Академик Кеңес Нұрпейісұлының өмірі мен Отан тарихына қосқан үлесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 08:59, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігін жариялауы қоғам азаматтарының санасында үлкен сілкініс туғызды, Отан тарихы ғылымына да түбегейлі өзгеріс әкелді. Ел тарихы мен ұлттық санаға көлеңкесін түсірген «ақтаңдақтардың» бетін ашып, ұлт мәртебесін көтеруге жаңа мүмкіндік туды. Еліміз ұлттық құндылықтарды қастерлеуге бағыт ұстай бастаған бүгінгі заманда өткен тарихымызға қазақ халқының мүддесі тұрғысынан қараған тарихшыларымыздың өскен ортасы мен тарихшы болып қалыптасуына, шығармашылық мұраларына талдау жасаудың маңызы зор. «Кез келген халықтың өзін-өзі сыйлауы, өзінің ұлттық қасиеттерін білуі еліне аянбай еңбек еткен асыл азаматтарын танып, оларды әспеттеуден басталады.

Содержание

КІРІСПЕ…………………………………………………………………………3-6

І ТАРАУ: К. НҰРПЕЙІСТІҢ ӨМІРІ МЕН ҒЫЛЫМИ -ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ


1.1 Кеңес Нұрпейістің шыққан ортасы және тарихшы болып қалыптасуы.............................................................................................................7-14

1.2 Ғалымның ғылыми ортасы мен қызметі......................................................15-29

ІІ ТАРАУ: АКАДЕМИК К. НҰРПЕЙІСТІҢ ҒЫЛЫМИ МҰРАСЫ

2.1 Кеңестік дәуірдегі Қазақстан тарихын зерттеуге арналған еңбектері…............................................................................................................30-42

2.2 Тәуелсіздік кезеңіндегі Алаш қозғалысы тарихын зерттеуге қосқан үлесі.......................................................................................................................43-57

2.3 Ғалым зерттеген тарихи тұлғалар................................................................58-67

ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................68-70

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................................71-73

Работа содержит 1 файл

Диплом Жанат апай.doc

— 472.00 Кб (Скачать)

К. Нұрпейісұлы өз заманының  белді қайраткері Сұраншы Сауранбаевтың  өткен жолына, қоғамдағы қызметіне тарихи тұрғыдан баға беруге тырысты және қайраткердің тұлғалық бейнесін нақты фактілермен аша алған. Мысалы, «Жақсы ісімен еліне жаққан», «Қарапайым адам: күрделі де қызық тағдыр иесі немесе Сұраншы Сауранбаев туралы» [34, 526-527] деген зерттеулерінде байыпты жазған.

Ғалым, Сұраншы Сауранбаевты «халық бұқарасының өкілі, еліне  жасаған жақсы істерімен есімі  оны білген адамдар зердесінде берік  сақталып қалған қарапайым еңбеккердің  бірі»,- деп сипаттай отырып, оның Алматы облысының Райымбек ауданында қарапайым еңбек адамының отбасында дүниеге келгендігін, жоғарғы педагогикалық білім алмаса да, табиғат силаған дарыны мен табандылығының арқасында мұғалім-ағартушы дәрежесіне дейін жеткендігін баяндайды.

«Қарапайым еңбеккер, қоғамның қатардағы мүшесі болған, күрделі де қызықты ғұмыр кешкен Сұраншы Сауранбаевтың өмірі қайшылықтарға толы кеңестік қоғамның бір адам тағдырына байланысты көрінісі болып табылады», [57, 1]- деп қорытындылайды К. Нұрпейіс.

Академик К. Нұрпейіс Әлихан Бөкейханов бастаған қазақ зиялыларының бірнеше жылдық әрекеттерден кейін, ХХ ғасырдың басында ұлттық-демократиялық мүдделерді көздейтін «Алаш» саяси партиясын құрғандығын және ол ұйым өз алдына түбірлі екі ұлттық мақсатты – қазақ халқын отарлық езгіден құтқаруды және қазақ қоғамын өркениетті елдер қатарына жеткізуді негізгі мақсат еткендігін атап өтеді.

