Академик Кеңес Нұрпейісұлының өмірі мен Отан тарихына қосқан үлесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 08:59, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігін жариялауы қоғам азаматтарының санасында үлкен сілкініс туғызды, Отан тарихы ғылымына да түбегейлі өзгеріс әкелді. Ел тарихы мен ұлттық санаға көлеңкесін түсірген «ақтаңдақтардың» бетін ашып, ұлт мәртебесін көтеруге жаңа мүмкіндік туды. Еліміз ұлттық құндылықтарды қастерлеуге бағыт ұстай бастаған бүгінгі заманда өткен тарихымызға қазақ халқының мүддесі тұрғысынан қараған тарихшыларымыздың өскен ортасы мен тарихшы болып қалыптасуына, шығармашылық мұраларына талдау жасаудың маңызы зор. «Кез келген халықтың өзін-өзі сыйлауы, өзінің ұлттық қасиеттерін білуі еліне аянбай еңбек еткен асыл азаматтарын танып, оларды әспеттеуден басталады.

Содержание

КІРІСПЕ…………………………………………………………………………3-6

І ТАРАУ: К. НҰРПЕЙІСТІҢ ӨМІРІ МЕН ҒЫЛЫМИ -ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ


1.1 Кеңес Нұрпейістің шыққан ортасы және тарихшы болып қалыптасуы.............................................................................................................7-14

1.2 Ғалымның ғылыми ортасы мен қызметі......................................................15-29

ІІ ТАРАУ: АКАДЕМИК К. НҰРПЕЙІСТІҢ ҒЫЛЫМИ МҰРАСЫ

2.1 Кеңестік дәуірдегі Қазақстан тарихын зерттеуге арналған еңбектері…............................................................................................................30-42

2.2 Тәуелсіздік кезеңіндегі Алаш қозғалысы тарихын зерттеуге қосқан үлесі.......................................................................................................................43-57

2.3 Ғалым зерттеген тарихи тұлғалар................................................................58-67

ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................68-70

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................................71-73

Работа содержит 1 файл

Диплом Жанат апай.doc

— 472.00 Кб (Скачать)

Бірақ, М.Қ. Қойгелдиевтің  «Алаш қозғалысы» атты іргелі зерттеуінде  Алаш қайраткерлерінің қызметіне қатысты  бұрын-соңды жарияланбаған деректер қосымша түрінде берілген. Алайда, олар деректік тұрғыда талданбаған.

К. Нұрпейіс ХХ ғасырдың басындағы күрделі тарихи оқиғаларға қатысты мәселені жазғанда ең бастысы  тәуелсіз елдің шыншыл тарихын жазуға тырысты және соның негізінде  оқырманның жаңа тарихи санасын қалыптастыруға ұмтылды. Отан тарихының саяси өмірінде маңызды орын алған Алаш тарихымен ғана шектелмей, ұлт зиялыларының өмірі мен қызметтерін зерттеуге де ат салысты және қайраткерлер бейнесін жақсы сомдай білді.

Тарих ғылымдарының докторы Әбілсейіт Мұхтар К. Нұрпейістің «Алаш Һәм Алашорда» еңбегіне: «Кеңес өкіметі кезінде 60 жылдан астам зерттеуге тыйым салынған Алаш Һәм Алашорда тарихының деректемелік негіздері: ұлттық-демократиялық Алаш партиясының дүниеге келуі, оның бағдарламасының мақсат-міндеттері, Алаш автономиясының іс-әрекетін сөз етеді. Сөйтіп қалың оқырман ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі Қазақстан тарихының «ақтаңдақ» беттерінің біразы Алаш партиясы мен Алашордаға тікелей байланысты екенін бағамдайды.

Еңбектің тағы бір  баға жетпес құндылығы Алаш қозғалысының жетекші қайраткерлері Ә. Бөкейхановтың, А. Байтұрсыновтың, М. Дулатовтың,            М. Шоқайұлының, М. Тынышбаевтың, Х. Досмұхамедовтың, Ә. Ермековтың шығармалары, олардың өмірі мен қызметіне байланысты мұрағаттық құжаттар, Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің мұрағатынан алынған деректердің пайдалануы дер едік. Бір сөзбен айтқанда, ғалым Алашорда тарихына арналған зерттеу еңбектерінде Алашорда тарихын қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы тарихымен жалпы контексте қарастырады. Яғни, Алаш қозғалысын зерттеудің методологиялық мәселелері мен деректемелік негізін айқындап берген болатын. Кеңес Нұрпейістің еңбегі осынысымен құнды», - деп баға береді.

