Құқықтың қайнар көздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2013 в 15:41, курсовая работа

Описание работы

Саяси партиялар Қазақстан Республикасының саяси жүйесінің маңызды бөлігі болып табылады. Елімізде партиялардың жағдайы бірқатар нормативтік-құқықтық актілермен анықталады. Саяси партиялардың құқықтық мәртебесін ғылыми тұрғыдан зерттеу біздің қоғамдағы осы құбылыстың дамуындағы құқықтық және тәжірибелік проблемаларын шешуде зор маңызы бар.

Содержание

Кіріспе ........................................................................................................2
1. Саяси партияларды құқықтық тұрғыдан зерттеудің теориялық негіздері...................................................................................................................3
1.1.Саяси партиялардың құқықтық құбылыс ретінде пайда болуының
және дамуының мәселелері..............................................................................3
2. Саяси партиялардың түсінігі мен функциялары........................................8
2.1. Партиялық жүйелердің мәні мен типологиясы......................................16
2.2. Қазақстан Республикасындағы саяси партиялардың құқықтық
институт ретінде қалыптасуының конституциялық-құқықтық кезеңдері.................................................................................................................21
3. Саяси партиялардың сайлау процесіне қатысуын құқықтық реттеу......................................................................................................................29
Қорытынды ..................................................................................................36
Пайдаланылған қайнар көздердің тізімі....................................................39

Работа содержит 1 файл

1052 Саяси партиялар.doc

— 289.00 Кб (Скачать)

Кандидаттардың  сайлауалды бағдарламаларына белгілі  бір талаптар қойылады. Яғни, онда қандай да бір кемсітушілікке немесе артықшылыққа жол берілмеуі керек. Мұндай кемшіліктердің орын алуы тіркеуді жоюға алып келеді.

Кандидаттардың еркі бойынша азаматтардың бастамашыл тобы құрылуы мүмкін. Оның құрамын және санын партияның кеңесі бойынша кандидаттың өзі анықтайды. Бастамашыл топ кандидатты қолдайтын сайлаушылардың қолын жинаумен, насихат жұмыстарын жүргізумен айналысады.

Сайлау процесінің келесі бір маңызды сатысы дауыс беру болып табылады, себебі, дәл осы жерде халықтың өз еркін білдіруі жүзеге асырылады және соның нәтижесінде саяси партиялардың бір бөлігі сайланған мекемелерден орын алады. Бұл саты да, әртүрлі заң бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында сайлау туралы заңмен мұқият реттелінген.

Дауыс беру бір  күн бойы жергілікті уақыт бойынша  таңғы сағат жетіден, кешкі сағат  жиырмаға дейін, ал кейбір жағдайда жмырма екіге дейін созылуы мүмкін. Сайлау күні учаскелік сайлау комиссиялары дауыс беру басталмай тұрып, бір сағат бұрын дайындыққа кірісуі керек.

Сайлау учаскесіне келген сайлаушы сайлау комиссиясының  мүшесіне жеке басын куәландыратын  құжатты көрсету арқылы бюллетенді алады. Бюллетенді сайлаушы арнайы кабинада толтырады.

Сайлау уақытында әрбір учаскеде қоғамдық бірлестіктер мен саяси партиялардың өкілдері бақылаушылар ретінде қатыса алады. Олардың дауыс беру учаскелерінің ашылуына қатысуға, сайлау күні дауыс беруге арналған сайлау учаскесінде болуға, дауыстарды санауды, сайлау учаскесінде дауыс беру қорытындыларын анықтауды бақылауға құқығы бар.

Алайда, аталған  құқықтар дауыс беру процесіне тиіміді  бақылауды қамтамсыз етеді деп  әзірге айта алмаймыз.

Сайлау процесінің қорытынды бөлімі болып дауыстарды санау және сайлау нәтижелерін анықтау табылады. Дәл осы сатыда сайланбалы органдардың нақты құрамы белгілі болады.

