Меншіктің акционерлік формасының теориялық негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 20:08, дипломная работа

Описание работы

Дипломдық жұмыс алдына қойылған негізгі мәселе – акционерлік кәсіпорындар туралы нақты түсінік беріп, оның артықшылықтары мен кемшіліктерін қарастырып, оның қазіргі уақыттағы тиімділігін анықтау. Дипломдық жұмыс заң негізінде жазылған, себебі оны жазу барысында Қазақстан Республикасының 2003 жылы 13 мамырда шыққан «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңы қолданылды.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында меншік түрлерінің ішінде акционерлік меншіктің үлесі өсіп келе жатыр. Ал көптеген дамыған елдерде акционерлік меншіктің үлкен үлесі норма болып табылады. Демек, Қазақстан Республикасы сы осы аяда даму үстінде деп айтуға болады. Дипломдық жұмыс меншіктің осы түріне арналып, оның тиімділігін қарастырған.

Содержание

Кiрiспе

1. Меншіктің акционерлік формасының теориялық негіздері
1.1 Меншіктің акционерлік формасының экономикалық мазмұны, қалыптасуы және қызмет етуінің әдістері
1.2 Акционерлік қоғамды құру жолдары және оның қатысушылары
1.3 Меншіктің акционерлік формасының артықшылықтары
және кемшіліктері
2 «Қазақтелеком» акционерлік қоғамның қызмет ету тиімділігін талдау және бағалау
2.1 «Қазақтелеком» акционерлік қоғамның 2006-2008 жылдар аралығында техникалық-экономикалық көрсеткіштерін талдау
2.2 «Қазақтелеком» акционерлік қоғамның қаржылық жағдайының көрсеткіштерін талдау.
2.3
3. Акционерлік қоғамдардың қызмет етуінің тиімділігінің көтеру жолдары
3.1 Қазақстан Республикасында акционерлік қоғамдардың қызмет ету тиімділігінің көтеру жолдары
3.2 Қазақстандық тәжірибеде акционерлік қоғамдардың қызмет етуінің шетелдік тәжірибесін қолдану

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тiзiмi

Работа содержит 1 файл

kaztel.doc

— 758.50 Кб (Скачать)

 

 

 

 

 

 

 

Кесте 1.   ТЭП

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

және  төлемдерді  төлегеннен   кейін  қалатын  пайдасы. Бұл  пайда   кәсіпорынның иелігінде қалады, және өндірістің дамуына, ақша  қорларының  құрылуына,  әлеуметтік   қажеттіліктерге  және  т.б. мақсаттарға   жұмсалады.

«Қазақтелеком» ААҚ-да  таза пайда 2008  жылы  28,310,200   теңгеге,  ал  2007  жылы  21,230,000   теңгеге тең болды,  яғни, 7,080,200  теңгеге өскен.  Ал  2006  жылы   таза   пайда 10,231,000 теңге құрады,  яғни  2007 жылы  осы жылмен  салыстырғанда таза  пайда 10,999,000   теңгеге көбейген.  Таза  пайданың  құрылуын  талдау

Кесте 2  мәліметтері  көрсетіп тұрғандай,  салық  салуға  дейінгі  табыстың  ішінде  таза  пайданың  үлес  салмағы  2008 жылы  71%, 2002  жылы  58,1% құрады, яғни  2008  жылы  таза  пайданың  үлес  салмағы 2,2%-ға  өскен.  Ал  2006  жылы  жалпы табыстың  ішіндегі   таза  пайданың  үлесі 42,3% құрады, яғни 2007 жылы бұл көрсеткіш 2006  жылмен  салыстырғанда 7,3%-ға  өскен.

