Құқықтың қайнар көздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2013 в 15:41, курсовая работа

Описание работы

Саяси партиялар Қазақстан Республикасының саяси жүйесінің маңызды бөлігі болып табылады. Елімізде партиялардың жағдайы бірқатар нормативтік-құқықтық актілермен анықталады. Саяси партиялардың құқықтық мәртебесін ғылыми тұрғыдан зерттеу біздің қоғамдағы осы құбылыстың дамуындағы құқықтық және тәжірибелік проблемаларын шешуде зор маңызы бар.

Содержание

Кіріспе ........................................................................................................2
1. Саяси партияларды құқықтық тұрғыдан зерттеудің теориялық негіздері...................................................................................................................3
1.1.Саяси партиялардың құқықтық құбылыс ретінде пайда болуының
және дамуының мәселелері..............................................................................3
2. Саяси партиялардың түсінігі мен функциялары........................................8
2.1. Партиялық жүйелердің мәні мен типологиясы......................................16
2.2. Қазақстан Республикасындағы саяси партиялардың құқықтық
институт ретінде қалыптасуының конституциялық-құқықтық кезеңдері.................................................................................................................21
3. Саяси партиялардың сайлау процесіне қатысуын құқықтық реттеу......................................................................................................................29
Қорытынды ..................................................................................................36
Пайдаланылған қайнар көздердің тізімі....................................................39

Работа содержит 1 файл

1052 Саяси партиялар.doc

— 289.00 Кб (Скачать)

Партиялық жүйені француз зерттеушісі М. Дюверже  өзгеше түсіндіреді. Ол партиялық жүйенің  өзге жақтарын: «партияның құрылымдық ерекшеліктері (орталықтандырылған және орталықтандырылмаған, жұмсақ және жұмсақ емес), олардың көлемі, саяси өмірдегі үлесі және т.б.» қарастырады. М. Дювершенің пікірінше: «Партиялық жүйе осы сипаттамалардың арасындағы қатынастарға байланысты анықталады» [36. 50 бет].

Кеңестік  ғалымдардың еңбектерінде партиялық  жүйені талқылайтын сұрақтар сирек көтерілетін. Себебі, көппартиялық феномені демократиялық мемлекеттің маңызды белгісі болып табылады.

Зерттеуші Л. Энтин «партиялық жүйені партиялардың қызметі және оны қалыптастыру талаптары, олардың өзара қатынасы, саяси  жүйенің өзге элементтерімен, оның ішінде, мемлекеттік механизммен қатынасының негізгі бастаулары мен қағидалары көрініс табатын, мемлекетпен танылған және рұқсат етілген институт ретінде қарастырады» [49].

В. Туманов  партиялық жүйенің негізгі элементі ретінде «жалпыұлттық масштабта жетекші саяси рөлге, үкіметтік билікке ие болуға мүмкіндігі бар партияны» атайды [50].

Көппартиялық  жүйенің жоғарыда келтірілген негативті  тұстары шын мәнінде плюралистік  мемлекеттердің өмірінде орын алып отыр. Көппартиялылық – бұл ортақ игілік, саяси жүйенің дамуының бастауы, сонымен бірге бұл фактор саяси дәстүрдің қырқысуына, қоғамдық моральдық бұзылуына да алып келеді. Бұл жағдайдан шығудың жолы, біздің пікірімізше, саяси партиялардың бір-бірімен және мемлекетпен мүдделері тоқайласатын тұстарын констиуциялық тұрғыдан реттеу табылады.

Шетелдік  тәжірибе, көппартиялық жүйенің бірнеше  түрін жасап шығарды, енді соларға  тоқталсақ.

