Қазақстан Республикасының салық рефомасының негізгі сатылары және салық реформасының қажеттілігі

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2011 в 08:03, курсовая работа

Описание работы

Курыстық жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасының салық түрлері және салық жүйесінің реформасын оның дамуын, салық құрылымының реформалануын және салық салудың даму келешектерін қарастырып талдау жасау.
Осы мақсатқа сәйкес курыстық жұмыста келесі тапсырмалар қойылып, олардың шешу жолдарын қарастыру:
Салық реформасының негізгі этаптары қаралады;
Салық түрлері
Салық құрылымының реформалануы;

Содержание

КІРІСПЕ...................................................................................................................3
1. САЛЫҚТАР ЖӘНЕ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
1.1 Салық ұғымы және оның әлеуметтік-экономикалық мәні........................4
1.2 Салық жүйесі.....................................................................................................5
1.3 Салық алуды ұйымдастыру..............................................................................7
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САЛЫҚ ТҮРЛЕРІ, САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ РЕФОРМАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ САТЫЛАРЫ
2.1 Қазақстан Республикасының салық рефомасының негізгі сатылары және салық реформасының қажеттілігі.....................................9
2.2 Қазақстан Республикасының салық түрлері.............................................15
2.3 Қазақстан Республикасы салық жүйесінің реформасындағы басты бағыттар және экономикадағы дамуына тигізетін әсері.................................18
2.4 Салықтық реформалар және салық салу келешегі........................20
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................24
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................26

Работа содержит 1 файл

САЛЫҚ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ РЕФОРМАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ САТЫЛАРЫ.doc

— 341.50 Кб (Скачать)

МАЗМҰНЫ 

КІРІСПЕ...................................................................................................................3 

1.  САЛЫҚТАР ЖӘНЕ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

1.1 Салық ұғымы  және оның әлеуметтік-экономикалық мәні........................4

1.2 Салық жүйесі.....................................................................................................5

1.3 Салық алуды ұйымдастыру..............................................................................7 

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САЛЫҚ ТҮРЛЕРІ, САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ РЕФОРМАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ   ДАМУ САТЫЛАРЫ

2.1    Қазақстан    Республикасының  салық  рефомасының    негізгі    сатылары    және    салық    реформасының  қажеттілігі.....................................9

2.2 Қазақстан Республикасының    салық  түрлері.............................................15

2.3  Қазақстан  Республикасы    салық    жүйесінің    реформасындағы   басты бағыттар  және экономикадағы  дамуына  тигізетін әсері.................................18

2.4 Салықтық    реформалар    және    салық    салу    келешегі........................20 

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................24

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................26 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Кіріспе

      

    Экономикалық    категориялардың    ішінде маңызды    орын алатын    –    салық. Салықтың көмегімен мемлекет нарықтық экономикаға қатыса алады.  Нарықтық   қатынас жағдайларында әсіресе нарыққа  өту  кезеңінде салық    жүйесі  ең  маңызды  экономикалық    реттеушінің    бірі    болып    табылады.

    Мемлекет салық саясатын нарықтың жағымсыз  жағдайларын  реттеуде    кең түрде қолданады. Салықтар да салық жүйесі секілді нарықтық    жағдайдағы    экономиканы    реттеуші    күшті    құрал    болып    саналады. Халық шаруашылығының тиімді қызмет жасауы  салық салу жүйесінің    қаншалықты    дұрыс    құрылғанына    тәуелді.

          Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында тиімді осы заманғы мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару құрылымын құру    мемлекеттің түйінді міндеттерінің    бірі    болып    айқындалады.

    Көптеген мемлекеттердің әлеуметтік экономикалық даму жолдары    мыналармен    түсіндіріледі:

    Мемлекеттік басқарудың жетістігі бюджеттік кездейсоқ, қиын    мәселелерді  шешулерге  тәуелді.  Себебі бұл  жерде  барлық уақытта  басты    құрал болып   салық    саналады.

    Осыдан салық салу теориясы мен тәжірибесінің  одан  әрі жетістікке жеу  мәселелерін салық қызметшісі және  талдау  жасаушы  мамандары көңіл  аударуда.

    Салық реформасы өткенде болған салық жүйесінің  қайта құрылуы бір  уақытта  салықты басқару  жүйесінің  бұрынғы механизмінің    пайда  болуы  нәтижесінде болған. Салық қатынастарының толық және жеке өзгерістерін    білдіреді    яғни    экономикалық    жүйесін.

    Курыстық   жұмыстың  мақсаты    Қазақстан    Республикасының    салық    түрлері    және    салық    жүйесінің    реформасын    оның    дамуын,    салық    құрылымының  реформалануын  және   салық салудың    даму    келешектерін    қарастырып    талдау    жасау.

