Шпаргалка по "Психологии"

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2011 в 13:06, шпаргалка

Описание работы

Работа содержит ответы на вопросы по дисциплине "Психология".

Работа содержит 1 файл

ПСИХОЛОГИЯ.doc

— 297.50 Кб (Скачать)

55.Тұлға  теориясының психодинамикалық  бағыты.

Психоанализдің  негізін салушы австрия психиатры-З.Фрейд. Қазіргі күнге дейін тұлға  психологиясына әсер ететін,кең тараған  теориялардың бірі-фрейдизм. Бұл теория клиникалық кезеңде п.б. Т/я құрастырушысы-З.Фрейд. Кейін фрейдизмнің іргесінде шартты түрде неофрейдизм теорияларының тобына біріктірілген бірқатар т/ялар п.б. Мінез-құлық мәселесін қарастыра отырып, Фрейд адамның психикалық іс-әрекетін анықтайтын екі қажеттілікті көрсетеді:либидо ж/е агрессия. Осы қажеттіліктердің өзара әрекетінің сипатын, оларды қанағаттандыру мүмкіндігін аша келе Фрейд тұлға құрылымында үш негізгі компонентті ажыратады:ид( «Ол»), эго («Мен»)ж\е супер-эго («Жоғарғы мен»). Ид бейсаналық саласына ығыстырылған инстинктердің алаңы б.т. Эго бір жағынан бейсаналы инстинктерге жалғасса,екінші жағынан, шынайылықтың нормалары мен талаптарына бағынады. Супер-эгодегеніміз-қоғамның ғибратты бастауларының жиынтығы, ол «цензор» рөлін атқарады. Сонымен, ид пен супер-эго талаптарына үйлеспейтіндіктен эго үнемі қақтығыста,ол қорғаныс мезанизміне (ығыстыру,сублимация)жүгінуге тура келеді. Ығыстыру санасыз түрде жасалады. Бейсаналық саласына «көшетін» мотивтер, күйзелулер «цензор» үшін жарамды символдар, әрекеттер түрінде қалып әсер ете береді. Фрейдтің ойынша түрлі іс-әрекет функциялары мен формаларын жүзеге асыру үшін арнайы механизмдердің (сублимация,проекция,көшіру, ығыстыру, регрессия,т.б.) бөлек жүйесі бар. Ал ағза энергия сақталу заңымен басқарылатын күрделі энергетикалық жүйе ретінде қарастырылады. Сондықтан, егер либидо өзінің бір көріністерінде тоқтатылса, онда қандай да бір басқа эффектіні тудыруы тиіс. Супер-эго осындай эффектілерді әлуметтік тұрғыдан жарамды етеді. Егер жарамды етпесе, онда ид пен супер-эгоның арасындағы конфликт өршіп, жүйенің қалыпты қызметі бұзылады, тежелген либидо түрлі ауырсыну синдромдары арқылы өзін байқатады. 
 
 

56.Сезгіштік  және түйсік табалдырықтары.

