Меншіктің акционерлік формасының теориялық негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 20:08, дипломная работа

Описание работы

Дипломдық жұмыс алдына қойылған негізгі мәселе – акционерлік кәсіпорындар туралы нақты түсінік беріп, оның артықшылықтары мен кемшіліктерін қарастырып, оның қазіргі уақыттағы тиімділігін анықтау. Дипломдық жұмыс заң негізінде жазылған, себебі оны жазу барысында Қазақстан Республикасының 2003 жылы 13 мамырда шыққан «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңы қолданылды.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында меншік түрлерінің ішінде акционерлік меншіктің үлесі өсіп келе жатыр. Ал көптеген дамыған елдерде акционерлік меншіктің үлкен үлесі норма болып табылады. Демек, Қазақстан Республикасы сы осы аяда даму үстінде деп айтуға болады. Дипломдық жұмыс меншіктің осы түріне арналып, оның тиімділігін қарастырған.

Содержание

Кiрiспе

1. Меншіктің акционерлік формасының теориялық негіздері
1.1 Меншіктің акционерлік формасының экономикалық мазмұны, қалыптасуы және қызмет етуінің әдістері
1.2 Акционерлік қоғамды құру жолдары және оның қатысушылары
1.3 Меншіктің акционерлік формасының артықшылықтары
және кемшіліктері
2 «Қазақтелеком» акционерлік қоғамның қызмет ету тиімділігін талдау және бағалау
2.1 «Қазақтелеком» акционерлік қоғамның 2006-2008 жылдар аралығында техникалық-экономикалық көрсеткіштерін талдау
2.2 «Қазақтелеком» акционерлік қоғамның қаржылық жағдайының көрсеткіштерін талдау.
2.3
3. Акционерлік қоғамдардың қызмет етуінің тиімділігінің көтеру жолдары
3.1 Қазақстан Республикасында акционерлік қоғамдардың қызмет ету тиімділігінің көтеру жолдары
3.2 Қазақстандық тәжірибеде акционерлік қоғамдардың қызмет етуінің шетелдік тәжірибесін қолдану

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тiзiмi

Работа содержит 1 файл

kaztel.doc

— 758.50 Кб (Скачать)

                                                   Ұзақ мерзiмдi ақтивтер                           (5)

 

«Қазақтелеком» АҚ-да оның деңгейi жыл 2007 жылы 1,40 (53118/37882)  құрап, 2008 жылы 1,44 (102908/71617) құрады.

Бұл коэффициенттiң деңгейiнiң сәл өсуi иммобилизацияланған құралдар өсiмi қаркынынан мобильдi құралдардың өсу қарқыны көбейгендiгiнiң нәтижесiнен болып отыр. Жыл iшiнде бiрiншiсi 1,94 есе өскен болса (102908/53118), ал екiншiсi 1,89 есе өстi (71617/37782) есе өстi.

Баланс активiнiң III-шi бөлiмiнде айналым құралдарының иммобилизациясы болған жағдайда (мақсатты қаржыландыру және қор құралдарымен жабылмаған шығындар, сонымен бiрге, жұмысшыларға берiлетiн банк несиелерiнен, жұмысшылардың алған ссудаларымен есептесудiң өсуi ) оның нәтижесi оның шамасына азаяды, ал бұл көрсеткiш бөлiмi (иммобилизацияланған құралдар) көбейедi, себебi айналымнан мобильдi құралдарды жұмсау кәсiпорынның жеке айналым құралдарының нақты бар болуын төмендетедi. «Қазақтелеком» АҚ-да иммобилизацияланған айналым құралдары жоқ.

Мобильдi және иммобилизацияланған  құралдардың қатынас коэффициентiнiң  мәнi негiзiнен, талданып отырған кәсiпорынның құралдарының айналымының салалық  ерекшелiктерiмен негiзделедi. Одан соң, кәсiпорынның мүлiктiк жағдайында қандай салалық өзгерiстер болғанын талдау қажет.