Жетекші партиясы жоқ көппартиялы жүйе. Бұл, күштері  бір-бірімен тең қарсыластар билік  үшін күресетін классикалық вариант. Мұндай жағдайда, күрестің нәтижесін болжаудың өзі қиынға соғады. Бірде бір партия Парламентте көп орын ала алмайды және тиісінше, үкіметті қалыптастыру кезінде одақтар мен келісімдерге жүгінеді. Үкімет коалициялық сипатқа ие, оны қалыптастыру біршама қиындықтармен байланысты болады және белгісіз мерзімге созылуы мүмкін. Мұндай үкіметтің тұрақтылығын сақтау өте қиынға соғады. Мысалы, Франциядағы Төртінші республиканың партиялық жүйесі (12 жылда 26 үкімет); Нидерландыдағы үкіметті қалыптастыру айларға созылды; Италияда соғыстан кейінгі жылдардағы бір де бір үкімет өзінің заңмен белгіленген мерзімін толық аяқтамаған және т.б.

Жетекші партиясы бар көппартиялық жүйе.

Бұл варианттың ерекшелігі, партиялардың бірі қалғандарынан  айтарлықтай басымдыққа ие болады. Жетекші позицияға ие бола отырып, ол жеке өзі немесе басқа бір одақтас партиямен бірігіп, парламент көпшілігін құрайды және тиісінше, бірпартиялы үкіметті қалыптастырады. Мұндай көппартиялық жүйе билеуші топқа тиімді болып табылады. Бұл классикалық көппартиялылықтың әлсіз тұсын – сайлаудағы бәсекелестің формальдығын сақтай отырып, сайлау нәтижесін анық болжау арқылы түзетуге мүмкіндік береді және үкімет тұрақтылығына кепілдік беріледі. Мысалы, Жапонияның 1993 жылға дейінгі партиялық жүйесін (38 жыл бойы Либералды-демократиялық партия жетекшілік жасап келді) немесе Мексиканы (Институционалды-революциялық партия басым рөлге ие) айтуға болады.

Қоспартиялық  жүйеде де айтарлықтай өзгерістер, қоғамдық және мемлекеттік дамудың  мүлдем өзге модельдері мүмкін болады.

Бірпартиялық  жүйе. Мемлекетте үкіметті қалыптастыруға монополиялық құқық берілген жалғыз, заңды жұмыс істейтін партияның  болуын білдіреді. Мұндай жүйе, әдетте, өзге партиялардың қызметіне құқықтық тұрғыдан тыйым салынған, авторитарлы  және тоталитарлы режимі бар мемлекеттерде орын алады. Мұндай бірпартиялық жүйелер фашистік Германия мен Италияда, социалистік мемлекеттерде өмір сүрген. Қазіргі күні бұл жүйе Қытайда, КХДР-нда, Кубада және тағы бірқатар мемлекеттерде сақталып отыр.

Бірпартиялық  жүйенің ерекшеліктерін мынадан байқаймыз:

мемлекеттік және партиялық аппаратты біріктіріп жіберу;

өзге партиялардың болмауына байланысты сайлау институтының формализацияға ұшырауы;

идеологиялық  плюрализмді жоққа шығаратын, жалғыз партияның идеологиясын мемлекеттік тану және мемлекеттік қолдау көрсету;

адамның саяси  құқықтары мен бостандықтарын шектеу, мемлекет мүддесінің жеке тұлғалар мүддесінен басым болуы;

заңдылықтың болмауы, яғни, биліктің партияның саяси  еркін жетекшілікке ала отырып, ашық түрде өзін заңнан үстем қоюы.

Ол партиялық  жүйелерді төрт типке бөледі: 1) буржуазды-демократиялық, 2) фашистік, 3) авторитарлы, 4) социалистік [53].

Аталған типологияның артықшылығы, мемлекеттік және қоғамдық өмірдің барлық аспектілерін, жеке тұлғаның және қоғамдық бірлестіктерінің құқықтық жағдайының ерекшеліктерін есептеуден тұрады. Сонымен бірге, автор мұндай классификацияның негізіне, біруақытта қоғамдық-экономикалық формация мен саяси режимді де алады. Оның үстіне, авторитарлы партиялық жүйелерді капиталистік және социалистік деп екіге бөлуі негізсіз болып табылады. Мұндай жағдайда дұрысы партиялық жүйелерді бинарлы типологиялау, яғни бәсекелесе алатын (демократиялық) және бәсекелесе алмайтын (демократиялық емес). Бұл типологияның артықшылығы, саяси партиялар «саяси нарықта» еркін бәсекелесе алады ма деген сұрақтың қойылуында.

