Академик Кеңес Нұрпейісұлының өмірі мен Отан тарихына қосқан үлесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 08:59, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігін жариялауы қоғам азаматтарының санасында үлкен сілкініс туғызды, Отан тарихы ғылымына да түбегейлі өзгеріс әкелді. Ел тарихы мен ұлттық санаға көлеңкесін түсірген «ақтаңдақтардың» бетін ашып, ұлт мәртебесін көтеруге жаңа мүмкіндік туды. Еліміз ұлттық құндылықтарды қастерлеуге бағыт ұстай бастаған бүгінгі заманда өткен тарихымызға қазақ халқының мүддесі тұрғысынан қараған тарихшыларымыздың өскен ортасы мен тарихшы болып қалыптасуына, шығармашылық мұраларына талдау жасаудың маңызы зор. «Кез келген халықтың өзін-өзі сыйлауы, өзінің ұлттық қасиеттерін білуі еліне аянбай еңбек еткен асыл азаматтарын танып, оларды әспеттеуден басталады.

Содержание

КІРІСПЕ…………………………………………………………………………3-6

І ТАРАУ: К. НҰРПЕЙІСТІҢ ӨМІРІ МЕН ҒЫЛЫМИ -ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ


1.1 Кеңес Нұрпейістің шыққан ортасы және тарихшы болып қалыптасуы.............................................................................................................7-14

1.2 Ғалымның ғылыми ортасы мен қызметі......................................................15-29

ІІ ТАРАУ: АКАДЕМИК К. НҰРПЕЙІСТІҢ ҒЫЛЫМИ МҰРАСЫ

2.1 Кеңестік дәуірдегі Қазақстан тарихын зерттеуге арналған еңбектері…............................................................................................................30-42

2.2 Тәуелсіздік кезеңіндегі Алаш қозғалысы тарихын зерттеуге қосқан үлесі.......................................................................................................................43-57

2.3 Ғалым зерттеген тарихи тұлғалар................................................................58-67

ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................68-70

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................................71-73

Работа содержит 1 файл

Диплом Жанат апай.doc

— 472.00 Кб (Скачать)

- 2005 ж. «Жылдың ғылым  қайраткері – Алтын Адам» атағы  берілді;

- 2003 ж. ҒА-ның толық  мүшесі, яғни академигі болып  сайланды;

- 2003 ж. «Туған өлке-Родной Край» журналының бас редакторы болды [11].

Еліміздің еркіндікке қол  жеткізген бүгінгідей белесті кезеңінде, халқымыздың тарихын жан-жақты  зерттеген ғалым, көрнекті тарихшы        Кеңес Нұрпейісұлы Нұрпейістің  есімі жаңа қырынан көрінері анық.

К.Н. Нұрпейіс өмірден  озса да ғалымның ғылым жолындағы  ізденісі, қоғамдық қызметі, үздік ғылыми зерттеулері үшін берілген марапаттардың  берілуі оны ғылыми ортасы мен  халқының бағалағаны іспеттес.

Академик К. Нұрпейістің  ғылыми мұрасын танымдық және әдістемелік тұрғыда екі кезеңге бөлім қарастырар болсақ, кеңестік қоғамда тарих ғылымының іргелі мәселелеріне батыл да байыпты зерттеулерімен танылған ғалым көптеген әріптестері сияқты таптық көзқараспен бағындырған бигінде қалып қоймайды. Тәуелсіздік жағдайында рухани қайта түлеу бағытына ие болған ғалым отан тарихына жарқын із қалдырып, ұлт мүддесіне қызмет етудің үлгісін көрсетті. Оның ғылыми тұжырымдары алдағы уақытта тарихи таным аясын кеңейтуде кең өріс алатын болады.  

