Академик Кеңес Нұрпейісұлының өмірі мен Отан тарихына қосқан үлесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 08:59, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігін жариялауы қоғам азаматтарының санасында үлкен сілкініс туғызды, Отан тарихы ғылымына да түбегейлі өзгеріс әкелді. Ел тарихы мен ұлттық санаға көлеңкесін түсірген «ақтаңдақтардың» бетін ашып, ұлт мәртебесін көтеруге жаңа мүмкіндік туды. Еліміз ұлттық құндылықтарды қастерлеуге бағыт ұстай бастаған бүгінгі заманда өткен тарихымызға қазақ халқының мүддесі тұрғысынан қараған тарихшыларымыздың өскен ортасы мен тарихшы болып қалыптасуына, шығармашылық мұраларына талдау жасаудың маңызы зор. «Кез келген халықтың өзін-өзі сыйлауы, өзінің ұлттық қасиеттерін білуі еліне аянбай еңбек еткен асыл азаматтарын танып, оларды әспеттеуден басталады.

Содержание

КІРІСПЕ…………………………………………………………………………3-6

І ТАРАУ: К. НҰРПЕЙІСТІҢ ӨМІРІ МЕН ҒЫЛЫМИ -ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ


1.1 Кеңес Нұрпейістің шыққан ортасы және тарихшы болып қалыптасуы.............................................................................................................7-14

1.2 Ғалымның ғылыми ортасы мен қызметі......................................................15-29

ІІ ТАРАУ: АКАДЕМИК К. НҰРПЕЙІСТІҢ ҒЫЛЫМИ МҰРАСЫ

2.1 Кеңестік дәуірдегі Қазақстан тарихын зерттеуге арналған еңбектері…............................................................................................................30-42

2.2 Тәуелсіздік кезеңіндегі Алаш қозғалысы тарихын зерттеуге қосқан үлесі.......................................................................................................................43-57

2.3 Ғалым зерттеген тарихи тұлғалар................................................................58-67

ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................68-70

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................................71-73

Работа содержит 1 файл

Диплом Жанат апай.doc

— 472.00 Кб (Скачать)
  1. «Ресей халықтарының теңдігі мен суверендігі;

2. Ресей халықтары  өзінің мемлекеттік құрылысын  өзі шешуге құқылы екендігі, тіпті  өз алдына бөлініп шығып, жеке  мемлекет құруына еріктігі;

3. Барлық ұлттық және діни  артықшылық пен шек қоюшылықтың  түрлерін жою;

4. Ресей территориясын мекендеген  ұсақ ұлттар мен этнографиялық  топтардың ерікті түрде дамуы.

5. Осы басты принциптерде көрсетілген  мәселелерді нақтылай түсу және  оларды тікелей жүзеге асыру  РФСР Халық Комиссарлар Кеңесінің  ұлт істері жөніндегі комиссариатына тапсырылды»,-деп атап өтіп, жергілікті ұлт мәселесіне бей-жай қарамағандығын тағы бір көрсетеді [10, 9]. Сондай-ақ, ғалым Қазақстан Кеңестерінің І құрылтай съезін өткізу кезінде төмендегі мәселелерді басшылыққа алады. Мысалы, Қазақ ауылын кеңестендіру үшін кұрес – Қазақ Кеңес автономиясының негізі үшін күрес екендігін. Қазақ өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитеттің құрылуы және Қазақстан Кеңестерінің Құрылтай съезіне дайындық. Қазақстан Кеңестерінің Құрылтай съезі және Қазақ АССР-ның жариялануы мәселесін алға қойды.