Сонымен қатар, 1916 жылдың 7 тамызындағы майданға қара жұмысқа  қазақ жігіттерін шақыруға байланысты мәселелерді талқылау үшін Орынбор  қаласында өткен Кеңесте мүмкіндігінше қара жұмысқа жіберуді кешуілдетуді және майдан жұмысына алынғандардың отбасына мемлекет тарапынан жеңілдіктер жасау мүмкіндіктерін қарастыруға тырысты. Мәжіліске қатысушылар сондай-ақ, патша өкіметінің алдына 17 тармақтан тұратын талап-тілектерін қойды.

Бұл мәселені К. Нұрпейіс жеке-жеке талдап қарастырған және Алашорда үкіметін ұйымдастырған қазақтың көрнекті зиялы өкілдерінің патшаның          25 маусымдағы жарлығын сөз жүзінде  ғана қолдап, ал іс жүзінде халқын құтқару  үшін қарсы болғандықтарын жазады. Ал, 1916 жылғы көтеріліс кезінде Алаш қозғалысының мүшелері ұлттық мүддеге сатқындық жасады деген пікірдің сыңаржақ тұжырым екендігіне және олардың қозғалысқа тікелей қатыспаса да майданның қара жұмысына шақырылғандарға сатқындық жасамағандығын байыппен түсіндіреді. 

К.Нұрпейіс Қазақстандағы  патшалы Ресей отаршылдығына  қарсы ұлт-азаттық күресті бастаушы батырымыз А. Имановтың қызметін де заман талабына сай бағалай білген [58, 65-66]. Торғай даласындағы ұлт-азаттық көтерілістің басшысы Амангелді Имановтың ұйымдастырушылық қабілетіне үлкен баға берген. Онда автор Амангелді Имановтың қоғамдық-саяси көзқарасының қалыптасуы ХІХ ғасырдың соңы – ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан тарихының ең ауыр кезеңімен тұспа-тұс келгенін ашық баяндайды. Бастапқы кезде А. Имановқа әсер еткен, «Қазақ» және «Айқап» журналдарының төңірегіне топтасқан либералды-демократиялық және ұлттық-демократиялық интеллигенциясы, сонымен бірге Әліби Жангелдин мен оның бірнеше жергілікті жақтастары туралы айтылады.

Кеңес Нұрпейіс: «1917 жылғы Ақпан төңкерісінің жеңісінен кейін Алаш қозғалысының басшылары: Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов,             М. Тынышбаев, М. Шоқаев, т.б. тылдың қара жұмысында болғандар мен көтеріліс жеңіліс тапқаннан кейін Қытай ауып кеткендерді ата қоныстарына қайтаруға, көтеріліске қатынасушыларға үкімет тарапынан кешірім (амнистия) жасатуға табандылық пен көп күш-қайрат жұмсады, - деді.

