Химиядан өзінді жұмыстарды ұйымдастыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 09:38, дипломная работа

Описание работы

Еліміздің білім беру жүйесіндегі білім мазмұнын жаңғырту үрдісі оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруға түбірлі өзгерістер әкелуде. Солардың ішінде оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастыруға жағдай жасау мектептің негізгі міндеттерінің бірі.
Жалпы оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастыру мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Дегенмен, оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастыруға үйрету тәсілдері бүгінгі күнге дейін өзектілігімен ерекшеленеді.

Содержание

1. Кіріспе...............................................................................................................
2. Әдебиеттік шолу.............................................................................................
2. 1 Өзіндік жұмыс түрлері, олардың рөлі.......................................................
2. 2 Өзіндік жұмысты ұйымдастыру ерекшеліктері........................................
2. 3 Өзіндік жұмысты ұйымдастырудың алғы шарттары...............................
3. Экперименттік бөлім.......................................................................................
3. 1 Өзіндік жұмыстарға арналған тапсырмалар.............................................
3. 2 «Алғашқы химиялық ұғымдар» тақырыбы бойынша тапсырма............
3. 3 «Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары жайлы мәліметті қорытындылау» тақырыбына арналған тапсырмалар.........................................
3.4 «Қышқыл, негіз, тұздардың диссоциациясы» тақырыбы бойынша тапсырмалар.............................................................................................................
3. 5 «Оттегі. Оксидтер. Жану» тақырыбы бойынша тапсырмалар.....................
3. 6 «Электролиттік диссоциация теориясы» бойынша тапсырмалар.................
3. 7 «Оттекті органикалық заттар: спирттер, көпатомды спирттер, фенолдар, альдегидтер, карбон қышқылдары» тақырыбы бойынша тапсырмалар.............
3. 8 Тест түріндегі тапсырмалар жүйесін пайдалану
5. Қорытынды..........................................................................................................
6. Пайдаланылған әдебиеттер............................................................................

Работа содержит 1 файл

өзіндік жұмыс-химия.doc

— 653.00 Кб (Скачать)

Мазмұны

1. Кіріспе...............................................................................................................

2. Әдебиеттік шолу.............................................................................................

2. 1 Өзіндік жұмыс түрлері, олардың рөлі.......................................................

2. 2 Өзіндік жұмысты  ұйымдастыру  ерекшеліктері........................................

2. 3 Өзіндік жұмысты  ұйымдастырудың  алғы шарттары...............................

3. Экперименттік бөлім.......................................................................................

3. 1 Өзіндік жұмыстарға арналған  тапсырмалар.............................................

3. 2 «Алғашқы химиялық ұғымдар»  тақырыбы бойынша тапсырма............   

3. 3 «Бейорганикалық қосылыстардың  негізгі кластары жайлы мәліметті  қорытындылау» тақырыбына арналған  тапсырмалар.........................................

3.4 «Қышқыл, негіз, тұздардың  диссоциациясы» тақырыбы бойынша  тапсырмалар.............................................................................................................

3. 5 «Оттегі. Оксидтер. Жану» тақырыбы  бойынша тапсырмалар.....................

3. 6 «Электролиттік диссоциация  теориясы» бойынша тапсырмалар.................

3. 7 «Оттекті органикалық заттар: спирттер, көпатомды спирттер, фенолдар, альдегидтер, карбон қышқылдары» тақырыбы бойынша тапсырмалар.............

3. 8 Тест түріндегі тапсырмалар  жүйесін пайдалану

5. Қорытынды..........................................................................................................

6. Пайдаланылған әдебиеттер............................................................................

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Еліміздің  білім  беру  жүйесіндегі  білім  мазмұнын  жаңғырту үрдісі  оқу-тәрбие   жұмысын   ұйымдастыруға   түбірлі   өзгерістер   әкелуде.   Солардың ішінде    оқушының    өзіндік    жұмысын    ұйымдастыруға    жағдай    жасау мектептің  негізгі  міндеттерінің  бірі.