Сондай-ақ, дауыс  беру қорытындысы, қолданылатын сайлау жүйесіне де тығыз байланысты. Бұл  институт сайлаудың құқықтық құрылымына ғана емес, сонымен бірге, елдегі саяси  процестерге де әсер етеді.

Қазіргі күні әлемде сайлау жүйесінің екі түрі бар – мажоритарлы және пропорцианалды. Алғашқысы берілген дауыстың көпшілігі  қағидасында құрылса, екіншісі –  берілген дауыстар мен алынған мандаттер  арасындағы пропорционалдық қағидасына негізделеді. Екеуін де біріктіру, дауыс берудің аралас жүйесін дүниеге әкеледі.

Қарастырылып  отырған қос жүйе де өзінің артықшылықтары мен кемшіліктеріне ие. Мысалы, мажоритарлы  жүйеде сайлауда дауыстың көпшілігін алған кандидат жеңді деп есептеледі және партиялар саны көбейген сайын ақаулықтарға ұшырап отырады. Себебі, сайлауда сәл ғана басымдықпен жеңген партия Парламенттегі орынның көпшілігін иеленуі мүмкін және бұл жүйеде кейбір қоғамдық топтар сайланбалы органдарда мүлдем орын алмауы мүмкін.

Пропорционалды жүйенің артықшылығы оның әділеттілігінде, яғни, әртүрлі саяси партиялардың сайлауда алған орындары оларды қоғамдағы күш-қуатына тең болады. Оның үстіне демократиялық қоғамда, күллі қоғамның атынан пікір білдіретін монополиялық партияның болуы да мүмкін емес. Алайда, бұл жүйенің де өзіне тән кемшіліктері бар. Дәлірек айтсақ, бұл жүйе кандидатты сайлаушыдан алыстатады және қоғамдағы саяси күштердің бөлінуін күшейте түседі. Себебі, пропорционалды жүйе Парламентте тым кіші партиялардың орын алу мүмкіндігін ұлғайтады. Ал, бұл Үкіметті қалыптастыруда, оның одан арғы қызметінде қиын да күрделі мәселелерді туғызады.

Жоғарыда  келтірілгендерді есептей отырып, Парламент  Мәжілісіне сайлау кезінде Қазақстан  үшін ең қолайлысы аралас жүйе деуге  болады. Бұл жүйе кандидаттарды бір мандатты сайлау округі және партиялық тізім бойынша сайлауға мүмкіндік береді. 1999 жылы елімізде енгізілген бұл жүйе уақтылы болды деп айтуға болады. Парламент және оның депутаттарының мәртебесі туралы Конституциялық заңның 4-бабына сәйкес, Мәжілістің 67 депутаты бір мандатты сайлау округі бойынша, яғни можаритарлы, ал қалған 10 депутат партиялық тізім (яғни пропорцианалды) бойынша сайланады (егер саяси партиялар 7% кедергіден өте алса).

Атап өту  қажет, сайлау жүйесінің  пропорционалды түрін енгізу, Қазақстанның қазіргі конституциялық-құқықтық ғылымына үлкен ықпал жасады.

Кейбір ғалымдар партиялық тізім үшін Парламентте  қосымша он орынның бөлінуі, саяси  партияларға заң шығару ісіне  араласуға мүмкіндік берді деп  пайымдайды [79].

Ал басқалары  пропорционалды жүйе бойынша беріліп отырған мандаттар саны, еліміздегі саяси жағдайдың шындығына сәйкес емес, яғни өте аз деп түйіндейді. Соның әсерінен Қазақстандағы әлеуметтік-саяси күштердің едәуір бөлігі Парламентте өз өкілдерін көре алмай отыр [63. 87 бет].

