Құқықтың қайнар көздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2013 в 15:41, курсовая работа

Описание работы

Саяси партиялар Қазақстан Республикасының саяси жүйесінің маңызды бөлігі болып табылады. Елімізде партиялардың жағдайы бірқатар нормативтік-құқықтық актілермен анықталады. Саяси партиялардың құқықтық мәртебесін ғылыми тұрғыдан зерттеу біздің қоғамдағы осы құбылыстың дамуындағы құқықтық және тәжірибелік проблемаларын шешуде зор маңызы бар.

Содержание

Кіріспе ........................................................................................................2
1. Саяси партияларды құқықтық тұрғыдан зерттеудің теориялық негіздері...................................................................................................................3
1.1.Саяси партиялардың құқықтық құбылыс ретінде пайда болуының
және дамуының мәселелері..............................................................................3
2. Саяси партиялардың түсінігі мен функциялары........................................8
2.1. Партиялық жүйелердің мәні мен типологиясы......................................16
2.2. Қазақстан Республикасындағы саяси партиялардың құқықтық
институт ретінде қалыптасуының конституциялық-құқықтық кезеңдері.................................................................................................................21
3. Саяси партиялардың сайлау процесіне қатысуын құқықтық реттеу......................................................................................................................29
Қорытынды ..................................................................................................36
Пайдаланылған қайнар көздердің тізімі....................................................39

Работа содержит 1 файл

1052 Саяси партиялар.doc

— 289.00 Кб (Скачать)

Саяси партиялардың құқықтық институт ретінде қалыптасуының  іргетасы болып, олардың жағдайының Конституция нормаларымен бекітілуі табылды. Мемлекет белгілі бір нормаларды Конституцияға енгізу арқылы саяси жүйедегі партяның орны мен рөлін анықтауға тырысты. «Ертеректе «партия» ұғымы Конституцияда кездеспеген еді. Партиялар туралы баптардың негізгі заңға енуі, партиялардың саяси жүйенің элементі ретінде конституциялық деңгейден танылуын білдіреді», - деп атап өтеді швед зерттеушісі Л. Рикхель [18]. Партиялардың тарихы, институционализациялану кезеңі фашизм мен реакцияның талқандалуымен байланысты болған өзгерістер жағдайында жүргізілді. ІІ Дүниежүзілік соғыстан кейін қабылданған көптеген шет мемлекеттердің Конституцияларында (Италия, Франция, Португалия, Испания және т.б.) белгілі бір дәрежеде партиялардың мәселесі қозғалған. Оның үстіне осы Конституцияларда партияларға арналған баптар санының көбею ағымы байқалуда. Мысал ретінде Швеция (1974), Греция (1975), Португалия (1976), Испания (1978) Конституцияларын келтіре аламыз. Партиялар жайлы бір-екі баппен шектелген итальян және француз Конституцияларына қарағанда, партияларға испан Конституциясында төрт бап, португал Конституциясында он бап арналған. Партияларға арналған арнайы баптардан бөлек Португалия Конституциясында азаматтардың құқықтары мен босатандықтары (46-бап), саяси билікті ұйымдастыру (117-бап), Парламент қызметі (154, 179, 183 баптар), Үкімет (190, 197 баптар), жергілікті өзін-өзі басқару (246-бап) сияқты бөлімдерде және өтпелі және қорытынды ережелерде партиялар жайлы айтылған [19]. Бұл конституциялық реттеу, партия қызметі туралы жүйеленген құқықтық база құруға итермеледі.

Партияларды құқықтық реттеудің келесі кезеңі болып, саяси партиялар туралы арнайы заңның пайда болуы саналады. Саяси партиялар  туралы арнайы заң - құқық шығармашылығының жас түрі болып есептеледі. Оның қалыптасуы XX ғасырдың 60-70 жылдарына жатады. Аталған заңның ерекшелігі, оның тек қана партияға бейімделуінде және оның қызметінде ғана емес, сонымен бірге ұйымның өзін де реттеуінде еді. Сондай-ақ аталған заң партияның ішкі ұйымдастырушылық қатынастарын реттейтін нормаларды қамтиды. Уақыт өте келе заң шеңберінде партия қызметін қаржыландыру сұрақтарына ерекше назар аударыла бастады.

