Шпаргалка по "Психологии"

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2011 в 13:06, шпаргалка

Описание работы

Работа содержит ответы на вопросы по дисциплине "Психология".

Работа содержит 1 файл

ПСИХОЛОГИЯ.doc

— 297.50 Кб (Скачать)

32. Жоғары сезімдер.

Сезімдер  деп тұрақты эмоционалды боялған  тұлғалық құрылымдарды айтамыз, онда адамның  біреуге немесе бірнарсеге деген  қатынасы бейнеленеді: біреуге деген  махаббат сезімі, патриотизим сезімі, ұят сезімі т.б. Жоғары сезімдерге мыналар жатады:

  1. ақыл-ой  сезімі- адамның таным қажеттіліктерімен тығыз байланысты. Таным қажеттіліктерін оятатын әдебиет, теледидар, өнер, компьютер бағдарламалары. Кітап арқылы адам өзін және басқа адамдардың эмоциялық әлемін таниды, өзінің эмоционалды күйін бағалайды және реттейді, өзін өзгертеді, өмір талабына сай қалыптастырады. Бірақ адам өмірінің барлық кезеңдерін көрссете алмайды тек ерекше есте қаларлық жағдайларды береді.
  2. Эстетикалық сезім-адамдардың сұлулыққа, әсемділікке, табиғатқа деген сезімін ояту. Өнер, музыка, көркем шығармалар, шешендік өнер, поэзия республикада кең таралған көрермендердің көңілінен шыққан, жүрегіне жол табатын баурап алатын ақындар сайысы, адамның  жан дүниесін тереңдетіп оны шабыттандыра түседі.
  3. Адамгершілік сезім- демократия және гуманистік, гуманитарлық үстемдік ететін қоғамдағы адамгершілік сезімдер- борыш сезімі, әр адамның һз халқы алдындағы азаматтық қасиеттерін құрмет тұтуы.
 

33. Қиялдың физиологиялық  негізі. Қиялдың түрлері

Адам  миында бұрыннан бар елестерді мәнерлеп жаңа образ жасау процесі қиял деп аталады. Қиялдың физиологиялық  негізі, нерв жүйесінің байланысынң  өзектену, оның ыдырауы, қайта топтасуы және жаңа жүйеге бірігуі болып табылады. Осылайша бұрынғы тәжірибемен сәйкес келмейтін, бірақ одан толықтай ажырамаған образдар пайда болады. Қиялдың күрделілігі, олардың эмоциямен байланысы, олардың физиологиялық механизмінің құрылымдарымен өте тығыз байланысты екенін толық көрсетеді. Қиял процесі ес сияқты  ерікті(мақсатты) немесе әдейі жасалуы бойынша бөлінеді. Еріксіз (мақсатсыз) жасалған қиялға түс жатады. Ерікті қиялдың көптеген түрлері мен формалары бар.  Олардың арасынан жаңадан жасалған қиялды, шығармашылық қиялды, және арманды бөліп қарастыруға болады. Қайта жасау қиялв адамның өзін суреттеуінетолықтай сәйкес келетін объектіні жасау қажеттілігі туған кезде пайда болады. Ерікті қиялдың келесі түрі-шығармашылық қиял. Ол адамның жоқ үлгі бойынша жаңа образды жасауымен сипатталады. Қиялдың ерекше түрі-арман. Қиялдың бұл түрінің мәні-жаңа образдарды жеке өзінің жасауы. 
 
 

34. Психология дамуының  кезеңдері.

Психология  басқа ғылымдар сияқты белгілі даму жолдарынан өткен. Әлемдік психологияның  даму тарихы екі кезеңге бөлінеді.

Бірінші, басқа ғылымдардың аясында психология білімінің қалыптасу кезеңі.

Екінші, психологияның өз алдына дербес ғылым ретінде көрінуі.