 

Кесте 2

"Қазақтелеком" ААҚ-да таза пайданың құрылуын  талдау

 

Көрсеткіштер

2009 жылы

2010 жылы

Ауытқулар

2011 жылы

Ауытқулар

есептеме бойынша

есептеме бойынша

млн теңге

үлес салмағы,%

есептеме бойынша

млн теңге

үлес салмағы,%

млн теңге

үлес салмағы,%

млн теңге

үлес салмағы,%

млн теңге

үлес салмағы,%

   

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

1.Салық салуға дейінгі табыс

24210

100

36534,7

100

12324,7

-

39595

100

3060,3

-

2.Пайдадан алынатын салықтар  және басқа да төлемдер

13979

57,7

15304,7

41,9

1325,7

27,45

11284,78

28,5

4019,92

-32

3.Күтілмеген табыстар +, күтілмеген  шығындар -

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

4.Таза пайда 

10231

42,3

21230

58,1

10999

7,3

28310,22

71

7080,22

2,2


              

         Кесте 2 мәліметтері бойынша салық салуға дейінгі табыстың құрамындағы  салықтар  және  басқа  да  төлемдер  үлесі  2006 жылы  57,7% (13,979,000 теңге), 2007 жылы  41,9% (15,304,700 теңге) құрады. Яғни, алдыңғы жылмен салыстырғанда 27,45%  төмендеген.  2008  жылы  төлемдер  үлесі 28,5%-ға (11284780млн теңге) тең болды, яғни 2007 жылмен салыстырғанда 32%-ға  төмендеген.

          Өндірілген өнімнің (қызметтің) рентабельділігі бұл өнімді (қызметті)  өткізуден  түскен  пайданың  өткізілген  өнімнің  (қызметтің)  өзіндік  құнына  қатынасы. «Қазақтелеком» ААҚ-да   рентабельділік  деңгейлері  мынадай:

 

 2006жылы

Жоспар  бойынша:    ;

 

Есептеме  бойынша: ;

2007 жылы

Жоспар  бойынша:   

 

Есептеме  бойынша: 

2008 жылы

Жоспар  бойынша:   

 

Есептеме  бойынша: 

 

          2006 жылғы рентабельділіктің нақты деңгейінің жоспарланған  деңгейінен  ауытқуы 8% (23,9-15,9), ал  2007 жылы  8,5% (36,8-28,3)  құрады.

2008 жылы  ауытқу  мөлшері  4,4%-ға (38,7-34,3)  тең  болды.  Рентабельділік  деңгейінің  өсуі  өзіндік  құнның  төмендеуімен  түсіндіріледі.  

 

Еңбекақы  қорын  және  еңбек ресурстарын  талдау. 

          «Қазақтелеком»  ААҚ-да жұмысшылардың   орташа  тізімдік  саны  2006  жылы  жоспар  бойынша 500  адам, ал  есептеме  бойынша 510  адам,  2007  жылы  жоспар  бойынша 510  адам, ал  есептеме  бойынша   515  адам,  ал  2008  жылы  жоспар  бойынша 515 адам, ал  есептеме  бойынша 530 адамды  құрады. 2007  жылы  жұмысшылар  саны  алдыңғы жылға қарағанда 5  адамға,  2008  жылы  алдыңғы жылмен  салыстырғанда  15  адамға  өсті. Жұмысшылар  санының  өсуі  жұмыс  көлемінің  өсуімен  байланысты.

 

 

 

 

 

 

Кесте 3 

Еңбекақы қорының  мерзімдік нысанын талдау

 

Көрсеткіштер:

2006 жыл

2007 жыл

Ауытқулар

2008 жыл

Ауытқулар

теңге

есе

теңге

есе

бір жұмысшының жалақысы:

             

орташа айлық

42357,1

43560

1203

1,0

45844

2284

1,1

орташа күндік

1411,9

1452,0

40,1

1,0

1528,1

76,1

1,1

орташа сағаттық

201,7

207,4

5,7

1,0

218,3

10,9

1,1

Жұмыс уақытының орташа ұзақтығы

7

7,9

 

1,1

8

 

1,0


 