                     

 

 

 

 

 

2. Саяси партияның түсінігі және функциялары

 

Дамыған демократиялық  қоғам мен құқықтық мемлекеттің міндетті атрибуты ретінде идеологиялық және саяси әралуандылықтың конституциялық деңгейде танылуы, Қазақстандағы қоғамдық-саяси ұйымдардың, қозғалыстардың және саяси партиялардың жедел дамуына жағдай туғызды. Оның ішінде, тек саяси партиялар ғана халықтың көңіл-күйін анықтаудың сенімді «құралы» болып табылады[30].

Қазіргі уақытта  демократиялық мемлекеттердегі  саяси партиялар, мемлекеттік билік  органдарының қалыптасуына және олардың  жұмыс жасауына шешуші ықпал жасайды. Ұлттық саясатты жасау, оны жүзеге асыру үшін тиісті ресурстарды табу, тиісті шешімдер қабылдау бүгінгі таңда саяси партияларсыз еш мүмкін емес. Тіпті демократия немесе халық билігі дегеніміздің өзі қоғамдық ұйымдардың дәл осы түрінің белсенді қызметі, яғни, олардың сайлаушылардың даусы үшін, саяси және әлеуметтік басымдықтар үшін күрестегі ашық бәсекелестігі, олар ұсынып отырған саяси бағыттар мен бағдарламалардың плюрализмі, олардың бірін-бірі сынауы және т.б. [4. 150 бет].

Елбасы Н. Ә. Назарбаев бұл мәселеде былай  деген: «Күллі әлемде билік, саяси процестердің катализаторы ретінде жаңа саяси бастамаларды ұсынатын және оларды қолдаумен қамтамсыз ететін бұқаралық саяси партияларға арқа сүйейді» [31].

Осыған орай, партияларды мемлекеттік-саяси жүйенің  элементі ретінде зерттеу Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы ғылымы үшін өзекті мәселе болып табылады. Оның үстіне, маңызды және үнемі зерттелетін мәселелердің бірі ретінде саяси партиялардың түсінігін және мәнін айтуға болады.

Сонымен бірге, конституциялық құқық ғылымында  саяси партиялардың мәнін және рөлін анықтау кезінде де бірегей пікір жоқ. Заңгерлер мен саясаттанушылардың көзқарастары қоғамның экономикалық және саяси жағдайының өзгеруімен бірге өзгерді. «Партия» терминінің (латынның «pars»- бөлік сөзінен) қазіргі күнгі ұғымының мазмұны адамзат қоғамының дамуымен бірге, үлкен эволюциялық жолды жүріп өтті.

Саяси партиялардың түп-тегі көне замандарға кетеді деп  есептесек, қателеспеген болар едік.

Аристократиялық саяси ұйымдар мен клубтар  ретінде олар сонау Ежелгі Грецияның  өзінде өмір сүрді және билік үшін немесе билікке ықпал жасау үшін бір-бірімен бәсекелес болды.

Партиялар (шартты түрде осылай атайық) әр түрлі құлиеленуші  таптардың мүддесін білдірді және өзінің тұрақсыздығымен ѕәм әлсіз ұйымдасумен  ерекшеленді.

Көне грек пәлсапашысы Платон полистің тұрақтылығын сақтау үшін, барлық азаматтардың қоғамдық жұмысқа сәл де болса араласу қажеттілігін түсінген. Екінші бір антикалық ойшыл Аристотель негізгі көңілді қоғамның тұрақтылығының шешуші факторы ретінде сословиелер мен топтардың саяси биліктік өзара қатынастарына (билік үшін күрес және оған қатынасу) бөлген.

Платон да, Аристотель де және Ежелгі Грецияның  өзге де ойшылдары, әр түрлі сословиелер  мен олардың мүдделері қоғамды  үлкен өзгерістерге алып келетінін  мойындаған, сондықтан да олар ұсынылған тәртіпті қабылдап, әркім өз ісімен айналысатын «идеалды мемлекет» жобаларын жасады.