Ғалым: «Қазақстан ғалымдары ғылымды  шын материалдық күшке айналдырушылар болып отыр. Совет ғылымын дамытуда және еліміздегі социалистік және коммунистік  құрылысқа қосқан қомақты үлесі  үшін Қазақ ССР Ғылым Академиясының  екі институты-академик Қ.И. Сәтбаев атындағы геологиялық ғылымдар институты мен химиялық ғылымдар институты «Еңбек Қызыл Ту» орденімен наградталды. Совет ғылымын дамытудағы үздік еңбектері мен коммунистік құрылыстың тәжірибесіне қосқан үлкен үлестері үшін Қазақ ССР Ғылым Академиясының толық мүшелері У.М. Ахмедсафин, Д.В. Сокольский Социалистік Еңбек Ері деген құрметті атаққа ие болды. Академияның ондаған көрнекті қызметкерлері Отан алдындағы ерен еңбектері үшін Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтар алды, ордендермен және медальдармен наградталды»,- деп  [17, 102] Қазақстан ғылымындағы қолы жеткен табыстар туралы айтады.

Кеңес Нұрпейісұлы қалам тартып, жан-жақты зерттеу жүргізген мәселелерінің  ауқымды бөлігі кеңестік дәуірде  жазылғандықтан, ғалымның көп зерттеулері  сол заман саясатын паш етеді. Осы сала бойынша жазылған мұраларында Қазақстан тарихының ең күрделі кезеңдерінің беттерінен тәлім-тәрбие алуға болады. Өз кезегінде көптеген зерттеушілерге кеңестік кезең ерекше жол салып бергені де рас. Бар ынтамен жазылып, халыққа тарап отырды. Дегенмен, көрнекті ғалым бұл тұрғыдан да өзіндік ерекшелік таныта білді, яғни кеңестік дәуірде де өз ойын дұрыс, дәлелді жеткізе алды. Өтпелі кезеңнің өртіне шалынбай, тарихтың ащы қайнар көзін аша білді.

Ғылым академиясында Кеңестік кезеңдегі Қазақстан тарихына байланысты тақырыптарды игере жүре еліміздің көптеген облыстарына қатысты жергілікті Кеңестердің қызметін тарих сахынасына шығарды Сөйтіп, К. Нұрпейістің тарих саласына алғаш қалам тартуын да осыдан байқауға болады. Сонау ұлт-азаттық көтерілістен бастап, ақпан және қазан революциялары, Кеңес өкіметінің орнауы мен шаруалар тарихы, Қазақстан мен Орта Азиядағы азамат соғысы тағы басқа да мәселелерге қалам тартты. Кеңес өкіметінің қол жеткізген жетістіктерінің қазақ даласында қалай өрбігені туралы көптеген мемлекеттік мұрағаттар құжаттары мен тарихи деректерді, арнаулы еңбектерді пайдалана отырып жазылған «Ұлы Октябрь Қазақстанда» тақырыбына арналған еңбегі де өз алдына құнды [37]. Мұнда автор Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату үшін болған күрес тарихы туралы сөз қозғайды. Социалистік төңкерісінің жалпы заңдылықтарымен қатар олардың Қазақстанда жүзеге асуының ерекшеліктері де қатар көрсетіледі. Ұлы Қазан Социалистік төңкерісінің адамзаттың тарихи тағдырына түбірлі өзгеріс енгізгенін, жаңа дәуірді, яғни капитализмнен социализмге, коммунизмге өту дәуірін маңызды тарихи құбылыс екенін оқырманға жеткізе білді. Сонымен бірге, Ұлы Қазан төңкерісінің жеңіске жету жағдайына сай Қазақстанда Кеңестердің билік органы ретінде өкіметті басқаруы, оның жергілікті пролетариат диктатурасына айналуы, Кеңестердің бастапқы кезеңіндегі шаруашылық және мәдени қызметтерінің алғышарттары, Қазақстандағы Кеңестік биліктің әлеуметтік саясатының пайда болуының алғашқы қадамдары туралы ғалым өз заманының талабына сай жан-жақты жүйелі талдап береді.

Кеңес Нұрпейіс өз Отанының ең қадірлі  де, асыл азаматтарының бірі. Ол кісінің  қаламынан тек Қазақстан тарихын  жазған зерттеулер ғана емес, өз республикасына аса құрметпен қарап, жоғары бағалаған еңбектер де баршылық [38, 6-8]. Сонымен қатар, кеңестік дәуірдің көптеген саяси басшыларының, Орталық комитеттің құжаттарын тағы басқа көптеген деректерді басшылыққа ала отырып ғалым, мұрағат құжаттары мен арнаулы әдебиеттер негізінде Қазақ Кеңес мемлекетінің құрылу тарихын егжей-тегжейлі зерттеді. Сондай-ақ, «Қазақстан – Республикам менің» кітаптабында Қазақстан еңбекшілерінің тарихи мерзімдегі әлеуметтік-экономикалық және мәдени даму жолында қолдары жеткен аса ірі табыстарына шолу жасаған.

