Құқықтың қайнар көздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2013 в 15:41, курсовая работа

Описание работы

Саяси партиялар Қазақстан Республикасының саяси жүйесінің маңызды бөлігі болып табылады. Елімізде партиялардың жағдайы бірқатар нормативтік-құқықтық актілермен анықталады. Саяси партиялардың құқықтық мәртебесін ғылыми тұрғыдан зерттеу біздің қоғамдағы осы құбылыстың дамуындағы құқықтық және тәжірибелік проблемаларын шешуде зор маңызы бар.

Содержание

Кіріспе ........................................................................................................2
1. Саяси партияларды құқықтық тұрғыдан зерттеудің теориялық негіздері...................................................................................................................3
1.1.Саяси партиялардың құқықтық құбылыс ретінде пайда болуының
және дамуының мәселелері..............................................................................3
2. Саяси партиялардың түсінігі мен функциялары........................................8
2.1. Партиялық жүйелердің мәні мен типологиясы......................................16
2.2. Қазақстан Республикасындағы саяси партиялардың құқықтық
институт ретінде қалыптасуының конституциялық-құқықтық кезеңдері.................................................................................................................21
3. Саяси партиялардың сайлау процесіне қатысуын құқықтық реттеу......................................................................................................................29
Қорытынды ..................................................................................................36
Пайдаланылған қайнар көздердің тізімі....................................................39

Работа содержит 1 файл

1052 Саяси партиялар.doc

— 289.00 Кб (Скачать)

1917 жылдың  күзінде Қазақстанда тағы бір  ұлттық-саяси ұйым - өздерін «Қырғыз  (қазақ) социалистік партиясы»  деп атаған «Үш жүз» партиясы  құрылды. Бұл партия пробольшевиктік бағытты ұстанды және Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмірдің көптеген сұрақтары бойынша «Алаш» партиясының басты қарсыласы болды.

Бұлардан  басқа 1917-1919 жылдарда Қазақстан территориясында  «Шуро и ислами» қозғалысының бөлімшелері жұмыс істеді [59]. Жалпы алғанда, ақпан реоволюциясы саяси жүйені демократияландыруда қуатты катализатор қызметін атқарды.

Екінші кезең. (1917-1986 ж.ж.) Бұл кезең өз бастамасын 1917 жылғы Қазан революциясының жеңісінен алады. Бұл кезең РК(б)П саяси биліктегі монополиясымен және осы партия жариялаған тоталитарлы мемлекеттің дамуымен сипатталады.

Кеңестер  Одағының саяси жүйесіне бірпартиялы  режимнің қызметі тән болды. Бұл  жүйеде жоғары саяси билік коммунистік  партия жетекшілерінің қолында болды. Жалғыз партия заңды билікке монополиясын жүргізді, ал онан басқа кез келген саяси қызмет заңсыз болып табылды. 1927 жылы КСРО туралы Н. Бухарин былай деген болатын: «Бір партия - басқарушы, ал қалғандары түрмеде отырады» [60].

Мемлекеттік өмірдегі коммунистік партияның ерекше рөлі туралы 1978 жылы 20 сәуірде қабылданған Қазақ ССР-нің Конституциясының 6-бабында жан-жақты әрі анық жазылған: «Кеңестік қоғамның жетекші және бағыттаушы күші, оның саяси өмірінің, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарының ядросы болып Кеңестер Одағының Коммунистік партясы табылады. Кеңестер Одағының Коммунистік партиясы халық үшін дүниеге келген және халыққа қызмет етеді» [61].

Лениндік  идеяларға сәйкес, қоғамды қатал  орталықтандыру арқылы басқаруды енгізу көзделді. Бұл басқаруды жұмысшы  тап атынан партиялық – мемлекеттік аппарат жүзеге асырды. Оның үстіне Конституцияда баянды етілген дамыған социалистік, одан кейін коммунистік құрылыс орнату идеясы ішкі ресурстарды, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын мобилизациялау бойынша мұраттарды шешуді, идеялогиялық мәселелерді шешуді талап етті. Бұл мақсатқа жету саяси режимді, экономиканы басқаруды қаталдандыру, әкімшіл-саяси, төтенше және әміршіл тәсілдерді енгізумен байланыстырылды.

Алайда, уақыт, мемлекет пен қоғам арасындағы байланысты жойған бірпартиялық жүйенің тұрақсыз екенін дәлелдеді. Көп ұзамай, бірпартияның монополиялық режимінің құлауымен аяқталған глобалды дағдарыстың уақыты келді.

Үшінші кезең. (1986-1991 ж.ж.) 80-жылдардың соңы КОКП-ға саяси және идеологиялық балама болатын ұйымдар мен тұлғалардың пайда болуы және кеңестік қоғамның біртіндеп демократиялануы жағдайындағы көппартиялылық пен саяси полюрализмнің қайта қалпына келуімен сипатталады. Бұл процесс бүкілодақтық кеңістікте қоғамдық-саяси белсенділіктің артуына алып келді.