Сезгіштік-нешетүрлі  заттардың сигналды әсерлерін бейнелеу.Адамның  түйсіне алуға кабілеттілігін сезгіштік Сезім мүшелері сыртқы дүниені адам санасына жеткізетін каналдар. Сезім мүшелері адамның сыртқы ортада және өз ішкі күйінде бағдарлай алуына мүмкіндік береді. Адамның түйсіне алу қабілеттілігін сезгіштік деп атайды. Абсолюттік сезгіштік дегеніміз сезім мүшелерінің өте әлсіз тітіркендіргіштерді түйсіне алуы. Абсолюттік табалдырық деп сенсорлық табалдырықтардың бір түрі. Психофизфкада аб.таб.деп негізінен қабылданбайтын стимулдармен негізінен қабылданатын стимулдарды өзара ажырататын мөлшердің мәнін айтады. Абсолюттік табалдырық сенсорлық жүйенің сезімталдығының модалдылығы ретінде пайдаланылады.Алғашқы рет білінерлік түйсік туғызатын тітіркендіргіштің аз күшін сезгіштіктің төменгі абсолюттік табалдырығы дейді.Тітіркендіргіштің осы түрдегі түйсігін тағы да туғызатын ең жоғарғы күшін сезгіштіктің жоғарғы абсолюттік табалдырығы дейді. Айырма сезгіштік деп сезім мүшелерінің тітіргендіргіштердің арасындағы болмашы айырмашылықты түйсіне алуын айтады. Айырма табалдырығы айыпма сезгіштікті анықтау үшін пайдаланады. Мысалы, егер алақанға жүз гр.салмақ салып, оған тағы бір гр.қосса, салмақтың артқаны білінбейді. Оны айыра білу үшін  шамамен үш, төрт гр.салмақ қосу керек. Айыру табалдырығы түйсіктің түрлеріне қарай әр түрлі болып келеді.  Мыс,жарықты айыру табалдырығы күші жүзден бірге тең. Сезгіштіктің 3 түрі бар:адаптация(бейімделу),сенсибилизация (косарлана жүру кулак+коз),синистиляция.анализаторлардың сезгіштігі табалдырығының колеміне тәуелді. Е=1\P.Е сезгіштік,Р табалдырык(әсер ететіндер). 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

57.Жеке  адам психологиясы. Адам – белгілі бір қоғамның мүшесі, ол қандай болмасын бір іспен айналысады, оның азды-көпті тәжірибесі, білімі, өзіне тән ерекшеліктері болады. Осы айтылғандардың жиынтығы оны жеке адам етеді. Мәселен, жаңа туған нәрестені адам деп атауға толық болады, бірақ әлі де жеке адам емес. Өйткені, онда жоғарыда аталған компоненттер: тәжірибе, білім, іс-әрекет т. б.жоқ. Жеке адамның өзіндік ерекшелігі дүниетанымынан, сенімінен, талғам, мұратынан, бағытынан, қабілет, қызығуынан жақсы байқалады. Жеке адам – тарихи-әлеуметтік жағдайдың жемісі. Ол әлеуметтік ортада (белгілі қоғамда, коллективте) ғана қалыптасады. К. Маркстің айтуынша, жеке адам – «барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы». Адамның көптеген психологиялық ерекшеліктері, оның өмір сүретін ортасына қоғамдық қатынастардың тікелей әсер етуінен қалыптасып отырады.Жеке адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. өйткені оның психикасы тек айналасындағылармен қарым-қатынас жасау процесінде ғана қалыптасады, қоғамдық тәрбие арқылы адам белгілі мазмұнға ие болады. Жеке адам санасының дамуы қоғамның дамуымен байланысты. Қоғамнан әлеуметтен тыс адам өмірінің болуы мүмкін емес. 
Жеке адам психологиясының неге бағытталғандығын көрсететін негізгі компоненттердің бірі – адамның дүниетанымы мен сенімі. Дүниетаным – адамның табиғат, қоғамдық өмір туралы білімдерінің жүйесі. Адамдарымыздың дүниетанымы мистика және идеялизмге жат, дәйекті ғылыми – материалистік дүниетаным. Тұлғаның ғылым әлеміне, мәдениет кеңістігіне кіруі, тағылым алуы, адамгершілік жағынан жетілуі тәрбие ісімен де шарттас. Адамның дамуы, қалыптасуы жайлы әр түрлі пікірлер мен теориялар бар. Қажетті нышандарды табиғат беретіндігі,әлеуметтік ортаның ықпалы, тәрбие ісін ұйымдастыруды үлестіре білу баланың ынтасы мен бейімділігін, қабілеті мен дарындылығын дамытудағы мәні зор мәселе. 
Ғылыми матералистік тұрғыдан қарағанда адам биологиялық табиғат перзенті. Іс - әрекет, қарым – қатынас, еңбектің , қоршаған ортаның әсері арқасында және қабілеті мен бейімділігі негізінде жеке тұлға ретінде танылады. Бұл жағынан келгенде мынадай төрт жүйені атап көрсеткен жөн: 
1. Психикалық жаратылыс қасиеттері – жас ерекшеліктеріне қарай дамуы, темпераменті, болмыс бітімінің жетілуі. 
2. Психикалық үрдіс – зейін, ес, ерік, ойлауы т.б. 
3. Тәжірибенің өрістеуі – дағды, білік, әділет. 
4. Танымдық бағдар алуы – көзқарас, қызығушылық, ынта – ықылас т.б. 
Адам - жер бетіндегі тірі организмнің жоғарғы сатысы, қоғамдық тарихи іс - әрекетімен мәдениет субъектісі, ол қарым – қатынас иесі.Демек, оның іс - әрекеті, сезімі, ойлау ерекшелігі өзі өмір сүріп отырған қоғамдық – тарихи жағдайға да тәуелді. Осы орайдан тәрбие беру мақсатын айқындап,оның мазмұнын, ұйымдастырудың нақты жолдары мен әдістерін белгілеу тұлғаның қалыптасуындағы ең маңызды мәселе.Тәрбиенің ықпалды әсері барысында тұлғаның рухани және дене қабілеттері дамып, эстетикалық танымы, сезімі жетіліп, дүниеге деген көзқарасы өрістейді. Ал көзқарастың дамуы – дүниенің даму заңдылықтарын терең танып, өзінің оған деген қарым – қатынасын белгілеуге жол ашады.
 

