Академик Кеңес Нұрпейісұлының өмірі мен Отан тарихына қосқан үлесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 08:59, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігін жариялауы қоғам азаматтарының санасында үлкен сілкініс туғызды, Отан тарихы ғылымына да түбегейлі өзгеріс әкелді. Ел тарихы мен ұлттық санаға көлеңкесін түсірген «ақтаңдақтардың» бетін ашып, ұлт мәртебесін көтеруге жаңа мүмкіндік туды. Еліміз ұлттық құндылықтарды қастерлеуге бағыт ұстай бастаған бүгінгі заманда өткен тарихымызға қазақ халқының мүддесі тұрғысынан қараған тарихшыларымыздың өскен ортасы мен тарихшы болып қалыптасуына, шығармашылық мұраларына талдау жасаудың маңызы зор. «Кез келген халықтың өзін-өзі сыйлауы, өзінің ұлттық қасиеттерін білуі еліне аянбай еңбек еткен асыл азаматтарын танып, оларды әспеттеуден басталады.

Содержание

КІРІСПЕ…………………………………………………………………………3-6

І ТАРАУ: К. НҰРПЕЙІСТІҢ ӨМІРІ МЕН ҒЫЛЫМИ -ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ


1.1 Кеңес Нұрпейістің шыққан ортасы және тарихшы болып қалыптасуы.............................................................................................................7-14

1.2 Ғалымның ғылыми ортасы мен қызметі......................................................15-29

ІІ ТАРАУ: АКАДЕМИК К. НҰРПЕЙІСТІҢ ҒЫЛЫМИ МҰРАСЫ

2.1 Кеңестік дәуірдегі Қазақстан тарихын зерттеуге арналған еңбектері…............................................................................................................30-42

2.2 Тәуелсіздік кезеңіндегі Алаш қозғалысы тарихын зерттеуге қосқан үлесі.......................................................................................................................43-57

2.3 Ғалым зерттеген тарихи тұлғалар................................................................58-67

ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................68-70

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................................71-73

Работа содержит 1 файл

Диплом Жанат апай.doc

— 472.00 Кб (Скачать)

Париж Коммунасы Бірінші  Интернационал тұжырымдаған принциптерге сүйене отырып, пролетарлық мемлекет құрудың тарихтағы тұңғыш тәжірибесін жасайды. Өкімет басқарудың жаңа жүйесі демократиялық негізде құрылады, қызметкерлердің бәрі сайланып қойылып, ал басқару ісінде коллегиялық принцип қолданылатын болады. Коммунаның көптеген декреттері Бірінші Интернационалдың документтері негізінде жасалады. Париж Коммунасының декреттеріне сәйкес тұрақты армия таратылып, оның орнына қарулы халық жасағы  - Ұлттық гвардия құрылады, шіркеу мемлекеттен бөлінеді. Коммуна халық бұқарасының әр түрлі топтарының, ең алдымен еңбекшілердің материалдық жағдайын жақсартуға көп күш салады.  

Ғалым Париж Коммунасы  үшін шайқасқан Бірінші Интернационал  мүшесі, жұмысшы-ақын Эжьен Потьенің де белсене қатынасып. Париж Коммунасы  жеңіліске ұшырағаннан кейін, ол 1871 жылы июль күндерінде гимннің өлең тексін жазғандығын атап өтеді. Э. Потье ол кезде 55 жасқа толған, жұмысшылар қауымына жақсы таныс адам еді. Ол Париж жұмысшыларының 1871 жылғы 18 марттағы көтерілісін қуанышпен қарсы алып, Париж коммунасының алғышқы күндерінен оның табанды жауынгер жаршысы бола жүріп, Париж ұлттық гвардиясы мен Орталық Комитетінің және мүшесі болып сайланады. Сонымен қатар, Э. Потье қатыгез жауға қарсы күресте Париж баррикадаларында Варлен, Делеклюз, Ферре, Ваян сияқты ержүрек коммуналармен сапта болады. Ол коммуналарды ерлік әрекеттерімен де, жалынды ұран жырлармен де жігерлендіріп отырады. 