Осы жерде С. Самалдыкованың ұсынысын ескеру қажет сияқты. Оның айтуынша, Мәжіліс депутаттарының санын 100-ге көтеру арқылы, партиялық тізім бойынша сайланатын депутаттарға соның жартысын, яғни 50 орынды бөлу қажет. Тек осындай арақатынаста ғана, екі түрлі сайлау жүйесімен сайланған депутаттар үйлесімді әрі тиімді жұмыс үстей алады [80].

Біздің пікірімізше, бұл ұсыныс Қазақстандағы барлық партиялардың мүдделерін білдіреді  және ұлттық заңнамада көрініс табуы  тиіс.

Сондай-ақ, маңызды  мәселе болып депутаттық мандатты пропорционалды бөлу үшін белгіленген 7% кедергі табылады. Еліміздегі саяси партиялар үшін, оның шын мәніндегі «кедергі» екендігін, Парламенттің төменгі палатасына өткен соңғы сайлау көрсетті. 2004 жылдың күзінде өткен бұл сайлауда «Отан» - 7, «Ақ жол» - 1, «АИСТ» - 1, «Асар» - 1 депутаттарын өткізе алды. Көріп отырғанымыздай сайлауға қатысқан 12 партияның тек 4-і ғана Мәжіліске өз өкілдерін өткізе алған. Бұл басқа партиялар мүлдем әлсіз дегенді білдірмесе керек.

Атап өту  керек, шетел тәжірибесінде бұл кедергі әлдеқайда төмен белгіленген. Мысалы, Германия Бундестагының депутаттық құрамының тең жартысы партиялық тізім бойынша 5% кедергіден өткен партиялардың кандидаттарынан құралады [52. 378 бет].

Шетелдік  тәжірибені ескере отырып, мен қазақстандық зерттеуші Мусин К.Қ. ұсынған 2% немесе 3% кедергі енгізген дұрыс деп ойлаймын. Бұл елімізде көппартиялылықтың дамуына және олардың сайлау күресіне белсенді араласуына ықпал етер еді.

Қорытындылай  келгенде, сайлаудағы саяси партиялардың құқық субъектілігін кеңейте түсуге бағытталған сайлау заңын одан әрі жетілдіру қажет деп ойлаймыз. Оның ішінде саяси партияларды Парламент Мәжілісіне сайлау процесінің жалғыз ұжымдық субъектісі ретінде тану; олардың насихаттық жұмысына жеңілдіктер белгілеу; Парламент Мәжілісі құрамының 50% партиялық тізім бойынша жасақтау; депутаттық мандаттарды пропорцианалды бөлу үшін белгіленген сайлау кедергісін төмендету; сайлау учаскесіндегі дауыс беру және оның қорытындысын шығару кезіндегі бақылаушылардың құқығын кеңейту қажет.

Сайлау заңына енгізілуі тиіс бұл өзгертулер мен толықтырулар тұрақтандырғыш фактор қызметін атқарады және біздің қоғамның өміріне саяси плюрализм мен дамыған демократияның әртүрлі нысандарын тезірек орнатуға өз үлесін тигізеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Демократиялық бастауларға негізделген саяси  жүйенің тиімді жұмысы, саяси партиялардың қоғамдық және мемлекеттік өмірге араласуынсыз мүмкін емес. Олар әлеуметтік топтардың  ұстанымын жүзеге асыратын және азаматтық  қоғам  мен құқықтық мемлекеттің  арасын тікелей байланыстыратын ең қолайлы өркениетті құрал болып табылады.

Партиялар әртүрлі  әлеуметтік топтардың мүдделерін анықтау, негіздеу және білдіруді жүзеге асырып қана қоймай, сонымен бірге, осы мүдделерді біріктіру арқылы қоғамның жалпыұлттық  консолидациясына жол ашады. Кез келген мемлекеттегі демократиялық даму деңгейін нақ осы саяси партиялар анықтайтыны белгілі.