Жалпы оқушының өзіндік  жұмысын ұйымдастыру мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Дегенмен, оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастыруға үйрету тәсілдері бүгінгі күнге дейін өзектілігімен ерекшеленеді.

Жаңа заман жаңа адамын талап ететін болса, ол адамның өмір сүру тәсілі өзіндік іс-әрекетін ұйымдастыра білуінен бастау алады. Ол жас кезеңдеріне сәйкес өзгеріп, қалыптасып, жаңарып отырады. Сондықтан баланы өзіндік іс-әрекетін ұйымдастыра білуге баулу өз бетімен өмір сүруге даярлаудың негізгі алғы шарты болып табылады.                                                                                              Дипломдық жұмыстың өзектілігі: Қазіргі кезде Қазақстан мектептерінде педагогикалық үрдістің сапасын кетерудің бай тәжірибесі жинақталып келеді. Солардың бірі педагогикалық үрдісте оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытуда өзіндік жұмыс түрлерін ұйымдастыру.

Оқушылардың өзіндік  жұмысы-мұғалімнің қажетті нұсқаулар  бойынша оқушының  оқу жұмысының  жеке дара және ұжымдық түрі.

      Өз бетінше жұмыстың негізгі ерекшелігі-оқушының берілген тапсырманы мұғалімнің көмегінсіз орындауы.

Ғылыми жаңашылдығы: Бүгінгі күнгі білім мазмұнын жаңғырту кезеңіндегі білім нәтижесі ретіндегі негізгі құзыреттіліктерді қалыптастыру мәселесі оқушының өзіндік іс-әрекетін ұйымдастырудың ұтымды жолдарын іздестіруді меңзейді. Ол оқушылардың жас және жеке ерекшеліктеріне қарай педагогикалық-психологиялық негіздеуді қажет етеді. Сондықтан оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастырудың тиімді жолдарын іздестіру мәселесі білім беру жүйесінің барлық кезеңдерін қамтитын өзара сабақтастықта жүзеге асырылатын тың бағыт [1].

Дипломдық жұмыстың мақсаты: Оқушының танымдық өзгертушілік әрекеті зерттеушілік деп аталатын әдістің көмегімен жүзеге асырылады. Интеллектуалдық, шығармашылық қабілеті жоғары оқушыға өз бетімен білім алуына жағдай жасалуы тиіс, яғни оқушының өз іс-әрекетін өзі ұйымдастырып, басқаруына мүмкіндік туғызылуы қажет.

Зерттеуші-оқушы    өзінің    табиғатынан    зерттеуге    бейім    келеді.    Білуге құмарлық,     бақылау    жасауға    талпыныс,     өзінше    эксперимент    жүргізу баланың   балалығымен   бірге   жүретін   үрдіс.   Зерттеу,   іздеу   белсенділігі баланың  жаратылысына  тән     табиғи     құбылыс.

Дипломдық жұмыстардың  міндеттері: Алға қойылған міндеттерге сәйкес сабақта оқу үрдісінің белгілі бір буындары іске асырылады. Олар:

  • тәжірибе  орындаған  кезде  нұсқаулар  және  ережелермен  танысу;
  • сарамандық сабақта жұмысты орындауға дайындық;
  • практикалық сабақта жұмысты орындауға дайындық;
  • өтілген материалды бір жүйеге келтіру және талдап қорыту;
  • бағдарлама тақырыптарына сәйкес жеке мәселелермен өз бетінше танысу;
  • теориялық  және  сынақ-тәжірибелік  есептер  шығару  жолдарын іздестіру;
  • нақты материалдарды өтуге байланысты оқулықтағы тапсырманы орындау;
  • сызбанұсқаларды,  суреттерді,  кестелерді және басқа көрнекі бейнелеулерді пайдалану;
  • оқулықтары мәліметтерді пайдалану.