XIX ғ.дың аяғы XX ғ.дың басында атақты  психолог Г.Эббингауз психология  тарихына қысқаша және нақты  анықтама берген. Ол психология  ғылымының зерттеу пәні бойынша  психикалық құбылыстардың тарихи даму процестерін қарастырды. Осы көзқарас бойынша психология тарихын шартты түрде төрт кезеңге бөлуге болады: Бірінші кезеңде психология жан туралы ғылым, екінші кезеңде сана туралы ғылым, үшінші кезеңде мінез құлық туралы ғылым, төртініші кезеңде психика туралы ғылым болып қалыптасады.

Бірінші кезеңде, психология жан туралы ғылым  болғандықтан, ежелгі замандардан бері, біріншіден психика бейнесі рух  пен материяның өзара байланысының жалпы мәселесін шешу барысында  да қалыптасты.

Екінші кезеңде, психологияның зерттеу объектісі сана деп қарастырылып, мұнда ұзақ уақыт интроспекция әдістемесі негізгі ғана емес, жалғыз психологиялық әдіс болды. Ол негізгі екі бағытпен тұжырымдалды: біріншіден, сана процесі сыртқы бақылау үшін жабық, ал екіншіден сана процесі субъектінің өзінде ашылады. Бұл тұжырымдардан сана процесі басқаға түсініксіз нақты адамның өзінде ғана оқылады.

Үшінші  кезеңде, психологияның зерттеу  объектісі мінез құлық деп  қарастырылып, сонымен қатар американ психологы Джон Уотсон негізін салған бихевеоризім бағыты еді. Олар Психология бихевеористің көзқарасы тұрғысында деген еңбегінде ескі психология тіліндегі сана, ерік, эмоция, т.с.с терминдерден бас тарту дұрыс деп есептеді. Оның орнына бихевиоур ағылшын сөзі, мінез құлық деген мағынаны білдіреді. Бихевиористер психиканы мінез құлықтың әр түрлі көріністері, организмнің сыртқы әсерге стимул қайраттан жауап реакцияларының жиынтығы деп түсіндіреді.

Төртінші  кезеңде психикалық құбылыстардың  механизмдері мен заңдылықтары зерттеледі. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

  35. Тұлға дамуының кезеңдері.

Адам  тұлға ретінде қалыптасып, дами келе кемшіліктерді де иеленеді. Бір теорияда оң ж.е теріс қасиеттердің үйлесімін  жан жақты көрсету мүмкін емес. Сондықтан, Э.Эриксон өз концепциясында тұлға дамуының екі шекті желісін бейнелеген: қалыпты ж.е аномалды. Олар таза күйінде өмірде кездеспегенімен, адамның тұлғалық дамуының барлық аралық варианттарын елестетуге мүмкіндік береді.

Психологтарға үйреншікті ой бойынша, тұлға әлеуметтік ортада өмір сүріп, тәрбиеленуі кезінде дамиды. Адам әлеуметтік тіршілік иесі болғандықтан, әлеуметтік өзара әрекеттерге түседі. Ең бірінші аралу тәжірибесін бала сөйлемей тұрып ақ өз жанұясында алса, кейін үнемі субъективті тәжірибе жинайды. Ал тәжірибе тұлғаның ажырамас бөлігі.

Тұлға дамуының кезеңдері сегіз кезеңнен тұрады: бірінші кезең ерте нәрестелік шақ; екінші к. Кейінгі нәрестелік шақ; үшінші к. Ерте балалық шақ; төртінші к орта балалық шақ; бесінші к жыныстық жетілу, жеткіншек жасы ж.е бозбалалық; алтыншы к ерте ересек шақ; жетінші к орта ересек шақ; сегізінші к кеш ересек шақ.

Тұлға дамуы теориясының негізгі мәселелерінің  бірі тұлғаның өзін өзі өзектендіруі. Ересек тұлға өзін өзі дамытуы  тиісіті деп саналады. Өзін өзі  дамыту ж.е өзін өзі өзектендіру  идеясы адам туралы көптеген қазіргі заман концепциялары үшін маңызды болып қалып отыр.

