Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 20:08, дипломная работа
Дипломдық жұмыс алдына қойылған негізгі мәселе – акционерлік кәсіпорындар туралы нақты түсінік беріп, оның артықшылықтары мен кемшіліктерін қарастырып, оның қазіргі уақыттағы тиімділігін анықтау. Дипломдық жұмыс заң негізінде жазылған, себебі оны жазу барысында Қазақстан Республикасының 2003 жылы 13 мамырда шыққан «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңы қолданылды.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында меншік түрлерінің ішінде акционерлік меншіктің үлесі өсіп келе жатыр. Ал көптеген дамыған елдерде акционерлік меншіктің үлкен үлесі норма болып табылады. Демек, Қазақстан Республикасы сы осы аяда даму үстінде деп айтуға болады. Дипломдық жұмыс меншіктің осы түріне арналып, оның тиімділігін қарастырған.
Кiрiспе
1. Меншіктің акционерлік формасының теориялық негіздері
1.1 Меншіктің акционерлік формасының экономикалық мазмұны, қалыптасуы және қызмет етуінің әдістері
1.2 Акционерлік қоғамды құру жолдары және оның қатысушылары
1.3 Меншіктің акционерлік формасының артықшылықтары
және кемшіліктері
2 «Қазақтелеком» акционерлік қоғамның қызмет ету тиімділігін талдау және бағалау
2.1 «Қазақтелеком» акционерлік қоғамның 2006-2008 жылдар аралығында техникалық-экономикалық көрсеткіштерін талдау
2.2 «Қазақтелеком» акционерлік қоғамның қаржылық жағдайының көрсеткіштерін талдау.
2.3
3. Акционерлік қоғамдардың қызмет етуінің тиімділігінің көтеру жолдары
3.1 Қазақстан Республикасында акционерлік қоғамдардың қызмет ету тиімділігінің көтеру жолдары
3.2 Қазақстандық тәжірибеде акционерлік қоғамдардың қызмет етуінің шетелдік тәжірибесін қолдану
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тiзiмi
«Акционерлік қоғам» туралы заңға сәйкес кумулятивті дауыс беру бұл - АҚ-ң дауыс беруге қатысатын әрбір акциясына акционерлік қоғамның коллегиялық органының мүшелерінің санына тең дауыс көлемі берілетін дауыс беру тәсілі. Директорлар енңесінің мүшелерін тағайындау акционерлер жиналысына қатысқан дауыс берушілер арқылы жүргізіледі, себебі бұл жағдайда директорлар кеңесінің бүкіл құрамы емес, тек оның бір мүшесіне дауыс беріліп жатыр, яғни, бір акция арқылы бір дауыс беруге болады.
Қоғам акционерінің міндеттері:
-қоғамның құрылтай құжаттарында және заңда көзделген тәртіппен акцияларды төлеуге;
-өзіне тиесілі акцияларды сату жөнінде ірі мәміле жасау ниеті туралы қоғамға хабарлауға;
-тізілімді ұстаушыларға немесе осы акционерге тиесілі акцияларды атаулы ұстаушыға қоғамның акцияларын ұстаушылардың тізілімін жүргізуге қажетті мәліметтердің өзгергендігін 10 күн ішінде хабарлауға;
-қоғамның коммерциялық құпия болып табылатын қызметі туралы мәліметтерді жария етпеуге міндетті.
Қоғам өз акционерлеріне басқа міндеттерді жүктей алмайды.
1) құрылтай жиналысында құрылтайшылар
қоғамды құру туралы шешім
қабылдайды және қоғамды құру жөніндегі бірлескен қызмет тәртібін
2) құрылтай шарты жасайды;
3) құрылтайшылар төлейтін
жарғылық капитал мөлшерін
белгілейді;
4)
жарияланған акциялардың, соның ішінде
құрылтайшылар төлеуге тиісті акциялардың санын белгілейді;
5) шығарылатын болып жарияланған
акцияларды мемлекеттік тіркеу
туралы шешім қабылдайды;
6) қоғамның тіркеушісін таңдайды;
7) мемлекеттік тіркеуге
арналған құжаттарға қоғам
атынан қол қоюға уәкілетті адамдарды сайлайды;
8) қоғам құрылтайшыларының
жарғылық капиталды төлеуге енгізілетін
мүлкін Қазақстан Республикасының заңдарына
сәйкес бағалайтын адамдарды белгілейді;
9) қоғамның органдары құрылғанға
дейін қоғамның қаржы-шаруашылық қызметін
жүзеге асыруға және үшінші
тұлғалар алдында оның мүдделерін
білдіруге уәкілетті адамдарды сайлайды;
10) қоғамның жарғысын бекітеді.