К. Нұрпейіс: «Э. Потье  өмірінің соңғы күніне дейін пролетариаттың тамаша ақыны, Париж Коммунасының жыршысы  болып қалады. Ол 1887 жылы 6 ноябрьде 71 жасында дүние салады. Эжен Потье өзінің жауынгер дауылпаз достары – коммуналар жерленген Париждегі Пер-Лашез зиратына қойылады.

Ақын өлген бір жылдан кейін, 1888 жылы, «Интернационал» сөзіне музыка жазылады. Содан көп кешікпей бұл ән жаңа жаңа өмір бастап, жер  жүзін шарлап кетеді», -деп пікір айтады [42, 23-25]. Осылайша ғалым, «Интернационал» әнінің шығу тарихы жөнінде оқушы қауымға байпты зерттеу еңбегін ұсынған болатын. 

Академик К. Нұрпейістің  өзі «Өтіп бара жатқан ХХ ғасыр  қазақ халқы  үшін, барша қазақстандықтар  үшін үміт пен күдікке, қым-қиғаш қайшылықтар мен нәтижелері аса ауыр болған әр түрлі деңгейде және әр қилы мәндегі күрестерге толы күрделі кезең болды», -деп [43, 5-7 б.] атап көрсеткен болатын. Ал енді ХХІ ғасырдағы ғалымның өз пікіріне қайта тоқталып өтсек, 20-шы жылдардың екінші жартысында күшейген сталиншіл әкімшіл-әміршіл жүйе қоғамның табиғи даму заңдылықтарына қайшы келетін эксперименттер жасады.

Кеңес Одағын мекендеген кейбір халықтардың, олардың қатарында  қазақтардың, өз жерлерінде сан жағынан  азшылыққа айналуы, т.б. Мұның бәрі елде орнаған казармалық социализмнің «жемістері» болды дейді.

Қазан төңкерісінен кейінгі 70-жылдан астам уақыттың Қазақстан  үшін, оның халқы үшін тек босқа  кеткен кезең деуге болмайды. Осыған орай ең алдымен Кеңестік формада  және таптық принциптер негізінде құрылып, шын мәніндегі тәуелсіз мемлекет болмағандығына қарамастан Қазақ кеңес мемлекеті (1920 жылы құрылған) аясына қазақ халқының этникалық территориясының түгелге дерлік топтасқанын баса айту қажет. Тарихымыздың кеңестік кезеңде қуатты материалдық және рухани байлыққа қолы жетті. Бұл туралы ел басымыз «Жадымызда жатталсын, татулық дәйім сақталсын» деген еңбегінде былай деп орынды жазады: «...өз басым Қазан революциясынан кейінгі жылдар біз үшін текке өткен жоқ деген байлам жасадым. Материалдық өндіріс жүйесін түбірінен жаңарту, адамдардың білім деңгейінің күрт өсуі, қоғамның түрлі әлеуметтік топтарының арасындағы қарым-қатынастарды жақсарту, фашистік індетке қарсы ұзақ алапат соғыста жеңіске жету, ғарышқа самғау – мұның бәрін өзіміздің тарихи жүрегіміздің асылына жатқызған жөн».

Кеңес өкіметі кезіндегі  Қазақстанда болған қарама-қайшылыққа толы жәйіттер де, жағымды жағдайлар  да  ғалым еңбектерінде ерекше орын алған. Мәселен, «Ұлы Октябрь тарихы – Ұлы тарих» деген көлемді  мақаласында революцияның от жалынына шыңдалған қайраткерлеріміз   Т. Рысқұловтың,         С. Сейфуллиннің, С. Асфендияровтың, О. Жандосовтың А. Әйтиевтің,                    О. Исаевтың публицистикалық, естелік, ғылыми-зерттеу еңбектері табиғилығымен құнды екендігін және Ұлы Қазан төңкерісінің жеңісі туралы құнды деректер қалдырған алғашқы зерттеушілердің легіне қосу керектігін айтады. Сонымен қатар ғалым, 1917 ж. аяғы 1920 ж. орта шеніне дейін ұлттық мәселе жөнінде жергілікті ерекшеліктерге сай жүргізілгенін, ал соңғы кезде отандық ғалымдарымыздың ұлт мәселесіне қатысты еңбектерінің мүлдем жазылмай келе жатқандығын айтып өтеді [44]. 

