Кызылорда қаласындағы ЖШС «Автомобиль Жол Басқармасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 19:34, дипломная работа

Описание работы

Бұл дипломдық жұмыста 325 DL Caterpillar маркалы біршөмішті экскавторына байланысты жаңалықтар реті қарастырылған. Қазу және топырақты орын ауыстыру үшін арналған жер қазу машиналарының әмбебаптылығы, өндірісте қолдану аясының үлкеюі – машинажасау саласының дамуы деңгейін көрсетеді. Өндірісте жұмыс сенімділігін арттыру, мақсатында – экскавторлардың түрлі конструкцияларна өзгерістер енгізіліп жатыр. Олар экскавтордың қазу радиусын, шөміш тұтқасының күшін ұлғайту, сонымен қатар берілген қазу тереңдігін сақтау.

Работа содержит 1 файл

Дипломная работа Галымбеккызы Айман.docx

— 1.54 Мб (Скачать)

 

    5.3  Жұмыс аяқталған кейін машинист міндеттері

 

  •  шөмішті забойдан алып тастап, жерге түсіру; жебені  экскавтор осімен бойлай орналастыру; барлық тұтқаларды  бейтарап жағдайда қою.
  • Тиім салынады:  бұзылған экскаваторда жұмыс істеуге; бөтен кісілерге басқаруға рұқсат етілмейді; шөміш пен жебе астында тұруға, экскаватор жұмыс радиусы; алып салар және жарамсыз кезінде механизмдерді қосуға.

 

   5.4 Экскаватордың жөңдеуі кезінде қажетті

 

  • жөңдеу жүргізетін ауданды бөтен адамдар мен заттардан босату;
  • шөмішті, жебені, айналу платформасын және тағы да басқа түйіндерді ұқыпты темір құлақпен бекітілген ағаш тапшанға қою;
  • экскаватордың сұрыптап құрастыруында пайдаланылатын көтеру жабдықтары мен құрылғыларды алдың ала қарап, тексеру. Домкраттар мен тальдардың сенімді бекітілген болу керек. Домкраттарды қиғаштықсыз, дұрыс орнатылуы керек;
  • лебедкаларды тексеру барысында арқан мен барабанның дұрыстығын, тісті берілістің жөңділігін қарау керек.
  • блок пен полиспасттарды тексеру барысында жарықтың (трещина) жоқтығын, арқандардың шатыспағанын қадағалау;
  • көтеру шынжырлары мен арқандарын дәнекерлеу жерінде тексеру, ал қалған  темір арқандарды бекіту жерлерінде. Егер арқан қауіпсіздік нормасына сәйкес келмесе, жаңасымен ауыстыру;
  • экскаватордың көтеріп - түскен бөліктерінің астыңда  жұмысшылардың тұрмауын қадағалау;
  • жүкті тек қана сенімді бекітілген рельсті және металды балкалардың көмегімен орын ауыстыру;
  • жарықтандыру үшін жылжымалы электрлі шамдарды қолдану керек. Шамды штепсельді айырма арқылы қосу, сымдарды ұзындығы бойынша резиналы трубаға қоңдыру;
  • түйіндер мен бұрандама сәйкестік механизмдерін арнайы монтажды кілттермен тексеру;
  • апаттын алдын алу мақсатында, машинаны құрастырғанда, түйіндер мен механизмдердің арасында кішкентай бөлшектердің қалып қоймауын қадағалау;
  • экскаватордың жөңдеуі өткізілгеннен кейін , бос жүрісте және салмақ салып сыңақ жүргізу керек. Сынақ алдында қажет: қауіпсіз жерге бөтен кісілерді апару; машинадан  артық заттарды алып тастау; қорғаныш қоршаулардың сенімді бекітілгеніне көз жеткізу; механизмдерді майлап, реттеу; бақылау құралдарының дұрыстығын тексеру.
  • Тиім салынады: жүкті горизонтальды орналастыруға; жұк түсірер алдында төсем қоюға; жүкті ілінулі кезінде тастап кетуге; шырақ пен керосинди шам қолдануға

 

   5.5 Машинист келесі өртке қарсы ережелерді білуі тиіс

 

  • жұмыс орнынан 20 метрден кем емес ашық жанғыш қоймаларын орналастырмау;
  • майдын ағып кетпеуін қатаң қадағалау;
  • майлау материалдары мен сұйық отынды сақтау кезінде өртке қарсы барлық ережелді қатаң қадағалау;
  • майлы майлықтарды темір, арнайы жәшіктерде сақтау;
  • отынның жанып жатқан жағдайында өртсөндіргішпен сөндіріп, құм,жер тасуын қадағалау.
  • Тиім салынады: кабинада бензин ұстау; керосин және тез өртенетін заттар; қыс кезінде қозғалтқышты ашық жалынмен жылытуға; кабинада  ашық не жабық жалынмен шам ұстауға; жанармай құятын жерде шылым шегуге.

  

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Кызылорда қаласындағы ЖШС «Автомобиль Жол Басқармасы