Кесте 3 мәліметтері көрсетіп  тұрғандай,  1  жұмысшының  орташа  жалақысы  2006 жылы  42357   теңгеге, 2007  жылы  43560   теңгеге тең болды,  яғни  2007  жылы  орташа  жалақы  алдыңғы жылмен  салыстырғанда 1203  теңгеге немесе  1 есе өскен. 2008 жылы  орташа  жалақы 45844 теңгеге тең болды, бұл алдыңғы жылмен  салыстырғанда 2284  теңгеге немесе  1,1  есе өскен.  Орташа  жалақы  өскен  сайын,  сәйкесінше  еңбекақы  қоры  да  өсті: 2006  жылы – 2,965,000     теңге (жоспар  бойынша – 1,970,100 теңге),  2007 жылы  3,267,000    теңге (жоспар  бойынша – 3,223,431 теңге),  ал  2008  жылы  4,126,000     теңге (жоспар  бойынша – 4,440,220 теңге). 2008  жылы  2007  жылға қарағанда 859,000  теңгеге өскен. Жұмыс   уақытының   орташа  ұзақтығы  2006  жылы  7  сағат,  2007  жылы  7,9  сағат, 2008 жылы  8  сағат құрады.   «Қазақтелеком» ААҚ-да  қызметкерлер  шарт бойынша  және кесімді бағам бойынша жұмыс істейді. Мерзімдік жұмысшылардың орташа  жылдық    жалақысы,  сонымен   қатар   1  жылда   1   жұмысшының   істеген күніне   де   байланысты. Жыл сайын «Қазақтелеком» ААҚ-ы жұмысқа қажет көлемде мамандарды  қабылдайды,  бірақ  жұмыстан   шығатын  жұмысшылар  саны   да   аз  емес.  Соңғы жылдары  кәсіпорынның   кадрлық  жағдайы   жақсарып   келе  жатыр. Жыл  сайын  жұмыс көлемі  өсіп  жатқандықтан, жұмысқа  адам  көп  қабылданды,  сәйкесінше    еңбекақы    төлеу   қоры   да    өсті .

         Сонымен, «Қазақтелеком» ААҚ-ң   экономикалық  көрсеткіштерін  талдауды  аяқтай  отыра,  мынадай қорытынды   жасауға  болады. Атқарылған  жұмыс   көлемі  2006  жылы  жоспар  бойынша  135,741,000 теңге болса,  есептеме  бойынша 134,120,000 теңге құрады). Яғни,  жоспардан ауытқу  көлемі  16,210,00   теңгеге немесе 1,2%-ға  тең болды. 2007жылы  жоспар бойынша 144,960,000 теңге болса, есептеме  бойынша 145,230,000   теңгеге тең болды. Яғни, 270,000   теңгеге немесе  0,2%-ға  өскен. 2008 жылы атқарылған жұмыс  көлемі  жоспар бойынша  160,450,000  теңге, ал  есептеме  бойынша 163,230,000     теңгеге тең болды.  Яғни  жоспардан 2,780,000   теңгеге немесе   1,7%-ға  ауытқып отыр. Бұл  көрсеткіштің  өсуін  тапсырыс  берушілердің  көбеюімен  және  көрсетілетін  қызметтің  кеңеюімен (сақтау,  тиеу-түсіру  жұмыстары)  түсіндіруге  болады. Өткізілген  өнімнің  (қызметтің)  өзіндік  құны  2006 жылы  жоспар  бойынша  109,000,300 теңге құраса,  есептеме  бойынша 101,000,000  теңге құрады. Яғни,  8,000,300   теңгеге немесе  7,3%-ға  азайған. 2007  жылы  өзіндік құн жоспар  бойынша 102,300,200    теңге құраған, ал  есептеме  бойынша   99,265,300     теңгеге тең болды. Яғни,  3,034,900  теңгеге немесе  3,0%-ға  кеміген.

