Академик Кеңес Нұрпейісұлының өмірі мен Отан тарихына қосқан үлесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 08:59, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігін жариялауы қоғам азаматтарының санасында үлкен сілкініс туғызды, Отан тарихы ғылымына да түбегейлі өзгеріс әкелді. Ел тарихы мен ұлттық санаға көлеңкесін түсірген «ақтаңдақтардың» бетін ашып, ұлт мәртебесін көтеруге жаңа мүмкіндік туды. Еліміз ұлттық құндылықтарды қастерлеуге бағыт ұстай бастаған бүгінгі заманда өткен тарихымызға қазақ халқының мүддесі тұрғысынан қараған тарихшыларымыздың өскен ортасы мен тарихшы болып қалыптасуына, шығармашылық мұраларына талдау жасаудың маңызы зор. «Кез келген халықтың өзін-өзі сыйлауы, өзінің ұлттық қасиеттерін білуі еліне аянбай еңбек еткен асыл азаматтарын танып, оларды әспеттеуден басталады.

Содержание

КІРІСПЕ…………………………………………………………………………3-6

І ТАРАУ: К. НҰРПЕЙІСТІҢ ӨМІРІ МЕН ҒЫЛЫМИ -ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ


1.1 Кеңес Нұрпейістің шыққан ортасы және тарихшы болып қалыптасуы.............................................................................................................7-14

1.2 Ғалымның ғылыми ортасы мен қызметі......................................................15-29

ІІ ТАРАУ: АКАДЕМИК К. НҰРПЕЙІСТІҢ ҒЫЛЫМИ МҰРАСЫ

2.1 Кеңестік дәуірдегі Қазақстан тарихын зерттеуге арналған еңбектері…............................................................................................................30-42

2.2 Тәуелсіздік кезеңіндегі Алаш қозғалысы тарихын зерттеуге қосқан үлесі.......................................................................................................................43-57

2.3 Ғалым зерттеген тарихи тұлғалар................................................................58-67

ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................68-70

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................................71-73

Работа содержит 1 файл

Диплом Жанат апай.doc

— 472.00 Кб (Скачать)

К.Н. Нұрпейіс ХХ ғасырдың алғашқы ширегінен бастап соңына дейін Қазақстан тарихында толық  зерттелмей жүрген беттердің бірі Алаш партиясы мен Алашорда үкіметіне тікелей байланысты дерек көздерін айналымға енгізді. Ғалымның пікірінше: «... бұл қозғалыс - өзінің алдына қойған мақсаттары мен оларды жүзеге асыру әрекеттеріне қарай бірнеше құрамдас бөлімдерден тұратын күрделі ұғым. Олар, біріншіден, саяси партия ретіндегі Алаш (қазақ) автономиясы, екіншіден мемлекеттік құрылым түріндегі Алаш (қазақ) автономиясы, үшіншіден, осы автономияны басқаруға тиісті болған Алаштың ордасы немесе Алашорда қозғалысы деген ұғымды бейнелейді».  

Сонымен қоса, Кеңес Нұрпейіс Алаш және Алашорда тарихының зерттелуі  хақында мынадай ой айтады: «Алаш (Алашорда) қозғалысы деген ұғым жиырмасыншы-отызыншы жылдардағы ғылыми және саяси әдебиетте қалыптасты. Қазіргі оқырман, әсіресе, ол жылдардан  кейін дүниеге келген ұрпақ Алаш туралы жете білмейді, біле қойған күнде онысы шындықтан алысырақ. Жағдайдың бұлай қалыптасуының өзіндік себептері болды. Жиырмасыншы жылдардан бастап, әсіресе, 1928-1930 жылдары орын алған бұрынғы Алаш партиясы мен оның қозғалысының жетекшілеріне қарсы ұйымдастырылған алғашқы саяси сот процестерінен кейін, бұл тақырыпты нақтылы тарихи тұрғыдан зерттеуге ресми түрде тиым салынды. Бірінші процестің барысында 47 адам тергеуге алынып, ОГПУ-дің сот алқасының     1930 жылғы 4-сәуірдегі үкімімен 35 адамға әр түрлі жаза кесілді. Атап  айтқанда, Ахмет Байтұрсынов бастаған он адам әуелде өлім жазасына бұйырылып, кейін ол үкім он жылдық мерзімге жазалау лагерінде отырумен алмастырылады. 1932 жылғы екінші сот процесінің үкімімен М. Тынышбаев,  Х. Досмұхамедов, Ж. Досмұхамедов бастаған Алаш қозғалысы басшыларының екінші тобы бес жылдық мерзімге Ресейдің Орталық Қара топырақты облысына (қазіргі Воронеж облысына) жер аударылады. ОГПУ-дың осы екі үкімі құрбандарының тірі қалып елге оралғандары 1937-1938 жылдары түгелге дерлік «халық жауы» деген жалған айыппен ату жазасына кесілді...