Ол үшiн өндiрiстiк  потенциалдың негiзгi элементi, оның материалды- техникалық базасын құрайтын негiзгi қорлар жағдайын талдау керек. Оларды сипаттау үшiн негiзгi құралдардың  бар болуы, құрылымы және қозғалысымен байланысты есептемелер жүргiзiледi. Негiзгi құралдардың жағдайын қарастыру үшiн келесi кестенi құрамыз (Кесте 5).

Негiзгi құралдар алғашқы  құны бойынша жыл iшiнде 2,2 есеге көбейдi және 90519 мың теңге құрады.

  Мұнда кәсiпорынның мүлкiнiң жалпы құнындағы негiзгi құралдардың нақты (қалдық) құнының үлес салмағының өзгерiсiне көп көңiл бөлiнедi, себебi бұл көрсеткiш оның кәсiпкерлiк қызметiнiң масштабын анықтауда бағыттаушы болып табылады.

Негiзгi құралдардың нақты  құнының коэффициентiнiң көлемi кәсiпорынның мүлкiнiң жалпы нәтижесiнде баланс активтерiнiң барлық суммасының 50 %-нен кем болмауы керек. Бiздiң зерттеп отырған кәсiпорынымызда баланс валютасында негiзгi құралдардың қалдықтарының үлесi 2007 жылы- 29,7 %, 2008 жылы 25,4 % құрады, бұл осы көрсеткiштiң теориялық мәнiне жартылай сәйкес келмейдi.

Кәсiпорынның өндiрiстiк  потенциалының өсуiнiң жағымды  тенденциялары жөнiнде негiзгi құралдарды жаңарту коэффициентi де көрсетiп  тұр (iске қосылған жаңа негiзгi құралдар құнының жыл соңына олардың алғашқы  құнына қатынасы). Ол есептiк жылда 60,8 % құрады.

Осымен бiрге, айта кететiн  бiр мәселе, есептiк жылда негiзгi құралдардың пайдалылық коэффициентiнiң  деңгейi айтарлықтай төмендеген. Ол негiзгi құралдардың қалдық құнының  олардың алғашқы құнына қатынасымен  анықталады. 2007 жылы оның көлемi 64,6 % болса, 2008 жылы 49,0 % құрады, яғни 15,6 пунктке азайды.

Бұл есептiк жылда негiзгi құралдардың тозуына байланысты, олардың iстен шығуы жалғасқанын  көрсетедi.Шығу коэффициентi, шығып  қалған негiзгi құралдардың құнының  жыл басына барлық негiзгi құралдардың алғашқы құнына қатынасымен анықталады. Ол есептiк жылда 15,4 % құрады, алдыңғы жылмен салыстырғанда 5,2 пунктке көп. Негiзгi құралдардың техникалық жағдайын бейнелейтiн негiзгi көрсеткiш тозу коэффициентi болып табылады. Ол белгiлi бiр кезеңге негiзгi құралдардың тозу суммасының олардың алғашқы құнына қатынасымен анықталады. «Қазақтелеком» АҚ-да негiзгi құралдардың тозу коэффициентi 2007 жылы 35,4 % құраса, 2008 жылы 1,5 есе өсiп, 51,0 %

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

К5

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

құрады. Бұл негiзгi құралдардың  жартысынан көбi тозғанын және ескiргенiн  көрсетедi.

Кейбiр экономисттердiң  бағалауы бойынша 50 %-тен көп тозу коэффициентi жағымсыз құбылыс болып  табылады. Осыған байланысты кәсiпорын  басшылығына алдағы уақытта негiзгi құралдарды жаңартуға және кәсiпорынның материалды-техникалық базасын күшейтуге көп көңiл бөлу керек.Амортизацияның жинақталу коэффициентi сияқты негiзгi көрсеткiшке  көнiл аудару керек. Ол негiзгi құралдар және материалды емес активтердiң  тозу суммасының олардың алғашқы құнына қатынасымен анықталады.

