Қазақстан Республикасының салық рефомасының негізгі сатылары және салық реформасының қажеттілігі

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2011 в 08:03, курсовая работа

Описание работы

Курыстық жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасының салық түрлері және салық жүйесінің реформасын оның дамуын, салық құрылымының реформалануын және салық салудың даму келешектерін қарастырып талдау жасау.
Осы мақсатқа сәйкес курыстық жұмыста келесі тапсырмалар қойылып, олардың шешу жолдарын қарастыру:
Салық реформасының негізгі этаптары қаралады;
Салық түрлері
Салық құрылымының реформалануы;

Содержание

КІРІСПЕ...................................................................................................................3
1. САЛЫҚТАР ЖӘНЕ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
1.1 Салық ұғымы және оның әлеуметтік-экономикалық мәні........................4
1.2 Салық жүйесі.....................................................................................................5
1.3 Салық алуды ұйымдастыру..............................................................................7
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САЛЫҚ ТҮРЛЕРІ, САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ РЕФОРМАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ САТЫЛАРЫ
2.1 Қазақстан Республикасының салық рефомасының негізгі сатылары және салық реформасының қажеттілігі.....................................9
2.2 Қазақстан Республикасының салық түрлері.............................................15
2.3 Қазақстан Республикасы салық жүйесінің реформасындағы басты бағыттар және экономикадағы дамуына тигізетін әсері.................................18
2.4 Салықтық реформалар және салық салу келешегі........................20
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................24
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................26

Работа содержит 1 файл

САЛЫҚ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ РЕФОРМАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ САТЫЛАРЫ.doc

— 341.50 Кб (Скачать)

    Төлемдер

  1. Жер  учаскелерін пайдаланғаны  үшін  төлем
  2. Жер бетіндегі  су ресурстары  үшін төлем
  3. Қоршаған  ортаны    ластаған  үшін  төлем
  4. Жануарлар әлемін    пайдаланғаны  үшін төлем
  5. Ормандық  пайдаланым    үшін    төлем
  6. Ерекше  қорғалатын  табиғат  территориялары    үшін    төлем
  7. Радио  жиілік спектрін  пайдаланғаны  үшін  төлем
  8. Кеме,   су  жолдарын  пайдаланғаны үшін  төлем
  9. Сыртқы  (көрнекілеу) жарнамаларды  тарату  үшін  төлем                                               

    Мемлекеттік    баж

  1. Сотқа берілген қуыным өтініштері, жеке өндіріс жұмысы бойынша    арыздан,  кассациондық  арыздан, сот  берген құжаттардың көшірмесі    үшін    (дубликаттарын)    мемлекеттік    баж
  2. Нотариалдық  істерді  жасағаны үшін,  сонымен  қатар  нотариылды    бекітілген    құжаттар    көшірмесі берілгені    үшін
  3. Азаматтық актілерді тіркеу, сонымен қатар азаматтық актілерді тіркеу    туралы куәліктерді  қайта  беру және азаматтық актілерге өзгерістерді    және    жазбаларды    қалпына    келтіру үшін    мемлекеттік    баж.
  4. Шетелге кету  құқығы құжатын  және Қазақстан  Республикасына    басқа  елдердің    азаматтарын    шақыру    құжаттарын    ресімдеу,    сонымен    қатар осы    құжаттарға    өзгіртулер енгізген үшін   мемлекеттік    баж   
  5. Қазақстан Республикасына  келуге шетел азаматтарының    паспортына    виза    немесе  оның  орнына  жүретін    құжаттар  беру    үшін    мемлекеттік    баж
  6. Қазақстан   Республикасының    азаматтығын    алу    туралы    құжатты ресімдеу,    Қазақстан    Республикасының    азаматтығын    қалпына    келтіру    және    Қазақстан    Республикасының    азаматтығынан    бас    тарту    үшін    мемлекеттік    баж
  7. Тұрғылықты жерді тіркеу  үшін мемлекеттік    баж
  8. Аңға    шығуға    құқықтық  рұқсат   үшін  мемлекеттік    баж
  9. Қазақстан    Республикасының   азаматтарын  төлқұжат және    паспорт    үшін    мемлекеттік  баж
  10. Қаруларды және оның оқ -дәрісін ұстауға  және сақтауға, Қазақстан    Республиаксына әкелуге    және    Қазақстан    Республикасынан    әкетуге    рұқсатын    берген    үшін    мемлекеттік    баж
  11. Азаматтық қаруларды  (аңшылық суық қарудан, пневматиті,    газды  аэрозолды қарулардан басқа) тіркеу және  қайта  тіркеу үшін мемлекеттік    баж