Қазақстан өз тәуелсіздігін  жариялағаннан кейін К.Н. Нұрпейіс ұлттық тарихымыздың «ақтаңдақ» болып  келген беттеріне, оның ішінде Алаш қозғалысын жан-жақты қарастыруды қолға алды. Ғалым бастапқы кезде Алаш қозғалысы тарихының деректемелік негізін төрт топқа бөліп қарастырады. Атап айтсақ:

1. 20-30 жылдарда жеке  жинақтарда жарияланған деректер;

2. 1913-1918 жылдарда қазақ  ұлттық баспасөзінде жарық көрген  деректемелік мағлұматтар;

3. Қазақстанның, Ресейдің, Америка Құрама Штаттарының, Францияның, Түркияның т.б. елдердің архивтері  мен кітапханаларында сақталған  деректер;

4. Алаш қозғалысының  Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов,    Мұстафа Шоқайұлы, Міржақып Дулатов,  Халел Досмұхамедов, Мұхамеджан Тынышбаев сияқты жетекші қайраткерлерінің жеке архивтері мен жарияланған еңбектерінде кездесетін деректемелер болып бөлінген.

Осылайша төрт топқа  бөліп қарастырылған Алаш қозғалысының тарихи деректемелік негізіне К. Нұрпейіс жеке-жеке анықтама беріп өткен.

Алаш қозғалысы деген  ұғым 20-30 жылдары ғылыми және саяси  әдебиеттерде қалыптасқан болатын. Бұл қозғалыстың тарихына байланысты алғашқы пікірлер кеңестік баспасөзде 1919-1920 жылдардың өзінде жариялана  бастаған еді. Осы тақырыпқа алғашқы  қалам тартқандардың, бастау көзінде Алаш пен Алашорданың белгілі басшыларының бірі Ахмет Байтұрсынов пен қазақ зиялылары қатарынан шыққан алғашқы большевиктердің бірі            Сәкен Сейфуллин тұрды.

1919 жылғы тамызда Ахмет  Байтұрсынов РСФСР ұлт істері  жөніндегі халық комиссариатының апталығында «Революция және қазақтар» атты мақала жариялайды. Осы шағын көлемді еңбегінде Ахмет Байтұрсынов Алаш автономиясы мен Алашорданың пайда болу себептерін өз пайымдауынша түсіндіреді. Сонымен қатар ол 1917 жылы қазақ қауымы большевизмді қабылдауға дайын емес еді деген тұжырым жасайды. «Қазақтарға февраль революциясы қаншалықты түсінікті болса,- деп жазды А. Байтұрсынов, - Октябрь Социалистік революциясы соншалықты түсініксіз болды». Мұның себебін А. Байтұрсынов былай негіздеді: «Екіншінің (қазан рев.) түсініксіз болуын оп-оңай ұғынуға болады: қазақтарда капитализм де, таптық жіктеуде жоқ; тіпті жеке меншіктің өзін басқа халықтардағыдай айдар тағып ажырату қиын; көптеген пайдалану бұйымдары оларда қауымдық дәулет болып саналады... Қазақтардың күн көріс жағдайында, таптық жіктеудің жоқтығында, жеке меншікті заттарда белгілі меже болмауына байланысты қазақтар арасында олардың өздеріне тән социализм мен коммунизмнің орын алуы қазақ халқына әзірше социалистік қоғамға деген мұқтаждықты қажет еттірмей отыр» [22, 200].     

«Алаш» партиясы халықтың келешек тағдырын анықтауға тікелей  қатынасы бар жалпыұлттық мәселелерді  саяси күрестің күн тәртібіне  қойып, оларды шешу жолында айтарлықтай  қызмет атқарды. Бұл ең алдымен партияның  бағдарламасының жобасын дайындаудан, қазақ қауымынан Құрылтай жиналысына депуттар ұсынып, оларды сайлау ісіне қажырлылықпен ат салысудан аса айқын көрінді. Бұл әрекеттің барлығы 1917 жылдың екінші жартысында жасалынды. 1917 жылғы шілде айынан бастап «Алаш» партиясы сол кездегі мүмкіндіктер аясында саяси күреске белсене  құтқару мен буржуазиялық үлгідегі оның мемлекеттілігіне қол жеткізу. Басқа  сөзбен айтқанда, «Алаш» партиясы сан ғасырлар бойы Ресей империясының отары болып келген Қазақстанды тар шеңбердегі таптық тұрғыда емес,  керісінше жалпы ұлттық мақсат-мүдделер негізінде дербес ел етуге ұмтылды. Міне, осы мәселелерді ғалым өзінің зерттеулерінде мұрағат деректерімен дәйекті жеткізеді.