Алғашқы отандық  саяси партиялар пайда болғаннан  кейінгі бірнеше жылдан соң, қазақстандық ғылымда «Қазақстандағы партиялық  жүйе дегеніміз не?» деген сұрақ  өзекті болды. Зерттеушілердің басым  көпшілігінің пікірі бойынша Қазақстандағы көппартиялылықтың қалыптасу процесі жаңа басталғандықтан, елде тұрақты партиялық-саяси құрылымның қалыптасқандығы туралы айту, өткен ғасырдың 90-жылдарының ортасында әлі ертерек болатын. Әйтсе де, қазақстандық қоғамның партиялық жүйесінің дамуын неғұрлым кең тараған классификациялау түріне – бірпартиялық, қоспартиялық, көппартиялық жүйелердің біріне жатқызуға ұмтылыстар сол кезде жасалынған болатын. Әсіресе, негізгі саяси дау Қазақстанның партиялық жүйесі қай жолмен дамиды: көппартиялық жолмен бе, жоқ әлде, қоспартиялық жолмен бе? деген сұрақ төңірегінде өрбіді.

Еуразия сарапшылар институты өзінің әлеуметтік зерттеулерінің бірін жүргізу кезінде қазақстандық сайлаушыларға, «Бізге қандай партиялық  жүйе ыңғайлы?»,- деген сұрақ қойған болатын.

 

Кесте №1

 

Партиялық жүйелердің типі

Республика  бойынша

Оның  ішінде

18-30

31-45

46-60

61+

Бірпартиялық

16,0

15,5

15,2

16,5

18,0

Қоспартиялық

8,9

7,3

8,6

10,7

9,8

Үшпартиялық

9,3

9,0

8,1

10,7

11,4

Төрт  және одан көп

6,7

8,4

6,5

5,6

5,3

Шексіз  көппартиялық

14,4

18,2

14,5

13,2

8,6

Партияларға қажеттілік жоқ

11,9

10,5

13,3

11,5

11,8

Жауап беруге қиналамын

32,8

31,1

33,8

31,8

35,1

Барлығы

100,0

100,0

100,0

100,0

100,0


 

 

Қазақстандықтардың  көпшілігі, дәлірек айтсақ, үштен  бірі (32,8%) өздеріне қандай партиялық  жүйе ыңғайлы екендігін білмеген [54].

Бірпартиялық жүйені қолдап, 16% жауап берген және негізінен бұл типке жасы 61 және одан жоғары азаматтар ыңғай білдірген.

Ал көппартиялық жүйені қолдағандар негізінен ең жас  азаматтар болған. Олардың жауабының  пайыздық мөлшері 14,4%.

18-30 жас аралығындағы  репондеттердің 20% жуығы қоғамда  партиялар санының неғұрлым көп  болғандығын қалайды.

Сұрақ салынғандардың 8,9% қоспартиялылықты, 9,3% үшпартиялылықты  және 6,7% төрт және одан да көп партиялық  жүйені қолдаған.

Жоғарыда  келтірілгендерден, қазақстандық қоғам қандай партиялық жүйе өзіне қажет екендігін, әлі де болса анықталмағандығын көреміз.

Сонымен бірге, біз тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында үлкен қолдауға ие болған көппартиялық идеиясының кезеңі аяқталып келе жатқанын байқаймыз. Қазіргі уақытта көппартиялық демократияның сөзсіз құндылығы ретінде қабылданбайды. Азаматтар партиялардың саны әлеуметтік топтардың құқықтары мен мүдделерінің қорғалу сапасына ықпал етпейтіндігін біліп келе жатыр. Демократиялық қоғам, партиялардың санының әлдеқайда шектеулі жағдайында дұрыс өмір сүретінін біз жоғарыда атап өттік.