Жарты ғасыр ширегінде  Қазақстан Республикасының Ғылым Академиясының Ш.Ш. Уалиханов атындағы Тарих, археология және этнография институтының ғалымдары отандық тарих ғылымының өсіп-өркендеуіне үлес қосып, іргелі мәселелерді тереңінен қозғап, көптеген маңызды зерттеулер жүргізді. Ғылыми құнды зерттеулерін Отандық тарих ғылымында ғана емес шетелдерде де ұсынып, тарих ғылымының көрнекті өкілдері бола алып жүрген С.Ф. Мажитов, М-Х. Асылбеков, Т.Ә. Төлебаев, Б.Е. Көмеков,  В.З. Галиев, А.Т. Қапаева және басқа да ғалымдар әр қырынан танытып, байыта түсті. Бұл ғалымдардың шәкірттері Қазақстанның түкпір-түкпірінде жемісті еңбек етуде.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ ТАРАУ: АКАДЕМИК К.Н. НҰРПЕЙІСТІҢ ТАРИХИ МҰРАСЫ

 

2.1 Кеңестік дәуірдегі  Қазақстан тарихын зерттеуге  арналған еңбектері

 

Академик К.Нұрпейіс Қазақстанның тарих ғылымының әр түрлі бағыттары бойынша көптеген зерттеулер жүргізгені баршаға аян. Кеңестік дәуірде де, еліміз егемендік алғаннан кейін де тың тақырыптарды көтерген ғалым сан-салалы тарихи үрдістердің жүйесін саралап берді. Сондықтан,                          Кеңес Нұрпейістің Кеңестік Қазақстан тарихына арнап жазған еңбектеріне де арнайы тоқталуымыз керек. Ғалым Кеңестік дәуірдегі Қазақстан тарихына, сол заманғы өкімет, қоғам қайраткерлері тағдырына арнап үнемі жүйелі жұмыс жүргізген.

Басқа әлеуметтік-саяси және мәдени салаларға қарағанда тарих ғылымы саясатқа және ресми идеологияға біртабан жақын тұр. Өйткені тарих дегеніміздің өзі саясаттар, жеке мемлекеттік тұлғалар және қоғамдық құрылыстар туралы жүйелі жылнама, деректі әңгіме, өткенімізді ғылыми негізде «ағы» мен «қарасын» өзара салмақтап, салыстыра баяндау және олардан саяси-теориялық сипаты бар қомақты түйіндер түйю, тарихи сұрауларға жауап табу, өткен оқиғаларды ой таразысына салып, олардың мәнін, мазмұнын және тарихи маңызын айқындау болып табылады [33].

Аға ұрпақтың кейбір тарихшы қауымы кезінде тарихи шындықты айтқысы  келсе де айта алмаған, сүбелі зерттеулерінде әдептілік, ұстамдылық танытып, әр тақырыптың басын бір шалмай, тұрақты бір  кезеңнен айтуға, жазуға рұқсат етілген  шындығын байыпты зерттеп баяндап, тарихи фактілерге сергек қараған, тарих майданында ақ пен қараны айқын айыра алатын, бірінші хатшыларға емес тарихтың өзіне белсенді қызмет еткен тарихшылар. Бұл кісілердің бұрынғы жылдары жазылған еңбектері коммунистік идеология соқпағында дүниеге келсе де, олар бай түпнұсқа деректік материалдарға құрылғандықтан бүгінгі күндері де өз құнын жоғалтпай осынау аумалы-төкпелі заманда Қазақстан тарихының кәдесіне әлі де жарап жатыр. Мұндай еңбектер сол кездегі ресми идеологияның аумағынан арыла алмаса да олардың авторлары нағыз талантты ғалымдар болғандықтан жазба тарихымыз жалпы алғанда әкімшіл-әміршіл жүйенің қатал таптауына төтеп бере алды [33, 338].

Қазіргі таңда, осындай бағалы еңбектер берген, сондай-ақ  Отандық тарих  ғылымын жаңаша үрдісте жазуға үлкен еңбегін сіңірген көрнекті ғалым     Кеңес Нұрпейістің орны ерекше.

Кеңес Нұрпейіс ең алғашқы ғылыми жолын Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы мен нығаюы тарихын, әсіресе, ауылдық жерлерді кеңестендіру, республикамыздағы  Социалистік құрылыс проблемаларын зерттеуден бастады. Ғалымның алғашқы ғылыми-зерттеу жұмысы да «Солтүстік-Шығыс Қазақстан аудандары Кеңестерінің Кеңес өкіметін орнату мен нығайту үшін күресі      (1917 ж. ақпан-1918 ж. маусым)» тақырыбына арналған болатын.