    Осы мақсатқа сәйкес курыстық жұмыста келесі тапсырмалар қойылып,    олардың  шешу жолдарын  қарастыру:

  • Салық  реформасының    негізгі    этаптары    қаралады;
  • Салық  түрлері   
  • Салық  құрылымының реформалануы;

    Ақпараттық    және    құқықтық    қамтамасыз    ету    ретінде    курыстық    жұмысқа Қазақстан Республикасының салық жүйесінің  қызметін   реттейтін заңды және нормативтік актілер,  Қазақстан   Республикасының   статистика бойынша агенттігінің статистикалық материалдары    қолданылады.

    Жұмыстың құрылымы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан,    қолданылған  әдебиеттер тізімінен тұрады. 
 
 
 

    1.  САЛЫҚТАР ЖӘНЕ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІН  ҰЙЫМДАСТЫРУ 

    
    1. Салық  ұғымы   және оның әлеуметтік-экономикалық  мәні
 

    Ұйымдық-құқықтық жағынан салықтар бұл мемлекет біржақты  тәртіппен заң жүзінде  белгілеген,  белгілі бір  мөлшерде  және  мерзімде    бюджетк төленетін  қайтарусыз  және  өтеусіз  сипаттағы  міндетті    ақшалай    төлемдер.                         

    Салықтардың экономикалық мәні  өзінің функциялары мен міндеттерін    жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың  бір  бөлігі    болып табылатындығында.   

    Салықтар  қаржының  бастапқы категориясы болып табылады.   

    Салықтар  мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір   сүріп  дамуының  негізі болып  табылады. Адамзат дамуының бүкіл    тарихы    бойына  салық  нысандары  мен    әдістері    өзгерді,    игерілді,    мемлекеттің    қажеттіліктері  мен  сұрау салуларына    бейімделеді.  Салықтар  тауар-ақша қатынастарының ахуалына әсер  ете  отырып, олардың дамыған    жүйесінде айтарлықтай өрбіді. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі    әрқашан  салық жүйесінің    қайта    құрылуымен,    жаңаруымен    қабаттаса    жүреді.

Салықтар    барлық елдерде  олардың   қоғамдық-экономикалық    құрылысы    мен    саяси    іс-бағытына    қарамастан    ұлттық    мемлекет    кірістерінің    негізгі көзі - ұлттық табысты  қайта  бөлудің басты  қаржылық    құралы, мемлекеттің кірістері және бюджеттің кірістерін қалыптастырудың    шешуші    көзі    болыр    табылады. Салықтарда  мемлекеттің  экономикалық    мазмұны    нақты түрде  көрінеді,    ал    салықтардың    әлеуметтік-экономикалық    мәні,    олардың түрлері мен рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен,    мемлекеттің    табиғатымен және  функцияларымен    айқындалады.    Белгілі    философ  Фрэнсис Бэкон  салықтарды    төлеу    әрбір    азаматтың    қасиетті    борышы  деген.

    Қазақстан Республикасы  Конституциясының 35-бабында: заңды    түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді    төлеу  әркімнің    борышы    әрі міндеті  болып   табылады, - деп    жазылған.

    Салықтарда  ежелден салық жүктемесін (салық ауыртпалығын)    бөлудің    екі    қағидаты    қалыптасқан:

  1. пайда  (алынған    игіліктер) қағидаты;
  2. «қайыр    көрсету»  (төлем қабілеттілігі)  қағидаты.

     Алынған    игіліктерге және   төлем    қабілеттілігіне    салық    салудың    қағидаттарын пайдалану салық мөлшерлемелерін белгілеуге және табыстың    өсуіне  қарай олардың  өзгеруіне  саяды.

    Салықты  ұтымдық ұйымдастырудың классикалық қағидаттарын бұрын    А.Смит  ұсынған еді. Олар мынаған саяды:

    1)салық төлеушінің әрқайсысының табысына сәйкес алынуы тиіс    (әділеттілік қағидаты);

    2) салықтың мөлшері мен оны төлеу мерзімі алдын ала және дәл анықталуы  керек  (анықталған    қағидат);

    3) әрбір салық  салық  төлеуші    үшін  неғұрлым    қолайлы    уақытта  және   әдіспен  алынуы   тиіс (қолайлылық қағидаты);

    4) салықты алудың  шығындары  өте аз  болуы  тиіс  (үнем  қағидаты).

    Бұл  қағидаттарды пайдалану  салық салуда зорлық-зомбылықты    жоқ    етті,    бұл  процеске    реттелмеуді  енгізді  және А.Смитке    «салықтар –оны төлейтіндерге  құлшылықтың нысаны  емес,  бостандықтың    нышаны»    деп    қорытынды    жасуға    мүмкіндік    берді.  Салық    салудың    кейінгі    даму барысында қағидаттардың тұжырымдамалары дәлелденді,    толықтырылды.

    Салық    салудың    қазіргі  қағидаттары  мыналарға  саяды.

