Академик Кеңес Нұрпейісұлының өмірі мен Отан тарихына қосқан үлесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 08:59, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігін жариялауы қоғам азаматтарының санасында үлкен сілкініс туғызды, Отан тарихы ғылымына да түбегейлі өзгеріс әкелді. Ел тарихы мен ұлттық санаға көлеңкесін түсірген «ақтаңдақтардың» бетін ашып, ұлт мәртебесін көтеруге жаңа мүмкіндік туды. Еліміз ұлттық құндылықтарды қастерлеуге бағыт ұстай бастаған бүгінгі заманда өткен тарихымызға қазақ халқының мүддесі тұрғысынан қараған тарихшыларымыздың өскен ортасы мен тарихшы болып қалыптасуына, шығармашылық мұраларына талдау жасаудың маңызы зор. «Кез келген халықтың өзін-өзі сыйлауы, өзінің ұлттық қасиеттерін білуі еліне аянбай еңбек еткен асыл азаматтарын танып, оларды әспеттеуден басталады.

Содержание

КІРІСПЕ…………………………………………………………………………3-6

І ТАРАУ: К. НҰРПЕЙІСТІҢ ӨМІРІ МЕН ҒЫЛЫМИ -ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ


1.1 Кеңес Нұрпейістің шыққан ортасы және тарихшы болып қалыптасуы.............................................................................................................7-14

1.2 Ғалымның ғылыми ортасы мен қызметі......................................................15-29

ІІ ТАРАУ: АКАДЕМИК К. НҰРПЕЙІСТІҢ ҒЫЛЫМИ МҰРАСЫ

2.1 Кеңестік дәуірдегі Қазақстан тарихын зерттеуге арналған еңбектері…............................................................................................................30-42

2.2 Тәуелсіздік кезеңіндегі Алаш қозғалысы тарихын зерттеуге қосқан үлесі.......................................................................................................................43-57

2.3 Ғалым зерттеген тарихи тұлғалар................................................................58-67

ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................68-70

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................................71-73

Работа содержит 1 файл

Диплом Жанат апай.doc

— 472.00 Кб (Скачать)

Сонымен бірге, ғалым: «Әлихан  Бөкейханов және сол кездегі қазақтың зиялы қауымының басқа да өкілдері жетекшілік жасаған Алаш пен Алашорда Қазақстандағы қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және ұлттық-мемлекеттік құрылыс мәселелерін шешу жолдарын анықтауда ұлттық тұтастық және халықтық бірлік принциптеріне сүйенді. Мұндай бағыт әлбетте, аталған мәселелерді шешуде таптық принциптер мен пролетариат диктатурасын негізге алған большевиктерге қарама-қарсы еді. Сондықтан да, Алаш көсемдері мен алашорда үкіметінің басшылығы 1917 жылғы Қазан революциясының ұрандарын, Кеңес өкіметінің идеялары мен нақтылы іс-әрекеттерін қабылдамады, оларға қарсы шықты»,- деген тұжырым айтады.

Азамат соғысы жылдарында (1918-1920) Алашорда Кеңес өкіметіне  жау күштермен одақтас болды. Нәтижесінде, Азамат соғысында жеңіске  жеткен Кеңес өкіметі Алаш пен  Алашорданы тарих сахынасынан кетірді. Алаш партиясы өз мақсатына жете алмады, Алаш азаматтарының сағы сынды. Кеңес өкіметі Алаш пен Алашорданы Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінен аластатуда алдау мен арбау әдістерін де, қару жұмсап күштеу жолын да қолданды.

Алаш қозғалысы күйреп, Қазақстанның саяси өмірінен кеткеннен кейін де оған кезінде қатысқандардың басым көпшілігі халық пен партия жағына шығып, елімізде жүзеге асырылған түбірлі әлеуметтік-экономикалық және саяси-мәдени өзгерістерге белсене араласты.

