Кызылорда қаласындағы ЖШС «Автомобиль Жол Басқармасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 19:34, дипломная работа

Описание работы

Бұл дипломдық жұмыста 325 DL Caterpillar маркалы біршөмішті экскавторына байланысты жаңалықтар реті қарастырылған. Қазу және топырақты орын ауыстыру үшін арналған жер қазу машиналарының әмбебаптылығы, өндірісте қолдану аясының үлкеюі – машинажасау саласының дамуы деңгейін көрсетеді. Өндірісте жұмыс сенімділігін арттыру, мақсатында – экскавторлардың түрлі конструкцияларна өзгерістер енгізіліп жатыр. Олар экскавтордың қазу радиусын, шөміш тұтқасының күшін ұлғайту, сонымен қатар берілген қазу тереңдігін сақтау.

Работа содержит 1 файл

Дипломная работа Галымбеккызы Айман.docx

— 1.54 Мб (Скачать)

 

                                Кдм = Кз.с т.у  Ц + m∙Sт.р) + Кп.н ∙Sмон ,                        (42)

 

   мұнда, Кз.с =1,035 дайындау - қойма мен басқа шығындарды қарастыратын коэффициент;

             Кт.у = 0,015  жәшіктер мен қаптама бағасын қарастыратын коэффициент; 

            Ц - машинаның көтерме бағасы; m – машинаның массасы;

            Sт.р – тасымалдау құны, машина массасы 1 т дейінгі Sт.р = 21,2 одан көп болғанда Sт.р = 18,2;  

           Кп.н = 1,028 монтажды жұмыстарға арналған жоспарлы жинақты ескеретін коэффициент;

           Sмон   - монтаж құны

Sмон   шамасын баға анықтамалығы бойынша қабылдайды.

Қиын емес немесе монтажды мүлде қажет етпейтін машиналар  мен құрылғыларға Кдм  техника бағасының бөлігінен есептеуге болады. Бұл жағдайда техниканың есепті баланс бағасын былай анықтаймыз.

 

                           Зк = Ц∙Кб = 13 750 000∙1,12 =  15,4 млн теңге                     (43)                                                                      

 

   мұнда, Кб - машинаның жеткізілуі мен монтажына кететін шығынды ескеретін коэффициент.

   Жол- құрлыс монтажды қажет етпейтін машиналар үшін Кб = 1,09; монтажды қажет ететін жағдайда Кб = 1,12. 

 

   4.4 Машинаның пайдалануына кететін ағымдағы шығындар

 

   Операторлардың жалақысы. Машина басқаруымен айналысатын  операторлар жалақысы  келесі  формула бойынша анықталады

 

                                   Sзп = 1,726∙ Тг ∑ Стi                                                           (44)

 

мұнда, Тг – 1 жыл ішіндегі машинаның жұмыс ұзақтығы, маш.сағ;

            Стi   - i- ші разрядтағы сағаттық - тарифтік бағасы, теңге/ сағ;

             m – 1 ауысымдағы машина басқаруымен айналысатын жұмысшылар саны. 

  Технологиялық процеске  қатысатын бригада құрамын кәсіпорын  нормативтері мен белгіленулер  бойынша қабылдайды. Арнайы ережелер  мен нұсқауларға сәйкес жалақы  мөлшері жұмыс ауырлығының деңгейіне  байланысты бөлінеді.

 

   4.5 Күрделі жөңдеуге кететін шығындар

 

   Күрделі шығынға  кететін шығындарды анықтау үшін  амортизационды аударым нормалы  Акр арқылы табуға болады.

 

          Sкр = 1,1∙ Акр  ∙Зк  / 100 =  1,1∙6,9∙ 15.4/ 100 = 1, 168 млн теңге        (45) 

 

   Кітапта көрсетілген  кестеде Акр мәндері берілген. Машинаны толық қалпына келтіруіне кететін үстеме шығыстарды қосқандағы амортизационды ауысым.

 

Кесте  6

Жұмасалған шығындар

Мәні

Ғылыми – зерттеу жұмыстарына

96 600

Техникалық тапсырма мен  техникалық жобалардың дайындамасына

68 100

Өндірістің технологиялық  дайындығына

88 000

Үлгінің жасалуы мен сыныпталуына

416 600

Бір машинаға

884 000

Күрделі жөңдеуге

1 168 000

Қарастырылмаған

15 400


 

 

 

   4.6 Жаңа техниканың экономикалық тиімділігінің бағасы

 

   Экономикалық тиімділік  дегеніміз жаңа техниканың пайдалануынан  алынған пайдалы нәтеже қатынасы. Пайдалы нәтеже жоғары болып,  жұмсалған қаражат көзі аз  болса, экономикалық тиімділіктің  жоғары болуы айқын. 

