Меншіктің акционерлік формасының теориялық негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 20:08, дипломная работа

Описание работы

Дипломдық жұмыс алдына қойылған негізгі мәселе – акционерлік кәсіпорындар туралы нақты түсінік беріп, оның артықшылықтары мен кемшіліктерін қарастырып, оның қазіргі уақыттағы тиімділігін анықтау. Дипломдық жұмыс заң негізінде жазылған, себебі оны жазу барысында Қазақстан Республикасының 2003 жылы 13 мамырда шыққан «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңы қолданылды.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында меншік түрлерінің ішінде акционерлік меншіктің үлесі өсіп келе жатыр. Ал көптеген дамыған елдерде акционерлік меншіктің үлкен үлесі норма болып табылады. Демек, Қазақстан Республикасы сы осы аяда даму үстінде деп айтуға болады. Дипломдық жұмыс меншіктің осы түріне арналып, оның тиімділігін қарастырған.

Содержание

Кiрiспе

1. Меншіктің акционерлік формасының теориялық негіздері
1.1 Меншіктің акционерлік формасының экономикалық мазмұны, қалыптасуы және қызмет етуінің әдістері
1.2 Акционерлік қоғамды құру жолдары және оның қатысушылары
1.3 Меншіктің акционерлік формасының артықшылықтары
және кемшіліктері
2 «Қазақтелеком» акционерлік қоғамның қызмет ету тиімділігін талдау және бағалау
2.1 «Қазақтелеком» акционерлік қоғамның 2006-2008 жылдар аралығында техникалық-экономикалық көрсеткіштерін талдау
2.2 «Қазақтелеком» акционерлік қоғамның қаржылық жағдайының көрсеткіштерін талдау.
2.3
3. Акционерлік қоғамдардың қызмет етуінің тиімділігінің көтеру жолдары
3.1 Қазақстан Республикасында акционерлік қоғамдардың қызмет ету тиімділігінің көтеру жолдары
3.2 Қазақстандық тәжірибеде акционерлік қоғамдардың қызмет етуінің шетелдік тәжірибесін қолдану

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тiзiмi

Работа содержит 1 файл

kaztel.doc

— 758.50 Кб (Скачать)

Дебиторлық қарыздың өтiмдiлiк көрсеткiшi оның ақша құралдарына айналу жылдамдығын  бейнелейдi, яғни бұл да айналымдылық. Осылайша, дебиторлық қарыздың сапасының  және өтiмдiлiгiнiң көрсеткiшi оның айналымдылығы болады.

Айналымдылық коэффициентi өнiм өткiзуден (қызмет көрсетуден) түскен табыс көлемiнiң орташа дебиторлық қарызға қатынасымен анықталады. Оның формуласы келесi түрде болады:

 

                  Кд=                                                                                             (7)

 

Кд- дебиторлық қарыздың айналымдылық коэффициентi

Р- өнiм өндiру (қызмет көрсетуден) түскен табыс.

Зд- орташа дебиторлық қарыз

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7 кесте

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бұл коэффициент қарыз  қанша рет пайда болып және қарастырылып отырған мерзiмде кәсiпорынға  канша рет түсетiнiн көрсетедi.

Дебиторлық қарыздың айналымдылығы күнмен де есептелуi мүмкiн (Од) Бұл көрсеткiш оны қайтаруға қажеттi күндердiң орташа санын көрсетедi. Мерзiмдегi күн санын және айналымдылық коэффициентiнiң қатынасы ретiнде анықталады.

 

Од=Д :       немесе     Од=                                                  (8)   

Мұндағы:

З -мерзiм соңына қарыз суммасы

Д-мерзiм ұзақтығы.

Р- өнiм өндiруден (қызмет көрсетуден) түскен табыс.

 

Берiлген есептемеде қарыз  мерзiм соңына алынғандықтан, ең соңғы  мәлiметтерге көңiл бөлу керек.

 «Қазақтелеком» АҚ -да жыл iшiнде орташа дебиторлық қарыз 23575,5 млн теңге, ал өнiм өткiзуден түскен табыс 187408 млн тенге құрады.

Осыдан Кд=187408 : 23575,5=7,9

Бiр айналым ұзақтығы (күнмен есептегенде) Од=360 : 7,95 =45

Алдыңғы жылда ол 42 күн  құраған, онымен салыстырғанда дебиторлық қарыздың айналымдылығының бәсеңдеуi байқалады. Оған себеп болуы мүмкiн:

-көрсеткiштердiң төлем  қабiлеттiлiгiнiң нашарлауы

-сатып алушыларға  өнiмдi уақытында жеткiзбеу

-төмен сапа немесе  басқа да келiсiмдiк мiндеттемелердi бұзу есебiнен, алынған өнiмге сатып алушылардың ақша төлеуден бас тартуы.