Орта ғасырдағы  саяси құқық концепциялар бірегей  ғаламдық мемлекет туралы теологиялық  идеяның маңайына топтасты және ұлттық, мемлекеттік немес басқалай бөлуші факторларға мұнда орын болмады. Мәңгі бірлік және татулық туралы догмалардың негізін құраған теологиялық концепцияның өкілдері ретінде Қасиетті Августин (354-430 ж.ж.) мен Фома Аквинскийдің (1225-1274 ж.ж.) атауға болады.

«Партия»  сөзінің қазіргі мағынада пайда болуын, XVІІ-XVІІІ ғасырлардағы Еуропадағы буржуазиялық революциялар мен демократияның қалыптасу кезеңіне жатқызуға болады. Жаңа кезеңде олар бұрынғы аристократиялық ұйымдардан өзінің әлеуметтік жағдайымен ғана емес, сонымен бірге, идеологиялық байланыстардың тұрақтылығымен, мықты ұйымдасуымен, қоғамдық жұмысының әлдеқайда кең көлемімен ерекшеленді.

XVІІ ғасырдың  ортасындағы Англиядағы буржуазиялық  революцияның жеңісі, жаңа экономикалық  және саяси қатынастардың дамуына  жағдай туғызды және осының нәтижесінде әлдеқайда прогрессивті тап-буржуазия дүниеге келді. Дәл сол буржуазия британ парламентінде өзгелерден бұрын протопартиялардың («тори» және «виги») қалыптасуына жағдай жасады. Бұл кезеңде партияның теориясы мен концепциясын жасауға Ф. Бэкон, Т. Гоббс, Д. Юм сияқты ағылшын пәлсапашылары көп үлес қосты.

Англияда  протопартиялардың қалыптасу сатысында, сол кезеңнің прагматиктері партияларды  қоғамның тұрақсыздығының қайнар көзі деп есептеді.

Ф. Бэкон (1561-1626 ж.ж.) партияларды әр түрлі саяси  күштердің билік үшін жүргізген күресінің жемісі деп есептелген. Алайда, ол партияларды толық мойындады және қолдады деп айтсақ, қателескен болар едік. Ф. Бэконның пайымдауынша: «Көтерілістерге себеп және сылтау болып, ... партиялардың наразылықты оятуы, халықты ортақ іске ұйымдастыруы және жұмылдыруы табылады» [32]. Бірақ сонда да, оны саяси партияларға деген төзімділігі ерекшелендіреді. Ол партияларға шынайы қатынасты қалыптастыруды және олармен санасуды ұсынды.

Жалпы алғанда, Англияның құқықтық доктринасында  буржуазиялық қоғамның саяси өміріндегі партияның рөлі мен маңызын мойындау ағымы байқалады.

Саяси партиялардың мәнін анықтауға Ш. Монтескье  және Ж.Ж. Руссо сияқты француз ағартушылары үлкен үлес қосты.

Буржуазия идеологы Ш. Монтескьенің ілімлерінде қоғамның стратификациялануының нәтижесі ретінде партияның пайда болу заңдылықтарын мойындағаны айтылады. Оның үстіне, Монтескьенің пікірі бойынша партия құрылымдарының қызметі қоғамдағы демократия деңгейін көрсетеді. Бұрынғы пікірлерге қарағанда, оның концепциясы өзінің жаңашылдығымен сипатталады және партияны еркін саяси режим мен демократиялық мемлекеттің атрибуты деп есептей отырып, «партия» ұғымына прогрессивті-позитивті мазмұн бергенін көреміз. Ш. Монтескьенің айтуынша: «Біз әркез өзін республика деп атайтын мемлекетте әр түрлі саяси қағидалар мен топтардың күресі жоқ екендігін байқасақ, онда ол мемлекетте еркіндіктің жоқ екендігіне сенімді болуға болады» [33]. Сонымен бірге, ол, тым шексіз еркіндік, оның ішінде партиялардың еркіндігі де еркіндіктің өзін жоққа шығаруға алып келеді. Сондықтан да партия аралық күресті құқықтық реттеу тиімді болар еді деп пайымдайды.