Әйтсе де, қазіргі  сәттегі қазақстандық қоғамның саяси  дамуының нәтижесі болып, демократиялық  мемлекеттің белгісі ретінде, көппартиялық жүйені қалыптастыру табылады.

Алайда, профессор  Е.К. Кубеевтің айтуынша, елімізде өзіне тән сипаттамалары бар көппартиялық жүйенің орнағаны туралы айту әлі ертерек болып табылады. Тұрақты партиялық-саяси құрылым жоқ, көптеген саяси партиялар мен қозғалыстар үлкен әлеуметтік базаға ие емес. Ал шын мәніндегі көппартиялық жүйеде, саяси партиялар әр түрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін түсіне бастайды.

Еуразия сарапшылар институтының жүргізген әлеуметтік зерттеулерінің нәтижесі жоғарыда келтірілген  деректі бекіте түседі.

Партиялардың  дамуының ең өзекті мәселесі ретінде, респонденттердің 32,8% халықтың мұқтаждықтарына толық назар аудармауды атаған.

Одан кейін  өзектілігі бойынша респонденттер  жақсы жасалынған бағдарламалардың болмауын атаған. Сондай-ақ жастардың  болмауын да респонденттер атап өткен.

Қазіргі партиялар осы күнгі саяси технологияларды пайдаланып күрес жүргізуді үйренбеген. Насихат жұмысы да дұрыс жолға қойылмаған. Мұны респонденттердің тиісінше 13,2% және 13,3% атап өткен.

 

Кесте №2.  Саяси партиялардың дамуының өзекті мәселелері

 

Мәселе

%

Халықтың мұқтаждықтарына толық назар аудармау

32,8

Жақсы жасалынған бағдарламалардың болмауы

24,1

Партия  жетекшілерінің амбициясы

17,0

Электральды бастамасының жетекші болуы

15,0

Жастардың болмауы

14,1

Әлсіз насихаттық жұмыс

13,3

Халықпен  жұмыс істеудің ескірген әдістерін пайдалану

13,2

Тек белгілі бір топтың мүддесін көздеу

11,2

Қаржының  жетіспеуі

9,5

Билікке қолдау көрсетуге бағытталу

9,0

Аппараттың  әлсіздігі

8,9

Сандарының  аз болуы

7,1


 

 Ал азаматтар  отандық партиялардың кемшіліктері  ретінде адам санының аз болуын, ақпараттың әлсіздігін, билікті қолдауға  бағытталуын және қаржының жетіспеуін бәрінен де аз атаған [55].

Саяси партияның  жоғарыда аталған өзекті мәселелері көптеген отандық партияларға тән. Біздің пікірімізше партиялық жүйенің  әлсіз дамуын өтпелі кезеңмен байланыстыруға болады. Әлеуметтік-экономикалық қатынастар дамып, саяси құқықтық институттар жетілген кезде біздің қоғамда да мықты, дамыған партиялар пайда болады.

 

2.2. Қазақстан Республикасындағы саяси партиялардың құқықтық институт ретінде қалыптасу кезеңдері

 

Соңғы жылдары  жүргізілген түбірлі экономикалық және құқықтық реформалар қоғамдық сананың  саяси әралуандығына  алып келді. Мемлекеттегі саяси партиялар рөлінің  өсуі олардың құқықтық институт ретінде  қалыптасуына жол ашты. Қазақстан азаматтары саяси партиялардың толыққанды құқықтық институт ретінде қалыптасқанының куәсі болды.

Конституциялық  құқықтық ғылымда бұл құқықтық феноменнің көптеген анықтамалары бар. Алайда олардың  барлығы бір-бірінен біршама ерекше болғанымен мәні бойынша ұқсас болып келеді, яғни, саяси партияларды заңды түрде тану олардың ерекше құқықтық мәртебесін бекіту және т.б.

В. Евдокимовтың пікірі бойынша, «Саяси партиялардың институционализациясы  олардың ерекше құқықтық институт ретінде  қалыптасуының және оның қызметінің регламентін білдіреді» [36. 42 бет].