К. Нұрпейіс кезінде (1919-1920) Кеңес өкіметі Алаш қозғалысына қатысқандардың барлығына кешірім жасағанына қарамастан, Азамат соғысынан кейінгі 7-8 жылда Қазақстан ғылымының, оқу-ағарту ісінің, әдебиеті мен өнерінің халық шаруашылығының дамуына қомақты үлес қосқан ұлттық-демократиялық интеллигенция өкілдерінің, ең алдымен, Алаш пен Алашордаға жетекшілік жасаған қайраткерлердің жалған жаламен «халық жауы» аталып, сталиндік әміршіл-әкімшіл құрбандары болды [12, 367].

И.В. Сталиннің үкімет басына келуі саяси террорды өршіте түсті.           1922 жылдың өзінде үкімет пен партия ұлшылдармен күрес жүргізуде құпия түрде елдегі зиянкесті топтар жөнінде мәліметтер жинау жөнінде нұсқаулар берген болатын. 1927-1929 жылдардың арасында өзіндік пікірі бар қазақ қызметкерлерінің барлығына «ұлтшыл» деген айып тағылып, бірсыпырасы жұмыстан қуылды. Олардың әрбір қадамы бақылауға алынды.

1928 жылдан бастап Алаш  қозғалысына қатысқан А. Байтұрсынов,           М. Жұмабаев, Ж. Аймауытовтардың  үстінен іс қозғалып, қамауға  алынса, ал   30 жылдардың басында  Ә. Ермеков, М. Тынышбаев, Ж. Досмұхамедов,            Х. Досмұхамедов, Ы. Мұстамбаев және т.б. зиялылар заңсыз түрде қамалды.

1930 жылғы 4 сәуірдегі  ОГПУ-дың сот коллегиясының үкімі  бойынша қазақ зиялылары әр  түрлі мерзімге түрмелер мен  конслагерлерьге кесіліп, жер  аударылды. Үкім бойынша Алаш қозғалысының көрнекті өкілдері                           А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Х. Ғаббасов, Ж. Аймауытов, М. Есболов және т.б. зиялылар ату жазасына кесіліп, кейіннен он жыл мерзімге лагерге жіберілуге алмастырылды. Оларға капиталистік мемлекеттер мен ақ эмигранттардың қолдауына сүйене отырып қазақ ұлтшылдарының жасырын ұйымын құрды, кеңес үкіметін құлатып, Алашорда автономиясын құруға тырысты деген айыптар тағылды. Бұл ұйымға шаруалардың қарулы көтерілісіне ұластырған ұжымдастыру кезіндегі қателіктер мен олардың жаппай Қытайға қарай босқандығын да тағады.

1932 жылдың 20 сәуіріндегі  ОГПУ-дың үштігінің шешімімен                         М. Тынышбаев, Х. және Ж. Досмұхамедовтар,  А. Үмбетбаев, М. Мурзин,               Ә. Мұңайтпасов, Қ. Кемеңгеров, М. Бұралқиев, Ә. Омаров, Ж. Күдерин,                 Ж. Ақбаев, С. Кәдірбаев, Ж. Тілеулиндер бесжылдық мерзімге жер аударылды.

1937-1938 жылдары қазақтың  Алаш қозғалысының қалған өкілдері  жапа шекті. Бұл шығын алдыңғы  халықтың интелектуалдық мүмкіндіктерін әлсіретіп, психологиясын жасытуда алдыңғы трагедиядан ешбір кем болған жоқ.

1937-1938 жылдары қазақ  халқының тәуелсіздік жолында  күрескен, ғылым және білім салаларына  елеулі үлес қосқан ұлт зиялылары  Ә. Бөкейханов,           А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Х. Досмұхамедов, С. Асфендияров, Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткерлері  С. Қожанов, Т. Рысқұлов,  Ұ. Құлымбетов, О. Жандосов, Ж. Сұлтанов,  Л. Мирзоян, А. Кенжин және т.б. қуғын-сүргін құрбаны болды.