Кеңестік дәуірдегі  әкімшіл-әміршіл жүйе жүргізген  саясат халқымызға үлкен қайғы-қасырет алып келді. Алаш тарихына байланысты ғалым еңбектерінен Ресей тарапынан жүргізілген жаппай отаршылдықтың кесірінен миллиондаған адамдардың қырылуы, өзінің ата-мекендерінен басқа елдерге босқын болып, ауа көшуі, дәстүрлі халық шаруашылығының өз үрдісінен айырылуы, қуғын-сүргін тарихы тағы басқа оқиғаларды танып-білуге болады.

«Алаш Һәм Алашорда»  монографиясына қатысты академик Манаш  Қозыбаев «К. Нұрпейіс бұл зерттеуінде  қазақ халқының ХХ ғасырдың басындағы  тарихын саралай отырып, ұлт-азаттық қозғалысының жаңа деңгейін, қазақ халқының зиялы қауым өкілдерінің осы жолдағы қызметін, қазақ мемлекеттігін қалпына келтіру үшін күресін, олардың қилы да қайғылы тағдырларын көрсетеді» [50] – деп атап өткен болатын,

К. Нұрпейіс Қазақстан  тарихының ақтаңдақты мәселелерін зерделеуде Алашордаға арналған іргелі зерттеу еңбектерінде Алашорда тарихын қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы тарихымен жалпы контексте қарастырады. Алаш қозғалысын зерттеудің методологиялық мәселелері мен деректемелік негізін айқындап, Алаш партиясының бағдарламалық мақсат-міндеттерін терең зерттейді.

К. Нұрпейіс ұлттық рух  және халқымыздың ұлттық рухын көтеретін  қайраткерлер мен сондай шығармаларға аз тоқталған жоқ. «Кеңестік кезеңде, - дейді К.Н. Нұрпейіс, - дүниеге келіп, коммунистік идеология үстем болған жағдайда білім алған ұрпаққа рухты материалдан тыс, заттық негізі жоқ, табиғи емес бастаудағы сәйкестік туралы түсінік деп үйретті».

Халқымыздың ұлттық рухының  мүшкіл халге ұшырап, жігерінің құм  болып, еңсесінің барынша түсуі патшалық Ресейдің отары болған жылдарымен белгіленеді. Патшалық Ресей билік жүргізген екі ғасырға созылған кезеңде отаршылдар қазақтың ұлттық мемлекеттігін және оның территориялық тұтастығын бұзды: хандық жойылды, халықтың ата қонысы төртке бөлініп, олар әртүрлі генерал-губернаторлыққа (Орынбор, Сібір, Астрахань, Түркістан) бағындырылды. Шет жұрттықтар қазақ халқының жері мен табиғи байлығына ие болумен шектелген жоқ, олар қазақтарды рухани жағынан да отарлады; оларды тілінен, дінінен біртіндеп айыру бағытында қатыгездікпен ойластырылған зымиян шараларды жүзеге асырды. Отаршылдар саясатының басты принципі «бөліп ал да, билей бер» болды да, оны жүзеге асыруда «тәтті берумен, қамшы жұмсау» әдістері қолданылды; қазақ қауымының белгілі бөлігі ақша мен дүниеге, шын мәнінде шекпенге сатылды, ал оған бармағандары сенімсіздер саналды, тіпті жазаға ұшырап отырды. Нәтижесінде қазақ жолының әріден келе жатқан табиғи үрдісі бұзылып, енді оның тұрмыс-тіршілігі сыртқы озбыр күштің ықпалына бағындырылған. Бір сөзбен айтқанда, ұлттық рухтың тірегі болған халықтық қасиеттер жүйесі ауыр соққының астында қалды. Қазақ қауымын «бас-басына би болған қиқымдар» (Абай), жалақорлық, арызқойлық, жағымпаздық, партияшылдық, сатқындық, қырсыздық, шарасыздық, т.с.с. дерттер жайлады. «Осы дерттерді және оларға бой алдырғандарды Абай көптеген өлеңдері мен жекелеген қара сөздеріне тақырып етіп алды. Ол бірде «өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек бекер мал шашпақ» деп «бес дұшпанды көрсетсе, оған «талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым» сияқты «бес асыл істі» қарсы қояды» [51].