    Кедендік төлемдер

  1. Кедендік баж
  2. Кедендік алым
  3. Төлемдер
  4. Алымдар
 

    2.2 Қазақстандағы    салық    түрлері 

    Әлеуметтік  салық-заңды   тұлғалардың    бюджетке    төлейтін    салық-тарының    бірі.  Оның    басқа    түлерінен  ерекшелігі.  Бұл    салықтың    мөлшері    кәсіпорынның  жұмысшылары  мен   қызмеркерлеріне    олардың    атқарған    қызметі    мен орындаған жұмысы  үшін    есептелетін    еңбекақы    төлеу    қорына    тікелей  байланысты болып    табылады.    Яғни    бұл    салық    ұйымның еңбекақы төлеу    қорының  белгілі  бір пайызы    түрінде    есептеліп    кәсіпорынның    шығындарына    қосылып    отырады.    Бірақ    та    жұмысшылар  мен қызметкерлерге есептелген еңбекақыдан    ұсталмайды.    Әлеуметтік салықты төлеушілердің    қатарына    барлық    заңды    тұлғалар    мен    кәсіпкерлік    қызмет пен    айналысатын  жеке    тұлғалар    жатады.

     Әлеуметтік    салық  салу  объектісіне, яғни  еңбекақы төлеу қорына    табыстың    барлық    түрлері    кіреді;    оның    ішінде:   әртүрлі сыйақылар,    жәрдемақылар, жеке әлеуметтік  жеңілдіктер,  тағы да  басқадай    төлемдер.

     Заңды    тұлғалардан    алынатын    табыс    салығы.

     Есепті жылда    жылда    салық  салынатын    табыстары    бар    заңды    тұлғалар табыс салығын төлеушілер  болып табылады. Табыс    салығын    төлеушілер    қатарына  заңды    тұлғалар,  олардың    филиалдары    және    оқшауланған    бөлімшелер  кіреді.

     Әрбір    салық    төлеуші    салық    салынатын    табысты    анықтау    үшін,  жылдық  табыстың жинақталған сомасынан табыс    табу    мақсатында    жұмсалған    шығындар    мен    шеккен    зияндардың    сомасын    шегереді.

     Кәсіпорынның  жылдық  табысына,  яғни жыл бойы    кіріс    еткен    сомаларының жиынтығына сатылған немесе өткізілген өнімдер,    атқарылған    жұмысы  мен көрсетілген    қызметі    және    басқа    да    операциялар    үшін    салық төлеушінің  алуға тиісті   ақшалай    немесе    басқа    да    қаражаттары,    сондай-ақ    сатып    алушыдан    алуға  тиісті  сомалардың    есебінен    өзара    есеп  айырысу   ретінде үшінші    тұлғаларға    жіберілген    немесе    тікелей    не болмаса жанама  шығындарды    өтеуге    жіберілген    қаржылар    жатады.

     Салық салынатын табыстардың және одан    шегерілетін    шегерімдер    мен    жеңілдіктердің    құрамы, сондай-ақ    салынатын    табыс    салығының    мөлшері    салық    кодексінде    қаралады.

     Салық төлеуші кәсіпорын тиісті салық органына «заңды тұлғаның    салық  салынатын  табысының  декларациясын» ұсынуға  тиіс    Бухгалтерлік    есепте  табыстың    (зиянның)  сомасы бухгалтерлік есеп  стандартына сәйкес  анықталған табыс пен    шығындардың    айырмасынан   құралады. Салық    салынатын табыстың  (зиянның) сомасы салық  заңына сәйкес    анықталады.  Салық    заңы талаптарының бухгалтерлік  есеп    талаптарынан    өзгешелігі    бар.    Осының    негізінде    бухгалтерлік    есепте   анықталған  табыс    пен    салық    салынатын    табыстың    арасында   айырмашылық    пайда    болады.    Бұл    айырмашылық    пайда    болу    себептеріне    байланысты    тұрақты    немесе    уақытша    болып    бөлінеді.