Кез келген ғылыми зерттеу қандай да бір құбылысты, өзі маңызды деп есептейтін қырынан  қарастырады. Құбылысты барлық қырынан  есептеу, бір ғылыми еңбектің шеңберінде мүмкін емес. Осы бітіру жұмысында саяси партияларды құқықтық қырынан зерттеуге қадам жасалды. Егер шет мемлекеттерде саяси партиялардың институционализациясы XX ғасырдың ортасынан басталса, бізде бұл процесс XX ғасырдың аяғынан бастап қана жүре бастады. Осы сәттен бастап партиялар құқықтық құбылыс белгілеріне ие болды және тиісті зерттеуді қажет ете бастады.

Саяси партиялардың қазіргі күнгі анықтамасы да әртүрлі. Қазақстан Республикасының конституциялық-құқықтық дамуының ерекшеліктерін және шет мемлекеттердің құқықтық тәжірибесін ескере отырып, бітіру жұмысында бұл құқықтық институтқа жеке анықтамамызды бердік. Сонымен саяси партия дегеніміз демократиялық жолмен, мемлекеттік деңгейде саяси билікке жетуге және оны жүзеге асыруға ұмтылатын немесе соған қатынасатын, халықтың белгілі бір бөлігінің саяси еркін білдіретін, қоғамдық мемлекеттік процестерге ықпал етуді көздейтін пікірлестердің идеологиялық негізде құрылған, ерікті, тәуелсіз, қоғамдық бірлестігі.

Саяси партиялардың конституциялық құқықтық мәртебесін зерттеу барысында аталған институттың келесі белгілері анықталды:

1. аталған институттың, яғни саяси партияның құқықтық мәртебесін зерттеу кезінде, қоғам мен мемлекеттегі партияның алатын орнын және рөлін белгілейтін институттар тобын қамтитын кешенді сипатқа ие екендігі анықталды. Партиялардың құқықтық мәртебесінің мазмұнын құқыққабілеттілік, құқықтық қағидалар, құқықтар мен міндеттер, құқықтық кепілдіктер және құқықтық жауапкершілік құрайды;

 2. партиялардың құқықтық мәртебесі оны құрайтын арнайы құқықтық нормалардың ішкі бірлігімен және Қазақстан Республикасы конституциялық құқығының өзге институттарымен өзара байланыста болатындығымен сипатталатын, Қазақстан Республикасы конституциялық құқығының жеке бір құбылысын білдіреді. Партиялардың құқықтық мәртебесін жеке бір құбылыс ретінде қалыптастыру, қоғамдық бірлестіктердің ерекше түрі болып табылатын партияның құқықтық жағдайын реттеу проблемасын шешу қажеттігінен туындаған. Аталған проблеманы қоғамдық бірлестіктер шеңберінде шешу мүмкін емес. Сондықтан да саяси партияларды жеке бір институт ретінде бөліп алу бүгінгі күннің қажеттілігі;

3. партиялардың құқықтық мәртебесін біз конституциялық құқықтың ұжымдық субъектілерінің құқықтық мәртебесінің бір түрі ретінде және қоғамдық бірлестіктердің құқықтық мәртебесінің бір түрі ретінде қарастырдық;

4. саяси партиялар институтының іргетасы болып партиялардың жағдайы мен орны, олардың өз құқықтарын жүзеге асыруының қағидалары мен кепілдіктері сияқты элементтерінің мазмұнына ықпал жасайтын қоғамдық бірлестіктер институты табылады.

Сонымен, партиялардың конституциялық құқықтық мәртебесі  конституциялық құқықтың жеке бір саласы ретінде қарастырылуы мүмкін және оның құқықтық мәртебесі арнайы заңның көмегімен  анықталады.