«Қазақтелеком» АҚ -да төлемдер кешiгуi үш және одан көп ай құрайды.

Мерзiмi өтiп кеткен дебиторлық қарыздың болуы кәсiпорын басшылығына  оны қайтаруға шаралар қолдану  керектiгiн көрсетедi.

Баланс активтерiнiң  талдауын аяқтай отырып, оларды бейнелейтiн көрсеткiштердi қарастырған жөн.

Баланс активтерiнiң  пайда болу көздерiн талдау.

Ендi баланс активтерiнiң  пайда болу көздерiнiң талдауын өткiземiз. Мұнда ескеретiн жағдай, кәсiпорынның мүлкiнiң түсуi, құрылуы, сатып алынуы меншiктi немесе қарыздық (тартылған) капитал есебiнен жүзеге асуы мүмкiн, олардың ара- қатынасы кәсiпорынның қаржылық тұрақтылығының мәнiн ашады.

Нарықтық қатынастар шарттарында кәсiпорын қызметi және дамуы өзiн-өзi қаржыландыру есебiнен, яғни жеке капитал есебiнен жүзеге асырылады.  Меншiктi қаржылық ресурстардың жетiспеушiлiгi жағдайында қарыздық құралдар тартылады.  Осы шарттарда сыртқы қарыздық көздерден қаржылық тәуелсiздiк үлкен мәнге ие, бiрақ сыртқы қарыздық көздер болмаса кәсiпорынның қызмет етуi қиынға соғады.

Сондықтан, қаржылық есептеменiң  ағымдық активтерiнiң құрылу көздерiн шектеу керек. Олардың минимальды бөлiгi таза айналым капиталының есебiнен (жеке айналым құралдары) өндiрiстiк бағдарламаны жүзеге асыру үшiн норматив құралады.  Бөлек кезеңдерде пайда болатын, минимальды қажеттiлiктен жоғары ағымдық активтерде қосымша қажеттiлiк банк несиелерiмен және кредиторлық қарызбен жабылады.  Банк несиелерi де, кредиторлық қарыз да қарыздық құралдарға жатады.

Кәсiпорынның қаржылық есептемесi активтерiнiң қалыптасу көздерiн  талдау процесiнде меншiктi және қарыздық капиталдың фактiлiк көлемi, есептiк  жылда олардың өзгерiсiнiң себептерi анықталады, оларға сәйкесiнше баға берiледi.  Мұнда меншiктi капиталға басты назар аударылады, себебi меншiктi құралдардың көздерiнiң запасы қаржылық тұрақтылықтың запасы болып табылады.  Меншiктi капиттталдың тек фактiлiк көлемiн ғана емес, сонымен бiрге кәсiпорынға кәсiпорынға авансталған капиталдың жалпы суммасында оның үлес салмағын анықтау керек.

Арнайы әдебиетте бұл  көрсеткiш әр түрлi атқа ие (меншiк  коэффициентi, тәуелсiздiк коэффициентi, автономия коэффициентi), бiрақ оның мәнi бiр - ол бойынша кәсiпорын қаншалықты қарыздық құралдардан тәуелсiз екенiн және меншiктi құралдарды басқару қабiлеттiлiгiн көрсетедi.

Тәуелсiздiк коэффициентi- меншiктi капиталдың барлық авансталған капиталға  қатынасымен анықталады.

 

Формуласы : Кн=                                                                             (9)

Мұндағы :

Кн – тәуелсiздiк коэффициентi

Ск –меншiктi капитал

Ак – авансталған капитал (нәтиже, яғни баланс валютасы).

Оның өсуi кәсiпорынның қаржылық тәуелсiздiгiнiң  өсуiн және болашақ уақытта қаржылық қиыншылықтар тәуекелдiлiгiнiң төмендеуiн көрсетедi. Батыс экономистерiнiң көзқарасы бойынша , тәуелсiздiк коэффициентiн жоғары деңгейде ұстап тұрған жөн. Бұл өз алдына құралдар көздерiнiң тұрақты құрылымын ұстап тұруға мүмкiндiк бередi.

Осындай құрылымды инвесторлар және қарызгерлер жақтайды, себебi ол кәсiпорын тарапынан өз мiндеттемелерiн төлеуге кепiлдiгiн көтередi. Кәсiпорынның меншiктi құралдары неғұрлым көп болса, соғұрлым оған тұрақты қызмет етуге және нарық шарттарын жеңуге оңай болады.

