Кызылорда қаласындағы ЖШС «Автомобиль Жол Басқармасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 19:34, дипломная работа

Описание работы

Бұл дипломдық жұмыста 325 DL Caterpillar маркалы біршөмішті экскавторына байланысты жаңалықтар реті қарастырылған. Қазу және топырақты орын ауыстыру үшін арналған жер қазу машиналарының әмбебаптылығы, өндірісте қолдану аясының үлкеюі – машинажасау саласының дамуы деңгейін көрсетеді. Өндірісте жұмыс сенімділігін арттыру, мақсатында – экскавторлардың түрлі конструкцияларна өзгерістер енгізіліп жатыр. Олар экскавтордың қазу радиусын, шөміш тұтқасының күшін ұлғайту, сонымен қатар берілген қазу тереңдігін сақтау.

Работа содержит 1 файл

Дипломная работа Галымбеккызы Айман.docx

— 1.54 Мб (Скачать)

                          Gp = 1,55q- 0,2= 2,9 т                                                           (17)

 

 Орташа грунтағы шөміш  салмағы  

Gк=0,98 т

 

 Механизмдермен қосы  айналу платформасының салмағы  

Gпов=0,49G,

                          Gпов= 0,49∙29,2= 14,3 т                                                           (18)

 Жүріс арбашасының  салмағы           

                           Gт=0,36G = 10,5 т                                                            (19)

 

 

Сурет 15. Максималды үлкейтілген жұмыс радиусындағы экскаватор

 

Кесте 4

Максималды  үлкейтілген жұмыс радиусындағы экскаватор, жұмыс органы

 

 Белгіленуі

    (A-E)

  Шартты белгілердің оқылуы

Өлшемдер

м

A

B

C

D

E

Тірек беті деңгейіндегі максималды  шығарық

Максималды қазу тереңдігі

Максималды кесу биіктігі

Максималды түсіру (разгрузка) биіктігі

Минималды тиеу (погрузка) биіктігі

18,60

14,60

14,80

12,70

1,50


 

 

 

   1.7.3 Тартым есебі

 

Жүріс механизмдерінің ішкі кедергісі [ 2.74]

 

                Wн= (0,052÷0,095)G ≈ 0,052 29,2 = 15,18kH                                     (20)

 

   мұнда G – экскаватор  салмағы;

 

Орнынан қозғалғандағы инерциялық кедергісі

 

              Wи= G∙ϑ/g∙tp= 29200∙6/9,81∙3=5,9kH                                           (21)

 

мұнда ϑ – орынауыстыру жылдамдығы;

            g – еркін түсу үдеуі;

            tp – екпін (разгон) уақыты.

 

Жолда көтерілу кезіндегі  жылжыту кедергісі

 

               Wп= G(f+sin20)= 29200(0,1+0,34) = 12,8kH                                      (22)

 

   Мұнда  f = 0,1 тұрақты  коэффициент.

 

Жел кедергісі

 

             Wв= P∙F= 30∙10= 0,3kH                                                                 (23)

 

    мұнда Р - жел қысымы;

                F- құрылымның желдік ауданы.

 

Тартым күшінің суммарлы мәні кем болмау керек

                Wвн+Wи+Wп+Wв                                                                                                                            (24)

 

             15,18+5,9+128,4+3=152kH

 

   1.7.4 Тартым күші

 

   Қозғалтқыш бойынша

 

         Ро= Nдв ∙75∙η/ϑ = 152∙75∙0,75/0,6= 14,2kH                                       (25)

Мұнда Nдв  -  қуат;

             η = 0,75 тұрақты коэффициент;

 

Ажырату (сцепление) бойынша

 

                T=Gφ= 29200∙0,7= 204,4kH                                                          (26)

 

Немесе жолды көтеру есебімен

 

               Tп= Тп cos20= 204,4∙0,94= 192,1                                                          (27)

 

Тартым күшінің суммарлы мәні кем болмау керек

 

                                 192,1>152kH

 

   1.7.5 Өнімділік есебі

 

       Теориялық өнімділік

 

                  П= 60∙q∙n =60∙2∙3,7= 444м3/сағ                                                      (28)

 

Мұнда n-минут ішіндегі жұмыс  циклінің саны;

 

      Техникалық өнімділік

 

                   Пт= Пкнкрку= 444∙1,4∙ 0,8∙ 0,8= 397м3/сағ                                 (29)

 

мұнда кн=1,4 ылғалды сазға арналан шөміштің орындалу коэффициенті;

            кр=0,8 топыра копсытылуының әсер коэффициенті;

            ку= 0,8 топыраққа байланысты теориялық өнімділікттін өзгеру   коэффициенті;

 

     Пайдалану (эксплуатационды) өнімділік

 

                   Пэт∙кв= 397,8 ∙0,8=318,25м3/сағ                                           (30)

 

        мұнда   Кв=0,8 уақытқа байланысты машинаны қолдану

 

 

 

 

 

 

 

   3. Тісті дөңглектің технологиялық процессі

  Машинажасау саласындағы   маңызды мәселелердің бірі -  өндірістің  технологиялық деңгейін көтеру  болып есептеледі. Бұл мәселенің  шешімі ретінде үздіксіз жобаланып  отырған бұйымның қиындатылған  құрылысының сапалы жасалуы, еңбек  өнімділігінің арттыру, материалдар  мен бағалы ресурстардың рационалды  қолдануы. Машинажасау саласындағы  өндірістің анықтаушы түрі болып  – механикалық өңдеу болып  есептеледі. Механика өндіру өндірісінің  техникалық басқарушылық деңгейін  арттыру мақсатында – метал  кесетін жабдықтар мен саймандардың  рационалды пайдалануы, топтық өндіру  әдістерін еңдіру,технологиялық  процесстердің өндірісі кезінде  компьютерлік әдістемелерді пайдалану,  кесу процессін жоғарлату.

