Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 20:08, дипломная работа
Дипломдық жұмыс алдына қойылған негізгі мәселе – акционерлік кәсіпорындар туралы нақты түсінік беріп, оның артықшылықтары мен кемшіліктерін қарастырып, оның қазіргі уақыттағы тиімділігін анықтау. Дипломдық жұмыс заң негізінде жазылған, себебі оны жазу барысында Қазақстан Республикасының 2003 жылы 13 мамырда шыққан «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңы қолданылды.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында меншік түрлерінің ішінде акционерлік меншіктің үлесі өсіп келе жатыр. Ал көптеген дамыған елдерде акционерлік меншіктің үлкен үлесі норма болып табылады. Демек, Қазақстан Республикасы сы осы аяда даму үстінде деп айтуға болады. Дипломдық жұмыс меншіктің осы түріне арналып, оның тиімділігін қарастырған.
Кiрiспе
1. Меншіктің акционерлік формасының теориялық негіздері
1.1 Меншіктің акционерлік формасының экономикалық мазмұны, қалыптасуы және қызмет етуінің әдістері
1.2 Акционерлік қоғамды құру жолдары және оның қатысушылары
1.3 Меншіктің акционерлік формасының артықшылықтары
және кемшіліктері
2 «Қазақтелеком» акционерлік қоғамның қызмет ету тиімділігін талдау және бағалау
2.1 «Қазақтелеком» акционерлік қоғамның 2006-2008 жылдар аралығында техникалық-экономикалық көрсеткіштерін талдау
2.2 «Қазақтелеком» акционерлік қоғамның қаржылық жағдайының көрсеткіштерін талдау.
2.3
3. Акционерлік қоғамдардың қызмет етуінің тиімділігінің көтеру жолдары
3.1 Қазақстан Республикасында акционерлік қоғамдардың қызмет ету тиімділігінің көтеру жолдары
3.2 Қазақстандық тәжірибеде акционерлік қоғамдардың қызмет етуінің шетелдік тәжірибесін қолдану
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тiзiмi
-бірінші кезекте, өтелуге тиісті акциялар бойынша төлемдер жүзеге асырылады;
-екінші кезекте, артықшылықты акциялар бойынша есептелінген, бірақ төленбеген дивидендтер төлеу жүзеге асырылады;
-үшінші кезекте, артықшылықты акциялардың иелеріне оларға тиесілі акциялардың атаулы құнын өтеу жүргізіледі;
қалған мүлік барлық акционерлер арасында оларға тиісілі актілердің атаулы құнына бара-бар түрде бөлінеді.
Барлық кезектің мүліктерін бөлу алдыңғы кезектің мүліктерін бөлу толық аяқталғаннан кейін жүзеге асырылады.
1.3 Меншіктің акционерлік формасының артықшылықтары және кемшіліктері
Меншіктің акционерлік
формасы бір кәсіпорынға
Бұл қасиет тұрақсыз экономика жағдайында өте маңызды, себебі өндіріс сферасындағы күтпеген жағдай үлкен шығындарға және қарыздарға алып келеді. Мұндай тәуекелге басқа ұйымдық-құқықтық формадағы жеке кәсіпкерлер және кейбір заңды тұлғалар ұшырауы мүмкін. Акционерлік қоғамдар материалды және басқа ресурстарды неғұрлым тиімді қолдануға, барлық қатысушыларды жеке және қоғамдық мүдделерін сәйкестендіруге жағдай жасайды.
Филиалдар және еншілес қоғамдар. Әрбір акционерлік қоғам басқа қоғамдардың капиталында қатысуына ғана емес, сонымен бірге филиалдар және өкілеттіліктер (шетелде де) және еншілес және тәуелді қоғамдар ашуға құқығы бар. Филиалдар және өкілеттіліктер заңды тұлға болып табылмайды және қоғамның атынан іс-әрекет жасайды. Олар өз балансын құрайды, ал ол баланс акционерлік қоғам балансының құрамына кіреді. Филиал және өкілеттілік құрған қоғам оларды қызметіне жауап береді.
Еншілес қоғам бұл жарғылық капиталында негізгі қоғам көп қатысатын немесе олардың арасында сәйкесінше келісім құрастырылатын қоғам. Еншілес қоғам акционерлік қоғам міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Тәуелді қоғам бұл акционерлік қоғамның дауыс беретін 20%-на немесе шектеулі жауапкершілікпен жарғылық капиталының 20%-на ие
қоғам.