1916 жылғы көтерілістің  қазақ халқының көп ғасырлық  ұлт-азаттық қозғалысының тарихында  аса көрнекті орын алатындығын Алаш зиялылары түсінбей қойған жоқ, түсінді. Шындығында да, өз тәуелсіздігі үшін ұзақ жылдар бойы жүргізілген ерлік күресінің дәстүрінде тәрбиеленген қазақ халқы 1916 жылы ұлттық және саяси бостандық алу мақсатымен Россия империясының езгісіне қарсы жойқын күреске шықты. Жаңа тарихи кезеңде, империализм мен бірінші дүниежүзілік соғыс жағдайында, Әбдіғаппар Жанбосынов, Амангелді Иманов, Бекболат Әшекеев, Ұзақ Саурықов, Жәмеңке Мәмбетов және басқа халық батырлары кезінде Сырым Датұлы, Исатай Тайманұлы, Махамбет Өтемісұлы, Кенесары мен Наурызбай Қасымовтар, Жанқожа Нұрмұхамедов, Байзақ Мәмбетов, т.б. көтерген бостандық үшін күрес туын қайтадан өз қолдарына алды. 1837-1884 жылдардағы Кенесары бастаған ұлт-азаттық қозғалысынан кейін 1916 жылғы көтеріліс бүкілқазақстандық сипатқа ие болып, ұланғайыр жеріміздің барлық өңірлерін қамтыды. Көтеріліс ең алдымен отарлыққа қарсы бағытталды да, қазақ халқының ұлттық және саяси тәуелсіздігін көздеді, ал оның әлеуметтік мәні (ауылдың феодалдық билеуші тобына қарсы бағытталуы) екінші кезекте болды да негізгі мақсатпен салыстырғанда екінші дәрежелі рөл атқарды.

Көтерілісшілер халықты  да, оның зиялы қауым өкілдерін  де келе жатқан 1917 жылдың қос төңкерісі  мен оларға жалғасқан азамат соғысының  «тар жол, тайғақ кешу» кезеңі күтіп тұрды» [58, 79]- деп тұжырым жасайды.

Академик Кеңес Нұрпейістің  қазақстандық тарихнамада алғаш  арнайы сөз еткен тұлғалардың  бірі Ермұқан Бекмаханов туралы зерттеуі болды.  Ұстазы алдындағы шәкірттік  парызын адал өтеп, 2000 жылы «Дискуссия по книге Бекмаханова Е.Б «Казахстан в 20-40 годы ХІХ века» атты еңбекке жауапты редакторлық етті. Аталған стеннограммада 1948 жылдың шілде айында өткен әйгілі тартыс кеңінен сөз болады [59, 8]. К. Нұрпейіс бұл туралы: «Аталған стенограмма ХХ ғасырдың 40-шы жылдарындағы Республика тарих ғылымының деңгейі мен сол жылдардағы қоғамның саяси-психологиялық жағдайынан хабар беретін өзіндік құжат»,- деген пікір айтқан болатын. Сондай-ақ, «Жетісу» газетінің 1991 жылғы 1 маусымдағы «Бекмахановтың ісі» [60] атты мақаласы мен «Егемен Қазақстан» газетінің 2005 жылғы 15 ақпанында шыққан «Қайсарлық және қасырет. Ермұхан Бекмаханов пен оның басты кітабының жазалануы жайында» атты көлемді мақаласында да ұстаз ұшыраған нәубетті толық әңгімелейді [17, 2]. Өзінің қысқа ғұмырында халықтың игілігіне айналған, үлкен мұра қалдырған үлкен тарихшы Ермұқан Бекмахановтың қазақ халқының тарихын жасау жолындағы жангештілік ғылыми еңбегі мен жеке басының тағдыры туралы шындық әлі толық ашылған жоқ. Осы орайда, академик Кеңес Нұрпейіс ұстазы туралы жоғарыда аталып өткен зерттеу еңбектерінде ақтаңдақтың ақиқатын ашуға тырысқан.

К. Нұрпейіс: «Ермұқан Бекмаханұлы  Бекмаханов... Оның ғұмыры қысқа болды, небары 50 жылдан сәл астам ғана өмір сүрді. Соның бірнеше жылына «халық жауы» деген айдар тағылып, әміршіл-әкімшіл жүйенің зорлық-зомбылығын көріп, сталинщинаның совет зиялыларына жасаған қуғын-сүргіннің үшінші толқынының құрбанына айналды, абақтыда отырды. ГУЛАГ-тың қиырдағы лагерлерінің бірінде қорлық көрді. Оның өмірден мезгілсіз кетуінің себеп-салдарының бірі осы еді. Соған қарамастан ол артына халықтың игілігіне арналған ғылыми мұра қалдырды»,- деп атап көрсете келе, ғалымның өмірінен қысқаша мағлұмат береді. 