Сонымен, 1917-1937 жылдар аралығында алашшыл қазақ зиялыларының қоғамдық-саяси қызметі – Алаш қозғалысы шеңберіндегі ұлт-азаттық қозғалыстың шарықтау шегіне жеткен кезең болды деп түйіндеуімізге толық негіз бар. Бүгінгі таңда Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болуы ғасыр басындағы қазақ зиялыларының саналы күресінің заңды нәтижесінің жемісі дей аламыз.

ХХ ғасыр қазақ халқы  үшін үміт пен күдікке, қым-қиғаш  қайшылықтар мен түрлі деңгейдегі және түрлі мәндегі күреске толы тарихи кезең болды.

Ғасыр басында Қазақстанда  орын алған әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси және мәдени-рухани өзгерістердің нәтижесінде өмірге келген және өзінің алдына түбірлі үш ұлттық мақсатты – қазақ халқын отарлық езгіден құтқаруды, оның мемлекеттігін қалпына келтіруді және қазақ қоғамын өркениетті елдер қатарына қосуды жүзеге асыруды мақсат еткен Алаш қозғалысы тарих сахынасынан күштеп кетірілді.

1920 жылдардың екінші  жартысында күшейген сталиндік  әкімшіл-әміршіл басқару жүйесі  қоғамның тарихи заңдылықтарына  қайшы келетін тәжірибелер жасады. Олар бүкіл КСРО-ны, оның ішінде, Қазақстанды да қамтыды. Қоғамға түбірлі өзгерістер енгізуге бағытталған бұл тәжірибелердің басты бағыттары мынадай болды:

- ауылшаруашылығын күштеп  ұжымдастыру және соның негізінде  байлар мен ауқатты шаруаларды  тап ретінде жою; көшпелі және  жартылай көшпелі шаруаларды күштеп отырықшыландыру;

- елді индустрияландыру (бұл шара, негізінен, шаруаларды  аяусыз қанау есебінен жүргізілді);

- қоғамдық өмірдің  негізгі салаларына тек қана  коммунистік идеологияның үстемдігін  орнату.

Тоталитарлық режім  жүзеге асырған халыққа қарсы саясат аса зор, ауыр зардаптарға душар етті: жаппай ашаршылықтың салдарынан млн-даған адамдар қырылды; өзінің атамекенінен басқа елдерге ауа көшті; шаруашылықты жүргізу дәстүрінен айырылды; тіл мен діл, дін мен ұлттық сезім, наным жойыла бастады; көптеген халықтар, олардың қатарыда қазақ халқы да, өз ішінде азшылыққа айналды.

КСРО-да үстемдік құрған тоталитарлық мемлекет пен коммунистік  партияның билеуші тобы ұйымдастырған, 1920-1930, 1940-1950,                   1980 жылдарда жүзеге асырылған жаппай саяси қуғын-сүргін, 1941-1945 жылдары фашизмге қарсы жүргізілген қиян-кескі соғыс – ХХ ғасырға тән отандық тарихтан орын алған қасиетті оқиғалардың бастылары болды.

Тоталитарлық езгі халық  бұқарасы тарапынан қатты қарсылық туғызды: 1916 жылы патша үкіметінің отарлық саясатына қарсы қазақ халқы өлкенің барлық аймақтарында ұлт-азаттық көтерілісіне шықты, 1918-1919 жылдары Алматыда Кеңес өкіметіне қарсы күрес жүрді; 1929-1931 жылдары күштеп ұжымдастыруға қарсы Қазақстанда 372 көтерілістер мен әр деңгейдегі қарулы қарсылықтар көрініс берді. Ал 1986 жылғы желтоқсанда қазақ жастары тоталитарлық режімге ашық қарсы шығып, өкіметке саяси талаптар қойды.