Оны есептеу формуласы  келесi түрде көрсетiледi:

 

 

          негiзгi кұралдар және материалдық емес ақтивтердiң тозу суммасы

Км.е/а=                                                                                                                      (6)         


         негiзгi кұралдар және материалдық емес ақтивтердiң алғашқы суммасы

 

Ол негiзгi құралдардың  және материалды емес активтердiң босау  қарқындылығын сипаттайды. Бiздiң кәсiпорынымыза оның көлемi келесi түрде көрiнедi:

 

                  2007 жылы:    

                  2008 жылы:

 

Амортизацияның жинақталу  коэффициентi көрсетiп отырғандай, негiзгi құралдардың және материалды емес активтердiң 51 % жыл соңына тозумен жабылған. Есептiк жылда бұл көрсеткiштiң 0,155 пунктке өсуi (0,510-0,355) негiзгi құралдардың тозған бөлiгiн шығарып тастаумен, оларды ауыстырумен және iске жаңа негiзгi құралдарды қосумен сипатталады.

Аяқталмаған күрделi салымдар мен аванстар және ұзақ мерзiмдi қаржылық салымдардың қатынастарын зерттеу  арқылы кәсiпорынның өндiрiстiк және қаржылық саясаты туралы анық қорытындыға  келуге болады.

Берiлген жағдайда ұзақ мерзiмдi қаржылық салымдар өсiмiнiң қарқынымен салыстырғанда, күрделi салымдар өсiмi қарқынының алда жүруi жағымды болып табылады, себебi керi қатынас кәсiпорынның өндiрiстiк мүмкiндiктерiнiң төмендеуiне әкеледi.

Кесте 4 мәлiметтерiнен көрiнгендей, жиынтық активтер құрылымында ағымдық активтердiң үлесi ұзақ мерзiмдi активтердiң үлесiнен көп. Ол кәсiпорынның ағымдық активтерiнiң құрамын және құрылымын терең талдауды қажет етедi. Осы мақсатпен баланс мәлiметтерi бойынша келесi 6 кестенi құрамыз (Кесте 6).

Келтiрiлген мәлiметтер, кәсiпорын  жалпы жағымды динамикаға ие екендiгiн көрсетедi. Ал олардың бөлек элементтерiн қарастыру келесi қорытындыға әкеледi. Ең мобильдi активтер- ақша құралдары және қысқа

 

Кесте  6

Кәсiпорынның ағымдық активтерiнiң құрамы және құрылымы

 

 

Көрсеткiштер

2007 жыл

2008 жыл

Өсiм қарқыны

(есе)

Сумма, млн  теңге

Үлес салмағы, %

Сумма, млн  теңге

Үлес салмағы, %

А

Б

1

2

3

4

5

 

Ағымдық активтер, барлығы

Олардың iшiнде:

53118

100

102908

100

1,9

 

1.1 Запастар және шығындар

33202

62,5

55718

54,1

1,7

 

1.2 Дебиторлармен есептесу

8515

16,0

38636

37,5

4,5

 

1.3 Ақша құралдары және  қысқа мерзiмдi қаржылық салымдар

11401

21,5

8554

8,1

 

 

мерзiмдi қаржылық салымдар жыл iшiнде 2847 млн теңгеге немесе 25 %-ке төмендедi. Айналым құралдарының мобильдiк коэффициентi (ағымдық активтер), олардың ең мобильдi бөлiгiнiң (ақша құралдары және қысқа мерзiмдi қаржылық салымдар) ағымдық активтер құнына қатынасымен анықталады, 2,7 есе қысқарып, 8,1 % құрады.

Ең мобильдi құралдар суммасының азаюы және айналым құралдарының (ағымдық активтердiң) мобильдiлiк коэффициентiнiң төмендеуi кәсiпорынның төлем қабiлеттiлiгiнiң нашарлағанын көрсетедi.

