Академик Кеңес Нұрпейісұлының өмірі мен Отан тарихына қосқан үлесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 08:59, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігін жариялауы қоғам азаматтарының санасында үлкен сілкініс туғызды, Отан тарихы ғылымына да түбегейлі өзгеріс әкелді. Ел тарихы мен ұлттық санаға көлеңкесін түсірген «ақтаңдақтардың» бетін ашып, ұлт мәртебесін көтеруге жаңа мүмкіндік туды. Еліміз ұлттық құндылықтарды қастерлеуге бағыт ұстай бастаған бүгінгі заманда өткен тарихымызға қазақ халқының мүддесі тұрғысынан қараған тарихшыларымыздың өскен ортасы мен тарихшы болып қалыптасуына, шығармашылық мұраларына талдау жасаудың маңызы зор. «Кез келген халықтың өзін-өзі сыйлауы, өзінің ұлттық қасиеттерін білуі еліне аянбай еңбек еткен асыл азаматтарын танып, оларды әспеттеуден басталады.

Содержание

КІРІСПЕ…………………………………………………………………………3-6

І ТАРАУ: К. НҰРПЕЙІСТІҢ ӨМІРІ МЕН ҒЫЛЫМИ -ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ


1.1 Кеңес Нұрпейістің шыққан ортасы және тарихшы болып қалыптасуы.............................................................................................................7-14

1.2 Ғалымның ғылыми ортасы мен қызметі......................................................15-29

ІІ ТАРАУ: АКАДЕМИК К. НҰРПЕЙІСТІҢ ҒЫЛЫМИ МҰРАСЫ

2.1 Кеңестік дәуірдегі Қазақстан тарихын зерттеуге арналған еңбектері…............................................................................................................30-42

2.2 Тәуелсіздік кезеңіндегі Алаш қозғалысы тарихын зерттеуге қосқан үлесі.......................................................................................................................43-57

2.3 Ғалым зерттеген тарихи тұлғалар................................................................58-67

ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................68-70

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................................71-73

Работа содержит 1 файл

Диплом Жанат апай.doc

— 472.00 Кб (Скачать)

Әкесі Нұрпейіс Нүсіпбайұлы  кезінде колхоз құруға ат салысқан, қудаланар алдында екі жыл  Кеген ауданында аудандық партия комитетінің хатшысы болған. Ұлы Отан соғысы қарсаңында жазықсыз ұсталып кетеді. Кішкентай Кеңес әкесін содан қайтып көрген емес. Әкесі көзі тірісінде екі әйел алып, К.Н. Нұрпейіс екінші әйелі Айымжаннан туылады. Алайда, ол кісі К.Н. Нұрпейіс бір жасқа толғанда сусамыр (қант диабеті) ауруынан қайтыс болып кетеді. Жөргегінде әкеден, одан кейін шешеден айырылған ол Нұрпейістің бірінші бәйбішесі Қойсынның қамқорлығында болады. Қойсын анасы да көп ұзамай 1943 жылы қайтыс болады да, артында Қаниза деген қызы, Әлі атты ұлы қалады. Буыны қатпаған Әлі кішкентай Кеңесті жетектей отырып, ауылдан оншақты шақырым жердегі Қарабұлақ ауылындағы балалар үйіне апарады. Ол бес жылдай (1942-1946 жж.) сол жердегі бастауыш мектепте оқиды.

Соғыстан кейінгі ауыр кезеңде 1946 жылы мектеп жабылып, балалар үйінде тұрып жатқан оқушылар мектептен кетуге мәжбүр болады. Әкелері соғыстан аман-есен келген балалар өз жанұясымен қайта қауышып жатса, ал тұлдыр жетімдер далада қалады. Бала Кеңес те әкесінің бір танысының үйінде отымен кіріп, күлімен шығып жүреді. Бірде оны әдеміше келген, қырықтарға таяп қалған қараторы келіншек іздеп келеді. Ол келіншек Тұрлыхан атты шөбере әпкесі жолдасы Нұрбек екеуі келіп, бала Кеңесті алып кетеді. Үшеуі 1946 жылдың күз айында Алматыға келіп орналасады.