Алайда өткен ХХ ғасырды, Кеңес тарихының 74 жылын Қазақстан  мен оның халқы үшін босқа өткен  кезең деуге болмайды. Бұл туралы Республика Президенті Н.Ә. Назарбаев «Жадымызда жатталсын, татулық дәйім сақталсын» деген еңбегінде былай деп жазады: «...өз басым Қазан төңкерісінен кейінгі жылдар біз үшін текке өткен жоқ деп байлам жасадым. Материалдық өндіріс жүйесін түбірінен жаңарту, адамдардың білім деңгейінің күрт өсуі, қоғамның түрлі әлеуметтік топтарының арасындағы қатынастарды жақсарту,... ғарышқа самғау – мұның бәрін өзіміздің тарихи жүгіміздің асылдарына жатқызған жөн».

Алаш партиясы мен  Алашорда үкіметінің қоғамдық-саяси қызметін зерттеу елімізде 1988 жылдан бастау алды. Мәселенің жаңаша қойылымының тұсаукесері ретінде 1988 жылы қазақ зиялыларының шығармашылық мұрасын қайта қарау мақсатында құрылған Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық комитеті комиссиясының шешімдерін атауға болады. Міне, осы кезден Алаш қозғалысына қатысты тарихи шындықты қалпына келтіру бағытында тың ғылыми-теориялық методология қалыптаса бастады. Айта кетерлік бір жайт, К.Н. Нұрпейіс өзінің тарихнамалық талдауында 1989 жылдың шілде айында республикалық көлемде өткен ғылыми пікір алысудың Алаш қозғалысының объективті тарихын зерттеуде түбегейлі бетбұрыс болғандығын баса көрсеткен болатын [12, 367].

Көрнекті тарихшы, Алаш ақиқатының жаршысы Кеңес Нұрпейіс: «Алаш туралы ақиқат әлі толығымен ашылған жоқ. Алаш, Алаш автономиясы, Алаш қозғалысы тарихын ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның қоғамдық –саяси және мәдени өмірінің құрамдас бөлігі ретінде қарастырған жөн. Мәселеге осы тұрғыдан қарауға республикамыздың қоғамдық ғылымдар өкілдері бірлесіп ат салысуы ләзім. Бұл ретте мына мәселелерді жан-жақты әрі терең қарастыру қажет сияқты,- дей отырып,-

- Алаш қозғалысының  бастау көздерін;

- 1917 ж Ақпан мен  Қазан төңкерісінің арлығында  басқа партиялар мен ұйымдармен  байланысын;    

- Алаш қозғалысына тән ішкі қайшылықтарын;

- Жалпы демократиялық,  ұлттық және таптық мәселелердің  арақатынасын;

- Мәселелердің Алаш  тарапынан қандай дәрежеде жүргізілгенін;

- Алаш қозғалысына  қатысушылардың 1920 жылдан кейінгі  тағдырын анықтасақ.

Міне, сонда ғана біз Алаштың ақиқатына жетеміз»,- деген [47,75] тұжырымы болашақ тарихшы жастарға айтылған аманаттай.

Ғылым бір орнында  тұрмайды, уақыт өткен сайын жаңа мәліметтер, тың деректермен толықтырылып, соны көзғарастармен, ой-тұжырымдармен  байтылады. Сол сияқты Кеңес Нұрпейістің ғылыми мұрасы терең де жан-жақты зерттелетініне сеніміміз хақ. Өмірден адалдық пен еңбекті еншілеген Кеңес Нұрпейістің тұлғасы уақыт өткен сайын биіктей беретіні анық. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.3. Ғалым зерттеген тарихи тұлғалар

 

Кеңес Нұрпейісұлын ғалым ретінде ерекшелейтін тағы бір бағыты ол – тұлғатану бағыты. Естелік ретінде, ірі тұлғалар туралы әңгіме түрінде айтатын, мақала етіп жазатын азаматтар аз емес. Ал К. Нұрпейістің ерекшелігі, ол көрнекті тұлғалар жөнінде терең ғылыми зерттеулер жүргізді, олардың тарихтағы орнын, қоғамдағы рөлін анықтады. 