Алаш қозғалысы тарихын  жаңа көзқараспен бағалаудың негізін  қалаған академик К. Нұрпейіс қазақ  жеріндегі ұлт-азаттық қозғалысына  «20 жылдардан бері ғылыми және саяси  әдебиетте орын алып келгендей жаппай Алаш немесе Алашорда айдарын тағуға бола ма?» деген «жалпы қазақ интеллигенциясы бар да, сонымен қатар алаш қозғалысына қосылған интеллигенция өкілдері бар. Екіншіден, 1917 жылғы екі революцияға дейінгі қазақ интеллигенциясы белсенді араласқан қазақ қауымына тән қоғамдық қозғалыс бар да,                1917 жылдың шілдесінен 1920 жылдардың аралығын қамтыған Алаш қозғалысы бар»,- деген [52] тұжырымы арқылы қазақ жеріндегі ұлт-азаттық қозғалыстың уақыттық шегі мен саяси сипатына айқындық береді. Бұл тұжырымның әдістемелік маңызы ретінде Алаш қозғалысын ұлт-азаттық қозғалыстың құрамдас бөлігі болғанымен оның саяси-идеялық, ұйымдық және ұстанған рухани құндылықтары бойынша ерекшеліктері болғандығын атаған жөн.

Алаш қозғалысының Оңтүстік қанаты туралы ғылыми тұжырымды алғаш  рет К. Нұрпейіс ұсынған болатын. Оның тұжырымында 1917-1920 жылдардағы қазақ жерінде нақты ұйымдық құрылыммен жария жұмыс жасаған Алаш қозғалысының қызметі Түркістан жағдайында біршама өзгеше сипат алғандығы аталады. Түркістандағы Алаш қозғалысының ұйымдық құрылым ретінде жария жұмыс жасаған Алаш қозғалысының қызметі Түркістан жағдайында біршама өзгеше сипат алғандығы аталады. Түркістандағы Алаш қозғалысының қызметі Түркістан жағдайында біршама өзгеше сипат алғандығы аталады. Түркістандағы Алаш қозғалысының ұйымдық құрылым ретінде жария жұмыс істеген мерзімі туралы «М. Тынышбаевтың Жетісуға қоныс аударуына және             М. Шоқайұлының шетелдік эмиграцияға кетуінің (Грузия – Түркия – Германия - Франция) нәтижесінде Алаштың оңтүстік қанаты 1918 жылдың көктеміне қарай іс жүзінде тарқады. Оның мүшелерінің кейбіреулері белсенді саяси қызметтен кетсе, екіншілері большевиктер жағына шықты, ал Жетісудағы Алаш ұйымының көрнекті мүшелері Ыбырайым Жайнақов, Отыншы Әлжанов, Төлебай Дүйсебаев, т.б. Қытай ауып кетіп, сол жақтан қарулы қарсылық ұйымдастыру әрекетін жасады. Сонымен, Алаштың оңтүстік қанаты үш ай бойы ғана Совет өкіметіне белсенді қарсылық көрсете алды»,-деген тұжырым жасайды  [52, 92 ].

Осы орайда тарихшы, ғалым  Т. Хазретәлі: «Бұл тұжырым өлкедегі Алаш қозғалысы ұйымының жойылғандығын танытады. Дегенмен, мәселенің бұлай қойылуын қуаттай отырып, мұрағат қорларынан тауып, ғылыми айналымға ұсынылған деректер Оңтүстік қанаттың 1924 жылғы ұлттық-териториялық межелеуге дейін идеялық тұрғыда жартылай жария, жартылай жасырын жағдайда жұмыс жасағандығына көз жеткізеді»,-деген [52, 92] пікір айтады.

Бұндай деректер Түркістандағы  ұлт-азаттық күрес тәжірибелерін  талдау арқылы Алаш қозғалысының Оңтүстік қанатын дербес тарихи таным нысаны ретінде қарастыруға негіз болады. Түркістандағы жергілікті халықтардың арасында отаршылдыққа қарсы күрестегі идеялар М. Тынышбаев, С. Лапин,           М. Шоқай, Қ. Қожықов, С. Өтегенов және т.б. қайраткерлердің саяси қызметінде жаңа қырынан танылып, қазақ жеріндегі ұлт-азаттық қозғалыстың мазмұнын байытты. Өлкедегі саяси қозғалыстың және Түркістан мұхтариатының басшылығында болған олар Алашорда үкіметімен байланыс жасап, қазақ мемлекетінің тұтастығы мәселесін алғаш рет ұлттық идея ретінде күн тәртібіне қойды. Осы мәселе ұлттық тұтастықты басты нысана еткен алаштық идеяның өміршеңдігінің көрінісі болды.    

