Академик Кеңес Нұрпейісұлының өмірі мен Отан тарихына қосқан үлесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 08:59, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігін жариялауы қоғам азаматтарының санасында үлкен сілкініс туғызды, Отан тарихы ғылымына да түбегейлі өзгеріс әкелді. Ел тарихы мен ұлттық санаға көлеңкесін түсірген «ақтаңдақтардың» бетін ашып, ұлт мәртебесін көтеруге жаңа мүмкіндік туды. Еліміз ұлттық құндылықтарды қастерлеуге бағыт ұстай бастаған бүгінгі заманда өткен тарихымызға қазақ халқының мүддесі тұрғысынан қараған тарихшыларымыздың өскен ортасы мен тарихшы болып қалыптасуына, шығармашылық мұраларына талдау жасаудың маңызы зор. «Кез келген халықтың өзін-өзі сыйлауы, өзінің ұлттық қасиеттерін білуі еліне аянбай еңбек еткен асыл азаматтарын танып, оларды әспеттеуден басталады.

Содержание

КІРІСПЕ…………………………………………………………………………3-6

І ТАРАУ: К. НҰРПЕЙІСТІҢ ӨМІРІ МЕН ҒЫЛЫМИ -ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ


1.1 Кеңес Нұрпейістің шыққан ортасы және тарихшы болып қалыптасуы.............................................................................................................7-14

1.2 Ғалымның ғылыми ортасы мен қызметі......................................................15-29

ІІ ТАРАУ: АКАДЕМИК К. НҰРПЕЙІСТІҢ ҒЫЛЫМИ МҰРАСЫ

2.1 Кеңестік дәуірдегі Қазақстан тарихын зерттеуге арналған еңбектері…............................................................................................................30-42

2.2 Тәуелсіздік кезеңіндегі Алаш қозғалысы тарихын зерттеуге қосқан үлесі.......................................................................................................................43-57

2.3 Ғалым зерттеген тарихи тұлғалар................................................................58-67

ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................68-70

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................................71-73

Работа содержит 1 файл

Диплом Жанат апай.doc

— 472.00 Кб (Скачать)

Академик К. Нұрпейіс зерттеген тағы бір тарихи тұлға Нұрбапа Өмірзақов болды. Ол туралы ғалым 80-ші жылдардың ортасында-ақ жаза бастады, ал 1992 жылы 22 қарашада «Егемен Қазақстан» газетінде Н. Өмірзақов туралы «Отызында ел басқарған» деп аталатын ауқымды мақаласы жарық көрді  [53].

Автордың осы мақаласында: «Кез-келген халықтың өзін-өзі сыйлауы, өзінің ұлттық қасиеттерін білуі  еліне аянбай еңбек еткен аптал  азаматтарын танып, оларды әспеттеуден  басталады. Ал осындай ардақтыларын немесе тектілерін танымаған жұрт түптеп келгенде басқа халықтармен теңеспей қалатыны өмір дәлелдеген ақиқат. Осыған қарамастан, біз өкінішке қарай, көптеген жылдар бойында шын ардақтыларымызға, олардың көздері тірі кезінде лайықты құрмет көрсету былай тұрсын, олар өмірден озған кейін де сондай азаматтарымыздың аруақтарын сыйлап, есімдерін құрметтеуде енжарлық көрсетіп жүрдік. Мұндай жағдайдың қалыптасуының әртүрлі себептері бар, олардың қатарында бірінші кезекте саяси себептер болды.

Кеңес өкіметі жылдарында біздің бойымыз тоталитарлық билік  жүйесінің ұстанымдарын бұлжытпай жүзеге асырған ірілі-ұсақты «көсемдерді» дәріптеуге әбден үйреніп кетті де, халықтың қалың ортасынан шығып, өмір шындығын ашық айтқан және соған сай қызмет атқарған шын мәніндегі қайраткерлеріміз бен зиялыларымыздың өмірден озғандығын ұмыттық, ал тірілеріне көп жағдайда теріс қарадық. Осындай қайраткерлер қатарына Нұрбапа Өмірзақовты да жатқызуға болады» - дейді.