58.Мотив  және мотивацияның  өзекті мәселелері

Мотив-бұл  адамның белгілі бір ңс-әрекет үшін саналы меңгерілген талаптануы. Ол адамның өзінің қоршаған жағдайын ж/е алдына қойған мақсатын бағалау, ақылға салу, есептеу деңгейіне байланыстымазмұны анықталып қалыптасады. Ал мотивация ұғымы адамның нақты бір мақсатқа жетуге бағытталған талаптану жүйесімен түсіндіріледі. Мотивациялық жүріс-тұрыс «Адам нені қалайды?» «Ол неге ұмтылады?» деген сұрақтарға жауап береді. Адамдар жүріс-тұрысының негізінде белгілі бір қажеттіліктер болады. Қажеттілік-бұл адам бастан кешіретін мұқтаждық қанағаттануы, адам тіршілігі,оның жеке адамдық тұтастығын сақтауүшін өмірлік маңызы.Қажеттілік мотивация құрылымында ерекше орын алады. Қажеттілік іс-әрекет субъектісінің белсенділігінің жалпы бағыттылығын көрсетеді. Қажеттіліктің заттану процесі дегеніміздің өз-оның мотивке көшуі (трансформациясы).Субъект белсенділігінің бағыттылығы нәтижеге жетуі ж/е жекелеген әрекетінің қасиеті, оның алдында тұрған мақсатқа қалай тәуелділігіне бай/ты, мотив іс-әрекетті толық себептендіреді.Жеке адам мотивациясын анықтайтын шешуші фактор-ол өмірлік мақсатқа, мағынасына байланысты танымдық белсенділігі. Мақсат мотивацияның детерминалы ретінде шығады, адамның тікелей сыртқы әсерге қатысты түрде тәуелсіз бола алу қабілеттілігін көрсетеді. Мотивация механизмінің дамуын талдағанда адам мотивациясының ерекшеліктерін алдын ала анықтау мәселесінің маңызы зор. Адам мотивациясының төмендегідей біренеше ерекшеліктері бар:адам мот/ң шығу тегі әлеуметтік сипатта болады.Оның қажеттіліктерінің заттылығы қоғамдық өндірістің нәтижесі б.т.; адам м/ң биологиялық м/дан айырмашылығы-қоғам қажетіне жауап береді;адам м/на онтогенез барысында арнаулы бағытталған негізгі мазмұнын тәрбие процесі белгілейтін қалыптастырушы ықпалдың әсері зор; адам м/сы-интелектпен, сөйлеумен, санамен тікелей б/ты;адам м/сы ерік проц/і көмегімен жүзеге асырылады;адам м/ның тұрақтылығы,ситуациялылығы, функционалдық дербестігі организм қалпына б/ты ьолады;адам м/ның өмірлік алыс мақсаттарға бағытталуы;икемділігі,өзара ауыспалылығы. Осы айтылған негізгі белгілердің арас\ында маңызды сипатқа ие жеке адамның м/лық сферасында оның жүріс-тұрысының полимативациялық феноменділігі б.есептеледі.Бұл ұғым негізінде адам жүріс-тұрысындағы бірнеше қажеттіліктерді анықтау тенденциясы жатыр. Б.И.Додонов (1978) мотивтер арақатынасының сызбасын ұсынды: іс-әрекет процесінің өзінен қанағат алуы;іс-әрекет тікелей нәтижесі; іс-әрекет үшін сыйлық беру; іс-әрекет дұрыс орындалмаған жағдайларда жазаланудан қорқу-деприварция. Бұл мотивтердің әрқайсысы іс-әрекет мотивациясының жиынына өздерінің үлес салмағын қосады. Осыған сәйкес поимотивация феноменологиялық сипатқа ие болады. 
 