Академик Кеңес Нұрпейіс қазақтың классик жазушысы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың өмірі мен шығармашылық қызметіне байланысты да көп мағлұмат береді. Мысалы, ғалымның «М.О. Әуезов шығармаларындағы Жетісу мәселелері» [61] атты көлемді мақаласында: «Мұхтар Омарханұлы Әуезов шығармаларында Қазақстанның Оңтүстік Шығыс бөлігі мен туысқан қырғыз елінің солтүстік өңірін қамтитын Жетісу аталған тарихи-географиялық аймақ тарихының мәселелері қомақты орын алады. Оның «Қараш-қараш», «Қилы заман» әйгілі классикалық шығармалары Жетісуда ХХ ғасырдың басында орын алған айтулы тарихи оқиғаларға арналса, «Абай жолы» эпопеясының біраз беттерінде ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Жетісудың сан-салалы қоғамдық-саяси және мәдени өмірі суреттелген»,- дей келе,            М. Әуезовтің ғылыми ізденісінің көп бөлігін Жетісу өңірімен байланыстырады.         

Көрнекті тарихшы К. Нұрпейіс тұлғалар бейнесін ашып көрсетуде көп еңбек етті және өзі зерттеген тұлғалардың еліне, жеріне жасаған ірі табыстарына, еңбетеріне зор құрметпен қарап, жоғары деңгейде баға берді. Оның «тұлғатану» саласындағы сондай еңбегін ескерусіз қалдырмаған және жоғарыда атап өткен жеке тұлғалардан басқа тұлғалар жөнінде жазған еңбектері аталған есімдермен шектелмейді. Тұлғалы ғалымның «тұлғатану» саласында жазған зерттеулері әлі де көп және үлкен зерттеулерді талап етеді. Жалпы академик К.Н. Нұрпейісті тарих ғылымында өзіндік «Тұлғатану» мектебінің негізін қалыптастырып, ғылыми негіздеп, дамытып кеткен ғалым деп тану керек.  

        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Ата-бабаларымыздың қилы тағдырының куәсі болған ұлы даламыздың ғажайып тарихы мен халқымыздың  елдігі қайсар да қажырлы, дарынды тұлғаларымыздың  маңдай терінің арқасында сақталып келеді. Сондықтан да, жеке тұлғалардың  есімі тарихтан айрықша орын алатынын өмір дәлелдеп отыр. 

Еліміздің тарихында  елеулі із қалдырған тұлғалар қатарында  өз еңбектерімен өшпес із қалдырған  зиялы қауым өкілдері тұр. Олардың  арасында тарихшы-ғалым, академик  Кеңес  Нұрпейісұлы Нұрпейістің ғылымдағы  орны ерекше. Ол саналы ғұмырын өз ұлтының тарихын бүтіндеуге арнады, тарих ғылымының негізгі салалары бойынша терең де көлемді зерттеулер жүргізді, соңына игі істерімен қатар шығармашылық мұрасын қалдырды және адамгершілік пен адалдықты ту еткен, жаны жайсаң азамат ретінде халық құрметіне бөленді. 

К. Нұрпейіс ата-анасынан ерте айырылып, жастайынан тағдыр тауқыметін тартқанына қарамастан алдына қойған мақсатына жетудегі талпынысы, білімге  деген құштарлығы, ізденімпаздығы секілді  жағымды қасиеттері жас ұрпаққа  үлгі-өнеге болары сөзсіз.