Екінші бір  француз ойшылы Ж. Ж. Руссо біршама  өзгелеу позицияны ұстанды. Партияның  мемлекет өміріндегі мәнін және қызметін анықтаудағы оның жаңашылдығы, оларды қоғамдық пікірді алып жүруші, қоғамның әр түрлі бөлігінің мүдделерін мемлекеттік деңгейде білдіруші ретінде қарастыруы еді.

Ж.Ж. Руссо  партиялар, қоғамдағы мүдделер мен  қайшылықтарды реттейді, ал партиялардың күресі – ол әр түрлі мүдделердің  шартты түрде демократиялық ерік-жігерін білдіру үшін қажетті жағдай деп есептелген. Сонымен бірге «жеке мүдделер» жалпы мүддеден үстем болып кетпеуі тиіс. Партиялардың пайда болу заңдылығын мойындай отырып, ол мемлекеттегі олардың пайдалылығын және әкелуі мүмкін оң өзгерісін танудан алшақтау болған. Бірақ, плюралистік көзқарастың ұстанушысы ретінде мемлекеттегі жалғыз ортақ ассоциацияның болуына қарсы шыққан [34].

Сөйтіп, француз  ойшылдары партияның рөліне әлдеқайда  позитивті тұрғыдан баға берді және өз мемлекетіндегі партиялық жүйенің жұмыс жасау тәжірибесін теориялық тұрғыдан негіздей алды.

Солтүстік Америкада  да саяси партияларға құқықтық көзқарастың  қалыптасуы өзінше жүрді. Тәуелсіздік  үшін болған соғыстың алдында, АҚШ қоғамында  әр түрлі фракциялардың құрылуы саяси өмірдегі қалыпты құбылыс ретінде қаралды. Сонымен бірге саяси партиялар америкалық теорияда сыни көзқарасты қалыптастырды, себебі олар алғашында эгоистік топтардың мүдделерін білдірген еді. Осыған орай америка қоғамының бір-бірімен жауласқан әлеуметтік-саяси фракцияларға бөліну заңдылығын сезіне отырып, Д. Мэдисон партия аралық мүдделерді мемлекеттік реттеу қажет деп есептеді. Сонымен қатар, ол партиялардың мемлекеттік органдардағы ықпалын да мойындаған. Келесі бір америкалық демократ Б. Франклин партияларды жалғыз, ортақ мақсатты – «қоғамдағы жақсы өмірді көздеушілер» және олар «оған жетудің әр түрлі тәсілдеріне» байланысты ажыратылады деп есептеді. [35].

Сөйтіп, антика дәуірінен басталып, алғашқы буржуазиялық мемлекеттердің классикалық ілімдерімен аяқталған саяси партиялар теориясының эволюциясы қоғамның саяси құрылымындағы партияның рөлі мен мәніне әр түрлі және қарама-қайшы қатынасты көрсетті. Алайда, XІX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында либералды-демократиялық концепциялардың дамуына байланысты партия феноменін қоғамды дағдарысқа алып баратын институт ретінде негативті қабылдау толығымен жойылды. Енді ғалымдар партияларды саяси жұмыстағы ортақ көзқарастар мен ұмтылыстарды біріктіретін қоғамдық топ ретінде елестетті. Мысалы, Г. Кельзен партияны жекелеген тұлғалардың идеяларын және пікірлерін қорғау және таратудың мемлекеттік органдары мен қоғамға ықпал жүргізуге күресу және оны иеленудің құралы ретінде қарастырды. М. Вебер саяси партияларды «азаматтарды өз қатарына ерікті түрде қабылдауға сүйенетін, өзінің жетекшілерін билікке жеткізуді және белсенді мүшелеріне белгілі бір пайда немесе артықшылықтар беретін тиісті жағдай туғызуды мақсат етіп қоятын қоғамдық ұйым».