Өткен ғасырдың 80-ші жылдарының соңынан бастап, әсіресе тәуелсіздікке  қол жеткізген мерзімде халқымыз Кеңес өкіметі кезінде көз жазып қалған жүздеген, тіпті мыңдаған десе де болады, ардақтыларымыздың өмірі мен қызметін танып-білу мүмкіндіктеріне ие болды. Нәтижесінде бұрын есімдерін атауға тыйым салынған ардақты хандарымыз бен билеріміздің, батырларымыз бен бектеріміздің рухани-мәдени өмірлерінде ерекше із қалдырған саңлақтарының аттары ел-жұртымен қайтадан қауышты. Кезінде «халық жаулары» немесе соларды жақтаушылар деген жалған жаламен атылған, айдалған, әділетсіз жәбір көрген жүздеген сталиндік саяси қуғын-сүргін құрбандары ақталды.

Нұрбапа Өмірзақов небәрі 40 жыл өмір сүргеніне қарамастан Қазақстан, Өзбекістан, Башқұртстан  республикалары, Краснодар, Ставрополь өлкелері еңбекшілерінің есінде белгілі  мемлекет және партия қайраткерлері  ретінде қалды. Ол күрделі де ауыр өмір мектептерінен өтті. Абзал азамат 1907 жылы Алматы облысының қазіргі Райымбек ауданындағы Үкірші ауылында дүниеге келіп, сол уездегі байлар мен кулактар есігінде жалшылықтың ащы дәмін татып өмір сүрді. Кеңес өкіметі орнағаннан кейін Жаркентте ұйымдастырылған балалар үйіне орналасып, сонда білім алды. Өмір ауырпалығын жастайынан көрген ол, Қазан революциясы мен «азаттық, еркіндік, теңдік» ұрандарын көтерген социалистік идеяға барынша сенді. 1926 жылы 19 жасында Коммунистік партия қатарына өтеді, Алматыдағы губерниялық партия-кеңес мектебін аяқтап, Жаркент уезінің Ақтоғай болысында облыстық қосшы ұйымын және облыстық атқару комитетін басқарды.

К.Н. Нұрпейіс: «Нұрбапа Өмірзақов  қысқа да болса, мазмұнды, мәнді өмір сүріп, халыққа қалтқысыз қызмет етудің үлгісін көрсетті, сол үшін де оның есімі баршамызға ардақты да қымбат», - деп тұжырым жасайды.

Кеңес Нұрпейістің тұлғатанудағы  тоқталып өткен азаматтарының бірі – Ыдырыс Көшкінов. Ол туралы ғалым  өзінің «Халықтың қадірлі ұлы, белгілі  қоғам қайраткері» деген мақаласында жан-жақты тоқталады [34]. Мұнда автор елімізде тоталитарлық жүйе ұйымдастырған 1937 жылғы «үлкен террордың» сан мыңдаған құрбандарының бірі болған Ыдырыс Көшкіновтың өмір жолы мен қызметіне тоқталады.

Ғалым Ы. Көшкіновтың 1897 жылдың күзінде Жетісу губерниясының Жаркент уезіне қарайтын Ұзынбұлақ ауылында өз еңбегімен күн көрген қарапайым шаруаның отбасында дүниеге келгендігі және оң-солын танып, азамат болып қалыптасуының бастапқы кезеңі Қазақстанда, соның ішінде Жетісуда орын алған аса ірі қоғамдық-саяси оқиғалармен тұспа-тұс келгендігін баяндайды.

«Ы. Көшкінов 1916 жылғы  ұлт-азаттық көтерілісінің Жетісудағы негізгі ошақтарының бірі болған Албан-Қарқара көтерілісінің куәгері  болды, ал          1917 жылғы екі революция Ыдырысты тез қарқынмен есейтті, «бозбалалық дәуренді» жанай өтіп, азамат ретінде шапшаң қалыптасып толысты. Сондықтан оны ғалым ретінде де, қоғамдық және саяси қайраткер ретінде де ерте есейтіп, 20 жастан асар-аспас кезінде жұрт аузына ілініп, есімі халыққа танымал болды. Табиғат берген дарын, жақсы ұйымдастырушылық қабілет, жастық жігер мен еңбексүйгіштік Ыдырыс Көшкіновтың өз замандастарынан оза шауып, алға шығуына, қоғамдық-саяси қызметке ерте араласуына негіз болды» - деп тұжырым бергені өте орынды айтылған.