К. Нұрпейіс әкесінің орнына әке, анасының орнына ана болған жездесі  мен әпкесі туралы: «Тұрлыхан деген  менің шөбере әпкем Алматыдағы тігін  фабрикасында саңлақ тігінші болған екен. Мені 1946 жылы алып келді, жағдай қиындаған, жұмыссыздық жайлаған заман. Жездем Нұрбек министрліктің қарапайым бір шаруашылық жағын басқарды, табысы аз. Сонда әпкем ісмерлігін пайдаланып, дүкеннен кездеме әкеледі де, киім тігеді. Тапқаны тамағына жетпей жүрсе де, мені басымнан аяғыма дейін комиссардың баласындай етіп киіндіреді. Ол кісілер маған жетімдік көрсетпеді. Үйлендірді, қолымда болды, екеуін де қолымнан жерледім. Екеуінің де басына белгі қойдым»,-деп ілтипатпен еске алады [11].  

Алматыға келгесін 1924 жылы негізі қаланған №18 Жамбыл атындағы ер балалар мектебінде 1952 жылға дейін оқиды. Бұл жерде Мария Александровна Крыловецкая, Кенжеалы Айманов, А. Мусин сияқты мықты педагогтардан оқу оқып, мектепті күміс медальмен бітіріп, орта білім  алып шығады [11].

Көрнекті ғалым Кеңес  Нұрпейістің өмір жолына, тағдырына ерекше әсер еткен себептер сан-салалы болды.

Біріншіден, өзі айтқандай  балалық, балғын кезінен ұйқысы мен  күлкісін ұрлаған «халық жауының  ұлы» деген қара таңбаның көп жылдар бойы ізінен қалмауы. Екіншіден, ғалымның зерттеушілік ғұмырының ең мол кезеңін алған Алашорда тарихы болуы. Үшінші бір тұсы – бесігін тербетіп, құндағын аялаған ел мен жердің, қазақ деген халықтың тарихына 1916 жылғы Ұлт-азаттық көтерілісінің қанды қырғын оқиғалары өткен Қарқара болып енуі. Міне, осы үш себептің жүгін арқалаған ұғымдар төркінінде тұлғалы ғалым, тұғырлы азаматтың өмірге деген көзқарасын қалыптастырған, ұлттық ой-жігердің, халықтық ар мен намыстың от-жалынын лаулатып, елін, жерін сүйген жүректің жасынын ойнатуына  әсер етсе керек [14].

Орта мектепті тәмамдағаннан кейін, 1952 жылы Республикадағы бірден-бір іргелі оқу орны болып саналатын С.М. Киров атындағы (қазіргі Әл Фараби атындағы КазҰУ) Қазақ мемлекеттік университетінің философия-экономика факультетіне оқуға түседі. Бұл факультеттің ашылғанына да аз уақыт болмасада, белгісіз себептерге байланысты екі жылдан кейін бөлім жабылып, орнына философия-экономика факультеті ашылады. Студент К.Нұрпейіс ойлана келе тарих факультетіне ауысуды жөн санайды. Аталмыш университеттің тарих факультетінде К.Н. Нұрпейіске  жоғары дәрежелі педагогтар дәріс беріп, жақсы білім алуына ықпал етеді.

К.Н. Нұрпейіс ізденіске  толы студенттік кезеңінде білім  берген ұстаздарын ерекше ықыласпен  еске алады: «Менің жеке басым қажырлы  да қайсар талант Е. Бекмахановтың, өз пәндерін терең меңгеріп, олардың мазмұнын аудиторияға жан-жақты жеткізетін Л.С. Фришманның, А.Н. Зайкиннің, А.Ә. Әлиевтің,             К.П. Коржованың дәрістерін барлық ықыласыммен тыңдайтын едім. Көпшілігіміз ауылдан келген жастар жоғарыда есімдері аталған аға-апаларға қарап ой түзеуді үйренсек, бой түзеуді ұлдар жағымыз сол кездегі жас мұғалімдер мен Университеттік комсомол ұйымының жетекшілері                  Т.Ә. Найзағариннен, Ж.О. Ибрашевтан, С.Б. Нұрмұхамедовтен, қыздар жағы Университетте жаңадан оқытушы болып жүрген Гауһар Күленова, Руфина Филлиповна Смирнова сияқты аға-апалардан қарап үйренді»,- дейді [11].

Осындай талантты ұстаздардан  білім алған Университет түлектерінің басым көпшілігі 30-40 жыл ішінде факультет  пен Университеттің атына кір  келтірмей еліне елеулі, халқына қалаулы азаматтар дәрежесіне жетіп, туған республикаларының рухани өмірін дамытуға айтарлықтай үлес қосты.