Бiрақ, нарық жағдайында айналым  құралдарының төмен мобильдiлiгi барлық жағдайда жағымсыз бағаланбайтынын  ескеру керек. Есептiк шотта құралдардың қалдықтарының аз болуы немесе тiптi олардың болмауы кәсiпорынның төлем қабiлетi жоқ деген сөз емес.

Тұрақсыз жеткiзулер және инфляция шарттарында кәсiпорындар өз ақша құралдарын өндiрiстiк запастарға және тауар - материалдық құндылықтардың басқа түрлерiне салуға мүдделi, олардың нарықтық бағасы тұрақты өсуде. Осыдан басқа өндiрiстiң жоғары тиiмдiлiк деңгейiнде кәсiпорынға өзiнiң бос ақша құралдарын өндiрiстiк қызметке емес, кәсiпорынды кеңейту және техникалық жағынан қайта қаруландырумен байланысты күрделi салымдарды қаржыландыруға бағытталған тиiмдi болады.

 «Қазақтелеком» АҚ-да материалдық айналым құралдары жыл iшiнде 67,8 %-ке өсiп жыл соңына 55718 млн теңге құрады. Оның үлесi 8,4 пунктке қысқарса да, көлемi жоғары болып қалады (54,1%). Мұндай жағдай артық, көп жатып қалған құндылықтар, сұранысы жоқ немесе сұранысы шектеулi дайын өнiмдер, шикiзаттың, материалдардың, аяқталмаған өндiрiстiң т.б материалды құндылықтардың барын немесе жоқтығын анықтау мақсатымен, материалды-айналым құралдарының құрамын және құрылымын терең талдауды қажет етедi. «Қазақтелеком» АҚ-да материалды ағымдық активтер негiзiнен өндiрiстiк запастар есебiнен ұлғайды, олардың көлемi 2008 жылы 23465 млн теңге құрады, яғни 2007 жылмен салыстырғанда 2,3 есе көп.

Бұл жағдайда баға факторының ролi сөзсiз, бiрақ кәсiпорында натуралды сипатта өндiрiстiк запастар көлемi ұлғайған.

Дебиторлық қарыз суммасы өстi. Оның көлемi 2007 жылы 8515 млн тенге болса, 2008 жылы 36636 млн тенге болды, яғни 4,5 есе өскен, нәтижесiнде, ағымдық активтердiң жалпы құнында оның үлесi 16,0 %-тен 37,6 %- ке дейiн, яғни 2,6 пунктке өскен. Дебиторлық қарыз нелiктен өскенiн қарастыру керек, ол үшiн бұл статьяны толық зерттеп, қарыздарды жабу перспективасын бағалап және оның құрамындағы сенiмсiз қарыздарды анықтау керек, егер олар болса.

Үлкен дебиторлық қарыз нәтижесi ақша құралдарының төмендеуi болып табылады.Есептiк жылда кәсiпорын ақша құралдарын  жоғарыда аталған мақсаттарға жұмсады деп айтуға болмайды. 4225 млн тенге суммасындағы ұзақ мерзiмдi қаржылық салымдар алдыңғы жылда жасалған, ал қысқа мерзiмдi қаржылық салымдар 2008 жылы 221 млн тенге болды, бұл 2007  жылмен салыстырғанда тек 52 млн тенгеге өскен.

Өтiмдi емес, қиын өткзiлетiн тауар-материалды құндылықтардың болуы, дебиторлық қарыздың үлкен көлемi, әсiресе оның сенiмсiз  бөлiгi айналым құралдарының айналымдығының бәсеңдеуiне әкеледi және кәсiпорынның қаржылық жағдайына жағымсыз әсерiн тигiзедi.