Шынында да, ғалымның Алаш тарихын зерттеудегі өзіндік  орнын айтқанда, ең алдымен мұрағат қоймаларында шаң басып жатқан беймәлім құжаттарды, деректерді тауып, зерттеуді жаңаша дәрежеде жүргізгенін айта кеткен жөн. Соның нәтижесінде Алаш қайраткерлерінің осы уақытқа дейін белгісіз болып келген белсенді әрекеттерін және біз біле бермейтін халқына адал қызмет еткен қайраткерлерді білуге мүмкіндік беруі үлкен мәнге ие.

Ғалым «Алаш партиясы шын мәніндегі партия болды ма?»  деген сұраққа: «Бұл сұраққа жауап  беру үшін алдымен саяси партия дегеннің не екенін, оның тарихи дамудың қай  кезеңінде, қандай жағдайда пайда болатынын, оған қандай негізгі ерекшеліктер тән екендігін еске түсіре кеткеннің артықтығы жоқ»,- дей келе,-

«Әлемдік қоғамның даму тәжірибесі көрсеткендей, саяси партиялардың пайда болуы мен дамуы қоғамның таптарға бөлінуіне тікелей байланысты. Ең алдымен саяси партия дегеніміз таптық немесе оның белгілі бір бөлігінің мақсат-мүдделерін білдіреді және өз қатарына солардың барынша белсенді өкілдерін біріктіреді. Партия саяси ұйым ретінде өзінің әлеуметтік негізін құрайтын белгілі бір таптың немесе оның белгілі бір бөлігінің мақсат-мүдделерін  жүзеге асыру үшін күреседі. Әрбір қалыптасқан саяси партияның таяу кезеңдегі және перспективадағы мақсаттарын айқындайтын программасы және оның ұйымдық құрылымы мен нақты іс-қимылын белгілейтін Уставы болады»,- деп [46, 70] нақты жауап береді.

ХХ ғасырдың бас кезінен  өрістей бастаған қазақ қауымына тән қоғамдық қозғалыс өз алдына буржуазиялық-демократиялық  мақсат-міндеттерді: ұлттың тең құқықтығы, халықтың мәдениетін көтеру, оқу-ағарту ісін жетілдіру, әйел теңдігін қамтамасыз ету, көшпелілерді отырықшыландыру сияқты міндеттерді қойды. Бұл істің басы-қасында қазақтың ат төбеліндей аз ғана тұңғыш интеллигенттері болды. Олардың бір бөлігі бірінші орыс революциясының әсерімен және елдің орталық аудандарында, сондай-ақ кейбір ұлт аймақтарында көптеп құрыла бастаған әртүрлі бағыттағы саяси партиялардың ықпалымен қазақ қауымының әлеуметтік топтарының мүддесін білдіретін саяси ұйымдар құруға және өлкедегі буржуазиялық-демократиялық сипаттағы қоғамдық қозғалысты басқаруға талпынды. Бұл жөнінде автор 1910 жылы Петербург қаласында А.И. Костелянскийдің редакциясымен жарық көрген «Формы национального движения в современных государствах» деген кітапқа                                                    Ә. Бөкейхановтың «Қырғыздар» («Қазақтар» К.Н.) атты еңбегінен мысал келтіреді: «Қырғыз халқының арасында саяси партиялар әзірге пайда бола қойған жоқ... орыстандыру саясатының ауыртпалығын көтерген басқа шет аймақтардың халықтарындай, қазақ халқы да үкіметке қарсы пікірде және орыстың оппозициялық партияларына көңіл қояды. Жақын болашақта... қырғыздар («қазақтар»-авт.) арасында қалыптасып келе жатқан екі саяси бағытқа сай екі саяси партия құрылуы мүмкін. Оның бірі ұлттық-діни бағытта деп атауға болар, ал оның мақсаты қырғыздарды (қазақтарды) басқа мұсылмандармен біріктіру болмақ. Екіншісі, қырғыз даласының келешегі кең мағынадағы батыс мәдениетін енгізуге байланысты деп есептейтін бағыт. Бірінші бағыт – мұсылман-татар партияларын үлгі тұтар, екіншісі – оппозициядағы орыс партияларын, атап айтқанда, халық бостандығы партиясын үлгі етпек». Осы үзіндіден анық көрініп отырғандай, ХХ ғасырдың алғашқы он жылдығында Ә. Бөкейханов пен оның пікірлестері қазақтың «ұлттық» партиясын әуел баста патша үкіметіне оппозицияда болған либералдық орыс буржуазиясының партиясы – кадеттердің үлгісінде құруға бейім тұрғандығын аңғару қиын емес. Сондықтанда 1917 жылғы Февраль революциясынан кейін құрылған Алаш партиясының идеялық бастау көздерін бірінші орыс революциясы кезеңінен іздеген жөн», - дейді [47, 69-75]. 