Еншілес және тәуелді қоғамның негізгі қоғаммен қарым-қатынасы акционерлік қоғам туралы заңмен реттеледі.
Дүние жүзіндегі барлық ірі кәсіпорындардың және ұйымдардың негізгі формасы болып табылатын акционерлік қоғамдар жеке тұлғаларды және әр түрлі корпорациялардың мүлігін біріктіру негізінде экономиканы ұйымдастырудың жетілдірілген механизмі болып табылады.
Меншіктің басқа түрімен салыстырғанда акционерлік қоғамдар көптеген артықшылықтарға ие.
Біріншіден, қоғам өзінің қызметін кеңейту және жарғы капиталын көбейту мақсатында акционерлердің қаражаттарын тарту мүмкіндігіне ие, бірақ бұл қаражаттар қайтарылмайды (қоғамды толық жойған жағдайдан басқа), себебі акциялар қоғаммен сатып алынбайды, тек басқа акционерлерге қайта сатылады. Екіншіден, қоғам қызметінің жалпы
басшылығы нақты басқарудан бөлектенеді, ол өз кезегінде сонша-
лықты сәйкес келетін басшыларды, директорларды жалдауға және
таңдауға мүмкіндік береді, акционерлерді басқаруға персоналын таңдау жұмысына мұқият қарауды талап етеді, себебі әрбір акционер қосқан қаражатымен қоғамның жұмыс жасауының нәтижелілігіне жауап береді.
Үшіншіден, әрбір акционер қоғамның акцияларын сатып алса, бұл жағдайда кәсіпорынның барлық еңбек ұжымын меншіккерлерге айналдыруға мүмкіндік туады. Акцияларды сатып алу жолымен еңбек ұжымы мүшелерінің акционерлік қоғамның меншігіне және табысына қатысуы шаруашылық мотивацияны құрудың маңызды алғышарттары болып табылады. Акционер мен жұмысшы бір тұлға ретінде қызмет етсе, соңғысында кәсіпорын жетістігіне мүддесі артады, себебі қоғам неғұрлым тиімді қызмет етсе, соғұрлым акционердің дивиденд түрінде алатын пайдасының пайызы жоғары болады. Сонымен қатар, акционер-жұмысшының пайданы тек тұтынуға ғана емес, жинаққа деген мақсаты артады. Негізгі қорларды жөндеуді және жетілдіруді қамтамасыз ететін инвестициялар акциялар құнының өсуін тудырады, ал бұл өз кезегінде акционерлердің жеке мүлігінің көбеюіне алып келеді. Сонымен қатар, өндірістің техникалық деңгейінің өсуі және сонымен байланысты акционерлік қоғамның нарықтағы позициясының жақсаруы акция құнының өсуіне алып келеді. Бұған, акционердің акцияға қосқан жинақтарының инфляция жағдайында нақты құнын жоғалтпайтынын қосуға болады.
Басқа жағынан қарасақ, акционер өз жинақтарымен тәуекел етеді, себебі кәсіпорын жұмысы нәтижесіз болған жағдайда акцияның бағасы номиналды құнынан төмен түсіп кетуі мүмкін, кәсіпорын банкротқа ұшыраған жағдайында акционер өзінің жинақтарын да, жұмысын да жоғалтады. Сондықтан, акционерлік қоғам қызметінің соңғы нәтижелерінің өте жақсы болуына деген акционердің қызығушылығы өте жоғары.
Мәселен, жоғарыда келтірілген материалды қызығушылық механизмі тек мына жағдайда ғана тиімді болады: егер жұмысшылар акцияларды жоғары бағамен сатып алса. Өндірісті басқаруды еңбек ұжымы мүшелерінің нақты қызығушылығын тудыру үшін персонал меншігінде тұрған акциялардың бір бөлігі белгілі-бір мөлшерге жетуі керек. Орташа компанияларға капиталы 10-15% мөлшерінде болатын бұл бөлігі американдық мамандармен анықталады.
Сондықтан, акционерленген кәсіпорынның еңбек ұжымының мүшелерін акционерлік меншікке қатысуы максималды мүмкін деңгейіне апару керек.
Төртіншіден, акционерлер құрамына тұрақты серіптестерді тарту мүмкіндігі бар, сол арқылы қоғам қызметінің нәтижелілігіне жалпы қызығушылық тудыруға болады. Сонымен бірге қоғамның өзі де басқа қоғамдардың бағалы қағаздарын сатап алу құқы бар.