К.Нұрпейіс Қазақстандағы патшалы  Ресей отаршылдығына қарсы        ұлт-азаттық күресті бастаушы батырымыз А. Имановтың қызметін де заман талабына сай бағалай білген [39, 65-66]. Торғай даласындағы ұлт-азаттық көтерілістің басшысы Амангелді Имановтың ұйымдастырушылық қабілетіне үлкен баға берген. Онда автор Амангелді Имановтың қоғамдық-саяси көзқарасының қалыптасуы ХІХ ғ. соңы – ХХ ғ. басындағы Қазақстан тарихының ең ауыр кезеңімен тұспа-тұс келгенін ашық баяндайды. Бастапқы кезде А. Имановқа әсер еткен, «Қазақ» және «Айқап» журналдарының төңірегіне топтасқан либералды-демократиялық және ұлттық-демократиялық интеллигенциясы, сонымен бірге Әліби Жангельдин мен оның бірнеше жергілікті жақтастары туралы айтып өтеді. 1914 жылы басталған Екінші дүниежүзілік соғыс бүкіл адамзатқа үлкен қайғы-қасірет алып келді. Бұл ұлттық және әлеуметтік езгіні және соғыс жылдары көптеген жергілікті жерлерде патша шенеуніктерінің озбырлығын күшейтті. Жерді тартып алу, салықты өсіру т.б. күштеу саясатының салдарынан 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісіне алып келіп, ол тез арада бүкіл Қазақстан мен Орта Азия аумағын жайлап кеткендігін нақты мысалдармен айтып өтеді. Ал, Кеңес өкіметі орнай бастаған 1918 жылдардан мынадай мәліметтер: «1918 жылғы 21марттан 3 апрельге дейін Орынборда өткен Советтердің Торғай облыстық съезі қабылдаған қаулы-қарарлары туралы толығырақ айта кеткен жөн. Съезді Торғай облысының Төтенше комиссары Ә.Т. Жангелдин мен Орынбордың Қалалық партия ұйымы шақырды. Оның жұмысына облыстың барлық уездерінен 472 делегат қатынасты. Олардың қатарында 1918 жылғы 22 мартта съезд істері жөніндегі шаруашылық комиссиясының мүшесі болып сайланған қазақ халқының ұлттық батыры Амангелді Имановта болды»,-деп  осындай тарихи оқиғаның басы-қасында болып, қазақ елі үшін аянбай күрес жүргізген қазақ батыры туралы дерек келтіреді.

Қазақстанның нақты, шыншыл тарихын жазуға барлық ғалымдар тек еліміз егемендік алғаннан кейін ғана қол жеткізді. Дегенмен,  К. Нұрпейістің Қазақстан тарихын кеңестік өкіметіне және сол жылдардағы өзекті мәселелерге арнап жазған ғылыми зерттеулері өз алдына ерекше маңызға ие десек артық емес. Тоталитарлық жылдардың үстемдік құрып тұрған кезінде де ғалым қабырғасын қайыстырған жоқ, керісінше үнемі ізденіс үстінде болды. Кеңестік дәуірде социализм идеялары  теория жүзінде сан ғасырлар бойы адамдардың жақсылыққа ұмтылған армандарының көрінісі ретінде болғанын ғалым ұтымды жеткізе білді. Сондықтан да, халық бұқарасының басым көпшілігі елімізде сол идеяларды жүзеге асыру үшін, туған еліміз бен өлкеміздің экономикалық күш-қуатын нығайту, мәдениетін дамытып, халықтың әл-ауқатын арттыру жолында жасампаздық еңбек етті. Өздері сенген идея негізінде құрылды деп есептеген болатын.