1950-1960 жылдары Қазақ ССР тарихының ІІ томы, Т.Е. Елеуов пен      С.Н. Покровскийдің «Кеңестік Қазақстанның мемлекеттік және құқықтық тарихы» Т.І, «Қазақстан тарихының очерктері» атты еңбектерде Қазан төңкерісі кезеңіндегі Қазақстанды Кеңестендіру қызметінің маңызды мәселелері жақсы жазылды [12, 30]. 

Осы еңбектердегі мәселелердің жалғасы ретінде К.Нұрпейіс маңызды  мұрағат құжаттарын, тарихи әдебиеттерді, әдеби естелік құжаттарын қатаң  бірлікте - бүкілресейлік тарихи процестер  мен қазақстандық қызмет жағдайын байланыстыра отырып Солтүстік-Шығыс Қазақстанның жұмысшы, солдат және шаруа депутаттарының Кеңестерінің құрылуы мен социалистік төңкеріс жеңісі кезіндегі бейбіт жағдайдағы қызметтерін жазды. 

Соның нәтижесінде, осы  мәселелер бойынша көптеген мақалалар, ғылыми баяндамалар мен монографиялары жарық көре бастады. Мысалы, 1960 жылы «Известия» газетіне «О деятельности Советов северо-восточного Казахстана в культурном стройтельстве до начало гражданской войны (октябрь 1917 г.-июнь 1918 г.)», 1961 жылы «Роль Советов северо-восточного Казахстана в формировании первых советских войнских частей», «Қазақстан мектебі» журналына «Қазақ АССР-ның құрылуы», 1960 жылы 16 қарашада «Лениншіл жас» газетіне «Шемонайха партизандары» мен 12 маусымда «Зайсан батыры», «Азамат соғысының батыры» т.б. отыздан аса мақалалары мен 1968 жылы жарыққа шыққан «Қазақстан кеңестері жұмысшылары мен шаруалар өкіметін нығайту үшін күресте», 1972 жылы «Қазақстанның шаруалар кеңестері: ұжымдасу, нығаю тарихы және ауылдық Кеңестердің 1917-1929 жж. практикалық қызметі» монографияларымен толыға түсті [33, 340]. 

Аталған еңбектерде көбнесе  Қазақстанның Кеңестік Социалистік  мемлекетінің құрылу және даму тарихы сөз етіледі. Сондай-ақ, Қазан төңкерісінің жеңісі мен Қазақстанда Кеңес  өкіметінің орнауы Қазақ Кеңес мемлекеттігін құру үшін шешуші алғы шарттарды жасағандығын көрсетуге, Коммунистік партия мен Кеңес үкіметінің Құрылтай съезін шақырудағы және сол съезде Қазақ АССР-ін жариялаудағы күрделі де қиын қызметі туралы мәселелерді зерттеуге арналған. Кеңес өкіметі жылдарында экономика мен мәдениеттің барлық салаларында республикамыздың қолы жеткен зор табыстарына шолу жасалады. 

«Қазақстандағы Қазан  революциясы мен азамат соғысы тарихынан» атты мақалалар мен естеліктер жинағына, К. Нұрпейіс өзінің «Қазан революциясы кезеңіндегі Петропавл Кеңесінің жұмысшы және солдат депутаттарының тарихы» атты көлемді еңбегінде ғалым Қазақстандағы шаруалар мәселесін терең зерттеп жазады.

В.С. Познанскиймен бірігіп жазған «В.В. Куйбышев және Қазақстан» [20] атты еңбегінде Қазақстандағы кеңестендіру шаралары ашып көрсетіледі, сол жүйенің даму деңгейі, жүргізілу жолдары мен саясаттың негізгі бағыттары, олардың алдарына қойған міндеттерін ғылыми тұрғыда өрбітіп, көпшілікке таныта білді және большевиктік гвардия өкілі, революционер                              В.В. Куйбышевтың өмірі мен Қазақстандағы революциялық қызметі, лениндік ұлт саясатын жүргізудегі белсенділігі ашып жазылады. Сонымен қатар, қоғам қайраткерінің кәсіпқой революциялық жолдағы даңқты еңбегі мен азамат соғысындағы комиссарлық қызметі, Кеңес өкіметін құрудағы ерлік істері заман талабына сай жазылған бағалы еңбекке айналды.