Студент Кеңес оқудың алғашқы күнінен бастап-ақ тәлімгер-педагогтар мен бірге оқитын жолдастарының  назарын, өзінің табандылығы мен  эрудициясына, сұңғыла ойы мен терең біліміне аудартады. Төменгі курста жүрген кезінде-ақ оның ғылыми баяндамалары мен хабарламалары оқытушылар мен студенттердің үлкен қызығушылығын тудырады. Өйткені осы еңбектерінде К.Н. Нұрпейіс өзін дереккөздерге талдау жасай алатын, ең бастысы, кез келген аудиторияда өз ұстанымын сауатты әрі дәлелді көрсете білетін болашақ зерттеуші ретінде көрсетті. Сол кездің өзінде-ақ ол, негізінен, дәстүрден де алыстап кетпей, тарихшылар мен қоғам қайраткерлерінің түрлі пікірлерін тарих ғылымындағы жаңа үрдістердің тууы мен дамуын бейнелей отыра, өзіндік бір ерекшелікпен жинақтады. Әрине, студент Кеңес те басқа жастар сияқты тоталитарлық идеология үстемдік еткен кеңестік тарих ғылымындағы маркстік-лениндік идеяларға сенді және сол идеологияның ықпалында тәлім алды. Сондықтан да, тарихи ойлары да біржақты көзқараспен жазылғандығы өмір шындығы.

Шынында да, ғалым ғылым  шыңындағы алғашқы қадамын сонау  студенттік жылдардан бастады. Себебі, Университеттегі аз ғана уақыт аралығында ол өзінің жұмысқа деген салмақты және жауапкершілікті көзқарасымен, аудитория ынтасын жаңа ғылыми идеяларға аудара білу, олардың сол уақытта өте өзекті, сонымен бірге ғылымда әрқилы бағаланып жүрген мәселелерге деген қызығушылығын оята алу дарынымен әріптестері мен студенттердің құрметіне ие болды [15]. Сондықтан университетті үздік бітірген Кеңес Нұрпейістің білім ордасында қалдырылуына ешкім де таңданбады. К.Н. Нұрпейіс С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеттің тарих факультетін 1956 жылы «Тарихшы, орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша, №006156 үздік дипломмен бітіріп шығады.

Көп ұзамай тарих факультетінің  деканы М. Ақынжановтың ұсынысымен арнайы степендия иегері, студенттердің  қоғамдық жұмыстарының белсенді мүшесі талапшыл жасты ұстаздары өзі  оқыған факультеттің «Жалпы тарих» кафедрасына оқытушылық жұмысқа алып қалады [16].  Бұл кафедраның сол кездегі меңгерушісі, тәжік ұлтының ұлы профессор Аббас Әлиев болды. «Жалпы тарих» кафедрасында қызмет істеген жылы К. Нұрпейіс үш пәннен: «Археология», «Этнография» және «Көне дәуір тарихынан» сабақ берді. Бөлімде 1958 жылдың ақпан айына дейін қызмет жасаған жас маман, сол жылдың ақпанында Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Қазақ ССР Ұлттық Ғылым Академиясының Тарих, археология және этнография институтына кіші ғылыми қызметкерлікке қабылданады. Бұл кезең ғалымның өміріндегі үлкен белесті кезең болды. Міне, осылайша ғалым- педагогтардан білім алып, үлкен тәрбие мектебінен өткен, жалынды жастық шағын артта қалдырып өмірдің жаңа жолын іздеуге бет бұрады.

Кеңес Нұрпейіс сияқты көптеген жас тарихшылардың алдында елінің тарихын таптық тұрғыда қарау міндеті қойылды және тарих ғылымында еліміздің Қазан төңкерісіне дейінгі тарихының мәселелерін қарастыруға рұқсат етілмеді. Бұған себеп, 1947 жылғы Қазақстан К(б)П Орталық Комитетінің қоғамдық ғылымдар саласында қуғын-сүргінді күшейтумен қатар қазақ халқының төңкеріске дейінгі рухани мұрасын насихаттауға, зерттеуге тыйым салынды. Сондықтан, ғалымдардың көпшілігі зерттеу жұмыстарын Қазақстанның жаңа тарихының мәселелеріне арнады.  

Кеңес Нұрпейістің де зерттеу еңбектерінде 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі мен 1917 жылғы революциялар тарихын, Кеңес өкіметінің қазақ жерінде орнауы мен ұжымдастыру мәселелеріне арнауы да уақыт талабына сай заңдылық болды. 