   Өспелі типті технологиялық  процесстің, жабдықтар мен саймандардың  механикалық және автоматикалық  жабдықтардың кең қолданылуы  – өндірістің технологиялық дайындығының  бірлік жүйесі жәрдемдеседі.

   Бірлік жүйенің  қолданылуы өндірістегі максималды  уақыт үнемділігін, жаңа техниканың  тез танысуын, жан- жақты технологияның  жоғарлауын қамтамасыз етеді.  Бірлік жүйенің түпкі принциптеріне  – типтік технологиялық процесстердің  кең қолдануы, стандартизация, жабдықтар  мен айлабұйымдардың унификациясы.

 

3.1 Технологиялық процесстің өңдеуінің бастапқы деректемелерді анализдеу

 

   3.1.1 Сызбаның технологиялық анализі

 

   Бөлшек – тісті  дөңгелек, легірленген 45X болаттан  жасалған. МЕСТ 4543-71. (С=0,41% ; Si=0,17% ; Mn=0,5% ; Cr=0,8%), HB=229. Бөлшек – термиялық өңдеуге ұшырайды: ширату – 840ºС өтеді, 540 ºС суда немесе майда суытылады. Бөлшек жеткілікті қаттылыққа ие –  l/d= 0,44, мұнда ұсынылған кесу тәртібін тағайындауға болады. Бөлшек – тісті тәжісі бар (m=2, z=72). Бөлшек масса 7,1 кг.

   Технологиялық талаптар:

  • Қондырмалы тесіктер дәлдігі 7 квалитет (Н7) ; кедір – бұдырлығы Ra=0,8 мкм; цилиндрліктен ауытқу шақтамасы 0,008 мм;
  • Ойма кілтек өңдеуінің дәлдігі 9 квалитет (Js9) бойынша; параллелдіктен ауытқу шақтамасы 0,025 мм;
  • Тістердің беттерінің кедір – бұдырлығы Ra=1,6 мкм.

 

   3.1.2 Типтік технологиялық үрдісті таңдау

   Кілте ойықты күпшек  және тегіс тесігі бар біртәжді  тісті дөңгелекті дайындау үшін  жоңғылау технологиялық үрдісін  қолданамыз.

 

  3. 2.  Дайындама түрі мен оны дайындау тәсілін таңдау

   Тістегеріш үшін дайындама ретінде қос иінді ыссы қалыптайтын баспақта дайындалған соғылма қолданылады.

 

   3.3. Технологиялық база мен дайындаманы орнату сұлбасын таңдау   

       Дайындама бетін өңдеу әдістерін таңдау

 

   Дайындаманы орнықтандырудың негізгі принциптерінің қатары бар:

1. Дайындаманы орнықтандыру  үшін өңдеу дәлділігіне талап  жоғары болған жағдайда, қателігі  аз болатын сұлбаны таңдау  қажет. 

2. Бөлшектер мен жиналған  тораптардың дәлділігін жоғарылату  үшін орнықтарды үйлестіру принципін:  орнықты, өлшеу және құрастырмалы  беттерді үйлестіруді қолдану  керек. 

3. Орнықтың тұрақтылық  принципін сақтау керек. Технологиялық  үрдіс кезінде орнықтарды ауыстырғанда  жаңа және бұрын қолданылған  базалық беттердің өзара орналасу  қателіктері әсерінен өңдеу дәлдігі  төмендейді. 

Дайындамаларды технологиялық  үрдістің бірінші операциясында  орнату үшін қаралай базалық бет  деп аталатын өңделмеген беттер қолданылады. Ереже бойынша, бұл қаралай базалық  беттерді бірінші орнатуда бір рет  қана қолданады, себебі өңделмеген бетті  қайталап орнату осы беттерді орнату кезінде өңделгендердің өзара орналасу қателіктеріне әкеліп соғуы мүмкін. Таңдалған қаралай базалық бет  дайын бөлшектердің өңделген және өңделмеген беттерінің өзара орналасуы дәлділігі  мен ары қарай өңдеу үшін әдіптің  біркелкі таралуын қамтамасыз етуі қажет. Технологиялық үрдістің бірінші  операцияларында негізгі базалық  беттерді өңдейді.