 
 
 
 
 
 

59.Психологияның  басқа ғылымдармен  байланысы.  Психологияның қоғамдық ғылымдармен байланыста болуы аса маңызды. Тарих, экономика, этнография, әлеуметтану, өнертану және т.б. қоғамдық ғылымдар оқытатын құбылыстар мен үрдістерді зерттеу, психологиялық мәселелердің пайда болуына әкеледі. Адамның жеке және топтағы мінез-құлқының механизмдерін білмей, мінез-құлықтың, әдеттің, әлеуметтік көзқарас пен бағыттың таптауырын қалыптасуының заңдылықтарын білмей, көңіл-күйді, сезімді, психологиялық климатты зерттемей, тұлғаның психологиялық қасиеттері мен ерекшеліктерін, оның қабілеттерін, мотивтерін, мінезін, тұлғааралық қатынастарын және т.б. зерттемей, әлеуметтік құбылыстар мен үрдістерді толық ашып көрсету мүмкін емес. Қысқаша айтқанда: әлеуметтік үрдістерді зерттеу кезінде психологиялық факторларды ескеру қажеттігі туады. Айтылғаннан психологияның қоғамдық ғылымдармен байланыста болуының қаншалықты маңызды екенін көруге болады. Алдымен психикалық әрекеттердің адамға тән болатын түрлерін зерттейтін, қазіргі заманғы психология ғылымы, қоғамдық ғылымдардан - қоғамның негізгі даму заңдарын біріктіретін тарихи материализмнен — алынатын мәліметтерді есепке алмай бірде-бір қадам жасай алмайды. Егер педагогика психологиялық құбылыстардың табиғаты жайлы білімге сүйенбесе, онда ол педагогикалық кеңестер мен рецептердің қарапайым жиынтығына айналып, мұғалімге көмек беретін шынайы ғылым болуын тоқтатады. Педагогика салаларының барлығының (жалпы теорияның, дидактиканың, жеке әдістемелердің, тәрбиелеу теориясының) дамуы кезінде, психологиялық зерттеуді қажет ететін мәселелер пайда болады. Психологиялық үрдістер қозғалысының, динамиканың, білімнің қалыптасуының, дағды мен икемділіктің, мотивтер мен қабілеттер табиғатының, адамның жалпы психикалық дамуының заңдылықтарын білу, білім берудің түрлі сатысындағы білімнің мазмұнын анықтау, білім мен тәрбие беру, неғұрлым нәтижелі әдістерді жасау және т. б. сияқты негізгі педагогикалық мәселелерді шешу үшін маңызы зор. Педагогика тәрбиелеу мәселесіне бағытталған кезде, психологияның қажеттілігі байқалады. Ол біріншіден, философиялық; екіншіден, табиғи; үшіншіден, әлеуметтік ғылымдар арасындағы аралық орынды алады.Психология басқа ғылымдар байланыстарының барлығында өзінің мағынасын, өзінің теориялық принциптерін және өзінің осы мағынаны зерттеу әдістерін сақтайтынын естен шығармау керек. Білімнің ерекше саласы ретіндегі психологияда арнайы пәндердің бірқатары   бірігеді   (мәселен,   психофизиология   және   әлеуметтік психология). Олар бір-біріне сай емес болып көрінсе де, ғылымның бір саласына жатады. Олардың ортақ міндеті - психикалық құбылыстарды зерттеу. Барлық арнайы психологиялық пәндердің бірігетін базасы болып, негізгі психологиялық мәселелерді эксперименттік және теориялық түрде өңдейтін, жалпы психология саналады. Психологиялық пәндер жүйесінің зерттейтін басты объектісі біреу. Бұл - адам, оның психикалық үрдістері, күйлері және қасиеттері.Психологиялық білімнің даму ерекшеліктері психологияның басқа ғылымдармен байланыста болуына ғана тәуелді болмайды. Олар қоғамдық тәжірибе талаптарының күшеюіне де байланысты анықталады. Алғашқыда психология теориялысы басым пән болғаны белгілі, ал қазір ол өзінің танымдық рөлін сақтап отырып, өнеркәсіптегі, мемлекетті басқарудағы, білім беру жүйесіндегі, денсаулық сақтаудағы, мәдениеттегі, спорттағы жэне т.б. кәсіби практикалық іс-әрекеттің саласы болып қалыптасуда. 
 