Кеңес Нұрпейіс Алашода  үкіметінің алға қойған мақсат міндеттерін  де нақтылай талдады. Партия жетекшілерінің бағдарламасын, І және ІІ жалпы қазақ  съезінде көтерілген мәселелердің орындалу барысы, Алашорда үкіметі тұсындағы олардың қызметін баяндады. Бұл тұрғыда ғалым, 21-26 шілдеде өткен  Бірінші жалпы қазақтық съезінің сайлау туралы мәселесін талқылап, төмендегі баптардың мазмұнын атап көрсетеді:

  1. «Мемлекеттік қалпы» деген бірінші бапта мемлекеттік құрылыс міселесінде Россияның терезесі тең («Құрдас») мемлекеттердің федеративтік одағы болуын, оған мүше болған әрбір субъект («Құрдас мемлекеттер») егемендік құқығы бар («іргесі бөлек») болумен бірге, жалпы федеративтік одақ мүдделерін қорғауда «ынтымағы бір» болуын талап етті;
  2. «Жергілікті бостандық» деп аталатын Алаш программасы жобасының екінші бабында екі түбірлі мақсат айқындалған; бірінші Россия Федеративтік мемлекетінің құрамдас бөлігі («ағзасы») болуға тиіс Қазақ автономиясы бүкіл қазақ халқы мекендеген жерлерге иелік етеді («қазақ жүрген облыстарды байланыстырады») және тең құқықты Федерация мүшесі ретінде оған нұқсан келген жағдайда Қазақстан өз алдына тәуелсіз мемлекет болып бөлініп шығады; екінші - өзінің нақтылы саяси қызметінде Алаш партиясы жалпы адамзаттық игіліктерді басшылыққа алып, әділетке жақ, зорлыққа қас болады;
  3. Негізгі құқық Россия республикасында дінге, қанға қарамай, еркек-әйел демей, адам баласы тең болу. Жиналыс жасауға, қауым ашуға, жария сөлеуге, газет шығаруға, кітап бастыруға еркіншілік... сот сұрамай, билік айтылмай тұтқын қылмаушылық;
  4. Дін ісі. Дін ісі мемлекет ісін айырылуы болуы. Дін біткенге тең құқық. Дін ұстауға құқық: Дін ұстауға ерік, кіру-шығу жағына бостандық... Муфтилік қазақта өз алдына болу...;
  5. Билік және сот, һәм жұрттың билік пен сотты тұрмыс ыңғайына қарай болуы. Би һәм судья жергілікті жұрттың тілін білуі. Қазақ көп жерде сот тілі қазақ тілі болу...;
  6. Ел қорғау. Ел қорғау үшін әскер осы күнгі түрде ұсталмауы. Әскер жасына жеткен жастар жерінде үйретіліп, жерінде қызмет ету. Әскерлерінің міндетін қазақ атты милиция түрінде атқару.
  7. Салық. Хал-ауқат, табысқа қара: байға байша, кедейге кедейше әділ жолмен таратылу;
  8. Жұмысшылар. Жұмысшылар закон панасында болу (Қазақ жерінде зауыт-фабрика аз, сондықтан да қазақтың жұмысшылары да аз. Алаш партиясы жұмысшылар турасында социал-демократтардың меншевик тобының программасын жақтайды):
  9. Ғылым, білім үйрету. Оқу орындарының есігі кімге болса да ашық һәм ақысыз болу; жұртқа жалпы оқу жайылуы. Бастауыш мектептерде ана тілінде оқу; қазақ өз тілінде орта мектеп; университет ашу; оқу жолы өз алды автономия түрінде болу; үкімет оқу ісіне кіріспеу; мұғалімдер, профессорлар өзара сайлаумен қойылуы; ел ішінде кітапханалар ашу;
  10. Жерге арналған бұл бапта: жер туралы заңның негізіне жерге бірінші кезекте түпкілікті халық (қазақтар) ие болатындығы алынуы керек делініп, қазақтар өз үлесін алып болғанша өлкеге қоныс аудару тоқтатылуы қажет»,- деп баса көрсетіп жазады. Бұл бағдарлама жобасынан Алаш қайраткерлерінің халқына деген кіршіксіз адалдықты, отандарына деген сүйіспеншілікті байқауға болатын еді және көлемі жағынан шағын болса да, мазмұны терең бұл жоба Алаш партиясының Жалпықазақ Құрылтай съезінде  үлкен табысқа жетуін қамтамасыз етті. 

