жұмысқа орналасу туралы арыздарын  қарау мен лицензия беру; сондай-ақ ТМД басқа елдерінен келген жұмыс іздеушілерге де осындай әрекеттер жасау.

Шетелдік тұлғалардың еңбек қатынасын реттеуде өзіне тән ерекшеліктері баср, сондықтан осыған байланысты белгілі коллизиондық нормалар қалыптасқан. Батыстың соттық және доктриналық тәжірибесі еңбек қатынасына құқықты қолданудын екі жолын меңгерген. Бір жол - ол жария құқығын пайдалану, ал екіншісі - жеке құқықты пайдалану.

Коллизиондық нормалар еңбек қатынасы саласының көптеген заңдары мен  нормативтік актілерінде бар. Мысалы, "Еңбекті қорғау туралы" Қазақстан  Республикасының заңының 10 бабында "Қазақстан Республикасының  өндірісінде жұмыс істейтін шетел азаматтары үшін еңбекті қорғау қатынасы саласындағы ерекшеліктерді реттеу және шетелде жұмыс істейтін Қазақстан Республикасының азаматы мен жұмыс беруші тараптың  келісімін бекіту" және осы Заңның 3 бабында: "Қазақстан Республикасының  заңдарында қарастырылғаннан гөрі жоғарғы талаптағы еңбекті қорғау қарастырылса, онда халықаралық елісімдегі ережелер қолданылады. Осы жерде айта кету қажет Қазақстан барлық халықаралық келісімдерге қатысушы емес. Бұл Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең шетелдік және азаматтығы жоқ адамдардың да еңбек құқығын қорғайды.

Халықаралық құқық барлық жағынан  еңбек қатынастарын реттейді. Адам құқықтарын еңбек саласында қорғайтын  көпжақты көптеген Конвенциялар бар. Бұған  адам құқығының жалпы мойындаған актісі - 19 желтоқсан 1948 ж. адам құқығының жалпы декларациясы, 16 желтоқсан 1966 жылғы  экономикалық, әлеуметтік, мәдени құқықтардың Халықаралық пакті. Халықаралықеңбек ұйымына Қазақстан республикасы 1992 ж. қатысушы.

ТМД елдері шеңберінде Қазақстан Республикасы жасаған халықаралық келісімдерден мыналарды атауға болады: ТМД Жарғысы - 22 қантар 1993 жылы қабылданған; 13 қараша 1992 ж. қабылданған ТМД-ға қатысушы мемлекеттерде еңбек, көш-қон және халықты әлеуметтік қорғау бойынша консультативтік Кеңестік құрылуы туралы келісім; 22 қантар 1993 ж. Минскіде қабылданған азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық қатынастар және құқықтық көмек туралы Конвенция; 24 қыркүйек 1993 ж. экономикалық  одақ құру туралы шарт; 8 шілде 1994 ж. Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан Республикалары арасындағы көш-қонға байланысты достастық туралы меморандум т.б.

Азаматтар  уақытша жұмыс істеуге келген елдің заңдарын құрметтеуге және сақтауға міндетті. Басқа елде бір жолғы рұқсатпен жұмыс істеудің ең төменгі мерзімі үш жыл. Бұл мерзім біткеннен кейін уақытша жұмыс істеуге келген азамат елді тастап кетуге міндетті. Оған соңғы кетер кезінде еңбек қызметін растайтын куәлік беріледі. Келісімде ұзақ мерзімдік еңбек  қатынасының тоқтатылғаның және азаматтың елге тұрақты тұру үшін келгенің құзіретті органның талап етуі бойынша қарауға болады. Бұл жүргізіледі, егер:

а) азамат уақытша еңбекке орналасу заңын бұзса 

б) азамат еңбек тәртібін бұзуына  байланысты еңбек шарты бойынша  қызметін жалғастыра алмаса;

в) азамат ауыру болу салдарынан немесе өндірістік жарақат алу салдарынан еңбекке жарамсыз болса (дәрігерлік қортынды бойынша 4 айға дейін қайта  жұмысқа орналасуға болмайды);

г) шарт пен келісімде көрсетілгендей тараптардың біреуінің жағдайды  орындамауы;

д) туындаған жееке жағдайларға байланысты азаматтың тұрғылықты жеріне кетуіне байланысты;

е) мұны тараптардың бірі қажет  етсе [21, 43б.].