Тарихи ірі тұлғаларды зерделей отырып, оларды өздерінің  өмір сүрген ортасымен, айтулы қоғамдық құбылыстармен, әйгілі тарихи оқиғалармен  тығыз байланыстыра зерттеді. Мысалы Бәйдібек баба мен Райымбек бабаны өз замандарының қадірлі, қасиетті, көреген, дана ақсақалдары ретінде көрсетсе, Ақкөз батыр, Жәпек батыр, Жауғаш батыр, Кенесары Қасымұлының ержүректігін, қалың қазақты қорғаған қолбасшылық қасиеттерін суреттейді. Алаш тарихын зерттей отырып оның көсемдерін де ірі тұлға етіп көрсете білген. Олардың ішінде А. Байтұрсынов, Х. Досмұхамедов, Ә. Ермековтің тағдырларына ерекше көңіл бөлген.

Көрнекті мемлекет қайраткерлері  С. Сейфуллин, Т. Рысқұлов,                    О. Жандосов, М. Тынышбаев, М. Шоқай, А. Түркебаев, Ж. Ақбаев,                    Н. Сырғабеков, Ы. Көшкінов, С. Сауранбаев сияқты ірі тұлғалар да ғалымның назарынан тыс қалмады, жан-жақты зерттелді, зерделенді [16, 33-34].

К. Нұрпейістің алғашқылардың  бірі болып зерттеген тарихи тұлғаларының бірі Халел Досмұхамедов болды. Ғалымның «Алматы ақшамы» газетінде «Қияметті жылдар жаңғырығы» деген атпен жарияланған көлемді мақаласында 1917-1920 жылдардағы қайраткердің қоғамдық-саяси қызметі мен Алаш партиясына мүше болған және Алашорда қозғалысына қатысқан қазақ зиялыларының да өмір жолына қысқаша тоқталады. Академик Қазақстан Республикасының мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің мұрағатынан алынған саяси қуғын-сүргіндерге байланысты құжаттармен танысып, оларды ғылыми айналымға енгізген болатын. Сондай құжаттардың бірі Х. Досмұхамедовтың өз қолымен орысша жазған екі құжатын қазақша аударып халыққа жариялайды. Оның біріншісі Х. Досмұхамедовтың өскен ортасы мен саяси көзқарасының қалыптасуынан кейбір мәліметтер берсе, екінші Воронеж қаласында айдауда жүрген жылдарындағы тұрмыс ауыртпашылығын баяндайды. «Халел Досмұхамедов – қазақтың бір туар ұлы, қоғам қайраткері, «Алаш» партиясы мен Алашорда қозғалысының жетекшілерінің және алғашқы жоғарғы білімді қазақ дәрігерлерінің бірі. Ол талантты, көп қырлы ғалым болған адам. Түркістан АССР-і мен Қазақ Совет мемлекетінің оқу-ағарту ісіне, ғылымын, әдебиеті мен өнерін дамытуға үлкен үлес қосқан» [34] - деп атап көрсетеді                    Х. Досмұхамедов туралы К. Нұрпейіс. Сонымен бірге Х. Досмұхамедовтың әдеби және ғылыми мұрасы, қоғамдық қызметі жөнінде соңғы екі-үш жылдың жүзінде ғана айтыла бастағанын атап көрсете келе, оның өмір жолына қысқаша тоқталып өтеді.

1996 жылы Алматыда «Санат»  баспасынан «Халел Досмұхамедұлы  және оның өмірі мен шығармашылығы»  атты ұжымдық кітаптың бесінші тарауын         К. Нұрпейістің тұлғатанудағы тағы бір ауқымды зерттеуі болды. Мұнда қазақ халқының азаттық үшін күресінің жаңаша қарқын алған күрделі кезеңі баяндалады. Тарихи деректермен дәлірек жазылған бұл еңбекте                         Х. Досмұхамедовтың қоғамдық-саяси қызметін кең, әрі толыққанды сипаттауға мүмкіндік береді.