Қоғамның бірінші
құрылтай жиналысында әрбір
құрылтайшының бір дауысы
болады. Егер құрылтай
шартында өзгеше белгіленбесе,
кейінгі құрылтай жиналыстарында
әрбір құрылтайшының
бір дауысы болады.
Құрылтай жиналысының
шешімдері қоғамның барлық
құрыл- тайшылары қол
қоюға тиісті хаттамамен
ресімделеді.
Құрылтай шартының қолданылу кезеңінде талаптар сақталған
жағдайда оған өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
Құрылтай шартында
жазылған мәліметтер
коммерциялық құпия болып
табылады. Құрылтай шарты құрылтайшының мемлекеттік
органдарға, сондай-ақ үшінші тұлғаларға
заң актілерінде белгіленген
жағдайларда ғана берілуге
Құрылтай шартының
қолданылуы жарияланған
акцияларды шығарылуы мемлекеттік
тіркелген күннен бастап
тоқтатылады. Қоғам заң
актілерінде белгіленген тәртіппен
жұмыс істеп тұрған
заңды тұлғаны қайта
құру ( біріктіру, қосу, бөлу,
бөліп шығару, өзгерту)
жолымен құрылуы мүмкін.
Қоғамды қайта ұйымдастыру (біріктіру, қосу, бөлу, бөліп шығару,
қайта құру) ҚР-ң Азаматтық Кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Жаңа қоғамның жарғысын бекітуді және басқару органдарын сайлауды жаңадан пайда болған қоғам органдарының ұсынысы бойынша, қайта ұйымдастыру туралы шартта белгіленген мерзімде өткізілетін акционерлердің жалпы жиналысы жүзеге асырады.
Қоғамдардың бірігуі. Екі немесе бірнеше қоғамның соңғысының қызметін тоқтатып, нысанындағы барлық мүліктерін, құқықтарын және міндеттерін өткізу актісіне сәйкес беру жолымен жаңа қоғамның пайда болуы қоғамдардың бірігуі болып саналады.
Бірігуге қатысқан әрбір қоғамның директорлар кеңесі бірігу нысанында қайта ұйымдастыру туралы өткізу актісін және бірігу туралы шартты бекіту туралы мәселені акционерлердің жалпы жиналысының шешуіне ұсынады. Қоғамдардың бірігуі туралы шартта бірігуге қатысқандардың әрқайсысының атаулары, орналасқан жері туралы, олардың баланстарының негізгі деректері болуы тиіс, сондай-ақ бірігу тәртібі мен шарттары, атап айтқанда, бірігуге тартылған қоғамның акцияларын құрылған қоғамның акцияларына айырбастау тәртібі көзделуі тиіс. Барлық аталған ақпарат қоғамның акционерлеріне баспасөз басылымдарында жариялау арқылы берілуі тиіс.
Бірігуге қатысатын әрбір қоғамның акционерлерінің жалпы жиналысы заңда белгіленген тәртіппен бірігу нысанында қайта ұйымдастыру, өткізу актісін және бірігу жөніндегі шартты бекіту туралы шешім қабылдайды. Жаңа қоғамның жарғысын бекіту және органдарын сайлау бірігу туралы шартпен айқындалатын мерзімде өткізілетін жаңадан пайда болған қоғам акционерлерінің жалпы жиналысында жүзеге асырылады. Жаңадан пайда болған қоғам акционерлерінің жалпы жиналысын шақырудың және өткізудің тәртібіне байланысты ерекшеліктер бірігу туралы шартпен айқындалады. Бірігуге қатысатын қоғамдардың әрқайсысы өзінің барлық несие берушілеріне бірігу туралы жазбаша хабарлама жіберуге және баспасөз басылымдарында тиісті хабарландыру беруге міндетті. Хабарламаға басқа да қоғамдар туралы мәліметтер қоса беріледі.
Қайта ұйымдастырылатын қоғамдардың несие берушілері хабарламаны алған немесе хабарландыру жарияланған күннен бастап 2 ай мерзімде қоғамнан қосымша кепілдіктерді немесе қоғамның тиісті міндеттемелерін мерзімнен бұрын тоқтатуды немесе орындауды және залалдарды өтеуге талап етеді.
Қоғамның қосылуы. Қосылатын қоғамның мүліктерін, хұқықтарын және міндеттерін тиісті өткізу актісіне сәйкес басқа қоғамға өткізу мен оның қызметінің тоқталуы қоғамдардың қосылуы деп аталады.