Жұмыстың практикалық  маңыздылығы: Мұғалім оқушыға өздігінен жұмыс істету арқылы оқушылардың дербестігін, өз бетінше ойлау жүйесін, жүйелі білім алу тәртібін қалыптастырады. Оқушылардың сабақ үстінде өздігінен жұмыс жасай білу дағдыларының қалыптасуы - олардың білімінің тиянақты болуының басты шарты.

Өздігінен орындайтын жұмыстардың  ішінде оқулықпен жұмыстың орны ерекше. Оның маңызы кейінгі еңбек жолында  өздігінен білімін толықтыру  кезінде оқушыға оңай икемделеді, өз бойындағы дағдыларға сүйенеді. Сонымен қатар оқу, жазба мәдениетін, ауызша сөз мәдениетін, ойлау дағдыларын қалыптастыруда да оқулықпен жұмыстың үлкен маңызы бар.

Қазіргі ахуалы: Оқушылардың  алған білімін жіне білігін жетілдіру  үшін ұйымдастыратын өздігінен істейтін жұмыстарда оқушылардың дара ерекшеліктері ескерілетін қиындығы әртүрлі тапсырмалар беріледі.

Химия сабағында оқушылардың  өздігінен істейтін жұмысы - оқыту  әдісі ретінде қолданылады. Ол өзінен басқа әдістермен тиімді ұштастырылса, сабақтың дидактикалық мақсаттарына жетуіне мазмұнын толық меңгеруге жәрдемдеседі.

Үй тапсырмаларын орындағанда  оқушылардың өздігінен істейтін жұмысы оқу жұмысын ұйымдастыру  формаларына жатады. Мұғалімнің бақылауынсыз орындалатындығынан оның әртүрлі, мазмұны сабақтағыдан гөрі өзгеше болып келеді, тексерілуі сыныптағы өздігінен істелетін жұмыспен ұштастырылуы мүмкін.

Зерттеу объектісі: ОҚО Кентау қаласындағы Тұрар Рысқұлов атындағы №24 қазақ орта мектебінде.

Теориялық және әдістемелік  негізі: Оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстары әр сабақта, жеке тақырыптар және курс бойынша жүйелі түрде жүргізіледі. Осыған орай химияның жеке курстарын өткенде оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстарының жұйесі анықталған. Олар жаңа материалды дайындау кезінде өздік жұмыстары, жаңа материалды оқып ұйрену кезіндегі өздік жұмыстар, білім және білікті жетілдіру кезінде өздік жұмыстар деп жіктеледі. Бұлардың әрқайсысында орындалатын өздік жұмыс түрлері, мазмұны, оқушының танымдық әрекетінің сипаты арқылы ерекшеленелі.

Практикалық базасы: Зерттеу мәселесі бойынша химиктердің, химик

әдіскерлердің еңбектері, Қазақстан Республикасының ресми құжаттары, білім және ғылым министрлігінің нормативті құжаттары және т.б.

Диплом жұмысының құрылымы: зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, экперименттік нәтижелерді талқылау, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, 7- кесте, 3- тірек-сызбадан тұрады,.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    1. Өзіндік жұмыс түрлері,олардың рөлі

 

 

1.1 Өзіндік  жұмысты ұйымдастыру ерекшеліктері

 

Қазіргі заман талабын  жете түсінген әрбір ұстаз өз Отанын шексіз сүйетін білімді, іскер, адамгершілігі  мол, парасатты, мәдениетті, жан-жақты жетілген ұрпақ даярлауға міндетті. Бұл міндетті жүзеге асыру үшін әрбір ұстаз оқушыларды шығармашылықпен жұмыс істеуге баулуы керек. Негізінен шығармашылықпен жұмыс жүргізу өзіндік жұмысты сабақ үрдісінде тиімді қолдануына байланысты жүзеге асып отырады. Өзіндік жұмыста конспект, тезис, жоспар құру, тірек сызбалары, тақырып қою іс-әрекеттері орын алып отыруы шарт. Сонда ғана оқушының ойлау қабілеті, іскерлік дағдылары қалыптасады және еркін сөйлеу мәдениеті мен саяси сауаттылығы артып, пәнге қызығуы оянады.