Қазақстан Республикасының Конституциясының 21 бабында: Қазақстан территориясында  заңды тұрушы өз еркімен Қазақстан  территориясының кез-келген жеріне емін-еркін ауысып қонуына еркіндік құқығы берілген, егер заңда басқаша көзделмесе.

Бұл дегеніміз шетел азаматтарына және азаматтығы жоқтарға да еңбектің кез-келген түрімен айналысып орын ауыстыруларына құқылы екендігін айтады. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 14 бабында да шетел азаматтарының Қазақстан территориясында олардың еріктері бойынша ауысуына, мекен жайларын таңдауға және заңмен рұқсат етілмеген іс-әрекеттерден басқа істермен айналысуға, заңды тұлға құруға, мәмілелер түзуге міндеттемелерге қатысуға құқылы делінген.

Шетелдіктердің еңбек әрекеттері Консулдардан басқа "ҚР-ғы шетел  азаматтарының құқылық жағдайы  туралы" Заңмен де реттеледі.

Осы заңға сәйкес, және халықаралық  шарттардың негізінде шетел азаматтары еңбек әрекеттерін жүргізе алады.

Шетел азаматтары да, қазақстандықтар  сияқты, құқықтар мен міндеттерге  ие бола алады.

Шетелдіктердің еңбек қатынастарына  байланысты міндеті Қазақстан заңы бекіткен салықты төлеу болып  табылады. Олар мекемеде жұмысшы өкімнен, бақылаушыға дейінгі аралықта қызмет істей алады. Ал еңбек ақысы туралы, еңбекті қорғау туралы және пенсиямен қамтамасыз ету туралы мәселелерді жеке еңбек шартында көрсетілгені бойынша әрқайсысымен бөлек шешеді.

Нақты  еңбек қатынастары екі жақты түзілген контратінің негізінде реттеледі. Шетелдіктердің қатысуымен жұмыс атқаратын мекеме, кәсіпорындар өздеріне тиісті, еңбек қатынастарына байланысты мәселелерді өз еріктерінше дербес шеше алады. Шетелдіктердің қазақстанда алдын ала келіп жұмыс істеуі үшін ҚР-на келіп жұмыс істегу, шетелдік жұмыс күнінің қажет екендігіне лицензия алуға рұқсат алуы керек.

Қазақстан Республикасының конституциясында (21 бап) азаматтардың ешқандай кедергісіз Республикадан тыс жерлерге баруға және қайтып келуге толық құқылы екендігі айтылған.

Азаматтық Кодекстің 14 бабында да Қазақстан азаматы еңбек қызметін шетелде де атқара алады делінген. Азаматтар уақытша шетелде жүрген кездерінде де кәсіпкерлік іспен  айналасуға құқылы.

"Халықты жұмыспен қамту"  Заңында еңбек қызметтерін шетелде  уақытша жүрген кездерінде атқара алады деп көрсеткен. Шетелдегі Қазақстан азаматтарының еңбек қызметін "Қазақстан Республикасына уақытша келу жағдайы мен Қазақстан Республикасынан уақытша кету туралы жағдайы" деген Министрлер кабинетінің 29 қыркүйек 1992 ж. бекіткен Қаулысымен реттеліп отырады.

"Қазақстан Республикасының  шетелдегі жұмысшыларының еңбек шарты мен ережелері туралы"  қаулы 31.05.1994 ж. қабылданған нормативтік актілермен реттеледі.