     Тұрақты  айырмашылықтың пайда болу себебі, бухгалтерлік    табысты    анықтау    барысында    есепке  алынатын табыс пен    шығындардың    кейбір бөлігі  салық салынатын    табысты    санағанда есепке алынбайды. Тұрақты    айырмашылықтар қатарына мыналар    жатады: валюталық    шоттармен    шетел  валютасы  бойынша    туындаған  бағамдық  айырмашылық:

  • бюджетке    төленетін    айыппұл    ықпалшалары    (санкциясы);
  • кәсіпкерлікпен    байланысты    емес    шығындар;
  • Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген шектен  артық    мөлшерде төленген  іссапарлық,    өкілдік    және    тағы    басқа    шығындар.

     Уақытша  айырмашылықтың пайда  болу себебі  есеп беретін    кезеңде    есептелген  бухгалтерлік   табыстар    мен    шығындардың   кейбір    баптар  бойынша сомасы  осы кезеңдегі салық  салынатын    табыстарды    анықтарда    есепке алынбай    келген  кезеңдердегі    салық  салынатын  табыстардың    құрамына  кіргізіледі. Сөйтіп  есеп  беретін  кезеңдегі  пайда болған    уақытша айырмашылық  келешектегі   есеп  беретін  мезгілде күшін    жояды.   

     Уақытша  айырмашылық  мыналардың   нәтижесінде    пайда    болады:

     -бухгалтерлік    есеппен    салық  есебінде табыстар  мен    шығындарды    мойындау уақытын белгілеу тәсілдемесінің айырмашылығынан    (бухгал-терлік    есепте-есептеу    принципі,    ал    салық    есебінде    кассалық    әдіс    байынша);

     -бухгалтерлік  есеп  пен  салық  есебінде   амортизациялық    айырымды    есептегенде    әртүрлі    әдістерді    қолданудан;

     -негізгі құралдарды бухгалтерлік    есептен    шығару    мен    салықтық    есепте    оларды    есептен  шығарудан    болатын    айырмашылықтан,    тағы    да    басқалардан.

     Бухгалтерлік және салық  есептерінің    талаптарындағы    өзгешеліктер    нәтижесінде пайда болған айырмашылықтар «Кейінге қалдырылған    корпоративтік  табыс  салығы»  деп    аталатын  шотта    жүргізіледі.    Бұл    пассивті шот  болғандықтан кейінге қалдырылған  салық    сомасы    өскенде бұл  шот  кредиттелініп,  ал  азайғанда  дебиттелінеді. Кейінге    қалдырылған    салық сомалары бұл шотта өздерінің түрлері  бойынша    бөлек    есептеледі.

     Қосылған    құнға    салынатын    салық

     Қосылған    құнға    салынатын    салық  тауарларды  өндіру,    жұмысты    орындау    немесе   қызмет  көрсету  және   олардың    айналысы    барысында    қосылған құн өсімінің  бір  бөлігінаудару, сондай-ақ    осы    елге    тауарлар импорты кезіндегі аударым болып    табылады. Бұл ретте    салық салынатын айналым  мен салық салынатын  импорт  салық    объектісі болып  табылады.  Қосыоған    құнға    салынатын    салық» шотында есептеледі. Бұл    пассивтік    шот    болғандықтан    кредитіне  салынған    салық    сомасы,    ал    дебитіне    бюджетке    аударылған  және субъектінің  жабдықтаушыларға    тиісті    түрде ресімделген  салық  шоты    бойынша   төлеген    сомалары    жазылады.    Бюджетке    төленуге    тиісті    қосылған құнға  салынатын   салық  өткізілген    өнім,  орындалған жұмыс    немесе    көрсетілген    қызмет үшін есептелген  қосылған    құнға    салынатын    салықтың    сомасы мен    сатып    алынған    тауарлар,    материалдар    мен    жабдықтаушылардың    көрсеткен    қызметі,    орындаған    жұмысы    үшін    төленген    (есептелген)    қосылған    құнға    салынатын салық сомаларының  арасындағы  айырма ретінде    айқындалады. Қосылған  құнға салынатын салық  мөлшері    Қазақстан  Республикасының      салық    заңында    белгіленеді.