   Пайдалы нәтеже  элементтерімен байланысты бөлек  шығындарды салыстыра отырып, әртүрлі  тиімділік көрсеткіштерін аламыз: машина тиімділігі немесе еңбек тиімділігі, пайдалы жұмыс коэффициенттерінемесе машинаны пайдалану коэффициенттері және т.б.

   Тиімділік көрсеткіштері  көп жағдайда кері байланысты  көрсетеді, яғни шығындардың   пайдалы нәтежеге қатынасы: өнімнің  өздік құны (теңге/бірлік) ;  капитал жұмсалымы немесе машинаның пайдалануына кеткен шығын (теңге/сағ); 1т машина массасының құны (теңге/т) немесе машинаның 100 км жорығына кеткен жанармай шығыны (л/100 км). Бұл көрсеткіштердің шамасы жоғары болған сайын, экономикалық тиімділік төмендей береді. Бұл топқа тағыда келтірген меншікті шығындар көрсеткішін жатқызуға болады.

   Жаңа техниканың  маңызды тиімділік көрсеткіштеріне  сапа көрсеткіштері жатады.  Оларға  машинаның ыңғайлылығы мен басқаруының  оңайлылығы; сыртқы түрі, пішіні  мен жалпы жинақталған шешімі; оператор кабинасының төмен жне  жоғары температурадан қорғалуы; машина басқару органдарының  құрылымының рационалды болуы;  оптикалық және дыбыстық сигнализациясының  болуы; оператор жұмыс орынның  жайлы жабдықталуы; машина қауіпсіздігі  және т.б.  Бұл көрсеткіштердің  жоғарлауы машинаның пайдаланудағы   өнімділігінің өсуімен тепе- тең. Керісінше бұл көрсеткіштердің төмен болуы үлкен шығындар байланысты болады.

 

   4.7 Техника- экономикалық көрсеткіштер анализі

 

Кесте 6

Өндірістің техника- экномикалық көрсеткіштері

 

Көрсеткіштер

Мәні

Өндірістік қуат, дана.

 

1500

Таза (табиғи) түріндегі өнімнің шығарымы, дана.

912

Өндірістік қуаттың пайдалану  коэффициенті

мың. теңге.

0,61

Өткізілген өнім,

мың. теңге.

1 404 400 000

Ортаайлық еңбек ақы, теңге.

235 000

Өткізілген өнімнің толық  өздік құны, мың. теңге.

1 400 985 000

Өнім табысы, %

1, 24%

Өткізілген өнім шығыны,

мың. теңге.

3 415 000

Өнеркәсіптік - өндірістік адамдар сан, адам.

527

Еңбек өнімділігі,

мың. теңге.

2 664 000

Өткізілген өнімнің теңгеге  шығыны

 

0,86


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5. Біршөмішті экскаватор жұмысы барысындағы еңбек құқығы мен қауіпсіздік техникасы

 

   Қауіпсіздік техникасының  негізі өнеркәсіптегі қауіпсіз еңбек жағдайларын туғызу және жазатайым уақиғаны болдырмау іс шаралары жатады.

 

  5.1 Жалпы қауіпсіздік ережелері

 

   Басқаруға жасы 18 ден асқан, арнайы оқу оқыған, қауіпсіздік техникасымен танысқан және экскаватормен басқаруға құқылы екенін растайтын куәлігі бар тұлғалар жіберіледі; сонымен қатар бірінші жұмыс участкісінен басқасына өткенде, немесе жаңа тапсырма алғанда міндетті түрде жаңа жұмыс участкінің қауіпсіздік техникасы бойынша қосымша нұсқаулармен танысуы керек; 

 

 5.1.1 Экскаватор машинисті өту керек:

 

  • кем дегенде әр үш ай сайын жұмыс орнындағы еңбек  қауіпсіздігінің қайталау нұсқамалығын өту керек;
  • Жоспардан тыс нұсқамалық: технологиялық процесстің немесе қоршаған орта ережелерінің өзгеруі, өндірістік жабдықтардың, құрал саймандардың, айлабұйымдардың жетілдіруі мен ауысуы, мекеменің ережелерінің өзгеруі;
  • ҚР Денсаулық Министрлігінің 12.03.2004 жылғы № 243 бұйрығына сәйкес мединициналық диспансерлік қаралуы;

 

  5.1.2 Экскаватор машинисті міндетті:

     

  • кәсіпорынмен бекіткен ережелерді, ішкі еңбек тәртібін сақтауға;
  • өрт қауіпсіздігі, электр қауіпсіздігін сақтауға;
  • жабдықтардың пайдалануына негізделген міндеттемелерді

     (эксплуатация) сақтауға;

  • жеке бас қауіпсіздігіне берілген құралдарға ұқыпты қарап, арналуы бойынша пайдалану.