Қазақстанда бірлестіктердің құрылуына түрткі болған 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы еді. Жастардың Орталықтың диктатына қарсы шығуы қазақстандықтардың саяси санасына түбірлі өзгерістер әкелді. 1989 жылғы 22 қыркүйекте Қазақ ССР-нің Конституциясының 84-бабына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, оған сәйкес, Жоғары Кеңеске сайлау кезінде, халық депутаттарының төрттен бірі қоғамдық ұйымдардан – Қазақстан Компартиясынан, кәсіподақтардан, кооперативтік ұйымдардан, Қазақстан ЛКЖО-сынан және өзге де қоғамдық бірлестіктерден құралды [62].

1989 жылдың  қарашасынан 1990 жылдың наурызына  дейін республикада тіркелген,  негізінен клубтық сипаттағы  100-ден астам қоғамдық бірлестіктер  өмір сүрді. Бұларға «Форум»  қоғамы,  «Әділет» және «Мемориал»  тарихи-ағартушылық қоғамы, «Азамат», «Бірлік» сияқты жастар ұйымдарын және басқаларды жатқызуға болады.

Алғашқы бұқаралық, жалпы республикадық ұйым ретінде  ядролық сынақтарды тоқату мақсатында құрылған «Невада-Семей» антиядролық  қозғалысын атауға болады. 1989 жылдың соңында  Қазақстанның тәуелсіз қоғамдық ұйымдарының Ассоциациясы құрылды. Оған Демократиялық одақ пен Мемориалдың филиалдары, Невада-Семей, Доверие, Зеленый фронт, Инициатива, Тәуелсіз кәсіподақ, Бірлік және басқалары кірді [63].

Протопартиялық  құрылымдардың қалыптасуының бастауы 1990-91 жылдарға келеді. Дәл осы жылдарда Қазақстанда партиялар маңызды рөл ойнайтын партиялық жүйенің қалыптасуына алғышарттар жасалынды. 1990 жылғы КСРО халық депутаттарының ІІ съездінде КОКП-ның кеңестік қоғамдағы жетекші рөлін бекітетін, КСРО Конституциясының 6-бабының күшінің жойылуы партиялардың құқықтық институт ретінде қалыптасуына жол ашты.

Қазақстандағы көппартиялылықтың қалыптасуына конституциялық-құқықтық алғышарт жасаған 1990 жылы 25 қазанда  Қазақ ССР-нің Жоғары Кеңесі қабылдаған «Қазақ ССР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» Декларациясы еді. Аталған құжат Қазақ ССР-нің Конституциясының шеңберінде әрекет жасайтын қоғамдық-саяси және діни бірлестіктерге мемлекет пен қоғам өміріне араласу үшін теңдей мүмкіндік берілетіндігіне кепілдік берді [64].

1991 жылы 27 маусымда «Қазақ ССР-індегі қоғамдық бірлестіктер туралы» Заңның қабылдануы партиялар қызметін заңдастырды [65].

Бұл кезеңдегі  Қазақстандағы көппартиялық жүйенің  даму ерекшеліктері болып, жоғарыдан  басталған саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалардың көптеген қоғамдық ұйымдардан, оның жетекшілерінен қолдау табуы еді. Тағы бір сол кезеңге тән белгі, ол ұлттық мемлекеттілік идеясының пайда болуына байланысты халықтың көпшілігінің саяси көңіл-күйінің өзгеруі еді. Мемлекеттілікті, ұлттық мәдениет пен тілді қалпына келтіруді өзіне мақсат тұтқан ұлттық ұйымдар құрылды. Екінші жағынан, Қазақстандағы өзге халықтардың құқығын қорғау үшін құрылған ұйымдар дүниеге келді. «Алаш» ұлт-азаттық партиясы, «Азат» азаматтық қозғалысы, «Единство» және т.б. дәл осы кезеңде қалыптасқан болатын.

Төртінші кезең (1991-2003). 1991 жылы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңға сәйкес Қазақстанның тәуелсіздік алуына байланысты партиялық құрылыстың жаңа кезеңі басталады [66].

1993 жылы 28 қаңтарда  Қазақстан Республикасы Жоғары  Кеңесінің тоғызыншы сессиясында  қабылданған тәуелсіз Қазақстанның  тұңғыш Конституциясы жас мемлекеттің  плюралистік демократияны орнатуға  деген ынтасын бейнеледі. Негізгі  заңның 10-тарауы Қазақстандағы саяси партиялардың институционализациялануының конституциялық-құқықтық іргетасын бекітті. Оның ішінде, 56-бап қазақстандық саяси партиялардың құрылуының, оның қызметінің және қызметінің тоқтауының тәртібін реттейтін арнайы заңның қабылдануын қарастырады.