Қазақстан Республикасының азаматы шетелге шығу үшін шетелдік паспорт алуы қажет (заграничный паспорт). Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің № 577 31 мамыр 1994 ж.қабылданған қаулысы "Қазақстан Республикасының жұмысшысының шет елдегі еңбек жағдайы туралы ереженің" 8 пунктіне сәйкес Қазақстан азаматының уақытша жағдайы шет елдік  паспорт берерде республикадан кетуге уақытша мына жағдайда қайтарылуы мүмкін:

1)     егер ол мемлекеттік құпияны, мәліметтердібілсе; егер оған қылмыстық іс қозғалса - іс аяқталғанға дейін;

2)     егер ол жасаған қылмысы үшін сотталған болса - жазасын өтегенге дейін немесе жазадан босатылғаннан кейін;

3)     егер ол міндеттемені орындаудан жалтарса - сотта міндеттемені орындағанға дейін берілген болса;

4)     егер ол міндетті әскери қызметте болса - міндетті әскери қызметті жедел аяқтағанға дейін немесе заңға сәйкес одан босатылғанға дейін;

5)     егер ол өзі туралы жалған мәліметтер берсе;

6)     егер оған сотта азаматтық талап қойылған болса - іс өндірістен аяқталғанға дейін [22, 72б.].

Республикалық мекемелерден шетелге  жұмысқа жіберілген жұмысшылардың еңбек ақысы теңге мен де шетел валютасы мен де есептелу қарастырылған. Қазақстан Республикасының мекемелерінен шетелге толық еңбек күнімен немесе толық емес еңбек күнімен жіберілген жұмысшылардың еңбек ақысы өтелген еңбек уақытысына тең жүргізіледі. Шет тілін білетін және оны күнделікті тәжірибелік жұмыста қолданған, дипломатиялық ранга үшін, климаттық жағдайда қосымша үстеме (надбавка) жіберілген жұмысшылар үшін теңге мөлшерінде үкіметтің шешімімен төленеді. Климаттық жағдайы ауыр елдерде республикалық мекеме жұмысшылары үшін 50% қосымша үстеме еңбек ақылары үшін теңгемен төленеді. Шет елдік валютамен жұмысшылардың  еңбек ақысы шетелде бір не екі айда төленеді. Жұмысшының еркімен оның еңбек ақысы теңгемен айсайын жинақ банкідегі шотқа (қажетті ұйымның) аударылады. Жұмыс уақытының ұзақтығы және демалыс уақыты нетелдегі республиканың мекеме жұмысшыларына қазақстан Республикасының еңбек кодексііне сәйкес қолданылады. Демалыс күндерін жергілікті жердің жағдайына қарай өзгертуіне болады. Республиканың мекеме жұмысшылары үшін климаты ыстық және  ылғалды елдерде 6 сағат жұмыс күні белгіленген. Жұмысшылар үшін жылсайынғы ақылы демалыс шетелдерде; ТМД елдерінде, Европа елдерінде, АҚШ және Канадада - 24 күн, ал басқа елдерде - 24 күннен 48 күнге дейін (елдің климаттық жағдайына байланысты).

 

2 Еңбек саласындағы  конституциялық құқықтар мен  қағидаларды сот арқылы қорғаудың  ерекшеліктері

 

1.1 Еңбек ету бостандығы адамға және азаматқа тән құқықтардың бірі ретінде

 

 

Кең мағынасында алғанда адам бостандығы дегеніміз индивидтің (жеке адамның) қоғам мүшесі ретіндегі құқығы, дара тұлғаның құқығы. Қоғам дамуы адам бостандығы проблемасына тек ұлттық сипат қана емес, сонымен бірге интернационалдық та сипат беретін объективтік негіз болады. 1948 жылғы Адам және азамат құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясы халықаралық қауымдастықтың негізгі, жалпы адамзаттық игіліктерді мойындағанын білдіреді, ал бұларды мойындау және оларға кепілдік беру- дүниенің тыныштығы мен қауіпсіздігінің басты шарты болып табылады.