«Бар болғаны ғұмырының 17 жылдық мерзімінде Ы. Көшкінов Қазақстанның аса ірі төрт облысында басшылықта жұмыста болған. Осы жылдарда ол табанды әрі мақсаткерлік қызметі арқылы кең байтақ Қазақстанның оңтүстік-шығыс, батыс, солтүстік және орталық аймақтарының халық шаруашылығын, мәдениетін кешенді түрде дамытуға, халықтың материалдық әл-ауқатын өсіруге қомақты үлес қосты, өзінің халыққа сіңірген адал еңбегі арқылы осы кезде республикаға кеңінен танымал қайраткер деңгейіне дейін көтерілді» -дейді автор

К. Нұрпейіс Қазақстан  мен Түркістанның 1917-1927 жылдарындағы қоғамдық-саяси өміріне байланысты Мұстафа Шоқай еңбегін де елеусіз қалдырған жоқ. Бұл тұлға туралы белгілі тарихшы ғалымдарымыздың ғылыми зерттеулері мен ізденістері көптен жазылып жүрсе де ғұлама ғалымның пікірі өз алдына ерекше маңызды орынға ие. М. Шоқай туралы автор: «Мұстафа Шоқайдың сан-салалы қайраткерлік, ғылыми-ізденушілік қызметтерінің бір қыры – саясаттанушылығы. Ол шетелге эмиграцияға кеткен күндерінен бастап өмірінің соңғы сәттеріне дейін Қазақстан мен Түркістанның қоғамдық-саяси өмірін саясаттанушы ретінде жан-жақты әрі терең зерттеп, осы мәселелер жөнінде ғылыми-танымдық және саяси қолданбалы еңбектер қалдырды», [54] - деген баға береді.

Мәселен, М. Шоқайдың «1917 жыл туралы естеліктер» атты еңбегін  талдай отырып К. Нұрпейіс: «...бұл естеліктерде, 1917 жылғы екі революция аралығындағы өлкенің қоғамдық-саяси өмірінің ерекшеліктері, ұлттық- тәуелсіздік идеяларының пайда болуы және оны жүзеге асырудағы қиыншылықтар, Түркістан (Қоқан) автономиясының құрылуы мен күйреуінің тарихы, ұлт-азаттық қозғалысқа тән әр түрлі ағымдар, уақытша үкімет пен жергілікті ұлттық-демократиялық интеллигенцияның арақатынастары, буржуазияшыл демократия мен пролетариат диктатурасының саяси формасы болған кеңестердің текетіресі мен қарулы қақтығыстары сияқты мәселелер саясаттанушы Мұстафа Шоқайдың назарынан тыс қалмаған», - деген [54, 188 б.] орынды тұжырым жасайды.

Көрнекті ғалым К. Нұрпейіс «Алаш» партиясы туралы көп құнды  зерттеулер қалдырды және өз зерттеулерінде партия көсемдерінің бірі Ахмет Байтұрсыновтың да тұлғалық бейнесін ашып көрсете алды.

1998 жылы «Zaman-Казақстан»  газетінде жарияланған «Біз Байтұрсыновты  қалай бағалап жүрміз, ағайын?» [55] және осы жылы «Ахмет Байтұрсынов – аса ірі қоғам және мемлекет қайраткері» деген ауқымды мақалалары арқылы жақсы таныса аламыз. Онда Ахмет Байтұрсыновқа «...халқымыздың ұлы перзенттерінің бірі, әмбебап ғалым, ақын аудармашы, журналист көсемсөз шебері. Бір сөзбен айтқанда «сегіз қырлы, бір сырлы» адам. ... сан қырлы қасиеттерінің бірі оның қоғамдық саяси және мемлекеттік қызметі болып табылады», - деп баға береді.

Ахмет Байтұрсынұлы азамат болып қалыптасқан кезең Қазақстанның Ресей империясының отарына түгелдей айналып болған уақытқа тұспа-тұс  келді-дейді. Патша үкіметі уақыт  өткен сайын кең көлемді отарлау саясатын жүргізуді күшейте түсті. Қазақ халқы отарлық езгіні, «жері мен малы тоналған, жаны қалмаған, белі сынуға таялған» әлеуметтік-экономикалық салада ғана емес «тіл мен діл нашарлап, хал һарам болған» рухани-мәдени салада да бірдей экономикалық және саяси хал-ахуал, ең алдымен аграрлық және ұлттық мәселелердің шиеленісуімен ерекшеленеді. Осындай жағдайда ХХ ғасырдың басында өрістей бастаған қазақ қауымына тән қоғамдық-саяси қозғалыс өз алдына әуел баста жалпыұлттық демократиялық мақсат-міндеттер қойғанын жан-жақты талқылайды.