1994 жылдың  өзінде Орталық сайлау комиссиясының  деректері бойынша Жоғары Кеңестің 13 шақырылымының 176 депутатының 75-і  саяси партиялардан және өзге  қоғамдық-саяси ұйымдардан сайланды [63. 14 бет].

1995 жылы Қазақстан  саяси жүйені одан әрі либералдандырды. Осы жылы 30 тамызда елдің жаңа Конституциясы қабылданып, партиялық құрылысты одан әрі жетілдірді [67].

Негізгі заңның 5-бабында тұңғыш рет саяси партиялардың конституциялық-құқықтық мәртебесін анықтайтын маңызды ережелер бекітілді. Профессор  Ғ. Сапарғалиев оларды былайша жіктеді:

1. Идеологиялық және саяси әралуандылықты тану, яғни, түрлі идеологияларға арқы сүйейтін, түрлі саяси партиялардың пайда болуы үшін конституциялық негіз орнату. Бұл, өзінің қызметін конституциялық негізде жүргізетін саяси партиялар легитимді болып табылады дегенді білдіреді.

2. Саяси партиялар тәуелсіз, жеке саяси ұйымдар болып табылады. Яғни, олар мемлекеттік органдармен бірікпейді және оларға тәуелді емес. Саяси партиялар мен мемлекеттің бірігіп кетуіне жол бермеу мақсатында, Конституция мемлекеттік органдарда саяси партиялардың құрылуына тыйым салады.

3. Конституция барлық саяси партиялар заң алдында бірдей деп бекітеді. Бұл бірде бір партия ерекше жағдайға, қандай да бір артықшылыққа не үстемдікке ие бола алмайды дегенді білдіреді.

4. Конституция саяси партиялардың ісіне мемлекет органдарының заңсыз араласуына тыйым салады. Бұл жерде заңсыз араласу деп саяси партиялардың Конституцияда, саяси партиялар туралы заңда бекітілген және қарастырылған мәртебесін бұзатын әрекеттерді түсіну қажет.

5. Конституция мемлекеттік органдардың функцияларын саяси партияларға жүктеуге тыйым салады.Мемлекеттік органдар өзіне жүктелген міндеттерді өзі атқаруы тиіс.

6. Конституция саяси партияларды мемлекеттік қаржыландыруға тыйым салады. Олар өз қаржыларына, Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғалары бөлген қаржыға өмір сүруі мүмкін. Саяси партиялар шетелдік заңды тұлғалар мен азаматтардан, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан қаржы алуға тиіс емес. Мұндай құқықтық норма саясатқа, мемлекеттің қызметіне сыртқы фактордың араласуына жол бермеу мақсатында енгізілген.

7. Конституция мақсаты мен әрекеті еліміздің конституциялық құрылысын күшпен өзгертуге, республиканың тұтастығын бұзуға, мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық араздықты тұтатуға бағытталған саяси партиялардың құрылуына және қызметіне тыйым салады.

8. Конституция саяси партиялардың діни негіздегі қызметіне тыйым салады. Бұл конституциялық ережені екі мағынада түсінуге болады: 1) діни көзқарасты басшылыққа алып саяси партия құруға болмайды; 2) құрылған және тіркелген саяси партиялар өз қызметін діни идеологияға сүйеніп жүргізуге құқығы жоқ.

9. Конституция Қазақстан Республикасында өзге мемлекеттердің саяси партияларының қызметіне тыйым салады. Мұндай тыйым салу Қазақстан Республикасының егемендігін қамтамасыз ету қажеттілігінен туындайды.

Жоғарыда  келтірілгендерден түйетініміз  Қазақстан Республикасының Конституциясы  саяси партиялардың ұйымдасуы мен  қызметі үшін кең конституциялық негіз берген [68].

Сондай-ақ, 1995 жылғы Конституция ережелерін Қазақстан  Республикасындағы «Қоғамдық бірлестіктер туралы» (1996. 07. 02.), «Саяси партиялар  туралы» (1996. 07. 02.), «Сайлау туралы»  (1995. 09. 28.), «Қазақстан Республикасы Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» (1995. 10. 16.) Конституциялық Заң күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары және т.б. нормативтік актілер одан әрі жетілдіруге өз үлестерін қосты. 

«Қазақстан  – 2030» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 2001 жылдың 4 желтоқсанындағы Президент Жарлығына сәйкес, Қазақстанның 2010 жылғы дейінгі дамуының стратегиялық жоспарында партия туралы заңды одан әрі жетілдіру бағыты айқын көрініс тапқан [69].