Химия пәнінің бір  ерекшелігі: оқушылардың ішінара  зерттеу мен ауызекі сөйлеу қабілеттерінің қалыптасуы. Сондықтан өз басым әр сабағымда оқушылардың қызығуын арттыруды көздеймін. 45 минуттық, сабақ жоспарымда: ұйымдастыруға - 2 минут, жаңа сабақ түсіндіруге-10 минут, бекітуге, оқушылармен өзіндік жұмыс жүргізуге - 15 минут, бағалауға - 2 минут, үйге тапсырма беруге - 1 минут уақытымды жұмсаймын. Кейде өзіндік жұмысқа 15-20 минут кетуі де мүмкін, онда оқушылар өзара талдау жасап, бір-біріне түсіндіргенде, жоспар жасап, жоспарды талдағанда уақыт ұзағырақ қолданылады, яғни сабақ үрдісінде жүргізіліп жатқан жұмысқа 15-20 минут мұғалімнің басшылығынсыз атқарылады. Бір сыныппен жұмыс жасайтын мұғалім кей сабақтарында өз бетінше жұмыс өткізбеуі мүмкін, ал бірнеше сыныппен жұмыс жасайтын мұғалімнің педагогикалық міндеті жеке сыныппен жұмыс жасайтын мұғалімнің алдына қойылатын талаппен бірдей болады, бірақ өз бетінше жұмыс көбірек орындалады. Сондықтан оның берілетін мақсаты айқын, оқушыға түсінікті болуы қажет. Осындай жұмыс тапсырылғанда оның ауыр-жеңілдігіне, қанша уақытта орындалатынына назар аударған жөн. Өзіндік жұмысты сабақтың кез келген уақытында беруге болады:

  • жаңа сабақты түсіндіру кезеңінде;
  • қайталау сабақ кезеңінде;
  • сабақты бекіту кезеңінде.

Оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастырғанда мына ережені есте ұстанған абзал.

  • Орындалатын жұмыстың мазмұны бағдарламадағы талапқа сәйкес болуы.
  • Өзіндік жұмыс оқушының ойлау қабілетін дамытуы.
  • Өзіндік жұмыстың түрі, мазмұны әртүрлі болуы.
  • Әрбір өзіндік жұмыс тексеріліп, бағаланып отырылуы керек.  

Сабақтың тақырыбына, мазмұнына қарай бір сабақта бірнеше өзіндік жұмыс тапсыруға болады. Өз бетінше жұмысты ұйымдастыруда болатын жеке қасиеттерін ескеріп, жекелей саралап оқыту әдісін қолданған жөн. Өйткені, әр оқушының танымдық қабілеті, қызығуы, білім бейімділігі әр түрлі болады.

Өзіндік жұмыс - оқушының білім, білікті меңгеруі, оларды қолдану  тәсілдерін игеруі үшін мұғалімнің қатысуынсыз ұйымдастырылатын іс-әрекеті.

Сабақта өзіндік жұмыс оқу және бақылау қызметін атқарады, сондықтан  осы жұмыс түрін сабақтың әр кезеңінде, әсіресе бекіту, қорыту кезеңінде  қолданған тиімді. Оқушыларда оқу, оқығаны  мен түсінуде қиындықтар кездеспесе, өзіндік жұмысты жаңа тақырыпты меңгеру кезеңінде де нәтижелі қолдануға болады. Бұл жағдайда оқушылардың танымдық қабілеттері, өзіндік білім алу дағдылары арта түседі. Өзіндік жұмыстың мөлшері нақты белгіленбеген, тек мұғалім өз шеберлігіне лайықтап жұмысты берер алдында оқушылар мүмкіндігін ескеріп отыруы керек. Ең бастысы, ерінбей еңбек еткен мұғалім философ Ж.Руссо айтқанындай, "Ұстаздық ету - оқушының сезімін аялау, өзіңнің уақытыңды аямау". Міне, сонда ғана біз оқушымен жан-жақты шығармашылық жұмыс жүргізе аламыз және пәнге қызығуын арттыра отырып білім сапасын көтереміз [2].