Кеңестік дәуірдегі Қазақ тарихы қарам-қайшылыққа толы күрделі кезеңде  өмір сүрді.

Қазақстанда Қазан төңкерісінен кейінгі  социалистік құрылыс жұмыстарының қол жеткізген жетістіктері мен табыстарын насихаттау саласы бойынша жазылған мақалаларының негізгі мазмұны В.И. Лениннің саяси істерге басшылығы, халықтар арасындағы ұлтаралық саясат, интернационалистік қозғалыстар, социалистік лагердегі халықтар достастығы тарихына арналды.

Кеңестік дәуірдегі Қазақстан  тарихы туралы жазылған еңбектеріндегі халқымыздың мемлекеттік және қоғамдық құрылысы, қазақ халқының           1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі, 1917 жылғы қос төңкеріс мәселелері,    1917-1918 жылдардағы азамат соғысы, Кеңес өкіметі дәуіріндегі шаруалар тарихы, Қазақстандағы Қазан төңкерісінің шежіресі, Қазақстан мен Орта Азиядағы шет елдік интервенция, соғыстан кейінгі халық шаруашылығын дамыту, Кеңестердің съездері мен қызметтерінің рөлі, Достық пен бейбітшілік бағдарламасы, Ақпан және Қазан төңкерістерінің маңызы, ғылым, білім, мәдениет т.б. салалары туралы мақалалары одақтас республикалардың ғалымдарының ұжымдық еңбектеінде үнемі жарияланып отырды.

Сонымен бірге, К. Нұрпейіс Кеңестік Қазақстанға  қатысты тағы бір      1985 жылы «История крестьянства Советского Казахстана» атты еңбегін                      Г.Ф. Дахшлейгермен бірлесіп жазды [18]. Мұнда қос автор бүкіл Кеңестік Қазақстан аумағындағы шаруалар тарихына терең үңіледі. Деректік және құжаттық негіздемелерді нығайтумен бірге Кеңес өкіметі кезіндегі шаруалар тарихын зерттеу ісі қолға алынып, кең арнаға түскеніндігіне талдау жасаған. Әрине, ол кезеңдегі еңбектердің басым көпшілігі социалистік немесе коммунистік құрылыс тарихының негізін жасауға арналды ғой. Сондықтан жеке-дара басылымдарда жарық көргеніне қарамастан олардың көпшілігі кеңестік идеология тұрғысында, соны дәріптеуге арналған жалпылама еңбектер болатын. Дегенмен, ғалым еңбектерінен Кеңес өкіметі кезінде қазан төңкерісінің алғашқы күндерінен бастап-ақ қалыптасқан қиыншылықтар мен сәтсіздіктедің себеп-салдарын біле аламыз.

Академиктің келесі бір зерттеу  жүргізген мәселесі - 1921-1922 жылдардағы ашаршылық мәселесі. Негізінде «Қазақстан шаруалар Советтері (1917-1929 жылдар)» [40] деген кітабында ғалым ашаршылықтың шығуының бір себебін айқындаса, ал кейінгі зерттеулерде ол Қазақстандағы бұл жылдардағы ашаршылықтың ащы шындығын мұрағат деректеріне сүйене баяндап, оның шығуының екі факторын көрсетті. Оның бірінші факторы, азамат соғысы кезінде кеңестік биліктің ішкі және сыртқы контрреволюциялық күштермен қақтығыс кезінде тұраланған халық шаруашылығын қалпына келтіруге байланысты жүргізілген жаңа экономикалық саясаттың қыспағы, екіншіден табиғи фактор, яғни 1920-1921 жылдардың қарсыз болуы әрі ұзаққа созылуы, жаңбырдың жаумауынан қуаңшылық болып, шөп күйіп, егіннің шықпай қалуынанда көп қиындықтар болғандығын жазады.