Сондықтан көптеген кәсiпкерлер әр түрлi резервтiк қорлар құру жолымен және жарғылық қорға бөлiстiрiлмеген пайданы тiкелей аудару жолымен меншiктi капитал суммасын өсiруге тырысады.

Қаржылық талдау бойынша әдебиеттердiң  бiрнеше авторларының ойынша, дамыған  нарықтық қатынастар шарттарында қызмет ететiн кәсiпорындар үшiн, инвесторлар және кредиторлар алдында тұрақты қаржылық жағдайды қамтамасыз ететiн , жеке капиталдың олардың жалпы суммасына қатынасына көлемi 0,6 деңгейi болу керек.

Профессор А.Д.Шеремет бұл көрсеткiштiң минимальды мәнiн 0,5 деңгейiнде, яғни кәсiпорын өзiнiң меншiктi құралдарымен барлық мiндеттемелерiн жабады.Сондықтан құралдардың көздерiн және құрылымын зерттеп, баға беру керек, оларды орналастыруда оңтайлылықты орнатуға мүмкiндiк бередi.Нарықтық шаруашылық жағдайында ол iшкi және сыртқы ақпаратты пайдаланушылармен жүргiзiледi.

Ақпаратты сыртқы пайдаланушылар, мысалы банктер және кредиторлар авансталған  капиталдың жалпы суммасында меншiктi капиталдың үлесiнiң өзгеруiн қаржылық тәуекелдiлiк тұрғысынан, келiсiм- шарт жасасу негiзiнде бағалайды.

Меншiктi капиталдың үлесi азайған  жағдайда, тәуекелдiлiк дәрежесi өседi.

Кәсiпорын капиталының құрылымын  зерттеу кәсiпорын қызметiнiң кеңеюi немесе тарылуын қарастыруға мүмкiндiк  бередi. Қысқа мерзiмдi несиелердiң қысқаруы және меншiктi капиталдың ұлғаюы кәсiпорын қызметiнiң қысқаруының сипаты бола алады. Бiрақ бiрден мұндай нәтижеге келуге болмайды, себебi бұл құралдардың үлесi басқа факторлар әсерiнiң астында болуы мүмкiн- несиеге проценттiк ставкалар және дивидендтерге проценттiк ставкалар.

Кәсiпорын қызметiнiң кеңеюi немесе тарылуы жөнiнiде қорытынды жасауға  негiзгi бағыттаушы бөлiстiрiлмеген пайда  болып табылады.

«Қазақтелеком» АҚ -да бөлiстiрiлмеген пайда 2007 жылы 23140 млн тенге болса, 2008 жылы 22269 млн тенге құрады. Бұл мәлiметтер кәсiпорын қызметiнiң кеңейгендiгiн көрсетедi.

Меншiктi капитал үлесiнiң өзгерiсiне iшкi баға беру ұзақ мерзiмдi немесе қысқа  мерзiмдi қарыздарды қысқарту немесе ұлғайту  қажеттiлiгiне бағытталады. Құралдардың  жалпы көздерiне (авансталған капиталда) сырткы қарыздар, несиелер, кредиторлық қарыздар үлесi несие үшiн және дивидендке проценттiк ставкалар қатынасынан тәуелдi.

Егер несиеге проценттiк  ставкалар дивидендке проценттiк  ставкалардан төмен болса, тартылған құралдарды рационалды түрде ұлғайту керек. Ал керiсiнше жағдай туындайтын болса , меншiктi капиталды пайдаланған жөн. Авансталған капитал құрылымы осы қарастырылған жағдайлардан тәуелдi болады.

 Қаржылық есептеме  активтерiнiң қалыптасу көздерiнiң құрылымын зерттеу үшiн келесi аналитикалық кестенi қарастырамыз. (Кесте 8).

Кесте 8 мәлiметтерiнен көрiп тұрғанымыздай, есептiк жыл iшiнде кәсiпорын мүлкiнiң көздерi 83525 млн тенге немесе 91,8 %-ке көбейген. Бұл өсiм негiзiнен тартылған капитал өсiмi есебiнен қамтамасыз етiлген, тартылған капитал көлемi 2008 жылы- 111228 млн тенге, яғни 2007 жылмен салыстырғанда 73489 мың тенге немесе 1,9 есеге көп болып табылады.