    1. Салық салудағы әділдік  қағидаты    екі    аспектіде    қарастырылады:

    а) «деңгейлес  теңдікке»    жету –  салық  төлеушілердің    табыстарына    тең    жағдайда    біркелкі    салық    салынады;

    ә) «сатылас  теңдікті»  сақтау –жеке  тұлғалардың табыстарына салық  салу табыстардың бір бөлігін қайта бөлу үшін прогрессивті шәкіл бойынша  сараланған  мөлшерлемелерді қолдана   отырып    жүргізілуі    тиіс.

    2.  Қарапайымдылық  қағидаты. Салық    механизмі    салық    төлеушіге    түсінікті    болуы    тиіс,    ол    рабайсз    әрі    күрделі    болмауы    керек.

    3.Салықтардың    анықтығы- алдын    ала    белгіленген    шарттар    мен    талаптардың мызғымас  теңдігі  елдің    барлық    аумағында    және    барлық    шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін түсіндіру мен қолданудың    біркелкілігі.

    4.Жеңілдіктердің аз саны жеңілдіктер құндық үйлесімдерді бұрмалайды   және салық   салу    субъектілерін    тең    емес    жағдайларға    әдейі    қояды.

    5.Салық салудың экономикалық бейтараптылығы. Салықтар экономи-каның жұмыс  істеуін  жақсартуға және  инвестициялардың    өсуіне  кедергі  жасамауы    тиіс.

    6.Экономикалық қатынастар бойынша осы елдің басқа әріптес  елдермен салықтардың негізгі түрлері бойынша салық мөлшерлемесінің салыстыр-малылығы.

    Қазақстанның салық заңнамасында сонымен бірге салық және    бюджетке    төленетін  басқа  да міндетті  төлемдерді төлеудің    міндеттілігі,    салық    салудың    айқындылығы, әділдігі,  салық    жүйесінің    біртұтастығы    және    салық    заңнамасының    жариялылығы    қағидаттары    негізделеді.

    Салық  төлеуші салық заңнамасына сәйкес салықтық    міндеттемелерін    толық  көлемінде  және    бнлгіленген    мерзімдерде    орындауға    міндетті. 

    1.2.    Салық    жүйесі. 

    «Салық  ұғымымен»    «салық    жүйесі»    ұғымы    тығыз    байланысты.    Мемлекетте  алынатынсалық түрлерінің, оны құру  мен  алудың    нысандары мен әдістерінің,  салық    службасы   органдарының    жиынтығы    әдетте    мемлекеттің    салық    жүйесін    құрайды.

    1991 жылға    дейін,  яғни    КСРО    ыдырағанға    дейін    елде    көбінесе    экономиканы   басқарудың    әміршіл-әкімшіл    жүйесіне,    бағаларға    қатаң    мемлекеттік  реттеуге сәйкес келетің  салық жүйесі  қызмет етті.    Бюджеттің    басты    кіріс  көздерінің  бірі    болған    айналым  салығы    тіркелген бөлшек  сауда және  көтерме сатып    алу    бағаларын қолдануға  және  мемлекеттік    реттеп  отыруға    бағытталған болатын. Қазақстан  егемендікке ие  болғаннан    кейін  1994-1995 жылдары қабылдаған  бірқатар заңдарға сәйкес  республикада жаңа    салық    жүйесі    қалыптасты.

    1991  жылғы    желтоқсанның   25-інен бастап  біздің    елімізде    тұңғыш    салық жүйесі жұмыс  істей    бастады.  Ол    «Қазақстан    Республикасындағы    салық    жүйесі    туралы»    заңға    негізделді.    Бұл    заң    салық    жүйесін    құрудың    қағидаттарын,  салықтар  мен    алымдардың    түрлерін,    олардың    бюджетке    түсу    тәртібін    белгілеген    алғашқы    құжат    еді. Осы    заңға    сәйкес Қазақстанда   1992    жылғы    қаңтардың   1-інен  бастап    13    жалпы  мемлекеттік  салық, 18  жергілікті  салықтар  мен алымдар    енгізілді.

    Салықтардың, оларды  төлеушілердің,  салықтарды  алу    әдістерінің,    салық жеңілдіктерінің жиынтығының  болатындығынан салық    жүйелерінің    әжептәуір    күрделі    үлгілері    болуы    мүмкін.

    Барлық өркениетті елдерде салықтардың  бүкіл    жиынтығы   әр    түрлі    қағидаттар    бойынша    жіктеледі:

    -салық салу объектілері бойынша;

    -салықты алатын және салықтан жиналған сомаға билік жасайтын органға қарай;

    -пайдалану тәртібі бойынша;

    -объектінің  экономикалық белгісі  бойынша.

    Салықтарды  салу  объектісі   бойынша олар тура және жанама    салықтар    болып    бөлінеді.

Информация о работе Қазақстан Республикасының салық рефомасының негізгі сатылары және салық реформасының қажеттілігі