К. Нұрпейіс Қазақ ССР  Орталық Мемлекеттік мұрағатындағы, Омбы облысының Мемлекеттік мұрағатындағы, Семей облыстық Мемлекеттік мұрағатындағы, Шығыс-Қазақстан облысының мұрағатындағы, Павлодар облыстық мұрағаты мен Целиноград облыстық мұрағаттарындағы жекелеген құжаттарды негізге ала отырып, Қазақстандағы социалистік революция жеңісі мен мемлекеттік билік органы жұмысшылар диктатурасына айналу процесін қарастырды және тарихи әдебиетте алғаш болып қазақ ауылдарындағы кеңестердің құрылу мәселесін зерттеді. Осындай үлкен ізденістердің нәтижесінде, 1963 жылы «Қазақстандағы Октябрь революциясы мен азамат соғысының тарихы»,  «Қазақстандағы Кеңестер билігі үшін күрес» естеліктер жинағын, «Орта Азия мен Қазақстандағы шетел интервенциясы және азамат соғысы» атты құжаттар мен материалдар жинағының І томын, 1964 жылы ІІ томын жарыққа шығарды.

К. Нұрпейіс үнемі тарихи зерттеудің жаңа жолы мен әдістерін  іздеу үстінде жүрген және еңбектері  әділ де, көңілге қонарлық шешімін  алып отырды. Әсіресе, бұдан кейінгі  жылдарда ғалымның зерттеу еңбектеріне    1918-1920 ж.ж. ұлттық-мемлекеттік құрылыс, Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасының құрылу тарихы, Орта Азия Республикалары мен Қазақстанның ұлттық, территориялық межеленуі, Кеңес өкіметінің Қазақстандағы аграрлық реформалары, республикадағы қоғамдық-саяси өмір мәселелері енді. Олар: 1970 жылы «Қазақстан Советтерінің І Құрылтай съезі», 1980 жылы «Қазақстан – республикам менің», 1985 жылы                                   Г.Ф. Дахшлейгермен бірігіп орыс тілінде «Қазақстан шаруаларының тарихы» атты еңбегін, 1987 жылы «Қазақстан Кеңестерінің құрылуы» және 1988 жылы тарихшы В.С. Познанскиймен бірігіп «Куйбышев және Қазақстан» кітаптарын [17] жарыққа шығарды.

1978-1981 жылдар ғалым  үшін өте бір жемісті жылдар  болды, осы кезеңде негізгі  авторлардың бірі ретінде көне заманнан бүгінге дейінгі «Қазақ ССР тарихын» шығаруға қатысуы үлкен маңызға ие болды. Осы жұмысы үшін     1982 жылы Ш. Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институтының біраз ғалымдарымен (Ә.Х. Марғұлан, Г.Ф. Дахшлейгер.         К.А. Ақышев, К.Н. Нұрпейіс, Б.Н. Әбішова) бірге Қазақ КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағын алды. Осы жылдары институт қызметкерлері даярлаған Ш.Ш. Уәлиханов еңбектерінің жаңа екінші басылымы,                         Ы. Алтынсарин шығармаларының үш томдығы, Ә.Х. Марғұланның ұлттық өнер тарихына арналған зерттеулері және басқа іргелі еңбектер жарық көрді [18].

Кеңес империясы ыдырап, еліміз егемендік алғаннан кейін  қоғамымыздың қайта жаңарып демократиялануы  отандық тарих ғылымының жаңа тарихи контексте жазылуына, ХХ ғасырдың басындағы тарихымыздың «ақтаңдақ» беттерін ашуға, сол заманда өмір сүрген тоталитарлық жүйеге қарсы  күрескен тұлғаларды ақтауға, кеңестік дәуірдегі қуғын-сүргін саясатын әшкерелеуге мүмкіндік туғызды. Осыған байланысты Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев Дүние жүзі қазақтарының бірінші құрылтайының мәжілісінде сөйлеген сөзінде: «...Бүгінгі бостандықтың, бүгінгі тәуелсіздіктің өзінен-өзі келіп басымызға қона қалмағанын, азаттық үшін миллиондаған адамдардың қаны шашылып, жаны қиылғанын, зардап шеккенін де сіздер жақсы білесіздер. Бүгінгі күн ата-бабаларымыздың талай ғасырлар бойғы арманы еді. Отаршылдықтың темір құрсауының отызыншы жылдардағы ашаршылық пен Сталиндік жаппай жазалау құрбандарының, Ұлы Отан соғысында от ортасынан оралмаған боздақтардың кешегі желтоқсанда ұлттық намысын қолдан бермеу үшін, халықтың сағын сындырмау үшін бел буып шыққан жастарымыздың арманы еді» [19]-деп атап айтқан болатын. Елбасының осы маңызды тұжырымы ұлт-азаттық қозғалыс тарихын жаңаша тарихи тұрғыда зерттеуді қажет етті.