1917 жылы 21-26 шілдеде Орынбор  қаласында өткен Бірінші Жалпықазақ  съезін басынан аяғына дейін  Х. Досмұхамедұлы төрағалық етеді.  Ал,                А. Байтұрсынұлы, Ә. Көтібарұлы, М. Дулатұлы және А. Сейітовтер хатшылығымен өткен бұл Бірінші жалпықазақ съезінде ауқымды 14 мәселе жан-жақты талқыланады, оның ішінде өздерінің басты назарын ұлттық автономия, жер, құрылтай съезіне дайындық және қазақтың саяси партиясын құру проблемаларына аударды  [34, 102].

Кеңес Нұрпейістің арнайы зерттеген келесі тұлғасы «Тарихи  тұлғалар» атты еңбектер жинағына енген  «30 жылдардың басындағы саяси  қуғындаушылық және Нәзір Төреқұлов» деп аталады. Мұнда автор Қазақстанда орын алған қуғын-сүргін кезеңін үшке бөліп қарастырады, біріншіден, Кеңес өкіметінің орнауы мен азамат соғысының орын алуына байланысты өлке тұрғындары «ақ» - «қызыл» болып атысты, екіншіден, Қазақстанға Сталиннің тікелей қолшоқпары Ф. Голощекиннің Республика, партия ұйымының жетекшісі ретінде келуі және оның «Кіші Октябрь революциясы» атты авантюристік саясаты кезеңі, үшіншіден, жаппай ұжымдастыру салдарынан болған 1932 жылғы ашаршылық, қуғын-сүргін саясаты туралы қысқаша сипаттама береді. Сонымен бірге Н. Төреқұлов 20 жылдары КСРО халықтары Орталық баспасының қазақ бөлімшесін ашып, оның жұмысының жандануына байланысты, сол бөлімше арқылы жарық көрген кітаптар мен кітапшалар арқылы сыр шертеді.

 «Нәзір Төреқұлов, - дейді К. Нұрпейіс, - күрделі де сегіз қырлы, бір сырлы тұлға. Ол туралы Қазақстан жұртшылығы осы күнге дейін аз біледі, ал білгендері Н. Төреқұлов туралы барлық шындыққа қанық емес. Мұның негізгі үш себебі бар. Біріншісі – оның Қазақстаннан тыс жерде (Өзбекістанда) дүниеге келіп, Ташкент, Мәскеу және Араб елдерінде қызметте болуы. Екіншісі – осы уақытқа дейін Н. Төреқұлов туралы жазылған бірді екілі мақалаларда, естеліктерде шындықпен қатар оған үйлеспейтін сыңаржақ тұжырымдардың орын алуы. Үшінші – осы уақытқа дейін Н. Төреқұловтың шын мәніндегі беделді ізденушісінің болмауы». 1930-1932 жылдары қазақ зиялыларының үлкен тобына сот процесі жүрді, ал шындығында, Нәзір Төреқұлов ол жылдарда Қазақстанда, жалпы Кеңес Одағында болған жоқ. Ол кездері Н. Төреқұлов Сауд Арабиясында дипломатиялық қызмет атқарды. Алайда, сол кездің өзінде-ақ оны төрт-бес жылдан кейін «халық жауы» деп айыптау үшін алғышарттар мен қажетті құжаттар дайындалып қойылған еді. Оның нақақтан-нақақ жалған жаламен «халық жауы» аталып, атылып кетуі 1937-1938 жылдарға тұспа-тұс келді.

Информация о работе Академик Кеңес Нұрпейісұлының өмірі мен Отан тарихына қосқан үлесі