Жетімдік пен соғыс зардабынан ерте есейген К. Нұрпейіс үлкен оқуға ұмтылды. Білімді аңсап елден келген жас Кеңес С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетіне оқуға түсіп, алғашқы күндерден бастап терең білімімен бірге оқитын жолдастарының арасынан ерекшеленіп, тәлімгер-педагогтардың көзіне түсті. Ол студенттік кезінде өзін дереккөздерге талдау жасай алатын, кез-келген аудиторияда өз ұстанымын сауатты әрі дәлелді айта алатын болашақ зерттеуші ретінде танытты. К. Нұрпейістің бұл оқу орнында дәуір талабына сай білім алып, біліктілігін арттыруы оның ғалым ретінде танылуына жол ашты. «Өмір сүру дегеніміз-еңбектеу мен еңбектенудің арасы» - дейді Қадыр Мырза Әлі. Сондықтан оның өзі таңдаған тарих мамандығына айнымас адалдығы, қажымас қайраты, ізденгіштігі, принципшілдігі ғалымды ғылымның танымал тұлғасы атандырды.

Ғалым еңбек жолын  Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнология институтында кіші ғылыми қызметкерліктен бастады. Институт ұжымы жақсы қабылдаған К. Нұрпейіс өзін жүйелі жазатын, талғамы биік, ойлы зерттеуші ретінде танытты және ғылыми ізденістерінің нәтижелері майталман ғалымдар арасында жоғары бағаға ие болды.

Талантты, еңбекқор жас  зерттеуші Мәскеудің қытымыр  қадағалауына ілікке заманның өзінде, тарих ғылымдарының кандидаты, докторы  ғылыми дәрежелерін алып, республикамыздың білікті тарихшы ғалымдарының қатарына қосылды. Оның шығармашылық еңбегі еліміз тәуелсіздік алған тұста айырықша танылып, өмірінің соңына дейін жалғасты.

Қазақстанның Кеңес  дәуіріндегі тарихын зерттеген  К. Нұрпейіс               1918-1920 жылдардағы ұлттық мемлекеттік құрылыс, Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасының құрылу тарихы, Орта Азия мен Қазақстанның ұлттық-территориялық межеленуі, Кеңес өкіметінің Қазақстандағы аграрлық реформалары, республикадағы қоғамдық-саяси өмір мәселелеріне байланысты зерттеулер жүргізу нәтижесінде бірқатар монографиялық еңбектер жазып  тарих ғылымының жаңаша ойларына өз үлесін қосты. Бұл еңбектер автордың бұрынғыша саясат ырқымен шындықты бүркемелеуге бармағанын көрсетеді. Ұстанымы терең, байсалды ойлайтын, қоғамдық шындықты түсіне пайымдайтын ғалым болып танылды. 

Еліміздің тәуелсіздікке  қол жеткізуі К. Нұрпейіс шығармашылығын да шыңдай түсті.  Ғалым өмірінде айырықша атап көрсететін жайт – Алашорда және оның жекелеген мемлекет қайраткерлері турасындағы мәселелерді қарастыруда жаңа серпін беруі еді. К. Нұрпейіс тәуелсіздік таңында, 1995 жылы төл тарихымыздағы тың тақырып – «Алаш һәм Алашорда» тарихын зерттеуге кірісті. Ол, Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріндегі Алаш партиясының рөлі мен орнын тиянақты, әрі байыпты саралауды алғаш қолға алғандардың бірі болды. Өзінің еңбегінде Кеңес өкіметі кезінде 60 жылдан астам зерттеуге тыйым салған Алаш һәм Алашорда тарихының деректемелік негіздері, ұлттық-демократиялық Алаш партиясының дүниеге келуі, оның бағдарламалық мақсат-міндеттері, мемлекеттік құрылым ретіндегі Алаш автономиясының ұйымдасуы, Алашорданың нақтылы іс-әрекеттерін ғылыми тұрғыда сөз етеді. Cондай-ақ, Кеңес Нұрпейісұлы Алаш тарихына байланысты көптеген мақалалар жазып, республикалық, халықаралық ғылыми-теориялық конференцияларда, конгрестерде баяндама жасады. «Алаш туралы сөз» атты ғылыми фильмге кеңесші болып, өмірінің соңғы жылдарына дейін жоғарғы оқу орындарында «Алаш және Алашорда» мәселелері бойынша арнайы курстар оқыды.

