Академик Кеңес Нұрпейісұлының өмірі мен Отан тарихына қосқан үлесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 08:59, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігін жариялауы қоғам азаматтарының санасында үлкен сілкініс туғызды, Отан тарихы ғылымына да түбегейлі өзгеріс әкелді. Ел тарихы мен ұлттық санаға көлеңкесін түсірген «ақтаңдақтардың» бетін ашып, ұлт мәртебесін көтеруге жаңа мүмкіндік туды. Еліміз ұлттық құндылықтарды қастерлеуге бағыт ұстай бастаған бүгінгі заманда өткен тарихымызға қазақ халқының мүддесі тұрғысынан қараған тарихшыларымыздың өскен ортасы мен тарихшы болып қалыптасуына, шығармашылық мұраларына талдау жасаудың маңызы зор. «Кез келген халықтың өзін-өзі сыйлауы, өзінің ұлттық қасиеттерін білуі еліне аянбай еңбек еткен асыл азаматтарын танып, оларды әспеттеуден басталады.

Содержание

КІРІСПЕ…………………………………………………………………………3-6

І ТАРАУ: К. НҰРПЕЙІСТІҢ ӨМІРІ МЕН ҒЫЛЫМИ -ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ


1.1 Кеңес Нұрпейістің шыққан ортасы және тарихшы болып қалыптасуы.............................................................................................................7-14

1.2 Ғалымның ғылыми ортасы мен қызметі......................................................15-29

ІІ ТАРАУ: АКАДЕМИК К. НҰРПЕЙІСТІҢ ҒЫЛЫМИ МҰРАСЫ

2.1 Кеңестік дәуірдегі Қазақстан тарихын зерттеуге арналған еңбектері…............................................................................................................30-42

2.2 Тәуелсіздік кезеңіндегі Алаш қозғалысы тарихын зерттеуге қосқан үлесі.......................................................................................................................43-57

2.3 Ғалым зерттеген тарихи тұлғалар................................................................58-67

ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................68-70

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................................71-73

Работа содержит 1 файл

Диплом Жанат апай.doc

— 472.00 Кб (Скачать)

 

 

 

 

 

 

 

 

Академик Кеңес  Нұрпейісұлының өмірі мен Отан тарихына қосқан үлесі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы, 2011

МАЗМҰНЫ

 

 

 

КІРІСПЕ…………………………………………………………………………3-6

 

І ТАРАУ: К. НҰРПЕЙІСТІҢ  ӨМІРІ МЕН ҒЫЛЫМИ -ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ

 

 

1.1 Кеңес Нұрпейістің шыққан ортасы және тарихшы болып қалыптасуы.............................................................................................................7-14

 

1.2 Ғалымның ғылыми ортасы мен қызметі......................................................15-29

 

ІІ ТАРАУ:  АКАДЕМИК К. НҰРПЕЙІСТІҢ ҒЫЛЫМИ МҰРАСЫ

 

2.1 Кеңестік дәуірдегі Қазақстан тарихын зерттеуге арналған еңбектері…............................................................................................................30-42

 

2.2 Тәуелсіздік кезеңіндегі Алаш қозғалысы тарихын зерттеуге қосқан үлесі.......................................................................................................................43-57

 

2.3 Ғалым зерттеген тарихи тұлғалар................................................................58-67

 

ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................68-70

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................................71-73