Тұлға дамуының мәселеллерін қарастырған  авторлар адам дамуының шарты болып  табылатын себептерді анықтауға  тырысады. Көптеген зерттеушілердің  ойынша тұлға дамуының қозғаушы күші түрлі қажеттіліктердің кешені. Олардың ішіндегі маңызды орынды алатыны өзін өзі дамыту қажеттілігі. Бірақ ол қол жетпес идеяларға ұмтылу деген сөз емес. Тұлға үшін нақты мақсатқа жету н.е белгілі бір әлеуметтік статус алу маңыздырақ. 
 
 

36. Ерік туралы түсінік.

Ерік деп адамның өзінің психикасы мен қылықтарын саналы басқару қабілетінен көрінетін қасиетті айтады. Ол саналы қойылған мақсатқа жету жолында кездескен кедергілерді жеңуден көрінеді. Ерік адам психикасының маңызды құрауышы болып табылады ж.е мотивтермен, таным ж.е эмоциялық процестермен тығыз байланысты. Еріктің негізгі функциясы өмір әрекеті барысындағы қиын жағдайларда белсенділікті саналы түрде реттеуден тұрады.

Еріктің арқасында адам өз қалауы бойынша, саналы ұғынылған қажеттіліктен шыға отырып, алдын ала ойлаған, жоспарлаған әрекеттерін жүзеге асыра алады. Ерік белгіленген мақсатқа жету жолында адм бойын кернеген эмоция мен сезімдерді тежеп отыратын, қуаныш пен қызығу тудырмайтын, алайда қажетті іс үшін жағымды жайттардан бас тартуға мәжбүрлейтін мінез құлықтың реттуші қасиеті болып табылады. Сонымен, ерік бір жағынан, адамның әрекетін бағыттайды ж.е тежейді, екінші жағынан, белгілі бір талаптар мен міндеттерден шыға отырып, психикалық іс әрекетті ұйымдастырады.

Ерікті  реттеу пайда болу үшін белгілі бір  шарттар болуы тиіс. Ең әуелі кедергі қиындықтардың болуы. Адам мақсатқа жету жолында қиындыққа кездескен жағдайда ғана ерік көрінеді. Бұл кедергілер сыртқы не ішкі болуы мүмкін. Сыртқы кедергілерге уақыт, кеңестік, заттардың физикалық қасиеттері, өзге адамдардың қарсы істелетін әрекеттері жататын болса, ішкі кедергілер мазмұнына адамның қатынасы мен бағдары, білімінің аздығы, еріншектігі, енжарлығы, ықыластың жоқтығы, шаршауы, сырқат күйі ж.е т.б кіреді. Сыртқы ж.е ішкі кедергі.р санада бейнелене отырып, еріктік күш салу тудырады. Ол қиындықты жеңуге қажет тонус жасайды, жұмылдырады.

Өмір  тәжірибесінде жеке қылық.р мен  әрекеттерден тұлғаның еріктік ұйымдасуы  қалыптасады. Еріктік қасиет.р тұлғаның ажырамас белгісіне айналады. 
 
 

37. Қарым-қатынастың  функциялары. Қарым-қатынас- бір адамның басқа адамдармен қоғам мүшесі ретінде өзара әроекеттесуінің арнайы формасы. Қарым-қатынас барысында адамдардың әлеуметтік байланысы, бір-біріне деген қарым-қатынасы жүзеге асады.

I  Әлеуметтік функция- адамдардың  және қоғамның белгілі бір қажетін өтеуге арналған функция. Әлеуметтік функция бөлімдері.1.Ортақ жұмысын жоспарлау мен кординациялау. 2.меңгеру функция немесе әлеуметтік бақылау функция.3. Топ арасындағы қарым-қатынасты немесе әрекеттестікті қажет ету функциясы.