Академик К. Нұрпейіс Отан тарихының саяси өмірінде маңызды  орын алған Алаш тарихымен ғана шектелмей, ұлт зиялыларының өмірі мен қызметтерін  зерттеуге ат салысты және қайраткерлер тұлғасын нақты сомдай білді. Әсірісе, жеке тұлғалар  Н. Өмірзақов, С. Сауранбаев, Ы. Көшкінов,              С. Аманжолов, Б. Мәметов, Н. Жақыпбаев, Е. Бекмаханов т.б. сынды азаматтардың есімдерін халқына қайта алып келуге ат салысты. Олардың қоғамдық қызметтеріне байланысты жазылған «Тарихи тұлғалар» атты кітабы жарыққа шықты.

Ғалымның ғылыми-шығармашылық жолы оның атқарған сан қилы еңбек  жолымен және ұстаздық қызметімен астасып  жатты. Көп жылдар Қазақ мемлекеттік  қыздар педагогикалық институтының студент жастарына дәріс беріп, тарихшы ұстаздарды тәрбиелеуге  елеулі үлес қосты. Институт басшылары талантты тарихшы ғалым екенін, терең де жан-жақты білімін, нағыз ұстазға тән мінез-құлқын, басқа да адамгершілік қасиеттерін ескеріп қазақ қыздары – болашақ ұстаздар осы ағаларынан үлгі алсын деген мақсат қойған. Сонымен қатар, К. Нұрпейіс ұзақ жылдар бойы ғылым жолындағы жас мамандардың жанашыр қамқоршысы болды. Жас маман тарихшыларды туған ел тарихының күрделі мәселелерін шешуге жұмылдырды. Сол еңбегінің айқын дәлелі – оның жетекшілігімен кандидаттық, докторлық диссертациялар қорғалды. Бүгінде шәкірттерінің есімдері республикаға ғана емес шет елдерге де танылып сол арқылы ғалымның өнегелі өмірі жалғасын табуда.  

Академик К. Нұрпейістің  еңбектері бүгінгі ұрпақтың тарихи дүниетанымын кеңейтеді, толықтыра  түседі. Өйткені, оның еңбектерінде тарихи оқиғаларға байланысты тың көзқарастар, қызықты тұжырымдар және бүгінгі зерттеушілерді ойландырарлықтай салиқалы қорытындылар бар. Ал, бұлар жаңа тарихи концепциялардың және салыстырмалы ой-пікірлердің өмірге келуіне негіз болады, ықпал жасайды. Тарихи көзқарастары ұлт мүддесімен тікелей қабысып жатқан К. Нұрпейістің еңбектері шын мәнінде бүгінгі тарихшыларға, жас ұрпаққа үлгі боларлықтай және қазақ халқына негізсіз көз алартушылардың империялық арандатушылық әрекеттеріне ғылыми тойтарыс беріп, патриоттық рухты көтеруге өлшеусіз үлесін қоса түседі.

Осы айтылғандарды ескере келе төмендегідей қорытындылар жасауға  болады:

1. Кеңес Нұрпейістің  ғылыми мақалалары мен зерттеу  еңбектері қай кезеңде болмасын  өзінің ғылыми құндылығын жоймайды.

2. Отандық тарих ғылымына қосқан зор үлесін ескере отырып Кеңес Нұрпейістің бүгінгі егеменді еліміздің тарихын зерттеген ғалым ретінде тарихта аты қала береді.

3.  Кеңес Нұрпейістің  мектептік тарихтың оқыту сапасын  жақсарту мен жас мамандарды  даярлауға қосқан үлесі ешқашан ұмытылмайды.

Информация о работе Академик Кеңес Нұрпейісұлының өмірі мен Отан тарихына қосқан үлесі