Сондай-ақ, «1921-1922 жылдардағы Қазақстандағы  аштық» тақырыбында жазылған мақаласында  да азамат соғысы жылдарында «соғыс коммунизмі» атанған экономикалық саясатын жүргізуде үкімет тарапынан қазақ шаруаларын түрлі салық төлеуге мәжбүрлеуі, қарсыласқандарды қоқаң-лоқы жасады деп жазаға итермелегендігін атап өтеді және 1921-1922 жылдары Батыс Қазақстан губерниялары қатты аштықтың тегеурініне тап болғандығын нақты мысалдар арқылы береді.

Ғалым ашаршылықпен күрестегі  үкіметтің жүргізген іс-шараларын  нақтылап көрсетеді. Бірнеше рет арнайы конференциялар ұйымдастырылып, аштықтан құтылу жолдары жайында мәселе төңірегінде айтыс-тартыстардың болғандығын айта келе, қатты ашыққан Торғай жеріндегі халыққа астықтай, малдай көмек жіберіліп, оған қазақ зиялылары бас-көз болғандығын айтады.

Мақаласында Кеңес Нұрпейісұлы 1921-1922 жылдары ашыққандар күнкөріс қамын ойлап, бас сауғалап шет  ел асуға мәжбүр болғандығын, осы  босқындарды кері қайтаруда үкімет тарапынан бірнеше шаралар жүргізгендігін айқындап береді. 1921 жылы Кеңес елінде 20 миллионнан аса адам аштыққа ұшыраған деген мәлімет келтіреді [41].   

«Кеңес» деген сөздің өзі саяси мағынада 1905-1907 ж.ж. бірінші  орыс революциясынан кейін жиі айтыла бастады. Сөйтіп, кеңес еңбекшілер диктатурасының революциялық аппаратына айнала бастағаны белгілі. Ал мұның өзі біздің елде қалай басталғаны туралы Кеңес Нұрпейістің «Кеңестердің Қазақстанда қалыптасуы (1917 наурыз – 1918 маусым)» [19, 240] деген монографиясында жан-жақты баяндалады. Мұндағы бірінші тарауда қос үкімет кезіндегі оқиға барысында контрреволюционерлер өз билігін күшейте түсуге әрекет жасап жатқандығы Кеңестердің ұйымдары және қызметі нақты айтылады.

Осы аталмыш монографияға академик Манаш Қозыбаевтың «Ақтаңдақты  ашуға қосылған үлес» [10] атты мақаласында үлкен мән берген. Онда автор: «Тарихымыздың «ақтаңдақ» беттерін ашуда елге танымал ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор К. Нұрпейісовтың «Советтердің Қазақстанда қалыптасуы (1917 ж. март – 1918 ж. июнь)» деген монографиясының орны ерекше. Ұлы Октябрдің тарихнамасында ХХ ғасырдың іргелі де дүбірлі оқиғасы туралы қалам тартқан сан ұрпақтың өкілдері бар. Революцияны өз қолдарымен жасап, «Тар жол, тайғақ кешуден» өткен              С. Сеуфуллин, Т. Рысқұлов, С. Меңдешов, А. Асылбеков, А. Әйтиев,                Ә. Жангелдин, О. Исаев, О. Жандосовтардың толғанып, тебіреніп жазған еңбектері ұрпаққа қалған асыл мұрадай. Олар Ұлы Октябрдың қазақ сахарасындағы тарихи дамудың заңды нәтижесі екендігін дәлелдеп, аңсап күткен революцияға бұқараның қалың тобы қатысқанын көрсетеді.                    20 жылдардың екінші жартысында белең алған теориядағы субъективтілік, іс жүзіндегі асыра сілтеп, омақаса құлатушылықтың басы-қасында болған          Ф.И. Голощекин «Октябрь дауылы қазақ ауылына соқпай, жанап қана өтті» деген қағиданы ұсынды. Ұзақ жылдар бойы тарихшылардың келесі ұрпағы осы жаңсақ пікірмен алысты. Белгілі ғалым тарихшылар С. Бейсембаев,                    Т. Елеуов, С.Н. Покровский, П.М. Пахмурный, С.М. Кенжебаев,                           Г.Ф. Дахшлейгер, А.С. Елагин, В.Т. Григорьев т.б. Октябрь проблемасын зерттеп, айтарлықтай еңбек етті.