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Тақырыптың  өзектілігі: Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігін жариялауы қоғам азаматтарының санасында үлкен сілкініс туғызды, Отан тарихы ғылымына да түбегейлі өзгеріс әкелді. Ел тарихы мен ұлттық санаға көлеңкесін түсірген «ақтаңдақтардың» бетін ашып, ұлт мәртебесін көтеруге жаңа мүмкіндік туды. Еліміз ұлттық құндылықтарды қастерлеуге бағыт ұстай бастаған бүгінгі заманда өткен тарихымызға қазақ халқының мүддесі тұрғысынан қараған тарихшыларымыздың өскен ортасы мен тарихшы болып қалыптасуына, шығармашылық мұраларына талдау жасаудың маңызы зор. «Кез келген халықтың өзін-өзі сыйлауы, өзінің ұлттық қасиеттерін білуі еліне аянбай еңбек еткен асыл азаматтарын танып, оларды әспеттеуден басталады. Ал осындай ардақтыларын немесе өз тектілерін танымаған жұрт түптеп келгенде басқа халықтармен теңеспей қалатыны өмір дәлелдеген ақиқат», - [1] деп атап көрсетеді К.Н. Нұрпейіс. Сондықтан да зиялы қауым, Отан тарихы қайраткерлерінің өмір жолын зерттеу, ғалым болып қалыптасуы мен өскен ортасын, қоғамдағы алар орны, ғылымға қосқан үлесін саралау, тағылымдық жақтарын ашып көрсету, бағалау өте маңызды болып табылады.

 Міне, осы тұста  халқымыздың ардагер ұлдарына  таңылған жаланы ақтауға ұмтылған  көрнекті тарихшы, ұлт зиялысы,  қазақ тарихының күрделі мәселелерін  терең зерттеген Кеңес Нұрпейісұлы Нұрпейісті атаған жөн. Өзінің артында өлмейтұғын мол мұра қалдырған ғалымның ғылыми еңбектері мен еліне істеген адал қызметі жан-жақты зерттеу қажеттілігі кезегін күтіп тұрған өзекті мәселе деп есептейміз.  

 Сталиндік империялық саясат шағын ұлттардың ұдайы тұншықтырып ұстады. Тарихты жасаушылар халық бұқарасы деген ұстанымды бекем ұстап, жеке тұлғаларға, олардың қызметіне, дұрыс көңіл бөлінбеді. Осындай кезеңде қатыгез тағдыр тәлкегіне Қазақстандағы Алаш қозғалысы да ұшырады. Ол Қазақстанның тарих ғылымында соңғы кезге дейін жабық тақырып болып келді. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы: «Жиырмасыншы ғасырдың бас жағында біздің сан ғасырлық тарихымызда тұңғыш рет халықты әлемдік айдынға алып шығуға нақты мүмкіндік туды. Ол мүмкіндікті туғызғандар «Алаштың» ардақты азаматтары еді. Алайда енді басқа трагедия  - тоталитаризм трагедиясы алдан шығып, тарихымыздың жүз жылға жуық белесін жапты да тастады. Тоталитаризм ұлтқа қарап жатпайды. Этностың басына түскен осынау заманда ешқандай ұлттың кінәсі жоқ екенін, мұның өзі жүйенің табиғатынан туындағанын түсінетін шақ жетті. Ол жүйе тұяқ серпитін сәтінде де Алматының алаңында жігіттер мен қыздардың қанына қол батырып қалудан шіміріккен жоқ...» [2]. Елбасының осы маңызды тұжырымы ұлт-азаттық қозғалыс тарихын жаңаша тарихи тұрғыда зерттеуді қажет етті.

Заман ағымы маркстік-лениндік және басқа да біржақты ілімдердің өрісінің тар екенін ескеріп, тарихилық, ақиқат өлшемін басшылыққа ала отырып, тарихи тұлғаларға, әсіресе тарихшыларға көңіл аударуды талап етуде. Тарих ғылымының қайраткері, Алаш тарихын зерттеуші ғалымдардың алғашқыларының бірі К.Н. Нұрпейістің өмір жолын түгелдей дерлік бір игілікті іске, ұлтының өсіп-өркендеуіне арнап, артына мәңгі өшпестей із қалдырған ғалым деп айтуға негіз бар. Қазақ халқы оның есімін – елінің шынайы тарихын жасаушылардың бірі, Алаш қайраткерлерінің есімін ақтаған құнды зерттеулері арқылы таныды, білді. Тарихшылық жолын кеңестік құрылыс әкелген әлеуметтік және саяси өзгерістерді, мемлекеттік құрылыс мәселелерін зерттеуден бастаған К.Н. Нұрпейіс уақыт идеологиясының аясында шырмалып қалмай, бойына біткен табанды зерттеушілік және қоғамдық құбылыстарға барынша терең үңіле білу қабілетінің арқасында бүгінгі Қазақстан өміріндегі жаңалықтарды жан-жақты қарастыруға күш салды. Бұл мәселелер көрнекті ғалымның қоғамдық, ғылыми қызметіне талдау жасау, әділ баға беру үшін маңыздылығын арттыра түседі. Біздің мақсатымыз - оны тарихшы-ұстаз, ғалым ретінде көрсету. 