Демек, жалғыз құқықтың негізінде барлық қатысушыларды біріктіре отырып, акционерлік қоғам ұжымдық меншікті өткізудің ерекше формасын қамтамасыз етеді, және сол арқылы жұмыстың соңғы нәтижесіне қызығушылық тудырады. Енді акционерлердің артықшылық- тарына тоқталайық. Акционерлердің мұрагерлері Заңға сәйкес сол мұраға ие болған жағдайда, олар сәйкес құқықтар мен жауапкершіліктерге ие болады, ал АҚ-ң акциялар бойынша мұрагерлерге дивидендті төлеуден бас тартуы заңсыз әрекет болып саналады.
Бірақ, акционерлік қоғамның кемшіліктері де бар. Мысалы, акционерлік қоғамның ішіндегі кемшіліктеріне тоқталайық. «Акционерлік қоғам туралы» Заңға сәйкес акционерлердің құрылтай немесе жалпы жиналысында «алтын акция» енгізілуі мүмкін, бірақ бұл акция жарғылық капиталдың құрылуы немесе дивидендтерді төлеу процесіне қатыспайды. «Алтын акцияның» иесі тек жалпы жиналыстың, басқарудың және директорлар кеңесінің шешіміне вето қою құқығына ие. Заңда «алтын акцияны» қоғамның типіне байланысты енгізу бойынша шектеулер көзделмейді, демек «алтын акцияны» ЖАҚ-да енгізу мүмкіндігі бар. «Алтын акцияны» енгізу бойынша мәліметтер акционерлердің құрылтай немесе жалпы жиналысының протоколында немесе қоғамның құрылтай құжаттарында көрініс табады. Сонымен бірге, осы қоғамның жарғысында «алтын акцияның» иесінің көрсетілуі акционерлердің құрылтай немесе жалпы жиналысының міндетті бөлігі болып табылады. Демек, заңға сәйкес акционерлік қоғамда тек бір адамға қатысты бір ғана «алтын акция» енгізіледі, осыдан бірнеше акционерлер «алтын акцияға» ие бола алмайды деп қорытынды жасауға болады.
Егер, заңға немесе сәйкес мұрагерлер мұраға құқығы болмаса, мұрағат заңсыз болып есептеледі. Заңсыз мұрағат мұраны ашу орны бойынша коммуналдық меншікке беріледі. Демек, мұрагерлері жоқ қайтқан акционерлердің акцияларын иемдену құқығы жергілікті құзыретті органға беріледі.
Акционерлік қоғамды құру көптеген қиыншылықтармен жүзеге асырылады. Құрылтайшыларды іздеу және қоғамның құрылтай құ-жаттарын дайындаумен қатар, акционерлік қоғам мемлекеттік органда тіркелуі міндетті. Бірақ, оған дейін зейнетақы Қорымен, Мемлекеттік Статистика комитетімен, Қаржы министрлігімен, салық инспекциясымен, Ішкі істер органдарымен, банкпен қарым-қатынасқа түсуі керек. Сонымен бірге, Тіркеу палатасында, салық инспекциясында және банкте есепке екі рет тұруы қажет: бірінші - уақытша, кейін тұрақты түрге. Тіркеу барысында тексеріске құрылтай құжаттары ғана жатпайды. Құрылтайшылар жарғы капиталының бар екенін және қызметтің басқа аспектілерін дәлелдеуі керек. Акционерлік қоғам мемлекеттің бақылауында болады, яғни оның қызметі мемлекет жағынан құқықтық реттеледі.
Акционерлік қоғамдардың мынадай да қиыншылықтары бар.
Мысалы, акционерлер
жаңа мекен-жайының орнын тастамай,
Қазақстан Республикасынан тыс
жерлерге кеткенде, АҚ-да акционерлердің
жалпы жиналысын өткізу бойынша
көптеген қиын жағдайлар тууы мүмкін.
Заң бойынша акционер 10 күн ішінде
акциялардың реестр ұстаушысына өзгерістер
туралы хабарлауы тиіс. Егер акционер
осы міндетті орындамаса, оның
қазіргі мекен-жайы анықталмаса, және
акционер осы акцияларға меншік
құқығынан бас тартты деп
санауға негіз болса, АҚ сотқа
арыз жазып, осы акцияларды иесіз
деп санауды талап етуі мүмкін.