 

   5.1.3 Экскаватор машинисті тиісті:

 

  • бақытсыз жағдай болған жағдайда алғашқы медициналық көмек көрсете білу;
  • экскаваторда медициналық дәрі қорапшасы мен алғашқы өрт сөндіргіш құралдары болуы;
  • тек қана берілген жұмысты орындап, оны басқаларға өндіріс бөлімінің бастығының рұқсатынсыз бермеуі;
  • жұмысқа қатысы жоқ адамдарды жақындатпауы, өз жұмысына ұқыпты болуы;
  • жұмыс орнын тазалықта сақтауға.

 

   5.1.4 Ең қауіпті  және зиян өндірістік факторлар 

 

  • экскавтордың түйіндері мен айналмалы және қозғалмалы бөлшектері;
  • қозғалтқыштың ыстық беттері, суыту жүйелері;
  • майдың жану нәтежесіндегі пайдаланылғын (отработанные) газдар;
  • басқа көлік құралдарымен соқтығысуы немесе жүргінші адамға сокып кетуі;
  • тиіп- түсіру жұмыстары кезінде орынауыстыратын жүктің құлауы.

 

    5.1.5 Жұмысшы мен кызметкерлердің жеке бас қорғанысы үшін берілетін тегін жабдықтар (средства)

 

  • Экскаватор машинистіне 12  ай мерзімге мақта мата комбинезон беріледі;
  • 3 ай мерзімге құрамдастырылған (комбинированный) қолғап;
  • Қыс мезгілінде қосымша сыртқы жұмыстарға кеудеше 30 ай мерзімге жылы мақта - мата кеудешесі, шалбар және пима беріледі.

 

   5.2 Жұмыс барысының алдындағы қауіпсіздік ережелері

 

  •  жұмыс барысының алдында:
  • экскаватор механизмдерін зейінді қарап шығу, содан олардың жөңділігіне көз жеткізу; тежегіштің бекітілуінің сенімділігіне мен жағдайына,  фрикционды жалғастрығыш, болатты арқан, агрегаттар мен басқару жүйесінің сенімділігіне ерекше көңіл бөлу;
  • экскаватордың айналатын бөлшектерін тексеру (тісті дөңгелек, шынжырлы берілістер, вентиляторлар мен маховик т.с.с). бұлардың барлығы қаптамамен қоршалуы керек;
  • участікті бөтен заттардан тазарту, жер асты және үстіңгі суларды апарып тастау; 
  • алдыңғы ауысымдағы машинистін экскаватор жұмысы кезіндегі акаулықтарды жазатын журналын  қарап шығу;
  • келесі жұмыс орнын қарап, қаншалықты қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін қадағалау;
  • басқару жүйесін, жарықтандыру мен сигнализация жөнділігін, тісті беріліс пен лебедка жағдайын, тежегіш пен фрикционнің реттелуін; арқандар мен блоктар жағдайын; шөміш жөнділігін, оның тістері мен түбін, ысырмасы мен подвеска бөлшектерін; картердағы май мен салқындатқыш жүйесіндегі суды; үйкелетін бөлшектердің майлануы тексеру;
  • жарамсыздық тапқан жағдайда тез арада оның жоюылуын қамтасыз ету немесе жұмысқа кіріспей тұра, жөңдеу жүргізетін ұйымға хабарын айту керек;
  • экскаваторды тазалықта ұстау керек. Қыс мезгілінде, жұмыс алдында шынжырынан қар мен мұзды алып тастау. Құрал-саймандарды арнайы жерде сақтау. Экскаватор түйіндері мен бөлшектерін мұқият майлау және жоспарлы-ескертпелі жөңдеулер уақытын қадағалау. Жебеде орналасқан басты блоктар мен басқа бөлшектерді майлау, қарау.
  • экскаватор сенімді дыбысты сигналмен қамтылуы керек. Олар сигналдар кызметкерлерге мәлім, бекітілген жүйемен беріледі. Сигналдар таблицасы экскаватордың көрінетін жеріне ілінеді. экскаватор іске қосылғанда ескерту сигналы беріледі.
  • Кешкі және түнгі кезде жұмыс орны,  грунтты қазу орны, жолдар мен экскаватор жарықтандырылуы керек.   
  • қопарғыш жұмыстарды істемес бұрын экскаваторды қауіпсіз қашықтықта, сыртқы жағымен қою керек. Экскаваторды тек қана  «Отбой» деген сигнал кейін жұмыс орнына бағыттауға болады. Жұмыс орнында қопарылғыш зат сонына дейін жарылып бітпеген жағдайда, міндетті түрде жұмысты тоқтатып, әкімшілікке хабарлау керек.
  • шөмішті тек қана экскаватор тоқтап тұрған уақытында жасалуы керек.
  • ыстық ауа райы кезінде көзді шаң тозаңнан сақтау мақсатында сақтандырғыш көзілдірік кию керек.
  • экскаваторды ауысымдағы адамға тапсырар кезінде барлық ақауларды көрсету, журналға сәйкес тіркеулер жүргізуін айту.