        Ал  2008  жылы  бұл  көрсеткіш   жоспар  бойынша 105,230,000     теңге құраған,  ал  есептеме  бойынша   102,105,000 теңге құраған,  демек   жоспардан 3,125,000     теңгеге немесе  3,0%-ға  кеміген.

 

 

 

Сурет 3. «Казақтелеком» АҚ 2006-2008 ж.ж. таза пайданың өзгеру динамикасы

 

Өнімді  өткізуден  түскен  жалпы  табыс  2006  жылы  жоспар  бойынша  17,409,700   теңге  болған,  ал  есептеме  бойынша  24,210,000  теңге құраған. Бұл жоспардан 6,800,300  теңгеге немесе  39,1%-ға  көп. 2007 жылы  табыс мөлшері  28959800   теңгеге, ал  есептеме бойынша  36534700  млн   теңгеге  тең  болды. Яғни,  7574900  млн   теңгеге немесе  26,2%-ға  көп. 2008  жылы  табыс  мөлшері  жоспар  бойынша  12,324,700  теңге құраған, ал  есептеме  бойынша 36,120,200   теңге құрады. Демек, жоспарланған  деңгейден 3,474,800  теңгеге немесе 9,6%-ға көп. Жылдан жылға табыстың өсуі  кеткен  шығындардың өтелімділігімен түсіндіріледі.  

         Таза  пайда  2006 жылы  жоспар  бойынша  6,945,000   теңгеге, ал  есептеме  бойынша 10,231,000  теңгеге тең болды. Яғни, жоспар  деңгейінен  3,286,000  теңгеге немесе  47,3%-ға  көп. 2007  жылы таза  пайда 16,320,000 теңгеге жоспарланған,  ал  есептеме бойынша 21,230,000   теңгеге тең болды. 2008  жылы  жоспар  бойынша 26,160,300   теңге болды, есептеме  бойынша 28,310,200  теңге құрады.

         Осы  көрсеткіштер  деңгейін  қорытындылай  отыра, қазіргі   уақытта  «Қазақтелеком» ААҚ-ы  техникалық  жағынан   қаруланған, кадрлық  бөлімі  жақсы  ұйымдастырылған,  бәсекеге   қабілетті   кәсіпорын  деп  айтуға  болады.

 

2.2  «Қазақтелеком»  акционерлік қоғамның қаржылық  жағдайының көрсеткіштерін талдау

 

Баланс активтерiнiң  құрамы және олардың орналасуын талдау.

Қаржылық есептеменiң  негiзгi элементi болып табылатын  активтердi сипаттау үшiн олардың  бар болуы, құрамы, құрылымы және оларда болған өзгерiстер зерттеледi.

Активтер құрылымын  тұтас және олардың бөлек топтарының құрылымын талдау, олардың рационалды орналастырылуын талдау үшiн келесi аналитикалық кесте құрылады (Кесте 4).

Кесте мәлiметтерiнен  көрiнiп тұрғандай, активтердiң нақты  құнын бейнелейтiн, баланс валютасы жыл iшiнде 63525 млн тенгеге немесе 91,8%-ке өскен. Бұл кәсiпорынның қызметiн жақсы жағынан бейнелейдi, себебi ол оның әрi қарай дамуын көрсетедi.

Бiрақ активтердiң қалай  орналасқандығына көп көңiл бөлу керек, есептiк жылда неге көп  мән берiлгендiгiне, кәсiпорынның өндiрiстiк  потенциалының жағдайына, мүлiктiң  мобильдiгi кандай екендiгiн анықтау керек. Бұл үшiн ең алдымен кәсiпорынның өндiрiстiк потенциалының көлемiн анықтап алу қажет.