Акционерлік қоғамда басшылық акционерлердің емес, құрыл- тайшылардың, басшылардың (менеджерлердің) қолында. Олар көп жағдайда өз бетімен және тәуелсіз түрде қызмет етеді. Корпорацияның белгілі-бір мүшесінің немесе акционердің акцияларының бақылау пакеті (50%+1 ия) сол акционердің құзыретін көбейтеді. Бірақ акциялардың бақылау пакетін сатып алу өте қиын. Акционерлік қоғамға салық жағынан қысым түсіп отыр: оның табысына салық салынады, сонымен қатар сақтандыру, зейнетақы т.б. қорларға төлемдер жүзеге асырылады. Салық сонымен қатар, жұмысшылардың жалақысына және акционерлердің дивидендтер бойынша табысына салынады. Дегенмен де, АҚ-ң артықшылықтары кемшіліктерінен асып отыр. Сондықтан, меншіктің бұл формасы кәсіпкерлік аясында корпорацияның басқа түрлерін ығыстырып,алға шығуда.
2. «Қазақтелеком» акционерлік қоғамның қызмет ету тиімділігін талдау және бағалау
2.1 «Қазақтелеком» акционерлік қоғамның 2009-2011 жылдар аралығында техникалық-экономикалық көрсеткіштерін талдау
Маңғыстау облыстық телекоммуникациялық басқармасы «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының филиалы болып табылады. «Қазақтелеком» АҚ Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес 1994 жылы 27 желтоқсанынан, ҚР Министрлер Кабинетінің «Қазақтелеком» ұлттық акционерлік қоғамын құру туралы» 1994 жылғы 17 маусым №666 Қаулысына сәйкес құрылып қызмет етеді.
Қоғам ҚР барлық территориясы бойынша өз қызметін таратады, ол қоғамның жарғылық қорына берілетін филиалдардан тұрады. Филиалдар заңды тұлға болып табылмайды. Филиалдар акционерлер Кеңесімен бекітілетін филиал туралы ереже негізінде өз қызметін атқарады.
2008 жылы «Қазақтелеком» ААҚ-да өндірістік-шаруашылық қызметтен түскен табыс 163,230,000 теңге құрады, бұл 2007 жылмен салыстырғанда 18,000,000 теңгеге көп, ал 2007 жылы табыс 145,230,000 теңгеге тең болды, бұл 2006 жылмен салыстырғанда (134,120,000 теңге) 11,110,000 теңгеге өсті. Бұл өсім есептік жыл ішіндегі көрсететін қызметке тапсырыстың көбеюімен байланысты.
Осы табыстан салықтарды, басқа да төлемдерді алып тастағандағы сумма 2008 жылы 141,700,000 теңге, 2007жылы 135,800,000 теңгені құрады, яғни 5,900,000 теңгеге өсті, ал 2006 жылы 125,210,000 теңгеге тең болды. Бұл 2007 жылмен салыстырғанда 3,5%-ға төмен. Кесте 1 мәліметтерінен көрініп тұрғандай, өткізілген өнімнің (қызметтің) өзіндік құны 2008 жылы 102,105,000 теңге, ал 2007 жылы 99,265,300 теңге құрады. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 2,839,700 теңгеге азайған. Бұл өз кезегінде кәсіпорын үшін жағымды құбылыс болып табылады.
Қызмет көрсетуден түскен жалпы табыс 2006 жылы 24,210,000 теңгеге, ал 2007жылы 36,534,700 теңгеге тең болды, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 12,324,700 теңгеге көп. 2008 жылы бұл көрсеткіш 39,595,000 теңгеге тең болды, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 3,060,300 теңгеге көп. Бұл көрсеткіштердің өсімі және өзіндік құнының төмендеуі шығындардың қайтарымдылығын көрсетеді.
Еңбекақы төлеу қоры 2006 жылы 2,965,000 теңгеге, 2007 жылы 3,267,000 теңгеге тең болды, яғни алдыңғы жылмен салыстырғанда 302,000 теңгеге көп. Бұл қор 2008 жылы 4,126,000 теңге құрады, яғни 2007 жылмен салыстырғанда 859,000 млн теңгеге көбейген. Еңбекақы төлеу қорының өсуін жұмысшылар санының көбеюімен түсіндіруге болады. Таза пайда бұл кәсіпорынның барлық салықтарды
Информация о работе Меншіктің акционерлік формасының теориялық негіздері