Осылайша, ағымдық активтердiң және мүлiктiң мобильдiлiгiнiң өсуiне қарамастан, кәсiпорын басшылығына, оның құрылымындағы  өзгерiстердiң негiзiн және себептерiн бағалау керек, әсiресе дебиторлық қарызды талдауға көп көңiл бөлу керек, себебi  кәсiпорын мүлкiнiң жалпы құнындағы дебиторлық қарыз үлесi, кәсiпорынның қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын басты көрсеткiштердiң бiрi болып табылады.

«Қазақтелеком» АҚ-да кәсiпорынның барлық активтерiнiң құнында дебиторлық қарыздың үлес салмағы 2007 жылы 9,3 % құрады (8515/91000), ал 2008 жылы 22,1 % (38636/174525). Бұл көрсеткiштiң 2,3 есе өсуi кәсiпорынның қаржылық жағдайының нашарлағанын бейнелейдi.

Қарыздарды жай және ақталмаған қарыздар деп бөледi. Ақталмаған қарызға претензия бойынша , материалдық шығындарды жабу бойынша (құндылықтар жетiспеушiлiгi, бүлiнуi және жоғалуы) қарыздар жатады.

Ақталмаған дебиторлық қарыз айналым  құралдарын заңсыз алу формасын және қаржылық тәртіпті бұзуды сипаттайды. Осыған байланысты ақталмаған қарыздарды анықтауымыз керек. Дебиторлық қарыздың құрамы және құрылымындағы өзгерiстерге баға беру үшiн баланс активiнiң үшiншi бөлiмiнiң мәлiметтерi бойынша келесi аналитикалық кестенi қарастырамыз (Кесте 7).

Кесте 7 мәлiметтерi дебиторлық қарыздың құрылымында өзгерiстер болғанын көрсетедi. Сатып алушылармен және мердiгерлермен тауар, қызмет көрсету үшiн есптесулердiң үлес салмағы жыл iшiнде 51 %-тен 33,8 %-ке дейiн, яғни 17,2 пунктке қысқарса, берiлген аванстар бойынша 15,6 %-тен 30,4%-ке дейiн, яғни 14,8 пунктке және алынған вексельдер бойынша 28,5 %-тен 31,0 %-ке  дейiн, яғни 2,5 пунктке өстi. Жалпы осы үш статья бойынша үлес салмақ дебиторлық қарыздың жалпы көлемiнде сол деңгейде сақталған. (95,1%-98,2%), есептесу формаларындағы өзгерiс кәсiпорынның төлем қабiлеттiлiгiнiң нашарлағанын көрсетедi.

Дебиторлық қарыздың құрамы және құрылымымен жалпы танысқаннан  кейiн оның нақты құны тұрғысынан баға беру керек. Бұл барлық дебиторлық қарыз қайтарылмауы мүмкiндiгiмен байланысты. Оның қайтарымдылығы бұрынғы тәжiрибе және ағымдық шарттар негiзiнде анықталады. Мұнда бухгалтерлiк тәуекелдiлiк пайда болады, оның мәнi өткен, бұрынғы тәжiрибе болашақ шығынға адекватты шара болмайды, ал ағымдық шарттар толық есепке алынбауы мүмкiн. Оның нәтижесiнде айтарлықтай шығындар болады. Дебиторлық қарыздың қайтарым мүмкiндiгiнiң нақтылығын бiлу керек. Қарыздың қайтарылмау процентiнiң есебi бiрнеше жылдардың орташа мәлiметтерi бойынша жүргiзiледi.

«Қазақтелеком» АҚ -да 3 жыл мәлiметтерi алынған, олар 1,9 %, 3,3 %, 6,8 % құрады. Үш жыл iшiнде дебиторлық қарыз қайтарымдылығының орташа процентi 4,0 %-ке тең. Бiрақ зерттелiп отырған мерзiмге механикалық түрде таратпау керек. Нақты шарттарды есепке алу керек, мысалы қарыздарды қайтармау процентiнiң белгiленген өсiм тенденциясын есепке алу керек.

Информация о работе Меншіктің акционерлік формасының теориялық негіздері