Cабақты жаңа материалдар қосып, жаңаша қайталау оқушыны сол кұбылысты зерттеуге ұмтылдырады, яғни құбылыстардың себебін біліп, негізгі түйінді мәселелерді табады, өз бетінше ой қорытады, тұжырым жасайды. Өткенді қайталау әдістері көп, мұғалімдердің бірі соңғы сабақтың мазмұнын қайталаса, келесісі -өткен сабақ бойынша жеке-дара сұрақтар қояды, т.б. қайталау сабағындағы ең маңызды әдістемелік тәсілдердің бірі — түрлі мысалдар мен жаттығуларды орындау болып табылады. Берілетін тапсырмалардың екі түрі болады: оның шарттары анық берілген немесе жасырын түрде болады. Қайталау сабақтары міндетті түрде сұрақтар мен негізгі мәселелерді жалпылаумен аяқталады. Сондықтан олар екі түрге бөлінеді: ағымдағы қайталау және қорытынды қайталау.

Ағымдағы қайталау аралас сабақтарда жаңа өтілген материалды бекіту түрінде қайталанады. Оның мақсаты  өткенді жаңғыртып, жаңа материалды қабылдауға септігін тигізеді. Мұғалімдер қайталауға арналған материалды қайта өңдеп, оны нақтылайды. Берілетін жаттығулар мен тапсырмалар оқушыны ойландыратындай болады. Қайталауға арналған сұрақтардың өзі жаңа, белгісіз нәрселерді қамтып, оған жауап жаңа біліммен толықтырылатындай болып келеді. Ағымдағы қайталау кезінде ережелер, заңдылықтар еске түсіріледі. Сабақты өту үстінде де айтылған елеулі және негізі мәселелер қайта жаңартылып отырады. Оқу материалын түрлі әдістемелік тәсілдермен бекітуге болады. Көбіне мұғалімдер баяндауды үстіртін жүргізеді. Оны бекіту оқушылар деңгейіне сәйкес келетін, шамасы жететін жаттығулар мен тапсырмаларды орындаумен жүзеге асады.

Қорытынды қайталау тараулар мен бөлімдерді игеруді жеңілдету  үшін қолданылады. Қорытынды қайталау арнайы жоспарланған жалпылама сабақтар кезінде пайдаланылады. Корытынды қайталау кезінде әрбір оқушының қай тақырыпты игермегеніне, қиындық туғызғанына көңіл бөлінеді.

Өткенді қайталау әдіс-тәсілдері  мейлінше бөлшектеніп қарастырылып, тақырыпты жоспарлауға сәйкес жүйелі түрде өткізіледі және оны өткізуде әрбір оқушының жеке-дара ерекшеліктері ескеріледі. Қорытынды қайталау оқу жылының ортасы мен соңына қарай өтетін жалпылауды қамтиды. Жалпылама қайталау өткенді жай ғана қайталау ғана емес, сонымен бірге оқушылардың өзіне талдау, салыстыру, ой қорыту жасататын қайталау болуы керек. Жалпылама қайталау оқушылар білімін жүйелеуге, дәйектілігі мен сенімділігін арттыруға, теоретикалық және практикалық түйіндеуге көмектеседі.

Жаңа материалды оқушылардың  қабылдауы мен игеруі. Бұл жұмыс  жаңа материалдың ескі материалмен байланысынан басталады. Оны келесі тәсілдермен жүзеге асырады:

  • өткен және жаңа материал арасындағы логикалық байланыстарды анықтайды;
  • оларды өзара қатар қоя отырып, елеулі белгілері мен түйінді мәселелерін салыстырады.

Информация о работе Химиядан өзінді жұмыстарды ұйымдастыру