Қосылатын қоғамның директорлар кеңесі акционерлерінің жалпы жиналысының қарауына қосылу нысанында қайта ұйымдастыру туралы мәселені, өткізу актісін және қосылу туралы шартты бекітуге ұсынады. Қосылу туралы шарттың мазмұны ″Акционерлік қоғам туралы" заңның талаптарына сәйкес болуы тиіс.
Қосылатын қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы қосылу нысанында қайта ұйымдастыру туралы, өткізу актісін және қосылу туралы шартты бекіту туралы шешім қабылдайды. Оған қосылу жүзеге асырылатын қоғамның директорлар кеңесі акционерлердің жалпы жиналысының қарауына оған басқа қоғамның қосылуы нысанында қоғамды қайта ұйымдастыру туралы, өткізу актісін және қосылу туралы шартты бекіту туралы мәселені енгізеді.
Оған қосылу жүзеге асырылатын қоғамның жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешімнің қажеттілігі туындаған жағдайда, онан қосылу жүзеге асырылатын қоғам акционерлерінің және қосылатын қоғам акционерлерінің бірлескен жалпы жиналысында қабылданады.
Қоғамның директорлар кеңесінің шешімі бойынша егер қосылатын қоғамның активтерінің және міндеттемелерінің сомасы оған қосылу жүзеге асырылатын қоғамның өз капиталының 5%-ынан аспаса, бір қоғамның екінші қоғамға қосылуына жол беріледі. Мұндай жағдайда қосылу нысанында қайта ұйымдастыру туралы шешімді қоғамның директорлар кеңесі қабылдайды.
Қосылуға қатысатын қоғамдардың несие берушілеріне хабарлау міндеті, сондай-ақ осындай қоғамдарға қатысты несие берушілердің құқықтары заң бойынша айқындалады.
Қоғамның бөлінуі. Қайтадан ұйымдастырылатын қоғамның акцияларын кейіннен жаңадан құрылатын қоғамдардың акцияларына айырбастаумен осы қоғамның барлық мүліктерін жаңадан пайда болған қоғамдар арасында бөлу арқылы қоғамның барлық мүлкін, құқықтарын және міндеттерін өткізу мен қоғамның қызметін тоқтатуды жүзеге асыру қоғамды бөлу болып табылады.
Бөліну нысанында қайта ұйымдастырылатын қоғамның директорлар кеңесі акционерлердің жалпы жиналысының қарауына бөліну нысанында қоғамды қайта ұйымдастыру, жаңа қоғамды құру, қайтадан ұйым-дастырылатын қоғамдардың бағалы қағаздарын құрылатын қоғамның бағалы қағаздарына айырбастау және бөлініс балансын бекіту туралы мәселелерді енгізеді.
Акционерлердің жалпы жиналысы қабылдаған қоғамның бөлінуі туралы шешім қайтадан ұйымдастырылған қоғамның акцияларын жаңадан құрылған қоғамның акцияларына айырбастау тәртібін, сондай-ақ қайтадан ұйымдастырылатын қоғамның бұрынғы шығарылған акцияларының әрбір түріне арналған, аталған акциялардаң түрлері мен атаулы құнының айырбастау кезінде қолданылатын арақатынасын айқындауы тиіс. Бұл ретте акциялардаң бір түрін иеленгендерге берілетін құқықтар (оның ішінде айырбастауға арналған акцияларды таңдау) бірдей болуы тиіс.
Қайтадан ұйымдастырылатын қоғамның кез-келген акционерлеріне оған тиесілі акцияларды жаңадан құрылған қоғамның акцияларына айырбастау нәтижесінде берілетін құқықтар оған қайтадан ұйым-дастырылатын қоғамның жарғысымен берілген құқықтармен салыстырғанда кемітілмейді немесе шектелінбейді. Егер қоғамның жарғысында өзгеше көзделмесе, оны бөлу кезінде әрбір акционер қайтадан ұйымдастырылатын қоғамның шығарған акцияларының жалпы санына оның акцияларының %-дық арақатынасын сақтайды. Қоғам оның акционерлерінің жалпы жиналысында бөлу туралы шешім қабылдаған сәттен бастап бұл шешім туралы шешім қабылдағаннан кейін туындаған міндеттер бойынша несие берушілерге хабарлауға міндетті.
Қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы бөліну туралы шешім қабылдаған күннен бастап 2 ай мерзімде өзінің барлық кредиторларына бөліну туралы жазбаша хабарлама жіберуге және баспасөз басылымында тиісті хабарлау жариялауға міндетті. Хабарламаға бөліну балансы, сондай-ақ жаңадан пайда болған қоғамның әрқайсысының атауы, орналасқан жері туралы мәліметтер қоса беріледі.
Қайта ұйымдастырылған қоғамның несие берушілері хабарламаны алған күннен бастап 2 ай мерзімде қоғамнан қоғамның тиісті міндеттерін мерзімнен бұрын атқаруды және залалдарды өтеуді талап етуге құқы бар. Қоғамнан бөліну нәтижесінде пайда болған қоғамдар қайта ұйымдастырылған қоғамның міндеттемелері бойынша бірлескен жауап-
кершілікте болады.
Қоғамнан бөлініп шығуы. Қызметін тоқтатпастан қайта ұйымдасты-рылатын қоғамның мүліктерінің, құқықтарының және міндеттерінің бір бөлігін өткізумен бір немесе бірнеше қоғамды құру қоғамның бөлініп шығуы болып танылады. Қайта ұйымдастырылатын қоғам акционерлерінің жалпы жиналысының қарауына бөлініп шығу нысанында қоғамды қайта ұйымдастыру туралы, бөлініп шығудың тәртібі мен шарттары, бөлініс балансы туралы және жаңа қоғам құру туралы мәселелерді енгізеді. Қайта ұйымдастырылатын қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы бөлініп шығу нысанында қайта ұйымдастыру, жаңа қоғамдар құру және қайта ұйымдастыратын қоғамның бағалы қағаздарын құрылатын қоғамның бағалы қағаздарына айырбастау тәртібі және бөлініс балансын
бекіту туралы шешім қабылдайды.
Қоғамның бөлініп шығуы кезінде қайта ұйымдастырылатын қоғамның құқықтары және міндеттері бөлініс балансына сәйкес оған өтеді.
Қоғамды қайта құру. Қоғам оған қайта құрылатын қоғамның барлық құқықтары мен міндеттері өткізу актісіне сәйкес өтетін жауапкершілігі шектеулі серіктестік немесе өндірістік кооператив болып қайта құрылады.
Қайта құрылатын қоғамның директорлар кеңесі акционерлердің жалпы жиналысында қарауға қоғамды қайта құру, қайта құруды жүзеге асырудың тәртібі мен шарттары, қоғамның акцияларын шаруашылық серіктестігіне қатысушылардың салымдарына немесе өндірістік кооперативтің жарналарына айырбастау туралы мәселелерді ұсынады.
Қайта құрылатын қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы қоғамды қайта құру, қайта құруды жүзеге асырудың тәртібі мен шарттары, қоғамның акцияларын шаруашылық серіктестігіне қатысушылардың салымдарына немесе өндірістік кооперативтің жарналарына айырбастау тәртібі туралы шешім қабылдайды.
Қайта құру кезінде құрылған жаңа заңды тұлғаның қатысушылары өздерінің бірлескен отырыстарында оның құрылтай құжаттарын бекіту және органдарын сайлау (тағайындау) туралы шешімді заң актілеріне сәйкес қабылдайды. Қоғамды қайта құру кезінде қатысушының шаруашылық серіктестігінің жарғылық капиталындағы үлесі оған тиесілі акциялардың қоғамның шығарған акцияларының жалпы санына %-дық арақатысы негізінде айқындалады.
Қоғамды тарату. Қоғамды ерікті тарату туралы шешім несие берушілердің келісімдері бойынша және олардың бақылауымен тарату рәсімін белгілейтін акционерлердің жалпы жиналысында заң актілеріне сәйкес қабылданады. Жиынтығы қоғамның шығарған акцияларының 5 және одан да көбін иеленуші акционерлер қоғамның тарату комиссиясында өкілін ұстауға қақылы.
Сот қоғамды мәжбүрлеп тарату туралы шешімді:
-банкроттық туралы мәлімдеген;
-қоғамды құру кезінде жоюға келмейтін сипатта заңдарды бұзуға жол берілуге байланысты қоғамды тіркеу жарамсыз деп танылған;
-жабық қоғамның акционерлерінің саны белгіленген мөлшерден асып кеткен жағдайда;
-заң актілерінде көзделген басқа жағдайларда шығара алады.
Таратылған қоғамның мүлкін акционерлер арасында бөлу. Қоғамның қалған мүлкін акционерлердің арасында тарату комиссиясы мынадай кезектілікпен бөледі:
Информация о работе Меншіктің акционерлік формасының теориялық негіздері