Революцияға дейінгі  қазақ интеллигенциясын олардың  кәсіби мамандығы бойынша бірнеше  топқа бөлуге болады. Бұлар: отарлы қазақ өлкесінің басқару аппаратында  әртүрлі жұмысты атқарған чиновниктер, денсаулық сақтау мекемелерінің  қызметкерлері, журналистика, оқу-ағарту және мәдениет саласында еңбек еткендер және сан жағынан басқа топтардағыдан аз болған инженер-техник қызметкерлер болды. 

Қазақ интеллигенттерінің алғашқы тобының басым көпшілігі  әмбебап мамандар еді: олар ғылыми жұмыспен де, оқу-ағарту ісімен де, көркем творчествомен де қатар айналысты. Басқа сөзбен айтқанда, олар сол кездегі қазақ қауымының рухани сұраныстарына мүмкіндігінше толық жауап беруге ат салысты. «Айқап» журналын және «Қазақ» газетін шығару арқылы олар халықты оқуға, мәдениетке, көшпелі шаруаларды отырықшылдыққа шақыруда, шаруашылықты жүргізудің прогрестік формаларын, әйел теңдігін насихаттауда патша үкіметі тарапынан жүргізіліп отырған отаршылдық саясатқа қарсы пікір қалыптастыруда айтарлықтай істер тындырғандығы ғалымның зерттеулерінде байыпты жазылған. Сонымен қатар, К. Нұрпейіс әлеуметтік тегі әркелкі қазақ интеллигенциясының революцияға дейінгі идеялық-саяси көзқарастарына да айырмашылықтар болғандығын және олардың консервативтік бөлігі негізінен біртіндеп «Қазақ» газетінің төңірегінде топтасып, кейін Алаш партиясының ұйытқысы болса, қалған бөлігі М. Сералин басқарған «Айқап» журналының төңірегінде топтасқандығын атап өтеді.

Ғалым қазақ интеллигенттерінің Петербургтың, Тарту мен Варшаваның, Мәскеудің, Қазан, Уфа, Ташкент пен Омбы, Том университеттері мен институттарында, т.б. қалалардағы арнаулы, орта білім беретін оқу орындарында білім алғандығын. Жекелеген қазақ жастарының Түркия мен Мысыр сияқты елдердің мұсылмандық жоғарғы мектептерінде оқығандығын айта отырып, бір-біріне ұқсамайтын екі ортада білім алған қазақ зиялылары арасында қоғамдық-саяси ойдың екі бағытының – батыстық және шығыстық қалыптасуына негіз болғандығына көңіл бөледі. 

Алаш тарихының мәселесін  қазіргі таңда көптеген тарихшы  ғалымдар да жазушылар да зерттеп жүрген қызықты да күрделі тақырып. Себебі К. Нұрпейіс бұл мәселе төңірегінде қазақстандық тарихшылар мен зерттеушілердің пікірлерін өзара салыстырып қарастырғандығынан анық көрінеді.

Жекелеген зерттеушілер Алаш қозғалысына баға беру үшін алдымен, оның көш бастаушыларының кімдер болғандығын анықтау осы тақырыпты ғылыми тұрғыдан игеруге шешуші түрде ықпал жасайды деп есептейді. Олар осы кезге дейін Алаш қозғалысының көсемдеріне «буржуазиялық ұлтшылдар», «буржуазиялық либералдар», «қазақ ұлтшылдары» деген анықтамалар беру алаштық зиялылардың және олар басқарған саяси қозғалыстың қоғамдық дамудағы алатын орнына сәйкес емес деп есептейді. М. Қозыбаев Алашқа либералды ұлттық зиялылар партиясы деген анықтама бере отырып, оның идеологиясы отаршылдыққа қарсы бағытталған ұлтшылдық болды деген қорытынды жасайды [48,235].