Көрнекті ғалым, Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор К.Н. Нұрпейістің ұстаздық және ғылыми ұйымдастырушылық қызметі мен тарихи мұрасына қатысты объективті ғылыми баға беру ғалым өмір сүрген қоғамның жағдайын терең түсінуге мүмкіндік беретіні сөзсіз. Сонымен бірге, тәуелсіз еліміздің тарих ғылымы үшін де көрнекті тарихшы қайраткерлеріміздің ғылыми қызметі мен өмірбаянын зерттеп, жария етудің де маңызы зор екендігі ақиқат.

Қазақстан тарихына қатысты  тың тұжырымдар мен пікірлер жасауда академик К.Н. Нұрпейіс еңбектерінің алатын орны ерекше. Кеңестік қоғамда өмірге келіп, сол кезден-ақ еңбек жолын бастаған ғалым еліміз егемендік алғанан кейін де ғылыми-ұйымдастырушылық және ұстаздық қызметін тоқтатпай, артына көптеген тарихи мұра қалдырды. Ол тәуелсіздігімізді алғаннан кейін өздерінің саналы ғұмырларын қазақ елі үшін құрбан еткен азаматтардың өмірі мен қоғамдық-саяси қызметіне және Алашордаға қатысты мәселелерді көтерді. Бойындағы білім мен қабілетін Отандық тарихтың дамуына жұмсаған К.Н. Нұрпейістің жеке тұлғасы да тарихи таным тұрғысындағы өзекті мәселе болып табылады.

Қарастырып отырған диплом жұмысы Отандық тарихтың дамуына сүбелі үлес қосқан К.Н. Нұрпейістің өміріне, ғылыми-педагогикалық қызметіне және ғылыми мұрасына арналған.

Тақырыптың зерттелу деңгейі: Академик К.Н. Нұрпейістің өмір жолы, ғылыми және ұстаздық қызметі туралы ішінара жазылғанымен, арнайы зерттеліп, қарастырылған емес. Дегенмен, бұл тұрғыда К. Нұрпейістің алғашқы ғылыми еңбектері жайлы көптеген ғалымдар тарихнамалық сипаттағы сараптамалар мен пікірлер жазды. Онда ғалым еңбектері жоғары бағаға ие болды. Академик К.Н. Нұрпейістің ғылыми-шығармашылығы туралы алғашқы жариялым  1968 ж. М.Х. Асылбековтің «Советы 1917-1918 гг.» [3] деген тақырыпта әріптесінің «Советы Казахстана в борьбе за укрепление власти рабочих и крестьян» [4] атты көлемді монографиясына пікірінен басталады. 1972 ж. Н. Киікбаев пен Н. Едігеновтың «Құнды зерттеу» [5], 1973 ж.               С. Қасимановтың ғалымның ғылымға келуі туралы «Кемелді еңбек» [6],           С. Кенжебаев пен Ж. Жұмабековтың «Құнды зерттеу» [7] атты мақалалары жарық көреді. Ал, 1977 ж. Қазан социалистік революциясының 60-жылдығына арналған «Великий Октябрь в Казахстане» [8] жинағында жарияланған еңбегіне және 1988 ж.   Т. Рысбековтың «Полезная публикация» [9]    деп аталатын пікірлерінде К.Н. Нұрпейістің хронологиялық әдісті қолдана отырып, оқиғаларды нақты баяндай алғандығын және жергілікті Кеңестердің елдің экономикасы мен мәдениетін дамытудағы рөлін жақсы көрсете алғандығын атап өтеді. Сонымен қатар, аталмыш монографияға тарих ғылымының докторы, профессор, академик М. Қозыбаев: «К. Нұрпейісовтың монографиясының маңызы туралы сөз шерткенде оның бірнеше ерекшелігін атап кеткен орынды. Бұл еңбек көп жылғы ізденіс-толғаныстың сәтті нәтижесі, ол Қазан революциясы тарихының тарихнамасына өзіндік үлес қосатын туындылар қатарына қосылады»,- деп [10] жоғары баға береді.

