Қазақстан Республикасының салық рефомасының негізгі сатылары және салық реформасының қажеттілігі

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2011 в 08:03, курсовая работа

Описание работы

Курыстық жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасының салық түрлері және салық жүйесінің реформасын оның дамуын, салық құрылымының реформалануын және салық салудың даму келешектерін қарастырып талдау жасау.
Осы мақсатқа сәйкес курыстық жұмыста келесі тапсырмалар қойылып, олардың шешу жолдарын қарастыру:
Салық реформасының негізгі этаптары қаралады;
Салық түрлері
Салық құрылымының реформалануы;

Содержание

КІРІСПЕ...................................................................................................................3
1. САЛЫҚТАР ЖӘНЕ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
1.1 Салық ұғымы және оның әлеуметтік-экономикалық мәні........................4
1.2 Салық жүйесі.....................................................................................................5
1.3 Салық алуды ұйымдастыру..............................................................................7
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САЛЫҚ ТҮРЛЕРІ, САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ РЕФОРМАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ САТЫЛАРЫ
2.1 Қазақстан Республикасының салық рефомасының негізгі сатылары және салық реформасының қажеттілігі.....................................9
2.2 Қазақстан Республикасының салық түрлері.............................................15
2.3 Қазақстан Республикасы салық жүйесінің реформасындағы басты бағыттар және экономикадағы дамуына тигізетін әсері.................................18
2.4 Салықтық реформалар және салық салу келешегі........................20
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................24
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................26

Работа содержит 1 файл

САЛЫҚ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ РЕФОРМАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ САТЫЛАРЫ.doc

— 341.50 Кб (Скачать)

      1991  жылы  24- желтоқсанда    шыққан    «Қазақстан    Республикасы    салық жүйесі туралы» заң негізінен Ресей  заң  шығарушы нұсқаларынан    көшіріліп    алынған.

      Нәтижесінде  Қазақстанда    үш    буынды    салық    жүйесі    құрылды.

      Ол    салықтың    үш    тобын    құрады:

  1. Жалпы мемлекеттік салықтар;
  2. Жалпы міндетті салықтар;
  3. Жергілікті салықтар және  жинақтар;

      Салық санының  көптігі  заң  шығарушылардың тұрақсыздығы,    өзіндік құн,  жеңілдікті мөлшерінен көп пайдалану   салық  жүйесі  тиімсіз және    оны    басқару    мүмкін    емес    дәрежеге    алып    келді.

      Қазақстан  Республикасының  салық    жүйесінің    тарихында    негізгі    орынды 1994 жыл алады.  Нақты    осы    жылы    салық    жүйесін    реформалауда    бірінші    қадамдар    жасалды.

      Жеке    тұлғалардың    табыс    салығы,    кәсіпорындардың    табысына    салық;  осы екі салық түрлері өзгеріске ұшырады. Қазақстан    Республикасы    Президентінің   заң    күші    бар    «Жеке    тұлға    кірісіне    және    табысына    салық    салу туралы»  жарлығы  шықты. Аталған  заң  шығарушы    актілерді    қабылдауда    салықтарда    екі    басты    радикалды    өзгерістер    енгізілді.

      Бұрынғы СССР мемлекеттерінде  ұзақ   уақыт    бойы    пайдаланылған    салық    салудан    жиынтық    жылдық   табысты    анықтау    негізінде    жеке    тұлғалардың   табыс салығына өтуінен  жеке  тұлғалардың  табысына    салық салу бірінші    рет    іске    асырылған.

    Заңды   тұлғалар   бөлімінде  келесі аспектілерде    өзгерістер    болды:    табысқа    салық    ставкаларының    дифференциациясы    өзгіртілді    және    екі    ставка    бекітілді:

    30% -барлық заңды  тұлғаларға  және   45% -банктерге    және    сақтандыру    компанияларына.

    Бірінші  рет салық төлеушілер қатарына кірістің  бөлшегін    кәсіпкерлік қызметтен алатын бюджеттік ұйымдар кірді. Жеңілдіктер  ретке    келтірілді    (30жеңілдіктер  орнына қазір  6 жеңілдіктер түрі бар)  және тағы    басқалары.

    1994 жылы Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі  өзгертулерді    талдау, олардың  фискалды    сипаттамасы    туралы    қорытынды    жасауға    мүмкіндік  береді.

   Мұндай шешуші  шараларға қарамастан 1994 жылы жалпы  ішкі  өнімге    салықтық    түсімдер 1993 жылға    қарағанда төмендеп    кетті,  яғни,   1993  жылы  14,8%   болса,  1994жылы  8,4% -ті    құрады.