ХХ ғасырдың бас кезіндегі  ұлт зиялыларының қалыптасуы, Алаш қозғалысы ғылымда тың деректермен  тыйым салынған жариялыққа ие болуына  байланысты жаңа қырынан зерттеліп, М. Қойгелдиевтың, Д. Аманжолованың еңбектерінен көрініс тапты. Зерттеуші ғалымдар «ұлт көшбасшылары болған Алаш зиялылары қазақ қоғамының дәстүрлі мәдениетімен тығыз байланысты еді, шын мәніндегі рухани ренессаныстың ұйтқысы болатын. Олар ұлттық нәрсенің бәрін қызғыштай қорыды, діни фанатизмге, ұлтшылдық, нәсілшілдік және өзге де соқыр сенімдерге ұрынбады», деген тұжырым түйіндеді. Жалпы ғылымда Алаш қозғалысына байланысты тиянақты шаралар атқарылды. Мәселенің деректері де талданып, бұрын жарияланбаған мұрағат құжаттары және өзге де материалдар жинақтар түрінде жарық көруде. Алайда тұңғыш рет К. Нұрпейістің аталмыш еңбегінде Алаш қозғалысының тарихы сараланады  [12, 365].

Мәселе, әрине, Алаш қозғалысы  дегеніміздің өзі не деген күрделі  сұраққа жауап беруден басталса керек. Қазақстан тарихы ғылымында алғашқылардың бірі болып күрделі тақырыпқа ден қойған, осы саяси-теориялық мәселені анықтауға өзінің сүбелі үлесін қосқан талантты тарихшы, ғылым докторы Мәмбет Қойгелдиев Алаш партиясы туралы: «Алаш партиясынан басқа Алаш автономиясы – халық кеңесі үкіметі сияқты ұғымдар бар. Егер жинақтап айтсақ, Алаш автономиясы және Алашорда үкіметі бірігіп, Алаш қозғалысы дегенді білдіреді. Ал, Алаш қозғалысы деген ұғым әрине, ұлт-азаттық қозғалысы дегеннің баламасы»,-деген пікір айтып, Алаш қозғалысының мәні мен саяси құрылымын жаңа, тапсыз және ұлттық концепция бағдарына сәйкес батыл анықтап береді.

Осы орайда айта кеткен жөн, аталған мәселеде Мәмбет Қойгелдиев Алаш қозғалысының ішкі саяси динамикасына үңілумен шектелмей, осы қозғалыстың  көш басшылары, ұйтқылары – қазақ интеллигенциясына жаңаша баға беруге ден қойған еді. «Осы уақытқа дейін жарық көрген еңбектерде,- деді ол, - оларға (Алаш қозғалысының көшбасшыларына) – «буржуазияшыл ұлтшылдар», «буржуазиялық либералдар», «қазақ ұлтшылдары» тағы сол сияқты анықтамалар берілгенін білеміз... Алаш интеллигенциясы капиталистік қоғам құруды немесе таза ұлттық мемлекет орнатуды өздеріне бағдарламалық мұрат етіп қойған емес. Олар негізінен екі мақсатты көздеді. Бірі – қазақ елін отарлық езгіден азат ету, екіншісі – қазақ қоғамын ортағасырлық мешеуліктен өркениетті әлеуметтік-экономикалық және мәдени даму жолына алып шығу... Сондықтан да біздің алаштық интеллигенцияны ұлттық-демократиялық интеллигенция деп атауға толық негізіміз бар»,- деп [49, 2]  атап көрсетеді. 

Академик К. Нұрпейіс өзінің әріптесі М. Қойгелдивтің кітабы туралы: «Алаш Һәм Алашорда» кітабыммен қатар, тіптен бір-екі ай бұрын, талантты тарихшымыз Мәмбет Қойгелдиевтың «Алаш  қозғалысы» деген кітабы шықты. Мәмбеттің  кітабы жалпы алғашқы қазақ интеллигенциясы, оның ішінде Алаш қозғалысы жайында жазылған. Ал менің кітабым тура сол Алаш қозғалысының нақтылы-нақтылы сол кезде жинақталған құжаттарға байланысты төрт-бес мәселесіне арналады» деген болатын. М. Қойгелдиев те Алаштық интеллигенцияға жаңа көзқарас қалыптастырып, ашық та батыл пікірлер айтқан, дәлелді тұжырымдар жасаған тарихшы ғалым екендігі даусыз.

Информация о работе Академик Кеңес Нұрпейісұлының өмірі мен Отан тарихына қосқан үлесі