 

 

 

 

 

  5.2.1 Экскаватор қызметі кезінде есте сактау керек

 

  • қыс мезгілі кезінде жұмыс уақыты аяқталғанда радиатор мен құбырындағы су ағызып жіберіледі;
  • радиатордағы су деңгейі азайғанда ол салқындатқыш жүйесіне құйылады, тек жұмыс істеп тұрған қозғалтқышта.
  • Тиім салынады: қызып кеткен қозғалтқышты оталдыруға; қызып кеткен қозғалтқыштағы радиатор қақпағын қорғансыз қолмен ашуға; жұмыс істеп тұрған қозғалтқышты жөңдеуге және реттеуге.

 

5.2.2 Экскаватор машинисті жұмыс алдындағы міндеттері

 

  • зейінді машинаны қарап, жөңділігіне толықтай көз жеткізіп, оның пайдалануға дайын екен қадағалау; 
  • қозғалыстағы механизмдерінен бөтен заттарды алып тастау; құрал жабдықты өзінің тиісті орнына қою; ескерту сигналын беру;
  • қозғалтқыштың екі үш минут жұмысынан кейін машинаны босжүрісте қолданып көру;механизмдер мен тежегіш құрылғыларын тексеру;
  • экскаватор орнатылған жұмыс ауданын тексеру;
  • сыртқы шынжыр қыры мен траншеи қабағының арақашықтығын  (1 метрден кем емес),  экскаватор осінен кеңжар қабырғасына дейінгі арақашықтықты аңықтау қажет (экскаватор шөмішінің көтерілуіне байланысты 3…4,5 м). Тік күректі экскаватор үшін кеңжар биіктігі шөміштің қазу биіктігінен аспауы қажет.
  • кеңжар арақашықтығын қадағалар тұру; опырылу жағдайында тез арада экскаваторды қауіпсіз жерге апару, содан жағдай жайлы мамандарға ескерту;
  • грунтты тек қана ескертпе сигналынан кейін көлікке тиеу;
  • алдын ала экскаватордың қозғалу жолын дайындау; Қозғалыс кезінде жебе шынжыр табанына бағыттас болу керек;
  • экскватордың жасанды құрылыстардан өткенде (көпір, құбыр,бөгет) құрылыстардың жағдайы мен жүккөтергіштің  есепке алу;
  • теміржол төсемінен өткенде, тегістей шпал мен бөренелерді төсінуі керек.
  • алдында кездестірмеген жерасты құбырлар, кабель тағы да басқа құрылғылар, бөтен заттарды табылған жағдайда, жұмысты дереу тоқтатып, құрылыс әкімшілігіне хабарлау;
  • аз ғана уақытқа тоқтаған жағдайда шөмішті грунтқа түсіріп қою керек;
  • Тиім салынады: кеңжардағы жұмыс барысында пайда болған козырек қалдырмау, себебі опырылып, адамдар мен экскаваторға зияны тиуі мүмкін;
  • шөміш пен жебе астында тұруға; сауыттар мен тосемелерді жұмыс істеп тұрған экскаваторға төсеп немесе жинауға; шынжыр астанына тежеу үшін ешқандай бөренелер мен шпалдар салуға.

Информация о работе Кызылорда қаласындағы ЖШС «Автомобиль Жол Басқармасы