Әр елде, әрбір мемлекетте адам бостандығына деген теориялық және идеялық көзқарастардың бір-бірінен өзгешелігі бар, ал бұл экономикалық дамудың әралуандығына, қоғамда белгілі бір философияның белең алуына байланысты. Адам бостандығы туралы әрқилы теориялар бар екені шындық. Ал бірақ, шынтуайтына келгенде, қоғамның қандай қағидаларға негізделгеніне, онда қандай әлеуметтік діни наным-сенімдер үстем болғанына қарамастан адам бостандығына деген бір көзқарас, ортақ түжырымдама болуы тиіс. Жалпы құқық теориясына сәйкес құқықтың әрбір саласы басқа құқық салаларынан өзі реттейтін қоғамдық қатынас түрі, реттеу әдістері және құқықтық реттеу қағидалары арқылы ерекшеленеді. Сондықтан әрбір құқық саласын, соның ішінде еңбек құқығын меңгеру оның құқықтық санаттарын игеруден басталады [4, 65б.]. Адам бостандығына деген ортақ көзқарастың объективтік негізін құқықтардың өзіндегі жалпылық, негізгі құқықтардың жалпыадамзаттық сипаты құрайды. Жұрттың осы "жалпыға" әртүрлі тараптан (философиялық, діни, этикалық, таптық және т.б.) келетіні рас, әйтсе де барлық көзқарастар соған келіп тіреледі, сонда ұштасып, тоқайласады, осы мәнінде оны барша жұрт мойындайды, бұл олардың ортақ элементіне айналады. Жалпы қағидалар құқық жүйесі мен қоғамдық қатынастардың дамуының мәнін білдіреді. Міне, сол себепті де еңбек құқығының жаңадан пайда болған қағидаларын еңбек құқығының мәнді санаты ретінде қазіргі экономикалық және құқықтық реформаларға сәйкестіре зерттеу қажет. Әр түрлі әлеуметтік-экономикалық жүйелерде құқыктың мазмұны бірдей емес, бірақ бұл жүйелердің ұлттық сипаты құқық атаулының жалпыадамзаттық мәнін, неғұрлым терең мағыналы жалпыадамзаттық, әлеуметтік мүдделер мен игіліктерді бүркемелеп, мансұқтамауы және, әсіресе, аяқ асты етпеуі тиіс. Жалпыадамзаттықтың басымдығын мойындау -"адам құқықтарының ортақ тұжырымдамасы" бастау алатын тұс осы. Күні кешеге дейін адам құқығы мен бостандығы тар өрісті нормативтік мәнге ие болып келгенін, тіпті бұл ұғымның өзі теориялық тұрғыдан қатаң нормалар жиынтығы ретінде танылғанын, мемлекет адамның туабітті құқықтары болатынын қаперіне де алмағанын әлі ұмыта қойған жоқпыз. Ал мұның қандай сорақылықтарға апарып соқтырғанын Қазақстан халықтары Ассамблеясының 2001 ж. қазанда өткен 8 сессиясында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев жан түршігерлік фактілермен бұлтартпастай етіп дәлелдеп берді [5]. Онда басқа да көптеген деректермен қатар, ОГПУ-дің 1923 ж. ақпанда шыққан, Ленин қол қойған құпия пәрмені туралы айтылады. Бұл пәрменде ешқандай тергеусіз, сотсыз көздері құртылуға тиісті адамдардың тізімі беріліпті, олар: 1) Революцияға дейінгі саяси партиялардың барлық бұрынғы мүшелері; 2) монархиялық одақтар мен ұйымдардың барлық бұрынғы мүшелері; 3) тәуелсіз егіншілік одақтарының барлық бұрынғы мүшелері; 4) ежелгі аристократия мен дворяндардың барлық өкілдері; 5) жастар ұйымдарының барлық бұрынғы мүшелері және т.т [5].

Информация о работе Еңбек саласындағы конституциялық құқықтар мен қағидаларды сот арқылы қорғаудың ерекшеліктері