«Ұлттық мәні бар саяси-әлеуметтік және мәдени мәселелерді көтеріп, шешуде мерзімді баспасөздің атқарар қызметінің маңыздылығын Ахмет Байтұрсынов жақсы түсінді –дейді. Сондықтан да ол шын мәніндегі жалпыұлттық газет шығару ісіне көп күш жұмсады Әлихан Бөкейхановтың бағыт беруімен, Ахмет Байтұрсыновтың басшылығымен, Міржақып Дулатовтың қосшылығымен, озық ойлы, халық қамын ойлаған жекелеген дәулетті адамдардың демеушілігімен 1913 жылдан бастап Орынборда жалпы ұлттық бейресмилік «Қазақ» газеті шыға бастағанын айтып өтеді. Сонымен бұл газеттің 1917 жылы ұлттық-демократиялық партия дайындауда сан қырлы, салиқалы жұмыс атқарғанын айтады. 1917 жылы 12-26 шілдеде Орынбор қаласында бірінші бүкілқазақтық съез болып, мұнда А. Байтұрсыновтың үлкен белсенділік көрсеткенін және «Алаш» партиясы құрылып, оның бағдарламасын жасау ісіне қатысқаны туралы құнды мәліметтер келтіреді.

Академик К. Нұрпейіс тұлғатану мәселесі бойынша келесі еңбегін          В.К. Григорьевпен бірлесе отырып, еліміздің аса ірі қайраткерлерінің бірі – Тұрар Рысқұловтың қоғамдық-саяси өміріне арнады [34, 123]. Мұнда                            Т. Рысқұловтың өмір жолынан үлкен мағлұматтар алуға болады. Мәселен, 1917-ші жылды Т.Рысқұлов біршама танымал бола бастаған шағында қарсы алды деп, оның 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың белсенді мүшесі болғанын, Мерке ауданындағы көтерісшілер жасағы басшыларының саяси кеңесшісі рөлін атқарғаны айта келе, Кеңес өкіметі орнағаннан кейін көп жылдар Т. Рысқұлов аянбай қызмет атқарғанын, дегенмен 1937 жылғы «үлкен террор» оны да айналып өтпегенін, 1937 жылы Т. Рысқұлов тұтқындалып, тоғыз айға дейін созылған тергеу нәтижесі бойынша 1938 жылы ақпанда ату жазасына жіберілуге үкім шығарылғанын баяндайды.

К.Нұрпейістің тұлғатану  мәселесі бойынша қалам тартқан ірі мемлекеттік және қоғам қайраткері, қазақтың біртуар ұлдарының бірі – Ораз Жандосов [34, 268-275]. Автор О. Жандосовтың 1920-30 жылдары Кеңес Одағының қазақстандық-ортаазиялық аймағында тек мемлекет және қоғам қайраткері ғана емес, сонымен қатар танымал оратор, көсемсөз шебері, Қазақстан және Түркістандағы әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өмірі мәселелерін нақты зерттеуші, аграрлық-шаруашылық және ұлттық мәселелердің білгірі деп баға береді. Осындай қасиеттері арқасында ол жиырма жылдай (1918-1937жж.) Түркістан және Қазақстанның қоғамдық-саяси және ғылыми-ағартушылық органдарында, билікте өте жауапты қызметтерді атқарды.

О. Жандосов өз заманында  өте білімді адам болған: 1918 жылы Верныйдағы ерлер гимназиясының  толық курсын аяқтап, Мәскеудегі ауылшаруашылық ауыл шаруашылық академиясынан білім алады. О. Жандосов туралы «Кадр бөлімінің іс парағында»: 1899 жылы Алматы облысының Қаскелең ауылында дүниеге келген, 1918 жылдан бастап коммунистік партия мүшесі. Партияға Верный қалалық ұйымы бойынша қабылданған» деп көрсетілген [34, 268]. Ары қарай 1918-1937 жылдары аралығында атқарған қызметтер тізімі берілген: Верный уезд – қалалық кеңесінің құрастырушысы, Жетісу облысы атқару комитетінің ұлттар ісі жөніндегі бөлім меңгерушісі, Түркістан Коммунистік партиясы мұсылман коммунистері облыстық секциясының төрағасы, «Қосшы» ОК төрағасы және Түркістан Компартиясы ОК үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі, Қазақ өлкелік комитетінің үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі, ҚазКСР ағартушылық халық комиссары, Қазақ ауылшаруашылық институтының директоры, Кеген аудандық компартия хатшысы, Алматы облыстық атқару комитетінің төрағасы, бір уақытта Республикалық библиотеканың директоры... әр түрлі жылдары О. Жандосов ҚазАКР, РФСР, КСРО Орталық атқару комитетіне мүше болып сайланды деп қайраткер қызметіне талдау жасап өтеді.