К. Нұрпейіс Кеңес өкіметінің тарихына арнап 250-ден астам ғылыми зерттеулер мен көпшілік қауымға  арналған мақалалары жарық көрді. Ғалым назарын аударып, оның зерттеулеріне арқау болған мәселе ХХ ғасырдың        20-шы жылдарындағы тарихы. Сонымен бірге 20 жылдардағы қазақ ауылдарының тағдыры. Қазақ автономиясының құрылу тарихы еді. Осы мәселелер бойынша автордың көлемді монографиялары мен кітаптары жарық көргенін жоғарыда айтып кеттік. Алғашқы Қазақ Кеңес энциклопедиясына да қыруар, әр түрлі бағыттағы мақалалар дайындап, көп еңбек сіңірді. Кеңес өкіметі кезінде шыққан бес томдық көне заманнан бүгінге дейін деп аталатын «Қазақ ССР тарихы» сол кездегі республика бойынша ел тарихын жинақтаған бірден-бір еңбек болатын. 1982 жылы оның авторлары, көрнекті ғалымдар          Ә. Марғұлан, А. Нүсіпбеков, К. Ақышев, Г. Дахшлейгер, Б. Әшімовалармен бірге К. Нұрпейіс те Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.

Дегенмен, бұрын шыққан ғылыми зерттеулердің бүгінде келіспейтін  тұстары көпшілікке мәлім. Алайда, өткен  тарихтың барлығын жоққа шығарып, оқиғаларды, саяси құбылыстарды нақты әлеуметтік-экономикалық жағдайдан бөліп жарып қарауға  болмайтыны да түсінікті. Кеңес өкіметі кезіндегі таптық идеологияны, маркстік-лениндік методологияны және коммунистік партия үстемдігі жағдайын тарихшы-ғалымдарымыз өздері көріп, құжаттардан оқып-білген көптеген шындықтарды қалың жұртқа айта алмады. Ол кездегі әміршіл-әкімшіл саясатта ондай жағдай мүмкін де емес еді. Әйтсе де, көп құжаттар мен деректерді жинай отырып, олардың арасында өз сәтін күтіп тұрған мәселелер де аз болған жоқ. Бұл бағытта да Кеңес Нұрпейіс аянып қалған жоқ. Қазақстан мемлекеті өз тәуелсіздігін алып, өз билігі өзіне тиген кезде, өз тарихымызды сараптап, келешекті болжауда дүмше ойдан арылғанда, ғалым алдында талай міндеттер тұрды.

Ғалым тарих ғылымына қажетті, таптырмас іргелі де байыпты  монографиялық кітаптар шығарып, көптеген ғылыми мақалалар жариялады. Отандық тарихшыларымыз арқа сүйеп, табан тіреп келген тарихымыздың қабырғасын көтергендердің бірі де осы Кеңес Нұрпейісұлы еді. Өз заманында ғалымның авторлығымен 12 томдық және 4 томдық «Қазақ Совет энциклопедиясы», 5 томдық «Қазақ ССР тарихының» 4-томы, «История Советского Казахстана» еңбегі ерекше бағаланды және айтулы зерттеулердің қатарынан орын алды.

Кеңестік тоталитарлық кезеңде шығарылса да, мұндай іргелі еңбектердің деректік және танымдық маңызын ешкім де жоққа шығара қоймас.

М. Горбачевтың «қайта құруы» басталған кезде, кезіндегі өздерінің тарихи пікірлеріне қарсы шығып, өз жазғандарын жоққа шығарған тарихшыларда болды. Кеңес Нұрпейісұлын ондай желқағарлар қатарына қоса алмаймыз. Тарихи шындықты айтуға мүмкіндік туған бетте-ақ ол кісі ақиқаттың жұлдызын бетке алып, беттерін қайта анықтап, тарих төсінде қаламын бұрынғыдан да қарымды сермеді. «Алаш» партиясын «буржуазиялық» деген жаладан аршып алуда, қазақ шаруаларының қасіретін шынайы көрсетуде белсенділік танытқан және осынау өткір тақырыптарды зерттеуге бет бұрған кейінгі шәкірттерін жазықсыз сөкпей, басқаның еңбегіне көз алартпай, іштарлық танытпай, қайта шынайы сүйсініс, берік қолдау көрсете алды. Көріп отырғанымыздай, осылайша социализмнің жеңісі мен «кемелденген социализм» кезеңдерінде Алаш қозғалысының тарихы зерттелмеді. Тек қайта құру жылдарында ұлт зиялыларының есімдері ақталып, халыққа еткен қызметтеріне оң баға беріле бастаған тұста Алаш  әрекеттері жайында біршама айтылды.