II Әлеуметтік-психологиялық функциялар Тұлғаның қарым-қатынас қажеттілігімен байланысты:контакт қызметі,идентификация,социализация(әлеуметтену).Қарым-қатынас тұлға арасында немесе топ арасында жүріп жатқан процесс. Қарым-қатынас түрлері.материалдық қарым-қатынас – қарым қатынасты бір әрекет арқылы жасау;белгі арқылы қарым-қатынас;рольдік қарым-қатынас - әлеуметтік рольдермен ұштасып отыратын қарым-қатынас түрі;мәндік қарым-қатынас- адамдардың субъективті туылғаны мәндік байланыс қабылдауы.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

38. Қиял ж.е оның басқа психикалық процестермен байланысы.

Адам  миында бұрыннан бар елестерді мәнерлеп жана образ жасау процесі қиял д.а. Қиял нақты шынайлықты білдіретін ж.е осының негізінде жаңа көріністі  түсініктерді қайта жасайтын процесс. Қиял еңбек процесінде адамның белгілі бір құралдарды қайта жасау қажеттілігінің тууы негізінде пайда болды деп есептелді.

Қиял  процесі ес сияқты ерікті н.е әдейі  жасалуы бойынша бөлінеді. Еріксіз  жасалған қиялға түс жатады. Себебі, онда образ.р әдейіленіп жасалмайды ж.е де күтпеген қызықты жағдайларға тап болады.

Қайта жасау қиялы адамға өзінің суреттеуіне  толықтай сәйкес келетін объектіні  жасау қажеттілігі туған кезде  пайда болады. Қиялыдың мұндай түрімен, географиялық орын н.е тарихи оқиға  туралы суреттеуді оқыған кезде әдебиет кейіпкерлерімен танысу кезінде кезігеміз.

Ерікті  қиялдың келесі түрі шығармашылық қиял. Ол адамның жоқ үлгі бойынша жаңа образды жасауымен сипатталады. Шығармашылық қиял да еспен тығыз  байланысты, себебі оның көрінісінде  адам өзінің бұрынғы тәжірибесін еске алады. Жаңадан жасалған қиял кезінде көруші, оқушы н.е тыңдаушы берілген образды өзінің шығапмашылық қиялының іс әрекетімен толтырып отыруға тиіс.

Қиялдың ерекше түрі арман. Қиялдың бұл түрінің  мәні жаңа образдарды жеке өзінің жасауы. Арманның шығармашылық қиялға қарағанда бір қатар айырмашылықтары бар. Біріншіден, арманда адам өз тілеген образды жасайды, ал шығармашылық қиялда адам әрқашан өзі қалаған нәрсесін жасай бермейді. Арманда адамды өзіне тартатын, өзі тырысатын белгілі бір тілек жатады. Екіншіден, арман шығармашылық іс әрекетке қосылмаған қиял процесі, яғни көркем шығарма ғылыми ашулар, техникалық ойлай, табу, т.б түріндегі тез арада ж.е тікелей объективті өнім бермейді.

Арманның  негізгі ерекшілігі оның болашақтағы  іс әрекетке бағытталғандығында, яғни арман өзі қалаған болашаққа бағытталған қиял. Адам көп жағдайда болашаққа қатысты өз жоспарын құрады да, арманында сол ойлағанын жүзеге асыру үшін жолдарды қарастырып, айқындайды. Мұндай жағдайда арман белсенді, ерікті саналы процесс болып табылады. 
 
 

39. сана және психика. 

Сана-психикалық дамудың ең жоғарғы сатысы, ол тек адамға ғана тән. Ол адамның объективті шындықты тану, бағытталған мінез-құлықты қалыптастыру, сондай ақ айналаны өзгерту мүмкіндігін анықтайды.  Сана жеке адамға ғана тән дара қасиет. Жер бетіндегі тіршілік эволюциясының қол жеткен ең жоғарғы жетістігі-ойлай білетін адамның дүниеге келуі. Адамның еңбек етуі, еңбек құралдарын жасап, оны пайдалануы оның санасының дамуына зор ықпал жасайды. Еңбек ету арқылы адам тек материалдық игіліктерді өндіріп қана қоймай, өзінің ой-санасын, психологиясын да қалыптастырады. 

Информация о работе Шпаргалка по "Психологии"