Кеңес Нұрпейіс Кеңестік дәуірдегі  Қазақстан тарихын әр түрлі сала бойынша қарастырады. Ал жалпы алғанда  бірнеше кезеңдерге бөліп жазады. Автор кеңестік кезеңдегі деректер мен құжаттарды ғылыми айналымға қосып, Қазақстан тарихындағы Кеңестік дәуірден  көптеген құнды тұжырымдар жасайды. Сонымен қатар, К.Нұрпейістің ғылым жолындағы алғашқы қадамы Қазақстан мен Орта Азия жерлеріндегі шетел интервенциясы және азамат соғысы туралы ауқымды еңбектер жазудан бастады [34, 700]. 

Сонымен бірге автор Қазақстандағы  Ұлы Қазан социалистік революциясының шежіресін, ҚазақССР Ғылым Академиясы Тарих, археология және этнография институтының Ақмола, Шығыс Қазақстан, Шымкент, Қызылорда және Жамбыл облыстарындағы мұрағаттарда жұмыс істеген ғылыми еңбектерінің топтамасын үнемі мақала түрінде газет-журналдарға шығарып отырды.  Мысалы, «Из истории социалистического стройтельства в Казахстане», «Из истории за власть Советов в Казахстане»,    «Алғашқы советтерден – жалпы халықтық мемлекетке», «За власть Советов», «Великая сила дружба народов», «Космический взлет республики» [35]. Бұл аталмыш еңбектерінде Қазақтық Кеңестік Социалистік Республикасының, социалистік және коммунистік құрылыста қолы жеткен тамаша жетістіктерін, Кеңес өкіметі жылдарында патшалық Ресейдің артта қалған отарлық аймағы болған қазақ өлкесі индустриялы Социалистік республикаға айналғандығына байланысты мәселелерді сөз етеді.  

Кеңес Нұрпейіс Қазақ Совет Энциклопедиясының Қазақстан компартиясы тарихы төралқасының мүшесі болып, көптеген қоғам және мемлекет қайраткерлерінің өмір тарихын осы аталмыш энциклопедияға енгізумен болды. Онда Алматыда Кеңес өкіметінің орнауы, Әскери комиссия, Екібастұз көміршілерінің ереуілі  т.б. тақырыптарға қалам тартты.

Қазақ халқының танымал тұлғалары  туралы да көптеген мақалалар жариялады, атап айтсақ: 1962 ж. 19 тамызда «Лениншіл  жас» газетіне «Сламғали Құрманов», осы басылымға 8 ақпанда «Аңызға  айналған адам», «Комунизм туғи»  газетіне «Герой гражданской войны», 1960 ж. 9 тамызда «Ақсақал», 1962 ж. 13 маусымда «Қазақ әдебиетіне» «1916 жылы Сәкен Сейфуллин», 1960 ж. 2 қарашадағы «Коммунизм таңы» газетіне «Айтжан Түркебаев», «Нұрбапа Өмірзақов», «Амангелді Иманов» сияқты белгілі тұлғаларға арналып көптеген мақалалары жарияланып отырды. Елімізде көшбасшы болған көптеген ұлттық зиялы қауым өкілдеріне арналған еңбектерінің бірінде «кез-келген халықтың өзін-өзі сыйлауы, өзінің ұлттық қасиеттерін білуі, еліне аянбай еңбек еткен атпал азаматтарын танып, оларды әспеттеуден басталады. Ал осындай ардақтыларын немесе өз тектілерін танымаған жұрт түптеп келгенде басқа халықтармен  теңеспей қалатыны өмір дәлелдеген ақиқат. Осыған қарамастан, біз, өкінішке қарай, көптеген жылдар бойы шын ардақтыларымызға олардың көздері тірі кезде лайықты құрмет көрсету былай тұрсын, олар өмірден озғаннан кейін де сондай азаматтарымыздың аруағын сыйлап, есімдерін құрметтеуде енжарлық көрсетіп жүрдік. Мұндай жағдайдың қалыптасуының әр түрлі себептері бар, олардың қатарында бірінші кезекте саяси себептер бар» - деп тұжырымдайды, бұл да шындық. К. Нұрпейіс Кеңес өкіметі жылдары халықтың бойын тоталитарлық билік пен үрей бойласа да өткен ұлт зиялыларын шет қаққан жоқ, олардың жеке тұлғасын дәріптеп тарихи тұлғаларға арнап ғылыми еңбектерін үнемі жариялап отырды.