В. Даниленко  партиялардың құқықтық институционализациясы, бұл «олардың құрылу және тіркелу  тәртібі, қызметінің негізгі бағыттары, мақсат-мұраттары реттелетін, олардың  ішкі ұйымдасуы мен қаржыландыруы  сұрақтары шешілетін, партия қызметі ұйымдастырылатын және бағытталатын құқықтық базаның құрылуы» деген пікір айтады [55].

Қазақстандық  партияның құқықтық институционализациялануы мәселесінде, ғалым Б. Машан былай  пайымдайды: «Институционализациялану, өзара байланысты екі бағытта, яғни, партиялардың мәртебесінің негізгі ережелерін Конституцияға енгізу арқылы және саяси партиялар туралы арнайы заңды қалыптастыру арқылы дамиды» [56].

Саяси партиялардың конституциялық-құқықтық институт ретінде  қалыптасу процесіне хронологиялық зерттеу жүргізгендердің қатарында Кубеев Е. К., Телебаев Г. Т., Аяғанов Б., Көшербаев Қ., Сартаев Р. С., Дьяченко С. А. және т. б. белгілі заңгер ғалымдар мен саясаттанушыларды атауға болады. Жалпы алғанда авторлар мұндай жаңа құқықтық институтқа қоғамды демократияландыратын фактор ретінде оң баға береді.

Қазақстандық  зерттеуші Мусин Қ.Қ. өзінің еңбегінде  Қазақстандағы партиялардың құқықтық және саяси институционализациялану  кезеңдерін былай бөлген:

Бірінші кезең. Қазақстанда саяси партиялар саяси-әлеуметтік құбылыс ретінде едәуір кешірек, XX ғасырдың басында пайда болды және Ресеймен тығыз байланыста өрбіді. Сондықтан саяси партиялардың ресейлік көппартиялық жүйенің дамуымен қосып зерттеген дұрыс болар еді. В. П. Любиннің айтуынша, XX ғасырдың алғашқы ширегі Ресей империясының қоғамдық-саяси өмірінде шешуші кезең болып табылады [57]. Бұған құқықтық негіз болған 1905 жылы 17 қазанда шыққан, халыққа элементарлы саяси бостандықтар және Ресейдегі алғашқы көппартиялық парламент - Мемлекеттік Думаны құруға мүмкіндік берген император жарлығы еді.

Бұл кезеңге  тән белгі, ол әртүрлі саяси партиялар  мен қозғалыстардың қалыптасуы және қызмет етуі. 1917 жылдың өзінде елде жүзден астам саяси партиялар мен  одақтар (кейбір деректер бойынша төрт жүзден аса) болған

1917 жылғы ақпан буржуаз-демократиялық революциясы Қазақстанда саяси қозғалыстардың жаңа толқынын тудырды. Сол уақыттағы қоғамның әртүрлі тобының ұлттық және әлеуметтік мүдделерін білдірген алғашқы қазақстандық партиялар қалыптасты. 1917 жылы 21-26 шілдеде Орынборда өткен бүкіл қазақтық съезде «Алаш» ұлттық саяси партиясы дүниеге келді деп айтуға болады. Съездің шешімінде: «Қазақ партиясын құру қажеттілігін сезіне отырып, съезд өз өкілдеріне бүкілресейлік мұсылман кеңесінде осы партияның бағдарламасын жасап шығаруды тапсырады. Саяси бағдарламаның негізіне Ресейде демократиялық Федеративті Парламенттік Республика құру талабы алынсын». «Алаш» партиясының жетекшілері болып Ә.Бөкейханов, Ж. Ақбаев, А. Байтұрсынов және өзге де қазақ интелгенциясының буржуаз-демократиялық бағыттағы өкілдері табылды. Автономиялық ұлттық демократиялық мемлекеттің Алаш-Орда үкіметі екі жыл өмір сүрді.

Информация о работе Құқықтың қайнар көздері