Ғалымның ғылым саласына келуі мен тарихи еңбектері жайлы  алғашқы топқа әртүрлі энциклопедиялар  мен анықтамалықтардағы мақалалар, сонымен бірге ғалымның 70 жасқа толу мерейтойына арналған биобиблиография-сындағы материалдардың [11] маңызын ерекше деп айтуға болады. Онда         К. Нұрпейістің жариялымдары мен ол туралы әдебиеттердің тізімімен қатар, тарихшы-әріптесі Қ.С. Алдажұмановтың ғалымға арнап жазған ғылыми-педагогикалық және қоғамдық қызметінен хабар беретін қысқаша очеркі берілген. Аталмыш очерктерде академиктің жалпы қызметіне баға беріледі

2010 жылғы 12 наурызда  ғалымның өзі 30 жылдан аса ұстаздық  еткен Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық Университеті Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ұжымымен бірлесіп  «Дүниежүзі тарихы: зерттеу және оқыту мәселелері» атты «Нұрпейісов оқулары» шеңберіндегі       ҚР ҰҒА академигі К.Н. Нұрпейістің 75 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізіп, Қазақстанның барлық облыстарының жоғарғы оқу орындарынан 200 тарта ғалым келіп баяндама жасады және жинақ болып басылды. Бұл жинақта академик К. Нұрпейістің өмір жолы мен еңбектеріне сипаттама берілген. Академик туралы тарих ғылымдарының докторы, профессор С.Ф. Мажитов: «Кеңес Нұрпейісұлы – Қазақстан тарих ғылымының іргетасын нығайтып, оны дамытуға ат салысқан көрнекті қазақ тарихшысы»,-деп баға береді. Академик М.Х. Асылбек «Академик  Кеңес Нұрпейісұлы егеменді еліміздің көрнекті тарихшысы» деген мақаласында ғалымның Қазақстандағы жергілікті Кеңестердің, шаруалар тобының, Алаш қозғалысының және т.б. өзекті мәселелерді зерттеуге қосқан зор үлесін жоғары бағалай келіп, 1980 ж. шыққан «Қазақ ССР тарихы» мен кейінгі жылдары жарияланған бес томдық «Қазақстан тарихы» сияқты күрделі еңбектерді даярлаудағы ерен еңбегін баса көрсетті.  Ал, тарих ғылымдарының докторы  А.Т. Қапаева: «Адамгершілік, ғылыми тәртіптілік – Кеңес Нұрпейісұлының бойында біте қалыптасып қалған үлкен қасиет. Ол осы қабілет-қарымын Қазақстанның қуғын-сүргінге ұшыраған мәдениет қайраткерлері, жазушылар мен ғалымдардың есімдерін ақтауға жұмсап, белсене ат салысты»,-деген байыпты сипаттама береді. Сонымен қатар, Ж.К. Таймағамбетов, Ж.Б. Аширбекова, Ф.А. Қозыбақова, Г.Ж. Өскенбаева, С.О. Смағұлова, Ж.Қ. Ахметова [12]  сияқты зерттеушілердің еңбектерінде  К.Н. Нұрпейіс есімі аталып, ғалымның шығармашылық ізденісінің қырлары, олардың кейбір бағыттарындағы қол жеткен жетістіктері аталып өтіледі.   