      Осыған  сәйкес Қазақстан Республикасының    салық    реформасының    негізгі   мақсаты    ретінде    келсі    этаптар    ұсынылды:

          1)  Нарықтық    қатынастарды    ынталандыру,    әсіресе:

          -  кәсіпкерліктің    белсенді    қолдауы;

          - жеке  салық төлеушілердің  алған табыстарын кәсіпкерлік қызметке    салуды  ынталандыру;

          - Салық  салу  арқылы  кең   заң   шығарушы  базасын    шығару;

          - Кірістерді  екі, үш  рет салық салудан қорғау  механизмін  құру;

          2)    Салық    салуда    нақты    әділеттілікке    жету:

    - тұрмысы    төмен    жіктерге    әлеуметтік    қорғауды қамтамасыз    ету;

    -кіріс   алу    көздеріне   тәуелсіз салық  салу  шкаласын құру;

    -мемлекеттің ұлттық және территориялық мүдделерін   есепке    алу;

    - салық  салу    жүйесін    құруда    әлемдік    тәжірибелерге пайдалануға    талпыныстар жасау;

    Осы мақсаттарға сәйкес Қазақстан Республикасының салықтық жүйесін өзгерту  талпыныс жасау  және  оны  әлемдік  стандартқа    сәйкестендіру.

          2    –этап.

          2 -этаптың    тапсырмалары:    салық    салуды  төмендету, салықтардың    санын    қысқарту,    Қазақстанның    салық    жүйесін    әлемдік    стандартқа   сай    болуына    қол    жеткізу,    Негізі    бұл    талаптарға    жауап    беруші    Қазақсатн    Республикасы    Президентінің    1995    жылдың    24    сәуірінен    бастап    заң    күші    бар    «Бюджетке    түсетін    салықтар    және    басқа    міндетті    төлемдер    туралы»    заңы    болып    саналады.

      Жалпымемлекеттік

  1. Заңды    және    жеке    тұлғалардың    табыс    салығы;
  2. Қосымша    құн    салығы;
  3. Акциздер;
  4. Бағалы    қағаздар    операцияларына    салық;
  5. Жер    қойнауын    пайдаланушылардан    әлеуметтік    төлемдер;

    Жергілікті    салықтар    және    алымдар:

    1.Заңды және жеке тұлғалардың табыс салығы;

    2.Жер салығы;

    3. Көліктік    құралдар    салығы;

    4.Кәсіпкерлік қызметпен  айналысатын заңды және жеке    тұлғалардан    тіркеу  үшін    алымдар;

    5. Қызметтің жеке түрлерімен  айналысуға  берілген құқық  үшін    алымдар;

    6. Аукциондық    сатулардан    алымдар;

      1999    жылдың 1 қаңтарынан бастап  жалпы  мемлекеттік    салықтарға                          және алымдарға:  жол салығы, әлеуметтік салық,  әлеуметтік   қамтамаларға    жиналатын алым және ҚР территориясына  автотранспорттық құралдарды әкелген үшін  алым.  Алғашында бұл төлемдер бюджеттен  тыс  қорлардың    қайнар көзі болатын,  кейін  жол  салығы  және   әлеуметтік  қамтамасыз    ету үшін    алымдар    алынып    тасталды.

    Қазақстан  Республикасының 1999 жылы 16  шілдедегі Президенттің  заң    күші бар «Бюджетке  түсетін   салықтар    және басқа    міндетті    төлемдер    туралы»   №  440-1  жарлығы (1995ж.24 сәуір) заңына сәйкес  Қазақстан    Республикасының    2235    заңы    деген    статусқа    ие    болды.

    Қазақстан Республикасының  салық жүйесі жоғарыда аталып  кеткен    құжатқа сәйкес келесі салықтар, жинақтар және басқа міндетті төлемдерден    тұрады:

          Бюджетке    түсетін    салықтар    және    басқа    міндетті    төлемдер:

          1.Заңды    және    жеке    тұлғалардың   табыс    салығы;

          2.Қосымша    құн    салығы;

    3.Акциздер;

    4.Мемлекеттік тіркеуге жатпайтын  бағалы    қағаздар    эмиссиясының    ұлттық    идентификациондық    нөмірді    тартып    алу    және    бағалы    қағаздар    эмиссиясының    тркеу    үшін    алымдары;

    5.Арнайы  төлемдер және   жер   қойнауын    пайдаланушылар    салығы;

    6.  Әлеуметтік    салық;

    7.Қазақстан   Республикасының территориясына автокөлік    құралдарды    әкелгені    үшін    алым;

    8. Жер  салығы;

    9. Заңды  және  жеке  тұлғалардың    мүлік    салығы;

    10. Транспорттық    құралдарға    салық;

    11.Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын заңды және жеке    тұлғалардың    тіркеу  үшін  алымы;

    12.Бірлескен  жер   салығы;

    13.Қызметтің   жеке түрлерімен айналысу  құқығы    үшін    лицензиялық    алым;

    14.Аукциондық    сатылымдар    үшін    алым;

    15. Нарықта    тауарды    сатуға    берілетін    құқық    үшін    алым;

    16. Алматы қаласындағы символдарды  жеке және    заңды    тұлғаларың    фирмалық    атауларға,   қызмет көрсету  белгілеріне,    тауарлық    белгілерге    қолданғаны    үшін    алым;

    17Заңды    және    жеке    тұлғалардың    фирмалық    атауларға,    қызмет    көрсету   белгілеріне,    тауарлық    белгілерге    «Қазақстан»,    «Республика»,    «Ұлттық» деген сөздерді пайдаланғаны үшін (Мемлекеттік    кәсіпорындарға,    мемлекеттік мекемелерге, коммерциялық  ұйымдарға қатысты емес)алымдар.