 
 

60. Тұлғаның даму  кезеңдері

Тұлға дегеніміз-тұрақты психологиялық  сипаттамалар жүйесінде алынған  нақты адам.

Тұлға дамуы-оның әлеуметтік ұнамды сапалары жүйесін әр өмір кезеңдеріне орай қалыптасып баруы, адамға қоғамдық жатсынуға итермелейтін жағдайлардың күшін жоюды талап етеді.

Адам  тұлға болып туылмайды, ал қалыптасады  деген көзқараспен қазіргі психологтардың көбісі келісуде. Бірақ тұлғаның дамуы қандай заңға бағынатыны жөнінде көзқарастар сан алуан. Өйткені тұлға дамуы үшін қоға мен әлеуметтік топтардың мәні, дамудың заңдылықтары мен кезеңдері,тұлға дамуының дағдарыстары, даму процесін тездету мүмкіндіктері әр қилы түсіндіріледі. Кең тараған тұлға теорияларының  әр қайсысында тұлға дамуы өздігінщше қарастырылады. Мыс, психоаналитикалық теория дамуы деп-адамның биологиялық табиғатының қоғамда өмір сүруге бейімделуін, белгілі қорғаныс механимзмдерінің пайда болуын, қажеттіліктерді қанағаттандыру жолдарын түсіндіреді. Адам тұлға ретінде қалыптасып, дами келе кемшіліктерді де үйренеді. Бір теорияда оң және теріс қасиеттердің үйлесімін жан-жақты көрсету мүмкін емес. Сондықтан Эриксон өз концепциясында тұлға дамуының екі шекті желісін бейнелеген: қалыпты және аномалді. Олар таза күйінде өмірде кездеспегенмен, адамның тұлғалық дамуының барлық аралық варианттарын елестетуге мүмкіндік береді. Э.Эриксон тұлға дамуының кезеңдерін 8 топқа бөліп қарастырған: 1) ерте нәрестелік шақ(туылғаннан 1 жасқа дейін); 2) кейінгі нәрестелік шақ(1-3 жас); 3) ерте балалық шақ(3-5 шамасында) ; 4) орта балалық шақ(5-11 жас аралығы);  5) жыныстық жетілу, жеткіншек жасы және бозбалалық(11-20 жас аралығы); 6) ерте ересек шақ(20-45 жас арасы); 7) орта ересек шақ(40-45 және 60 жас арасы); 8) кеш ересек шақ( 60-тан жоғары). Эриксон тұлғаның дамуының кезеңдерін бөле отырып, дамудың қалыпты желісі мен дамудың аномалді желісінің әр кезеңдегі ерекшеліктерін көрсеткен.        
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Шпаргалка по "Психологии"