Өңдеу әдісін таңдаудың мақсаты  – дайындама өңдеудің барынша  рационалды үрдісін қамтамасыз ету. Өлшемдерін, массасын, техникалық талаптарын ескергендегі бөлшек кедір-бұдырлығы  параметрлері және өлшем, форма, орналасу дәлділіктеріне қойылатын талаптарға байланысты сәйкес жабдық түрі мен  өңдеуінің бір немесе бірнеше  мүмкін әдістерін таңдайды.

 

 

 

   Дайындамалық

 

   Қалыптау. Қалыпталған дайындамалар тесіктермен  орындалады. (МЕСТ 7505–89).

 

   Термиялық

 

   Босаңдату

 

   Жону

 

   Тоғын  бүйіржағын және күпшек бүйіржағын  бір жағынан алдын-ала жону, тоғынның  сыртқы бетін патрон жұдырықшаларына  дейін алдын-ала жону, алдын-ала  тесік тесу, қиықжиекті жону.

  Технологиялық  база -   тоғынның сыртқы қаралтым беті мен күпшекке қарсы жатқан бүйіржағы ( жону патронының жұдырықшаларына бекітілген).

Жабдық: Жону-револьверлік, ЧПУ бар жону білдектері.

 

   Жону

 

  Тоғынның екінші бүйіржағын  және күпшектің екінші бүйіржағын  алдын-ала жону, қалған бөлігінің  сыртқы бетін алдын-ала жону, ажарлауға  темік тесу, қиықжиектерді жону.

   Технологиялық база  – тоғынның өңделген беттері.

 

   Тартажону

 

   Ойма кілтекті  тартажону. 

   Технологиялық база  – дөңгелектің базалық бүйіржағы.  Жабдық – горизонталь-тартажону  білдегі. 

 

   Жону

 

   Базалық  және қарама-қарсы жатқан бүйіржақтарды,  тәждің сыртқы беттерін таза  жону.

  Технологиялық база  – тесік бету ( құралбілікке баспақтау  арқылы орындалады; құралбілікте  өстік орналасы  дайындаманы баспақтау  кезінде қосымша сақиналарды  қолдану арқылы бекітеді)

Жабдық: ЧПУ бар жону білдегі

 

 Бақылау

 

 Тісжоңғылау

 

    Алдын-ала  тістерді жоңғылау (дәлдіктің 8-ші  дәрежесі қаматамасыз етіледі).

   Технологиялық  база – тесік және базалық  бүйіржақ ( құралбілдек және бүйіржаққа  дәлдеу арқылы орындалады). Жабдық  – тісжоңғылау жартылай автоматы.

 

  Тісжоңғылау

 

Тістерді таза жоңғылау (дәлдіктің 7-ші дәрежесі қаматамасыз етіледі).

Технологиялық база – тесік және базалық бүйіржақ ( құралбілдек және бүйіржаққа дәлдеу арқылы орындалады). Жабдық – тісжоңғылау  жартылай автоматы.

 

  Термиялық

 

  Дайындаманы техникалық  талаптарға сәйкес қыздыру. Бекітуші  термоөңдеудің болуы дөңгелектің  дәлдігін бір бірлікке төмендетеді.

 

  Ішкі ажарлау 

 

  Бір орнатуда тесік пен базалық бүйіржақты ажарлау. Тесікті және бүйіржақты  бір орнатуда өңдеу олардың перпендикулярлығын қамтамасыз етеді.

 Технологиялық база  – тістердің жұмысшы эвольвентті  беттері (дөңгелектің бастапқы  шеңбері) және базалыққа қарсы  бүйіржақ. Базалауды орындау арнайы  патронмен орындалады, оның орнату  элементтері ретінде реттелген  роликтер немесе тісті секторлар  қолданылады. Жабдық – ішкі  ажарлау білдегі.  .

   Осы операция  кезінде дөңгелекті тәждің сыртқы  бетіне базалау кезінде айналу  беттерінің өстігін қаматамасыз  ету үшін  термоөңдеу алдында  немесе артында дөңгелек ажарлау  операциясын тәждің сыртқы бетін  және базалыққа қарсы жатқан  бүйіржақты ажарлау үшін енгізу  қажет.

 Технологиялық база – тесік және базалық бүйіржақ. Жабдық – дөңгелекажарлау немесе бүйіржақдөңгелекажарлау білдегі.

  Жазықажарлау

 

  Базалыққа  қарсы жатқан бүйіржақты  ажарлау.

 Технологиялық  база – базалық бүйіржақ. Жабдық  – тіктөртбұрышты немесе дөңгелек  үстелі бар жазықажарлау білдегі.

 

  Тісажарлау

 

  Тістерді  ажарлау.

  Технологиялық база – тесік және базалық бүйіржақ. Жабдық – тісажарлау білдегі.

 

  Жуу

 

  Бақылау

 

  Коррозияға  қарсы бетті жағу

 

   3.4 Соғылманың шақтамалары мен әдіптерін есептеу және дайындама сызбасын құру

 

   Өңдеуге әдіп деп бөлшектің берілген сапасын қамтамасыз ету үшін оны өңдеу барысы кезінде дайындама бетінен алынатын материал қабаты аталады.

Информация о работе Кызылорда қаласындағы ЖШС «Автомобиль Жол Басқармасы