Қазақ халқының көрнекті тарихшысы Кеңес Нұрпейіс: «Өткен тарихи тәжірибені саралай отырып бүгінімізді дұрыс бағалау, сол арқылы келешегімізді дұрыс бағдарлау үшін өмірлік сабақ алу деп түсінген жөн. Өткен тарихтың бәрі өзіміздікі – оның «ақтаңдағы» да, «қаратаңдағы» да, жақсысы да, жаманы да. Бізге ешкім өзінің жақсы тарихын сыйламайды.

Өткенге, оның ішінде Кеңестік дәуірдегі тарихымызға күл шашу әділеттілікке жатпайды. Өткен тарихтан бүгінгіге қажет тағлым алу үшін өткеннің оңды тәжірибесінен үйрене отырып, сол кездерде қоғам өмірінде орын алған өрескел қателіктер мен трагедиялық оқиғалардың себептерін ашып, олардың бүгінгі күндер мен келешекте қайталамаудың жолдарын анықтаған ләзім. Біз тағлым алар өткен тарихымыз – ата-бабаларымыздың, әке және аға буындарымыздың жасаған өзіміздің төл тарихымыз. Сондықтан да өткеннің бәрін қара бояумен көрсетіп, нағыз тарих енді ғана жасалынып жатыр деу, әбестік. Келешек ұрпақ тағлым алар тарихшы осы күндері тәуелсіздік іргесін жаңадан қалап жатқан мемлекетіміздің азаматтары, оның ішінде сіздер мен біздер де жасап жатырмыз. Сондықтан да қадірменді ақсақал, дүлдүл ақын Расұл Ғамзатов айтқандай, «келешек ұрпақ бізге зеңбіректен оқ жаудырмасын десек, өткенімізге мылтық кеземейік», - деп айтып кеткен болатын. Сондықтан, өз заманының сарабдал тарихшысы бола білген Кеңес Нұрпейісұлының зерттеулері өз құндылығын жоғалтпайды.

Тәуелсіздікке қол жеткізген  бүгінгідей белесті кезеңімізде  халқымыздың біртуар ұлы К.Н. Нұрпейіс есімі жаңаша қырынан көрінері анық. Ғалымның Отандық тарих ғылымына қосқан үлесі,өзіндік серпіліс берген зерттеулері өзекті мәселелерді шешуде орасан көмек бола береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2 Тәуелсіздік  кезеңіндегі Алаш қозғалысы тарихын  зерттеуге қосқан үлесі

 

Алаш зиялыларының өмірі  мен қызметтері кеңес дәуірінде  жете зерттелмеді. Себебі, тарихты жасаушылар халық бұқарасы деген ұстанымның негізінде жеке адамдарға, олардың қызметтеріне дұрыс көңіл бөлмеді. Көптеген қоғам қайраткерлері мен ғалымдарымыз қуғынға ұшырап, есімдері көпке дейін тарихымызға белгісіз болып келді. Ол кезде қазақ зиялыларының революциялық және қоғамдық қызметтеріне ғана назар аударып келді және біржақты көзқараспен жазылды. Ал заман ағымы болса маркстік-лениндік және басқа да біржақты әдіснаманың тар өрістілігін ескере келе, тарихилық, ақиқат өлшемін басшылыққа ала отырып ұлт тарихын әділ жазуға мүмкіндік берді.

Профессор С.Ф. Мажитов  өзінің «Алаш қозғалысы: үміт және ұлттық мүдде» атты көлемді ғылыми мақаласында: «Қазақ халқының патша үкіметінің отарлық  саясатына қарсы үздіксіз жүргізген  ұлт-азаттық күресіндегі ең маңызды  кезеңдерінің бірі ХХ ғасырдың басында бастау алған Алаш қозғалысы болып табылады. Болашақ тарихы күрделі оқиға қазақ халқының ұлт-азаттық күресін жаңа сапалық деңгейге көтеріп, қазақтың біртуар азаматтарын танытып, тарих сахынасына шығарды.