     Жеке  тұлғалардан ұсталатын табыс салығы

     Есепті  жыл бойы    салық    салынатын    табысқа    ие    болған    жеке тұлғалар салық төлеушілер болып табылады.  Жеке  тұлғалардың  жылдық    жиынтық   табысына    еңбекақы    түрінде    алынатын   табыстар, кәсіпкерлік    қызметтен алатын   табыстары,    жеке  тұлғалардың    мүліктік    табыстары,    тағы да  бақа  табыстары    кіреді.

    Жеке тұлғалардың мүліктік табысына тек қана активтің келесі түрлерінің    құндарына  инфляцияға байланысты түзетуді есепке ала  отырып өткізуден    түскен    құнның    өсімі    жатады:    салық    төлеушінің    тұрақты    тұратын    жері болып  табылмайтын, жылжымайтын    мүліктің,   құнды    қағаздардың,    заңды тұлғаларға және  басқа материалдық  емес  активтерге    қатысу    үлесінен; шетелдік валютадан;  асыл  тастар және  асыл    металдардан,    олардан   жасаған    зергерлік    бұйымдардан,    өнер    туындылары    мен    антиквариаттардан.  Жеке    тұлғалардың    салық    төлейтін    табыстарының    құрамы    салық    кодексінде    қаралады.

     Табыс    салығының    мөлшерін    ай    сайын    бір    қалыпты    ұстау    үшін салық салынатын  табыстың    есепті    сомасы    мен    одан    ұсталатын    табыс    салығының    сомасы    есептелетін    айлардың    санын    білдіретін    сан    мәні    бар    бірлікке    12    санының    қатынасын    көрсететін    қайта    есептеу    көрсеткіші    белгіленген.   Мердігерлік    шарт    бойынша    жұмыс    істейтін    тұлғаларға    төленетін    төлем,    сондай-ақ    бір    жолғы    төлем    түрінде    берілетін    басқа    да    төлемдерден    салық    ұстау    кезінде    бұл    есептеу    көрсеткіші    қолданылмайды.

    Акциздік    салықтар.

    Акциздік  салық  дегеніміз- сатылатын  тауардың  бағасына    қосылатын,    сатып    алушы    төлейтін    салық    болып    табылады.    Акциздік    салық    салынатын тауарларға Қазақстан Республикасының аумағына    импортталған    тауалар, яғни  спирттің барлық түрлері, темекі өнімдері, құрамында    темекісі бар басқа да өнімдер  және    күнделікті    қолданылмайтын    басқада    бұйымдар    жатады.

     Қазақстан Республикасы аумағында акцизделуге жататын    тауарларды    өндіретін  немесе акциздеуге тиісті тауарларды импорттайтын немесе    Қазақстан Республикасы аумағында ойын бизнесін жүзеге асыратын  барлық    заңды    тұлғалар    акциз  салығын төлеушілер  болып    табылады.     
 

    2.3 Қазақстан  Республикасы салық   жүйесінің    реформасындағы    басты  бағыттар және  оның экономикадағы  дамуына тигізетін  әсері 

    «Қазақстан Республикасының салық   және басқа    міндетті    төлемдер    туралы  Салық    Кодексі»    ресми    атауға    ие  болған.  Жаңа  Салықтық   Кодекстің   негізіне    Қазақстан    Республикасы    Президентінің    заң    күші    бар  Жарғысының   біздің  еліміздің салық заң    шығару    статусын    алғанда    1995    жылы 4 сәуірде қосымшалар  және өзгертулер    енгізілген    Қазақстан    Республикасы  «Бюджетке    салық    және    басқа    да    міндетті    төлемдер    туралы»   заңының    жағдайы    кіреді.

Информация о работе Қазақстан Республикасының салық рефомасының негізгі сатылары және салық реформасының қажеттілігі