Қазақ халқының тәуелсідігін аңсаған Алаш азаматтары туралы                  М. Қозыбаев былай дейді: «Алаш көсемдері эволюциялық дамуды жақтағаны мәлім. Сондықтан олар демократиялық Ресейден ұлттық автономия алу жолында қазақ елінің өгей отаны алдында өзінің борышын өтегені дұрыс деп есептеді. Бұл тұжырымның арқауы – отаршыл империямен парасатты ымыраласутактикасын жүргізіп, қазақтың этникалық ұқсастығын, оның болмысын сақтау болса керек». Осылайша, М. Қозыбаев Алаш бастаған қазақ зиялыларының негізгі мақсаты ұлттық мемлекет құру, ұлттық теңдік пен бостандыққа жету екендігін көрсетеді. Алаш пен Алашорданың ұлтшылдық-ұлтжандылық танытып, ұлт мүддесін қорғап, қазақ елінің болашақ тағдыры жолында большевиктермен жекпе-жекке шыққандығын атап өтеді  [53].

Қазақ мемлекеттігі туралы мәселе қараған екінші жалпықазақ съезі 1917 жылы 5 желтоқсанда Орынбор қаласында өтеді. Ол съезге қазақ елінің барлық облыстарынан, сондай-ақ одан тыс жерде тұратын Алтай губерниясы мен Самарқанд облысы қазақтарынан және Қырғызстаннан - барлығы 76 өкіл қатысады. Бұл съездің де күн тәртібінде жоғарыда атап өткен мәселелер қойылды. Әрине, Күн тәртібіндегі ең маңызды мәселе – ұлттық автономия мәселесі тұрды. Ал, съезд қабылдаған қарарлардың негізгілері мынаған саяды:

1. Тегі бір, мәдениеті,  тарихы бір және тілі бір  Қазақ-қырғыз халқының аумақтық-ұлттық автономиясын құру;

2. Алаш атауын беру;

3. Барлық байлығы Алаштың  меншігі болып табылу;

  1. Алаш автономиясының Конститутциясын бекіту;

5. Алаш автономиясы  шегінде жері жоқтарға аумақтық  және мәдени автономия берілу;

6. Жалпы күйзелістен  құтқару мақсатында 25 мүшеден тұратын Уақытша Халықтық Кеңес Құру, қырғыз-қазақ атқарушы билігін Алашордаға беру;

  1. Милиция құру;

8. Ережеге сәйкес Алаш  автономиясының Құрылтай Жиналысын  шақыру міндедтелу;

9. 1) шарттар жасауға, 2) келіссөздер жүргізуге уәкілдік  беру;

1. Құрылтай жиналыста  Халықтық Кеңес Конституция жобасын  ұсыну міндетін жүзеге асыру  керек болды. Бұған байланысты көрнекті ғалым К. Нұрпейіс Алашорда аталған ұлт кеңесінің құрамына 15 адам сайланды: У. Танашев (Бөкей ордасы), Х. Досмұхамедов (Орал облысы),          А. Тұрлыбаев (Ақмола облысы), А. Бірімжанов (Торғай облысы), Х. Ғаббасов (Семей облысы), С. Аманжолов (Жетісу облысы), М. Шоқай (Сырдария облысы), облыстардан тыс Ә. Бөкейханов, Ж. Досмұхамедов, Ә. Ермеков,       М. Тынышбаев, Б. Құлманов, Ж. Ақбаев, Б. Мамытов, О. Әлжанов сайланды деп атап өтіп, Ә. Бөкейхановтың Алаш автономиясының үкіметі – алашорда төрағасы болып сайланады дейді.

Информация о работе Академик Кеңес Нұрпейісұлының өмірі мен Отан тарихына қосқан үлесі