    3-этап.

    3-этаптың негізгі тапсырмасы: салық төлеушілерге, фискалды    ұйымдарға,   бюджетке    қатысты    мемлекеттік    ұйымдардың    арасындағы    өзара    қатынастың    құқықтық    аспектілерін    күшейту.    Жалпы    1995    жылы    құрылған   салық    құрылымы    айтарлықтай    оңтайланды.    Қазіргі    таңда    салықтың    17 түрі   бар. Бұлардың    санын    жоғарылатып    биікке    жеткізу   керек.  Осыдан барып, салықтық заңшығарушылықты    реформалау    қажеттілігі  туындайды. 2002 жылы 1 – қаңтарда 2001 жылы  12–    маусымда    бекітілген    №    209- II    Қазақстан  Республикасының   «Бюджетке   түсетін    салықтар және    басқа    міндетті    төлемдер    туралы»    Кодексі    қызметке    кірісті.

    Жаңа салықтық Кодекстің  құрылымы    үлкен    үш    бөлімнен    тұрады:

  1. Жалпы.
  2. Ерекше
  3. Салықтық    әкімшілдеу

      Жалпы    бөлім –   салықтық    заң    шығарудың    «Кодексі».    Мұнда    нақты салықтық  заң шығарудың принциптерінің    қалыптасуы    анықталған,    қатаң принциптер  енгізілген. Бірақ бұл акциздерге,  кедендік  баж    ставкаларына    қатысты    емес.

    Берілген принципиалды    жағдайлар  жалпы бөлімде    салықтық    заң    шығаруда  негізгі болуы керек және  келесі  жылға дейін өзгерістерге    ұшырамауы тиіс.

      Ерекше    бөлімге    келетін  болсақ,  ең алдымен    айта    кетер    жайт мемлекет тұрақтылықты    және    салық    салудың    әдістеме    және    база бөлімінде қызме жасайтын салықтық заң шығарушылар    жалғастыру-шылықты    жақтайтыны    айғақ.

      Салықты әкімшіліктеу бөлімінде  процестік    сұрақтар    анықталады.    Бүгінгі    күнде берілген бөлімдер  бойынша    талаптар    мен    шарттардың    нақты    қалыптасуы  туралы  айту    қиын.  Себебі    құқықтық    реформаның    екінші    этапы    жаңа    пісіп -жетіліп    келеді.

      Көптеген  Азаматтық  Кодекстің  аспектілері, оның ерекше    бөлімінде,    біздің    қоғамның    өміріндегі    шарушылық    сферасын    реттейтін    басқа    заңдар 2-3   жылда өзгерістерге  ұшырауы  ықтимал.   Бұл    мемелекет    және    салық  төлеушінің  арасындағы   процестік   өзара    қарым-қатынаста  көрініс    алады.    Әсіресе    аппеляция    процесінде.

      Бюджетке  түсетін салықтар және басқа міндетті    төлемдер    түрлері    ( 01.01. 2002 жылдан  бастап  жүзеге асты)

      Салықтар

  1. Корпоративтік    табыс    салығы
  2. Жеке    табыс    салығы
  3. Қосымша    құн    салығы
  4. Акциздер
  5. Жер қойнауын    пайдаланушыларға    арнайы    төлем    және  салық
  6. Әлеуметтік    салық
  7. Жер  салығы
  8. Көлік құралына    салық
  9. Мүліктік салық

    Алымдар

  1. Заңды    тұлғалардың    мемлекеттік    тіркелімі    үшін    алым
  2. Жылжымайтын   мүлікке және осы  туралы  мәмілеге құқықтарын    мемлекеттік    тіркелім  үшін  алым
  3. радиоэлектронды құралдарды және  жоғары  сапалы құрылғыларды    мемлекеттік    тіркеу    үшін    алым
  4. Механикалық  және көліктік құралдарды  мемлекеттік  тіркеу  үшін    алым
  5. Теңіз    және    өзен    кемелерін    мемлекеттік    тіркеу    үшін    алым
  6. Азаматтық    әуе    кемелерін    мемлекеттік    тіркеу    үшін    алым
  7. Дәрі-дәрмектерді    мемлекеттік    тіркеу    үшін    алым
  8. Қазқстан Республикасының территориясы бойынша автокөлік    құралдарын жүргізуді   мемлекеттік    тіркеу    үшін    алым
  9. Жеке    мемлекеттік    тіркеу    үшін    алым
  10. Аукциондардан    алым
  11. Елтаңбалық алым
  12. Лицензиялық алым
  13. Телеарналық және радио орталықтарының  радио  жиілік спектрін    пайдалнуға рұқсат үшін алым

Информация о работе Қазақстан Республикасының салық рефомасының негізгі сатылары және салық реформасының қажеттілігі