Бұл периодта тәуелсiздiк  коэффициентi 0,585- тен 0,362- ге дейiн ,яғни 0,223 пунктке қысқарған. Егер 2007 жылы оның деңгейi минимальды мәнге сәйкес келсе (0,5) , 2008 жылы бұл деңгеймен салыстырғанда 0,14 пунктке қысқарды, бұл кәсiпорынның қаржылық тұрақтылығының нашарлағанын көрсетедi. Оны барлық авансталған капиталдағы тартылған капиталдың үлес салмағы көрсетiп отыр. Ол тәуелсiздiк коэффициентiне керi көрсеткiш. Оны тәуелдiлiк коэффициентi деп атауға болады.

 

Ол келесi формула бойынша  анықталады.

                  

         Кт=    немесе     Кт= 1-Кн                                                                                                             (10)

Мұнда:

Кт- тәуелдiлiк коэффициентi

Тк- тартылған капитал

Ак- авансталған капитал (нәтиже,баланс валютасы)

. Бұл коэффициент авансталған капиталдың жалпы суммасында қарыз үлесiн сипаттайды.

 Бұл үлес неғұрлым  жоғары болса, соғұрлым кәсiпорынның  сыртқы қаржыландыру көздерiнен  тәуелдiлiгi көп болады.

«Қазақтелеком» АҚ -да оның денгейi :

2007  жылы :          0,415=            

 

2008  жылы :           0,638=

 

2007  жылы              0,415=1-0,585

 

2008  жылы              0,638=1-0,362

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

8 кесте

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бұл коэффициент деңгейi 2008 жылы кәсiпорын өзiнiң қаржылық тәуелсiздiгiн жоғалтқанын көрсетедi.

Кәсiпорының қаржылық тұрақтылығын бейнелейтiн келесi көрсеткiш- қаржыландыру коэффициентi. Ол меншiктi капиталдың тартылған капиталға  қатынасымен сипатталады.

 

КҚ=                                                                                                 (11)                           Мұндағы :

Кқ- қаржыландыру коэффициентi

Мк- меншiктi капитал

Тк- тартылған капитал.

Олардың арасындағы ара- қатынас 2:1 болу керек. Бұл коэффициент денгейi неғұрлым жоғары болса, соғұрлым банктерге және инвесторларға кәсiпорынды қаржыландыру сенiмдi болады.

«Қазақтелеком» АҚ - да 2007 жылда ол 1,411-ге тен болды (53261:27209), ал 2008 жылда 0,569 (63297:111228), яғни оның денгейi жыл iшiнде 2,5 есе қысқарған.

Егер кәсiпкердiң басқа  бiреудiң капиталынан көрi, өзiнiң  капиталы көп болса, ол жақсы жұмыс  жасайды. Бұл принцип негiзiнде  нарықтық қарым- қатынастар құрылған. Егер қолда үлкен емес капитал  болса, көп пайда табуға болады.

Капитал құрылымы қалыптасуының  оңтайлылығын анықтау үшiн жоғарыда келтiрiлген коэффициенттермен қатар  инвестициялау коэффициентiн пайдаланған  жөн. Ол меншiктi капиталдың негiзгi капиталға (негiзгi құралдар) қатынасымен анықталады.

«Қазақтелеком» АҚ -да ол 2007 жылы 1,969 тен болса (53261:27053), 2008 жылы- 1,428 (63297:44317) болды.Бұл мәлiметтерден  көрiнiп тұрғандай , меншiктi капитал  тек негiзгi құралдар сатып алуға  емес, сонымен бiрге кәсiпорынның қаржылық есептемесiнiң басқа да активтерiнiң  қалыптасуына, соның iшiнде ағымдық активтерге де жұмсалады. 

Қаржыландыру коэффициентiне керi көрсеткiш қарыздық және меншiктi кұралдардың ара-қатынас коэффициентi, ол тартылған капиталдың меншiктi капиталға  қатынасымен анықталады.

 

Кқ/м=                                                                                                (12)

Мұндағы:

Кқ/м- қарыздық және меншiктi құралдардың қатынас коэффициентi.

Тк-   қарыздық құралдар (тартылған капитал)

Мк-   меншiктi құралдар (меншiктi капитал).

Бұл коэфффициент есептiк  жылда кәсiпорын активтерге салынған меншiктi құралдардың әрбiр тенгесiне канша қарыздық құралдар тартқанын  көрсетедi. Есептемелер бойынша «Қазақтелеком» АҚ -да ол келесi мәлiметтермен сипатталады:

2007 жыл        0,71    (37739:53261)

2008 жылы     1,76     (111228:63297)

Бұл коэффициент мәнi көрсетiп тұрғандай, есептiк мерзiм  басында кәсiпорын активтерге салынған меншiктi құралдардың әрбiр тенгесiне, қарыздық құралдардың 0,71 теңгесiн тартқан.

Информация о работе Меншіктің акционерлік формасының теориялық негіздері