Оның анықтамасы бойынша  әдебиеттерде әр түрлi көзқарастар  кездеседi. Бiр әдістеме бойынша оның құнына негiзгi құралдар құны, өндiрiстiк  запас, аз құнды және тез тозатын заттар, аяқталмаған өндiрiс құны кiредi. Осы әдістеме бойынша анықталған өндiрiстiк потенциалдың құны «Қазақтелеком» АҚ-да 2007 жылы 38779 млн тенге құраса, 2008 жылы 72527 млн теңге құрады, яғни 33748 млн теңгеге немесе 1,9 есе көбейдi. Баланс активтерiнiң жалпы құнында өндiрiстiк потенциалдың үлесi 2007 жылы 42,6 % құраса, 2008 жылы 41,6 % құрады.

Екiншi әдістеме бойынша кәсiпорынның өндiрiстiк потенциалын анықтайтын активтер құрамына жоғарыда келтiрiлген әдістемеге аяқталмаған күрделi салымдар және орнатылуға тиiстi құрал-жабдықтар құны қосылады. Бұл әдістеме бойынша «Қазақтелеком» АҚ-да өндiрiстiк потенциал құны 2007 жылы- 45318 млн теңге, 2008 жылы 95511 млн теңге құрады, бұл алдыңғы әдістеме бойынша есептелген шамадан көп болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

К4

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Екiншi әдістеме бойынша анықталған кәсiпорынның өндiрiстiк потенциалы 2,1 есеге өстi, ал активтердiң нақты құнының коэффициентi немесе екiншi әдістеме бойынша «өндiрiстiк қолдану мүлкiнiң коэффициентi» деп атайды, ол өндiрiстiк пайдалану мүлкiнiң құнының баланстың барлық активтерiнiң құнына катынасымен анықталады. Ол 2007 жылы 0,50 (45318:91000), 2008 жылы-0,55 (95511:174525) құрады. «Қазақтелеком» АҚ-да , екiншi әдістеме бойынша есептелген бұл көрсеткiш деңгейi бiрiншi әдістемеге қарағанда, арнайы әдебиеттерде көрсетiлген шектеуге сәйкес келедi: Кө.қ.п ≥ 0,5.

Бұл деңгейдiң 0,05 пунктке  көтерiлгенi, алғашқы әдістеме бойынша  есептелген 0,01 пунктке түскенiне қарағанда, кәсiпорынның және оның материалды-техникалық базасының даму процесiн нақты бейнелейдi.

 Кесте 4 мәлiметтерi көрсетiп отырғандай, ұзақ мерзiмдi және ағымдық активтер арасында құралдарды бөлiстiру 2007  жылда да және 2008 жылда да екiншiсiнiң үлесiне тидi. Ағымдық активтер үлесi ұзақ мерзiмдi активтер үлесiнен 2007 жылы 16,74 пунктке (58,37-41,63), 2008 жылы 17,92 пунктке көп болды (58,96-41,04). Жыл iшiнде ағымдық активтердiң құны 49790 млн теңгеге немесе 93,7%-ке өстi, ал ұзақ мерзiмдi активтер құны 33735 млн теңгеге немесе 89,0%-ке өстi. Ағымдық активтердiң өсiмi ұзақ мерзiмдi активтер өсiмiнен 4,7 пунктке алда жүрдi (93,7-89,0).

Барлық активтер құрамында ағымдық  активтердiң көбею тенденциясы  сақталды. Ағымдық активтер құнының  кәсiпорынның барлық мүлкiнiң құнына қатынасы ретiнде анықталатын, кәсiпорын активтерiнiң мобильдiгi коэффициентi, 2008 жылы 58,96 % құрады , ол 2007 жылмен салыстырғанда 0,59 пунктке көп. Каржылық көзқарас тұрғысынан бұл көрсеткiштiң көбеюi, құрылымдағы жағымды қозғалыс болып саналады, мүлiк мобильдi болады, оны пайдаланудың тиiмдiлiгiнiң өсуiн сипаттайды. Бұл туралы, ағымдық және ұзақ мерзiмдi активтердiң қатынас коэффициентi айтып тұр, ол былай анықталады:

                                                     Ағымдық ақтивтер

                      Км/а=

Информация о работе Меншіктің акционерлік формасының теориялық негіздері