Ғалым О. Жандосовтың  жеке тұлға әрі ұлттық мүддені  қорғаушы революциялық қызметкер болып  қалыптасуына 1916 жылғы отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық көтеріліс пен 1917 жылғы қос төңкерістің әсер еткендігін баса айтады. Сонымен бірге, осындай жағдай кезінде қазақстан-түркістандық аймақта ұлттық саяси жүйенің екі ағымының пайда болғандығын, яғни: біріншісі, Уақытша үкіметтің қызметін жалғастыру, екіншісі барлық билікті большевиктенген кеңестерге беру, экономика, жер қатынасы, ұлттық мемлекеттер құрылысы туралы терең реформа жүргізу болды. Бірінші ағымның жақтаушылары ұлттық-демократиялық «Алаш» партиясы төңірегіне топтасты. Екінші ағымды сол кездегі қазақстандық саяси «солшыл» революциялық қанаттың өкілдері қолдады. 1918 жылдан Коммунистік партияның мүшесі болған Ә. Жангельдин, С. Сейфуллин, Т. Рысқұлов, Б. Қаратаев, С. Меңдешев, А. Иманов сияқты азаматтар қайраткердің белсенді жақтастары болғандығын атап өтеді.

К. Нұрпейістің алғашқылардың  бірі болып зерттеген қоғам қайраткері, қазақ зиялыларының бірі – Сәрсенбай Бейсембетов [56]. Ол туралы ғалым мұрағат құжаттары мен оны жақсы білетін ағалардың естеліктеріне сүйене отырып көптеген жәйіттердің бетін ашты. 1897 жылы Алматы облысы, Кеген ауданы (қазіргі Райымбек ауданы), Қарабұлақ ауылында дүниеге келген Сәрсембай Бейсембетовтың шыққан ортасы мен білім жолындағы ізденісіне тоқтала келе: «Сәрсембай өзімен тағдырлас қайнаған халық бұқарасының арасынан шыққан көптеген замандастары сияқты Қазан төңкерісі мен «әлеуметтік әділеттілік», «ұлттар теңдігі», «азаттық, еркіндік, теңдік» ұрандарын көтерген социалистік идеяларға сенді. Сондықтан да осы идеяларды өмір шындығына айналдыруға уәде еткен коммунистік партияның қатарына 1920 жылы өткен ол, Қазан төңкерісінен кейінгі алғашқы жылдарда Жетісу өңірінде жүргізілген әлуметтік-экономикалық және саяси-мәдени өзгерістердің куәгері болып қана қоймай, оларға белсенді түрде араласты», -деп атап өтеді. Автор Сәрсенбай Бейсембетовтың «жеке іс парағын да тыс қалдырмаған. Ондағы Сәрсембайдың « Мінездемесіне» Алматы облыстық атқару комитетінің төрағасы Ораз Жандосов қол қойып бергенін және 1918-1921 жылдар Сәрсембай Бейсембетов Шелек, Торайғыр ауылдық және Ақтоғай болыстық кеңестердің жауапты хатшысы, 1921-1928 жылдары Ақтоғай және Қоңыр өлең болыстық, Жаркент уездік, Шу аудандық партия комитетінің хатшысы, Алматы уездік партия комитетінің ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі,                    1928-1934 жылдары жекелеген совхоздар мен МТС-дің партия ұйымының хатшысы және Ұзынағаш аудандық атқару комитетінің төрағасы, ал 1934 жылдан бастап Алматы облыстық атқару комитетінің ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі әрі облатком төрағасының орынбасары болғанын айтып өтеді.

Информация о работе Академик Кеңес Нұрпейісұлының өмірі мен Отан тарихына қосқан үлесі