Дәлірек айтсақ, онда көппартиялық жүйеге жағдай туғызу қажеттілігі көрсетілген, яғни:

- аяси партиялар шын мәніндегі беделге, халықтың қолдауына ие болулары тиіс және саяси стратегияларды жасауға қабілетті болуы керек;

- қазіргі саяси партиялар мен олардың парламенттік фракциялары қоғамның барлық бөлігінің мүдделерінің саяси өкілдігінің болашақ құрылымын қалыптастыру үшін алғашқы жағдайларды туғызуға міндетті;

- партиялар қоғамдық пікірді дауыс беру жолымен білдіруге жағдай туғызуға, қоғам мен мемлекеттік органдар арасында тұрақты байланысты жүзеге асыруы тиіс. Партиялық қызметтің негізінде саяси элитаны таңдау және дайындау, басқару аппаратының кадрларын дайындауды жүзеге асыруы тиіс;

- мемлекеттегі көппартиялылықтың өмір сүруі, азаматтардың саясатқа қатысуына мол мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін қажетті жағдайлардың бірі ретінде болуы тиіс;

Парламенттегі партиялық фракциялардың рөлін  арттыру үшін, Парламенттегі партиялық  фракциялардың қызмет ету механизмін нақты анықтайтын заңның қабылдануы қажет.

2002 жылдың 15 шілдедегі  жаңа «Саяси партиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды [39]. Онда негізінен саяси партиялардың құрылуы және мүшелерінің саны, партиялар жарғысының қажетті ақпараттық минимумы, олардың қызметін тоқтатудың негіздері мен мерзімдері айтарлықтай өзгеріске ұшырады.

Партияларға жаңа заңның талаптарына байланысты қайта тіркеуден өту ұсынылды. Осының барлығы қазақстандық партия жүйесіне әсер етті.

Егер 2002 жылдың маусымында Қазақстанда «Қазақстанның  Халық Конгресі» партиясы, «Алаш» ұлттық партиясы, Қазақстанның социалистік  партиясы, Қазақстанның коммунистік партиясы, Халықтық-кооперативтік партия, Қазақстанның қайта өрлеу партиясы, Қазақстанның Республикалық Еңбек саяси партиясы, Азаматтық партия, Әділеттік партиясы, Республикалық халықтық партия, Аграрлық партия, «Азамат» Қазақстанның демократиялық партиясы, Қазақстан әйелдерінің демократиялық партиясы, Шаруалардың «Ауыл» социал-демократиялық партиясы, Қазақстан патриоттарының партиясы, «Қазақ елі» ұлттық бірлесу партиясы, «Ақ жол» демократиялық партиясы, Орыс партиясы, «Отан» республикалық саяси партиясы сынды 19 партия өмір сүрсе, жаңа заңның талабына сәйкес қайта тіркеуден мына партиялар өте алды: Азаматтық партия, «Отан» республикалық саяси партиясы, Коммунистік партия, Аграрлық партия, Шаруалардың «Ауыл» социал-демократиялық партиясы, Қазақстан патриоттарының партиясы, «Ақ жол» демократиялық партиясы.

Келесі 4 партияға, яғни, «Алаш» ұлттық партиясына, Орыс партиясына, Қазақстан әйелдерінің демократиялық  партиясына, Қазақстанның қайта өрлеу  партиясына мемлекеттік қайта тіркеуден өтуі үшін қажетті мүшелер санын жинағанына қарамастан, Азаматтық кодекстің, «Саяси партиялар туралы», «Коммерциялық емес ұйымдар туралы», «Қоғамдық бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарының талаптарын бұзғанына байланысты тіркеуден өткізуден бас тартылды.

Еңбектің  республикалық саяси партиясы мен  Халықтық-кооперативтік партиясы «Отан» республикалық саяси партиясының  құрамына енді.

Қалған 6 партия, яғни, «Қазақстанның Халық Конгресі»  партиясы, Социалистік партия, Республикалық  халықтық партия, Әділеттік партиясы, «Азамат» Қазақстанның демократиялық партиясы, «Қазақ елі» ұлттық бірлесу партиясы жаңа заңның талаптарына байланысты тиісті мүшелер санын жинай алмағындықтан қайта тіркеуден өтуге бас тартты.

Саяси процестердің дамуына байланысты елімізде тағы бірнеше әртүрлі бағыттағы партиялар пайда болды. Атап өтер болсақ, «Қазақстанның демократиялық таңдауы» халықтық партиясы (бүгінгі күнде аталған партия Конституцияға қайшы әрекеттер жүргізгендіктен, заңға сәйкес сот шешімімен таратылды), «Асар» саяси партиясы, Қазақстан коммунистерінің халықтық партиясы, «Руханият» партиясы және Қазақстанның демократиялық партиясы.

Информация о работе Құқықтың қайнар көздері