Алайда, К. Нұрпейісовтың  монографиясының маңызы туралы сөз  шерткенде оның бірнеше ерекшелігін  атап өткен орынды. Ең алдымен автордың архив қоймаларынан көптеген беймәлім документтерді, деректерді тауып, зерттеуді жаңа дәрежеде жүргізгенін айту керек. Соның нәтижесінде осы уақытқа дейін беймәлім болып қалған тұңғыш жұмысшы солдаттар және шаруалар Советтерінің белсенді өкілдері тарихқа енген» деп атап өткен. Автор өлкеде Кеңес өкіметін орнатудың барысында жергілікті кеңестердің даму жолдарын ашуға тырысқан, оның революциялық процестің іс жүзіндегі әрекеті, тактикасы, саяси бағытын анықтаған. Қос өкімет кезіндегі дәрменсіздіктен Кеңестердің күрес ұйымына дейін өсуі оның өкімет пен билікке айналуы, социалистік экономика мен мәдениеттің негізін қалаудағы алғашқы қадамы жан-жақты сипатталған.

Кеңес Нұрпейістің монографиясында  сонымен қатар, Кеңес өкіметінің аппаратының облыстар мен уездік жерлерде орнауына  да зор көңіл  бөлінген. Оның ішінде Батыс-Сібір, Торғай облыстық съездері, Көкшетау, Ақмола, Өскемен, Павлодар, Әулие-Ата т.б. уездік съездерінің шешімдері арқылы жергілікті жерде кеңестердің қалыптасуы көрсетіледі.

К. Нұрпейістің 1989 жылы «Жалын»  баспасынан шыққан «Интернационал»  еңбегі өз дәуірінің, әсіресе жас буын оқушылар үшін сарабдал шығармаға айналғаны даусыз. Бұл еңбегінде ғалым «Интернационал» әні мен оның авторы туралы сыр шертеді. Шағын еңбегін жазуға түрткі болған оқиға туралы ғалым: «Жаңа оқу жылының басталар шағы болатын. Туған ауылым – Алматы облысы, Кеген ауданындағы Саты селосында жаңа орта мектеп үйінің ашылу салтанатты рәсіміне шақырылған едім. Осы сапарымда мектеп мұғалімдерімен, жоғарғы класс оқушыларымен әңгімелесіп, сұхбаттасуыма тура келді. Әңгіме тақырыбы әр алуан болды.

Сондай бір кездесу  кезінде 9 класта оқитын бір оқушының үлкен жиындарда «Интернационал»  әнінің салтанатты жағдайда орындалатындығын, ал өзінің осынау шығарманың шығу тарихын  жете білмейтіндігін айтып, сол жөнінде  әңгімелеп беруді сұраған. Міне, сол кездесуде балаларға «Интернационал» жайлы сыр шерткен едім» -деп жаза отырып, өлеңнің шығу тарихы туралы: « «Интернационалдың» пайда болуына К.Маркс пен Ф.Энгельс 1864 жылы негізін қалаған «Жұмысшылардың Халықаралық Серіктігі (ол «Бірінші Интернационал» деген атпен тарихқа енді) мен 1871 жылы 18 мартта жеңіске жетіп, небәрі 72 күн өмір сүрген тұңғыш пролетарлық революция – Париж Коммунасы нақтылы әсер еткен еді.

Жұмысшы табының халықаралық  Серіктігінің құрылуы жұмысшы табының  революциялық партиясының ұйымдастырылуына ықпал етті және жұмысшылардың халықаралық Серіктігінің Манифесі мен Уставын жазған                К. Маркс жұмысшы табының дүние жүзілік тарихи міндеті – капитализм үстемдігін құлатып, саяси өкімет билігін жеңіп алу керек екендігін белгілеп берді. Бірінші Интернационалдың осынау алғашқы бағдарламалық құжаты баршаға белгілі. «Барлық елдердің пролетарлары бірігіңдер!» атты ұранды дүниеге әкелді [42, 13].

Информация о работе Академик Кеңес Нұрпейісұлының өмірі мен Отан тарихына қосқан үлесі