В. Хасбахтың  пікірі бойынша, партия дегеніміз бірыңғай саяси көзқарастары және мақсаттары бар, жеке мүдделерін жүзеге асыру үшін саяси билікті басып алуға ұмтылатын адамдар одағы [36]. Сөйтіп, саясаттанушылар мен заңгерлердің партияға деген көзқарастарының өзгеруі, партиялардың қоғамымыздың саяси жүйесіндегі маңызды институтқа айналғандығын көрсетеді.

Саяси партиялардың қазіргі күні де көптеген анықтамалары бар.

Әдетте, саяси-құқықтық ғылымда «саяси партия» түсінігін  анықтаудан қашқақтап, оның қызметінің тек бір жағына ғана көңіл бөледі.

Кейбір мемлекеттанушылар  мен саясаттанушылар саяси партиялардың қызметіндегі негізгі фактор болып, олардың «сайлау» функциялары, яғни, сайлауды өткізу және осы кезеңде мемлекеттік билікке жету үшін сайлаушылардың таңдауына әсер ету табылады деп пайымдайды (Дж. Джеймс, Т. Лауи, П. Меркл, Дж. Сартори, Ф. Херменс). Бұл жерде саяси партиялар үкіметке бақылау жүргізу үшін, сайлау кезінде жеңіске жетуге тырысатын саяси топтар ретінде сипатталады.

Алайда, саяси  партияларды бұлай сипаттау олардың  мәнін ашпайды және партия қызметінің өзге тұстары есептелмейді. Оның үстіне партияның тек «сайлау функциясына» көңіл аударып, партия қызметіндегі құрылымдық-ұйымдастырушылық сәттерді, оларды әлеуметтік топтардың саяси және идеологиялық ұйымдары ретінде сипатын ескермеу ғылыми негізделмеген болып табылады.

Саяси партиялардың сипатын тануға ұмтылатын екінші бір топ, оның қызметінің құрылымдық, ұйымдастырушылық жағына көңіл бөледі (М. Дюверже, Дж. Лапалабара, М. Виннер). Бұл концепцияға сәйкес партия дегеніміз мемлекеттің барлық аумағын қамтитын ерекше құрылымға ие, өз жақтастарының қамын күйттейтін, ұзақ уақытқа құрылған азаматтардың бірлестігі. Бұл позицияны жақтаушылардың бірі белгілі француз саясаттанушысы М. Дюверже. Оның пікірі бойынша, партия ол ерекше құрылымға ие, ерекше ұйым.

Бұл концепцияның кемшілігі, партияны өзге қоғамдық ұйымдардан ерекшелендіретін оның саяси механизмдегі қызметі ашып көрсетілмеген.

Саяси партияларды  зерттеудегі үшінші концепция ол партияны таптық ұйым деген ұстанымды  жақтаушылар (К. Маркс, Ф. Энгельс, В. Ленин). Яғни, партия дегеніміз белгілі бір таптың немесе әлеуметтік топтың саяси және идеологиялық ұйымы.

Алайда, бұл  концепцияда субъективті фактор есептелмейді, яғни, тұлғаның белгілі  бір тапқа жатуы, оның партяны  таңдауына үнемі сәйкес келе бермейді.

Саяси-құқықтық ғылымда партияның мәні мен түсінігін зерттейтін өзге де салалар бар: тарихи, бихевиористік, әлеуметтік және т.б. Алайда, конституциялық құқық ғылымы үшін саяси партиялардың құқықтық анықтамасы маңызды болып табылады.

Конституциялық  құқықтың Кіші энциклопедиясының авторлары  саяси партияларды «елдің саяси өміріне сайлау арқылы қатысып, мемлекеттік билікке ықпал етуді көздейтін және сол арқылы өз мақсаттарына жетуге ұмтылатын, өздерінің саяси көзқарастары мен мүдделері бойынша ұйымдасқан азаматтардың бірлестігі», - деп анықтаған [37].

Информация о работе Құқықтың қайнар көздері