Республикамыздың Далалық өлкелері мысалындағы жұмысшы және шаруалар билігінің Қазақстан Кеңестеріндегі нақты қызметіне байланысты «Советы  Казахстана в борьбе за упрочение  власти рабочих и крестьян» атты көлемді монографиясын [36] жазды. Мұнда автор Кеңестердің мемлекеттік және басқару ұйымдарының нақты тұрақтағанын сөз етеді. Ауылдық жерлердегі Кеңестік төменгі ұйымдардарында да социалистік экономика мен мәдениет ошақтары қызметіне жан-жақты тоқтаған. Біздің республикамыздағы социалистік құрылыстың жүргізілу тарихы туралы танысуға болады. Алайда Кеңестік дәуірдегі қарам-қайшылыққа толы күрделі тарих екенін де білеміз. Социализм құрылысы идеяларына байланысты халқымыздың жақсылыққа ұмтылған арман-тілектерін Кеңес өкіметі қарама-қайшылықты салада іске асырып отырды. Елде орнаған тоталитарлық жүйе мемлекеттегі қоғамдық қатынастардың даму заңдылықтарына кедергі келтіріп отырды. Ал, оның адам өмірінің барлық саласын қамтитын шаралар шындығында бұқара халыққа қарсы бағытталған саясат болғанын байқауға болады. Дегенмен, ғалым еңбектерінде осындай саясаттың, идеологияның қаншалықты ауыртпалықпен жүргізілгенін құжаттық материалдар арқылы талдау жасап көрсете біледі.

Аталмыш еңбектерінің бірінде «Ұлы Октябрь Социалистік революциясының жеңісіне дейін «халықтар түрмесі» болған патшалық Россияның экономикасы мен мәдениеті мешеу дамыған отар өлкесінде ұлттық езгі мен әлеуметтік қанаудың ауыртпашылығын бірдей көтерген қазақ халқы өзінің социалистік мемлекетіне ие болды», - деп [10, 56] дұрыс пайымдайды. Бұл еңбегін ғалым республикамыздың жарты ғасырлық торқалы тойына арнап жазған болатын. Автор КСРО-да ұлт мәселесін шешуге арналған еңбектері мен өтпелі идеологияның іс-тәжірибесін басшылыққа ала отырып, көптеген мұрағат құжаттары мен съезд хаттамаларын және ҚазССР-ын құруға ат салысқан ардагерлердің естеліктері туралы әдебиеттерге сүйеніп, сол кездегі мән-жайды түгел баяндайды. Айта кету керек біздің тарихқа қатысты мұрағаттарда сақталған деректер Қазақстан Ресейдің отары болған кезде патша өкіметінің саясатына қарай топтастырылды. Ал, 1917 жылғы Қазан төңкерісінен кейінгі жылдарда Кеңес өкіметінің мүддесіне сай жинақталды және олардың басым көпшілігі орыс тілінде жазылған құжаттар болды. Ал, тарихи шындыққа көптеген тарихшы-ғалымдарымыздың қолы жетпеді. Олар көп жағдайда Орталық Комитеттің сан алуан съездерінің, жоспарларының құжаттарын пайдалануларына тура келді. Автордың аталмыш еңбегі де сондай идея үрдісімен жазылды. Дегенмен, бұл Қазақстан Кеңестерінің І Құрылтай съезі де отандық тарихымыздың бір бөлігі болып саналатыны сөсзіс. Сонымен қатар,              К. Нұрпейіс Халық Комиссарлар Кеңесінің Ресей ұлттары жөніндегі мәселеге байланысты өз қызметінің негізіне мына басты принциптерді басшылыққа алатындығын:

Информация о работе Академик Кеңес Нұрпейісұлының өмірі мен Отан тарихына қосқан үлесі