Алашорда тарихы Орталық  Азия жылнамасында – қазақ ұлтының ынтымақтасуының революцияға дейінгі және революциядан кейінгі қым-қиғаш кезеңдегі тарихын қалпына келтіруде басты орынды алады»,-деп [45] Алаш қозғалысына орынды баға береді.

Осыған байланысты алғашқылардың  бірі болып, ғұмырын Ұлттық Ғылым  Академиясының Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтымен байланыстырған академик Кеңес Нұрпейісұлы ХХ ғасырдың бас кезіндегі ұлт-азаттық қозғалыс тарихын, 1917 жылғы ақпан және қазан революциялар мен Алаш жетекшілік еткен Қазақ автономиясының тарихын объективтік тұрғыдан зерттеу мәселесін көтерді.  Бұл мәселеге байланысты жоғарыда атап кеткеніміздей көп жылғы зерттеу жұмысының нәтижесінде 1995 жылы  «Алаш һәм Алашорда» монографиясын жариялады. Ол бойынша сталиндік қуғын-сүргіннің құрбаны болған жазықсыз ұлт зиялыларының тағдырын көпшілікке танытқан болатын.

Бұл зерттеу еңбегінде  Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің тарихына байланысты нақтылы оқиғалар зерттелген. Мұнда ең алдымен осы  тақырыптың бір-бірімен тығыз байланысты үш қыры қарастырылған. Олар: біріншіден, саяси партия ретіндегі Алаштың тарих сахынасына шығуы және оның бағдарламалық мақсат-міндеттері; екіншіден, мемлекеттік құрылым ретіндегі Алаш автономиясының ұйымдасуы; үшіншіден, осы автономияны басқару үшін құрылған үкіметтің – Алашорданың іс-әрекеттері, оның таратылу мәселелері қарастырылады.

Еңбек ғылыми айналымға  жаңадан қосылған түпнұсқалық мәні бар деректерге толы маңызды зерттеу  жұмысы болып табылды. Бұл еңбекте  Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің тарихына байланысты нақтылы оқиғалар зерттелген. Автор өз еңбегінде негізгі төрт тарауды қамтыған. Бірінші тарауы, мәселенің тарихнамасы мен деректік негіздеріне; екінші тарау, Алаш қозғалысының бастау көздеріне; үшінші тарау, Монархия құлағаннан кейінгі Қазақстандағы қоғамдық-саяси жағдайдың өзгеруі және Алаш партиясының құрылуы; төртінші тарау, Алашорда және Совет өкіметі мәселелеріне арналған. Сонымен қатар, қосымша ретінде Алаш қозғалысына мүше болғандар мен ниеттестер тізімі, Алаш партиясы программасының жобасы және Алаш қозғалысы жетекшілерінің көзқарас эволюциясы мен Совет өкіметі жылдарындағы тағдырына байланысты кейбір құжаттар қарастырылады. Алаш қозғалысы тарихы 60 жылдан астам ресми өкімет тарапынан тыйым салынған тарихымыздың «ақтаңдақ беттері» болып келгендіктен  зерттеушілер Алаш пен алашордаға жаңа көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік алды. Бұған байланысты Кеңес Нұрпейіс оннан аса мақалалар жариялап, Республикамыздың Алматы, Жезқазған қалалары мен Түркия мемлекетінің Анкара қаласында ғылыми-теориялық конференциялар мен конгресте баяндама жасады. «Алаш туралы сөз» атты деректі фильмге ғылыми кеңесші, студенттер қауымына «Алаш және Алашорда» тақырыбы бойынша арнаулы дәріс оқыды. Сөйтіп, ол Алаш ұлт-азаттық қозғалысы және «Алашорда» автономиясының тарихын зерттейтін ғылыми мектептің негізін салушылардың бірі ретінде Алаш қозғалысы көшбасшыларының шығармашылығын зерттеу арқылы олардың саяси бейнесін де сомдады.

Информация о работе Академик Кеңес Нұрпейісұлының өмірі мен Отан тарихына қосқан үлесі