Кеңес Нұрпейістің ғалым  ретіндегі де, азамат ретіндегі де тұлғасы еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін ашыла түскендігін оның осы тұстағы жазған еңбектері, көтерген мәселелері мен соны тұжырымдары  айқын көрсетеді. Бұл тұрғыда  ең алдымен Алаш партиясының құрылуы, мақсат-міндеттері мен оның жетекшілері, 1921-1922 жылдардағы ашаршылық, 1937 жылғы зұлмат жөнінде жазған еңбектерін ерекше атау қажет. Бұл мәселе көлемінде, «Алаш және Алашорда тарихының зерттелуі хақында», «Ғасыр басындағы ұлттық интеллигенция» , «Алаш қозғалысы және оның жетісулық қайраткерлері», «Бәріненде шындық қымбат», «Народная трагедия Казахстана в период «Великого перелома» и «классового натиска» (голод 20-30 годов ХХ века)», «Ұлт тарихына жаңаша көзқарас», «Завершение эксперимента (Казахстан в годы НЭПа)» [20]  тақырыптарына тың мақалалар жариялап, конференцияларда баяндамалар жасап, олардағы жаңа деректерді ғылыми айналымға қосып, тың ойлар айтып жаңа көзқарастың дамуына үлкен үлес қосты.

Қоғамдағы түбегейлі  өзгерістер кезеңінде ғалым алғашқылардың бірі болып ХХ ғасырдың бас кезіндегі ұлт-азаттық қозғалыс тарихын, 1917 жылғы ақпан және қазан революциялары мен Алаш қайраткерлері жетекшілік еткен Қазақ Автономиясының тарихын объективті тұрғыдан зерттеу мәселесін көтерді. Аталмыш тақырыптарды зерттеу барысында К.Н. Нұрпейіс терең тамырлы тарихи шындықтан туындаған мәселелерді ашып көрсетуді басты мақсат етті.

Академик еліміз тәуелсіздік  алған жылдары институттың келешек  зерттеулерінен орын алған Алаш қозғалысының жетекші қайраткерлері   Әлихан Бөкейхановтың, Ахмет Байтұрсынұлының, Міржақып Дулатұлының, Мұстафа Шоқайұлының, Мұхамеджан Тынышбаевтың, Халел Досмұхамедұлының, Әлімхан Ермеков сияқты т.б. қоғам қайраткерлерінің шығармалары, олардың өмірі мен қызметіне байланысты жаңа мұрағаттық құжаттар мен Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мұрағатынан алынған тың деректерді пайдаланып, ғылыми айналымға енгізе отырып, халық қалаулыларының есімін халқымен қайта қауыштырады. Түйіндеп айтқанда, ғалым Алашорда тарихын қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы тарихымен жалпы контексте қарастырады [21]. Яғни, Алаш қозғалысын зерттеудің методологиялық мәселелері мен деректемелік негізін айқындап береді. Ғалымның пікірінше Алаштану саласында зиялы қауым бірлесіп зерттейтін, ғылыми шешімін күтіп отырған мәселелер жетерлік. Олардың ішінде кейбір маңыздыларының қатарында: Алаштың әлеуметтік, саяси,  және экономикалық бастау көздері; Оның ХХ ғасырдың алғашқы жиырма жылындағы Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріндегі алатын орны мен атқаратын рөлі; 1917 жылғы екі төңкеріс аралығындағы  Алаштың басқа партиялармен өзара қатынасы мен байланысы; Алаш пен Алашорда және Кеңес өкіметі; Алаш қозғалысының ішкі қайшылықтары және оның көріністері; Алаш қозғалысының көрнекті қайраткерлерінің көзқарас эволюциясы; Алаш қозғалысына қатысушылардың 1920 жылдан кейінгі қасіреті; Алаш қозғалысы және Орта Азия мен Еділ бойының түркі тілдес, мұсылман діндес халықтарының саяси партиялары мен қоғамдық қозғалыстарымен байланысы; Алаш қозғалысы және бүгінгі Қазақстан, т.с.с. көрсете отырып, осы аталған мәселелердің әрқайсысы жеке-жеке ғылыми-зерттеу жұмыстарына желі бола алатындығын алға тартады.

Информация о работе Академик Кеңес Нұрпейісұлының өмірі мен Отан тарихына қосқан үлесі