Осыған орай, бітіру жұмысында республиканың егемендік алу кезеңіндегі саяси партиялардың конституциялық базасының даму динамикасы және қоғамның демократиялану тенденциясын белгілейтін құқықтық реформалардың одан арғы кезеңдері мұқият зерттелінді. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік егемендігі туралы» Декларацияның (25.10.1990), «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңының (16.12.1991), Қазақстан Республикасының 1993 және 1995 жылдардағы Конституцияларының ерекше рөлі және «Қоғамдық бірлестіктер туралы» (31.05.1996), «Саяси партиялар туралы» (15.07.2002),«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» (28.09.1995), «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» (16.10.1995) Қазақстан Республикасы Заңдарының маңыздылығы атап өтілді. Саяси партиялардың конституциялық құқықтық институты нақ осы заңдық актілерде көрініс тапты.

Бітіру жұмысында саяси партиялардың Қазақстанда құқықтық институт ретінде қалыптасуының кезеңдері де қысқаша қарастырылып өтті.

Бітіру жұмысының екінші бөлімінде саяси партиялардың ұйымдасуы мен қызметінің әртүрлі аспектілерін реттейтін заңдық база қарастырылды және сыни тұрғыдан бағаланды. Шет мемлекеттердің заңдық тәжірибесі салыстырмалы құқықтық талдау шеңберінде пайдаланылды, сондай-ақ партиялық заңнаманы одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша қазақстандық және шет елдік заңгерлер мен саясаттанушылардың тәжірибелік ұсыныстары ѕәм сыни ескертпелері зерттелді.

Қазақстан саяси  партиялардың құрылу еркіндігін құқықтық реттеуді жүзеге асыра отырып, аталған міндетті елдің саяси дамуының нақты жағдайын ескере отырып шешеді. Саяси партияны құрудағы азаматтық мәселесі, партияларға әскери қызметшілер мен органдардың қызметкерлерін, судьялардың кіруіне заңмен тыйым салу мәселесі, сондай-ақ мақсаттары немесе іс-әрекеттері Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, тұтастығын бұзуға, мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты тұтатуға бағытталған саяси партияларды құруға тыйым салу мәселесі және т.б. осы ғылыми еңбекте талқыланды.

Сондай-ақ ғылыми еңбекте саяси партияларды заңдастыру процедурасына да тиісті назар аударылды. Саяси партияларды құрудың әлемде қолданылатын түрлеріне Қазақстан  үшін қолайлысы және демократия талаптарына сай келетіні ретінде келісімсіз-ақ құрылушы тәртібі анықталды.

Партия қызметін мәжбүрлеп тоқтатудың бітіру жұмысында қарастырылған негіздері партияның заңсыз қызметіне тыйым салуға және қоғамның саяси жүйесінің тұрақтылығын сақтауға бағытталуы тиіс. Осыған орай біздің пікірімізше, Парламент Мәжілісінің сайлауына қатарынан екі мәрте қатыспау партияны таратуға алып келеді деген негіздің күшін жою керек. Себебі, республикада қолданылатын қазіргі құқыққа сәйкес, саяси партияның кез келген сайлауға қатысуы ерікті болып табылады және ешкім де оларды мәжбүрлей алмайды.

Қорыта келгенде, республикадағы саяси партиялардың институционализациялану процесі  әлі аяқталған жоқ және демократиялық  жаңарулар сатысында. Саяси партиялар институтын мұқият құқықтық регламенттеу олардың мүддесіне нұқсан келтірмейді, керісінше, олардың бірлесу еркіндігін қамтамасыз ету және партиялардың қалыпты қызметіне мемлекеттік органдардың ѕәм өзге де қоғамдық институттардың заңсыз араласуына жол бермеу мақсатын ұстанады.

Сондықтан да, сіздер мен біздердің міндетіміз Елбасымыз

Н. Ә. Назарбаев  атап өткендей: « ... халықтың қолдауына  және жоғары беделге ие, күшті және жауапкершіліктері жоғары партиялардың болуына қолайлы жағдай туғызу. Бұл  мемлекеттің стратегиялық мүдделеріне сай келеді». 

Информация о работе Құқықтың қайнар көздері