К.Н. Нұрпейістің өмірбаяны  мен ғылым жолындағы ізденістері  туралы қысқаша мақала өзі көзі тірісінде  «Адам ата – Хауа ана» газетіне берген сыр-сұхбатында жақсы, әрі нақты  жазылған [13].

Жұмыстың мақсаты  мен міндеттері: Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты: белгілі тарихшы К.Н. Нұрпейістің өмірін, қызметін, ғылыми мұраларын тарихи үрдістер контекстінде саралау және ғалымның отандық ғылымға, білім мен мәдениетке қосқан елеулі үлесін көрсету, тұлғалық бейнесін ашу, кеңестік дәуірдегі ғылыми шығармашылық мұрасын зерттеу, ХХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХІ ғасырдың басындағы қоғамдық қызметі мен азаматтық көзғарасын зерделеу. Осыған орай зерттеу жұмысының алдына төмендегідей нақтылы міндеттер қойылды:

- К.Н. Нұрпейістің шыққан  ортасын, тарихшы маман ретінде  қалыптасуын зерделеу;

- К.Н. Нұрпейістің ғалым  ретінде қалыптасуындағы Қазақстандағы  саяси-қоғамдық жағдай мен академиялық  ғылыми ортасының рөлі мен  маңызын арнайы зерттеу;

- К. Нұрпейістің зерттеулерін  тарихнамалық тұрғыдан талдап, олардың  ғылыми құндылығының, бүгінгі күнде де маңызын жоймағандығын көрсету;

- Ғалымның ғылыми-педагогикалық  қызметіне тоқталып, оқулықтары  мен ұстаздығы арқылы оның  Қазақстан тарихы ғылымының дамуына  қосқан үлесін байыптау;

- К.Н. Нұрпейістің көрнекті  ғылым қайраткері ретіндегі іс-әрекетін Республиканың қоғамдық өміріндегі қызметімен байланыстыра зерттеу.

Зерттеу жұмысының  хронологиялық шеңбері: Диплом жұмысында        К.Н. Нұрпейістің 1935-2007 ж.ж. аралығындағы өмірін толық қарастырып, 1958-2007 ж.ж. ҚР Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институтындағы ғылыми ізденіс жолына, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетіндегі ұстаздық қызметіне, ғалымның көзі тірісіндегі және дүниеден өткеннен кейінгі жарық көрген ғылыми еңбектеріне тарихнамалық талдау беріледі.

Зерттеу жұмысының  құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І ТАРАУ: К. НҰРПЕЙІСТІҢ ӨМІРІ МЕН ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ

 

    1. Кеңес Нұрпейістің шыққан ортасы және тарихшы болып қалыптасуы

 

Ұлттық Ғылым Академиясының  академигі Кеңес Нұрпейіс 1935 жылы           15 наурызда Алматы облысы, Кеген ауданы (қазіргі Райымбек ауданы), Саты ауылында дүниеге келеді. Бұл кезең 1930 жылдары елді шарпып өткен ашаршылық зардабынан енді ғана ес жия бастаған халықтың басына арада бірнеше жыл өтпей жатып тағы бір зұлмат – 1937 жылғы сталиндік жаппай қуғын-сүргін орнауымен тұспа-тұс келеді. Ол елдің бетке ұстар зиялы қауым өкілдерін, әр түрлі буындағы басшы қызметкерлермен қатар,  саясатқа еш қатысы жоқ қатардағы еңбек адамдарын да шарпып өтті. Осындай алмағайып кезеңнің арасында дүниеге келген қаршадай баланың да өміріне небір қиындықтар түсті.

Информация о работе Академик Кеңес Нұрпейісұлының өмірі мен Отан тарихына қосқан үлесі